Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні


І тарау. Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні
Қазақстанда социолингвистика ғылымы кейінгі кезде қалыптасқаны белгілі, бірақ оның қазақ тілінде негізгі тұнғыш рет Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінде қаланды. Бүгінгі таңда социолингвистика, қазақша әлеуметтік лингвистика (қысқаша: социолингвистика) - тіл білімі, әлеуметтану (социология), әлеуметтік психология және этнография ғылымдарының қиылысқан жерінде дамитын, тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін және қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым. Қазіргі әлемдік социолингвистика тілді негізгі қызметіне қарай, коммуникация, яғниқарым-қатынас құралы деп сипаттайды. Аханның осыдан 85 жыл бұрын тілде берген анықтамасы социодлингвистикалық сиппаты анықтама болды: «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», - деді [1. 141]
Себебі, Ахмет Байтұрсынұлы социолингвистикалық мәселелерді сезім (интуиция) арқылы қабылдаған, түйісінген. Бұл әбден заңды, өйткені социолингвистика тіл мен қоғамның өзара байланысын зерттейді. Ахаң қоғамның тілдік қажеттілігін өмірден байқаған, сезе білген.
Әлемдік социолингвистика ғылымы тілдің даму сипатын үш бағытта анықтайды. Ол тілдің таңбалауы (графизация) тілдің жаңаруы (модернизация) және тілдің қалыпқа түсуі, нормалануы (стандартизация) . Ахмет Байтұрсынұлы тіл дамытарлық осы үш бағытта бірдей қалам тартты.
Ономастикалық ұлттық мәдени ерекшеліктерді танытуда атқаратын қызметі ерекше. Себебі ономастика өзінің бойына лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және мәдени деректерді жинаған ерекше лингвомәдени бірліктер болып табылады. Олар халықтың бітім болмысымен өмірге қөзқарасынан хабар береді. Айтылған мәселе Т. Жанұзақов, Қ. Рысбергенова т. б. еңбектерінде арнайы зерттелген. Қазақтың кең даласы - мәдениет пен тіл бірлігі, әдет- ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі. Бұл қөзқарас қазақтардың балаға ат қоюында өзіндік ерекшеліктерінің бар екендігін көрсетеді. Себебі олар бұл рәсімде ырымды басшылыққа алып отырған.
Тіл мен сөздің магиялық күшіне сенген олар әдетте қарғыстан, балаларын мақтаудан қорыққан. Соның нәтижесінде Kүшікбай, Жаманбала, Салбыр, Қасым, Сағал, Kенесары сынды жалқы есімдер дүниеге келген. Олар «көз тимесін», «балам аман болсын» деген ырымнан туған болуы керек. Артықбай, Несібелі, Бекенбай Мырзагелді сияқты дүниеге келген балаға ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарытуды көздеген мақсата туған жақсы есімдер. Ал, Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық, Есенгелді лингвокультуремалары ұл куту, бала тілеу, балалары тұрақталмаған себебінен туған антропонимдер.
Осымен байланыст, тіл білімнің ерекше бір саласы -- ономастика. Жалқы есімдердің жинақтық атауын лингвистикада ономастика дейді де, оны зерттейтін ғылымды ономасиология деп аталады. Ономастика - кез келген жанды және жансыз заттарды не құбылыстардың есімін зерттейді. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде «оnomа» есім, ат) onomastika - ат қою өнері яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала, терминдермен белгіленеді. Ономастиканы (кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа аттары т. б. ) зерттеудің қажеттігін көрнекті ғалымдар: В. В. Радлов, В. В. Бартольд, Н. Катанов, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, Н. К. Дмитриев, А. Н. Кононов, Н. А. Баскаков, Қ. Жұбанов, І. К. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Т. Жанұзақов, Ә. Абдрахманов т. б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде көрсетеді. Ономастика бірнеше салаға бөлінеді топонимика (жер, су, қала атауларын зерттейтін ғылым), антропонимика (адам аттарын зерттейтін ғылым), этнонимика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика (хайуандар аттары), гидронимия (теңіз, өзен, су, көл атауларын зерттейді) т. б.
Қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп ғылыми негізі қаланған ономастиканың күрделі бір саласы - антропонимика. Аптропонимика (гректің anthropos «адам» және onoma «ат», «есім» деген сөзі) деп бір тілдегі яки бір облыстағы кісі аттарының жиынтығын айтады. Антропонимика кісі аттары, әке аты patronim (очество), фамилиялар, лақап аттар (прозвища), бүркеншек аттар (псевдонимы) зерттейтін ономастиканың бір саласы.
Антропонимика (кісі аттары) - тіл тарихын зерттеуде құнды да бағалы мұра. Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстардың да көрсете алады. Олардың кейбір топтары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағұлұмат береді. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты есімдер. Өз дәуірінде ардақталып ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дәстүрдің бірі осы ат қоюмен байланысты.
Халықтың әдет-ғұрып, тарихи, дәстүрлері мен кісі аттарының арасында байланыс бар екені ономастикада дәлелденген. Ал оның этномәдени мәні ерекше. Балаға ат қоюда ерте кездің өзінен-ақ ырым мен әдет-ғұрыпты сақтаушылық болған. Осы ырым жөнінде Ш. Уәлиханов былай жазады: «Ырым мен әдет-ғұрып, сал-санаға тән» [2. 176] . Мысалы: ұлы жоқ үйлерде қыз туатын болса, онда ол қызға Ұлтуған немесе Ұлболсын деп ат қояды. Ондағысы кейінгі бала ұл болса деген сенім. Қазақ халқының ұлттық әдеті бойынша жас келіндер күйеуінің жақын туыстарының, ата-енесінің аттарын атамайтын. Сөйтіп жас келін күйеуіннің ағасын, інісін я қарындасын тура атымен атай алмай, жанама ат қойып алатын. Қайынсіңілерін - шырайлым, бикеш, бойжеткен, әке қыз, еркем, ержеткен, ерке қыз, ал ер адамдарды төрем, шырақ, мырза жігіт, молда жігіт т. б. Сонымен, қазақ халқында ат қою ұлттық тарихымен, рухани мәдени өмірімен, әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрмен тығыз байланысты. Ал, ұлттық тарих, әдет-ғұрып, салт-дәстүр деген ұғымдар мәдиниетпен байланысты. Мәдениет дегеніміз адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі. Осы мәселені арнайы зерттеуші ғалым Э. С. Маркарьян: «Мәдениет дегеніміз адамзат жасаған материалдық және рухани мұралардың жиынтығы» деген түсінік берген. [3. ] Тіл мен мәдениет сабақтас зерттейтін ғалымдар соның ішінде қазақ ғалымдары Ә. Қайдаров, Е. Жанпейісов, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова т. б. Ал мәдениет оны тілден бөліп алып қарамайды. Тіл - мәдениеттің бір көрінісі. Ол екеуінің арақатынасы ерекше де маңызды. Кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнелеп көрінетіні, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні белгілі. В. Гумбольдт айтқандай «Ұлттың өзіне тән, іштей дамитын рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш - тіл». [4. 349]
Осы тектес XX ғасыр басында В. Вундт ілімінің пікірі де ұлттық мәдениеттің, дәстүрлердің дамуын, қалыптасуын түсіндіруде, ерекшеліктерін бағалауда ескеріледі. Әсіресе, ұлттық рухымыз жаңғырып, салт-дәстүрлеріміз қайта жанданып жатқан қазіргі қазақ қоғамындағы рухани-әлеуметтік құбылысты дұрыс бағалап, негізін түсіну үшін осындай тілдің дамуының ішкі формасынан туындайтын жалпы заңдылықтарды адам рухымен байланысты түсіне білудің маңызы зор. [5. 282] Себебі, дәстүр әркімнің жеке басының жағдайына байланысты емес, ол халықтың әлеуметтік-психологиялық, мәдени, тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасқан - жалпыхалықтық құбылыс. Екіншіден дәстүрдің тағы бір сипаты - оның тұрақтылығы. Ол оңайлықпен өзгере салмайды, тіл арқылы ол ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Сол арқылы ұлт өмірінің желісі үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі. Сол себепті әр түрлі ұрпақ болғанмен, бірін-бірі түсініп бір ұлтқа жатады. Сөйтіп, тіл мен мәдениетті біріктіріп қарастыратын сала - лингвомәдениеттану (лингвокультурология) . В. Воробьев лингвомәдениеттануға мынандай ғылыми анықтама береді: «Лингвокультурология это комплексная научная дисциплина синтизирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процес как целостную структуру еденицу в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные устоновления (система норм и общечеловеческих ценностей) ». [6. 37] Ғалым В. А. Масловa бұл пәнді халық мәдениетін танутышы ғылым деп санап, былайша анықтайды: «Лингвокультурология - это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии и иследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке». ) [7. 8]
Тіл ғылымында лингвомәдениеттану - лингвистика мен мәдениеттанудың, әрі антропонимдерді ортақтастыратын жаңа ғылым. Сонымен, лингвомәдениеттану - ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этникалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалармен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімнің бағыты. Лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрністерін, тіл фактілері мен халықтық танымдық, этника-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу деректері мен дәйектері ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда т. б. Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы пәніне қатысты Ш. Уәлиханов, М. Әуезов еңбектерінен бастап, Ә. Марғұлан, І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, А. Жылқыбаева, Қ. Рысбергенова, Р. Шойбеков т. б. ғалымдар еңбектерінде көрсетіледі.
Бүгінде лингвомәдениеттану ұлттық тілді танудың да негізі екені соңғы кездегі біраз зерттеулерде Г. Смағұлова, А. Алдашева, А. Сейсенова, Г. Қажығалиева, А. Сейілхан, Қ. Қайырбаева лингвомәдениеттану ғылымның пән ретінде қалыптасуынан көрінеді.
Г. Смағұлова өз еңбегінде лингвомәдениеттану пәнінің ерекшелігін былайша көрсетеді: Лингвомәдениеттану бұл тіл-ұлт-мәдениет дейтін үштік (триада лингвомәдениеттану пәнің зерттеу нысаны болмақ) . [8. 196]
А. Салқынбайдың пікірі, бойынша тілдік деректерді лингвомәдени аспектіде зерттеу - ең әуелі тілдер арасындағы жалпыадами, гуманитарлық, мәдени, өркенеттік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы әлемдегі құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, әрі де тілде өз көрінісін табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде қарастырылады. [9. 309]
А. Алдашева бұл пәннің зерттеу қөздерін ғылыми тұрғыдан анықтап әрі лингвистика ғылымымен ортақтығын лингвомәдениеттанудың ауқымы өте кең, ол әрбір тілдік единицаның белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен бірге жасасып келе жатқан ұлттық «бет-пішіні» бар деп есептелген сөз ұлттық әлеуметтік, этнткалық, адамгершілік, мәдени, тұрмыстық нормаларға сай деп тұжырымдайды. [10. 215]
А. Сейсенова лингвомәдениеттану мәдениеттің тілдік жүйеге қалай әсер ететінін, яғни фактор мен адам бойындағы тілдік факторлардың байланысын қарастырады. [11. 22]
Сол сияқты тіл мен мәдениеттің сабақтастығын көркем мәтіндегі көріністері Г. Снасапова, Ш. Елемесова, Г. Абдрахманова, Ф. Қожахметова, А Әмірбекова, т. б. зерттеулеріне арнап болған.
Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану пәні басқа халықтардың өмірінен де мәдени ақпарат береді Бір ұлттық көршілес ұлтпен туыстығын немесе дәстүр ұқсасастығын салыстыруды да мақсат етеді.
Лингвомәдениеттану мен этномәдениеттану.
Тіл мен мәдениет зерттейтін пәндердің қатарына «лингвоелтану», «лингвоөлкетану», «лингвогмәдениеттану», «этнолингвистика», «этномәдениеттану». Аталған пәндердің зерттеу нысаны ортақ болып қоймай, кей жағдайда олардың зерттеу әдіс-тәсілдері, кейбір теориялық принциптері мен негіздері ұқсас болып келеді. Жалпы тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми үлгілері: этнолингвистиканың, этномәдениеттанудың, елтанудың, лингвомәдениеттанудың пән ретіндегі жалпы және ұқсас мақсаттары мен міндеттері - ұлт тілі арқылы ұлтты тану, ойлау жүйесінің ерекшеліктерін анықтау, қысқаша айтқанда, ұлттық менталитетті айқындау, басқалардың айрмашылығын көрсету.
Қазақ ақын, жазушыларының шығармалары бойынша қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасына талдау жасаған С. Жанпейісованың мақсаты - рухани мәдениет лексикасының негізгі тақырыптық топтарын және олардың қалыптасу көздерін анықтау, лексиканың бұл аталмыш қабатын, этнолингвистикалық аспектілерін халқымыздың этномәдени өміріне қатысы тұрғысынан алып қарастыру, рухани мәдениетпен байланысты түрлі тілдік номинациялардың жасау тәсілдерімен даму жолдарын айқындап көрсету болып табылады.
Тіл мен мәдениет мәселесі төңірегіндегі қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдаров, Е. Жанпейісов, Р. Сыздық, О. Нақысбеков, Ш. Сарыбаев, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, Қ. Рысбергенова, жалпы тіл білімі мен орыс тіл біліміндегі В. Фон Гумбольдт, А. Потебня, Э. Сепир, Б. Уорф, К. Леви-Стросс, Е. Верещагин, В. Воробьев, В. Маслова, И. Толстой, С. Толстая т. б. ғалымдардың теориялық ой-пікірлерін басшылыққа алып сүйенеміз.
Жер бетінде 3 мыңнан астам тіл бар. Әрбір халықтың тілі арқылы сол халықтың өмірінің рухани қазынасын, мәдениетін білуге болады. Бұл жөнінде академик Ә. Қайдаров: «Әрбір халықтың тілі-тек қатынас құралы ғана емес сонымен қатар рухани болмысы мен мәдени байлығының күзгері барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүние танымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасын, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, отыратын қасиеті бар» деп тілге анықтама береді. [12. 34] Сондықтан да халықтың тілі рухани болмысы және мәдени байлығы бірмен-бірі тығыз байланысты. Бұл жөнінде көптеген зерттеуші ғалымдардың пікірлері бір ізделік табады. [13. 15]
Лингвистика тарихында тіл мәселелерін, сол тілді қолданушы қауымның мәдени өмірімен, салт-сана әдет-ғұрыпымен байланыстыра зерттеу жөнінде алғашқы пікір ХVII ғасырдың соңғы жартысында өмір сүрген неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоганн Бердердің поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан кейінгі кезде В. Гумбольд еңбегінде кездеседі. Бірақ тіл мәселесін мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, оған тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау ХХ ғасырдың 20-30 жылдарда белең алды. В. Гумбольдт дүниені тану, білу процесінде тілдің атқаратын рөлін түсіндіре келе, тілге мынандай түсініктеме береді: «Язык и духовная сила народа развиваются не отдельно друг от друга и не последовательно одни за другим, а составляют исключительно не раздельно одно и тоже действие интеллектуальной способности. Хотя мы разграничиваем интеллектуальную деятельность и язык, в действительности такого разделения не существует» [14. 10]
И. А. Бодуэн де Куртенэ өзінің зерттеулерінде тіл білімнің маңызды міндеттерінің бірі грамматика мәліметтерін жалпы мәдениет тарихымен, байланыстыра келесі еңбегінде былайша жеткізеді: « . . . Продолжение национальной традиции, а также возможность понимания предков и передачи их мыслей потомкам осуществляется только при помощи научного литературного языка, требует конечно знания одной из важных частей языкознания т. е грамотности» [15. 220]
Орыс ғалымы М. К. Азадовский өзінің еңбектерінде фольклорлық, этнографиялық және тарихи-мәдени мәліметтерді пайдалану тіл үшін нәтижелер беретінін дәлелдеп береді. Ол бір еңбегінде тіл мен мифологияның байланысы мен өзіндік ерекшеліктеріне мынадай анықтама береді: . . . язык это основной слой народности, мифология народная словестность в которой и выражена вся совокупность верований, преданий нравов и обычаев народа. [16. 60]
Американдық ғалым Э. Сепир, В. Гумбольдтың концепцияларын басшылыққа ала отырып, оны одан әрі дамытып мынандай тұжырымды жасайды: тіл әлеуметтік шындықты түсіндірудің құралы адамдар белгілі мөлшерде, өз тілінің ықпалында болады, тіл мінез-құлық нормасына да әсер етеді, халықтың мәдени дәрежесін, оның тілін зерттемей тұрып түсіні мүмкін емес, тіл әлеуметтік шындықты түсіндірудің жетекші құралы дейді. [] Бұл мәселе өткен ғасырдың ІІ жартысында орыс ғалымдары Н. Буслаев, А. Н. Афанасьевтердің еңбектерінде алғашқы рет сөз болды. Олар тіл ерекшеліктерін пайдалана отырып, орыс халықтағы табиғи құбылыстарға байланысты пайда болған әртүрлі наным-сенімдерді зерттеу негізінде көптеген мифтеріне талдау жасады. []
1. 1. Антропонимдердің қалыптасуының әлуметтік-мәдени негізі.
Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық, әлеуметтік құрлысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алды. Біз зерттеу нысанымызда тікелей қатысы бар профессор Т. Жанұзақов зерттеулеріне ерекше назар аудардық. Профессор Т. Жанұзаков зерттеулерінен бастап, кейінгі Қ. Рысбергенова, С. Онайбаева, Ұ. Ержанова, М. Мұсабаева, Б. Бияров, З. Жанғабылова, А. Арысбаев, Г. Мадиева т. с. с. жас ғалымдардың зерттейтінің негізінде қазақ антропонимиясына тән бір ерекшелік оның тақырыптық шеңберінің өте кен екенің көрсетті.
Қазақ есімдерінің де өзіне тән тарихы, шығу пайда болу жолы бар. Кісі есімдерінің шығу, қойылу тарихы өте көне замандарға, алғашқы рулық қоғамға барып тіреледі. Әуелде ру, тайпа аттарының, содан кейін кісі атттарын шыққаны күні бүгінде ғылымда белгілі болып отыр.
К. Маркс, Ф. Энгельс алғашқы қоғамдағы рулардың шығуын, олардың есімдерінің койылу тарихын ғылыми түрде кенінен сипаттады.
«Әрбір рудың белгілі бір есімдері немесе бірнеше ұқсас есімдері болады, ол есімдермен бүкіл тайпа ішінде сол рудың өзі ғана пайдалана алады, ендеше әрбір мүшесінің есімі де оның қай рудың адамы екенін көрсетеді» - дейді Ф. Энгельс. [19. 47] Осымен бірге, ертедегі рулар аттарының хайуандар аттарымен байланысты болғанаң көреміз. Ол туралы Ф. Энгельс: «Кейбір рулардың аттары хайуандар аттарымен де аталатын болған. Сенеке тайпасында қасқыр, аю, тасбақа, құндыз, бұғы, балықшы, көкқұтан, бүркіт деген сегіз ру бар екен. Халық аузындағы аңыз бойынша, басқа рулар аю мен бұғы атты рулардан тараған көрінеді». [20. 49] Бұл хайуандар аттары әрі сол ру басының есімдері ретінде жұмсалған. Кейінгі этаптарда осы ру аттары адам аттарына ауысып отырған.
Кейіннен адамдарды бір-бірінен ажырату үшін арнай ат беріледі. Ол ат бала туғаннан соң жеті күнненен кейін қойылатын. Бастапқы кездегі аттардың ана тіліміздің төл сөздерінен қойылғандығы байқалады. Мысалы: Бөрібай, Қойлыбай, Жетібай, Алтын, Kүміс, Kүмісбек, Бектай, Барыс, Құтжан, Темірбек, Kүнбек т. б.
«Ай мен күнге, тау мен өзен, көлге табынып сыйыну нәтижесінде шыққан есімдер мыналар еді: Айсұлу, Айхан, Айдай, Kүнай, Айкүн, Таутай, Таубай, Kөлбай, Kөлтай ». Кейінрек бұндай пікірді түрікмен ономастикасын зерттеуші З. Б. Мұхаммедова: «древнейшими, на наш взгляд, следует считать имена, восхадяшие к названиям атмосферных осадков, солнце, луны, растений, и животных» деп жазса [21. 45], өзбек антропонимикасы туралы Э. Бегметов: «Имена, Тангриберген, Тангриберди, Тангриқүл, Қуанышбек, Ойзада, Ойкон связаны с культом неба, солнца, и луны, являются ярким свидетельством поклонения и почетания людьми этих небесных и наземных «божеств», - дейді. [22 . 18]
Қазақ ономастикасының негізін салушы ғалым-маман Т. Жанұзақовтың зерттеуінде қазақ есімдері туралы мақалалар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан шыға бастағаны, ондай алғашқы мақалаларға А. Е. Алекторовтың, А. Диваевтың көлемі жағынан тым шағын мақалалары жататыны көрсетілген.
Кісі аттары мен фамилиялары туралы алғашқы мақалалардың бірі проф. І. Кеңесбаев қаламынан туған. Бұл мақалада қазақ есімдерінің дара, біріккен тұлғалары, араб-иран тілдерінен енгендер, фамилиялардың қосымшалары және олардың жазылуы, орфографиясы сөз болады. Профессор С. Аманжоловтың мақаласы кісі аттарының сөздік қорға тәндігі, жеке зерттеу объектісі болатыны және оларды шығу, қойылу ретіне қарай топтастыру, жіктеу мәселелеріне арналған. Профессор Ғ. Мұсабаев, Ғ. Айдаров еңбектерінде көне түркі есімдері, тілдегі сөздер мен кісі аттарының жасалу заңдылықтарындағы ұқсастық, ондағы кішірейткіш, еркелеткіш, ұлғайтқыш жұрнақтардың қызметі, өзіндік ерекшелік сипаттары берілген. Тілдегі осы өзекті мәселеге проф. Ғ. Мұсабаевтың «Қазақ тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар» атты мақаласы арналған. Автор кісі аттарындағы еркелеткіш ш, қан, жан, тай тәрізді жұрнақтардың семантикасы мен функциясын саралайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz