Жалпы аборт жайында түсінік



I . Кіріспе
Жалпы аборт жайында түсінік.
II . Негізгі бөлім
1 . Аборттың адамға социалдық және психологиялық әсері.
2 . Заң тіліндегі аборт.
3 . Абортты кім және не үшін жасатады?
4 . Аборттың әйел ағзасынаәкелетін зияны.
5 . Жасырын аборт жасату неге апарып соғады?
6 . Жыныстық тәрбиеден қашпау керек.
III . Қорытынды
Бүгінгі таңның ең үлкен проблемаларының бірі . жасөспірімдер аборты.
IV . Қолданылған әдебиеттер
Аборт (лат. abortus - түсік) – құрсақтағы баланың 7 айға толмай түсіп қалуы. Жүкті әйел 28 аптаға, яғни 7 айға дейінтүсік тастаса, ондай бала өмір сүре алмайды. Өйткені оның дене құрылысы әлі дамып жетілмеген. Дені сау әйелдердің арасында түсік тастау үте сирек кездеседі.
Аборт екіге бөлінеді:
1 . өздігінен түсік тастау
2 . медициналық аборт
Әйелдің түсік тастауына көбінесе әр түрлі аурулар, мысалы бүйрек ауруы, түберкүлез, бруцеллез, сүзек т. б. Жұқпалы аурулар, сондай-ақ жыныс мүшелерінің ауруы себеп болады. Кейде ауыр жүк көтеру, оқыс жығылу, кенеттен қатты шошыну, қайғы мен реніш, тамақта дәрумендердің (әсіресе А, Е) жеткіліксіздігі салдарынан да әйелдің түсік тастауы мүмкін. Түсікке жол бермеу үшін науқас әйелдерді диспансерлік бақылауға алып, емдеумен қатар, толық сауығып кеткенге дейін кемінде 3 айда 1 рет мұқият тексеріп отыру қажет. Жүкті әйелдің қатты күтінгені жөн.
Медициналық аборт – құрсақтағы баланы 7 айға толмай дәрігерге алғызып тастау.
Аборт денсаулыққа өте зиянды, әсіресе алғаш рет жүкті болған әйелдерге ерекше қауіпті. Өйткені аборт жасау кезінде дәрігерлік құрал – саймандар арқылы жатырға микробтар түсуі немесе зақым келуі мүмкін. Мұндай жағдайда әйел әр түрлі ауруға шалдығады, тіпті соның зардабынан бұдан кейін бала көтермей қалуы да ықтимал. Ал жатыр қатты зақымдалған ретте әйелді арашалап алу үшін операция жасауға тура келеді. Аборт жасату әйелдің одан кейінгі балада босануын қиындатады. Оның толғағы ауыр болып, көбінесе дәрігердің көмегімен босанады. Денсаулығы нашар әйелдер аборт жасатпау үшін бала көтеруден сақтана алады, бірақ бұны да дәрігерлер кеңесімен істеу керек. Бұл ретте әйелдерден ерекше ұқыптылық талап етіледі.
1 . Мендельсон Г. А. «Ответственность за производство незаконного аборта» Москва 1957г.
2 . Садвакасова Е. А. «Некоторые социально – гигиенические аспекты изучения аборта»
«Советское здравохранение» 1963, №3
3 . Кулаков В. И. , Зак И. Р. , Куликова Н. Н.
«Аборт и его осложнения»
«Медицина» Москва 1987г.
4 . «Қазақ совет энциклопедиясы»
№1 том, Алматы 1972
6 . Денсаулық №10, 2003ж.
7 . валеология №4, 7 2003ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I . Кіріспе

Жалпы аборт жайында түсінік.

II . Негізгі бөлім

1 . Аборттың адамға социалдық және психологиялық

әсері.

2 . Заң тіліндегі аборт.
3 . Абортты кім және не үшін жасатады?
4 . Аборттың әйел ағзасынаәкелетін зияны.
5 . Жасырын аборт жасату неге апарып соғады?
6 . Жыныстық тәрбиеден қашпау керек.

III . Қорытынды

Бүгінгі таңның ең үлкен проблемаларының бірі –

жасөспірімдер аборты.

IV . Қолданылған әдебиеттер

Аборт (лат. abortus - түсік) – құрсақтағы баланың 7 айға толмай түсіп
қалуы. Жүкті әйел 28 аптаға, яғни 7 айға дейінтүсік тастаса, ондай бала
өмір сүре алмайды. Өйткені оның дене құрылысы әлі дамып жетілмеген. Дені
сау әйелдердің арасында түсік тастау үте сирек кездеседі.
Аборт екіге бөлінеді:
1 . өздігінен түсік тастау
2 . медициналық аборт
Әйелдің түсік тастауына көбінесе әр түрлі аурулар, мысалы бүйрек
ауруы, түберкүлез, бруцеллез, сүзек т. б. Жұқпалы аурулар, сондай-ақ жыныс
мүшелерінің ауруы себеп болады. Кейде ауыр жүк көтеру, оқыс жығылу,
кенеттен қатты шошыну, қайғы мен реніш, тамақта дәрумендердің (әсіресе А,
Е) жеткіліксіздігі салдарынан да әйелдің түсік тастауы мүмкін. Түсікке жол
бермеу үшін науқас әйелдерді диспансерлік бақылауға алып, емдеумен қатар,
толық сауығып кеткенге дейін кемінде 3 айда 1 рет мұқият тексеріп отыру
қажет. Жүкті әйелдің қатты күтінгені жөн.
Медициналық аборт – құрсақтағы баланы 7 айға толмай дәрігерге алғызып
тастау.
Аборт денсаулыққа өте зиянды, әсіресе алғаш рет жүкті болған әйелдерге
ерекше қауіпті. Өйткені аборт жасау кезінде дәрігерлік құрал – саймандар
арқылы жатырға микробтар түсуі немесе зақым келуі мүмкін. Мұндай жағдайда
әйел әр түрлі ауруға шалдығады, тіпті соның зардабынан бұдан кейін бала
көтермей қалуы да ықтимал. Ал жатыр қатты зақымдалған ретте әйелді арашалап
алу үшін операция жасауға тура келеді. Аборт жасату әйелдің одан кейінгі
балада босануын қиындатады. Оның толғағы ауыр болып, көбінесе дәрігердің
көмегімен босанады. Денсаулығы нашар әйелдер аборт жасатпау үшін бала
көтеруден сақтана алады, бірақ бұны да дәрігерлер кеңесімен істеу керек.
Бұл ретте әйелдерден ерекше ұқыптылық талап етіледі.
Жалпы аборт сөзі адамға өте бір жағымсыз әрекетті көрсететін іс
секілді. Аборт адамға қалай әсер етеді? Бұл сұраққа жауап өте көп.
Психологиялық жағынан қарағанда аборттың пайдасынан қарағанда қоғамға зияны
өте көп екен.
Біріншіден: (соңғы есептеулер бойынша 78,63 пайыз) кейін бала таба
алмайды екен.
Екіншіден: жатыр тесігі ұлғайып, қан кету.
Үшіншіден: етеккір циклының бұзылуы.
Осының бәрін біле тұрып түсік жасайтын әйелдер, кейіннен бала
көтермей, үмірдегі Ана болу қасиетінен айырылады. Аборттан кейін әйелге
психологиялық әсерлер дем алдырмай көпке дейін өзді - өзіне келе алмай
жүретін кейіпке дейінгі әсерге әкеп соғады. Аборт жасаған әйелдердің
психикасы күрт өзгереді. Олар көптеген ойларға батып қатты қобалжиды.
Себебі, әрбір аборт жасатушы әйел түсінеді, аборт жасату – жаңа бір адамды
тірідей жою, немесе дүниеден өткізу. Абортты заңсыз жасаған әйелдер -
әрине, тіршілік – тұрмысына байланысты (карьера, ақша және т. б.) жасайды.
Бірақ, уақыт өтіп, карьера жасалынып, ақша болғанда да, бала болмайды ғой.
Сонда осы мүліктің бәрін ол не үшін жинады? Осының бәрін түсінгенде бауыр
еті езілмей қайтеді? Бірақ өкінгеннен не пайда, бәрібір бұның бірі қайтып
келмейді. Және де Ата-ана бала үшін, бала Отан үшін өмір сүруі керек
деген нақыл сөз тегін айтылмаса керек.
СССР жоғарғы совет президиумының 1954 жылғы 5 августегі және 1955
жылғы 23 октябрьдегі указдары бойынша жүкті әйелдердің аборт жасатуына тиым
салынбайды. Егер жүкті әйелдің денсаулығы бала табуды көтермейтіндей болса,
ол 12 аптаға дейін дәрігерге көрініп, аборт жасатуы керек. Аборт тек
ауруханада немесе босану үйінде жасалады. Үйде аборт жасаған адам заң
бойынша жауапқа тартылып, қылмыскер болып саналатын, - деп сол кездің
өзінде Совет өкметімен бекітілген екен. Бүгінгі таңда бала таба алатынның
бәрі аборт жасайды. Барлық статистика бойынша дамып келе жатқан тәуелсіз
Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайына өңешімізді жыртып
жатқанда осы жайт Крыловтың Аққу, шортан һәм шаянын еске түсіреді. Олай
болса неліктек заңгерлер 29 бапты конституцияға енгізді. Онда былай
делінген: “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауғ құқығы
бар” (1 тармақ) Әрине Респупликаның құқығы бар, бірақ бұның бәрі жасырын
түрде су асты істелініл отырған жоқ па? Періште, жас сәбиге өмір қызығын
көрсетпей, тіпті көзін аштырмай өлтіру, менің ойымша, өте ауыр қылмыс. Және
бұндайды жасаушы адамдар міндетті түрде жауапқа тартылуы тиіс. Осыған
байланысты бізде де бірталай жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы Семей
полигонына байланысты пайда болған құбыжық балалар. Әрине, бұл жерде ана
өмірі бірінші тұрады. Осындай кезде бұндай істер жасалуы тиіс деп ойлаймын.
Әлеуметтік ахуалдың өзгеруі, әсіресе ұлттық салт-сананың аяқасты болуы
буыны бекімеген балаң ұрпақ – жасөспірімдерге зор зардап болып тұр. Қызға
қырық үйден тыйым деген ата сөзі бекер айтылмаған екен. Бұл күндері қыз
балалардың жүкті боп қалуы қоғамдық, әлеуметтік аса күрделі мәселеге
айналды.
Айтары жоқ, қыз бала тәрбиелеп отырған әрбір ата-ана оның
денсаулығының жақсы болғанын, болашақта дұрыс отбасын құрып, сәби сүйгенін,
үбірлі-шүбірлі болғанын қалайды-ақ. Алайда өмірде кейде керісіншеболып
жатады. Бұның себептері де көп. Олардың ең негізгілері – жасөспірімдердің
ерте жыныстық қатынас зардаптары жөнінен мүлде хабарсыздығы, әдепсіздікке
ерте бой ұруы.
Санақ мәліметтерін саралар болсақ, көптеген қыз балалар өздерінің
бейқамдығы салдарынан қателікке тым ерте ұрынып, ақыры өмір бойы қасірет
шегеді. Жыл сайын Қазақстанда 4 мың жасөспірім қыз бала босанады, ал 10
мыңға жуық жасөспірім жасанды түсік жасатады. Кім – кімді де ойландыруға
тиіс мәлімет. Қыз баланың өз денсаулығына да, дүниеге келген сәби
денсаулығына дабұл жағдайдың мүлде зардапты екендігі талассыз шындық.
Жасөспірім кезінде адам әлі ересек те емес, бірақ балалықтан да
алыстайды. Бұл мезгілді ауыспалы кезең деп те жатады. Бұл кезеңде бала
шапшаң дамиды, аса сезімтал, өзге адамдардың ықпалына берілгіш. Осы уақытта
бала физиологиялық тұрғыда да, соның ішінде гормондық тұрғыда да қатты
дамиды. Жасөспірім алып-ұшып, өз іс-әректіне, өмір салты мен денсаулығына
сын көзбен қарай алмайды. Бұл кезде аурулардың негізгі түрлеріде жиі
ұшырасып, адам өмірінде зардапты із қалдырады, сондай-ақ бала ағзасында
жыныстық даму секілді өте маңызды процестер жүзеге асады.
Жыныстық даму – баланың физикалық тұрғыда есеюі. Жыныстық даму процесі
9 бен 17 жас аралығында басталады. Бұл процесс екіншілік жыныстық
белгілердің (дененің жекелеген бөліктерінде түк шығу, дауыстың, дене
бітімнің өзгеруі) пайда болуына жауап беретін жыныстық гормондарға тәуелді.
Жасөспірімнің ағзасы жыныстық қатынасты бастауға, жүктілікке, босануға
әлі дайын емес. Бұл қауіпті, өтпелі кезеңдегі ең басты шарт – ерте жыныстық
қатынастан тартыну.
Әлі жетіліп болмаған гормондық жүйеге, жыныстық жүйеге түсетін салмақ
тұрғысынан алғанда және психо-эмоционалдық ахуалдың тұрақсыздығы жайында ер
балаға да, қыз балаға да ерте жыныстық қатынастың зардаптары бірдей.
Ер балаға жыныстық жолмен жұғатын сырқаттарға шалдығу қаупі төнсе, қыз
бала үшін ерте жыныстық қатынас зардаптары бұдан да басым. Бір ғана
жыныстық қатынастың өзі қыз баланың қыздығын жояды, демек абыройын төгеді.
Бұл өмір бойға өкініш деген сөз. Жыныстық қатынас кезінде жүктіліктен
сақтанбаса, жоспарланбаған жүктілікке ұшырайды. Жасөспірім қыз бұдан не
жасанды түсік жолымен, не дүниеге әлсіз немесе ауру бала әкелу жолымен ғана
құтылмақшы. Бұның бәрі әлі буыны бекімеген бала үшін болашақта күрделі
проблеманың тууына ықпал ететіндігі бесенеден белгілі.
Жасанды түсік – жүктілікті әртүрлі кезеңде тоқтату. Жасанды түсікке
Қазақстанда рұқсат етілген. Түсік өздігінен болуы (түсік тастау) немесе
жасанды болуы мүмкін. Жасанды түсікке мини түсікті қосқанда ол медициналық
түсік болады.
Түсіктің қашан да ауыр зардаптары болады. Олар:
- жатырдың тесілуі
- қан кету
- жатыр мойынының зақымдануы
- жыныстық жүйедегі қабыну процестері
- бедеулік
- етеккір циклының бұзылуы
- гормондық бұзылыстар
- болашақ жүктіліктердің ағымына және нәтижелеріне жағымсыз әсер.
Криминалды түсіктен кейін жиі ұшырасатын ауыр зардаптарға қан кету,
несеп-жыныстық жүйедегі ауыр қабыну процестері, сепсис (микробтардың қанмен
тарап кетуі) жатады, кей жағдайларда қыз баланың мүгедек болып қалуы, тіпті
қайтыс болуы да кездеседі. Екіқабат қыз үшін жүктілік дегеніміз үлкен
психологиялық салмақ, бүкіл тағдырына зардап әкелетін қасірет.
Жастықтың осындай орны толмас қателіктері кесірінен ең алдымен сәби
зардап шегеді. Жауапкершілікті ер бала да, қыз бала да тең бөлісуге тиіс
болғанымен, іс жүзінде психологиялық, физикалық, моральдық және әлеуметтік
тауқыметтер негізінен қыз баланың мойнына түседі.

Абортты кім және не үшін жасатады?

Аборт – жүктілікті бұзып, баланы жасанды жолмен алдыру, яғни болжаммен,
тәуекелмен, тұспалдап жасалатын кішігірім “соқыр” операция. Медиктер мұндай
операцияға баратын әйелдерді төрт топқа бөліп қарайды:
Біріншісі, жыныстық мәселеде сауатсыз жасөспірім қыздар, өздерін
“бойжеттік. Ересектер өмірі осы екен” деп ойнақтап жүріп от басатындар.
Мұндай кезде жігіттер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасанды түсік туралы
Жеке адамға қарсы қылмыс
Денсаулыққа қарсы қылмыстар
Жеке адамға қарсы қылмыстар
Адам өміріне, денсаулығына, бостандығына, қадір-қасиетіне қарсы қылмыстардың мазмұнын, қауіптілігін, зиянды салдарын, қоғамға әсерін кеңірек ашып талқылау
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзіндік белгілерін ашып көрсету
«Төл мацерациясы, этиологиясы және профилактикасы»
Төлді бөлшектеп кесу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Пәндер