Қазақстан аумағындағы алғашқы көшпелілер және тайпалық одақтардың құрылуы



Б.з. бұрынғы бірінші мың жылдықтың басында мал шаруашылығы мен егіншіліктің едәуір дәрежеде қарқынды дамуы, кен өндірісінің жолға қо-йылуы сол қоғамдағы өндіргіш күштің дамуын басып озды. Темірді пайдалануды үйрену, одан әртүрлі еңбек құралдарын жасау да өндіргіш күш-тердің даму қарқынын күшейте түсті. Қазақстан аумағын мекендеген тай-палар санының өсуі мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Мал санының өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды.
Адамдардың негізгі тұрмыс тіршілігі мен әл-ауқаты мал өнімдеріне байланысты болғандықтан жаңа өндірістік қатынастар қажет болды. Бұл жағ-дайдан шығудың сол кезде екі түрлі жолы бар еді. Біріншісі, егіс көлемін бірнеше есе көбейту және мал басын одан әрі көбейте отырып, малдың қыстық шөбін көбірек дайыңдау. Бірінші жолды таңдауға Қазакстан жерінің табиғаты мен климаты сәйкес келмеді, яғни суармалы егіншілікті дамытуға суландыру жүйелері жеткіліксіз болды және оны дамыту мүмкін болмады. Екіншісі, малды қысы-жазы далада жаятын интенсивті көшпелі мал шаруашылығы еді.
Қазақстанның кең-байтақ аумағы жері мен табиғат ерекшеліктері де көшпелі мал шаруашылығын өркендетуге ыңғайлы болатын. Еуразия да-лаларын мекендеген тұрғындардың тарихи тәжірибесі көрсеткендей, бұл ұлы далада тек көшпелі өмірмен ғана тіршілік етуге болатындығы дәлел-денгенеді.
Қола дәуірінің соңғы кезеңінде басталған көшпелі мал шаруашылығына ауысу ежелгі Қазақстан тайпаларының тарихи дамуының жаңа кезеңімен байланыстырылды. Осылайша шаруашылықтың ұрдісі дамуы нәтижесінде б.з. бұрынғы бірінші мыңжылдыктың басында Қазақстан аума-ғында алғашқы көшпелі тайпалар пайда болды. Көшпелі мал шаруашылығына көшу далалар мен шөлді аймақтарды мекендеген тайпалар өмірінде сол кездегі жағдаймен салыстырғанда ірі экономикалық алға басушылық еді. Б.з. бұрынғы бірінші мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында Қазақстанның кең байтақ далалары мен шөлейт жерлерінде жартылай көшпелі мал шаруашылығы шаруашылықтың басым және негізгі түрі болып орнықты.
1. Акишев К.А. Курган Иссык. Алма-ата, 1978.
2. Лкишев К.А., Кумеков Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или.
Алма-ата, 1963.
3. Акишев К.А. Искусство и мифология саков. Алма-ата, 1989.
4. Бичурин Н.Я. (Иакинф) Средняя Азия и Восточный Туркестан. Алматы, 1997.
5. Бичурин Н.Я, Средняя Азия и Казахстан. Алматы, 1992.
6. Гумилев Л.Н. Хұндар. Алматы, 1998.
7. Джандарбеков Б. Томирис. Алматы, 1998.
8. Дунху. Гаучи. Құрастырған Салғараұлы Қ. Алматы, 1998.
9. Қоңыратбаев Т. Ертедегі ескерткіштер елесі. Алматы, 1996.
10. Миняев С.С. Сюнну. М, 1988.
11. Мшиев Т. Қызылорда облысының археологиялык ескерткіштері. Алматы, 2000.
12. Смирнов К.Ф. Савроматы. М., 1964.
13. Талстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1962.
14. Куанганов Ш. Ғұн немесе Арғун тарихы туралы. Алматы, 1997.
15. Өтенияз С. Ертедегі хұңдар//Қазак тарихы, 2002, № 1.
16. Су Бэйхай. Сақтар мәдениеті// Қазақ тарихы, 2000, № 1. I

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДЕГІ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР МЕН БІРЛЕСТІКТЕР
Қазақстан аумағындағы алғашқы көшпелілер және тайпалық одақтардың
құрылуы.
Б.з. бұрынғы бірінші мың жылдықтың басында мал шаруашылығы мен
егіншіліктің едәуір дәрежеде қарқынды дамуы, кен өндірісінің жолға қо-йылуы
сол қоғамдағы өндіргіш күштің дамуын басып озды. Темірді пайдалануды
үйрену, одан әртүрлі еңбек құралдарын жасау да өндіргіш күш-тердің даму
қарқынын күшейте түсті. Қазақстан аумағын мекендеген тай-палар санының өсуі
мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Мал санының
өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды.
Адамдардың негізгі тұрмыс тіршілігі мен әл-ауқаты мал өнімдеріне
байланысты болғандықтан жаңа өндірістік қатынастар қажет болды. Бұл жағ-
дайдан шығудың сол кезде екі түрлі жолы бар еді. Біріншісі, егіс көлемін
бірнеше есе көбейту және мал басын одан әрі көбейте отырып, малдың қыстық
шөбін көбірек дайыңдау. Бірінші жолды таңдауға Қазакстан жерінің табиғаты
мен климаты сәйкес келмеді, яғни суармалы егіншілікті дамытуға суландыру
жүйелері жеткіліксіз болды және оны дамыту мүмкін болмады. Екіншісі, малды
қысы-жазы далада жаятын интенсивті көшпелі мал шаруашылығы еді.
Қазақстанның кең-байтақ аумағы жері мен табиғат ерекшеліктері де
көшпелі мал шаруашылығын өркендетуге ыңғайлы болатын. Еуразия да-лаларын
мекендеген тұрғындардың тарихи тәжірибесі көрсеткендей, бұл ұлы далада тек
көшпелі өмірмен ғана тіршілік етуге болатындығы дәлел-денгенеді.
Қола дәуірінің соңғы кезеңінде басталған көшпелі мал
шаруашылығына ауысу ежелгі Қазақстан тайпаларының тарихи дамуының жаңа
кезеңімен байланыстырылды. Осылайша шаруашылықтың ұрдісі дамуы нәтижесінде
б.з. бұрынғы бірінші мыңжылдыктың басында Қазақстан аума-ғында алғашқы
көшпелі тайпалар пайда болды. Көшпелі мал шаруашылығына көшу далалар мен
шөлді аймақтарды мекендеген тайпалар өмірінде сол кездегі жағдаймен
салыстырғанда ірі экономикалық алға басушылық еді. Б.з. бұрынғы бірінші
мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында Қазақстанның кең байтақ далалары мен
шөлейт жерлерінде жартылай көшпелі мал шаруашылығы шаруашылықтың басым және
негізгі түрі болып орнықты.
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан жеріндегі тайпалар мен халықтардың
ежелгі тарихын зерттеуде жазба деректердің елеулі ролі бар. Осы
мәліметтерге қарағанда, Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден
заттар жасауды игеріп, қуатты тайпалы одақтар құрған. Темірді игеру
өндіргіш күштер дамуындағы ірі төңкерістердің бірі болып табылады.
Андрон мәдениетінің Нұра кезеңінен бастау алған мал шаруашылығы Алакөл-
Атасу кезеңіңде малды көшіп жаюға ауыса бастады. Яғни, Қазақстан жеріндегі
көшпелі мал шаруашылығын б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында қалыптаса бастады
деп айтуға толық негіз бар. Бұл кезде қолға үйретіліп өсірілген малдардың
ішінде жылқы, түйе және қой түлігі көбейіп, жыл маусымына немесе жайылымға
қарай жиі көшу дағдыға айналды. Жоғарыда аталған үш түліктің көшпелі
шаруашылыққа төзімді екені белгілі. Ал сиыр малы ұзақ көшке ілесе алмайды
және қыста тебіндеп жайыла алмайды. Сиыр малы отырықшы халықтарда ғана
көптеп өсірілді. Аталған үш түліктің көшпенділер қоғамында, одан беретін
келе көшпелі қазак қоғамында, олардың тіршілігінде орасан зор маңызға ие
болғандығы халық ауыз әдебиетінде, тұрмыс-салт жырларында және т.б. көрініс
тапқан. Қазақтар өз балаларын жақсы көріп еркелеткенде ботақаным,
құлыным, қошақаным деп те атайды. Ал, бұзауым, лағым деп айту
дөрекілеу естіледі.
Еуразияның ұлы даласын мекеңдеп қана қоймай, осы даланың ұлан-байтақ
кеңістігін еркін билеген, оның табиғи байлығын, географиялық орналасуын
көшпелі шаруашылыққа икемді пайдалана білген тайпалар көшпенділердің ұлы
өркениетін де жасай білді. Әсіресе, жылқы малын көлікке де, тағамға да,
тұрмысқа да тиімді пайдаланған көшпелі тайпалар осы түлікке қатысты ұлы
жаңалықтар да ашты. Мысалы, ат әбзелдері мен жылқы малынан алынатын
тағамдар кейіннен басқа еркениеттерге де таралды.
Көшпелілер еркениетінде жерге жеке меншік болған емес. Жер бүкіл
тайпаның, қауымның меншігі болып саналды. Көшіп-қону мен жайылымдарды тайпа
басшылары реттеп отырды. Байлық пен бедел мал санының, әсіресе жылқы
санының көптігімен өлшенді.
Көшпелілер өркениетіне баға беруде көпке дейін моноцентристік,
еуроцентристік және шовинистік көзқарастар басым болып келді. Бұл
көзқарастар бойынша Еуразияның далаларын мекендеген көшпелілерге жабайы,
тағылық тұрмыста өмір кешті және мәдениет пен білімнен, өркениеттен
мақұрым қалғандар ретінде баға берілді. Тіпті көшпелілер өркениеті деген
термин қолданылмады да. Бұл көзқарастар көшпелілер мәдениетін шала
білгендіктен және азиялық өркениетті менсінбеушіліктен туған еді. Еліміз
тәуелсіздік алғаннан кейін ғана жоғарыда аталған көзқа-растарға батыл соққы
берілуде. Көшпенділер мәдениетінің әлемдік өркениеттін, құрамды бір бөлігі
болғандығы көптеген тарихи, археология-лық ескерткіштермен, еліміздің
танымал тарихшылары мен мәдениетта-нушыларының еңбектерімен дәлелденуде.
Қолдарына көп мал жинаған бай-шонжарлар өз тайпаларымен бірге жайылым
жерлерді үнемі ауыстырып отырған, олар қоғамдағы ықпалды күшке айнала
отырып, далалық және шөлейт жерлерді интенсивті түрде игере бастаған. Осы
заманда мал және жайылым жерлер үшін тайпалар арасында жиі-жиі соғыстар
болды. Бұл соғыстардан әскер және тайпа бас-шылары байыды. Әскер
басшыларының беделі артып, олар бейбіт уақытта да халықты билеп отырды.
Маңызды мәселелерді шешу үшін ақсақалдар кеңесі құрылды. Тонаушылық
соғыстардың жиіленуі және шаруашылықтың дамуы бірнеше тайпалардың бірігуін
қажет етті. Осылайша экономикалык және саяси себептерге байланысты тайпалық
одақтар құрылды.
Сақтар: саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті.
Б.з. бұрынғы VIII—IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпалары туралы
археологиялық материалдармен қатар жазба деректер де кездеседі. Бұл
тайпалар ежелгі иран және фек жазбаларында, Авеста діни кітабында және тағы
басқаларында сақтар, азиялық скифтер немесе жүйрік атты турлар және т.б.
деп аталды.
Зерттеуші ғалымдардың пікірінше сақ тайпалары үш топқа бөлінеді. Олар:
1. Теңіздің арғы жағыңдағы сақтар (тарадариандар), 2. Шошақ бөрікті сақтар
(тигрохаудалар), 3. Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомовар-галар).
Сырдария бойы мен Арал тенізі маңын мекендеген сақтайпалары тарихи
деректерде массагеттер деп аталады. Сонымен бірге жазба деректерде
соңтүстік дохтар (дайлар), батыста савраматтар, орталықта исседовдар,
солтүстік-шығыста аримаспылар мекендегені туралы айтылады.
Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар туралы
зороастриялық жинақ Авестада айтылады. Бұнда Ирандағы отырықшы мал
өсірушілер және егіншілермен бірге қазіргі Орта Азия мен Қазақстан аумағын
мекендеген көшпелі тайпалар туралы мәліметтер кездеседі. Аталған жинақта
көшпелі тайпалар турлар деген жинақталған атпен аталады. Парсы патшасы
Дарийдің Бехистун жазбасында былай жойтылады: мен сақтардын әскерлерімен
бірге теңіздің арғы жағындағы сақтар еліне бардым, бұл ел шошақ бөрік
киеді. Содан кейін теңізге жақын кеме көпірін қайтадан өз орнына қойдырдым.
Осы көпірмен мен елге өттім, сөйтіп мен сақтарды ойсырата талқандадым,
олардың біразын тұткынға алдым, енді біразын байлап-матап маған алып келді,
ал олардың біріншісін, Схунха деп атайтын басшысын қолға түсіріп, маған
алып келді. Сол жерде мен өз әміріммен екінші біреуін олардың басшысы етіп
тағайындадым. Бұдан кейін бұл ел маған қарады.
Тарих атасы атанған Геродот сақтар туралы былай деп жазады: Бұл
халық өзінің көптігімен және жауынгерлігімен көзге түседі. Массагеттер киім
киісі мен тұрмыс-салты жөнінен скифтерге ұқсайды. Садақ тартып, найзамен
айқасады. Олардың барлық заттары алтын мен мыстан жасалған. Темір мен мысты
мүлдем қолданбайды. Олар егін екпейді. Үй жануарлары мен Аракс (Әмударияның
көне сағасы) өзенінен балық аулайды, ет жейді, сүт ішеді. Құдайлар мен
күнге ғана табынып, құрбандыққа жылқы шалады. Сақтар мен скифтер туралы
мәліметтер Страбонның, Үлкен Гай Плинийдің, Птоломейдің, Эфордың және т.б.
грек-латын авторларының еңбектеріңде кездеседі.
Сақ тайпалары көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы-мен
айналысты. Олар негізінен жылқы, қой, түйе өсірді. Өзен жағалаулары мен суы
мол жерлерде егін шаруашылығы да дамыды. Көшпелі сақтай-палары жыл бойы
көшіп-қонып жүрді. Бүкіл тайпалар өздерінің табындарымен, дүние-
мүліктерімен әртүрлі бағытта алыс жерлерге көшті. Сақтардың мал
шаруашылығының негізгі бағыты қой шаруашылығы болды. Бұған зерттелген
обалардың көпшілігінен қой суреттерінің, әдет-ғұрыптық ет тағамдары
қалдықтарының көптеп табылуы дәлел бола алады. Қойдың еті мен сүті ғана
емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу және жіп иіру үшін жүні де
пайдаланылды. Бесшатыр обаларынан табылған заттар дәлелдегеңдей сақтар
киіздің көптеген түрін киіз үйді ұстауға, жерге төсеуге, сәндік бұйымға
арналған киіздер және т.б. жасай білген. Көшпелі малшы мен жауынгер сақтың
тұрмысында жылқы үлкен роль атқарды. Аса ірі, жүйрік аттарды көсемдер мен
атақты жауынгерлер мінді. Олар жауынгерлердің жеке меншігі болып есептелді,
иесі елсе моласының басында бауыздалып бірге кемілді. Батыс және Оңтүстік
Қазақстанның далалы, шөлді аймақтарында тұратын сақтарда түйе өсіру кең
дамыды. Ірі қара малы аз өсірілді.
Сақ заманында доңғалақты көлік те жақсы дамыды. Оларда соғыс күймелері
екі, төрт және алты доңғалақты арбалар болды. Арба үстінде орнатылған
көшпелі киіз үйлер де пайдаланылды. Сақ тайпаларында тұрмыстық үй заттарын
жасау, еңбек құралдары, қыш ыдыстар және тағы басқалар да жақсы дамыды.
Олар неше түрлі өрнектермен, суреттермен безендіріліп жасалды.
Сол кездегі тарихи деректерде сақтар батыл, әрі жауынгер халык ретінде
айтылады. Ер кісілер үнемі ат үстінде болған. Герадоттың айтуынша, сақтар
тамаша мерген жауынгерлер болды. Парсы мемлекетінің патшасы Кир Лидия
билеушісі Крезбен соғысқанда сақтардан әскери көмек алған. Лидияның
патшасын бағыңдырғаннан кейін Кир патшасы сақтардың жеріне басып кіреді.
Бірақ олардың жеңісі ұзаққа созылмайды. Сырдария өзенінен өткен жерде
сақтардың әйел патшасы Томирис парсыларды ойсырата жеңіп, Кирдің басын
алады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫПШАҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІРЛЕСТІГІ
Ерте орта ғасырлардағы түркілер құрған мемлекеттер
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Тарихи археологиялық музей қорларын жинақтау тәртібі
Қазақ хандығының нығаюы
Ертедегі ортағасырлық мемлекеттер
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ МЕН МОҒОЛСТАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
Қазақстан мен Орта Азиядағы сақтардың мәдениеті
Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Пәндер