Азаматтық құқықтарды қорғау


... жалғасыЖоспар:
Кіріспе.
I тарау. Азаматтық құқықтық қатынастар.
1. 1. Азаматтық құқықтық қатынастарының ұғымы
1. 2. Азаматтық құқықтық қатынастарының элементтері
1. 3. Субъективті азаматтық құқықтар
II-тарау. Азаматтық құқықтарды қорғау.
2. 1. Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы
2. 2. Меншікті иеленудің меншік құқығын қорғау
III-тарау. Залалды өтеу.
3. 1. Залады өтеу ұғымы
I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
1. 1. Азаматтық құқықықтардың қатынастарының ұғымы
Азаматтық құқық нормаларының талаптарыны сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату- сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т. с. с.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынастары ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру- осылардың бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осылардың бәрінің заң арқылы белгілі салдары болады.
1. 2. Азаматтық құқық қатынастарының элементтері
1. Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда алдымен құрамдас элементтері айқындап алынуы қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатынасушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субьектілері жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік- аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарына қатынасушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның обьектісі деп аталады.
Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегі элементтер тән болады: субьектілер ( қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және обьектілер (құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер)
2. Осыған орай құқықтың жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала кеткен жөн. «Құқық» сөзі бір- бірімен тығыз байланысты, бірақ шын мәнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіреді. Оның біріншісін, «азаматтық құқық» «құқық нормалары» дегенге қолданамыз. Бұл сөз тіркесіндегі «құқық» дегеніміз мемлекетте қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүйесі, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекет күшіне сүйенеді. Осы мағынасында қолданатын «құқықтың обьективті мағынасындағы құқық» деп немесе «обьективті құқық» деп атайды.
Біз күнделікті өмірде «Менің меншік құқығым бар», «Сіз бұлай істеуге құқығыңыз жоқ», «Оның зейнетақы алуға құқығы бар» тәрізді сөздері жиі айтылады біздің қоғамда, ал бұл орайда кездесетін «құқық» сөзі заң дегенді емес, тұлғаның, нақты адамның белгілі бір мүддесін ғана білдіреді. Бұл жағдайларда «құқық» туралы субъективтік мағынасында немесе басқаша айтқанда, құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктер болып есептеледі. Құқық қатынастарының элементтері ретінде айтқанымызда, біз субъективтік құқық туралы айтамыз. Бұл «құқық» деген сөзге беретін екінші мағына.
Әрбір құқық қатынасында қатынасушының бірінің субъективті құқығына екіншісінің заңдық міндеттілігі сәйкестендіріледі, яғни біреуінің екішісі алдындағы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып алу- сату шартына сәйкес сатушы мен сатып алушы арасында екі бірдей құқық қатынасы пайда болады. Оның біріншісінде сатып алушы үйді алуға құқылы да, сатушы оны беруге міндетті.
3. Заңдылық фактісінің тісінігі. Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т. т. заңдылық фактілері болып табылады.
Азаматтық кодексте сату- сатып алу, жалдау, мұра қалдыру және тағысын тағылардың кезінде пайда болатын құқық қатынастарын өздігінен тудыра алмайды. Белгілі бір азамат пен дүкен араларында сату- сатып алу туралы АК-тің баптарында көрсетілген қатынастар пайда болу үшін сол азамат дүкенге барып бір нәрсе сатып алуы керек, яғни дүкенмен сату - сатып алу мәмілесіне кірісуі керек.
Заңдылық оқиғалар. Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатыт құқық қатынастарына қалауыжәне ниетіне тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды (АК-тың 7-бабы, 8-армағы) . Адамның өлуі, белгілі бір мезгілінің өтіп кету фактілері-осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.
Заңдылық әрекеттер. Заңдылық салдар, яғни белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері де заңдылық фактілер болып табылады (АК-тың 7-бабы, 7-тармақ) . Мысалы, мәміле жасау, ерлі-зайыптыладың айырылысуы, біреуге әдейілеп зиян келтіру заң әрекеттері болып табылады. Алайда, құқық тәртіптері тұлғалардың журіс-тұрысының бәріне бірдей заң әрекеттері деп маңыз бермейді; біздің әрекеттеріміздің еөбі құқық үшін бейтарап әрекеттер, өзгертпейді де. Кісі біреумен әңгімелесіп отырғанда, кәдімгі жағдайдағы оның ғызметтері құқық шеңберінен тыс жатады.
Заңда, заңдылық салдары бар деп табылатын әрекеттердің мазмұны бірнеше түрде кездеседі және белгілі белсенді бір түрінде-істелген іс немесе айтылған сөз түрінде, сондай-ақ әрекеттен бой тартқан түрде-әрекетсіздік түрінде, үн қатпай қалғандық түрінде кездеседі.
Заңды және заңсыз әрекеттер (құқыққа сыйымды және сыйымсыз әрекеттер) . Көп жағдайларда құқықтар мен міндеттер құқық тәртібінде рұқсат етілген әрекеттердің нәтижесінде пайда болып өзгеріп немесе қысқарып отырады. Заңмен тыйым салынбаған әрекеттер заңды болып табылады. Белгілі бір құқықтық нәтижелер тудыру ниетімен істелген, ерік берілген, заңды әрекеттерге мысал бола алатын, - басқаша айтқанда, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. (АК-тің 4-ші тарауы) .
Мәмілелермен қатар, тікелей құқық және міндет тусын деген ниетпен істелмеген, бірақ құқық қатынастарының пайда болуына немесе оның қысқаруына негіз болып табылатын сан түрлі әрекеттер болады. Мұндай әрекеттерге мысал болатындар: некелесу, әдеби шығарма жазу, өнертабыс, т. с. с.
Кейбір әрекетер құқық тәртібінде тыйым салынғандықтан ғана, яғни заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тудырады. Мәселен, АК-тің 917-бабында былай делінген: Басқа біреудің жеке басына не мүлкіне немесе заңды тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру (Деликт) болып табылатын болып табылатындықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық жауапқатарту салдарын тудыратын заңсыз әрекет болғандықтан зиянды өтеу міндеті зиян келтірушіні еркінен тыс реттерде болады.
4. Заттар- азаматтық құқық қатынастарының объектілері. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп заттарды, жұмыс пен қызметті, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтін игіліктер мен интелектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы объектілерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады және де бұл объектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі. Әдетте, азаматтық құқық объектілерінің шенбері айнымалы келеді. Жалпы алғанда, азаматтық құқық қатынастарының объектілерінің негізгі бөліктерін заттар құрайды. Зат деп материалдық әлемнің кез келген объектісін айтамыз. Заттардың заңдық тағдырында оның сапасы мен құқылық мәртебесі елеулі орын алады. Сондықтан да азаматтық құқықта заттарды саралаудың алуан түрлі кездеседі.
Заттар азаматтық айналымдағы қатысына орай шектеулі айналым қабілеттігіне байланысты азаматтық айналымнан шығарылмаған және азаматтық айналымнан шығарылған деп бөлінеді. Азаматттық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелері өзгеге еркін түрде бере алады, сөйтіп, ол ешқандай шектеусіз қолдан қолға өте береді. Былайша айтқанда, мұндай заттар азаматтық айналымға емін еркін қатысады. Айналым қабілеттігі шектелген заттар азаматтық айналымға қатысушылардың белгілі бір бөлігіне қатысты, немесе айналымы ерекше тәртіппен жүзеге асады. Осы объектілердің шенбері заңмен айқындалады. Оған у, қару- жарақ, оқ-дәрі, қымбат бағалы металдар мен тастар, мәдени және тарихи ескерткіштер және т. б. жатады.
Сонымен, азаматтық заң кейбір заттарды азаматтық айналымнан шығарып тастайды. Өйткені, оның өзі мемлекеттің немесе басқа тұлғалардың өзгеге беруге болиайтын жеке дара меншігі болып табылады. Қазіргі кезде оған мысал ретінде орман, су және басқа бір қатар объектілерді жатқызуға болады.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін заттар бөлінген күннің өзінде тұтынушылық қасиетінен, бастапқы сапасынан айырылмайды. Мысалы, бір бөлке нанды қанша жерден бөлсек те нан күйінде қалады. Ал бөлінбейтін заттарды бөлсек пайдаға аспай қалады. Егер отырғышты арамен екіге жар кесіп тастасақ, онда ол өзінің тұтыну қасиетінен айырылады. Саралаудың мұндай заттық мәні мүлікті бөлу кезінде қасиетінен айырылады.
Заттар құқық қатынастарында жекеше белгіленген және тектес қасиеттеріне қарай белгіленетін заттар деп бөлінеді. Заттар жеке белгілеріне қарап немесе бүтін бір тобына, басқаларына тектесуіне қарап бөлінеді. Бірінші жағдайда жеке белгіленген заттар деп екінші жағдайда тектес қасиеттерінен қарай белгіленген заттарт деп атайды жекеше белгіленгені тек басқасына емес, тек сол заттың өзіне тән. Мысалы, оған суретшінің суретттегі қолтандасы немесе көйлектің өзіндік үлгісі жатады. Зат сол жекеше күйінде ғана бір құқық қатынасында тектес қасиеттерімен айқындалады, ал басқа ретте даралық сипатқа ие. Айталық, тігін фабрикасы дүкенге 48- пішімді, 3- тұрқылы, 100-көйлек әкеліп, сатуға шарт жасасты делік. Бұл құжат бойынша аталған тауар тектес белгілерімен анықталады. Ал сатып алушы әлгі жүз көйлектің біреуі ғана тандайды. Демек ол қолына түскенің емес, өзіне ұнаанын алады. Яғни дене бітіміне шақ келетін әрі жарасымдысын көйлектің жекеше сапасы бойынша тандайды. Осы құқық қатынасында сатып алушының алған көйлегі жекеше белгілерге ие, ондықтан- да сатушы оған жүз көйлектің өзгесін бере алмайды.
Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын болып бөлінеді. Оның қозғалмайтынына жермен тығыз байланысы бар жер учаскелері, учаске қойнауы көп жылдық өсімдіктер ғимарат және құрылыстар жатады, олар тұтастығымен пайдаға асуына орай жеке елеулі залал келтірмей бөліне алмайды. Сондай- ақ азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарына әуе және теніз кемелері мен ғарыш объектілерін де жатқызады. Себебі олар халық аралық дәстүрмен халықаралық төрелік жасау арқылы қолданылады. Осындай аса қымбат саналатын объектілерді пайдалану белгілі бір мемлекет құзырынан шығып та кетеді. Әрине, мұндай объектілердің қозғалмайтын мүлік жөніндегі жалпы ережемен сыйыспайтындығын да мойындауға тура келеді.
Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі тиіс. Дәл сол сияқты мемлекеттік тіркеуге қозғалмайтын мүлікке жасалған келісім де жатады. Алайда біз бұл арада ереже талаптарынан шығып кететін жайыттарды да кездестіреміз. Мәселен, автокәсіпорын қозғалатын мүлік болып есептелгенімен тіркеуге жатқызылады.
Кәсіпкерлікке пайдаланылатын кәсіпорын мүліктік кешен ретінде мүліктің ерекше түрі болып табылады. Ал кәсіпорын негізіннен алғанда қозғалмайтын мүлікке жатады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынға оның қызметіне керекті мүліктің барлық түрі енеді. Ол тек қажетті объектілерді ғана қамтып қоймай жер учаскесі, ғимарат, құрылыстар тәрізді қозғалмайтын болып көрінетіндерді өзіне тартып алады, тіпті жеке дара күйінде қозғалмалы мүлік болып табылатын керек- жарақ, құрал- жабдық, шикізат, өнім, тіпті талап ету құқы да, қарыз атауы, тауарлы және фирмалық белгілер, бәрі- бәрі одан іргесін аулақ сала алмайды. Демек, жеке кәсіпорын сатылатын болса, онда оның иесі сатып алушыға өзінің қарамағындағы барлық мүлікті беруге тиіс. Тек сатып алушымен келісім арқылы мүліктің бір бөлігін (Мысалы, шикі зат немесе кейбір құрал- жабдықтарды ) жекелей түрде сатуына болады.
Қосалқы зат және басты зат. Дербес пайдалануға келмейтін тек басқа затпен ғана бірге пайдалануға болатын заттар қосалқы заттар деп аталады. Жалпы ережеге сәйкес қосалқы зат басты заттың заңдық тағдырына әсер етеді. Еңді басты зат пен қосалқы затқа мысалдар келтірелік: Құлып пен кілт, есік пен құлып, үймен есік. Егер сіз үйді сату- сатып алу жөнінде жасассаныз онда оған үйді есігімен, құлпымен, сондай- ақ кілтімен сатылады деп жатудың қажеті жоқ. Өйткені, ол басты затпен қосалқы зат ережелеріне бағынады. Сатушы есіктің құлпын алып қойса онда сатып алушы оны орнына қоюды талап етуге құқылы. Кей жағдайда сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шарт бойынша қосалқы затты басты заттан бөлуге мәмілеге келе алады.
Жаңа Азаматтық кодекс азаматтық құқық объектілерінің тізіміне жануарларды да қосады. Егер заңда өзгеше көзделмесе оған мүлік жөніндегі жалпы ереже қолданылады. Құқықты жүзеге асыру кезінде жануарлармен ізгілік принциптеріне қайшы келетін қатал да аямаушылық әрекеттердің орын алуына жол бермейді. Мұндай тұжырымдама қосымша түсіндірме жасауды қажетсінеді. Біріншіден, бұл арада әңгіме жан- жануарлардың бәріне қатыстыма, әлде тек үй жануарлары туралы ғана ма? Қоян мен қасқырды орман мүлкіне жатқыза аламызба? Солай болған күнде меншік иесі мұндай мүліктерді басқара алмайды емес пе.
Сондай ақ жануарға «Қатал қарау- аямаушылық» дегенге орай оған әдейі зардап шектіру шегі қалай айқындалады, бұл да онай сауал емес. Өйткені, ғылыми тәжербиеге байланысты жануарларды азаптауға, тіпті өлтіруге, тура келеді, онда қалай болады? Бұл сауалдарға жауапы тек соттың белгілі бір жағдайларға байланысты шығарған шешімі ғана жауап бере алады.
Затқа ақша, валюталық құндылықтар, сондай- ақ құнды қағаздар жатады. Әдетте ақша тектес белгілермен анықталған зат болып табылады. Тек оның көрініске қойылғандары ғана оған кірмейді. Қазақстанның барлық аумағында теңге заңдық төлем құралы болып есептеледі. Ол банкнотта көрсетілген бірлікте- 100 теңге, 500-теңге т. с. с. бағаланады. Шетелдік валюта мен есеп айырысу тек заңда көзделген ретте жүзеге асады.
Валюта құндылығына қымбат бағалы металдар, қымбат бағала тастар1, шетелдік валюта, шетелдік банктік кірістер, акциялар, шетелдік облигациялар жатады. Олармен келісім жасау 1996-жылы 24-ші желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңымен жүзеге асады. Бірақ валюталық құндылыққа меншік құқығы басқа мүліктер тәрізді жалпы негізде қорғалады.
Құнды қағаздар да зат делінеді. Құнды қағаз дегеніміз- белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, қайсы бір мүліктік құқықты орнататын, оны куәландыратын, өзін көрсеткенде ғана құқықты іске асыратын құжат болып табылады. Демек құнды қағаз жоғалса, онымен жасалған мүліктік құқықта қоса жойылады. Құнды қағаз осы ерекшеліктерімен қарыз алғанда берілетін қолхат есебінде әрекетке түседі.
Оның соңғы мүліктік талапты куәландыруғы қызмет етсе, ал оны жоғалту ондай талапты қоюда басқа куәларды алға тартуға кедергі жасамайды. Құнды қағаз өзінде көрсетілгенніндей, мүліктік құқықты айғақтайтын бірден бір құжат болып есептеледі.
Ол белгіленген және міндетті өлшемдерді сақтай отырып жасалады. Мәселен, жалпы ережеге сәйкес коносамент жарамды болуы үшін оның белгіленген өлшемі болуы шарт. Онда коносаменттің атауы, белгілі бір соманы төлеуге деген ұсыныс оны кімнің төлейтіндігі, атауы, төлемді төлеу мерзімімен орны кімге немесе тапрсырыс бойынша кімнің төлем жасайтындығы коносаменттің жасалған уақыты мен орнын көрсету, коносаментті берушінің қолы тәрізді талаптар қамтылады. Осылардың біреуі болмаған жағдайда коносамент жарамсыз болып табылады.
Құнды қағаздарды бір тұлғадан екіншісіне беруге болады. Бұл орайда құнды қағазда қамтылған құүқықтардың бәрі соның қарауына өтеді.
Қазіргі кезде құнды қағаздың негізгі түрлері деп кенінен қолданылып жүрген облигацияны, акцияны, жинақ және дипозитивті сертификаттарды айтамыз.
Құнды қағаз ретінде облигация оны шығарушы (көбіне көп мемлекет) мен сатып алушының иесі белгілі бір тәртіппен есептелген оның номиналды бағасымен пайызының сомасын ала алады (мысалы, ұтыс жолымен) . Акция оны иеленушінің акционерлік қоғам түсірген пайданың бөлігін дивидент ретінде алу құқығын бекітеді, сондай- ақ оған бұл қоғамның басқару ісіне қатысу құқығы беріледі, ал акционерлік қоғам таратылған кезде оның пайдасының бір бөлігін меншіктену құқығына ие болады. Банктің жинақ және депозитивтік сертификаты банкке ақша салушының белгілі бір мерзім өткен соң оны пайызбен алуына құқық береді.
Құнды қағаздар мынадай үш түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік және ұсынбалы. Оның атаулысы белгілі бір адамға беріледі әрі ондағы құқықты тек өзі ғана жүзеге асырады, оған мәселе жинақ және депозитивті сертификаттар жатады.
Ордерлік түрі де белгілі бір тұлғаға беріледі, бірақ ол бұл қағазды басқа біреуге бергені туралы оған жазады. Бұл индосамент деп аталады. Ал ол өз кезегінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оған облигация және акция жатқызылады.
Құнды қағаздарды шығару (Эмиссия) тәртібімен оны ұйымдастырып шығарушылардың (эмитент) жауапкершілігі занмен реттеледі.
1. 3. Субъектиті азаматтық құқықтар. Құқықтарды саралау және қорғау
Жоғарыда айтылғандай, субъективті азаматтық құқықтар мен оған тиесілі міндеттер кез келген құқық қатынастарынгың оның ішінде азаматтық құқықтың да түп қазығы болып табылады. Субъективті құқықтардың сипаты олардың саралауы арқылы көрінеді. Біріншіден, абсолютттік, яғни шек қойылмаған және ара қатысты құқық болып бөлінеді. Ал олардың айырмашылығы неде? Оларға тән ортақ қасиет аталған құқыққа сәйкес міндет кімнің мойыннына жүктелетіндігіне байланысты мәселе деуге болады. Кейбір құқықтар азаматтық айналымға басқа қатысушылардың бәрінде бұл құқықтардың жүзеге асуына бөгет жасамайтын етіп міндеттейді. Бұл құқықта жөнінде үшінші тараптағылардың бәрі де міндетті субъект болып табылады. Мұндай құқықтар абсолюттік, яғни шексіз құқық деп аталады. Басқа сөзбен айтқанда- абсолюттік құқықты қандай біреу болмасын бұзуға болмайды. Сондықтан бұл құқық қандай біреуден болмасын қорғалып отыруға тиіс. Мұндай құқыққа жататындар- меншік құқығы, авторлық және тағы басқалар.
Абсолютік азаматтық құқық мазмұны жағынан қарама- қарсы тұрған арақатысты құқық: бұл құқық бойынша міндетті болатын бір ғанабелгілі жақ немесе бірнеше белгілі жақтар. Бұл құқықтың сол міндетті болған субъектіге не міндетті субъектілерге ғана күші бар, сондықтан бұл міндетті бұзатын тек солар ғана. Мысалы, мәмілеге негізделген құқықтардың бәрі де арақатысты құқықтар болып табылады. Бұл құқықтарды орындауды мәмілелер бойынша сол міндеттерді мойнына алушылардан ғакна талап етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты орындау, т. с. с. міндеттер.
Екінші саралау азаматтық құқықты заттық және міндеттемелік деп бөледі. Заттық құқық деп заттар жөнінде туатын құқықты айтады. Бұл құқық иесі өзінің осы құқығын басқаның көмегіне мұқтаж болмай ақ тікелей іске асыра алады. Заттық құқықтардың ішіндегі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz