Алматы - әсем қала


Жоспар
Кіріспе . . . 3
- Алматы - әсем қала . . . 7
- Алматы - мәдени орталық . . . 12
- Алматы проблемасы . . . 23
Қорытынды . . . 26
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29
Кіріспе
Жетісу дегенде ақбас айбынды таулар мен сайын дала, көгілдір көлдер мен арынды өзендер, таңғажайып арналар мен садрқымалар көз алдыңа келеді. Сұлулығы көз қызықтырып, байлығы таңдай қаққызған жер жәнтанаты бұл.
Жетісу жерін мекендеген көне тайпаларды бұл өңірдің ғажайып табиғаты ғана емес, жанға ауа райы тәнті еткені сөзсіз. Жылдарды ғасырларға алмастырған зымыраған уақыт көшімен бірге бір кездері гүлденіп-көркейген қалалардың іргесі сөгіліп, бір халықтың орнына екіншілері пайда болып жатты. Алайда олар тарих құрдымына біржола сіңіп, жер бетінен із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ. Ежелгі қалалардың, тұрмыс заттары мен қару-жарақтардың, теңгелер мен зергерлік бұйымдардың қалдықтары қадым замандардың көзіндей боп бүгінгі күнге жетті. Алматы қаласының тарихы да ХІХ ғасырда Кіші Алматы өзенінің жағасында бой көтерген орыс бекінісінен әлдеқайда әрі, көне замандардан тамыр тартады.
ХVI ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, Ұлы моғолдар әулетінің негізін салушы Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында мынадай деректер келтірілген: «Ферғана - бесінші климат белдеуінде орналасқан аймақ, өңделіп-айдалған жерлермен, шығысында - Қашқармен, батысында - Самарқандпен, оңтүстігінде Бадахшан таулармен шектеседі. Бұрын солтүстігінде Таразкент кітабында аталған Алмалық, Алмату және Янғы тәрізді қалалар болғанымен, оларды моғолдар қиратып-талқандаған, қазір ол жерлерде елді мекен атыме жоқ». Қирап-бүлінген қалалардың қатарында болашақ Верный бекінісінің орнында қоныс тепкен, Алмату деген көне атқа ие ортағасырлық қала аталады.
Алмалық аймағына қатысты аса қызғылықты көне деректі Рашид-ад Диннің (1274-1318) атақты «Жами ат тауарих» еңбегінің Оғыз хан туралы тарауынан табуға болады. Шамамен Х-ХІІ ғасырларда болған оқиғаларды баяндай отырып, таризшы Оғыз ханның өзінің кезекті жорығы кезінде Алатаг (Алатау) пен Алмалық өңіріне дейін жеткенін, Аққайя мекенінде ардагер сарбаздармен жүздесіп, жолыққанын жазады. Алмалық атауын географиялық тұрғыдан Іле Алатауының бөктерінен, Алматы аймағынан іздеген жөн тәрізді. Ақыр соңында, көне теңгелерді зерттеу нәтижесінде Алматы қаласының тарихы жөнінде жаңа деректерге қол жетті. 1979 жылы бұрынғы Алматы шекара училищесінің территориясынан екі күміс теңге табылды. Сыртқы түрі, көлемі және соғылу тәсілі жағынан олар ХІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІV ғасырдың басында, Масұд бек жүргізген ақша реформасы кезінде Орта Азия мен Шығыс Түркістан қалаларында шығарылған теңгелерді еске салады. Олар Шағатай мемлекетінің 12 ақша сарайында теңгелер арқылы бұрыннан жақсы таныс Шағатай таңбаларымен қатар орналастырылған, 1271-1272 және 1306-1307 жылдар аралығы деген датамен белгіленген. Осы айғақтың негізінде шығыстанушы, нумизмат В. Н. Настич бұл теңгелердің Жетісуда соғылғаны және ХІІІ ғасырда қазіргі Алматы территориясында теңге сарайының болғандығын жорамалдайды. ХІІІ ғасырда қазіргі Алматы бұрынғы Алматудың орнында ірге тепкен елді мекен.
Жазба деректердің мәліметтері, табылған теңгелер мен басқа да археологиялық айғақтарға сүйене отырып, көне замандарда Алмату аталған қазіргі Алматы қаласының іргетасы Х-ХІ ғасырларда қаланған, оның тарихы кемінде 1000 жылды қамтиды. Ал Алматы өңірінің ортағасырлық қалалар көтергеннен 3000 жыл бұрын көшпелі тайпалардың қоныс-тұрағы болғаны - тарихи шындық.
Бүгінгі егемен және тәуелсіз Қазақстанның оңтүстік астанасы - Алматы болып табылады. Алматы қаласы 1929 жылдан 1997 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1997 жылы ел ордасы Астана қаласына ауысқаннан кейін республикалық дәрежедегі қала мәртебесіне ие болып, аттас облыстың әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығына айналды. 1983 жылы Алматы қаласы Ленин орденімен наградталды.
Бұл рефераттың басты мақсаты - Алматы қаласының мәдениетімен тарихын, әдет-ғұрпымен дәстүрін таныстыру, сонымен қатар Алматы қаласының бүгінгі күнгі өркендеуі, саяси-әлеуметтік және дамуы тағы да сол сияқты мәселелермен таныстыру болып келеді.
Бұл жұмыста әртүрлі анықтамалар, газет-журналдар, жылнамалық көрсеткіштер, ғылыми мақалалар және де интернеттегі баспа жайылымдарды қолдандым.
Алматы - әсем қала!
Гүлі бар таңда ашылар,
Бал шырын алмасы бар.
Гүл қала, арман қала,
Мәңгі от боп жанған қала.
Н. Әлімқұлов
Алматы қаласы 1929 жылдан 1997 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Республикасының астанасы болды.
1854 жылы Жетісу өңіріне Заилийское деген әскери бекініс салынып, кейін ол Верный (Алматы) қаласы болып аталды. Қала жасыл желек жамылған Іле Алатауының баурайында орналасқан.
1999 жылы Алматы қаласында халық саны 1 млн. 130 мыңға жетті. Ал бүгінгі күні халық саны 1, 5 млн адамға жетеді. Жер көлемі - 286 шаршы шақырым. Әкімшілік аумағы жағынан Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб болып 6 ауданға бөлінген. Қаланың сұлу табиғаты және осы заманғы сәулет өнері үлгісінде салынған зәулім құрылыстары кімді болса да қызықтырмай қоймайды. Мұндағы Ғылым Академиясының бас ғимараты, Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі, Президент резиденциясы, Республика сарайы, Ұлттық кітапхана, Неке сарайы, Республикалық орталық музей, «Медеу» спорт кешені, Студенттер сарайы, «Қазақстан», «Отырар», «Рахат Палас», «Анкара», «Достық» қонақ үйлері, т. б. көптеген мәдени, ғылыми ғимараттар жоғарыда айтқанымның дәлелі. Алатаудан басталып ағып өтетін Үлкен және Кіші Алматы өзендері де қаланың көрікті келбетіне сарқылмас нәр беріп тұр. Бұл қосөзен төменгі ағысынан бірнеше салаларға бөлініп, ауыл шаруашылық жұмыстарына пайдаланылуда.
Алматы - білім, ғылым, мәдениет орталығы. Қазір қалада 16 мемлекеттік, 54 жеке меншік жоғары оқу орны, жалпы білім беретін 180 мектеп және Ұлттық Ғылым Академиясына қарасты 80-нен астам ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді.
Қалада жазушылар, журналистер, композиторлар, сәулетшілер, кинематографистер, суретшілер Одақтары басқармаларының жұмыс істеуі - дүние жүзіне белігілі әдебиет, өнер қайраткерлерінің шығармашылық жағынан халықтардың жемісті еңбек етулеріне, олардың мәдениеттерінің дамуына барлық жағдай жасалынған.
М. Ю. Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театры, ұйғыр және корей музыкалық театрларының болуы осы айтқанымдай айғағы іспеттес. Ал М. О. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры, Ғ. М. Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абай атындағы академиялық опера және балет театры, сол сияқты Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы қазақ халқының гүлденген мәдениетін қала тұрғындары мен алыс-жақын шетелден келген қонақтарға паш етуде. Соңғы жылдары Алматыда «Азия дауысы» ән фестивалі, «Суперстар КZ» және тағы да басқа, сан алуан шығармашылық форумдардың өткізілуі де қаланың дүниежүзілік мәдени шаралары атап өтетін орындарының бірі екенін көрсетсе керек.
Алматы - туризм орталығы. Мұнда «Яссауи», «Спутник-Қазақстан», «Тұран-Азия», «Квадротур», «Гиацинт-Рахат», т. б. туристік фирмалар бар.
Алматы - ірі өнеркәсіпті қала. Мұнда «Рахат» кондитер фабрикасы, «LG электроникс», «Бахус» ашық акционерлік қоғамы, «Беккер және К» біріккен кәсіпорны, т. б. мыңдаған орта және шағын мемлекеттік, шетелдік және жекеменшік бизнес кәсіпорындары жұмыс істейді. Қала кәсіпорындары АҚШ, Италия, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай фирмаларымен іскерлік қарым-қатынастарды дамытып келеді.
Алматы әуежайы жер шарының кез-келген мемлекеттеріне жолаушылар тасымалдауға мүмкіндік береді.
«Ер есімі - ел есінде» дегендей, қалада Ұлы Отан соғысының батырларына, белгілі мемлекет қоғам, әдебиет пен өнер қайраткерлеріне ескерткіштер орнатылып, көше аттары берілген.
Алматыда барлығы 1500-дей көше бар, ал оның жалпы ұзындығы бірнеше мыңдаған шақырымнан асады. Көшелердің 700-ден астамы кісі есімімен аталады.
Ұлы Отан соғысы кезінде 50-ден аса Алматылық Кеңес Одағының Батыры құрамындағы 28 гвардияшы-панфиловшылардың ерлігі тарихқа алтын әріппен жазылып, аттары аңызға айналған Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин, Кеңес Одағының екі мәрте батырлары Т. Бигелдинов, С. Луганский, шығыстың қос жұлдызы атанған М. Мәметова мен Ә. Молдағұловаға көше аттары берілді.
Елімізде тәуелсіздік таңы атқаннан кейін Алматыда қазақтың үш биінің - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би есімдері орталық көшелерге берілді. Сондай-ақ Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр сынды хас батырлардың атымен көшелер атала бастады.
Қазақ халқы өнерді, ғылымды қашанда ардақ тұтқан халық болып есептеледі. Оны соңғы жылдары қаладағы Н. Тілендиев, П. Тәжібаева, Ш. Қалдаяқов, Е. Сидоркин есімдеріне берілген көшелерден байқауға болады. Осы ретте бір дерек келтірейім. Қытай халқының композиторы Синь Синь Хай 1940-шы жылдары Алматыда тұрып, шығармашылықпен айналысты. Ол халық батыр А. Имановтың өмірін зерттеп, «Аманкелді» симфониялық поэмасын жазды. Қала әкімшілігінің шешімі бойынша бұрынғы Владимирская көшесі енді Синь Синь Хай атымен аталатын болды.
Сонымен бірге, кітапта қаланың 26 Құрметті азаматтары туралы мәліметтер берілген.
Алматы - мәдени орталық.
Әдебиеті. Алатау бөктеріне орналасқан Алматы Қазақстанның оңтүстігіндегі ежелден бері келе жатқан мәдениет орталығы болып саналады. Қазақстанның басқа өкілдері сияқты Жетісу жерінде халық ауыз әдебиеті, оның ішінде халық поэзиясы дәстүрі берік сақталады. Өткен ғасырларда өмір сүрген ақындардың бізге келіп жеткен өлең-жырларынан бұл өлкеде көркем сөз мәдениетінің жоғары сатыда болғанын байқауға болады.
1959 жылы Лениндік сыйлық алған М. О. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы прозамыздың биік шыңы. М. Әуезов творчествосы қазақ елі мен жерін, мәдениетін бүкіл әлемге танытып, дүниежүзілі аренаға шығарды. Дүние жүзі халықтарының 30 тіліне аударылған «Абай» эпопеясын сипаттай келіп, аса көрнекті жазушы А. Фадеев оның орыс әдебиетінің ең таңдаулы үлгілеріне деңгейінде жазылғанын, соның зінде ұлттық ерекшеліктерінің жаңа қырынан көрінгенін атап көрсетті. Орыс жазушысы Вс. Иванов оны «Ұлы шығарма» деп бағалады. Лениндік сыйлықтың лауреаты Ш. Айтматовтың сипаттауы бойынша, орыс мәдениетінің дамуына А. С. Пушкин қандай әсер етсе, осы заманғы Орта Азияның рухани өмірі мен көркем ой-пікірінің қалыптасуына Әуезов сондай ықпал жасады.
Сондай-ақ қазақ елінің ұлы қаламгерлерінің еңбектері осы Алматы қаласында дүниеге келді. Олар: Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу», «Альбатрос», Әбдіжәміл Нүрпейісовтың «Қан мен Тер», «Соңғы парыз», Олжас Сүлейменовтың «АЗ и Я», Шерхан Мұртазаның «Аңыз мен Ақиқат», Сәбит Мұқановтың «Ботакөз», Жұбан Молдағалиевтің «Батыр туралы баллада», Мұқағали Мақатаевтың 2-томдық өлеңдер жинағы, Ильяс Есеснберлиннің «Айқас» және т. б. шығармалары әдебиетті дамытуға үлкен үлес қосты.
Театр. Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінде, жыршылардың орындаушылық өнерінде, сықақшылар мен күлдіргіштердің әзіл-оспағында, ақындар мен айтыстарында театр өнерінің белгілері молынан кезігеді.
1870 жылы Верныйда «Драмалық өнер әуесқойларының қоғамы» жұмыс істеп, мұнда А. Н. Островскийдің, Г. В. Гогольдің, А. П. Чеховтың пьесалары қойылды. 1885 жылы Келелі мәжіліс үйінің жанынан драма үйірмесі ұйымдастырылды. Сырттан келуші актерлер де жиі өнер көрсетіп оытрды. 1889 жылы гастрольге келген ярославльдық труппа Островскийдің «Белугиннің үйленуін» қойды. 1919 жылы Алматыда орыс совет театры ашылып, музыка және драма спектакльдерді қойды. 1927 жылы ұйымдастырылған Жұмысшы жастар театры М. О. Әуезовтің «Қаракөз» және «Еңлік - Кебек» спектакльдерін қойды. Осы жылдары қалада Қ. Байсейітов, К. Ж. Байсейітов, Ш. Жиенқұлова, К. Қармысов, С. П. Телғараев сынды актерлер өздерінің творчестволық жолын бастаған.
Қазақ драма театрының негізін қалаушы актерлер С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Е. Өмірзақов, Қ. Жандарбеков, Ә. Қашаубаев, ақын И. Байзақов театрдың қоңыс аударуымен байланысты 1928 жылы Алматыға келді. Қазақ драма театрында қойылған Б. Ж. Майлиннің «Айша» мен «Талтаңбайдың тәртібі», Байсейітов пен А. Шаниннің «Тартысы» т. б. спектакльдерде қазақ халқының азаттық үшін күресі, рухани түлеуі, әйелдер теңдігі, діни соқыр сенімдерден арылу мәселелері көтерілді. 1931 жылы Д. А. Фурмановтың «Бүліншілігі» сахнаға шықты. Жансүгіровтың «Түрксібі» мен Ж. Т. Шаниннің «Шахтасы» уақыт тартқан көкейтесті мәселелерді қозғады. 1936 жылы Гогольдің «Ревизоры» қойылды.
Ұлттық драматургиямыздың асыл қорына айналған Әуезовтың «Түнгі сарын», С. Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» Әуезовтың «Абай» спектакльдері қойылды. Бүгінгі күні Алматыда көптеген театрлар жұмыс істейді, олар: Корей және Ұйғыр музыкалық театры, Ғабит Мүсірепов атындағы «Балалар мен жасөспірімдер театры», Абай атындағы «Академиялық опера және балет театры», М. Ю. Лермонтов атындағы «Академиялық орыс драма театры», Н. Сац атындағы «балалар мен жасөспірімдердің академиялық орыс театры», М. О. Әуезов атындағы «Академиялық қазақ драма театры», қуыршақ театры «Сезам, «АРТжәнеШок» театры, «Неміс драма» театры. Қазіргі уақытта театрда көптеген спектакльдер қойылуда, олар: «Тойдан қайтқан бойдақтар», «Әпке», «Абылай хан», «Абай», Шекспирдің «Вероналық екеу», Ш. Айтматовтың «Ана - Жер-ана», «Домалақ Ана», «Томирис», Ғабит Мүсіреповтың «Айман мен Шолпан» және т. б. спектакльдер қойылуда.
Музыка. Алматы - ірі музыкалық білім беру орталығы. 1932 жылы музыкалық техникум, 1934 жылы музыкалық - хореографиялық мектеп ашылды. 1938 жылы театр-музыкалық техникумы және училищесі болып екіге бөлінді.
Қалада Қазақ филармониясы (1935), Қазақ концерт (1960), Алматы обл. филармониясы (1974) сияқты ірі музыкалық аспаптары оркестрі, Хор капелласы , қазақ симфониялық оркестрі, ән-би ансамблі, Қазақ телевизиясы мен радиосының камералық, эстрадалық оркестрі, «Гүлдер», «Досмұқасан» ансамбльдері, сондай-ақ корейдің «Ариран» ұйғырдың «Яшлық» ансамбльдері т. б. музыкалық коллективтер жұмыс істейді.
«Азия даусы» - Азияның музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың жыл сайын Алматыда өткен халықаралық байқау. Бірінші рет 1990 жылы Медеу мұз айдынының кешенінде өтті. Бас жүлдені Өзбекстаннан келген «Карс» тобы жеңіп алды. Содан бері Женева Круз (Филиппин, 1991), Шахназ Сүймер (Түркия, 1992), Сара (Монғолия, 1993), Соябей (Түркия, 1994), Барт Бисли (АҚШ, 1995), Бауыржан Исаев (Қазақстан, 1996), «АВ-3» (Индонезиялық топ, 1997), сияқты өнерпаздар мен өнер ұжымдары бас жүлдені иеленді. 1993 жылы «Азия даусы» ФИДОФ-тың (халықаралық фестивальдар ұйымдастыру федерациясы) мүшелігіне қабылданды. 1994 жылы Канн (Франция) қаласында өткен әлемдік шоу-бизнесте арнаулы жүлдеге ие болды. 1996 жылы «Азия даусы» байқауы аясында Қазақстан әндерінің байқауы тұрақты өтеді. Оған арналған алғашқы жылы М. Жүнісова мен Н. Есқалиева, 1997 жылы Р. Рымбаева жеңіп алады. 1997 жылы «Азия даусы» халықаралық «Интернет-сервер» ақпарат арнасына қосылды. Бас жүлде, алтын, күміс және қола бәйгесіне қоса Алматы мэрі, демеушілер тағайындалған әр түрлі ынталандыру сыйлықтары бар. Бірінші конкурстан бастап «Азия даусының» шақыруымен Патрисия Каас, Пупо, Тото Кутуньо, Джими Саммервил, Митхун Чакраборти, Сонер Ариджа, А. Пугачева, Ф. Киркоров, В. Леонтьев, «БониМ», «Хадуэй» топтары сияқты әлемдік эстрада майталмандары Медеу мұз айдыны сахнасында конкурстан тыс өнер көрсетті. 1997 жылғы конкурстың ашылу фестивальдар ассоциациясының ұйғарымымен ғарыштағы бір жарық жұлдызға «Азия даусы» аты берілді.
Кино өнері. Алматы қаласында 1910 жылы алғаш рет дыбыссыз фильмдер көрсетіле бастады. Ол уақытта көрсетілген көрініс-фильмдер, мелодрамалар, драмалар және күлдіргі картиналардың көркемдігі де, мазмұны да төмен болды.
Совет өкіметі орнағаннан кейін кинематография тарихында жаңа кезең басталды. 20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың басында қазақ халқының тұрмысы туралы бірқатар документті фильмдер жасалды. «Алматы және оның төңірегі», «Алматыға тұңғыш поездың келу», «Жайлауда», «Қызыл әскер» фильмдері түсірілді. 1934 жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды. Ол документті фильмдерді шығарды. Режиссер М. З. Левиннің «Аманкелді» фильмы Ленфильм студиясында қойылды. 1940 жылы М. О. Әуезовтың сценарийі бойынша «Райхан» фидьмі жарыққа шықты. 1944 жылы кинохроника студиясы Алматы көркем фильмдер студиясымен бірікті. Ол хроникалық-документті фильмдерді шығаруды қолға алды.
1960 жылы Қазақфильм студиясы ашылды. Қазіргі кезеңде Қазақфильмнің АҚШ мемлекетімен бірігіп «Көшпенділер» атты фильмін аяқтады. Осы фильмді 3 жыл бойы түсірді. «Көшпенділер» фильмінің тұсау кесері Астана қаласында болды. Одан кейін Алматының кинотеатрларында көрермендерге ұсынылды. Ендігі жылы Қазақфильмнің «Көшпенділер»-ге ұқсас технологиямен «Маххамбет» фильмін жарыққа шығуын дайындауда.
Ғылыми мекемелер. Алматы - Қазақстанның ең үлкен ғылыми ордасы әрі еліміздегі ірі орталықтардың бірі. Революцияға дейінгі Қазақстанда Орыс географиялық қоғамының бірнеше ұсақ ұяларынан басқа бірде-бір тұрақты ғылыми орталық болған жоқ.
1920 жылы Ғылым академиясының Россияның табиғи өндіргіш күштерін зерттеу жөніндегі тұрақты комиссияның жанынан Қазақстанның жер қойнауын, өсімдіктері мен территориясын, сондай-ақ мәдениетін, тұрмысын, тілін, этникалық процестерді комплексті ғылыми зерттейтін бірсыпыра тұрақты және маусымдық экспедициялық отрядтар құрды. 1932 жылы Қазақстандық экспедициясы отрядтарының негізінде 8 дербес экспедиция құрылды. Сол жылы институттар мен тірек пункттар, лабораториялар, ауа райын зерттеу мен геологиялық барлау ұйымдары пайда болды. 1931 жылы Алматыда Қазақстандағы алғашқы медициналық институтының ашылуы осы жолдағы маңызды қадам болды. 1940 жылы тіл және әдебиет институты пайда болды, геологиялық ғылымдар институты құрылды. 1942 жылы астрономия және физика, химия-металлургия институттары ашылды. 1933 жылы ғылыми-педагогикалық кабинет ұйымдасып, ол кейіннен Ы. Алтынсарин атындағы пед. Ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды.
Алматыда қазір 85475 1 шәкірт оқиды. 16 мемлекеттік жоғарғы оқу орны бар, 51 мемлекеттік емес жоғарғы оқу орны, (39480 адам) болды. 42 колледжде 17545 шәкірт оқиды.
Бейнелеу өнері. Алматы ертеден-ақ өнер орталығының бірі болып келеді. 1970 жылы қала маңынан табылған Есік қазынасы бұл өңірде жоғары сатыда дамыған өнер ошағы болғандығының айғағы. Біздің заманымызға келіп жеткен халық қол өнері туындылары дәстүрлі өнердің жалғасы болып табылады. Профессионалды бейнелеу өнерінің қалыптасуына 1877 жылы Верныйға келген Н. Г. Хлудов елеулі еңбек сіңірді. Ол қазақ елінің өмір-тұрмысы мен табиғат көріністерін шығармаларына арқау етті. Осы тұстағы көптеген акварельдік және кескіндемелік туындылары көркемдігі жағынан этнографиялық немесе табиғат тану мақсатында салынған жадағай суреттен көп жоғары тұрды. 1920 жылы Хлудовтың басшылығымен Алматыда көркемсурет студиясы ұйымдастырылды. Бұл студия Қазақстандағы профессионалды бейнелеу өнерінің тұңғыш мектебі болды. 1929 жылы суретшілердің алғашқы көрмесі ашылды. 1933 жылы Қазақстан суретшілерінің комитеті ашылды. 30 жылдары Ә. Қастеевтің «Қырманда» (1936), «Ескі және жаңа тұрмыс» (1937), «Менің отаным» (1939), Ә. Ысмаиловтың «Қарағанды шахталары» (1937) атты картиналары халық тұрмысы мен өнеріндегі зор өзгеріс өз бейнесін тапты. 1935 жылы Алматыда ұлттық көркемсурет галереясы ашылды. Алматыда көркемсурет училищесі (1938), театр-көркемсурет институты (1978) мен ҚазПИ-дің графика ф-ті (1974) бейнелеу өнері мамандарын даярлады. 1979 жылы «Жігер» фестивалі болды. Қазір Алматы қаласында 20 көркемсурет галереялары жұмыс істейді.
Мұражай. Мұражай қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихынан терең сыр шертетін 200 мыңнан астам экспонат-көрнектер жинақталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz