Ислам діні. Мұхаммедтің өмірбаяны



Кіріспе
I бөлім: Мұхаммедтің өмірбаяны
II бөлім: Ислам дінінің шығуындағы Мұхаммедтің рөлі
2.1 Ислам діні туралы түсінік
2.2 Исламның негізгі догмалары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Әлем тарихында дүниеге келген ұлық пайғамбарлар жөнінде өте құнды, сондай-ақ таңғажайып жазба деректер бүгінгі таңда айрықша көп сақталған. Солардың ішінде жан-жақты, терең мағыналылығы және мазмұндылығымен айрықша ерекшеленетіні ө әлемдік негізгі 3 діннің бірі Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны екені баршаға белгілі.
Діндердің көптүрлілігі мен көпқырлылығына байланысты олардың шынайы мақсаттарын ашып көрсету күрделі. Әйткенмен де олардан деректі бір мағлұмат алу үшін осы белгілі бір діннің негізін қалаушылардың өмірдегі көздеген мұраттары мен олардың бұл фәжи жалған дүниеде қалай өмір сүргендіктерін танып-білу аса маңызды. Осы орайда бізге ұлы саналатын Ислам дінінің ұлы мүдделері қандай екендігі және оның қаншалықты маңызды екендігін түсіну үшін – Мұхаммед пайғамбардың өмірбаянын зерттеп, Ислам дініндегі алатын орнын анықтау- осы жұмыстың мақсаты болып табылады. Сондай-ақ біз осы дін тұрғысынан адамзат ұрпағы қандай жолдардан аулақ болуы керек, дін адам баласын қандай бағытқа жетелейді және тағы да басқа терең мәселелерді түсіну үшін бұл бірден-бір қажет дәйек болып табылады.
Осы айтылғандардың нақтылығы мен шындыққа жанасатындығын, біздің әлеуметтік –қоғамдық өміріміздегә маңызды рөл алатындығын, сонымен қатар дінді нақтылайтын тарихи орындар мен тарихи материалдардың барлығын ашып көрсетіп, Мұхаммедтің Ислам дінінің шығуындағы алатын орны ерекше екенін дәлелдеп көрсету.
Курстық жұмыс «Мұхаммед-Ислам дінінің негізін салушы» тақырыбында – Мұхаммедтің өмірбаяны және Ислам дінінің шығуындағы Мұғаммедтің рөлі тарауларынан тұрады.
1. В. Панова, Ю. Ватихин Жизнь Мухаммеда М., 1990
2. В. Ирвинг Жизнь Мухаммеда А., “Жазушы” 1990
3. А. Карпык Белая кость прошлого А., “Дәуір” 1994
4. В.Панов Пророк Мухаммед Ростов на Дону., “Феникс” 1997
5. А.Васильев История религий Востока М., 2004
6. Н.Өсеров, Ж.Естаев Ислам жіне қазақтардың әдет – ғұрпы А., 1992
7. К.Тәжіков ислам: дүниетаным, идеология, сясат А., “Қазақстан” 1989
8. Ғ.Есім, А.Артемьев, С.Қанаев, Г.Біләлов дінтану негіздері А., “Білім” 2003
9. Б.Аханов Дін және еркін ойшылдық А., “Қазақ университеті”1993
10. Р.Максуд Ислам: религии Мира Ислам М., 1999
11. К.Кожевникова Житие Пророка Мухаммеда М., “Сантлада”1992

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I бөлім: Мұхаммедтің өмірбаяны

II бөлім: Ислам дінінің шығуындағы Мұхаммедтің рөлі
2.1 Ислам діні туралы түсінік
2.2 Исламның негізгі догмалары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Әлем тарихында дүниеге келген ұлық пайғамбарлар жөнінде өте
құнды, сондай-ақ таңғажайып жазба деректер бүгінгі таңда айрықша көп
сақталған. Солардың ішінде жан-жақты, терең мағыналылығы және
мазмұндылығымен айрықша ерекшеленетіні ө әлемдік негізгі 3 діннің бірі
Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны екені
баршаға белгілі.
Діндердің көптүрлілігі мен көпқырлылығына байланысты олардың
шынайы мақсаттарын ашып көрсету күрделі. Әйткенмен де олардан деректі
бір мағлұмат алу үшін осы белгілі бір діннің негізін қалаушылардың
өмірдегі көздеген мұраттары мен олардың бұл фәжи жалған дүниеде қалай
өмір сүргендіктерін танып-білу аса маңызды. Осы орайда бізге ұлы
саналатын Ислам дінінің ұлы мүдделері қандай екендігі және оның
қаншалықты маңызды екендігін түсіну үшін – Мұхаммед пайғамбардың
өмірбаянын зерттеп, Ислам дініндегі алатын орнын анықтау- осы жұмыстың
мақсаты болып табылады. Сондай-ақ біз осы дін тұрғысынан адамзат ұрпағы
қандай жолдардан аулақ болуы керек, дін адам баласын қандай бағытқа
жетелейді және тағы да басқа терең мәселелерді түсіну үшін бұл бірден-
бір қажет дәйек болып табылады.
Осы айтылғандардың нақтылығы мен шындыққа жанасатындығын,
біздің әлеуметтік –қоғамдық өміріміздегә маңызды рөл алатындығын,
сонымен қатар дінді нақтылайтын тарихи орындар мен тарихи
материалдардың барлығын ашып көрсетіп, Мұхаммедтің Ислам дінінің
шығуындағы алатын орны ерекше екенін дәлелдеп көрсету.
Курстық жұмыс Мұхаммед-Ислам дінінің негізін салушы
тақырыбында – Мұхаммедтің өмірбаяны және Ислам дінінің шығуындағы
Мұғаммедтің рөлі тарауларынан тұрады.

I тарауда Мұхаммедтің өмірге келмей басталған қиыншылықтары
мен 40 жасқа келгенде тәңірден алғашқы рет Ислам аяттарының
пайғамбарлық жолды ұстануы және де Ислам дінінің бастамасын халыққа
таратып уағыздауы жайлы айтылған.
II тарауда ислам дініне жалпы түсінік және оның негізгі
қағидалары- догмалары құрастырылған. Жұмыста Ислам дінінің пайғамбары
туралы жазба әдебиеттер мен тарихи зерттеулер қамтылып, дінді
негіздеудегі алатын орны айрықша екендігі анықталды.

I. Мұхаммедтің өмірбаяны.
1.1. Мекке қаласы Арабия түбегінің дәл орта шенінде орналасқан.
Ислам діні тарағанға дейін бұл қала маңызды сауда орталығы болған.
Меккеде Абдолла Абдумүтәліб есімді жас адам Вахбаның Әмина атты қызына
үйленеді. Тойдан кейін бірнеше ай өткеннен кейін Абдолла өзінінің жарын
қалдырып, өзі Сирияға сауда-саттық жұмыстарымен аттанып кетеді. Жолда
қатты науқастанып, Ясрибтегі ағайын туыстарына келеді. Сол науқастан
Ясрибте қайтыс болып, туған-туысқандары оны осы қалаға жерлейді.
Вахбаның қызы Әминаға Абдулланың өлімі қатты әсер етеді. Ол
баласын әкесіз жалғыз өсіруге бел байлайды. Бірнеше айдан кейін өмірге
ұл бала әкеледі. Бұл 570 жылдың сәуір айы еді. Бір күн артық, бір күн
кеш емес, бұдан дәл жүз жыл кейін ол қара шаңырақ мешітке
айналды.Нәрестенің туғанына жеті күн толғанда Әбді әл-Мүттәліб дәулетті
құрайштарды шақырып, шілдехана тойын өткізеді. Той үстінде азан
шақырып, нәрстеге Мұхаммед деп ат қояды. (1,5 бет).
Келесі жылдың көктеміне дейін бала шешесінің бауырында болады.
Анасы алақанына салып, бағып-қақты.Араб әйелдері ешқандай дәрі-дәрмек,
ем-домға көнбейтін сәбиді қағынды тигендей жұлып түсетін сұқ көз бен
жын-шайтанның салқыны деп білетін де, олардан бауырынан ерген балаларын
қатты қоритын. Сұқ көз бен жын-шайтанның салқынынан бір сақтаса
сақтайтын жалғыз ғана бойтұмар еді.
Жылына екі әрте-көктем мен күзде жақын маңдағы көшпелі 25
тайпаның әйелдері Меккенің жас балаларын уақытша тәрбиеге алатын.
Меккенің аптап ыстығы, шаң мен маса-шыбын сәбилердің денсаулығына зиян
екеніне көздері жеткен дәулетті адамдар балаларын қара-құлақтанып,
қабырғасы қатып, бұғанасы бекігенше таза ауада, табиғат аясында көшіп-
қонып жүретін көшпенді тайпаларға тәрбиеге беру дәстүрі барды. (2, 36 -
бет).
Бұл жолы Меккеге балаларды тәрбиеге алуға құрғақшылық
салдарынан жоқшылыққа ұщыраған Бану Саад-Бану Бәкір тайпаларының
әйелдері келеді. Олар қолақы төлемі аз бола ма, ол жесір әйел тұрмысқа
шықса, жаңа күйеуі тіпті ештеңе таптырмай ма деп, әкесіз жетім
Мұхаммедті тәрбиеге алғылары келмеді. Басқа пысық әйелдер баға-шартына
келісіп, ауқатты тәуір үйлерден бала алып бара жатқанда, Халима деген
әйел құр қол қайтпау үшін, жанындағы күйеуінің рұқсатымен Мұхаммедті
ала кетеді... Сөйтіп, алты айлық нәресте шешесінің омырауынан ажырап,
көшпенділер арасына тап болды.Онда төрт жыл тәрбиеленеді.
Сүт-анасы Халиманың, өкіл әкесі әл-Харистің екі қызы, бір
баласы бар екен. Мұхаммед солармен бірге кшпенді тайпаның бір мүшесіне
айналып, ен далада өмір кешті.
Мұхаммедті тәрбиеге алған Бану Саад тайпасының ішім-жемі түйе
мен ешкі сүті ғана еді. Сүттен түрлі тағамдар-шұбат, қымыран, ірімшік,
қаймақ, май жасайтын. Ал нан орнына құрма жейтін.
Әйелдер балаларын екі-үш жасқа дейін төстен айырмады. Төс
сүтін емген сәби жоқышылықтың қасіретін тартпай, аяқ-қолы балғадай боп,
тез ширап өсті. Әдемі сырт тұрпаттарына сай намысқор әрі өр көкірек те
болды.
Мұхаммедтің Халима бауырында болған кезі туралы аңыздар ауыз
тұшырардай жарытып ештеңе айтпайды. Мұхаммедтің Халиманы әрдайым
сүйсіне еске алуына қарағанда, ол босағада шет қақапай, қағажу
көрмегенге ұқсайды.
Аңыздар Мұхаммед Бану Саад тайпасында жүргенде болған бір
оқиғаны ғана еске алады. Мұхаммед саның кесірінен тайпамен қош айтысып,
Меккеге қайтып оралуға мәжбүр болды. Ол Мұхаммедтің төрт жасқа қараған
кезі еді.
... Оқиға былай болғанға ұқсайды. Аспанда күн күлім қаққан,
ашық-жарық, нағыз сиыр сәске тал түс кезі. Халима күйеуімен қостың
ішінде ұсақ-түйек шаруа істеп шүңкілдесіп отырды. Мұхаммед пен оның
ағасы қозыларды қарап, үй іргесінен сәл-пәл аулақта ойнап отырған. Бір
кезде олардың жанына малынып ақ киген екі адам келді. (Балалар олардың
періштелер екенін білген жоқ). Біреуінің қолында іші ақ шекердей аппақ
қарға толы алтын шылапшыны бар.
Олар Мұхаммедті шалқасынан жатқызып, кеуде сүйегін ашып,
жүрегін шығарып алған. Жүрегінде қара дақ бар екен,соны алып, баланың
жүрегі мен ішкі сарайын аппақ қармен жуып тазартып, жүректі орнына
салған да, бұрылып кете беріпті. Қасындағы ағасы қатты қорқып үйіне
жүгіре жөнеледі. Көрген-білгенін әке-шешесіне баяндайды. Зәрелері ұшқан
Халима мен күйеуі далаға шықса, Мұхаммед аппақ болған бетінде қан-сол
жоқ демесең қалған денесі тегіс аман, анадай жерде состиып тұр. Бұл
оқиғадан Халиманың үрейі ұшқаны соншалық, Мұхаммедті терісінде анасының
қолына тапсырып, пәле-жаладан аулақ болуды ойлайды. Халиманың
Мұхаммедке бір тосын оқиғаның жабысқанын іші сезді.
Халима күйеуі екеуі Мұхаммедті Меккеге алып келеді. Қалаға кіре берісте
қалың көпір арасында баланы жоғалтып алып, әйтеуір қайта тауып алып,
Әбді-Әл-Мүтталібтің қолына аман-сауында тапсырды. Мұхаммед шаһарға
мезгілінен бұрын оралу себебін, періштемен кездескені туралы жұмған
аузын ашпаған болса керек, бұл оқиға естен шыққандай ұмытылып қала
берді.
Мұхаммедтің Бану тайпасындағы тәрбиесі осылай аяқталды. (2, 40-
бет).
Меккеге қайтып оралған Мұхаммед Барақат атты қызметші күңі бар Әмина
шешесімен екі-үш жыл бірге тұрды. Ол алты жасқа толғанда шешесі
Мұхаммедті Әсрибте тұратын нағашыларына алып барады. Қайтып келе жатып
Әмина жол үстінде кенеттен қазаға ұшырады да, Абва елді-мекенінің
жанына жерленеді. Әкеден бір, шешеден екі айырылып, жалқұйрықсыз тұлдыр
жетім қалған баланы Әбді әл-Мүттәлібтің қолына әкеп тапсырды. Хашім
ұрпағының бас көтерер үлкенінің балаға бас-көз болмасқа лажы жоқ еді.
Мұхаммед атасының үйінде кемдік көрмей өсті. Ешкім ақырып-
зекімеді, алып кел, барып келмен ығыр қылмады, бала аяғы барынша
жүріп, теңдестерімен ойнап, қала қыдырып, емін-еркін өмір сүрді. Оны
айрықша құрметтеп,үстіне түсіп өбектеген адам болмады. Тек, қартайып,
жер таянып қалған Әбді әл-Мүттәліб қана көз алдынан тайса жоқтап,
көзіне көрінсе маңдайынан иіскеп, аталық мейірімін аямады. Қария
Қағбаның кілтшісі болғандықтан уақытының көбін діни орданың жанында
өткізді. Қағба маңындағы діни ғұрып, жаралғылар Мұхаммедтің көз алдында
өтіп жатты. Ол барлық діни салттарды көзімен көріп, көңіліне тоқып,
жадымен жаттап өсті. Түсінбегенін атасынан сұрап алады. Атасы жарықтық
та ықыласты балаға ілгенін жырғап, ұғындырудан жалықпады. (3, 105 бет).
Қағбаның күнделікті тірлігімен етене болу Мұхаммедтің бойында
дінге деген, діни оқуға деген құштарлықты оятып, көрген-білгенін
бұлжымас қағида деп түсінбей, әр сақ қиялға беріліп, ойға салынған.
Мұхаммед сегіз жасқа толғанда абзал атасы Әбді әл-Мүттәліб дүниеден
қайтып, қабырғасы қатпаған бала күйзеліп, күйреп қалды. Атасы көз ұмар
алдында Мұхаммедті үлкен ұлы Әбу Тәлібке тапсырған. Әбу Тәліп
қамқорлығына көшкеннен кейін Мұхаммед өмірінің жаңа кезеңдері
басталады.
Әбу Тәліп 8 жасар немере інісі Мұхаммедтен қолынан келген
көмегін, ағалық қамқорлығын аямады.
Мекке ерте жатып, кеш тұратын ұйқылы, шет аймақ шаһар емес. Керуен күні-
түні келіп-кетіп, толассыз ағылып жататын, әсіресе қасиетті рамазан
айларында айнала төңіректегі көшпенділер түгел қалаға келіп,
жәрмеңкелер басталатын. Бұл мерекеге үлкендерге ілесіп балалар мен
жасөспірімдер де қатысатын. Жасы үлкеннің алдында әдеп пен ізет сақтай
отырып, Мұхаммед қоғамдық мәселелерді талқылаған ақсақалдар мәжілісіне
әр түрлі діни айтыстарға, әдет-ғұрып таластарына тыңдаушы ретінде
қатысып, салт тұрмысы, арабтар туралы қызықты оқиғаларды өз бойына
сіңіріп, көкейіне тоқып өсті.
Мұхаммед алғаш рет 12 жасында ең ұзақ сапарға шыққан. Ағасы
Әбу Тәліп Сирияға керуен жөнелтетін болып, Мұхаммедте солармен бірге
барады. Керуен ішінде Баһира атты дайыр да болады. Баһира Мұхаммед
келбетіне қарап шығып, оның бет-пішінің, түр-түсінің сиқырлы, құпия
кітаптарда айтылатын болжаулармен дәлме-дәл келетініне анық көзін
жеткізген. Оның сеніміне орай- Мұхаммедтің екі жауырынының ортасындағы
жаңғақтың аумағындай туа біткен қала- Пайғамбарлық мөрі бар еді.
Мұхаммедтің әке-шешеден айырылған жетім екенін білгенде Баһира оның
Құдайдың қалаулысы екенінен күмәні болмаған. Ол Әбу Тәліпке немере
інісінің алдынан ақ күн туып, маңдайы жарқырағалы тұрғанын, болашағы
зор екенін айтып, Мұхаммедті тезірек Меккеге алып қайт деп кеңес
береді. (46 20-бет)
Жиырма жасқа толмастан Мұхаммед Әбу Тәліптің қарамағынан шығып, оның
көмегінсіз өз бетінше өмір сүріп, күн көрді.
Өмір ағылып оның болашақта кім болып, немен шұғылданатынын
анықтап берді: ол керуен жетектеп, ұзақ сапар жолға шығуға қабілетті,
сауда саттық, алым-берім жөніне жетік іскер адам боп қалыптасты.
Мұхаммед осы бір күйбің тірлік өмірде ашық-биязы мінезді, ала
жіпті аттамайтын адал, көрші-қолаңмен сыйысымды, ізгі жан болған. Ол
Мекке тұрғындары алдында арына дақ түспеген кіршіксіз, таза жан
болғандықтан, оны арабтар Шыншыл д.а. Мұхаммед 25 жасында Хадиша
есімді жесір әрі бай әйелге үйленеді. Құдай қосқан жар қосағымен адал
қарым-қатынас отбасына тыныштық, өз бастарына бақыт, шаңырақ астына
айрандай ұйыған құт береке әкеледі. Мұхаммедтің Хадишадан Рухия,
Зейнеп, Уим Гүлсім,Фатима есімді 4 қызы өмірге келеді.
Мұхаммед әсіресе кенже қызы Фатиманы айрықша жақсы көрді.
Фатима бұлардың әулетіндегі ең кең тараған қадірлі есімдердің бірі
болды.
Мұхаммед Мекке тұрғындары арасында басы сыйлы, айрықша беделді
болды. Әсіресе оның жібектей жұмсақ жайлы мінезі, екі сөйлемейтін
уәдеге беріктігі, тындырымдылығы айрықша құрметтелінді. Ерлі-зайыпты
олардың екеуі де көргенді, текті тұқымнан деп есептелінді. Сондықтан
Рухия, Зейнгеп, Уим Гүлсім, Фатима бойжеткен кездерінде ешбір
қиындықсыз-ақ өмірден өз орындарын тапты.
Мұхаммедтің Хадишаға үйленгеніне он жыл толғанда, яғни 605
жылы Мекке шаһарында есте қаларлықтай елеулі оқиға болды. Құрайштар
қағбаны жөндеуге ниет білдірді. Жөндегенде шатырын бұзып, қайта жаппақ
болды. Осы істі қолға аяған кезде, қабырғаның мүжіліп құлағалы тұрғаны
анықталды. Ұзақ жылдардағы жауын-шашыннан, өрттен қағбаның тозығы
жетіп, мүшкіл халге келгені рас еді.
Құлақ есітіп, көз көрмеген бір ерекше оқиға қағбаны шұғыл жөндеу
ісін қолға алуға бұрындық болды. Бір қорлар дін орданы ойда жоқта ұрлап
кетті. Ұрылар есікті бұзып әуре болмай, қабырғадан түскеді де, тәу
етуші қажылардың ордаға сыйлаған ағалы қымбат сыйлықтарын тік көтеріп
тиеп әкетеді. Қағбаның ұрлануы Меккені аяғынан тік тұрғызады. Шаһарда
жасауыл деген мүлдем болмайтын. Құмшынған адамдардың іздеуімен ұрланған
мүліктің бір бөлігі Дубейк деген адамның үйінен табылады. Оны байырғы
араб заңы бойынша жазаға кесіп, оң қолының саусақтарын шауып тастайды.
Осымен ғана шектелмей Мекке сәуегейінің айтуымен Дубейк киелі орынды
бүлдіргендігі үшін он жыл мерзімге шаһардан қуылады.
Қағбаны қайта тұрғызуды Әбді әл-Узза өз мойнына алады. Қағбаның
іргетасынан өзгесінің бәрін құлатып, қағбаны дөрекілеу қашалған таудың
қатпар тасынан қайтадан қалауға кіріседі. Жанарған діни орда
бұрынғысының айнымаған көшірмесі болуы тиіс болды. Құрылыс дау-шарсыз,
іркіліксіз, бір қалыпты жүріп жатты. Қара тасты орнату кезінде біраға
дейін дау-дамай болды. Олар бәрі бір ақылға көніп, тас орнатуға таласы
жоқ бөгде қай кісі орданың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайғамбарымыздың өмірбаяны
Араб халифатының қоғамдық құрылысы
Араб халифаты, араб халифатының құрылуы
Дін және адам
Мұхаммед Пайғамбар
Араб халифаты
Мұхаммед ибн Абдуллаһ
Араб халифаты және мұсылман құқығы
Исламның құқықтық және этникалық қағидалары
Хазреті Пайғамбарымыз
Пәндер