Алакөл көліне қысқаша сипаттама


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

1 АЛАКӨЛ КӨЛІНЕ ҚЫСҚАША СИПАТТАМА

Алакөл "көпірлер көлі"

Алакөл Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан тұйық көл. Ол XII-XIX ғасырларда монгол тілінен аударғанда "гурге нор" "көпірлер көлі" деген мағынаны білдіреді. Одан кейін Алатагол, Алатеңіз деп те аталған. Көл тұзды, ағынсыз солтүстік-батыстан оңтүстік- шығысқа қарай созылып жатыр.

Морфометриясы. Алакөл теңіз деңгейінен 247, 3 абсолюттік биіктікте орналасқан. Көл аумағы (аралдарымен бірге есептегенде) 2696 шаршы шақырым, ұзындығы 104 шақырым, ені (ең кең жері) -52 шақырым, жағалауларының ұзындығы -384 шақырым, орташа тереңдігі -22, 1 метр (ең терең жері - 54 метр), көлдің су қоры -58, 56 млрд. текше метр, судың жиналатын алабы - 47859 шаршы шақырым .

Алакөл түбінің рельфі әр түрлі, мұнда көптеген аралдар, шығанақтар кездеседі. Көлді лайының түріне қарай төмендегідей биотоптарға бөлуге болады: сұр биотопты лай, ол ең тереңде кездеседі, оның аумағы көл түбінің 54 пайызын құрайды; қара лай биотобы (7 пайыз) енсіз, бірақ ұзыннан-ұзақ солтүстік, шығыс және оңтүстік жағалауларын қамтиды; құмды биотоп (4 пайыз) ішінара, әсіресе, аралдардың солтүстігінде және Сарытүбек мүйісінде кездеседі; тасты құмайт биотоп - оңтүстік және батыс жағалауларын алып жатыр.

Жағалаулары. Алакөл жағалауларының бір қалыпта болмауына толқыны, су деңгейінің оқтын-оқтын өзгеруі, өзендер, мұздықтардың жылжуы, фитогендік, эолдық процестер әсер етеді. Мұнда көптеген түбек, мүйіс, құм қайраң, шығанақ, қойнау кездеседі.

Ең ірі шығанақ- Кіші Алакөл шығанағы, ол көлдің оңтүстік-шығысында орналасқан. Алакөлдің оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жағалауларын су баспайды, ол қалған жағалауларын әр түрлі аумақта су басып кетеді.

Алакөл жағалаулары төрттік дәуірдегі әртүрлі топырақтан- балшық, құмды, топырақтан және құмтастардан, ал солтүстік-шығыс жағалаулары күлді - құмнан құралған. Топырақтың негізгі жыныстары тек аралда ғана кездеседі. Көлдің жағалаулары бірнеше ауданға бөлінген.

Гидрографиясы мен су режимі. Алакөлге 15- тен астам өзен құяды, ал олардың негізгілері алтау. Атап айтқанда, солтүстіктен және солтүстік шығыстан құятын - Үржар, Хатынсу, Емел, оңтүстік- шығыстан құятын- Жаманөткел, Ырғайты, Жаманты өзендері құяды (1 кесте) .

Жер мен су бетіндегі орташа температура мамыр айында 4, 9 градус, қарашада 8, 1 градус. Ал су бетіне түсетін ылғал жердегіден артығырақ. Судың ең жылы болатын кезі қыркүйек айының орта шені. Көлдің терең жеріндегі судың жылылығы 24- 26 градус болса, тайыз жерінде ( солтүстігінде) ол 30 градусқа жетеді. Мамыр, маусым айларына дейін көлдің терең жерінде судың минералдануы жоғары болғандықтан су салқын болады.

Кесте 1 Алакөлге келіп құятын өзендердің орташа ағыны.

Құятын өзендер: Құятын өзендер
м³/сек: м³/сек
%: %
Құятын өзендер:

Үржар (соның ішінде Ұялы)

Емел

Хатынсу

Жаманты

Жаманөткел мойыны

м³/сек:

25. 5

14. 2

4. 6

4. 6

2. 6

%:

50

27. 4

8. 8

8. 8

5

Құятын өзендер: Барлығы
м³/сек: 51. 9
%: 100

Көлдегі жел режимі өте құбылмалы және әртүрлі. Желдің су бетіндегі жылдамдығы жер бетіне қарағанда әлдеқайда жоғары. Желдің ең күшті жері көлдің солтүстік- батысы мен солтүстігінде. Мұнда жел секундына- 40-50 метр, ал солтүстік-шығыс пен орталықта 50-60 метр жылдамдықпен соғады. Жел күз бен қыс айларында жиі болады. Алакөл жерінің ерекшелігіне байланысты көл толқындары әртүрлі сипатта болады. Шығыстан соққан желдің әсерінен толқын 2-2, 5 метрге дейін көтеріледі. Бұл жағдай көбіне қазан- желтоқсан айларында болады. Кей жылдары ұйытқи соққан дауыл 4-5 тәулікке созылады, толқынның биіктігі - 6-7 метрге жеткен кездері де болған.

Алакөлге тән жоғарыда аталған ерекшеліктер күрделі де ұзақ процестің нәтижесі. Ал көл суының қату процесі де әртүрлі сипатта. Мұз жалпы екі айға дейін жатады, кейде бір ай болады. Мұздың орташа ұзақтығы Көктұма ауылының тұсында тоқсан бір күн, солтүстік- батыста алпыс күн. Алакөл бетінің мұзы мамыр айында толық еріп кетеді.

Су балансы және деңгейі. Алакөлге бірнеше өзен құяды. Мұнда жерасты суының да елеулі орны бар. Көлге қосылатын жауын- шашын суы жылына 306 миллиметр, ал салқын уақытта - 137 миллиметр суы буға айналады. Су балансының циклдік өзгеруі көл суының барлық компоненттерінің де өзгеріп отыруына әсер етеді.

Гидрохимиясы. Алакөлдің минералдануы 1, 2- 11, 6 грамм/ килограмм аралығында. Минералдануы көлдің орта шеніне қарай арта түседі. Орташа минералдығы көл түбіндегі минералдығынан жоғары. Жылдық орташа минералдығы 6, 39- 7, 42 грамм/килограмм. Су деңгейінен көтерілген кезде суының минералдығы азаяды. Көлге өзен т. б. сулармен келген тұздң мөлшері көпжылдық орташа есеппен біраз бөлігі көл түбінің лайына сіңсе, көп бөлігі көл суы құрамында жүреді (2 кесте) . Бұл табиғи құбылыстар негізінде тұз әкеледі. Судың орташа минералдығы 7, 1 г/кг болған жағдайда Алакөлге шамамен 415 млн тонна тұз қосылады екен. Көл суының иондық құрамы жағынан сульфат- хлорлы- натрийлі сулар. Олардың орташа дебиті 10-200 текше метр (тәулігіне кейде 550-ге жетеді) . Минералдану дәрежесі 2, 5- 4, 5 грамм/ литр, сирегірек 10 грамм/ литрден астам. Көл суы сілтілі, суда фтор мен бромнан басқа элементтер аз.

Кесте 2 Көпжылдық орташа минералдану деңгейі

Табиғи құбылыстар:

Табиғи құбылыстар

г/м³: г/м³
Табиғи құбылыстар: Жауын- шашынмен
г/м³: 71
Табиғи құбылыстар: Өзен суларымен
г/м³: 435
Табиғи құбылыстар: Жерасты суларымен
г/м³: 750

Флорасы. Су өсімдіктері Алакөлдің солтүстік және солтүстік- шығысындағы таяз жерлерде, өзендердің көлге құятын жерлерінде және Кіші Алакөл шығанағында өседі. Олардың негізгісі қамыс, сондай-ақ шалғын шөптер, қоға, шалаң, қарақұмық, жебе жапырақ, тағы басқалар кездеседі. Қамыс 14 мың гектар жерді алып жатыр. Фитопланктонын 58 балдыр түрі құрайды.

Фаунасы. Көлдің солтүстігінде және солтүстік- шығыс жағалауларында және өзеннің көлге құятын жерінде ондатр өседі. Қамыс арасынан түлкіні, қамыс мысығын, су тышқанын жиі кездестіруге болады. Зоопланктондардың 80 түрі кездеседі, көлден сазан, көксерке, алабұға ауланады. Құстардан аққу, шағала, бірқазан, гагара, жылқышы, көкқұтанға тағы да басқа жабайы құстарға бай.

Жағалау демалыс пен бос уақытты өткізу үшін өте қолайлы. Алакөлдегі шомылу маусымы екі айға жуық созылады, шілдедегі орташа су температурасы 24- 25 градус. Су хлорлы-натрийлі сипатта. Шипалы судан басқа мұнда қүкіртті сутек балшығы, минералды тұздарға толы таза ауасы бар. Күн санап демалыс орындары мен емдеу мекемелері салынуда.

Көлдегі тарихи зертттеулер

Күллі шығыс қазақстандықтар, республика мен Ресейді, Украинаны, Балтық жағалауларын мекендеуші елдер тұрғындары Алакөлді жақсы біледі. Олар жаз айларында көлдің суына шомылып, қасындағы санаторийлердің шипалы суын дертіне ем етіп қайтып, біразы ғана болмаса, олардың көбі көлдің қызықты тарихы бар екенін біле бермейді.

"Алакөлге Шәуешек қаласынан шыққан керуен жолы барады. Ол көл үстіндегі түсі әртүрлі үлкен үш жартасқа байланысты осылай аталған сияқты. Көл жолдың сол жағында жатыр, оның батыс жағында екінші көл бар. Ол- Алатау- көл деп аталады. Оның үстінде Алакөлден шығып тұрған жартастардан өлсеусі биік қар секілді аппақ тау көрінеді. Бұл ұғым үш сөзден құралған: ала, тау, көл, яғни ала таулы көл дегенді білдіреді.

Алакөлден өткен соң, екі тау кездеседі: оң жағында - Көк тау, сол жағында- Барлық тауы. Керуен жолы осы екеуінің арасымен өтеді. Сол таулардан бірнеше жерде Ебі деген атаумен елге мәлім орасан үлкен жерасты үңгірі бар. Ол кей кезде, көбінесе қыс айларында екі тәулік бойына қатты дауыл тұрғызады. Тереңдігі қандай екендігі жан адамға белгісіз. Керуеншілер бұл жерден өткенде барымташылардан бетер қорқатынды .

Ебіден соққан дауылдың күштілігі соншалық жолында тұрғанның бәрін ұшырып көлге лақтырады. Көк таудың етегінде екі су көзі бар: бірі- салқын, екіншісі- жылы. Соның соңғысына қазақ пен қалмақтар барлық дерлік ауру- дерттен жазатын шипалы су деп табынады, құрбандық шалады".

Көл құпиясы жүздеген жылдар бойы ашылмады. Саяхатшы Александр Гумбольдт 1829 жылы Семейге келген сапарында бір қарияның аузынан жазып алған бұл аңыз ауыздан- ауызға тарап кетеді. Тек XIX ғасырдың орта шенінде А. Шренк, Г. Семенов- Тяньшанский, А. Голубев және басқа да ғалымдар мен саяхатшылардың келуімен көл құпиясы ашылып, ғылыми түсінік берілді. Мәселен, А. Шренк Алакөлдің ортасындағы Аралтөбе аралының жанартауға еш қатысы жоқ екендігін дәлелдеп беріп, белгілі ғалым А. Гумьбольдттің "Жоңғарияда жанартаулардың бар екендігі туралы теориясын теріске шығарды".

Алакөл жөніндегі деректер мынаны анықтап берді: ол Каспий теңізінің шығыс жағындағы үшінші үлкен көл. Оның батысында мөлшермен 100 шақырым жерде, шөл даланың ортасында Балхаш көлі жатыр. Бұлардың ертеректе біртұтас болғаны ешқандай күмән туғызбайды.

Шығыс жақтағы ең шеткісі және үлкені Алакөлге жапсарлас тағы екі көл бар: ортадағы Ұялы (қазіргі Қошқаркөл), ал батыс жағындағы тұсы- Сасықкөл аталады. Қытайдың ертедегі карталарында Алакөл қалмақша атауымен Алаң- тұғылнор (тарғыл бұқа көлі) деп жазылыпты. Бәлкім, оларда көл ортасындағы жартасты аралдар мүйіз сияқты көрінген болар. Ал тіпті, көне заманда жоғарыда аталған Күрке- нор (көпірлі көл) аталған көрінеді. Бұл мына бір жайтқа байланысты сияқты. Көне карталардың бірінде көлге ұзыннан бойлай кірген көптеген жіңішке мүйістерді байқауға болады, көл суы төмен түскен кезде олардың кейбіреулері қарсы жағаға жетіп, өткелге айналған. Оның бірі XIX ғасырдың ортасына дейін сақталған, кейіннен су астында қалған.

1862 жылы көлге келген орыс ғалымы А. Голубев астрономиялық бақылау құралдары арқылы жоғарыды аталған үш көлдің тұтас болғанын анықтаған. Оның үстіне қытайлық көне карталардың барлығында бұлардың бір ғана көл болып көрсетілген (3 кесте) .

Көлдер суларын төңіректегі таулардан аққан өзендер толықтырып тұрады. Өзендердің барлығы көктемде қатты тасып, тастарды атып, ағаштарды тамырымен жұлып әкетеді. Тартылған кезде ойдым- ойдым көлшіктер қалып, сол жерлерге қалың қамыс өседі. Оның арасында іркіліп қалған су жазда иістенеді. Екінші көлдің Сасықкөл атануы да осыдан. Алакөлдің түстік жағындағы қамысқа іркілген ұсақ көлдер Жалаңашкөлге жеткізіледі. Бір кезде ол да басқалармен қосылып біртұтас болған.

Енді оның соңғы " құпиясын " сөз етейік. Гумбольдт өзінің жол жазбаларында былай дейді:

"Көлдің ортасынан шыққан шағын арал сияқты тау әлі күнге керуендерге ажал болып тиетін алай- дүлей даулын туғызады".

Жоғарыда біз Аралтөбенің бұған ешқандай қатысы жоқтығын, үрлеп тұрған ешқандай үңгірдің жоқ екенін айттық. Сонда бұл қандай құбылыс?

Рас, Алакөл жазығында қоңыр күзден бастап сәуіпге дейін солтүстік- шығыс жақтан Ебі деп аталатын жел соғып тұрады. Ол Алатауды Барлық жотасынан бөліп тұрған Жоңғар қақпасы дейтін тар сайдан қысылып шыққан ауа. Оның қаттылығы соншалық Алакөлге дейінгі жазықта қыста қар қалдырмайды. Кейде тіпті орасан қатты дауылға айналып қатынасты толық жауып тастайды.

Алакөлді айтқанда шипалы суы бар Барлық-Арасанға тоқталмай кетуге болмайды. Су көзінің емдік қасиетін қалмақтар ертеден біліп, ол барлық ауруды жазып жібереді деп иланған. Қалмақ ханы Қалден мұнда сопыларға арнап бес үй тұрғызып, ыстық сумен жуыну үшін тастан хауыздар жасатқан.

Қазақтар күкірт дәмі бар ыстық сумен бірге соның нақ қасынан шығатын суық бұлақ суын да емге пайдалана білген. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары шекара шебін құрған орыс офицерлері мен казактар да оны пайдалануға кіріскен.

1886 жылдан бастап бұл су көздері Қызыл Крестің Жетісу бөлімшесінің қармағына беріледі. Сол кезден курорттық сипат алады, шеттен келушілер көбейеді. Ағаштан және кірпіштен жасалған алты ванна науқастарды толасссыз қабылдайды.

Міне, Алакөлдің құпия сырлары осылай ашылды. Оның даңқы жер-жерге жетті. Әрне, бұл қазір өзінше бір тарих. Бірақ, оны ары қарай осы сала мамандары халыққа жекізсе, өз жеріміздегі барымызды түгендеп, шетке де мақтан тұтып ұсына аламыз ғой.

Мұнда ойға түйетін нәрсе, осындай қызықты деректерді өзіміздің гид- экскурсоводтарымыз айтса, туристер одан сайын көбеймейме. Әзірше ол көлге шомылумен ғана шектеліп отыр. Бұл да бір қызмет көрсету түрі емес пе? Сондықтан, барымызды қолданып, өз игілігімізге жаратайық!

АЛАКӨЛ КӨЛІНДЕГІ ТАБИҒИ- РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛ

Алакөл шипалы сулары

Алакөл көлі еліміздегі ең шипалы көлдердің бірі. Әр маусым сайын Алакөл көліне барлық бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінен демалушылар келеді. Көл жағалауы қара, емдік балшық. Құрамы бойынша Алакөл суы теңіздік: хлорлы- сульфатты-натрийлі. Жазда шілде айының орташа температурасы (+26º) . Ол көптеген тері аурулары мен тірек- жүру аппаратын, тыныс алу органдарын, сүйек- буын жүйесі, ревмотоидтік артрит, остеохондроз, радикулит ауруларын емдейді, жалпы ағза жағдайын жақсартады.

Алакөл қазаншұңқыры жеткіліксіз ылғал зонасында жатқандықтан, өкпе қабынуына жақсы климаттық ем орны. Ғылыми дәлелденгені, тәжірибеде псириаз, экзема, невродерматит, крапивница ауруларын емдеуде жақсы нәтижелер байқалған. Білгірлердің айтуынша, "Қара теңізге алыс сапар шегудің мәні жоқ, өйткені мұнда әлемдегі Көк теңізден қалыспайтын, ал емдік қасиеті бойынша Өлі теңізбен тең келетін Алакөл көлі бар"- дейді.

Аңыз бойынша, Алакөл суында Шыңғысхан әскерлері жараларын жазса, нақты анығы, бұрынғы Кеңес одағы ғарышкерлері сапарларынан кейін осында денсаулықтарын күшейтіп, қалпына келген. Бұрынғыдай болмаса да, алғашқы тәуелсіздік жылдарынан кейін бүгінгі күні қайта Алакөл суы өз демалушыларын тапты. Олардың барлығы емдік мақсатта келіп, бәрі дем алып қайтады. Семей, Өскемен, Алматы, Талдықорған, Новосибирск, Омск, тіпті Санкт-Петербургтен келіп, ем алады. Келушілердің көбінің мақсаты - сауықтыру. Жиі аурулар пневмония, астма, аллергия. Демалушылар арасында соңғы аталған ауру түрі ең көп тараған.

Алакөлдің емдік тұзды суы астма, жүрек, қан тамырлары ауруларына, буын, құлақ және көз ақауларына бірден-бір ем. Жасөспірімдер үшін де су пайдалы - көлге 2-3 рет барған соң күш береді. Күнге күю қыс бойы түрлі аурулардан аман шығуға демеу береді. Суының кереметтілігі, шаршағанды тез басады, жарақаттарды жазады, бір сөзбен айтқанда, суы «айттырмас дәрі».

Көл суының минералдануы 1 литрде 9 граммға жетіп, дәл осы оның емдік тиімділігін жоғарлатады . Бұған қоса таза ауа, реликті шағала мен көлде мекен ететін 14 балық түрі, жусан, ақ селеу, суармалы бақбақ, дала гүлдері, хош иісті гүлдер түрлері гүлге дейін өскен. Дала хош иіс, сұлулық пен түрлі құстардың дауыстарға толы. Натуралистер бұл уақытты «ән мауысымы» деп атайды. Бұл Қазақстанның топырағындағы тылсым табиғат әсемдігінің қайталанбас бұрышы. Мұндай аналог Канадада ғана деп айтады. Біз осыны мақтаныш етуіміз керек. Бұл соған дәлел.

Қазақстан және Ресейден келушілеріне сұрау жүргізудің нәтижесінде басым көпшілігінің алғашқы орында денсаулықтарын түзету, жүйкелерін тыныштандыру, күш-қайрат жинау үшін келетіндіктері аңғарылған. Ресейлік демалушылар мұндай орынды аялау керек, мұндай сыйы үшін табиғатқа рахмет айту керек екендігін айтады. Дегенмен мемлекет тарапынан Алакөл көлін қолға алып, жетілдіру шаралары қажет.

Жалпы Алакөл минералды сулары деректерге сүйенсек, ертерекке кетеді. Соның бірі - барлық минералды сулары Семей облысының оңтүстігінде, барлық аңғарында Арасан-Тау тау етегінде теңіз деңгейінен 579 метр биіктікте Алакөл көлінен 24 шақырымда орналасқан жалғыз емдеу сауықтыру орны. Жақын Аягөз, Жалаңашкөл теміржол станциялары су көздерінен 330 шақырым және 90км орналасқан.

Жазғы уақытта Семей, Аягөз қалаларынан Жарбұлаққа дейін ыңғайлы автобустар бар. Тікелей Аягөз «Барлық-Арасан» курорттары автобус рейсы бар. Жолаушы автобусы ірі тұрғын аймақтары Үржар, Мақаншы, Жарбұлақ үлкен жолымен өтіп, қалған жолы Қарабұлақ пен барлық аңғарына дейін ауыл жолдарымен өтеді. Бүгінгі күні бұл жолдар үлкен жөндеуді күтіп тұр.

Күн көзі көптігі, таза тау ауасы, емдік минералды су Алакөлдегі теңіздік типтегі шомылу - барлығы «Барлық-Арасан» бай емдік кешені құрайды.

Керемет ландшафт, барлық қыраты тау торлары мен Жоңғар Алатауы әдемілік әсерін қалдырады. Шатқалдарымен жарты емес тау баурайларымен серуендеу жағымды эмоциялық әсер береді. Минералды көздердің пайда болуы ХІХ ғасырдың басында әйгілі болған. Осы жердегі кейбір халық елі үшін ыстық бұлақтар пайдаланғандығын дәлелдейтін қолжазбалар бар. Содан оның тарихы басталып, Барлық-Арасан курортына жетті.

Бұрын курорт жылдың 10 айы бойы істеген. Жаңа маусым жыл сайын сәуір айынан басталады. Бальнеологиялық корпуста 18 ванна, душ құрылғылары, жергілікті процедура қабылдау үшін құрал-жабдықтар бар. Жазғы уақытта емдік кешен Алакөл көлінде шомылумен, ауа және күн ванналарымен толықтырылады.

Ал бүгінгі күні «Барлық-Арасан» курортының бас дәрігері Мамырбек Сансызбаев және оның әріптестері негізгі корпустар мен жабдықталған санаторийлерді дағдарыс кезеңінен аман сақтай білді. Қазір 1976 жылы колхоз сауықтыру орталығы болған бұл Қазақстан Республикасының Ауылшаруышылық Министрлігі арқылы жекешелендіріліп, ЖШС мәртебесін алды. Кешен қожайыны баяу, бірақ толығымен бұрынғы қалпына келтіруде. Жақсы көріктендірілген бас корпуста бір-екі адамдық орналасу орындары өте ыңғайлы. 1995 жылдан бүгінгі күнге дейін курорт әзірше мауысымдық: 1 шілдеден 1 қазанға дейін жұмыс істейді. Кешеннің медикалық құрамы 3 дәрігер, 8 медбике, барлығы да өз ісінің мамамын, біліктілігі жоғары. Жазда барлығы тыным таппай жұмыс істейді, ал қалған уақыттакешенді күтіп, келесі маусымға дайындайды. Барлық-Арасанда демалу мен емделу жеті күннен жиырма төрт күнге дейін созылады. Жолдама құны бір күнге 1500 теңге. Оған тұру, емделу, төрт уақыт тамақтану, күн сайынғы Алакөл көліне сапар кіреді. Онда таңертеңнен түскі асқа дейін болады. Ұлы отан соғысы ардагарлері мен көп балалы аналарға, жеті жасқа дейінгі балаларға жолдама жеңілдігі бар.

Әрине демалушылар саны аз, алайда келушілер саны жыл санап артуда. Өйткені табиғаттың мұндай сыйы тіпті атақты Канар аралдарында да жоқ.

Демалушылардың ванна қабылдап, суда шомылғаннан соң Барлық аңғарының ең тар бөлігінде 560 метр ұзақтықта жер бетіне шығып жатқан минералды сулардың 12 бұлағы бар. Олардың суммарлы дебиті тәулігіне 192 мың литр. Барлық су көздері бір химиялық құрамдас, бірақ тұщы су бөлінісі әртүрлі. Басты су көздерінің темпиратурасы тұрақты және шыға берісінде 42ºС құраса, жазғы уақытта емдік ваннадағы темпиратура 41ºС болады. Ем үшін бір-екі су көздері қолданылады. Олардың суммарлы дебиті тәулігіне 80 мың литрді құрайды.

Барлық-Арасан су көзі химиялық құрамы мен нашар радиобелсенділігімен Цхалтубо, Сары-Ағаш, Алма-Арасан минералды суларына ұқсас. Ол ыстық кремнийлі, аз мөлшердегі көмірсутегі, хлорлы-сульфатты, кальцийлы-натрийлы сульфаттан тұрады.

«Барлық-Арасан» суы сыртқы және ішкі қолданысқа жарамды минералды ванна тері, қан айналымын жақсартады, Барлық ауыз суы асқазан ішек жолдары қызметін жақсартады, минералды сулар түрлі ванналарда қолданылады. Солайша түрлі ауруларға Барлық-Арасан ем жасайды.

Әртүрлі аурулардың жазылуына климаттық терапия маңызды рөл атқарады. Барлық-Арасан аласа таулы, далалы, шөлейтті, жазы жылы және қоңыржай суық қысы бар зонада орналасқан. Тау әсерінен атмосфералық қысым және оттегі мөлшері төмен, ауада күн радиациясы өте көп. Жиі тау және тауаралықтарында жел бағыты ауысып тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарбағатай жотасы
Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің географиялық орны
Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көліне
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қапшағай суқоймасындағы кейбір бөгде балықтардың таралуы
Қазақстанның географиялық орны, ірі физикалық георафиялық нысандарына қысқаша сипаттама
Кербұлақ мекені маңының табиғи жағдайлары
Алакөл көлінің экологиялық жағдайы
Алакөл ойысына физикалық-географиялық сипаттама және экологиялық мәселелері
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz