Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару жүйесіндегі ішкі істер органдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ

Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы

ӘҚП кафедрасының бастығы, з. ғ. к.,

полиция полковнигі Әмитов Ш. Е

қорғауға

(жіберіледі, жіберілмейді)

«Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару жүйесіндегі ішкі істер органдары» тақырыбына

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

050303 «Құқыққорғау қызметі» бакалавриат мамандығы бойынша

Орындаған: Құсайынов Мади Зейнелұлы

Әкімшілік-құқықтық мамандық

401 топ тыңдаушысы

Ғылыми жетекші: Әкімшілік құқықтық

пәндер кафедрасының доценті

Ақымбеков О. Қ.

Алматы 2011 ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық ұйымдастырушылық амалдарының ұғымы . . . 6

1. 1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық ұйымдастырушылық амалдарының түрлері . . . 10

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі басқа да құқық қорғау және мемлекеттік органдармен арақатынасы . . . 30

2. 1. Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ішкі істер органдарының заңдылықтың кепілі болуының мәселелері . . . 46

Қорытынды . . . 55

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 58

Кіріспе

Диплом тақырыбының өзектілігі азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару жүйесіндегі ішкі істер органдарының қызметінен тәжірибеден мысалдар келтіре отырып жан-жақты талдауында.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуі мемлекет алдында маңызды келелі міндеттерді алға тартуда. Бұл саладағы атқаруылуы тиіс шаралардың ауыр жүгі заң ғылымын, оның конституциялық құқықтағы адамзаттың құндылығын анықтайды. Осындай мазмұнды тарихи контекстен тыс, құқықтық мемлекет тұжырымыдамасының мәні мен мақсатының ерекше тұстарын түсіну, санаға сіңіру мүмкін емес. Аталған тарихи тәжірибені ескеру арқылы ғана ресми жарияланған құндылықтарды жүзеге асырудың ақиқат мәні мен шарттарын ұғынуға, Қазақстан Республикасындағы нақты жағдайларды және еліміздің құқықтық мемлекетке шын мәнінде жету мүмкіншіліктерін парасатты бағалауға болады. Тұлғалардың бостандығы мен құқықтары барлық мемлекеттердің Конституциясына, Декларациясына енгізіліп, ең негізгі ресми саясатқа айналды. Қазақстан Республикасының 1993-1995 жж. Конституциялары адамның бостандығы мен құқықтарына арнаулы бөлім беріліп, бұл мәселені жан-жақты дамыту, жақсарту өзінің мемлекеттік міндеті деп жариялады.

Адам құқығы - азаматтың басты игілігі. Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.

Заң ғылымында адам құкығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғымдар бар. Оларға қысқаша түсінік берейік.

Адам кұқығы - табиғи құқық, табиғи бостандықтар субъектілері оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет бекітсе онда ол адам сол мемлекеттің адамы болады.

Азамат құқығы - табиғи кұкықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің қорғауында болып адамдар сол қоғамның азаматы болу.

Тұлғаның құқығы - жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық мәртебесінің шеңберіне байланысты.

Адам құқықтарын бекiтуге, оларға кепiлдiк беру, қамтамасыз ету, қорғау және iске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттiң (қалыптасқан немесе ендi ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегiне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистiк бастаулардың, демократияландырудың күшеюiне, мемлекеттiк құрылымдардың халық бұқарасы үшiн ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткенi оның нәтижесi қолданылған тәсiлдерге барабар болып шығады.

Жақын болашақтағы міндет - жаңа ғасырдың мыңжылдық басындағы кезеңде басымдықтарды дамытудың жаңа перспективаларын есепке алып жүзеге асыру болып табылмақ.

Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғауға байланысты маңызды халықаралық құжаттарды мақұлдағаны жөн, өйткені бұл үкіметке ықпал жасау үшін халықаралық механизмдерді қолдануға, құқықтары мен мүдделері үшін аяққа басылып, ұлттық заңмен қорғалмаған адамдарға тиімді көмектесуге мүмкіндік береді.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттiң қорғаушылық қызметiнен бөлген меншiктi, құқықтық тәртiптi, заңдылықты не т. б. қорғау қызметiнен ажыратқан және оларды басқа қызметтiң негiзiне алып, оның мазмұнын кеңейткен абзал. Бiздiң пiкiрiмiзше, мемлекеттiң адам құқықтары саласындағы қызметiн тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды. Мемлекеттiң адам құқықтарын бекiту, қамтамасыз ету және оларға кепiлдiк беру, оларды iске асыруға жәрдемдесу жөнiндегi iс шараларының маңызы бұлардан артық болмаса, кем емес. Оның бергi жағында мемлекет қызметiнiң барлық аталған түрлерi бiр-бiрлерiне өте жақын, бағдарлары бойынша бiр-бірiне ұқсас, оларды бiр-бiрiнен ажыратуға, бөлек және дара қарастыруға болмайды. Өйткенi, сайып келгенде, олар белгiлi бiр бiрлiк пен тұтастықты құрайды.

Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру барысында халықаралық және ұлттық институттардың түрлерін, мәнін және мазмұнын түсініп білу үшін, оның адам құқықтары мен бостандықтарының пайда болуы, түсінігі және түрлеріне шолу жасай отырып, аталған институттардың қазіргі кездегі жай-күйіне тоқталу қажет. Жаңа дамып келе жатқан мемлекет үшін бұл институттарды дәйекті зерттеу және қазіргі кезеңде құқықтар мен бостандықтардың қорғалуын жүзеге асыру мәселесі тәуелсіз еліміздің алдына қойған мақсат мүдделері негізінде жүйелі түрде зерттеу қажеттілігі туындауда.

Дипломдық зерттеудің пәні - адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау аясындағы қатынастардың мазмұны мен бағытын анықтайтын халықаралық және ұлттық институттарын құқықтық ұйымдастыу мәселелерінің ерекшеліктері.

Дипломдық зерттеудін объектісі - тұлғаның құқықтары мен бостандықтары мазмұнын ашу барысында туындайтын құқықтық қатынастар.

Дипломдық жұмыстың мақсаты . Зерттеу барысында қойылған негізгі міндет аталмыш тақырыптың мәні мен негізгі белгілерін қамту мен қатар зерттеудің жүйелігін және қамтылған проблемалардың мағынасын аша білу. Тұлға институтының құқықтық негізін дамытып, толықтыру мақсатында ұлттық және халықаралық конституциялық және нормативтік-құқықтық базасын және институттарын саралап, зерттеу арқылы тұлғаның құқықтық жағдайын қарастыру болып табылады.

Дипломдық зерттеудің негізгі міндеті - төмендегі мәселелерді айқындайды:

тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының пайда болуы, түсінігі және маңыздылығын ашып көрсету;

Конституцияда бекітілген тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының түрлері және олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктерін нақтылау;

халықаралық стандарттар жүйесіндегі адам құқықтары мен бостандықтары институтын талдау;

Халықаралық ұйымдардың тұлғаның құқықтарын қорғаудағы орнын анықтау;

Қазақстанда адам құқықтарын қорғайтын, қамтамасыз ететін, кепіл ететін негізгі институты - мемлекеттің және мемлекеттік органдардың, оның ішінде ішкі істер органдарының қызметін зерттеу, әрі жетілдіру туралы мәселелерді қарастыру;

Дипломдық з ерттеудің алдына қойған міндеттері оның теориялық және тәжірибелік маңыздылығын арттыра түседі . Зерттеу тұжырымдары мен ұсыныстарын адам құқықтарын қорғау мен қаматамсыз етуге бағытталған тәжірибелік және ғылыми қызметтерде қолдануға болады. Жұмыста көрсетілген тұжырымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасындағы ұлттық және халықаралық институттардың адам құқықтарын қорғау, сақтау, кепіл беру және қамтамасыз ету қызметін жетілдіруде қолдануға болады.

Дипломдық зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеудің мақсаттарына тиімді қол жеткізу үшін жүйелі таладу әдісі: жүйелі-құрылымдық және жүйелі-функционалдық талдау қолданылып, ұлттық және халықаралық институттардың тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі мәселелері қарастырылды. Бұл әдістермен қатар, талдау, бақылау, салыстыру әдістері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет көздерінен тұрады.

1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық ұйымдастырушылық амалдарының ұғымы

Қазақстан Республикасының конституциясында ең бірінші адам мен азамттың құқықтары мен бостандылықтары қорғалады деп атап көрсетілген. Ал құқықтар мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан, әкімшілік құқық бұзушылықтардан қорғайтын бірден-бір орган ол ішкі істер органдары[1] .

Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін комитеттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, Республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығына, қоғм мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын-алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады[3] .

Осы заңмен белгіленген өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін ішкі істер органдарының қызметкелеріне мемлекет тарапынан белгілі құқықтар мен міндеттер жүктелген.

Ішкі істер органдары алдарына қойылған міндеттерге сәйкес және өздерінің құзыреті шегінде:

  1. адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қайшы қол сұғудан қорғау;
  2. қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, соның ішінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жәрдемімен, ұйымдар мен азаматтардың ерікті қатысуымен қорғауға және қамтамасыз етуге;
  3. қылмыстың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және анықтауға;
  4. әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге;
  5. қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың өмірін, денсаулығын, ар-намысын, қадір - қасиетін және мүлкін қорғауі жөнінде заңдарда көзделген шараларды қолдануға;
  6. қылмыс жасаған, бірақ анықтамадан, тергеуден және соттан бой тасалған, қылмыстық немесе әкімшілік жазаларын өтеуден жалтарған, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға және заңмен көзделген өзге де жағдайларға, сондай-ақ ұрланған мүлікті іздеуді жүзеге асыруға;
  7. заңдарда белгіленген тәртіппен жедел іздестіру және тосқауыл қою шараларын, қылмыс жасаған адамдарды ұстау жөніндегі операцияларды жүргізуді жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де құқық қорғау органдарымен арнаулы мемлекеттік органдарға оларды жүргізуде және жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге;
  8. халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысуға, құқық тәртібінің жай-күйі мен ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы қоғамдық пікірді зерделеуге;
  9. авария, өрт, дұлей апат және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жою кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
  10. құқыққа қайшы қол сүғудан, жазатайым және оқыс оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ денсаулығы мен өмірі үшін қауілті дәрменсіз немесе өзге де күйдегі азаматтарға көмек көрсетуге;
  11. заңдарға сәйкес төтенше немесе әскери жағдай режимін қамтамасыз етуге қатысуға, соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесінде жекелеген міндеттерді орындауға;
  12. ішкіістер органдарының қорғаныстық-жұмылдыру даярлығын, бейбіт кезең мен соғыс уақыты жағдайында төтенше ахуалдар туындаған кезде олардың жумысының тұрақгылығын арттыру, Ішкі істер министрлігі арнаулы бөлімшелерінің толық және дер кезінде жұмылдыруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асыруға;
  13. мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына меншіктің барлық нысандарындағы объектілерде өрт қауіпсіздігі жай-күйіне бақылау жасауды жұзеге асыруда жәрдем көрсетуге;
  14. шет мемлекеттердің тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттары негізінде ынтымақтастық жасауға;
  15. азаматтық материалдарын ресімдеуді қамтамасыз етуге;
  16. заңды тұлғалардың шетелдік жұмыс күшін тарту, шетелдіктердің елде болуына рұқсат беру ережелерін сақтауына қатысты қызметін бақылауға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың шетелге шығуын және шетелдіктерді тұрғылықты тұруға қалдыруды шектеу туралы шешім қабылдауға;
  17. кез келген жасалған немесе әзірленіп жатқан, соның ішінде өздерінің қарауына жатпайтын құқыққа қарсы қастық жасау туралы арыздар мен хабарламаларды қарауға оларды тіркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауіпті зардаптарға жол бермеу жөнінде уактылы шаралар қолдануға; қылмыс жасады деген сезік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде әкімшілік қамауға алу таңдап алынған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшін уақытша ұстау оқшаулау бөлмелері болуға;
  18. есірткі қүралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерін лицензиялауды Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес бақылауға және жүзеге асыруға;
  19. есірткі қуралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет жасау саласына келіп түсетін техникалық көмек пен инвестициялардың нысаналы пайдаланылуын өз қүзыреті шегінде бақылауға;
  20. мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет жасау саласындағы мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;
  21. Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалының жай-күйі мен даму үрдісін талдауға, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы стратегия мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға;
  22. есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет жасау саласындағы халықаралық ынтымактастықты жүзеге асыруға;
  23. есірткі құралдары. психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет жасау саласындағы заңдардың қолданылу іс-тәжірибесін талдап, қорытуға және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және енгізуге;
  24. құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет жасау саласындағы ғылыми зерттеулерді үйлестіруге міндетті.

Қызметкерлер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған жағдайда ішкі істер органдары бұл құқықтарды қалпына келтіруге, келтірілген залалды өтеуге, кінәлі адамдарды жауапқа тартуды қамтамасыз етуге міндетті.

Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін комитеттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, Республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.

Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және де полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.

Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларды адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

Криминалдық полицияны жедел іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.

Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамсыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы кәмелетке қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция, жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.

Әскери - тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады.

Сонымен бұл сұрақты қорытатын болсақ, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде ішкі істер органдарының аталған органдары өз өкілетіктері шегінде қызмет атқарады.

1. 1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық ұйымдастырушылық амалдарының түрлері

Республиканың негізгі заңы тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық және мемлекеттік құрылымының іргелі принциптерін бекемдеді.
Ел Конституциясының басты міндеті тұрақтылықты нығайту, халықтың әл-ауқатын көтеру және демократияны дамыту болып табылады. Ол халықтың бірлігін бекітті, қазақстанның жерінде ортақ тарихи тағдырымен байланысқан әртүрлі этнос өкілдерін біріктірді. Мемлекетіміз егемендік алғаннан бастап демократиялық мемлекет құруға бағыт алды. Ел Призенді Н. Ә. Назарбаев ұсынған саяси реформалар мен демократияландыру бағдарламасы негізінде азаматтық қоғам құру мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады.

Демократияландыру бағдарламасын және саяси реформаларды жүзеге асыру демократияның нығаюына септігін тигізді, оның ішінде шын жүзінде көппартиялықтың пайда болуы мен үкіметтік емес ұйымдардың атқарар рөлінің күшеюін атап өту қажет.

Мемлекетіміздегі азаматтық қоғамның негізін қалаушы белгісі ретінде азаматтардың сенім бостандығы мен оны еркін түрде білдіру құқығын бекіту, идеологиялық және саяси әралуандылықты тану, мемлекеттік органдарда саяси партияларды құруға тиым салу болды.

Осы жағдайда еліміздің экономикасы сәтті, тез, сенімді, серпінді дамып келеді, осының негізінде адамдардың тұрмыс деңгейі ұдайы жоғарлап келеді, адамның және азаматтың бостандықтары мен құқақтары нақты мазмұнмен толыққан. Мұның бәрі демократияның дамуына, мемлекет пен қоғамдық тұрақтылық үшін материалдық және әлеуметтік жағдай жасайды.
Конституцияның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын мемлекет ретінде орнықтырады. Осы негізгі базалық ереже адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына арналған бүкіл 2-тараудың мазмұнын және құрылымын айқындайды. [1] .

«Адам құқығы» және «азамат құқығы» ұғымдары жақын, бірақ өзінің табиғаты және мазмұны бойынша сәйкес келмейді, өйткені бірінші ұғым барлық қоғам мүшелеріне тән бостандық пен қадір-қасиетті басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаны құқығынан айырмайтынын атап көрсетеді. Екіншісі - жеке адамның құқығын мемлекет азаматы ретінде сипаттайды, осындай тұлға ретінде оның құқықтары мен бостандықтарын айқындайды.
Адамның нақты мемлекетте пайдалана алатын құқықтары мен бостандықтарының көлемі, сондай-ақ оған осы мемлекет жүктейтін міндет көлемі осы мемлекеттің азаматтығында болуына немесе болмауына тікелей тәуелділікте болады. Азаматтық - бұл заңда көрсетілген жағдайларда азамат пен мемлекеттің өзара құқықтары мен міндеттемелерін орнықтыратын адамның өз мемлекетімен арадағы орнықты құқықтық байланысы. Азамат мемлекеттің егемендігінде болады және мемлекет ол шетелде жүрсе де, одан міндеттемелерін орындауды талап ете алады. Мемлекет өз тарапынан азаматтарды өз аумағында қорғауы және олар одан тысқары жерлерде жүргенде оларға қамқорлық жасауы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік қызметтегі заңдылықты қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер
Омбудсмен әрекетінің басты міндеті - азамат құқықтарын қорғау
Мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтерді ішкі істер органдарында қорғау түсінігі, жіктелуі және ерекшеліктері
Ішкі істер органдарының жүйесіндегі штабтың рөлі
Ішкі істер органдары штабтарының жүйесі және құқықтық жағдайы
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдары
Аткарушы билік органдарының түрлері
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі
Мемлекеттің түсінігі, мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz