XV—ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті



Жыраулар поэзиясы
Жыршы
Асан қайғы (XV ғасыр).
Қазтуған жырау (XV ғасыр).
Қазтуған жырау (XV ғасыр).
Шалкиіз жырау (1465—1560).
Жиембет жырау (ХVII ғасыр).
Ақтамберді жырау (1675—1768).
Үмбетей жырау (1706—1778).
Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) (1748—1819).
Жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да, көптің мұңы, көптін жайы туралы айтылады.
Жыраулар поэзиясы. Жыраулар поэзиясының күндылығы неде? «Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, — дейді М. Әуезов, — ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария — Асан. «Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу, жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады». Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған.
Халқымыздың осы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкәрім де ден қойған. Ол «Ескі ақындық» деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған:
Тақпақ пен мақал тағы артық,
Суырыпсалма жағы артық,
Айтады олар ойланбай,
Сыпыра жырау, Шортанбай,
Үмбетей мен Марабай
Алды-артына қарамай,
Соққанда жырды суылдап,
Жел жетпейтін құландай.
Шәкәрім ескі ақындар поэзиясында «терең сыр» барын таниды. Олардың жырында «қыран құстың ұшқаны», «ақбөкеннің жүрісі», «жайдақ желдің желісі», «мөлдір судың аққаны», «жел жетпейтін құландар жүйріктігі», «адам жанының жайма шуақ кезеңі» — баршасы, көшпелі Қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген. Жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаевта «Батыр Баян» поэмасында:
Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда
Толқынды тұңғиық боп төгілді жыр,—
деп аса қадірлеген. Демек, жыраулар поэзиясы — халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.
Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы.
Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде іселеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақылдың сөз оралымдары мол.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
XV—ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
Жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да,
көптің мұңы, көптін жайы туралы айтылады.
Жыраулар поэзиясы. Жыраулар поэзиясының күндылығы неде? Бұл дәуірдегі
әлеумет тіршілігінің, — дейді М. Әуезов, — ең шешуші мәселесін әдебиет
жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария — Асан.
Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді
ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не
айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ
жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу, жұмбақ қып
айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің
жайы туралы не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады. Ғалымның осы
ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең
ашылған.
Халқымыздың осы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкәрім де
ден қойған. Ол Ескі ақындық деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін,
жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған:
Тақпақ пен мақал тағы артық,
Суырыпсалма жағы артық,
Айтады олар ойланбай,
Сыпыра жырау, Шортанбай,
Үмбетей мен Марабай
Алды-артына қарамай,
Соққанда жырды суылдап,
Жел жетпейтін құландай.
Шәкәрім ескі ақындар поэзиясында терең сыр барын таниды. Олардың
жырында қыран құстың ұшқаны, ақбөкеннің жүрісі, жайдақ желдің желісі,
мөлдір судың аққаны, жел жетпейтін құландар жүйріктігі, адам жанының
жайма шуақ кезеңі — баршасы, көшпелі Қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік,
рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген. Жыраулар поэзиясын
айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаевта Батыр Баян поэмасында:
Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда
Толқынды тұңғиық боп төгілді жыр,—
деп аса қадірлеген. Демек, жыраулар поэзиясы — халқымыздың неше ғасырлық
өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.
Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның
арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес, елдің
саяси-әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен
бере білуімен де бағалы.
Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы
өсиетнама түрінде іселеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақылдың сөз
оралымдары мол.

Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай?
Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы — туған елі, оған деген
сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер
іздеген Асан қайғының Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшір
деген ақылгөй сөзі — сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты
Қазтуған жырау да Қайран да менің Еділім деп еңіреп өткен. Еділдің бойын
ел жайлап, шалғынына бие біз байлап деп Доспамбет жырау армандаған,
ауылдан топыр үзілмейі ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым... он кісіге
жараса, бір кісіге асқан тамағым деп, Ақтамберді жырау еліне ырыс,
молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы еліне
деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын
сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған.
Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған
әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. Мысалы, Тәтіқара ақын:

Бөкейді айт, Сағыр менен Дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменәлі Керейде ер Жабайды айт,—
деп дәріптеген.
Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік
жайлы жыр шерткен.
Олар өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің бірқалыпта
тұрмайтынын (мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған— Шалкиіз), үнемі
өзгерісте болатынын дұрыс пайымдаған. Жыраулар поэзиясында адамгерішлік,
этика, мораль мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат,
тағылым алар дүниелер молшылық.
Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынымен ғана емес,
көркемдік сапасымен де құнды.
Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне,
ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар
да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін
өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал
келтірейік.
Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болтан жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болтан жер, —
деп Қазтуған жырау ж дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да
шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын
көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне өндірумен
қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. Мысалы, Жиембет жырау:
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім, сені есірткен,
Есіл менін кеңесім,
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолына болдым сүйесін, —
деп тәж-тағына есірген Есім ханның қылығын ашу үшін е дыбысынан өрнек
жасап сөйлеткен.
Ақтамберді жырау сұрай арнау сияқты көркемдік тәсілді ұтымды
пайдаланған. Оның Күмбір-күмбір кісінетіп толғауынан:
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күренді мінер ме екенбіз...
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер ме екенбіз?!
Төтелеп жүріп жол салып,
Қолды бір бастар ма екенбіз?!—
деген жолдар арқылы өлеңнің әсерлілік қуатын күшейткен, әрі к дыбысын
қайталай қолдану нәтижесінде өлеңнің саздылығын үдеткен. Жыраулар
психологиялық синтаксистік параллелизмді де шеберлікпен қолданған. Мысалы:

Уа, қарт Бөгенбай!
Құяр жауын аспаннан,
Қара бұлт торласа.
Пәлекет елде көбейер,
Жігітті жігіт қорласа.
Ақбөкен келіп жытылар,
Алдын қазып орласа.
Пенденің бағы ашылмас,
Мандайы қалың сорласа...
деп, Ақтамберді табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей
отырып, өлеңнің мән-мазмұнын тереңдеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар
поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады.
Жыршы — ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи,
ғашықтың жырларды айтып таратушы. Ірі өнерпаз жыршылар жырларды өзінше
өңдеп не суырып салып шығарып та айтқан. Бұл жағынан қарағанда ерте кезден
жыршының тұлғасы екі түрлі болған деп ұққан дұрыс. Біреулерінде
қандай да қоғамдық-тарихи уақиғаны жырлап айту, суырып салып өлең шығару
қабілеті айқын көрінсе, ал басқаларда шығарылған жырды жаттап, өзінше
өзгертіп, өңдеп айту, орындаушылық шеберлігі басым болтан. Жыршының
негізінде тек бұрыннан белгілі поэзиялық нұсқаларды айтушы, орындаушы деп
санау кейінгі кезеңдегі жыр-шыларға қарап қалыптасқаны сөзсіз. Қазақ
поэзиясында суырыпсалма шығармашылық кең өрістеген ертерек
замандарда жырды шығарып айтушы мен дайын нұсқаларын орындаушы
арасында ондай шек болмаған. Кейбір белгілі эпостық жырлардың ондаған,
бірінен-бірі өзгеше нұсқалары сақталып, бізге жеткені тегін емес. Ауыз
әдебиетінің бірталай ірі өкілдері — ақындар бір жағынан жыршы, жыр да
шығарушы, айтушы болып келеді, ал өнері бәсеңдеген кездерде жырды көбінесе
жаттап айту әдетке айнала бастаған. Алайда қай кезеңді айтсақ та,
жыршылық өнері жыр айту өзгешелігі ауызша туу, даму
заңдылықтарына негізделеді. Бір нұсқаны әр түрлі орындайды. Тіпті бір
жыршының өзі де жырдың сөздерін бастан-аяқ дәл сол күйінде ешқашан
қайталамайды. Сөзге шешендік пен ой өткірлігі елеулі міндет атқарады.
Жыршының түркі тілдес халықтар поэзиясындағы ертеден белгілі жарқын
тұлғасы — қырғыздың әйгілі Манас жырын айтушылар — манасшылар. Ежелгі
дәстүрі бар эпостық жырлар, сондай-ақ толғау, терме сияқты жыр үлгісіндегі
ескі нұсқалар жыршылық өнердің, жырдың өрнегі мен өлшемінің сонау көне
дәуірде қалыптаса бастағанын дәлелдейді.
Енді XV—ХVIII ғғ. елдің әлеуметтік тіршілігі, халық тағдыры, арман-
мұраты жеке жыраулар поэзиясында қалай көркемдік шешімін тапқан екен, соған
тоқталып көрелік.
Асан қайғы (XV ғасыр). Асан — өз заманының асқан ақылгөйі. Одан қалған
таза мінсіз асыл сөз аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің
заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен ірі сөз зергері,
терең ойшыл ақын екенін танимыз. Асан атына қайғы деген сөз қосылуы да
көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы
қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танимыз. Асан
ел тыныштығын армандаған.
Мал баққан көшпелі елге керегі — бейбіт тіршілік. Бірақ ол кезде
жаугершілік, басқыншылық, соғыс, құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып
тұрған.
Олар ел берекесін кетіріп, күйзеліске ұшыратқан. Жырау халық басына
төнген осы ауыртпалықты көре білген.
Асан қайғы Әй, хан, мен айтпасам білмейсің деген Жәнібек ханға
айтқан толғауында шабылып жатқан халқын бар, аймағын көздеп көрмейсің деп
күйзелген халқының қамын ойлау орнына, қымыз iшіп қызарып, масаттанып,
қызып, өзінен басқа хан жоқтай елеуреп, бақ-дәрежесіне, мансабына
масаттанған ханға батыл үн қатады. Жырау бұл жерде ханның мақтаншақ,
парықсыз, ұшқалақ мінезін тамаша бейнелеген. Елінің қамын, ертеңін
ойламаған ханға жырау: Ойыл көздің жасы еді... Ойылдан елді көшірдін,
Жемде кенес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің.. Еділ деген киянға, еңкейіп
келдің тар жерге,— деп нали тіл қатады.
Асан қайғы ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді,
қабырғасы қайыса жыр төгеді, болжам жасайды. Жырау ханға:
Тіл алсаң, іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір, —
деп ақыл-кеңес береда. Онан әрі ханға:
Аңдып жүрген көп дұшпан,
Елге жау боп келеді.
Құладан қуды өлтірсе,
Өз басына келеді.
Құлың кеп сені өлтірер,
Осыны Асан біледі, —
деп, жырау халық көтерілсе, хан басына ауыр күн туарын ескертеді.
Ақылгөй жырау халық күшін жоғары бағалайды. Еділ бол да, Жайық бол,
ешкімменен ұрыспа, - деп, елді бірлік-ынтымаққа шақырады. Жырда ғибрат,
өнеге аларлық парасатты ой түйіндері мол. Ол өз тұсындағыларға да, келешек
ұрпаққа да биік адамгершілікті уағыздаған. Жырау:
Ашу — дұшпан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа, —
деп шалдуарлық теріс мінездерден сақтандырады. Сол сияқты Ердің құны болса
да, қол қусырып барған соң, аса кеште қоя бер, бұрынғыны қуыспа, -деп,
қайырымдылық, ерлік істерге жетектейді. Асан қайғының:
Арғымақққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа!
Күнінде өзім болдым деп,
Кең пейілге таласпа!
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа!
Ғылымым жұрттан асты деп,
Кенессіз сөз бастама!
Жеңемін деп біреуді.
Өтірік сөзбен қостама! —
деген жолдарындағы өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы,
философиялық терең ойлары бұгінгілерге де үлгі-өнеге.
Көлде жүрген қоңыр қаз толғауындағы ғибратнамалық ойлары да
тереңділігімен, парасаттылығымен таңдаңдырады.
Асан жырлары тек өзінің мазмұнымен ғана емес көркемдік сапасымен де
құнды. Жырау поэзиясы толғау түрінде келеді.
Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қалада без ғаріп,
Жақсыларға айтпаған, —
Асыл шырын сөз ғаріп, —
деп сөз өнерінің қадірін білдіре отырып:
Ата жұрты — бұқара
Өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болмаса,
Қайратты туған ер ғаріп, —
деген жолдар арқылы ер жігіттің өз халқымен, өз жерімен
бірлікте болуына тілек қосады, оның жүрегі елім, жерім деп соққан ер азамат
болуын арман тұтады. Ақын поэзиясы дыбыс үндестігіне құрылған.
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойынды...
Елбең-елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген... —
деген жолдарда жырау өз ойын айтып беру үшін көркемдік тәсілді ұтымды
қолданған. Мұндай өрнекті Қырында киік жайлаған өлеңінен де
кездестіреміз.
Қазтуған жырау (XV ғасыр). Ол өзін айдаса қойдың көсемі, сөйлесе
қызыл тілдің шешені, буыршынның бұта шайқар азуы, бидайықтың көл
жайқаған жалғызы деп таныстырады. Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты
биі, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болтан. Қазтуған жырларының
арқауы—туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері. Оны ақын тебірене жырға
қосады.
...Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менің ордам қонған жер.
...Жабысы менен тайы тең,
Жары менен сайы тең.
...Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы қаптырмас,
Сөйткен менің, Еділім, —
деп, Еділіне перзенттік қалтқысыз сезімін өмірене өрнектейді. Ақын өз
жырларында батырлықты, ерлікті, елдікті дәріптейді. Оның жырындағы:
Балдағы алтын құрыш болат,
Ашылып шансам деп тартар,
Сусыным қанға қанар деп,
Азамат ердің баласы
Жабыққаның білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп, —
деген жолдардан мұны байқау қиын емес.
Өзі де қорамсағын сары жүн оққа толтырған батыр болған.
Доспамбет жырау (XVI ғасыр). Доспамбет өз заманында жақсы тәрбие
алған, парасатты білгір адам болған.
Азау қаласында туған жыраудың Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?! деген
жолдарына Қарағанда Доспамбеттің көргені, білгені көп, білімді адам екенін
аңғарамыз.
Өз толғауларында ақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтамберді жырау
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қазақстанның XV-XVIII ғасыр мәдениеті
Доспамбет жыраудың толғаулары
Ежелгі түркі әдебиеті
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Жыраулар поэзиясындағы құт-береке ұғымы
Қазақ фольклорының тарихы
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Жыраулар тарихы
Пәндер