Талдықорған


Талдықорған
Талдықорған - Талдықорған облысының орталығы, қала т. ж. стнациясы, әуе, автомобиль қатынасының маңызыды торабы. Балқаш - Алакөл ойысының оңтүстігіндегі Жоңғар Алатауының етегінде. 570-630м биіктікте. Қаратал ө-нің бойында орналасқан. Өңірінің климаты контпненттік; январьдың орташа температурасы - 11, 5С (ең төмен температура -40С), июльде 21, 8С (ең жоғарғы температура 41С) . Аязсыз маусымның орташа ұзақтығы 160-180 күн. Жылдық жауын-шашын мөлш. 400-450 мм. Халқы 1896ж. 2, 9 мың, 1913ж. 4, 6 мың, 1944ж. 20 мың 1975 ж. 80 мыңға жетті. Іргесі 1869 ж. Верный- Қапал жолы бойында қаланды. Алғашқыда «Гавриловка» деп аталды. 1918 ж. Мартта Талдықорғанда Совет өкіметі орнады. 1922 ж. 2 апрельдегі Түркістан ОАК-ның қаулысы бойынша Қапал Университетіндегі Гавриловка с. Сол өңірдің ежелгі тарихи атымен «Т» болып қайта өзгертілді. Совет өкіметінің Алғашқы жылдарында Т. экономикасының дамуына (ұсақ кәсіпорындар салына бастады) әсер етуші басты жағдайлардың бірі - қалаға таяу жерден Түркістан - Сібір темір жолының өтуі. Т. 1944ж. 15 мартта қала болып, облыс орталығына айналды. Бұл жылдары қалада 2 артель, колхоз орталықтары, МТС, сыра заводы, наубайхана, 1 шағын электр ст., 2 бастауыш, 2 жеті жылдық, 1 орта мектеп, мед, мектеп, 1мәдениет үйі, 1 кинотеатр ғана болды. 1947 ж. Түркістан - Сібір т. ж-нан Тарға тармақ тартылуы қала экономикасының одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасады.
Бүгінгі Талдықорған - Жетісудың өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі. Қазір (1975) Т-да 30-ға жуық өнеркәсіп орындары бар. Өнеркәсібінің басты салалары - машина жасау, құрылыс материалын өндіру, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнімдерін шығару. Ірі кәсіпорындары - аккумулятор з-ды (бүкіл одақтық маңызы бар), темірбетон бұйымдары, эксперименттік, жеміс-консерв заводтары, тігін, аяқ киім, мебель ф-калары, құрылыс материалдарын өндіретін комбинат, обл. баспахана.
Ұлы Окт. революциясынан бұрын 1 шағын мектеп, 1 шіркеу, 1 мешіт қана болған. Т-да 1975-76 оқу жылында 20-ға жуық мектеп, балалар муз. мектебі, балалар спорт мектебі, 2 мектеп - интернат, 3 жұмысшы жастар мектебі, 30-ға жуық балалар бақшасы, бірнеше кәсіптік -тех. және мед. учищилері, индустриялық және педагогикалық, мал дәрігерлік техникумдар, пед. институт жұмыс істейді. Мәдениет сарайы, кинотеатрлар мен клубтар, кітапханалар тарихи - өлке тану музейі, драма театры, филармония, байланыс үйі, баспа үйі, стадион, обл. аурухана, арнаулы балалар ауруханасы, 7 диспансер, 5 емхана, 60-қа жуық дәрігерлік, 30-дан астам фильдшерлік пункт т. б. бар. Соңғы жылдарда көптеген, өнеркәсіп тұрғын және қоғамдық биік үйлердің жоспарлы үрде салынуына байланысты қаланың бейнесі түгелімен өзгерген. Қаланың орт. бөлігіндегі обл. партия комитетінің үйлері, «Талдықорған» қонақ үйі, автовокзал мен түзу көшелері ерекше көзге түседі. Бірнеше көрсеткіштері бар.
Талдықорған облыстық музейі - обл. өлке тану музейі. 1974ж. Құрылды. Қорында 1 мыңнан аса экспонат бар. Олар облыстың көне тарихынан дерек беріп, оның даму жолдарын баяндайды. Облыста Совет өкіметінің орнауы, халқымыздың даңқты рев. Жауынгерлік және еңбек дәстүрлері - музей экспонаттарының негізгі арқа, уы. Музейде а. ш. мен өндіріс озаттарының озық тәжірибесі халық шаруашылығының, мәдени құрылыстың жетістіктері көрсетілген.
Табиғаты. Т. о-ның жері солтүстігінде Балқаш, Сасықкөл, Ұялы, Алакөл және Жалаңашкөл көлдері, оңтүстігінен Іле ө., шығыс және оңт. шығысынан Жоңғар Аалатуы (биікт. 4463м) қоршап тұрады. Жоңғар Алатауы мен Барлық жотасының аралығында тау аралық өткел - Жоңғар қақпасы орналасқан. Өзендермен тілімделген Балқаш - Алакөл ойысы (биікт. 340-600м) және Іле жазығының көп бөлігін жалды құм (Сарыесік атырауы, Лөкқұм, Жаманқұм, Сарықұм т. б. ) алып жатыр.
Облыстың шығ. және оң. шығыстағы биік таулы өңірі каледон және герцин қатпарлануында тектоник қозғалысқа ұшырап, мезокайнозойда пенепленденеді де, соңғы альпі орогенезінде қайтадан көтерілген жақпарлы - қатпарлы таулы өлке болып қалыптасады. Облыстың жазық аймақтары төрттік дәуірдің аллювий, эолды құмды шөгінділерінен құралған.
Пайдалы қазындылардан қорғасын, мырыш (қ. Оңтүстік Жоңғар полиметалл белдеуі, Текелі полиметалл кені), тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақта тас, вольфрам, молибден рудалары, алюминий шикізаттары, ас тұзы, бетонитті саз балшық т. б. кездеседі.
Климаты қоңыржай континенттік Қысы салыстырмалы суық, жазы ыстық және құрғақ. Орташа температура январьда -8-10С, июльде 25-27С. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық өңірлерде 110-250мм, тау бөктерлерінде 400-500 мм, биік таулы аудандарда 700-800мм. Жауын-шашынның көпшілігі май - июнь айларына келеді. Вегетациялық маусымның ұзақтығы тау алды мен жазықта 210-260 тәулік. Өзендері түгел Балқаш - Алакөл тұйық алабына жатады, негізінен мұздық және қар суымен қорректенеді. Ірі өзендер - Іле, Қаратал (Көксу, Быжы, салаларымен) Ақсу, Лепсі, Сарқант Балқаш көліне құяды немесе құмға сіңіп жоғалады, басқа өзендері (Тентек, Жаманты, Ырғайты) Алакөл тобына құяды, кейбіреулері Іле өзенінің оң салаларын құрайды (Үсек, Қорғас т. б. ) . Өзендері түгелдей егін суаруға, өнеркәсіп қажеттігіне және ішінара гидроэнергия көзі ретінде пайдаланылады. Ірі көлдері - Балқаш (шығ. бөлігі ащы), Алакөл Жалаңашкөл (ащы), Сасықкөл және Ұялы (тұщы) . Таулы бөлігінде минералдық бұлақтар (Арасан - Қапал, Ой-саз т. б. ) көп.
Облыстың жазық бөлігіндегі шөл даланың сұр топырағында жусанды - сораңды шөл және шөлейт дамыған. Көпшілік бөлігінің араларында сор таң, сор және тақырмен кезектесіп отыратын сексеуілді - көкпекті, бұталы құмдар, өзен жайылмалары мен көл жағалауларында көктерек, тораңғы, үйеңкі және жыңғылдан тұратын тоғайлар, шалғынды-сораң топырақта қамыс және ши өседі. Облыстың таулы бөлігінде биіктік белдеу ажыратылады: тау алдындағы (600-700м биіктікте) шөл, сұр топырақ және қызыл қоңыр топырақ үстінде астық тұқымдасты - жусанды далаға ауысады; жоғарырақ тау беткейлері мен таулы үстірттердегі (1200-1300 м биіктікке дейін) тау-далалық қызыл қоңыр және қара топырақты өңірді астық тұқымдасты дала (бұл белдеу - облыстың негізінен төм. бөлігі суармалы, жоғ. бөлігі суарылмайтын егін егілетін бірден бір құнарлы бөлігі) алып жатыр. 1200-1300 м-ден жоғары жалпақ жапырақты (қайың және алма ағаш) орман, 1700-1800 м-ден жоғары тау-орман топырағы үстінде самырсын аралас қылқан жапырақты (тянь-шань шыршасы) орман, одан жоғарыдағы тау-шалғыш топырақта жазғы мал жайылымы саналатын жайлау (биік таулы субальпі, және альпі шалғыны) қалыптасқан.
Жануарлар дүниесінен шөлейт зонасында қасқыр, түлкі, қоян, ұсақ кемірушілер, ақ бөкен, қара құйрық; құстардан дуадақ, бұлдырық, бөдене, жорға торғай; бауырымен жоғарлаушылардан жылан, дала тасбақасы, кесіртке; қамыс арасында жабайы шошқа, қырғауыл, ондатра; су айдындарында - үйрек, қаз, аққу; таулы аудандарда қоңыр аю, борсық, суыр тау теке, арқар, марал, елік, кекілік; көлдер мен өзендерде сазан, маринка, алабұға, аққайран, көксерке тіршілік етеді.
Халқы . Т. о-ның негізгі халқы - қазақтар. Сонымен қатар мұнда орыс, украин, корей, ұйғыр, татар, неміс т. б. халықтар тұрады. Қазақтар облыстың барлық өңірінде (әсіресе, солт. -бат. және оңт. Аудандардағы олапдың үлессалм. 90-95%-тен асады) мекендейді. 1976 жылдың басында мұнда халықтың орташа тығызд. 1 км 2 -ге 5, 7 адамнан болды. Тау бөктерлері мен тау аңғарларында халықтың тығыз. 20 адамнан асады. Облыс қалаларында халықтың 41% -тен астамы тұрады. Қалалары шағын, барлығы да советтік жылдарда т. ж. құрылысы, пайдалы қазындылар игеру, т. б. жағдайларға байланысты пайда болған. Қалалары: Талдықорған, Текелі, Үштөбе, Панфилов, Сарқант.
Шаруашылығы. Революцияға дейін қазіргі Т. о. өңірі (Жетісудың шығ. бөлігі) Қазақстанның барлық аудандарындай экономикасы мешеу дамыды. Өнеркәсіп салаларынан а. ш. шикізаттарына негізделген, Талдықорған (Гавриловка) . Панфилов (Жаркент) қалаларында ұн-жарма, жүн жуу т. б. өндіріс орындары ғана болды. Ұлы Окт. Соц, Революциясынан кейін Т. о. шаруашылығы жедел қарқынмен дамыды. Оған әсіресе, 1929 ж. Түркістан - Сібір т. ж-ның салынуы, 1933 жылдан одақтық маңызы бар Текелі полиметалл кенінің игерілуі көп игі әсер етті. Қазіргі уақытта мұнда жергілікті және сырттан тасылатын шикізаттардың негізінде көптеген өнеркәсіп салалары мен техниканың соңғы уақыттағы озық түрлерімен жарақталған егін және мал шаруашылықтары тез қарқынмен даму үстінде.
Өнеркәсібі. Совет өкіметі жылдарында, әсіресе Ұлы Отан соғысынан кейін Т. о-ның өнеркәсібі жан-жақты өтетез қарқынмен өркендеді. Қазіргі кездегі облыстағы өнеркәсіптің басты саласы- полиметалл кеніне негізделген түсті металлургия өнеркәсібі.
Оның төңірегіндегі көмекші сала ретінде күкірт қышқылын және құрылыс материалдарын өндіру дамуда. Облыстың энергетика өнеркәсібі Кузбасс пен Қарағандының көміріне негізделіп құрылған. Өнеркәсіптің басқа ірі салаларына құрылыс материалдары (әк тас, құрылысқа қажетті кірпіш), машина жасау және металл өңдеу, ағаш өңдеу, тамақ (қант, ет консервісі, сүт, балық, май шайқау, ұн-жарма, нан, макарон, кондитер, сыра арақ-шарап, жеміс консервілеу, минералды, су т. б. ), жеңіл өнеркәсіптері (тігін, тоқыма, былғыра-аяқ киім) т. б. жатады. Қалар мен аудан орталықтарында тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттардың құрамында тігін ф-калары мен цехтары, пима басу, былғары аяқ киім цехтары бар. Негізгі өнеркәсіп орталықтары: Текелі (қорғасын- мырыш, құрылыс материалдары мен конструкциялары және энергет. комбинаттары кірпіш заводы, жеңіл және тамақ өндірістері) . Лепсі (металл өңдеу, вагон жөндеу заводтары), Матай (металл бұйымдарын шығаратын, рельс құрастыру заводтары), Үшарал (а. ш. машиналарын жөндейтін, май, нан заводтары) .
Ауыл шаруашылығы. Т. о. - Қаз. ССР -інің ірі мал шаруашылықты, астықты және қант қызылшасын егуге маманданған облыстарының бірі. Облыс а. ш. өнімдерінің 60%-ке жуығы мал шаруашылығынан, 40%-тен астамы егін шаруашылығынан түседі.
А. ш. -на жарамды жері 8870, 1мың га (1975), оның (75, 6%-нен астамы) 6710, 2 мыңы жайылым (оның ішінде суландырылғаны 5876, 0 мың га), жыртылатын жері 850, 0мың га (а. ш. -на жарамды жердің 10%-тен астамы), оның ішінде суыралытаны 223, 9 мың га), оған дәнді дақылдар (590, 1 мың га), негізінен жаздық және күздік бидай, күріш (суарылатын жердің 20 мың га-дан астамына), арпа, сұлу, тары, жүгері және мал азықтық дақылдар (252, 2 мың га), тех. дақылдар (40, 9 мың га), негізінен қант қызылшасы (36, 6 мың га), күнбағыс, картоп (12, 1 мың га) көкөніс, бақша дақылдары (4, 8 мың га) және жүзім егіледі.
Транспорты. Т. о. темір жол, автомобиль, әуе транспорты арқылы қатынасады. 1976 ж. басында Т. о. -ондағы Қазақ т. ж. -ның ұз. 877 км болды.
Т. о-ның территориясы белгілі экономика салаларының қалыптасуына және физ-геогр. ерекшеліктеріне байланысты - Солтүстік Жоңғария (суарылмайтын және суармалы дәнді дақылдар, қант қызылшасы, күнбағыс, бау-бақша, етті-сүтті мал, етті-жүнді қой шаруашылығы, омата шаруашылығы және балық аулау, тамақ, жеңіл және тау-кен өнеркәсібі дамыған), Оңтүстік Жоңғария (суарылатын дәнді дақыл, бау-бақша, жүзім, жайылымдық қой шаруашылығы дамыған) . Балқаш маңы (қой, түйе шаруашылығы, балық аулау дамыған) аудандарына бөлінеді.
Талдықорған педагогика институты - педагог кадрларын даярлайтын жоғары оқу орны. 1973 ж. құрылған. Ин-т құрамында (1976) : қазақ және орыс мектептері үшін мұғалімдер даярлайтын физика-математика (физика және математика бөлімдері), филология (орыс мектептері үшін орыс тілі мен әдебиеті, қазақ мектептері үшін орыс тілі мен әдебиеті, музыка - ән бөлімдері) ф-ттері, сырттан оқитын бөлім, 12 кафедра, бірнеше лаборатория бар. 1975-76 оқу жылында ин-тта 1000 (оның ішінде 300-і сырттан оқитындар) студент оқыды, 60 оқытушы (оның 25-і ғыл. кандидаттары мен доценттер) жұмыс істеді. Ин-т кітапханасының кітап қоры 50 мың дана (1976) .
Арасан. Талдықорған обл-ның Қарапал ауд-ндағы село, курорт. Аудан орталығы Қапал с-сының солт. -шығысында 33 км, Жоңғар Алатауы сілемінің аңғарында, Бүйен өзенінің сол жағасына орналасқан. Жақын т. ж. ст-сы - Молалы (115 км) . А. 1856ж. орыс қазақтарының станциясы ретінде салынды. Қасында 1886 жылдан жұмыс істейтін Арасан - Қапал курорты бар. Халқы 1, 6 мың (1968) . «Арасан» қой өсіретін к-зының орталығы. А-да он жылдық мектеп, кітапхана, дәрігерлік пункт, асхана бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz