Д. А. Қонаевтың өмiр жолы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

I. Кіріспе . . . 3

II. Негiзгi бөлiм:

2. 1. Д. А. Қонаевтың өмiр жолы . . . 5

2. 2. Д. А. Қонаевтың саясаттағы орны мен атқарған iс-әрекетi . . . 6

2. 3. Д. А. Қонаев қызметінен қалай кетті? . . . 12

2. 4. Д. А. Қонаевтың қызметiнен кету себбептерi . . . 13

2. 5. Д. А. Қонаевтың қызметін босатудағы өз сөздері . . . 16

III. Қорытынды . . . 18

Қодланылған әдебиеттер . . . 19

I. Кіріспе

1999 жылы Ел басының жарлығына сəйкес ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығына сəйкес Қазақстан жерінде қазақ халқын біріктіріп, жаулардан қорғаған, мəдениет пен салт-дəстүрді сақтауға тырысқан, адамдар арасындағы жан-жалды шешуге айналысқан, халықты білімге, өнерге, еңбекке бағыттаған адамдарды еске алу туралы жарлығы. Осыған орай мен өз рефератымда Қазақ халқының экономикалық жəне əлеуметтік жəне т. б. жағынан дамуына көп еңбек сіңірген адам - Д. А. Қонаев туралы сөйлегім келеді.

Халқымыздың аяулы перзенті, аса ірі мемлекет қайраткері, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1992 жылы шыққан "өтті дəурен ссылай" деп аталатын естелік-эссесін көзі тірісінде түгелдей қайта қарап, оқырман талап-тілегiне сай толықтырулар жасай келіп, кітаптың атын "Ақиқаттан аттауға болмайды" деп өзгертілген кітабында өз өмірінің беймəлім беттерін ғана емес, өз заманының ірі тұлғалары Сталиннің, Маленковтың, Булганиннің, Хрущевтің, Косыгиннің, Брежневтің, Андроповтың, тіпті Горбачевтің көпшілікке жұмбақ сырларын ашып, Қазақстанның елу жылдық экономикалық, мəдени және əлеуметтік тыныс-тіршілігін жан-жақты əңгімелеп берді. Оның игі жақсылары туралы да шет қалмайды. Кезінде жылы жауып қойылған Теміртау оқиғасын, Семей полигонын, Арал мəселесін, Желтоқсан зардаптарын, сондай-ақ тілге, дінге, елге қатысты көкейтесті сұрақтардың жауабын алға тартады. Ұлттық сана, əдет-ғұрып, салт-дəстүр туралы ой-толғамдарын ортаға салады. Кешегі Кеңес өкіметінің күйреу себептерін талдап, қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу жолдарына барлау жасайды.

Бірақ мен бұл кітаптан тек Д. А. Қонаевтың қызметінен босатылуы туралы өз сөздерін келтіремін жəне де бұл кітапты оқырмандар оқып өз ойларын шет елдегі журналистердiң ойымен салыстыруға мүмкiндік бар. Сонымен бірге елімiздегі елеулі өзгерістерге шетелдің қоғам қайраткерлері мен ғалымдары да ден қоя бастады. Осыған байланысты мен Америкадағы Колгейт университетінің докторы, саяси ғылымдардың профессоры Марта Брили Олкоттың қазақ халқының тарихы туралы жазылған "Қазақтар" атты монографиясы. 1987 жылы Гувер институты мен Стенфорд университетінің баспаханасынан басылып шыққан аталмыш кітап Қазақстанның тарихы мен саяси даму жолдарына қатысты жайларға өзіндік топшылаулар жасайды.

Сондықтан да мен Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Д. А. Қонаевтың басшылық еткен дəуіріне бір уақ американдық ғалымының көзі мен қарап қойған теріс болмас деген мақсатпен осы кітаптың 240-246 бетіндегі баяндалған жайларды жазып отырмын. Бірақ бұл баяндаманы мен "Ақиқат" журналынан алдым.

II. Негiзгi бөлiм:

2. 1. Д. А. Қонаевтың өмiр жолы

Д. А. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда туылды. Верный қазіргі Алматы қаласында қызметкер семьясында туған. Коммунистік партиямен көрнекті қайраткері КПСС ОК Саяси Бюросының мүшесі. Социалистік Еңбек ері. 1972 жылы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигi 1952 жылы, 1939 жылдан КПСС мүшесі. 1930 жылы Орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақстан өлкелік комсомол комитетi, оны Мəскеудің түсті металл жəне алтын институтына оқуға жіберді. 1936 жылы тау-кен инженері. Қазақстанда Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа жіберіліп онда бұрғылау станогiнің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері жəне оның директоры болып істеді.

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндерінде жауға қарсы тылдағы ұйымдастырушылардың бірі болды. "Алтайполиметалл" комбинаты бас инженерінің орынбасары, Ридер руднигінің жəне СССР қорғасын-мырыш өнеркəсібінің ең ірі орындарының бірі- Ленинагор кен қызметтерін атқарды. 1942-1952 ж. ж. ҚазССР Министрлер Советі председателінің орынбасары. 1952 жылы 17 апрельде Қазақстан ғылымдары зор сенім көрсетіп Д. А. Қонаевты ҚазССР Ғылым Академиясының академигі жəне оның президенті етіп сайланды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы. Д. А. Қонаев республика Ғылым Академиясының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми ұйымдық жұмысты жақсарту, ғылыми, зерттеулердің негізіі салаларын кадрларымен нығайту жөнінде күрделі шаралар, оның басшылығымен жүзеге асырылды. Д. А. Қонаев жүзден астам еңбектің авторы. 1955-60 ж. ж. жəне 1962-64 ж. ж. ҚазССР Министрлері Советiнiң председателі. Осы тұстан біздің партиямыздың аса көрнекті қайраткері Л. И. Брежневпен бірге жемісті қызмет етіп, Д. А. Қонаев ірі ұйымдастырушы жəне мемлекет басшысы ретінде танылды. 1960-62 ж. ж. жəне 1964 жылдан Қазақстан КПОК- нің бірінші секретарі.

Д. А. Қонаев Компартиясының адал ұлы. Ол Көп ұлтты Қазақстанда халықтар достығының лениндік бағытын жүзеге асырушы, СССР халықтарының туысқандық семьясындағы Қазақстанның экономикасы мен мəдениетін шұғыл өрге бастыруға бағытталған партияның сара жолының жүзеге асуьш ұйымдастырушы. Партия оны қай жұмысқа жіберсе де Д. А. Қонаев өзінің бірінші тәжрибесін жəне ұйымдастырушының қаблетін еліміздегі коммунизм құрылысының ұлы ісіне жұмсап келеді.

Д. А. Қонаев 3-9 сайланған СССР Жоғарғы Советінің депутаты. Совет парламентін жəне партия делегациясын бірнеше рет басқарып шетелдерде болды. КПСС ХIХ-ХХIV съездерінің делегаты. 1956 жылдан КПСС ОК-нің мүшесі. Партияның XXVIII съезінде Орталық Комитет Саяси Бюросының мүшесі болып сайланды. СССР Жоғарғы Совет президумының жəне Қаз ССР Жоғарғы Совет президумының мүшесі.

Компартия мен Совет Мемлекетіне сіңірген зор еңбегі үшін Социалистік Еңбек ері атағы берілді. Бесінші рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне медальдармен наградталған.

2. 2. Д. А. Қонаевтың саясаттағы орны мен атқарған iс-әрекетi

Қазақстан Коммунистік партиясының соңғы 25 жылдың ішінде үлкен абыройға ие болуының себебі тың жəне тыңайған жерлерді игерудегі және экономикалық саясаттағы атқартан ролі ғана емес, сонымен қатар, Л. И. Брежневтің Қазақстан партия ұйымына жасаған ықпалы айта қаларлықтай болмағанымен көп уақыттар бойы оған жанама әсер етіп келді. Себебі: ол осы екі жылда өзімен бірге тіл табыса қызмет атқарған адамдармен қатынасын үзбей, оларды қызмет бабында одан əрі жоғарлатты. Осынау кадрлардың ішіндегі айрықша көзге түскені 1986 жылға дейін Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысының қызметін атқартан, Саяси Бюроның қазақ арасынан бұрын - сонды тұңғыш рет мүшесі Д. А. Қонаев болатын. Ерекше атап айтатын нəрсе - осыншама уақыт ішінде Д. А. Қонаев жай ғана қатардағы қазақ болып қойған жоқ, сонымен қатар, ол республика партия ұйымының Л. И. Брежнев кезінде өз қолындағы мол билікгі Қазақстанда да, Москвада да тұрақты ұйымдастырушылық база жасауға пайдаланды. Д. А. Қонаевтың ықпалының Ю. В. Андропов кезінде əлсірегені сондай, тіпті оның жақын досы К. У. Черненконың Бас секретарі болып сайлануы да осы ықпалды бұрынғы қалпына қайта келтіре алмады.

М. С. Горбачев кезінде Д. А. Қонаев билігiнің аясы бұрынғыдан да тарыла бастады, бірақ Мəскеудің қолдауымен Қазақстан Компартиясын Д. А. Қонаевтың ықпалынан шығарып алу жөніндегі істеліп жатқан Əрекетті іске асыру үшін əлі талай уақыт керек болды.

Тіпті, қолындағы биліктің ең мықты кезінде де, Д. А. Қонаевтың Қазақстан Коммунистік Партиясын одан əрі ұлғайтуға жəне күшейтуге істеген əрекеттері біріңғай табысты болған жоқ. Қазақстан Коммунистік Партиясы халықпен бірге жасасып, өсіп дамығанымен де ол өз қатарында бүкіл халық санының бес процентке жуық қана мүшесі бар элиталық ұйым болып қала берді.

Мүмкін, бастауыш партия ұйымдарында қазақтардың саны жоғары болып қала беретінде болар, біздің қолда тек қаңа Н. С. Хрущев еткен жылдардағы Қазақстан Коммунистік Партиясының съездеріндегі облыстық, қалалық жəне ауылдық комитеттеріндегі коммунистердің ұлттық құрамы жөніндегі мəліметтер ғана бар. 1966 жылдан бермен қарайғы қорытындылар - қолға түскен жалпы мəліметтерге ғана негізделуге тиіс болды, əйтсе де олар толық хабар бере алмайды.

1954-1956 жылдары бастауыш партия ұйымдарындағы қазақтардың саны өте жоғары болды, съезге қатысқан барлық делегаттардың 45% жуығы қазақтар еді, ал облыстық комитеттердегі қазақтардың саны 48% жетті. 1960 жылға қарай тың жерді көтеруге келген ұлты орыс партия мүшелері съезге сайланған қазақ делегаттарының санын үштен-бірге азайтты жəне қалалық, аудандық партия комитеттерінде жұмыс істейтін қазақтардың саны 30% жуықтады.

Тың жерлерді игеру бағдарламасының жергілікті жерлердегі партия ұйымдарының құрамьша енген жерін анықтау мүмкін болмады. Əрине, тың жерлердегі алты облыстық жетекші ұйымдарының құрамы сырттан келгені өзінен-өзі түсінікті. Сонымен қатар, əрбір құралған жаңа совхоздың партия ұйымын да орыстар мен украиндар басқарды. Бұл жаңа совхоздарға басшылық ететін аудандық партия комитеттері бұрынан келе жатқан ұлты қазақ партия басшыларын енді олардың орыс əріптестерімен алмастырыла бастады. Бұл процестің логикалық салдары 1960 жылы белгілі болды. Сол тұста тың жерлердегі облыстар Қазақстан Коммунистік Партиясына емес, негізінен тікелей Мəскеуге бағынатын жағдайға апарып соқтырды.

Дегенімен, бұл ұйымдастырушылық өзгерістер копке созылған жоқ. Д. А. Қонаевтың басшылыққа қайта оралуына байланысты партия ұйымдарындағы қазақтардың жетекшілік ролі мен партия қатарындағы қазақтардың саны қайта өсе бастады. 1966 жылы Қазақстан Коммунистік Партиясының он екінші съезіне сайланған делегаттардың 43 процентi қазақтар болды жəне бастауыш партия ұйымдарындағы қазақтардың үлесі де жоғары деңгейге көтерілді. Əйткенімен сол кездегі бастауш партия ұйымдарының кадрлары жөнінде де, облыстық, қалалық партия ұйымдарындағы қарым-қатынастармен идеологиялық жұмыстар жөнінде де ешбір мағлұмат жоқ. 1960 жылдарымен тұспа-тұс келетін Килиэри жазып отырған бұл болжам, бəлкім, дұрыста шығар . . . Себебі: 1954 пен 1964 жылдар арасында обкомдардың бірнші хатшылық қызметінде жүрген қазақтардың саны күрт төмен түсіп кеткен болатын. 1965 жылға қарай - 15 бірнші хатшының 10-ы орыстар мен укранидықтар еді. Бірақ эрозияға жол берілген жоқ. Бүгінде партия жəне өкімет жұмысының əртүрлі баспалдағында қызмет атқарып жүрген қазақтардың саны 1964 жылғыдан əлдеқайда көп.

Килиэри Республиканың билік таразысының төмендейтінін тежейтін үш факторды назардан тыс қалдырған. Бұл, біріншіден, славяндардың эммиграциясы тек қана тың жəне тыңайған жерлерді игеру программасымен байланысты уақытша құбылыс екендігі; екіншіден, қазақтардың табиғи өсімінен əсерінен болған демографиялык өзгеріс; үшіншіден Д. А. Қонаевтың 20 жылдан астам уақыт бойы біршші хатшы ретінде беделді əрі мықты басшылық қызмет еткені. Д. А. Қонаевтың басшылығымен қазақтар партияның да, өкіметтің де жетекшілік қызметіне көптеп тартыла бастады. Сол кездерде сан жағынан орыстардың жергілікті кадрлардан басымдығы бұрыңғыдай емес азая бастады. Бұл, əсіресе, 1971 жылдан кейін Д. А. Қонаев партияның Саяси Бюросының толық мүшесі болып сайланғаннан кейін күшейе түсті. Батыста көптеген адамдар Д. А. Қонаевты Л. И. Брежневтің қолдан қойған кісісі, өз халқымен еш байланысы жок, орыстанып кеткен қазақ деп сырттан тон пішкен болатын. Алайда, нақты дəйектер бұл жаңсақ пікірді теріске шығарды. Оның Л. И. Брежневке деген пиғылы адал бола тұрып, ол өз жағдайында мықтау керек екендігін назардан тыс қалдырмай, өзіне қолдаушыларды да бағалай білді. Европалық емес партия басшысының мүлде тосындау бір қасиеті сол - Д. А. Қонаев өзінің əріптестері ішінде қазақтармен бірге, көптеген орыстарды да қатар енгізіп отырды. Д. А. Қонаевтың атқарған қызметі мен мансабы сан-алуан. Əу баста металлург мамандығын меңгерген ол, кейіннен - екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстан индустриясының басшысы ретінде үлкен абыройға ие болды. Өкімет аппаратында қызметі өсіп, ақыры Қазақстан Компартиясының басшысы болып тағайындалды. Бірінші хатшы ретінде ол ауылшаруашылығы саласы бойынша да мол тəжірибе жинақтады, əрі экономиканың осынау ауқымды саласынан өзіне жаңа достарды тапты.

Д. А. Қонаев жұмыс барысында орыстармен тіл табыса білді. Өз лауазымы өскен сайын олардың да қызметін орынды бағалайтын. Бірақ бұл шаруаны ол ешқашанда өз отандастарының есебінен жасаған жоқ Партия бюросындағы қазақтардың саны тұрақты 45% күйінде қала берседе, 1981 жылы қазақтардың Республикалық Компартиясының Орталық Комитетіндегі мөлшері 51, 9% жетті. Сонымен қатар, негiзгi экономикалық бөлімдер болып есептелінетін ауыр өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс жəне үгіт-насихат бөлімдерден бұрынғыша орыстар басқарғанымен, қазақтар Орталық Комитеттегі 47%-ке жуығына басшылық етті. 1981 жылдан бермен қарай Қазақстанда 500 ден астам жаңа адамдар номенклатуралық қызметке шақырылды, бірақ бұл буын партияның жоғары баспалдақтарындағы қазақтардың проценттік есебіне пәлендей өзгерістер əкеді дейтіндей мағлұмат жоқ.

Үкімет құрамындағы қазақтардың да саны өсті; 1964 жылы республикалық Министрлер Советіндегі қазақтардың саны тек кана - 33% болса, 1981 жылы қазақтар ондағы қызметтің - 60%-не ие болды және министрліктермен өкімет қызметіндегі қазақтардың мөлшері 39 дан - 61% -ке дейін көтерiлді. Ол ол ма, сол кездерде қазақтар - ең негiзгi қызметтерді де қолға ала бастады. Олар ауыр өнеркәсiп, ауылшаруашылық жəне құрылыс министрлері болып та қызмет атқарып жатыр. Д. А. Қонаевтың кезінде Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитет басшысы да қазақтан тағайындалды.

Саяси бюроның мүшесі болғандықтан, бұрынғы бiрiншi хатшылардай емес, Д. А. Қонаевтың жеке мүмкіншіліктері көбiрек болды. Бұл, əсіресе, республикалық деңгейдегі екінші хатшыны тағайындау кезінде байқалды. Басқа республикалар сияқты Қазақстан да екінші хатшы тағайындау кезінде Мəскеу бұл қызметке бұрын республикамен еш қатысы жоқ орыс кадрларын тағайындайтын. Солай бола тұрғанымен, осы қызметке кейiнiректе тағайындалған екі адамның екеуі де - бірі 1976 - 1979 ж. ж. аралығында істеген А. Г. Коркин, екіншісі- екінші хатшы О. С. Мирошхин - бұл жұмысқа келместен бұрын Қазақстан Коммунистік партиясы қатарында көп жыл қызмет атқарған адамдар. Бұл екі адамның кандидатурасын Д. А. Қонаев тек қолдап қана қойған жоқ, сонымен қатар, ол өз бетімен шешім қабылдап, А. Г. Коркинді көмір өнеркəсібін көтеру мақсатымен Қарағанды облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы етіп тағайындады. Д. А. Қонаевтың еркін қимыл істей алатын билігінің бар екені обкомдардың бірінші хатшыларын тағайьшдау тəрізді аса маңызды өзгерістер кезінде өте айқын байқалды. Бұрынғыға қарағанда, қазақтар тағайындала бастады. 1981 жылы республикадағы 11 облыстың бірінші хатшылары қазақтардан тағайындалып, олардың мөлшері 56, 9 % жетті. Оның үстіне, бұл 11 хатшының жүріп өткен жолдары осыдан жиырма жылдан бұрын тағайындалған бірінші хатшылардан мүлде басқаша еді. Олар білімдірек еді. Он бірдің бесеуі жоғарғы партия мектебін бітірген əрі əртүрлі лауазымды қызмет атқарған адамдар болатын; алтауы тек қана ауылшаруашылық саласында қызмет атқарып келгенімен, əртүрлі облыстарда ғана емес, сонымен қатар, партия жəне совет қызметтерін де қоса атқарған азамттар еді; ал төртеуі ауылшаруашылық саласынан да, өнеркəсіп саласынан да бай тəжрибе жинақтаған мамандар болатын. Орыс ұлтынан тағайындалған обкомдардың бірінші хатшыларының жүріп өткен жолдары қызғылықты. Əсіресе, бұл пікірді мағлұматтары қолда бар сегіз хатшының екеуі туралы анық айтуға болады. Айта кететін бір жай: бұдан былай ұлты орыс кадрлар тек қана сырттан шақырылмайтын болды.

Тек, жалғыз Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінiң бірішнші хатшысы ғана республиканың сыртынан тікелей тағайындалыпты жəне бұл орында ол 1969 жылдан бері қызмет атқарып келеді екен. Мұның сыртында Д. А. Қонаевтың ықпалын əлсірету мақсатымен 1985-1986 жылдары М. С. Горбачевтің өзі тағайындаған орыс хатшыларының бəрі дерлік республиканың өз ішінен іріктелді.

Дінмұхамед Ахметұлы партияның социалистік мұраттарды жүзеге асыру жөніндегі саясатын құрғақ сөз ретінде қалдырмай, соны Қазақстан жағдайында нақты іс жүзiнде асыруды мақсат етті жəне КСРО басшысы Л. И. Брежнев өзара достық қатынасын сол мақсатты орындау үшін шебер пайдалана білді.

Шынында да, оның басшылық еткен жылдары ел дəулеті шалқып, халықтың мəдениеті, əдебиеті мен өнері өсті. Елдің қаншалықты өскендігiн бір Алматының өзінен көруге болады. 50-жылдардың басында Алматы үлкен деревня сияқты еді. Дінмұхамед Қонаевтың тынымсыз, қажырлы еңбегінің нəтижесінде халық игіліне қызмет ететін дүниежүзінің сəулетті қалаларының біріне айналды.

2. 3. Д. А. Қонаев қызметінен қалай кетті?

Ал енді Димекеннің 1986 жылғы желтоқсанда қызметіне босатылуы туралы мəселенің біздінше құпия сыры да бар сияқты. Желтоқсан ереулі Д. А. Қонаевтың орнынан түсуіне байланысты болғандықтан, оның себептерін жұрт бастан-ақ Қазақстанның біраз жерін Ресейге қосуға көнбегеннен деп айтып еді, сол сөз əлі де жұрттың аузында.

Қарашада Мəскеуде болғанда Горбачев бұған мұнай-газға бай Орал облысындағы енді игеріліп жатқан Қарашығанақ кен орнын Ресейге қосуға КСРО Жоғарғы Кеңесінің қаулысын шығартып бер депті. Қонаев оны істей алмайтындығын айтты. Оған Горбачев: онда біз сізбен істесе алмайды екенбіз, - дейді. Мұны естіген Қонаев орнынан босату туралы арыз жазып берді. Шынында да оны орнынан босату туралы ойлары болса содан он айдай ғана бұрын болған съезде Қонаевтың Саяси Бюро мүшелігіне сайларма еді? Ал Қарашығанақ Оралдың Орынбор облысы жағында оны игеруге 90 млрд. сомдай қаржы болінетін көрінеді. Соншалықта байлықтың Ресей өңірінде қалып, соның иглігіне жұмсалғанын тəуір көргені ме? Минситрлер Кеңесінің төрағасы Рыжковтің Орынборға келгенде Қарашығанаққа соққаны сол мақсатпен болар.

Олай болса, Димаш Ахметұлы өзінің естелік -эссесінде де "Неге арыз беріп зейнетке шықтым"- деп жазды деген заңды сауал туады. Кеңес өкіметі кезінде кадрмен жұмыс істеудің мынандай əдісі болды. Біріншіден, басшыға жақпайтын кісіге мін артады, бірақ ол жұмыстың босатуға толық негіз болмайды. Сондықтан, одан өз еркімен кету арыз жазуын талап етеді. Осы тəсіл Д. А. Қоңаевқа да қолданылған. Димаш аға сияқты ақылды, намысты азаматқа "Біз сізбен істесе алмайтын екенбіз" деген сөз жетіп жатыр. Əйтпесе, ол 1986 жылы ақпанда өткен Қазақстан Компартиясының XVI съезінде ОК-тің бірінші хатшысы болып сайланған, соның артынша СОКП XXVII съезінде оның орталық Комитетi Саяси Бюросының мүшесі болып сайланған кезде-ақ зейнетке шығу жасынан асып-ақ кеткен. Зейнетке шығу туралы өтішiн бергені рас болғандықтан Димаш аға сол тарихи фактыны жазып отыр.

Сол кезде Горбачевтар солай еткендіктен өтініш жазуға мəжбүр болдым деп божыратуды Д. А. Қонаев өз басына лайық көрмеген.

Н. Хрущевтің кезінде Шымкент облысының үш ауданын Өзбекстанға қосып қойғанын Демекеңнің жеген таяғы аз болмаған, одан соң ол, аудандарды қайта құру үшін қаншама тер төккені есінен кетпеген. Дінмұхамед Ахметұлына лауазымын сақтап қалу үшін Қарашығанақты Ресейге беруге көну-өліммен бірдей еді. Сондықтан, ол бəледен зейнетке шығу туралы өтінiш жазып құтылған.

2. 4. Д. А. Қонаевтың қызметiнен кету себбептерi

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайын атасы
Бар ғұмырын халқына арнаған адал тұлға
Ғылыми жұмыстың тақырыбы
Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметі
Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы
ДАҚонаев ірі мемлекет қайраткері туралы ақпарат
Димаш атаның бойындағы қасиеттер
СОКП Орталық Комитетінің мүшесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz