Қазақстанның “Ақ жол” Демократиялық партиясының тең төрағасы Әлихан Байменовтың “Қазақстандағы конституциялық реформаның негiзгi нұсқасы” тақырыбы бойынша “Демократияны қолдау мақсатындағы азаматтық диалог” атты Дөңгелек үстелдiң екiншi отырысында жасаған баяндамасы


Құрметтi, дөңгелек үстелге қатысушылар мен қонақтар!
Барлық елдердегiдей, Қазақстанда да конституциялық реформаның жақтастары мен қарсыластары жетерлiк. Мен конституциялық реформа жасау қажеттігіне жан-тәніммен сенген адам екенiмдi бірден-ақ мәлімдегім келедi. Мемлекеттiк қызметте жүргенімде де, қоғамдық-саяси іске араласу барысында да, Конституциямыздың кемшін тұстарын әлденеше рет байқауыма тура келді. Барлығына бірдей мысал келтіріп жатпай-ақ қояйын. Ондай жағдайлар өте жиі кездеседі. Тек жуырда ғана болып өткен Алматы қаласының ауданаралық экономикалық сотының «Қазақстанның Демократиялық таңдауы» Халықтық партиясын тарату туралы шешiмiн ғана естеріңізге сала кетсем де жеткілікті шығар. Бұл шешiм, тіпті немқұрайлы түрде болса да, өзі бекіткен еркiндiк пен құқық нормаларын жүзеге асыру тұрғысынан алғанда, Конституциямыздың пәрменсіз екенiнің нақты дәлелі болды. Бұл шешiм өздерінің еркіндіктері мен құқықтары әдiл сот арқылы қорғалатындығына қазақстандықтар сенетiндей жүйе жасай алмағанымызды айқын көрсетіп берді.
Реформаны қаламайтындар: «Қазіргі Конституцияның арқасында экономикамыз өсуде, елде тұрақтылық пен келiсiм бар» деген дәлелді жиі алға тартады. Шындығында, егер сандық тұрғыдан келсек, экономикалық жетістіктер бар. Бірақ, бірiншiден, экономиканы қалпына келтірудегі өсім қазір, тіпті, азамат соғысы мен ішкі шиеленіс кезеңдерін басынан өткізген ТМД елдерінің барлығына да тән. Екiншiден, бүгінгі күні бізде даму сапалық жағынан өсуді емес, керісінше шикізат өндіру көлемінің өсуі мен дүниежүзілік рыноктағы баға конъюктурасының қолайлылығына негізделген экономикалық көрсеткіштердің сандық жағынан өсуін ғана байқап отырмыз.
Конституцияны өзгертуді қаламайтындар өз ұстанымдарын дәлелдеген болып: «Қазақстан өзінің дамуы жағынан аймақтағы көршiлестерiн айтарлықтай басып озды» дегенді жиі қайталайды. Бірақ, бiз өз көрсеткiштерiмізді көршiлердiң жетістіктерімен салыстыруға тиіспіз бе, әлде, өз елiмiздің мүмкiндiктерi мен халқымыздың күш-қуатын бағдар етіп алуымыз керек пе? Әділіне жүгінсек, екіншісі дұрыс деп ойлаймын.
Қазiргi Конституциямыз Қазақстанды демократиялық және әлеуметтiк мемлекет деп жариялады. Бұл – мемлекет өз қызметінде еркіндік, әдiлдiк және демократия сияқты құндылықтарды басшылыққа алуы тиіс дегенді білдіреді. Бірақ, бізде ұлттық байлықты бөлуде әділеттілік бар ма? Үкімет қабылдаған және жариялаған көптеген бағдарламаларға қарамастан, неге байлар мен кедейлердiң тіршілік деңгейінің арасындағы алшақтық үнемі өсумен келеді? Неліктен сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың күнделікті өміріндегі белгілі бір нормаға айналды, ал оған қарсы жүргізілген қандай да бір күрес ешқандай нәтиже бермей отыр? Неліктен шенеунiктер мен лауазымды адамдар азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңдарды басты бұзушыларға айналды? Нарықтық экономикаға көшу қажеттігін жариялап және оның негізін қалай болса солай құра салған мемелекет неге меншiкке құқықтық кепiлдiкті қамтамасыз ете алмай отыр? Экономиканың көптеген субъектiлерінің өздерінің жекеменшiгi мен бизнесінің болашағын құқықтық кепілдіктермен емес, керісінше саяси кепiлдiктермен байланыстыруы дұрыс па?

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 11 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Қазақстанның “Ақ жол” Демократиялық партиясының тең төрағасы Әлихан
Байменовтың  “Қазақстандағы конституциялық реформаның негiзгi нұсқасы”
тақырыбы бойынша “Демократияны қолдау мақсатындағы азаматтық диалог” атты
Дөңгелек үстелдiң екiншi отырысында жасаған баяндамасы. (Ақжол Қазақсат №1
(124) 14.01.05).
 
 
 
 
 
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА:
Саяси жүйенi жетілдіру арқылы Қазақстанның тұрақты дамуы мен гүлденуiне
жету
 
Құрметтi, дөңгелек үстелге қатысушылар мен қонақтар!
Барлық елдердегiдей, Қазақстанда да конституциялық реформаның жақтастары
мен қарсыластары жетерлiк. Мен конституциялық реформа жасау қажеттігіне жан-
тәніммен сенген адам екенiмдi бірден-ақ мәлімдегім келедi. Мемлекеттiк
қызметте жүргенімде де, қоғамдық-саяси іске араласу барысында да,
Конституциямыздың кемшін тұстарын әлденеше рет байқауыма тура келді.
Барлығына бірдей мысал келтіріп жатпай-ақ қояйын. Ондай жағдайлар өте жиі
кездеседі. Тек жуырда ғана болып өткен Алматы қаласының ауданаралық
экономикалық сотының Қазақстанның Демократиялық таңдауы Халықтық
партиясын тарату туралы шешiмiн ғана естеріңізге сала кетсем де жеткілікті
шығар. Бұл шешiм, тіпті немқұрайлы түрде болса да, өзі бекіткен еркiндiк
пен құқық нормаларын жүзеге асыру тұрғысынан алғанда, Конституциямыздың
пәрменсіз екенiнің нақты дәлелі болды. Бұл шешiм өздерінің еркіндіктері мен
құқықтары әдiл сот арқылы қорғалатындығына қазақстандықтар сенетiндей жүйе
жасай алмағанымызды айқын көрсетіп берді.
Реформаны қаламайтындар: Қазіргі Конституцияның арқасында экономикамыз
өсуде, елде тұрақтылық пен келiсiм бар деген дәлелді жиі алға тартады.
Шындығында, егер сандық тұрғыдан келсек, экономикалық жетістіктер бар.
Бірақ, бірiншiден, экономиканы қалпына келтірудегі өсім қазір, тіпті,
азамат соғысы мен ішкі шиеленіс кезеңдерін басынан өткізген ТМД елдерінің
барлығына да тән. Екiншiден, бүгінгі күні бізде даму сапалық жағынан өсуді
емес, керісінше шикізат өндіру көлемінің өсуі мен дүниежүзілік рыноктағы
баға конъюктурасының қолайлылығына негізделген экономикалық көрсеткіштердің
сандық жағынан өсуін ғана байқап отырмыз.
Конституцияны өзгертуді қаламайтындар өз ұстанымдарын дәлелдеген болып:
Қазақстан өзінің дамуы жағынан аймақтағы көршiлестерiн айтарлықтай басып
озды дегенді жиі қайталайды. Бірақ, бiз өз көрсеткiштерiмізді көршiлердiң
жетістіктерімен салыстыруға тиіспіз бе, әлде, өз елiмiздің мүмкiндiктерi
мен халқымыздың күш-қуатын бағдар етіп алуымыз керек пе? Әділіне жүгінсек,
екіншісі дұрыс деп ойлаймын.
Қазiргi Конституциямыз Қазақстанды демократиялық және әлеуметтiк мемлекет
деп жариялады. Бұл – мемлекет өз қызметінде еркіндік, әдiлдiк және
демократия сияқты құндылықтарды басшылыққа алуы тиіс дегенді білдіреді.
Бірақ, бізде ұлттық байлықты бөлуде әділеттілік бар ма?  Үкімет қабылдаған
және жариялаған көптеген бағдарламаларға қарамастан, неге байлар мен
кедейлердiң тіршілік деңгейінің арасындағы алшақтық үнемі өсумен келеді?
Неліктен сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың күнделікті өміріндегі
белгілі бір нормаға айналды, ал оған қарсы жүргізілген қандай да бір күрес
ешқандай нәтиже бермей отыр? Неліктен шенеунiктер мен лауазымды адамдар
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңдарды басты
бұзушыларға айналды? Нарықтық экономикаға көшу қажеттігін жариялап және
оның негізін қалай болса солай құра салған мемелекет неге меншiкке құқықтық
кепiлдiкті қамтамасыз ете алмай отыр? Экономиканың көптеген субъектiлерінің
өздерінің жекеменшiгi мен бизнесінің болашағын құқықтық кепілдіктермен
емес, керісінше саяси кепiлдiктермен байланыстыруы дұрыс па?
Мұндай сауалдардың сан түрлісін қоюға болады. Бұларға жауап iздеу,
негізгі өзектi мәселеге – биліктің жауапкершiлiгiнiң жоқтығына – әкелiп
соғады.
Біздің қарсыластарымыз қайталаудан жалықпайтын Конституцияның әлеуеті
жайлы айтар болсақ, онда бүгінгі күні азаматтардың саяси және экономикалық
құқықтары мен бостандықтары тұрғысынан алғанда, Коституцияның бұл сөз
жүзінде жазылса да дұрыс деп есептелетін нормалары негізінен жүзеге
аспайды, өйткені Конституция жауапкершілікті сезінетін биліктің өмір сүруін
қамтамасыз ете алмай отыр.
Тек шектеу және тепе-теңдікке негізделген жүйе қалыптасқанда ғана, сондай-
ақ жариялы биліктің әрбір органында өкілеттіктер мен жауапкершіліктің тепе-
теңдігі сақталғанда ғана жауапкершiлікті сезінетін билік өмірге келеді. Бұл
– адамзат тарихы дамуының барлық кезеңдерінде дәлелденген шындық.
Қазіргі Конституция халық алдында жауапты билікті қалыптастырып отыр ма?
Бұл Конституцияның ат төбеліндей адамдар шоғырының озбырлығынан, биліктің
солардың қолдарына шамадан тыс шоғырлануынан қорғай алатын тетіктері бар
ма? Қазiргi Конституция лауазым иелеріне өздерінің өкілеттілігіне қарай
жауапкершілік жүктей ала ма? Өз елінің тағдырына немкеттілікпен қарай
алмайтын кез-келген саналы адам бұған үзілді-кесілді “Жоқ!” деген жауап
берер деп ойлаймын.
Бүгiнгi күнi Қазақстанның алдында тұрақты өркендеу және бәсекелестікке
төтеп бере алатын экономика құру мақсаты тұр. Бұл міндет жайлы билiк те
әлдеқашан жариялайды. Алайда, тұрақты саяси жүйеміз болмай, еліміздің
тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес! Ел iшiнде
экономика мен саясаттағы әділ бәсекелестiкке жағдай жасамай тұрып,
Қазақстанның бәсекелестiк қабілетін қамтамасыз ету мүмкін бе? Әрине, мүмкін
емес!
Айтылған мәселелердің түп-тамыры бiздiң саяси жүйеміздің
жетілмегендігінде жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас. Тек осы жағдай ғана
қағаз жүзіндегі Конституция мен еліміздегі шынайы жағдайдың арасындағы
алшақтыққа әкеп соғып отыр.
Тұтастай алғанда, егер қазіргі саяси жүйені бір сөзбен сипаттау қажет
болса, онда: Ол – тұрақсыздық дер едім. Бұл арада саяси жүйе
тұрақсыздығының астарын іздеу маңызды. Бірінші кезекте, бұл тұрақсыздық
негізі іс жүзінде бір ғана лауазым иесінің – мемлекет басшысы лауазымының –
шексіз өкілеттігіне сай жауапкершілігінің ие жоқтығы жатыр. Оның қызметіне
ешкім бақылау жасамайды, ол ешкімнің алдында есеп бермейді. Конституцияда
айқындалғанындай, Президент атқарушы биліктің басшысы болып есептелінбесе
де, бірақ оған Конституция берген өкiлеттiліктер оны осындай етіп қойды.
Бұл дуализм әкімдердің жергілікті атқарушы биліктің басшысы болумен қатар,
президенттің өкілі болып отырғандығынан-ақ байқалады.
Биліктің бір адамның қолына шамадан тыс шоғырлануы бүкіл мемлекеттің
тұрақты қызмет етуі субъективті факторға, субъективті сипаттамаларға және
бір ғана адамның көңіл-күйіне байланысты қылып отыр. Бірінші басшының ел
тағдырындағы ролі жайлы көп ойлануға болар, алайда, елдегі тұрақтылық пен
болашаққа деген сенімді бір адамның ғана билік басында болуына және соның
ғана көңіл-күйіне байланыстыру мемлекеттің Конституцияда белгіленген
демократиялық және зайырлық сипатына сай келмейтінімен әркім-ақ келісер деп
ойлаймын.
Ел ішінде әділ бәсекелестіктің болуы – дүниежүзілік аренада да еліміздің
бәсекелестік қабілеті болуының басты шарты болып табылады. Біздегі саяси
жүйе өзінің әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге дәрменсіз екенін көрсетті.
Бүгінгі күні экономикада да, саясатта да  ашықтық пен әділ бәсекелестік
жоқ. Биліктің барлық тармақтары мен деңгейлерінің шешім қабылдауы тек соның
ғана қабылдаған шешіміне тәуелді болатын бір субъектіге әсер ету жолындағы
ат төбеліндей олигархтардың жабық та көлеңкелі бәсекелестігі айқын белең
алуда. Нәтижесінде, саясатқа Қазақстанның барлық халқынан гөрі осы
топтардың әсері басым болып отыр. Сонымен бірге, заң мен азаматтардың
құқықтарын қорғауға тиісті конституциялық органдар, шын мәнінде,
Президентке ғана емес, тек мемлекет Басшысының қызметін қамтамасыз етумен
айналысуға тиісті органға – Президент Әкімшілігіне де бағынышты болып
шықты.
Халық мүддесін жоқтауға тиіс Парламентке келсек, шын мәнінде, ол
мемлекеттік саясатты жасауға қатыспайды. Парламент жоғарғы өкілетті
органның ролін атқарып отырған жоқ. Еске түсіріп көрейікші, біздің
Парламентте еліміз дамуының тұжырымдамалық мәселелері туралы пікірлесулер
мен тыңдаулар қашан болып еді? Негізгі бағыттарымызды айқындайтын Президент
Жолдауының өзі де Парламентте талқыланған емес. Қажет болса, Парламент
өздері қабылдаған заңдарының орындалуын да бақылай алмайды. Ол атқарушы
билікті де бақылай алмайды. Ақырында,  азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын іс жүзіне асыруға бағытталған заң қабылдап отырған Парламент
жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелерінде
мейлінше дәрменсіздік танытып отыр. Мәжіліс сайлаулары кезінде азаматтардың
саяси құқықтары мен бостандықтарының теңдесі жоқ көлемде бұзылуының ең
жоғарғы өкілетті органда талқылауға тұрарлық мәселе болып есептелмегені
дұрыс па?
Айтылған өзекті мәселелерді конституциялық реформасыз шешу мүмкін емес.
Оларды былай қойғанда, Конституцияның өзінің ішінде де қарама-қайшылықтар
бар екенін оның мызғымастығын жақтайтындардың есіне сала кету қажет деп
есептеймін. Мәселен, жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін мысалға
келтіруге болады. Он жыл өтсе де, осы уақытқа дейін Қазақстан жергілікті
өзін-өзі басқару туралы заң қабылдай алмай отыр. Мәселе заң жобаларының
нашар болғандығында емес. Мәселе Конституцияның ішкі қарама-
қайшылықтарында. Егер Конституцияның әрпіне жүгінсек, онда біздің қалалар
мен елді мекендерде мәслихаттармен қатар жергілікті басқа да өзін-өзі
басқару органдарының болу қаупі бар. Бұл ақылға да сыйымсыз, жергілікті
өзін-өзі басқару туралы қабылданған Европалық хартияға да қайшы келеді,
және еліміздің бірлігіне қауіп төндіреді.
Сондай-ақ, мұндай қарама-қайшылықтар мен көптеген шалалықтар лауазым
иелерінің жауапкершіліктері мен заңдардың түсіндімелері мәселелеріне де
тән.
Конституция біздің қоғамымыздың қазіргі кезеңдегі жағдайын да, сондай-ақ
біздің тарихи тәжірибелерімізді де ескеру тиіс. Ол барлық нәрсе мемлекеттің
бақылауында болған және жеке адам билеп-төстеген, бірнеше ондаған жылдарға
созылған жүйеден мұра боп қалған келеңсіздіктерден болашақта арылудың
жолдарын қарастыруы тиіс. Қазақстандықтардың жасампаз күш-қуаты еліміздің
гүлденуіне әкелуі үшін, қазіргі кезеңде және болашақта азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесіне басымдық берілуі тиіс. Бізде
азаматтардың құқықтары мен бостандығының шектелмеуінен, олардың қоғамдық
тәртіпті, келісім мен тұрақтылықты бұзуына байланысты жалпыұлттық көлемдегі
өзекті мәселелердің болмағанын және жоқ екендігін ескеруіміз қажет.
Керісінше, бізде азаматтардың өздерінің саяси және экономикалық құқықтары
мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде биліктің жауапсыздығы, құқықтары
мен бостандығының аяққа басылуы сияқты жүгенсіздіктерге тап болуына
байланысты өзекті мәселелер бар.
Тұтастай алғанда, бүгінгі күні Қазақстанға  Конституцияда формальды
жазылған және іс жүзінде орын алып отырған мемлекеттік билікті қалыптастыру
мен оны жүзеге асыру тәртібінің, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыру мүмкіндіктерінің араларындағы айтарлықтай
алшақтық тән деп айтуға болады. Осылардың негізінде, Конституцияны
реформалау кезінде негізінен билік тармақтарының қалыптасуына, олардың
қызметі мен өзара бірлесіп әрекет жасауына, сондай-ақ әрбір азаматтың
құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуын қамтамасыз етуге назар аудару
керек.
 
                                                      * * *
Ұсынылып отырған Конституциялық реформаға қатысты негізгі ой-
тұжырымдардың  мазмұнына қысқаша тоқталып өтейін.
Қазақстандағы мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі басты орынды ең
жоғарғы өкілетті және бірден-бір заң шығарушы орган болып табылатын
Парламент – Мәжіліс – иемденуі керек.
Мәжіліс бір палаталы парламент болуы тиіс. Бұл мемлекеттің тұтастық
сипатына сай келеді. Парламенттің бір палаталы үлгісі, Парламент палаталары
арасындағы келіспеушілік салдарынан парламенттік дағдарысқа алып келетін 
екі палаталы жүйеге қарағанда, биліктің заң шығарушы тармағын мейлінше
тұрақты етеді.
Мәжіліс депутаттарының саны 150-180 адамды құрауы тиіс. Бұл жағдайда,
олардың жартысы пропорционалды өкілдік жүйесі, ал екінші жартысы
бірмандатты сайлау округтері бойынша сайлануы керек.
Мәжілістің негізгі қызметтерінің бірі атқарушы биліктің қызметіне бақылау
жасау болуы тиіс. Сондай-ақ, оған заңдарға түсіндірмелер жасау құқығын да
беру қажет.
Республика Үкіметін қалыптастыруда Мәжіліс негізгі роль атқаруы тиіс.
Премьер-Министрді Президенттің ұсынысымен Мәжілістің тағайындауы
ұсынылады. Президент, Премьер-Министр кандидатурасын тек депутаттар
фракцияларының Президентке ұсынған кандидатураларының арасынан таңдай
алады.
Тағайындалған сәттен бастап екі аптадан кешіктірмей, Премьер-Министр
Мәжіліске Үкіметтің құрамы мен өзінің жұмыс бағдарламасын ұсынады.
Үкіметтің жұмыс бағдарламасын Мәжілістің мақұлдауы оған сенім білдірілгенін
және осы Үкіметтің жұмысының басталғанын айғақтайды. Сондай-ақ, Мәжіліс өз
шешімімен Үкіметтің құрылымын бекітеді.
Мәжіліс Үкіметке немесе оның жекелеген мүшесіне сенім білдіру-білдірмеу
туралы мәселе қоя алады. Үкімет Мәжіліс алдында ұжымдық, ал оның әрбір
мүшесі өз міндеттерін ойдағыдай атқаруына жеке жауапкершілікте болады.
Үкімет Мәжілістің жаңадан сайланған құрамы алдында өз өкілеттігін
тоқтатады.
Мәжіліс депутаттарының, Үкіметтің, сондай-ақ өзіне Конституция берген
құзіреттер шеңберінде Президенттің заң ынталандыру бастамасы құқығы болуы
керек.
Атқарушы биліктің қызметіне бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін, қазіргі
Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
құзыреттерін айтарлықтай кеңейткеннен кейін, оны Жоғарғы бақылау комиссиясы
деп атап, өзіне есеп беріп отыратын орган ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциялық дамуының негізгі кезеңдері
«НҰР ОТАН» ХАЛЫҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Республика Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
Польшадағы постсоциалистік кезеңдегі демократиялық өзгерістер
Қазақстан – ЕҚЫҰ төрағасы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы жайлы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
Қазақстандағы азаматтық журналистика ерекшеліктері
Әлихан Бөкейханов
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь