Азаматтық - құқықтық қатынастар



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Азаматтық.құқықтық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Азаматтық.құқық қатынасының мазмұны ... ... ... ... ... ... ...7
3. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері ... ... ... ... ... .10
4. Азаматтық.құқықтық қатынастардың
пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері ... ... ... 14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Азаматтық құқық қатынасы санатының азаматтық құқық түсінгі үшін маңызы бар. Азаматтық құқықпен реттелген мүліктік қатынастар, сондай-ақ қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтармен және міндеттермен байланысатын соларға қатысты (қатысты емес) жеке мүліктік қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Г.Ф. Шершеневич өзінің «Орыс азаматтық құқығының оқулығы» деген кітабында былай деп жазылған: «кез-келген тұрмыстық қатынас оның заңдық нормалармен қашан және қаншалықты анықталса да заңдық қатынастар болады. Нақ осы жағынан заңдық жағы да болады, өйткені біреуі екіншісінен талап ету құқығын алады, ал соңғысы заң ережелерінде айтылғандарды орындауға, мысалы, белгіленген жалдау ақысын енгізуге міндеттенеді». Сонымен, азаматтық құқық мәселесі болып табылатын мүліктік және жеке мүліктік қатынастарды реттеу мынадан көрінеді, азаматтық құқық нормалары бұл қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы көріне алатын және көрінуге тиісті нәрсені айқындайды.
Азаматтық құқық қатынастарының ерекшеліктері мыналар болып табылады:
Біріншіден, азаматтық құқық қатынастарының субъектілері заң жүзінде тең құқылы, бір-біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқық қатынастарынан ажыратылады (ерекшеленеді);
Екіншіден, азаматтық құқық қатынастарды заңда көзделген негіздер бойынша да, көзделмеген негіздер бойынша да туындауы мүмкін (Азаматтық кодекс, 7-бап);
Үшіншіден, азаматтық құқық қатынастарының жағдайлары мен мазмұнын белгілегенде тараптардың келісімі басым болады;
Пайдаланылған әдебиеттер
1. З.О.Ашитов. Б.З.Ашитов. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы «Жеті Жарғы» 2003.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Алматы, 2000.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеті мен Құқығының негіздері.Алматы, 2003.
4. С.Д. Баққұлов. Құқық негіздері. Алматы, 2004.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Азаматтық-құқықтық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .5
2. Азаматтық-құқық қатынасының мазмұны ... ... ... ... ... ... ...7
3. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері ... ... ... ... ... .10
4. Азаматтық-құқықтық қатынастардың
пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері ... ... ... 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...17
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Азаматтық құқық қатынасы санатының азаматтық құқық
түсінгі үшін маңызы бар. Азаматтық құқықпен реттелген
мүліктік қатынастар, сондай-ақ қатысушылары бір-бірімен
субъективті азаматтық құқықтармен және міндеттермен
байланысатын соларға қатысты (қатысты емес) жеке мүліктік
қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Г.Ф. Шершеневич өзінің Орыс азаматтық құқығының
оқулығы деген кітабында былай деп жазылған: кез-келген
тұрмыстық қатынас оның заңдық нормалармен қашан және
қаншалықты анықталса да заңдық қатынастар болады. Нақ осы
жағынан заңдық жағы да болады, өйткені біреуі
екіншісінен талап ету құқығын алады, ал соңғысы заң
ережелерінде айтылғандарды орындауға, мысалы, белгіленген
жалдау ақысын енгізуге міндеттенеді.[1] Сонымен, азаматтық
құқық мәселесі болып табылатын мүліктік және жеке мүліктік
қатынастарды реттеу мынадан көрінеді, азаматтық құқық
нормалары бұл қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы көріне
алатын және көрінуге тиісті нәрсені айқындайды.
Азаматтық құқық қатынастарының ерекшеліктері мыналар
болып табылады:
Біріншіден, азаматтық құқық қатынастарының субъектілері
заң жүзінде тең құқылы, бір-біріне тәуелсіз, сол арқылы олар
басқа құқық қатынастарынан ажыратылады (ерекшеленеді);
Екіншіден, азаматтық құқық қатынастарды заңда көзделген
негіздер бойынша да, көзделмеген негіздер бойынша да
туындауы мүмкін (Азаматтық кодекс, 7-бап);
Үшіншіден, азаматтық құқық қатынастарының жағдайлары мен
мазмұнын белгілегенде тараптардың келісімі басым болады;
Төртіншіден, ерекшелік бұзылған азаматтық құқықтарды
қорғаудың тәртібі мен әдісінің өзіндік өзгешелігінде
болып табылады (Азаматтық кодекстің 9-бабы).

Азаматтық-құқықтық қатынастар
Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз – нормалармен
реттелетін қоғамдық қатынастардың бірі. Ол субъект, объект және
мазмұн сияқты элементтерден тұрады.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері немесе мүліктік
және оларға байланысты мүліктік емес құқықтар мен
міндеттердің иелері болып – азаматтар (жеке тұлғалар) мен ұйымдар
(заңды тұлғалар) және мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер
танылады.
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері ретінде
өздеріне құқықтық қатынастар бағытталған нәрселер түсініледі.
Бұл - қандай да болмасын объектілерге байланысты тиісінше
белгілі бір құқықтық қатынастар туындайды дегенді
білдіреді.
Азаматтық құқықтық объектілерге мүліктік және жеке
мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады. Азаматтық құқық
объектілерінің басым бөлігін мүліктік игіліктер мен
құқықтар, жалпыламай айтсақ мүліктер құрайды. Олар: заттар, ақша,
валюта, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық
санаткерлік қызмет нәтижелері, фирмалық атаулар, тауар белгілері
т.с.с
Объектілердің басқа тобын, яғни жеке мүліктік емес
игіліктер мен құқықтарды – жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-
қасиеті, ар-намысы, игі атағы, іскерлік беделі т.б. көптеген
материалдық емес игіліктер мен құқықтар құрайды.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер АК-тің 7-бабында
көрсетілген негіздер бойынша туындайды. Аталмыш баптың
мазмұнына қарап азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауының
негізі - әрекеттер деп пайымдауға болады. Әрекеттерге нақтылы
қызмет көрсетулер, яғни азаматтық-құқықтық тапсырма, комиссия,
сақтау, мердігерлік, тасымалдау және басқа да шарттар.
Жоғарыда атап көрсеткенімдей жеке мүліктік емес игіліктер
мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті,
абыройы, игі атағы, іскерлік беделі, жеке өмірге қол сұқпаушылық,
жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу
құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық
емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды
жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет
жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын,
ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік әдептілік ережелерін сақтауға
тиіс.

Азаматтық-құқық қатынасының мазмұны
Кез-келген құқық қатынасы оның субъективті құқықтар
мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушыларының құқықтық
байланысы болып табылады. Сондықтан субъективті құқықтар мен
міндеттер де азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып
табылады.
Субъективті құқық дегеніміз - құқық берілген тұлғаның
ықтимал мінез-құлық шамасы. Субъективті азаматтық құқық мазмұны
жағынан әр түрлі. Субъективті құқықтың мазмұнын
субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген
мүмкіндіктер құрайды.
Мысалы, меншік құқығы:
❖ Белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік
иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және
оған билік ету мүмкіндігін;
❖ Басқа адамдардың бәрінен олардың сол
мүмкіндіктерді жүзеге асыруға меншік иесіне кедергі
жасамауын талап ету;
❖ Меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық
бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейін құқық
қорғау тәртібі шараларын пайдалану мүмкіндігін
қамтиды (Азаматтық Кодекстің 188-бабы).
Міндетті тұлғаның тиісті мінез-құлық шамасы азаматтық
құқықта міндет деп түсініледі. Алайда, азаматтық құқықта
міндеттің әртүрлі болатынын ескеру керек.
Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозитивтік
сипатта болады. Алайда азаматтық заңдарда тыйым салулар
мен нұсқаулар сипатындағы ережелер де белгілі.
Құқықтың тыйым салу нормалары азаматтық құқық
қатынастарына қатысушылардың міндеттерін де айқындайды.
Мысалға, тараптардың шарттан бір жақты бас тартуын немесе
оның ережелерін бір жақты өзгерту (Азаматтық Кодекстің
401- бабы).
Әрбір азаматтық құқық қатынасында тараптар құқық
берілген және міндетті тараптар болып екіге бөлінеді.
Екі тараптың екеуінде де бір тұлға немесе бірнеше тұлға
болуы мүмкін, мысалы, бірлесіп зиян келтірілген тұлғалар
бұл зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс.
Әрбір азаматтық құқық қатынасында тараптар құқық
берілген және міндетті тараптар болып екіге бөлінеді. Екі
тараптың екеуінде де бір тұлға немесе бірнеше тұлға
болуы мүмкін, мысалы, бірлесіп зиян келтірілген тұлғалар бұл
зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс.
Құқық қатынастарына белгілі бір тұлғалар қатысуы
мүмкін, алайда кейбір азаматтық құқық қатынастарына
міндетті тарап жағынан саны белгісіз тұлғалар қатысады
(автордың, өнертапқыштың құқықтарын бұзудан барша жұрт
тартынуға міндетті).
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың
әрқайсысының бір мезгілде құқық, берілген және міндетті
тарап болуы сирек кездеспейді. Мысалы, сатып-алу сату
шарты бойынша сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне
беруге міндетті және сонымен бірге одан белгілі бір ақша
сомасын төлеуді талап етуге құқылы.
Ал сатып алушы бұл соманы төлеуге міндетті ғана емес,
сонымен мүлікті өзінің, меншігіне беруді талап етуге
де құқылы.
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар құрамының
өзгеруі мүмкін, мұның өзі, атап айтқанда, құқықтық
мирасқорлық себебінен орын алады. Құқықтық мирасқорлық деп
құқықтық (сондай-ақ құқықтар мен міндеттердің) бір тұлғадан –
құқықтық ізашардан екінші тұлғаға – құқықтық мирасқорға ауысуы
түсініледі, бұл ретте соңғысы құқық қатынастарында өзінің
құқықтық ізашарының орнын басады.[2]
Құқықтық мирасқорлық әмбебап (жалпы) не сингулярлық (жекеше)
болуы мүмкін. Жалпы құқықтық мирасқорлық бір заңдық
актінің нәтижесінде құқықтық мирасқордың барлық құқық
қатынастарында (құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейтінін
қоспағанда) құқықтық ізашарының орнын басатынымен
сипатталады. Мысалы, заңды тұлғалар қосылған жағдайда
олардың құқықтары мен міндеттері, Азаматтық кодекстің 46-
бабына сәйкес, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады;
мұраны қабылдауына байланысты мұрагерлер қайтыс болған адам
қатысқан мүліктік құқық қатынастарының субъектілеріне айналады.
Жеке құқықтық мирасқорлық – қандай да болсын бір құқық
қатынасындағы немесе бірнеше құқық қатынастарындағы
құқықтық мирасқорлық. Мысалы, тұлға өзінің үшінші жаққа
талап қою құқығын басқа тұлғаға берген жағдайда
солай болады (Азаматтық кодекстің 345-бабы). Жеке сипатта
болатын құқық қатынастарында (есімге, авторлыққа және т.б.
құқықты басқа да адамдарға ауыстыруға болмайды), сондай-ақ
бұлайша ауыстыруға заңмен тыйым салынған барлық
жағдайларда құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейді.

Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
Азаматтық құқық қатынастары әдетте:
❖ Мүліктік және мүліктік емес,
❖ Абсолютті және салыстырмалы
❖ Заттық және міндеттемелік -, деп ажыратылады.
Бұлайша бөлудің негізіне әртүрлі белгілер
алынғандықтан, бір ғана құқық қатынасы бір мезгілде мүліктік,
абсолютті, заттық (мысалы, меншік құқық қатынасы) не
мүліктік, салыстырмалы, міндеттемелік (мысалы, заем шартынан
туындайтын құқық қатынасы) және т.б. болуы мүмкін.
Азаматтық құқық, қатынастары мүліктік қатынастар мен
мүліктік емес қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік
құқық қатынастарының белгілі бір экономикалық мазмұны бар,
сонымен қатар мүліктік емес құқық қатынастарының мұндай
мазмұны болмайды және жеке адамның кейбір материалдық емес
мүдделерін (есімін, ар-ожданын және басқаларын) қамтамасыз
етеді.
Азаматтық құқық негізінен алғанда мүліктік
қатынастарды реттейтіндіктен, азаматтық құқық қатынастарына
қатысушылар көбінесе мүліктік құқықтардың иелері ретінде
әрекет етеді. Ондай құқықтарды, әдетте, беруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтық қатынастың түсінігі мен элементтері
Азаматтық құқықтық қатынастардың жіктелуі
Азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушылары
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ МАЗМҰНЫ
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы
Мүліктік қатынастар
Азаматтык құқық катынастарға жалпы сипаттама
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы мәлімет
Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
Пәндер