Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын құрастыру


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География факультеті
Геоморфология және картография кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын құрастыру.
Орындаған Ж. Усербаева
Ғылыми жетекшісіС. Тұмажанова
оқытушы
Қорғалуға жіберілдіН. Н. Керімбай
кафедра меңгерушісі
г. ғ. к. доцент
Алматы 2009
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3- б.
Негізгі бөлім . . . 4-36б.
1. Алматы облысы Жамбыл ауданының физикалық-географиялық
сипаттамасы . . . 4-5б.
1. 1. Жер бедері мен геологиялық құрылымы, олардың ерекшелік-
тері . . . 3-4б.
1. 2. Ауданның климаты, оның ауыл шаруашылығын дамытуға әсері . . . 4-6б.
1. 3. Гидрографиясы: өзен сулары, жер асты сулары, су қоймалары мен көлдері . . . 6-8б.
1. 4. Топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүние-
сі . . . 8-11б.
2. Ландшафт туралы жалпы түсінік . . . 11-13б.
2. 1 . Ландшафттық карталардың түрлері, картографиялаудың негізгі бірліктері мен далалық түсірілімнің ерекшеліктері . . . 13-16б.
3. Зерттеу әдістері . . . 16-18б.
4. Алматы облысы Қарасай ауданының ландшафттық картасын құрастыру . . . 31-34б.
Қорытынды . . . 36б.
Пайдаланған әдебиеттер……… . . . 35б.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әлемнің көптеген өркениетті елдерінде, әсіресе Ресей ғалымдарының белсенді ізденістерінің нәтижесінде, бүгінгі таңда, ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесінің ғылыми - теориялық тұғырнамасы және іс жүзіне асырудың әдіснамалық жолдары жасалып шықты. Кейінгі кезде, бұл бағыттағы ғылыми зерттеу жұмыстары Қазақстанда да қолға алынып, олардың нәтижелері баспа беттерінде де жарық көре бастады. Бұлардың басым көпшілігі айдалған жерлердегі егіншілік жүйесін жаңа тұрғыда қалыптастыруға арналғанын байқап жүрміз.
Жоғарыда баяндалған мәселелерді ландшафттану ғылымының тұрғысынан түсіндіру тақырыптың өзектілігі болып саналады . Мұны іс жүзінде көрсету үшін Алматы облысындағы Жомбыл ауданының таулы өңірінің ландшафттық карталары құрастырылды.
Тақырыптың жаңалығы:
- Қазақстан аумағындағы 1:100 000 масштабтағы ландшафттық карталар алғашқы (бірінші) рет құрастырылды;
- бұл карталардың қағаз бетіндегі және компютерлік ГАЖ технологиясын қолданып электрондық нұсұаларын жасау іске асырылды;
Жұмыстың мақсаты - Алматы облысындағы Жамбыл ауданы таулы өңіріндегі ланшафтардың иерархиялық жіктелу ұстанымдары негізінде, олардың карталарын құрастыру.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер шешілді :
- ландшафтар туралы түсініктерді баяндай келе, табиғи ландшафттық қорларды дұрыс пайдаланбау себептерін талдау;
- зерттеу нысандарына сәйкестелген әдістерге талдау жасап олардың оңтайлы нұсқаларын пайдалану;
- Жамбыл ауданының масштабтары 1: 100 000-дық ландшафттық карталарды құрастыру;
- жоғарыдағы мәләметтерді жүйелей келе жұмыстың мәтінін жазып, тұжырымдық- қорытындыларын шығару.
1. Алматы облысы Жамбыл ауданының физикалық-географиялық сипаттамасы
Алматы облысының аумағы солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Сарыарқаның оңтүстік сілемдерімен (Шолақ, Қызылтатар, Қаракеңгір, т. б. ) солтүстік-шығысында Тарбағатай жотасымен, Барлық Майлы тауларымен (Алакөл қазаншұңқырымен бөлінген), шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы, Борохоро, Боротола жоталары арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь-Шанның Кетпен (Ұзынқара) жотасымен және Күнгей Алатауымен, оңтстігінде Іле, Теріскей Алатауларымен және оңтүстік-батысында Шу - Іле тауларының Жетіжол және Кіндіктас тауларымен, батысында Жусандала үстірті арқылы Шу - Іле тауының Айтау, т. б. аласа таулар мен тауаралық аңғарлар шектеседі. Солтүстік-батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың қиыршықтасты шөлді-шөлейтті өңіріне толасады.
Енді біз Алматы облысының оңтүстік батысында орналасқан Жамбыл ауданына тоқталып өтеміз.
Аудан 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 19, 3 мың км². Тұрғыны 107, 2 мың адам (2003) . Аудан жеріндегі 62 елді-мекен 1 кенттік және 23 ауылдық әкімшілік аумақтарға біріктірілген. Орталығы - Ұзынағаш ауылы.
Жамбыл ауданының оңтүстігін Іле Алатауының батыс бөлігі алып жатыр, ал, оңтүстік батысын Шу-Іле тауларының шығыс сілемдері алып жатыр. Солтүстікке қарай ауданның жер бедері жазықтыққа ұласады. Мұнда Бозой үсті Сарытауқұм, Қорғанқұм құмды алқаптарымен шектеседі.
Жамбыл ауданының 24 аймағында 62 елді-мекен орналасқан. Аудан 5 табиғи-климаттық зонада оналасқан.
- құмдар,
- еңіс жазық,
- тауалды-жоталы қырлы жазық,
- ортатаулы және ұсақ таулы.
- таулар.
Жері оңтүстіктен солтүстікке қарай шалғынды қара топырақты, қызыл қоңыр, қоңыр, сұр, құмдақты сұр, сортаң топырақты болып келеді. Оны, көбінесе бетеге, боз, жусан, изен, ебелек және әртүрлі астық тұқымдасты шөптесіндер көмкерген. Солтүстігіндегі құмды алқапта сексеуіл тоғайы, өзен аңғарларында бұталы тоғай шоғырлары кездеседі.
Жабайы аңдардан: арқар, таутеке, елік, ақбөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық кездеседі.
Құстардан: бүркіт, лашын, бөктергі, бөдене, сулы жерде тырна, дуадақ, қаз, үйрек мекендейді.
Ауданның жазық бөлігінде: жайран, сайғақ, қасқыр, түлкі, борсық, кездеседі.
Құстардан: бөдене, сөр тырна, сексеуілді торғай, бүркіт, қырғауыл, үйрек, қаз. Тауда: тау ешкі, қасқыр, борсық, түлкі және т. б. Суларда: сазан, маринка, жайын, лақа және т. б.
Климаты континентті, оңтүстігінде қысы біршама жұмсақ және қысқа. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы оңтүстігінде - 80˚С, солтүстігінде - 120˚С, шілдеде оңтүстігінде 200˚С, солтүстігінде - 250˚С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тау етегінде 500 мм, солтүстігінде 200-300 мм шамасында. Таулардан Күрті өзенінің алабына кіретін бірнеше өзен асады, олар: Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақастек, Жаманты, Балажан, Ақтерек, Ырғайты, Ұзынқарғалы, Шолаққарғалы, Ақсеңгір, Қарасу, Жиренайғыр, Самсы, Тарғап, Қопа. Бұлардың кейбірі жазда тартылып қалады. Өзендердің егістік жерлерді мал жайылымы жерлері мен суару, шабындықтарды суландыру және электр қуатын өндіру үшін маңызы зор .
1. 1. Жер бедері мен геологиялық құрылымы, олардың ерекшеліктері.
Ауданның жер бедері бір-бірінен айырмашылықтары бар геоморфологиялық бірліктер - таулы, тауалды жєне жазықтық болып келеді. Іле Алатауы төменгі батыстағы шетін қамтиды. Осының нәтижесінде орталық бөлікпен салыстырғанда батыс бөліктегі тау жоталары әлдеқайда құрғақ климаттық зонада жатыр. Мұнда қыс айларында температуралық инверсиялар болып тұрады. Жаз айларында көкорай шалғын күңгірт түсті таулы-орманды зоналармен аралас кездеседі. Ал Қастек өзенінің жағалауында ксероморфты шабындық жайылымдар бар. Таудың ең биік нүктесі - 3266, 9 метрге жетеді.
Басты жоталары солтүстікке қарай сытылап төмендейтін, жазықтау тауалды жоталар Дегерес, Қазы - Басы, Үшқоңыр және т. б. Абсолютті көрсеткіші теңіз деңгейінен 1200-ден 1800 м болатын таулар жатыр. Бұл таулар конус тәріздес тау шлейфтеріне құятын тау өзендерінің арналары бар тау етегі жазығын тең бөледі. Төбе конустары 750-1200 м биіктікте орналасқан. Төбе конусының шекарасында және тау асты жазығында Қопа өзенінің жағалауын көрсететін сазды жазық басталады. Жағалаудың шеттері солтүстік және оңтүстікке қарай көтеріңкі. Бұндағы ерекше геоморфологиялық және гидрогеологиялық жағдай арқасында жерасты сулары жоғарыға жылжу нәтижесінде ылғалдылық болады, сондықтан қыртыс жартылайморфты және гидроморфты тұзды қыртыстар таралған. Солтүстіктен Қопы жағалауына солтүстік-батыста ауданда ұсақ тауға айналатын - Іле тау төбелері баяу жоталы үстірт қабысады.
Тағы солтүстікке қарай ұсақ төбелер одан әрі жазық бедерге айналады және жайлап Жускен дала жазығынан кейін сары Тау көл құм массиві орналасады.
Іле Алатауының Солтүстік бөктері негізінен мезазой, үшінші және қазіргі кездегі қалдықтар негізінде құралған. Ауданның бұл бөлігінде қыртыс түзуші шикізат таудың кристалды түрлерінің сарытопырақты ауыр саздақтар, тұзды үшінші қабатты саз балшық (орта таулы және төмен таулы) Ұзынағаш, Шолақ-Қарғалы, Ақтерек, Ырғайты өзендерінің борпылдақ, тұрпайы валунды-галечниктерімен және ұсақ тасты қабаттардан түзілген шошақ конусты төбе көтермелері болып табылады .
Жирен-Айғыр, Самсы, Құтырған, Куруөзен өзендері бөліп жатқан тауалды құлама етек жазықтар өзінің механикалық құрамы жағынан түрлі қайта қабатталған проллювиальды және делювиальды түрлерден түзілген.
Қызылтүсті құмды-саз топырақты ұсақ тасты түрлерден түзілген үшінші қабаттың күштілігі бірнеше метрден ондаған метрге дейін созылады. Ауданның солтүстігі төртінші қабаттар - құмдар күштілігі 1, 5-5 м. Олар жеңіл механикалық құрамды ашық түсті сұртопыраққа арналған қыртыс түзуші түр болып табылады. Жер өңдеуде ашық түсті сұртопырақ қыртыстың дефляциясында кең таралады.
1. 2. Ауданның климаты, оның ауыл шаруашылығын дамытуға әсері.
Жамбыл ауданының климаты әрқилы: ол мұнда таудың етегінде далалық зонаға ұқсас болса құрғақ далада шөлдік климатқа ұқсас. Алматы облысысының аумағында кездесетін агроклиматтық аудандар түгелдей кездеседі, себебі ауыл шаруашылығында облыс бойынша айналысатын барлық салалар өріс алған. Сол себепті Алматы облысының көптеген аудандарында жер шаруашылығын тиімді пайдалануға бағытталған жұмыстардың мәселесін шешуді қажет етеді, өйткені географиялық жағдайы континентальды климат.
Тік зоналылыққа орай мұнда келесі табиғи климаттық зоналар кездеседі: салқын және дымқыл таулы, ыстық және өлшемді-ылғалды тауға жақын, шөлді-далалы және құрғақ, ыстық тауасты шөлді. Таулы зонада жылдық жауын-шашын түсімі 600 мм-ден жоғары, ал аязсыз кезең ұзақтығы әдетте 100 күннен аспайды. 100 жоғары жылы температура мөлшері шамамен 2000 жетеді. Таулы аудандарда жылдық жауын-шашын түсімі 400-ден 500 мм аралығында, олардыњ 330-дан 360 мм-ге дейінгісі жылы кезенде түседі. Аязсыз кезең ұзақтығы 170-1800 және жайлы ауа температурасы бұнда 2700-3000.
Шөлді - далалы тауалды жазығында жылдық жауын-шашын түсімі 300-330 мм аязсыз кезең ұзақтығы 135-175 күн аралығында, жайлы температура 2900 - 31000-қа тең. Ауданның шөлді бөлігінде климат өте құрғақ және ыстық. Жауын-шашынның жылдық түсімі мұнда 120 - 170 мм ғана, оның көпшілігі көктем мен күз кезінде түседі.
Қысқы кезең. Суық кезең ұзақтығы 4 - 4, 5 айды құрайды. Ең суық ай қаңтар болып табылады. Ең суық қыс ауданның қиыр солтүстігінде байқалады (қаңтар айының орташа температурасы - 130) . Қыс мезгілінде тауға жақын аудандарда температура - 8-90-тан жоғары. Қысқы кезеңдегі ең жайлы табиғи жағдай ауданның оңтүстік бөлігінде байқалады, онда континентальдылық аз. Қарлы кезең ұзақтығы ауданның жазық бөлігінде 2 - 3 ай көлемінде, ауданның биік таулы бөлігінде қарлы кезең 6 - 8 айға созылады. Ауданның солтүстік бөлігінде қардың қалыңдығы жұқа болады, онда қыстың соңында небәрі 7 - 10 см болады. Тау етегі бөлігінде оның биіктігі 10 - 12 см, ал таулы бөлікте 40 - 60 см.
Массивтерде аздаған қармен су қоры қар еру кезіне дейін 30 - 40 мм болады, сол кезде ауданның таулы бөлігі 150 - 180 мм, ал кей жалдары 300 -500 болады.
Көктемгі кезең. Жайлы температураның өтпелі айлары ақпан мен наурыз айларында болды. Қардың еруі аудан аумағыныњ үлкен бөлігінде наурыз айының басында аяқталады, тау етегі бөліктері - наурыздың екінші бөлігінде таулы бөлікте қар сәуір-мамыр айларына дейін сақталады. Көктемгі температураның интенсивті өсуі, сонымен қатар оның тәуліктік амплитудасының жоғарылауы тән. Ауданның солтүстік бөлігінде наурыздан сәуірге қарай температура 10 - 130-қа дейін көтеріледі, тау етегінде 7 - 90, таулы бөлікте 5 - 60-қа көтеріледі. Көктем мезгілінде температура 00 немесе 00 - тан төмен болуы да сирек кездеспейді. Суық ауа орта есеппен сәуірдің ортасында аяқталады, кей жылдары тіпті суық ауа мамыр айының аяғында да байқалады. Жауын-шашын ауданда наурыз айында 6 - 9 мм солтүстікте 50 - 70 мм-ге дейін тау етегінде, ал сәуірде 10 мм. Жауын-шашынның көп мөлшері мамыр айында түседі. Көктемде жауын-шашын мөлшерінің көптігіне қарамастан, күн сәулесінің интенсивті инсаляциясының арқасында айдан айға қарай ауа ылғалдылығының түрлі деңгейде төмендеуі байқалады. Егер наурыз айында ауа ылғалдылығының орта қатынасы ауданның жазық бөлігінде күндіз 50 - 60 % - ды құрайды.
Көктемде біраз мөлшерде жел байқалады. Желдің орташа жылдамдығыныњ ең жоғарғы көрсеткіші сәуір мен мамыр айларында көрінеді. Бұл уақытта ауданның солтүстік бөлігінде желдің орташа жылдамдығы 7 м/сек, осының нәтижесінде мұнда жер қыртысы дефляциясы кең төрінде жетіледі.
Жазғы кезең. Жылы кезең ұзақтығы орташа тәуліктік температура 00-тан жоғары, ең жоғарысы ауданның орталық жєне солтүстік бөліктерінде белгіленеді (8 айға дейін), ал ең төмені таулы бөлікте (5 - 6 ай) . Ауданның үлкен бөлігінде вегетациялық кезең (орташа температурасы +50 жоғары) . 6 - 7 айға созылады. Жауын-шашын жаздың 3 айында жылдық мөлшердің 20 - 25 % құрайды. Ең ыстық ай - шілде, орташа температурасы 20 - 240˚С. Ауа ылғалы жетіспеуінің орташа көрсеткішінің шілдеде үлкен маңызы бар. Оның биіктігі солтүстіктен оңтүстікке жылжығанда өзгереді, 15 - 25 м-ден 8 - 10 м дейін.
Күзгі кезең. Температураның төмендеуі бастапқыда баяу бола, келе-келе күшейе түседі. Ауданның үлкен бөлігінде қарашадағы орташа температура сияқты көрсетеді (1 - 3 жазықта және 3-5 тауда) . Алғашқы ауа ауданның солтүстігінде қыркүйектің үшінші жартысында байқалады.
Тәуліктік температураның +100˚С-тан ауысу кезеңі ауданның солтүстігінде 15 - 20 қыркүйекте, ал тау етегі бөлігінде 10 - 15 қазанда болады. Күзгі жауын-шашынның ең аз мөлшері ауданның қиыр солтүстік бөлігінде 2 - 4 мм қыркүйекте және 6 - 8 мм қазанда, жазбен салыстырғанда қыркүйек пен қараша айларында суық болады.
1. 3. Гидрографиясы: өзен сулары, жер асты сулары, су қоймалары мен көлдері
Ауданның гидрографиялық желісі біркелкі дамымаған. Өзендердің көпшілігі ауданның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігіне тән. Батыс бөлігінде шағын өзендер Ақтерек совхозында: Жаманты, Ақтерек және Ырғайты. Солтүстік бөлігінде жер беті сулары жоқ. Аудандағы жер асты суларының тереңдігі әркелкі жєне олардың минерализациясы өте түрлі - түсті жасақталған және Шу, Іле тауларыныњ төбелерінде көптеген жерасты сулары бастау күйінде шығыстан тұстары кездеседі, мұнда су тұщы. Ауданда 15 кішігірім өзендер бар.
Қопа өзенінің жағалауында жерасты суларының тереңдігі 1, 5 метрден 4 метрге дейін болады: суы өте күшті минералданған, соның нәтижесінде мұнда батпақты шабындықта жєне шабындықты сұртопырақты қыртыстар түзілген. Ылғалды сорлары түрлі деңгейде тұзды. Сары-Тау-Құм құмдарында жерасты сулары терењдегі 15-тен 20 метрге дейін, сулары тұщы болып келеді.
Ауданның кішігірім өзендерін өсімдік өсіруге пайдаланады. Қант қызылшасының 1 гектарын өсіруге 6 - 8 мың м³ су қажет. Жүгері, көкөніс, бақша өнімдерінің 1 гектарына жылына 4 - 7 мың м³ су керек.
2-кесте. Аудан аумағындағы су қоймалары
Аудандағы шағын өзендерден алынған судың жылдық көлемі:
Ұзын Қарғалы - 23, 4 млн м³;
Ақсеңгір - 7, 4 млн м³;
Қастек - 6, 1 млн м³;
Ұзынағаш таулы - 8, 5 млн м³;
Ұзынағаш - Қарасу - 2, 5 млн м³;
Барлығы - 44, 9 млн м³;
Ауданда 7 су қоймасы бар.
Ауданда суды тиімді пайдалану жолдары бірқалыпқа келтірілген:
орталықтанған су көздерін - пайдаланатын халық санын көбейту;
жергілікті сапалы ауызсу жоғары деңгейде пайдаланылады;
құрылыста, ауыз суды тазалау жүйесі мен дайындауда жаңа технологияларды енгізу жолы арқылы сатылатын ауызсудың 1 м³ бағасы төмендеді.
Халықты ауыз сумен қамтудағы өзгеріс әлеуметтік-тұрмыста және санитарлық эпидемиологиялық жағдайын қанағаттандырады, қорытындысында облыс халқының физикалық жєне рухани денсаулығына оң әсерін тигізеді.
1. 4. Топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
Іле Алатауының зоналық жоғарғы шекарасы мен белдеулер зоналық құрылымын кезінде Р. Н. Аболин толығырақ жасап көрсеткен. Оның сызбасын кейінірек ҚазССР Ғылым Академиясы институтының ғалымдары (С. И. Соколов, М. А. Глазовская) құрастырды. Жамбыл ауданы үшін барлық қыртыс зоналарының шекаралары орталық бөлшекке қарағанда біршама жоғары орналасқан. Үлкен құрғақтық көріністе екі зона түгелімен жоқ - ортатаулы шабындық орманды далалы және шабындықты орманды.
Қалған зоналар төмендегідей түрде болады.
І. Абсолют биіктігі 440 - ден 500 м - ге дейін жазық шөлді зона. Үлкен алаңды батпақты адырлы құмдар алып жатыр, тақыр қыртыстар да кездеседі, төменгі тұста сорлар.
ІІ. Тау етегі таумаңы шөлді-далалы зона (шөлейт-саванналар) 450 - 510 метрден 700 - 800 метрге дейін.
1) Ашық түсте ақ карбонатты сұртопырақты белдеу. Биіктігі 600 - 700 метрге дейінгі шөлейтті аласа шөпті жартылай саванналар. Эфемероидты, эфемероидты - жусанды белдеулер (аќ жусан, пияз тектес жалбыз, шөлді шешек, теріскен, ебелек т. б. кездеседі) .
2) Қарапайым аз карбонатты сұр топырақ белдеуі. Биіктігі 750 - 1000 м. Шөлейтті биікшөпті жартылай саванналар. Эфемероидты - жусанды (аќ жусан, апиын, жалбыз, изен, ебелек жєне т. б. ассоциациямен келеді) .
3) Тау маңы ашыққызғылт қыртыс белдеуі 800 - 1150 м биіктікке дейін. Эфемероидты жусан тәрізді ассоциациялар.
ІІІ. Таулы жєне тау маңындаѓы далалы зона, 1200 - м-ден 1800 метрге дейін.
1) Таулы жєне тау мањы тұйық-қызғылт, қыртыстар, биіктігі 1400 - 1500 м. Шымқыртысты - дәнді түрлі шабындық далалар және далалы бұталы (шие, тобылғы, итмұрын) .
2) Таулы қаратопырақ белдеуі (азқарашірікті және ортақарашірікті) биіктігі 1600 - 1800м-ге дейін. Түрлі шөпті - дәнді шабындықты далалар, бұталар бар (бидайық, арпабас, жалбыз, сүттіген, мия, итмұрын және т. б. ) .
ІV. Ортатаулы шабындықты зона биіктігі 1400 метрден 2300 метрге дейін. Әртүрлі шөпті-дєнді шабындық дала (қазоты, қурай және т. б. ) таулы -шабынлық - қаратопырақты қыртыстар және жоғарғы қыртысты таулы қаратопырақтар .
V. Биік таулы шабындыќты зона, 2000 метрден 2600 метрге дейін.
1) Субальпілік шабындықты белдеу, ауданның батысын 2400 - ден шығысына қарай 2800 м. Субальпілі таулы - шабындықты қыртыстар. Биікшөпті субальпілі дәнді - түрлі шөпті шабындықтар (манжетка, пияз, қазоты, жалбыз) .
2) Альпі шабындық белдеуі. Биіктігі 3500 м дейін ауданның тек шығыс жағында нивальды зоналарында айқындалады. Аласашөпті шабындықтар (жауқазын, шегігүл, ботагөз және т. б. ) .
VІ. Биіктаулы нивальды зона. 3500 метрден жоғары. Биіктаулы флораның бірді-екілі өкілдері кездеседі. Ауданда аз ғана алаңды алып жатыр (3933 га) .
Келтірілген биік зоналы территорияда таулы белдеулерге бөлу негізінен солтүстік баурайларға жєне оған жақын экспозицияларға және азды-көпті ұсақтопырақты қыртыстүзуші төрлерге тән. Оңтүстік және оңтүстік - батыс баурайлар, заңдылығында ерекше биогеоценоздарға ие. Олардың көпшілігі жоғарғы құрғақ далалы ксероморфты таулы - далалы қыртыс зоналарында таралған. Сондықтан аудан аумағында келесі қыртыс типтері жєне подтиптері бөлінеді.
Тұзды жерлер (солонцы) . Аудан аумағында көп таралмаған. Жіктелу (классификациясы) белгісіне қарай тұзды жерлер Қырғыз жотасының тау алды жазығы гидроморфты қатардағы шабындықты тұзды жерлер ұсақ бағанды сортаңға жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz