АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1873-1938)



Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы.
1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.
1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.
1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.
Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал" жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.
1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.
Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1873-1938)

Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист,
аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы.
1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген
жерде дүниеге келді.
Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға
Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара
салады.
1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895
жылдары Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.
1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның
атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907,
1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор
қаласына жер аударылады.
Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы
И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал" жинағын шығарады. Қазақ
поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың
ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.
1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады.
Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның
редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.
Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш"
партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан
үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби
комиссияның төрағасы болып сайланады.
Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу
орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны
үшін 1929, 1937 жылдары екі рет с2007-09-26:
Өз қолымен жазған “Өмірбаянында” (1929, 8 наурыз) Ахмет Байтұрсынов былай
дейді: “Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық,
морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ
алфавитін (шрифтін емес), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа
жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа
тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен; ақыры, ең соңында,
төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби
тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы
халықтың жады тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар
өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған “Қазақ” газеті арқылы іске
асты”.
Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде
айтылған.
“Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы
дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге
түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса,
ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу
заманы – жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен
заман...”, – деп жазды ол.
Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады. Қазақ
мектептеріндегі оқыту жайлы, олардың қиындықтарын таратып айта келіп, автор
өзінің оқыту әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтып
отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп, ой жүгіртіп көріңіз:
“Дүниедегі жұрттардың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) түбіршек тіл, 2)
жалғамалы тіл, 3) қопармалы тіл. Түбіршек тіл түпкі қалыбынан өзгерілмей
жұмсалады, мәселен: қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл сөздің аяғына
жалғау қосылып өзгерілетін тіл, мәселен: түрік, финн тілдері. Қопармалы тіл
сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен: орыс тілі, араб тілі”
Дәл бүгін айтылғандай әсер қалдыратын бұл пікіріне таңданбасқа шара жоқ.
Әдебиетші ақын Ахмет Байтұрсыновтың өнерпаздар мұрасының маңызды саласы ол
жинап, реттеп, өңдеп бастырған – фольклор материалдары. Мұның бірі – 1923
жылы Мәскеудегі Күншығыс баспасынан шыққан “Ер Сайын” жыры. Кітап Шоқанның
досы, әйгілі орыс ғалымы Григорий Николаевич Потанинге тарту ретінде
шығарылған.
Ахмет Байтұрсынов жинап, реттеп, сұрыптап бастырған екінші фольклорлық мұра
– 1926 жылы Москвада жарияланған – 23 жоқтау. Әдеби тілдің қалай
жасалатынын айта келіп; “Әдеби тіліне негіз етіп аузындағы тіл алынбаса, ол
әдебиет адасып кетпек, енді ғана өсе бастаған қазақ әдебиетін алғанда мұны
естен шығармау керек... Тіл тақырыпты Ленин сияқты көсемдердің айтқан
сөздерін, үгіттерін оқыған не естіген кісі жолымыздың тура екендігін
байқаса керек”, — дейді. Жинақ Шәңгерейдің “Сыршы” деген өлеңінің:
Құйрық атып құлия,
Түлкідей қашқан жымия.
Қараңды үзіп барасың,
Бізден қайран дүние...
Дәурен өтіп, жас жетіп,
Замандас құрбы адамдар
Азайып келіп о бітті.
Көрген түстей бәрі де
Көзімнен болды зым-зия, —
деген жолдарымен басталады. Қазақ тарихының 400 жылдық мерзімін қамтитын 23
жоқтау, трагедиялық жырлар берілген. Бұлардың ішінде Бапай батыр, Қаз
дауысты Қазыбек би, бірнеше тарихи тұлғалар бар, түсініктемелерде дәлді
деректер бар.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап
беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы “Әдебиет
танытқыш” (“Теория словестности”) деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл
салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап
үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі,
методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел
осы кітапта қалыптастырылған.
“Әдебиет танытқыштағы” қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын
топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты — әуезе,
лириканы – толғау, драманы – айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға
жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме,
саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз,
уағыз, көсемсөз (публицистика). Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі:
ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш – бұлар
бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме –
бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел – бұлар
үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата
– бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр –
бұлар бесінші топ. Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап, саралауға
мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, салттама, ғұрыптама,
қалыптама деген терминдер қазіргі ұғымымызға өзі сұранып тұр.
Қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлуде де толып жатқан жаңалық бар. Хисса,
хикаят, насихат, мінажат, мақтау, даттау, шығармаларды діндар дәуір
әдебиетіне жатқызса, сындар дәуір әдебиетіне ұлы әңгіме (роман), ұзақ
әңгіме (повесть), әңгіме кірмек. Лирика түрлерін саф толғау, марқайыс
толғау, налыс (мұңайыс) толғау, намыс-таныс толғау, сұқтаныс толғау,
(даттау, қаралау, наз) деп жіктеу, мазақ, мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп
саралау, тартыс түрлерін әлектеніс, әуреленіс, азаптаныс деп таратып
әкетуге де қайран қаласыз.
Қысқасы, “Әдебиет танытқыш” кітабындағы бірқыдыру термин, ұғым, категория
әдеби тілімізге, ғылыми оралымға кезінде кіргенін айта отырып, бұл еңбекте
эстетикалық ойлау жүйемізді әлі де байыта түсетін тамаша қазына, ересен
тапқырлықтар бар екенін көрсетуіміз қажет. Сонымен Ахмет Байтұрсынов қазақ
әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым
екендігін мойындамау шындық алдындағы қиянат болар еді.
Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және
айрықша тиянақталған тұжырымды еңбегі – “Әдебиет танытқыш”.
Шолу ретінде, атүсті айтылғанмен, бұл еңбек дәлді зерттеліп, әділ бағасын
әлі алған жоқ.
Бірден айту керек, “Әдебиет танытқыш” – Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-
философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық
танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының ерекше зор, айтылған
ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін,
ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек. Ұлттық әдебиеттану ғылымы
қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша
өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы
зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов
– тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану,
өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан.
Бұл еңбекте Ахмет Байтұрсынов фольклорлық, әдеби текстерді талдаудың,
жанрлық түрлерге ат қойып, анықтама берудің тамаша шебері, әдеби дамудың
болашағын көрсете алатын асқан сыншы, өмір, қоғам, адам табиғаты жөнінде
терең пікір толғайтын ұлы ойшыл екендігін көрсетті. Ерекше қуанарлық нәрсе,
жазылғанына 70 жыл өткен еңбектің дәл бүгін көкейкесті, актуалды болып
отырғандығында. Оның қай бетін ашып оқысаң да, көкейге қона кетеді. Ахмет
Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” еңбегінде зерттеу объектісі етіп, қазақ ауыз
әдебиетін, қазақ жазба әдебиетін, оның сан алуан үлгілерін алған. Автор
қандай ғылыми еңбектерге сүйенгені туралы мәлімет, дерек келтірмейді. Ең
алдымен ғалымның әдебиет теориясы, сыны, тарихы, текстологиясы, жанрлары
жөнінде дүниежүзілік әсемдік ойдың негізгі тұжырым, идеяларымен терең
таныстығы айқын аңғарылады. Қоғамдық, тарихи-эстетикалық, философиялық
білім мығымдығы үнемі сезіліп отырады.
Өнер тарауларын сәулет (архитектура), сымбат (скульптура), кескін
(живопись), әуез (музыка), сөз (әдебиет) өнері деп даралап, әрқайсысына
дәлді анықтама беруінен, сөз жоқ, неміс ғалымы Лессингтің әйгілі “Лаокон”
трактатымен таныстықты байқауға болар еді. Сол сияқты әдебиет тектерін
таратқанда, ішкі ғалам (субъективті әлем), тиіс ғалам, түйіс ғалам
(объективті әлем) ұғымдарын пайдалану ескідегі Аристотель, кейінгі Гегель,
бергідегі Белинский, Веселовский концепцияларын еске түсіреді. Ал ауыз
әдебиетін жалпылай топтау тәсілдерінен орыстың дәстүрлі фольклоршыларының
сабағы аңғарылады. Бір ерекше жәйт, А.Байтұрсынов ұзақ-ұзақ цитата алып,
өзгелерден бәтуа іздеп, басқаның пікіріне жығыла салатын әдеттен мүлде
аулақ. Дәлірек айтқанда, “Әдебиет танытқышта” пәленшекең айтты деген бірде-
бір пікір, тұжырымға сілтеме жоқ.
Өнер туралы жалпылай мәлімдеп, көркем сөз өнерінің тарауларын жеке-жеке
ерекшелеп көрсетіп, сөз өнері, шығарма сөздің ақылға, қиялға, көңілге
беретін әсерін анықтап алып, ұғыну, тану, ойлау, ұқсату, бейнелеу,
суреттеу, түю, талғаудың айырмасын анықтап, тақырып, жоспар, түр дегендерді
түсіндіріп, мазмұн алуандығын әуездеу, әліптеу, пайымдау деп үшке бөледі.
Бұларды түсіндіру үшін Абай, Мағжан өлеңдері, М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек”
трагедиясы, “Жәнібек батыр” аңыз әңгімесі мысалға алынған.
“Әдебиет танытқыштың” бірінші бөлімі “Сөз өнерінің ғылымы” деп аталып,
бірнеше шағын бөлімшелерге, баптарға бөлініп, олардың әрқайсысында нақты
мәселе қаралады.
Ең алдымен тіл, сөз өнері, шығарма дегеніміз не деген сұрауларға, ғылыми
дәлді, ықшам, толық анықтама беріледі. Автор сөз өнері ғылымын: 1)
шығарманың тілінің ғылымы; 2) шығарманың түрінің ғылымы деп екіге бөліп
қарайды. Тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны деп, мазмұн жағынан қара сөз
жүйесі, дарынды сөз жүйесі деп екіге бөледі.
Автор сөз өнерін үй қалау өнерімен өте қисынды салыстыра көрсетеді де, сөз
талғау орайында шығарма тілі екі түрлі болатындығын айтады, олар –
біріншісі – ақын тілі, екіншісі әншейін тіл. Сөз дұрыс болу үшін түрлі
жалғау, жұрнақ, жалғаулықты жақсы білу, өз орнында тұтыну, дұрыс есептеп,
сөйлемдерді дұрыс орналастыру, құрмаластыру, орналастыру шарттары алға
қойылады. Тіл тазалығына анықтама беріп, ол үшін орыстың жақсы жазушылары
қойған талаптарды үлгі етіп алған. Олар:
— Ескірген сөздерге жоламау;
— Жаңадан шыққан сөздерден қашу;
— Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашу;
— Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын
сөздерге жоламау.
Ахмет Байтұрсынов “Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз
тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана
тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің
қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың
тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән
сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз
керек”, - деген ұлы талабын өзі нақты іске асырды.
“Әдебиет танытқышта” қойылған күрделі мәселенің бірі – қара сөз бен дарынды
сөз жүйесінің, ғылым мен әдебиеттің айырмасы. А.Байтұрсынов қазақта бұрын
бола қоймаған терминдердің баламасын тауып, не өз жанынан жаңадан сөз жасай
отырып, өте күрделі ғылыми, философиялық, эстетикалық көзқарастарды айтады,
қиын проблемаларды ұғынықты түсіндіріп береді.
Ғалым жер жүзі жұрттарының тілдеріндегі шығармалардың бір-біріне ұқсас
болып келу себептерін тұрмыс-салт, өмір-тіршілік ұқсастығынан туатындығын
кеңінен дәлелдейді. Адамзаттың балалық шағындағы табиғат құбылыстарын
кереметке жору, жоққа илану, дәу, пері, жезтырнақ, жалмауыз секілділерден
қорқып, пері-періштеге, аруаққа сену салдарынан туған шығармаларға баға
береді. Жазу-сызу жоқ дәуірде туған жырлардың ауыздан-ауызға, заманнан-
заманға көшуі, батырлар жырының бір адамның сөз болудан шығып, мың
адамдікі, жұрттыкі, ұлттыкі болу себептері айтылады, “Қобыланды батыр”,
“Алпамыс батыр” сияқты жырлар мысалға алынады. Ертегі секілді ескі
сөздердің әркім өзгертіп, өң беріп, құбылтуына орай жалпылық сипат алатынын
түсіндіреді, олардың неге халық шығармасы, халық әдебиеті есептелетінін
анықтап береді. Осы тұста Ахмет Байтұрсынов былай дейді: “Ауыз шығарманы
(анайы әдебиетті) ауыз сөз деп қана атап, жазба шығарманы (сыпайы
әдебиетті) ғана танушылар бар. Бірақ қалай да асыл сөздің бәрі де тілдегі
әдебиет есебінде жүріледі”
Батырлар жырының азайып бара жатқанын автор қазақ арасында сауықтың
кемігенімен сабақтастырып, олардың бірте-бірте өлең түрінен айырылып,
ертекке айналатынын, рухы, көркі жоғалып, құр сүлдесі қалатынын ескертіп,
сондықтан жыршылар жоғалмай тұрғанда батырлар жырын жазып алуды ел ішіндегі
азаматтардың халық алдындағы борышы деп көрсетеді. “Қарақыпшақ Қобыланды
батыр”, “Нәрікұлы Шора”, “Алпамыс батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Сайын”, “Едіге”,
“Қамбар” қазақ арасында көп айтылатын жырлар ретінде көрсетіледі. “Тарихи
жыр” деп тарихта бар, мағлұм оқиғалар турасында өлеңмен шығарған сөздері
айтылады” деп анықтама беріледі де, мысалға “Орақ-Мамай”, “Абылай”,
“Кенесары-Наурызбай”, “Ерназар”, “Бекет” жырлары алынады. Айтыс өлеңдердің
ерекшелігін екі палуанның күрескенімен, екі батырдың жекпе-жек ұрысқанымен
салыстыра түсіндіреді, тақырып ретінде жұрттың, ұлттың, рудың, елдің
кемшілік-олқылығы, осал-оңтай жерлері алынатындығы, жазу жайылған сайын
айтыстың азаятыны аңғартылады. “Кеншімбай мен Ақсұлу”, “Жанақ пен бала”,
“Есентай мен Балық”, “Жарылқасын мен Айқын” айтыстарының жалпы сипаты
көрсетіледі.
Толғау, терме – қазіргі әдебиеттануда бар терминдер, ал үгіт өлең, үміт
өлең – Ахмет Байтұрсынов әдебиет материалы негізінде дәл де айқын
тұжырымдаған ұғымдар.
Сарындама сөздерді салт сөзі, ғұрып сөзі, қалып сөзі деп үшке жіктеп, әрі
қарай тағы да таратады.
Салт сөзі: мысал, ділмар сөзі (афоризм), тақпақ, мақал-мәтел, ғұрып сөзі:
тойбастар, жар-жар, беташар, неке қияр, жоқтау, жарапазан, бата; қалып
сөзі: жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыры болып бөлінеді.
Әрқайсысының анықтамасы және нақты мысалы бар.
Ахмет Байтұрсынов жаңа әдебиеттің пайда болуы туралы пікірлерін дамыта
келіп, әдеби байланыс, әдеби ықпал орайында дәлді, нақты тұжырымдар
жасайды. Мұсылман дінінің күшімен енген араб, парсы әдебиеттері әсерінен
туған мазмұн, уақиға ауысуы, шығарманың жаңа түрлерінің пайда болуы,
бұрынғы үлгілердің соны тақырыпқа қызмет етуі тұжырымды дәлелденеді.
Ал қазақ жерінің отарлануынан кейінгі орыс әсері, Еуропа ықпалы өмірдің
барлық саласынан көрінгенін, әсіресе көркем әдебиеттегі өзгерістердің
туғанын А.Байтұрсынов жаңа бағыттар, жаңа жанрлық үлгілерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлы жайлы
Ахмет байтұрсынов (1872—1937)
Бес арыс
Қазақ халқының ежелгі досы
А.Байтұрсынов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ОМІРБАЯНЫ
Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетте алатын орны
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті
Ахмет аудармашы
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы
Пәндер