А. Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.9
1 Қазақ орыс ғалымдары . Ахмет Байтұрсынұлы туралы ... ... ... ... ... ... ... 10.19
2 Ахмет Байтұрсынұлының фонетикалық еңбектері . түркологиялық зерттеулердің негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.27
3 Ахмет Байтұрсынұлының грамматикалық зерттеулерінің жаңашылдығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28.38
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39.40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41.43

А. Байтұрсынұлы – ғұлама жазушы, энциклопедиялық білім иесі, рухани дүниесі биік ғұлама. Ахмет Байтұрсынұлының өзі және творчестволық мұрасы төрт рет репрессияға ұшырады. Бұл тарихи шындық. Көп жылдар бойы зерттемелері “құлыптаулы” қамал ішінде сақталды. Ахмет Байтұрсынұлы жер шарының алты бөлшегінің бір ұшын қамтыған мемлекеттің тарихында жиі кездесетін көп ақтаңдақтардың біреуі. Ахмет Байтұрсынұлы КСРО-да репрессияланған болса да, Қытай да, Монғолстанда, Түркияда, Германия мен АҚШ ғалымдарының еңбектерінде, А.А. Реформатскийдің, А.Н. Кононовтың және басқалардың зерттемелерінде ХХ ғасырдың ғұлама тілшілердің бірі ретінде танылды.
Бүгінгі таңда, Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері терең зерттеле бастады. Бұл зерттемелер, мақалалар, естеліктер мен деректі кинофильмдер және тағы басқалар аз да болса, Ахмет атамыздың жазушылық, қоғамдық-мемлекеттік, педогогикалық қызметін сипаттайды.
Енді қысқаша өмірбаянына тоқталып кетсек, Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 28 (15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші ауылында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлының әкесі (Байтұрсын Шошақұлы) ауылға інісі Ақтасты іздеп келіп, ойран салған патша әскерлерінің полковнигіне қарсылық көрсеткені үшін әскери соттың шешімімен інісі екеуі 15 жылға сотталып, Сібірдің каторгасына айдалды.
Жетім қалған А. Байтұрсынов немере ағасы Ерғазының қолында тәрбиеленді. Ахмет ауылдағы молданың мектебінде (ислам дінінің негіздері, оқу, жазу, Шығыс әдебиеті, ауызекі халық әдебиеті (фольклор), түркі шежіресі, қазақ шежіресі, тағы басқа) сапалы діни білім алады. 1891 жылы Торғай қаласында екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіреді. 1895 жылы Орынбор қаласында, кезінде Ы. Алтынсарин негізін қалаған “Мұғалімдер мектебін” бітіреді. 1895-1905 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уезінде және екі кластық орыс-қазақ училищесінде мұғалім болып істейді. 1907 жылы Ресейдің отаршылық саясатына қарсы күреске қатысқаны үшін тұтқындалып, Қарқаралы қаласының абақтысына қамалды, одан Семей қаласының абақтысына өткізіледі, 1913 жылдың наурыз айынан 1917 жылдың соңына дейін Орынбор қаласында “Қазақ” газетінің бас редакторы болып жұмыс істейді. 1917 жылдың соңынан 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш” партиясы жүйесінде және “Алашорда” атты уақытша Халық кеңесінің оқулықтар жазу Комиссиясының құрамында қызмет етеді. 1919 жылы наурыз айында Ахмет Байтұрсынұлы Совет үкііметін қабылдап, сол үкіметтің жүйесінде мемлекеттік істерде қызмет атқарады: 1920-1923 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариатының комиссары; 1921-1922 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми Әдеби комиссияның төрағасы; 1921-1926 жылдары – Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институтының мұғалімі; 1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика (тәлім-тәрбие) институтының мұғалімі; 1928-1929 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, 1929 жылы колхоздастыру және конфискация жасау кезіндегі асыра сілтеушілерге ашық қарсы үгіт жүргізгені үшін тұтқынға алынып, Архангельск облысына жер аударылады.

1 Байтұрсынов А. Дыбыстарды жіктеу // Қазақ тілі, 1922. – № 22.
2 Ұлттық рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы (қазақ, орыс, ағылшын т.б. тілдерде). – Алматы: Ғылым, 1999. – 568 б.
3 Сыздықова Р. Сан қырлы саңлақ ақын // Социалистік Қазақстан, 1989. – 4 январь.
4 Ұлттың ұлы ұстазы: “Ұлы тұлғалар” атты ғылыми-библиографиялық серия / Құрастырушы В.Қ. Күзембаева. – Алматы: Қаз. Рес. Білім және ғылым министрлігі, Орталық ғыл. кітапхана, 2001. – 305 б.
5 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
6 Жүсіпұлы М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы. – Алматы: Ғылым, 1998. – 216 б.
7 Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы, 1990. – 51 б.
8 Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. – Москва, 1963. – 367 с.
9 Кононов А. М., Барулин А. М. Теоретические проблемы турецкой грамматики // Новое в лингвистике. Вып. ХІХ Проблемы современной тюркологии. – Москва, 1987. – 36 с.
10 Яковлев Н. Ф. Математическая формула построения алфавита (Опыт практического приложения лингвистической теории) // Из истории отечественной фонологии. – Москва, 1970. – 148 с.
11 Ильминский Н. Материалы к изучению киргизского наречия. – Казань, 1860. – 26 с.
12 Зиндер Л. Р. Общая фонетика. – Москва, 1979. – 312 с.
13 Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. – Алматы: Мектеп, 1983. – 231 б.
14 Джусупов Ә. М. Фонемография А. Байтурсынова и фонология сингармонизма. – Ташкент, 1995. – 176 с.
15 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Алматы: Сөздік – Словарь, 1999. – 200 б.
16 Қордабаев Т. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тіл білімі // Орталық Қазақстан, 1992. – 2 шілде.
17 Қордабаев Т. Қазақтың тұңғыш лингвист ғалымы // Қазақстан мұғалімі, 1988. – 30 декабрь.
18 Қордабаев Т. Бірі емес, өзі // Қазақстан мұғалімі, 1990. – 20 шілде.
19 Әбсадықов А. Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұралары. – Қостанай, 2003. – 144 б.
20 Байтұрсын І. Алтын бесік. – Қостанай, 1998. – 240 б.
21 Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы мәселелері атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Арыс, 2004. – 25 б.
22 Виноградов В. В. Русский язык (Грамматическое учение о слове). – Москва: Высшая школа, 1986. – 639 с.
23 Виноградов В. В. Проблемы литературных языков и закономерности их образования и развития. – Москва: Наука, 1967. – 133 с.
24 Бодуэн де Куртенэ И. А. Избранные труды по общему языкознанию. Том – 1. – Москва: Академия Наук СССР, 1963. – 382 с.
25 Бодуэн де Куртенэ И. А. Избранные труды по общему языкознанию. Том – 2. – Москва: Академия Наук СССР, 1963. – 388 с.
26 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алмат, 2002. – 664 б.
27 Поливанов Е. Д. Труды по востояному и общему языкознанию. – Москва, 1991. – 622 с.
28 Павский Г. П. Филологические наблюдения над составом русского языка. Спб., 1850. – 250 с.
29 Сейфуллин С. Ахмет Байтұрсынов 50-ге толды // Еңбекші қазақ, 1923. – №64.
30 Әуезов М. Ақанның елу жылдық тойы // Ақ жол, 1923. – №270.
31 Шонанов Т. Ахмет Байтурсунов в области народного просвещения и литературы. – №544 қор, 1-тізбе, 104 б.
32 Самойлович А. Н. Ахмет Байтұрсынов энциклопедиялық және библиографиялық басылымдарда / Ұлттық рухтың ұлы тіні. – Алматы: Ғылым, 1999. – 305 б.
33 Имаханбетова Р. С. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы (мұрағат деректері негізінде). Автореф. Ф.ғ.к., – Алматы, 2007.
34 Библиографический словарь отечественных тюркологов (до октябрский период). – Москва, 1974. – 392 с.
35 Поливанов Е. Д. Новая казак – киргизская (Байтурсыновская) орфография. Бюллетень Среднеазиатского государственного университета. Вып. 7. – Ташкент, 1924. – 24 с.
36 Яковлев Н. Ф. Математическая формула построения алфавита (Опыт практического приложения лингвистической теории) // Из истории отечественной фонологии. – Москва, 1970. – 148 с.
37 Сухотин А. М., Юдахин К. К. О сокращении некоторых букв в ряде тюрских алфавитов / В книге: Реформатский А. А. Из истории отечественной фонологии. – Мосвка, 1970. – 162 с.
38 Уәлиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері. Ф. ғ. к., дисс. – Алматы – 1993.
39 Зиндер Л. Р. Очерк общей теории письма. – Москва: Наука, 1987. – 263 с.
40 Мектеп – тегі А. Қазақ жазуының қасиеті мен қасіреті // Жалын, 1997.–6 б.
41 Архангельский Т. В. Грамматика казахского языка. – Ташкент, 1927.- 62 с.
42 Назарбаев Н. Ә. Қазақстан – 2030. – 113 б.
43 Жұбаева О. С. Қ. Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасы мен лингвистикалық тұжырымдамалары. Ф. ғ. к., дисс. – Алматы, 2002.
44 Жүнісбек Ә. Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық моделі. Ф. ғ.к., дисс. – Алматы, 2004.
45 Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 420 б.
46 Созантов Н. Записки по грамматике киргизского языка. – Ташкент, 1912. – 27 с.
47 Мелиоранский П. М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. Фонетика и этимология. СПб. Часть І, 1894. – 15 с.
48 Лаптев И. Краткий грамматический очерк казак-киргизского языка. – Москва, 1990. – 84 с.
49 Байтұрсынов А. Қазақстан мен Қазағыстан туралы // Еңбекші қазақ, 1925. – №29.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ОРЫС ТІЛШІ ҒАЛЫМДАРЫ
Орындаған:
4 курс студенті
Қ. Р. Абдрасилова
Ғылыми жетекші:
Ф.ғ.д., профессор
А. Салқынбай
Норма бақылаушы:
Ф.ғ.к ., доцент
Ә. Ж. Әміров
Қоғауға жіберілді:
“___”_____________ 2007 ж.
Кафедра меңгерушісі:
Ф.ғ. д., професор
Б. Қ. Момынова
Алматы, 2007
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші
ғалымдар
Жұмыстың көлемі: 41 бет
Пайдаланған әдебиеттер саны: 49
Тірек сөздер: термин, тұжырым, дыбыстық жүйе, қорытынды, қазақ тілі
грамматикасы, тіл білімінің теориясы, тіл материалдары, практикалық
жетістіктер, тіл категориясы, әдіс, орфографиялық норма
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Ахмет Байтұрсынұлы түркі тіл білімі
тарихында грамматиканың барлық саласында ғылыми жол бастаушы және негізін
қалаушы ғалым екендігін салыстырудың қорытындылары бойынша дәлелдеу
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы, қазақ тіл
лингвистикасының көш бастаушысы, рухани – мәдени тарихымыздың көрнекті
өкілі, белгілі ғалым – педагог, қазақ теориясы мен сынының негізін салушы,
ақын, аудармашы ,филолог, еңбек сіңірген ғылыми қызметкер.
Бұл жұмыстар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ (түркі) тілтанымдық мұрасы ХХ
ғасырдың бірінші ширегіндегі әлем тілтаныммен сабақтас екендігін көрсету
болып табылады. Ахмет Байтұрсынұлы тіл біліміндегі мәселелердің негізін
қалаушы ғалым екендігін салыстырудың нәтижесіндегі қорытындылар бойынша
айқындаймыз.
Жұмыста қолданылған әдістер: Сипаттамалы, ғылыми-зерттеу әдісі,
салыстырмалы ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды
Жұмыстың өзектілігі: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы негізінде ХХ
ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдар өздерінің тілтанымдық концепциясын
жасады деген тұжырымды дәлелдеу
Пайдаланылған дерек көздері: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері
және оған арналған зерттеу мақалалар, сондай-ақ Н.Ф. Яковлев, Е.Д.
Поливанов, И.А. Бодуэн де Куртенэ, В.В. Виноградов, А.М. Кононов, П.М.
Мелиоранский, А.Н. Самойлович, Л.Р. Зиндер және т.б. ғалымдардың
тілтанымдық еңбектері қарастырылды
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-9
1 Қазақ орыс ғалымдары – Ахмет Байтұрсынұлы
туралы ... ... ... ... ... ... ... 10-19
2 Ахмет Байтұрсынұлының фонетикалық еңбектері – түркологиялық
зерттеулердің
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..20-27
3 Ахмет Байтұрсынұлының грамматикалық зерттеулерінің
жаңашылдығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28-38
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .39 -40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .41-43
КІРІСПЕ
А. Байтұрсынұлы – ғұлама жазушы, энциклопедиялық білім иесі, рухани
дүниесі биік ғұлама. Ахмет Байтұрсынұлының өзі және творчестволық мұрасы
төрт рет репрессияға ұшырады. Бұл тарихи шындық. Көп жылдар бойы
зерттемелері “құлыптаулы” қамал ішінде сақталды. Ахмет Байтұрсынұлы жер
шарының алты бөлшегінің бір ұшын қамтыған мемлекеттің тарихында жиі
кездесетін көп ақтаңдақтардың біреуі. Ахмет Байтұрсынұлы КСРО-да
репрессияланған болса да, Қытай да, Монғолстанда, Түркияда, Германия мен
АҚШ ғалымдарының еңбектерінде, А.А. Реформатскийдің, А.Н. Кононовтың және
басқалардың зерттемелерінде ХХ ғасырдың ғұлама тілшілердің бірі ретінде
танылды.
Бүгінгі таңда, Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері терең зерттеле бастады. Бұл
зерттемелер, мақалалар, естеліктер мен деректі кинофильмдер және тағы
басқалар аз да болса, Ахмет атамыздың жазушылық, қоғамдық-мемлекеттік,
педогогикалық қызметін сипаттайды.
Енді қысқаша өмірбаянына тоқталып кетсек, Ахмет Байтұрсынұлы 1873
жылы 28 (15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-
ші ауылында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.
Ахмет Байтұрсынұлының әкесі (Байтұрсын Шошақұлы) ауылға інісі
Ақтасты іздеп келіп, ойран салған патша әскерлерінің полковнигіне қарсылық
көрсеткені үшін әскери соттың шешімімен інісі екеуі 15 жылға сотталып,
Сібірдің каторгасына айдалды.
Жетім қалған А. Байтұрсынов немере ағасы Ерғазының қолында
тәрбиеленді. Ахмет ауылдағы молданың мектебінде (ислам дінінің негіздері,
оқу, жазу, Шығыс әдебиеті, ауызекі халық әдебиеті (фольклор), түркі
шежіресі, қазақ шежіресі, тағы басқа) сапалы діни білім алады. 1891 жылы
Торғай қаласында екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіреді. 1895 жылы
Орынбор қаласында, кезінде Ы. Алтынсарин негізін қалаған “Мұғалімдер
мектебін” бітіреді. 1895-1905 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы Ақтөбе, Қостанай
және Қарқаралы уезінде және екі кластық орыс-қазақ училищесінде мұғалім
болып істейді. 1907 жылы Ресейдің отаршылық саясатына қарсы күреске
қатысқаны үшін тұтқындалып, Қарқаралы қаласының абақтысына қамалды, одан
Семей қаласының абақтысына өткізіледі, 1913 жылдың наурыз айынан 1917
жылдың соңына дейін Орынбор қаласында “Қазақ” газетінің бас редакторы болып
жұмыс істейді. 1917 жылдың соңынан 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш”
партиясы жүйесінде және “Алашорда” атты уақытша Халық кеңесінің оқулықтар
жазу Комиссиясының құрамында қызмет етеді. 1919 жылы наурыз айында Ахмет
Байтұрсынұлы Совет үкііметін қабылдап, сол үкіметтің жүйесінде мемлекеттік
істерде қызмет атқарады: 1920-1923 жылдары – Қазақстан
Халық Ағарту Комиссариатының комиссары; 1921-1922 жылдары – Қазақстан Халық
Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми Әдеби комиссияның төрағасы; 1921-1926
жылдары – Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институтының мұғалімі; 1926-
1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика (тәлім-тәрбие) институтының
мұғалімі; 1928-1929 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің
профессоры, 1929 жылы колхоздастыру және конфискация жасау кезіндегі
асыра сілтеушілерге ашық қарсы үгіт жүргізгені үшін тұтқынға алынып,
Архангельск облысына жер аударылады. Дүниежүзілік Қызыл Кіреске М.
Горькийдің жұбайы Е. П. Пешкованың жолдаған өтінішімен А. Байтұрсынұлы 1934
жылы мерзімінен бұрын айдаудан босатылады. 1936-1937 жылдары қайтадан
тұтқынға алынады. 1937 жылы желтоқсан айының 8 күні атылады. 1988 жылы
қараша-желтоқсан айларында ақталады 7, 13.
Ұлы ғұламаның шағын өмірбаяны осындай. Қазақ даласының асыл перзентінің
туған халқымыздың тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесі қомақты. Ахмет
Байтұрсынұлының мұрасы – қазақ халқының айқын бейнесі. Ол тарихи тағдыр,
сәулелі ойлар мен көкейкесті арманды білдіреді. Ұлы Ұстаздың әрбір сөзі
бүгінде жеткіншек ұрпақтың тәрбиесіне игі ықпал етіп, рухани байлығымызды
қалыптастыруға қызмет етеді. Оның тәрбиелік және эстетикалық идеялары бізді
азаматтық және патриоттық сезімді көздің қарашығындай сақтауға баулиды.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінде өз қолтаңбасын қалдырған тұлға.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік тынысының
ашылуы, ғылымының өсіп-өркендеуі қазақ зиялыларының ағартушылық қызметімен
тікелей байланыста болды. Сол тұстағы саяси өзгеріс, іс-оқиғалар мен үлкен
сілкіністер әсерінен мемлекеттік істерге, саясатқа қызу араласқан зиялы
қауым оқу-ағарту ісіне де белсене атсалысты. Бұл кезеңде қазақ тарихына,
мәдениетіне, рухани дүниесіне мол ізін қалдырған ағартушы қайраткерлер мен
ақын жазушылар, ғалымдар шоғыры жарқырап шықты. Сондай бірегей тұлғалардың
бірі – Ахмет Байтұрсынұлы сияқты қайраткерлер өз халқына өлшеусіз еңбек
сіңірді. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушылық қызметті қазақтың саяси тынысы мен
әлеуметтік тіршілігіндегі ең қажет, ең игілікті әрекет деп қабылдады және
оқу-ағарту жұмысы туған халқына теңдік, азаттық, бостандық, өркениетті даму
алып беретін біден-бір жол деп ұғынды 20, 10.
Ағартушылық қызметі мұрат тұтып, ұлттық мектептерде, жоғары оқу
орындарында дәріс беру, оқу-ағарту жұмыстарын қалың жұртшылық арасына
насихаттаумен қатар, жекелеген пәндерден оқу құралдарын жазудың үлгілі
көшін бастаған – Ахмет Байтұрсынұлы. Оның қазақ халқына сіңірген санқырлы
қызметі өзінің бастау арнасын ағартушылық қызметтен алады 19, 10-11.
Мәселен, Рәбиға Сыздықова бұл мәселе жайлы былай деген:
“Ахмет Байтұрсынов демократтық-ағартушылық қызметті өзінің азаматтық борышы
және ұстаған жолының негізі деп санаған. Ол білім-ғылымнан кенже қалған,
малын бағып, марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан, сол марғаулықтан
маса болып ызңдап оятып, алып шығуды өмірінің мақсаты етіп қояды. Сонда,
қазақ мәдениеті, әдебиеті көгінде Ахмет Байтұрсынов – жалаң ағартушы болып
көрінеді ”7, 18-23.
А. Байтұрсынұлы – аса ірі қоғам қайраткері, көрнекті ақын, қазақ
тілінің қолдану аясын кеңейту үшін аянбай күрескен, тіл ғылымының негізін
салған тіл зерттеушісі, қазақ поэзиясын теориялық тұрғыдан тануда жүйелеп
ізге салған теоретик-ғалым, халыққа білім беру саласында еңбек сіңірген
педагог –ұстаз. Мәселен, Зәки Ахметов: “Ахмет Байтұрсыновтың баға жетпес
бірнеше сапалы еңбегін тереңдеп зерттеу – алдағы зор міндеттердің бірі.
Байыптап тексерген сайын қоғам қайраткері, ақын, ғалым кейінгі ұрпаққа
аманат етіп қалдырған асыл мұраның мәні толығырақ ашылып, айқындала
түспекші”, – деген екен.
Ахмет Байтұрсынұлы – халқымыздың ұлы перзенттернің бірі, әмбебап ғалым,
аудармашы, журналист, көсемсөз шебері... Бір сөзден айтқанда, “сегіз қырлы,
бір сырлы” адам. Ахмет Байтұрсынұлының сан қырлы қасиеттерінің бірі
қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі болып табылады. Мәселен, осы күнге
дейін Ахмет Байтұрсынұлының аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері, айлалы
саясаткер ретінде қызметі туралы жеткіліксіз айтылып, аз жазылып келеді.
Оның басты себебін, Зейнолла Қабдолов: “Ахмет – Алаш қозғалысы аясындағы
қоғам қайраткері ғана емес, кеңестік Қазақстанның алғашқы жылдарында жоғары
лауазымды мемлекеттік қызметкер атқарған адам. Ахмет Байтұрсынұлы өткен
осындай күрделі жол оның қайраткерлік сан қырлы және саясаткерлік қызметін
зерттеушілер үшін айтарлықтай қиыншылықтар тудырады. Солай болғанына
қарамастан, Ахмет Байтұрсынұлы мемлекеттік жүйелердің қайсысында жұмыс
жасамасын, ол бірінші кезекте өзіне нысана етіп жалпыұлттық, бүкілхалықтық
мәселелерді таңдап алды да, оларды туған елінің мүдделеріне сай шешу үшін
еңбектенді”, – деп еңбегінде көрсетеді 2, 123.
1895 жылдан 1909 жылдарға дейін 13-14 жыл бойы ауылдық, болыстық
мектептер мен екі кластық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. Оның
ішінде 1896 жылдан 1907 жылдарға дейін Қарқаралыда әуелде екі кластық орыс-
қазақ мектебінде, кейін қалалық училищеде сабақ берген. Бұл жылдарда А.
Байтұрсынұлы қазақ графикасымен (жазуымен) айналыса бастайды. Ол үшін
алдымен қазақ тілінің фонетикалық (дыбыстық) жүйесін зерттеуге кіріседі.
Бұл екі әрекеттің екеуіне де Ахметті әкелген оның ағартушылық қызметі еді,
яғни қазақ балаларының сауатын ашатын “Әліпби” мен ана тілін үйрететін “Тіл
құралын” жазу мақсаты ең алдымен графиканы жөндеп алуды қажет етті.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы
пікірлерін ол 1912 жылдан бастап “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеттерінің
беттерінде білдіре бастайды. 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде “Шаһзаман
мырзаға” атты мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмейтін кейбір араб
таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін
білдіру үшін оның алдына дәйекше дейтін таңба қою қажеттігін дәлелдейді.
А. Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ
жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады. Себебі, А.
Байтұрсынұлының реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм
заңдылығына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын.
Сөйтіп, қазақ дыбыстарының табиғатын айқындап, тануы ғылымға қазақтың
жаңа әліпбиін жасауға мүмкіндік берді. Баспа беттерінде жарияланған
мәліметтерге қарағанда, 1915 жылдың бір өзінде бұл емледен 15-тей кітап
басылып шығыпты. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған “жаңа емле” 1913
жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де
қолданыла бастағандығы айтылады. Сөйтіп, араб әріптері негізінде
лайықталған қазақ графикасы 1924 жылы ресми түрде қабылданады. Бұл – өз
кезінде қазақ халқының мәдени дүниесінде үлкен роль атқарған, қалың
көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа
жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен прогрессивтік құбылыс болды 4,
37.
А. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш
жұмсаған. Күш жұмсауға тура келген себебі мынада: қазақ балаларына арналып
1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептің өзінде шәкірттер
сауатын орыс тілінде ашатын. Сондықтан әр мұғалім өз ыңғайына қарай не
орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А. Байтұрсынұлы мен өзге де бір топ
қазақ интеллигенциясы уәкілдері болып, 1905 жылы 26 маусымда Ресей
Империялық Министрлер Советінің Председателі атына петиция жазады. Мұнда
бір пункт етіп қойған талаптары “қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға
қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын,
оқу ана тілінде жүргізілсін” деген болатын. Осы талаптың жүзеге асуы үшін
Ахмет Байтұрсынұлы қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазады. Оны
“Оқу құралы” деген атпен 1912 жылы Орынборда басып шығарады. Демек, Ахмет
Байтұрсынұлының “Оқу құралы” – тұңғыш әліппеміз. Ол кейін де бірнеше рет
басылған.
Ахмет Байтұрсынұлы тек мектеп оқушыларына ғана емес, ересектердің де
сауаттарын ашуға арналған “Әліпби” жазған, ол 1924 жылы Орынборда, 1926
жылы Семейде басылды.
1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын “Оқу құралын”
жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін
оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған І бөлімі “Тіл
құрал” деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көреді. Ол әрі қарай бірнеше
рет басылған, 1927 жылғы Қызылордадағы басылымы 7-ші деп көрсетілген “Тіл
құралдың” қазақ тілінің морфологиясына арналған ІІ бөлімі бұдан да бір жыл
бұрын 1914 жылы баспадан шыққан, оның 1927 жылғы басылымы 6-шы деп
көрсетілген. Синтаксиске арналған ІІІ бөлімі де бірнеше басылым көрген.
Оның 6-шы басылымы 1928 жылы Қызылорда-Ташкенттегі “Казгосиздаттан” шыққан
7, 4-17.
“Тіл-құрал” – қазақ мәдениетінде бұрын болмаған құбылыс. Оның қазақ
жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін Ахмет Байтұрсынұлының өзі де
ескертеді. Кітабының “Сөз басында: “Тіл құрал” деген ат қандай жат көрінсе,
ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, өйткені бұл – қазақта
бұрын болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жат көрініп, бірте-
бірте бойы үйренген соң қалатын”, – дейді 5, 142.
Және де қазақ тілін талдап-тануда Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін тағы
бір тұрғыдан ерекше бағалау керек: ол – термин жасаудағы іс-әрекеті. Ғалым
қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша
термин ұсынды. Осы күнгі қолданып жүрген “зат есім, сын есім, етістік,
одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш” деген тағы басқа сан алуан
лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Мәселен,
олардың өте сәтті жасалғандығын күні бүгінге дейін қолданып келе жатқан
өміршеңдігі дәлелдейді. Оның термин жасаудағы ұстаған негізгі принципі – ең
алдымен қазақ тілінің өз мүмкіншіліктерін пайдалану болса, сонымен қатар
1912 жылдың өзінде “Айқаптың” беттеріндегі мақалаларында грамматика,
фонетика, морфология деген халықаралық сөздерді қолдану оның орыс тілі
арқылы келетін интернационалдық терминдерден бас тартпайтын принципінде
көрсетеді. Біздің ойымызша, бұл принциптер осы күнгі терминологиямызда
басты орын алып отырған бағыт-бағдар екені мәлім.
Тағы бір ескеретін нәрсе – қазақ тілінің фонетикасы мен морфологиялық
тұлға-тәсілдерінің бірсыпырасын Ахмет Байтұрсынұлы жаңаша талдап, дұрыс
көрсетуі деп есептейміз. Орыс лингвистикалық мектебінен сусындап, негізін
содан алғанмен, қазақ тілі грамматикасын тануда ол көп ретте тілдің
типологиялық ерекшелігін ескеру принципін ұстаған. Бұл мәселеге кейінірек
тоқталамыз. Негізінен, қазақ тіл білімінің басталар тұсындағы ізденістері
мен кемшіліктерін дұрыс тауып, мұқият зерттеу – алда тұрған
міндеттеріміздің бірі. Әзірге бір ақиқат, ол – ана тіліміздің іргетасын
қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы екендігі. Олай дейтін
себебіміз мынада, Н.И. Ильминскийдің 1861 жылы
Қазанда басылған “Материалы к изучению киргизского наречия” деген кітабы
қазақ тілінің грамматикалық жүйесін танытқан тұңғыш еңбек болды. Бұл
“Материалдар” орыс тілінде жазылды, онда қазақша лингвистикалық терминдар
жасалған жоқ. Ал, қазақ тіл білімінің ұлттық терминологиясын жасаған Ахмет
Байтұрсынұлы болды.
Ғалымның тіл үйретуде жасаған еңбегі мұнымен де шектелмейді. Ол
қолданбалы грамматика дегенді жазған. Бұл жұмысын “Тіл жұмсар” деген екі
бөлімді екі кітап етіп 1928 жылы Қызылордада жарыққа шығарды.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту методикасының іргетасын қалаушы болып
табылады. Ол – қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін
салушы. Ахмет Байтұрсынұлы бұл салада 1910 жылдан бастап,
1927-1928 жылдарға дейін бірнеше мақала жариялаған. 13-14 жыл бойы бала
оқытқан тәжірибесінде түйген методикалық нұсқауларын 1920 жылы Қазанда
“Баяншы” деген атпен кітапша етіп шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге
“әліппені” пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетті.
1921 жылы Ташкентте шағын көлемді тағы бір методикалық құралды шығарады.
Сөйтіп, тұңғыш қазақ лингвисі Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі
программа қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақша сауат аштыруды мақсат еткен,
бұл үшін “Оқу құралды” жазған; одан соң қазақ тілінің грамматикалық
құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған. Бұл үшін “Тіл құралды”
жазған; үшінші – тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көрсетуді көздеген, бұл
үшін “Тіл жұмсарды” жазған, төртінші – сауат аштыру, тілді оқыту
методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін “Баяншыны” жазған. Міне,
бұлар ұлы тұлғамыз Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің грамматикасын
зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған
еңбектері.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ғылымына жасаған қызметі тек тіл білімі
саласында емес, әдебиеттану саласында, этнография, тарих мәселелерімен де
шұғылданғанын айта кету шарт.
Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынұлы, біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі
мен оқулықтарының авторы, ерекше із салған жаңашыл ағартушы.
Екіншіден, ғалым – араб графикасына негізделген қазақ жазуының
реформаторы. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы жасаған жаңа жазу күні бүгінге
дейін қолданыс тауып келеді: Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, Иран
сияқты елдердегі қазақ бауырларымыз сауаттарын осы жазумен ашып, баспа
дүниелерін осы графикамен шығарады. Шетелдік бауырлас қазақтарға арнап, осы
күндерде өзіміз шығаратын “Біздің Отан” атты газетіміз де
А. Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуын пайдаланады.
Үшіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші
тұңғыш филолог-ғалым және Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың
бірі.
Төртіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқына, үкіметке, қоғамға
адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері 2, 4.
Мәселен, Т. Қордабаев Ахмет Байтұрсынұлы жайлы “Қазақтың тұңғыш
лингвист ғалымы” мақаласында: “Басқа ғылымдар мен рухани өмірдегі сияқты
ақтаңдақтар қазақ тіл білімінде де күні кешеге дейін орын алып келеді.
Ғылымымыздың қалыптасу даму тарихына арналған зерттеулерде шындықты айтуға
тыйым салынғандықтан, қазақ тіл білімі қалыптасуының ширек ғасырдан астам
уақыт жауып тасталды. Міндет – ғылым мен мәдениет саласындағы
қайраткеріміздің бір кезде жабылған пәле-жаладан ақталып, қатарға
қосылғанына шын көңілмен ризалық білдіре отырып, еңбегін әділ бағалау
керек” 17, 2. Және де Қазақ тіліне қатысты біраз мәселенің қырын өткен
ғасырда Н. Ильминский тәрізді миссионер түркологтардың орыс тілінде және
осы тілдегі терминдерді қолдана отырып қазақ тілі грамматикасын жазғандары
белгілі. Бірақ олардың ешқайсысы да ғылым негізіне жататын сүбелі салаларды
түгел қазбалап қамти алған жоқ. Бұлардың көбісі шағын көлемді практикалық
еңбектер еді. Сондықтан да, осындай зерттеушілерді қазақ тілі ғылымының
негізін салды деп айта алмаймыз. Ал, ақиқатына келсек, қазақ тілі ғылымының
негізіне жататын салаларды түгел қамтып, олардың терминдерін байырғы
сөздеріміздің негізінде қалыптастырып, алғаш рет баяндап берген басқа ешкім
емес, ол – Ахмет Байтұрсынұлы. Сонда, жоғарыдағы пікірлердің негізінде,
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл ғылымының негізін салушылардың бірі емес, өзі
деп танимыз 18, 4, – деген еді.
1 ҚАЗАҚ ОРЫС ҒАЛЫМДАРЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТУРАЛЫ
Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы қырық-отызыншы жылы – қазақ өркениетінің
ең бір қарқынды дамыған, гүлденген тұсы. Олай дейтініміз, ұлт мәдениеті,
үлкен әдебиет, қазақтық ғылым, білім де – бәрі шын мәнінде осы кезде ірге
көтере бастады. Бәрінің де кейін қаз тұрып кетуіне, қалыптасуына Ахмет
Байтұрсынұлы тікелей мұрындық болды. Сондықтан да, осы қырық-отыз жылды
қазақ өркениетінің “Байтұрсынов дәуірі”, “Байтұрсынов ғасыры” десе де
болады.
Ғылым жалпы өзінің филология және тарих сияқты салаларынан бастап дами
бастайды. Демек, этнос атаулының қай-қайсысының да ғылыми өзін танудан
бастау алады. Және қай халықта да түрлі ғылым салалары ешқашан “қол ұстаса”
қатар тумайды. Жапа тармағай бір мезгілде қалыптаспайды. Мұндай да, әдетте,
алдымен кейбір қоғамдық ғылым салалары сараланып шығады. Қазақта да мысалы
солай болды: бүгінгі бүкіл қазақтық ғылымның көген басы ретінде әуелі тіл
білімі, әдебиеттану бой көрсетті. Бұлардың әрқайсысының өз алдына жеке
дербестеніп кетуіне Ахмет Байтұрсынұлы ұйытқы болды. Бұларға кешікпей
ғылымның тарих және этнология сияқты тарамдары келіп қосылды. Бәрі осылай
бірте-бірте құрала келе Академиялық орталыққа айналды. Мұның да тұңғыш
төрағасы Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ол ұлт ғылымының көшбасшысы ретінде,
міне, осылай танылды. Сондықтан да оны Елдос Омаров “первый светоч науки”
деп атады 2, 3.
Мысалы, Сәкен Сейфуллин Ахмет Байтұрсынұлының 1923 жылғы мерейтойына
орай жариялаған , “Ахмет Байтұрсынұлы 50-ге толды” деген көлемі үш-ақ
беттей болатын мақаласында “Ахмет Байтұрсынұлы... оқығандардың арасынан
халықтың намысын жыртып, даусын шығарған кісі”, “ұлт намысын жыртып, ұлттың
арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді”, “қазақ халқының намысын
жыртып, арын жоқтады”, “қазақ халқының арын, намысын жоқтап...”, “Ахмет
халықтың арын іздеп, сол өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге
тіккен” 29, 43, – дей отырып, халық намысы, ұлт намысы, ұлттың ары,
халықтың ары тіркестерін бірнеше жерде қайталап қолданады. Бір қызығы бұл
мақаланы Сәкен Сейфуллин Манап Шамиль деген бүркеншік атпен
жариялаған көрінеді.
Ахмет Байтұрсынұлы Мұхтар Әуезовтің айтуы бойынша, “қазақ жұртының
оқыған азаматтарының тұңғышы. Оның қызметі – қазақтың ұзын-ырға тарихымен
жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш –
мәңгілік ескерткіш”, – дейді.
Осы жерде Генрих Гейненің мына бір дана сөзі еске түседі: “Алмастың
ажарын алмас ашады”. Шынында солай. Ахмет Байтұрсынұлының “ажарын” “қазақ
оқушысының ойы мен пікірін тәрбиелеген”, “қазақ жұртының оқыған
азаматтарының тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі”, – деп М. Әуезов ашты. Өзінің
“Қазақтың бас ақыны” мақаласында “Не нәрсе жазса да, Абай түбірін, тамырын,
ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың
шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Маңызды,
мағыналы болуына білім керек. Абайда осының үшеуі де болған. Бұлардың
үстіне Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абай сөздерінің
дүниеде қалғаны қазаққа зор бақ”, – деп, Абайдың “ажарын” Ахмет
Байтұрсынұлы ашты 2, 6.
Мәселен, Мұхтар Әуезов “Ақ жол” газетінің 1923 жылғы 4 ақпан 270-ші
санында жариялаған “Ақанның елу жылдық тойы” деген мақаласында, Ахмет
Байтұрсынұлының орыс досы Алекторов туралы аз ғана мағлұмат беріп кетеді.
Онда: “1896 жылы Ахмет Байтұрсынұлы Омбыда Ақмола, Семей школдарын басқарып
тұрған Алекторов пен хабарласып, Омбыға барған. Ақаңның Қостанайдан
кетуіндегі себептерінің көбі бізге белгісіз. Кетуінің бір себебі қазақтың
басқа жерлердегі хал-жайын көріп, білу болса керек. Омбыға барып,
Алекторовпен көрісуі Ақаңның кейінгі күндегі адамшылығы мен ісіне екі түрлі
әсер берген. Біреуі – Алекторовтің қазақ турасындағы отаршылдық саясатының
басын біліп, көздеп жүрген мақсатын сезген болар, атақты Ильминскийдің
жолымен қазақтың көзін ашу үшін оқу керек деген саясатты тұтынып
жүргендігін сөздерімен білдірген Алекторовтің ниетімен жақын келіп танысқан
соң, Ахмет қазақ халқының ауырлығын ұғып, ел турасындағы түкпірлі ойы сол
кезде ояна бастаған.
Алекторовпен танысудың екінші әсері – Ақаңның жолы ашылып, бұрынғы
білім-өнер жүзіндегі шала біліп, көмескілеу түсініп жүрген нәрселерін таза
білуіне себеп болған 30, 6.
Ал, Телжан Шонанов болса: “Ахмет Байтұрсынович бескорыстно отдавшего
всю огромную силу своего таланта на служение киргизскому народу с тех самых
пор, как стал жить сознательной жизнью”, – дейді 31, 104. А.Н. Самойлович
“Ахмет Байтұрсынұлы энциклопедиялық және библиографиялық басылымдарда және
Шығыс әдебиетінің І басылымындағы “Түрік халықтарының әдебиеті” атты
материалында А. Байтұрсынұлын қысқаша анықтамалық шолуға сыйғызған. Онда
қазақ ғалымы туралы: “... қазақ тілі орфографиясының реформаторы, қазақ
грамматикасы және қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушы” 32-77, –
деп көрсетеді.
Сонда, Имаханбетова Райхан Сахыбекқызының айтуынша, 1919 жылы А.Н.
Самойловичтің “Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынович” туралы берген анықтама –
ақпаратын бірінші танымдық ғылыми бағалау екені басы ашық дүние. Бұл қазақ
ғалымы туралы жазылған тұңғыш ғылыми сипаттама. Орыс ғалымы Ахмет
Байтұрсынұлы туралы тұжырымын “қазақтың бірінші көрнекті лингвист-ғалымы”,
– деп түйіндеген дейді 33, 12.
А.Н. Кононов болса, Ахмет Байтұрсынұлы өміріне тоқталып, оның қамауға
алынғаны жайлы мәліметтерді қосып, И.А. Крыловтан 40 мысал аударған,
“Қазақ” газетінде бас редактор болған. 1925 жылы жоғарғы оқу-орындарында
сабақ бергені жайлы айтады. А.Н. Кононов: “...автор усовершенствованный
казахской азбуки, созданной на основе арабского алфавита; им же написаны
(на казахском языке) учебники по фонетике, синтаксису и этимологии
казахского языка, а также по теории словесности и истории культуры. Все
перечисленные труды написаны по-казахски”, – деп сипаттайды 34, 18.
1924 жылы Ахмет Байтұрсынұлы түрлеген қазақ әліпбиін профессор Е.Д.
Поливанов Ортаазия мемлекеттік университетінің бюллетенінде жарияланған
“Жаңа қазақ-қырғыз (Байтұрсындық) орфографиясы” (“Новая қазақ-киргизская
(Байтурсуновская) орфография”) атты мақаласында: “...енді түзетуді қажет
етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда кемелденген, жекелеген ұлттық графика”, –
деп бағалаған 35, 52.
Академик А.Н. Кононов 1974 жылы ғалымға берген сипаттамасы ішінде:
“Мәдениет тарихын жазған” деген 34, 80 мәліметтер бар. Әсіресе,
түркітанушы ғалымның Қазақстанда А. Байтұрсынұлының атын ауызға алуға да,
жазуға да тыйым салынған уақытта “Отандық түркологтардың библиографиялық
сөздігі” атты кітапқа қазақ ғылымы туралы толыққанды ақпар беріп, “қара
тізімге ілінген” тарихи тұрғыдан әділ бағалануы ерекше факт болып табылады.
Көрнекті ғалым Т. Қожекеевтің “Халқымен қайта қауышты қайран ерлер”
(1991) атты мақаласына сүйенсек, 1967 жылы Америкадағы Колумбия
универсиетінің профессоры Эдвард Олуорд, Ян Муррей, Мэтли Карл,
Х. Мэнгес өз шәкірттерімен бірлесіп, Нью-Йоркте ағылшын тілінде “Орталық
Азия орыс билеген ғасырда” (“Центральная Азия в век русского правления”)
деген кітап шығарған.Осы кітапта Орта Азия халықтары мен қазақ халқының
экономикалық, саяси, мәдени даму жолдары туралы олардың ұлттық сезімінің
оянуы, интеллектуалдық жағынан өсуі, әдебиеттің даму жөнінде, әсіресе, әр
халықтың осы үлкен саяси істерде зор қызмет көрсеткен қайраткерлері туралы
мол мағлұмат берілгені айтылады. Сол тұста өз елінде “халық жауы” деп
жүрген Ахмет Байтұрсынұлы туралы 16 беттік пікір білдіргені, онда оның
саясат, әдебиет, мәдениет майданындағы ерлік істерін ерекше бағалап
жазылғандығы айтылады 33, 18.
Орыс тілтаным зерттеушілерінің назарына ілініп, аса жоғары бағаланған
тұсы Ахмет Байтұрсынұлының фонологиялық шешімдері еді. Н.Ф. Яковлев “...
применение тождественного способа сокращения числа букв в алфавите к одному
из тюрко-татарских языков, именно казахскому (быв. киргизскому), полностью
сохранившему закон так называемого “сингармонизма”, – способа, интутивно
изобреттеного одним из местных культурных работников – казахов,
Байтурсыном... дает новое поле для совершенно безупречного употребления
выведенной формулы”, – 36, 144 деп теориялық тұрғыдан бағаласа, екінші
жағынан А.М. Сухотин мен К.К. Юдахин “... способ выражения парности гласных
через согласные, дополненный введением особого знака смягчения, мы видили в
казахской “байтурсыновской” орфографии...” 37, 158, деп практикалық
тұрғыдан бағалап жатыр.
Көбей Хұсайын: “В.В. Виноградов 1962 жылдың күзінде әл-Фараби атындағы
Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филолгия факультетінде орыс тіл
білімінің өзекті проблемалары және лингвистикадағы қазіргі бағыттар туралы
бірнеше қызықты дәріс оқыған еді. Ғалым лингвистикалық терминологияның
даму, қалыптасу жайын сөз еткен тұста тіл білімінің қай кезеңінде де бұл
процестің өте күрделі болғанын атай келіп, “бір немесе бірнеше ғылыми
термин жасаған адамға ескерткіш қоюға болады”, – деген еді. Академиктің
дәріс арасындағы бір әңгімесінде студенттер оған қазақ тіл білімі
терминдерінің көпшілігін бір-ақ адам – Ахмет Байтұрсынұлы жасағанын айтты.
В.В. Виноградов бұған таң қалып, сенерін де, сенбесін де білмегендей сыңай
танытты”, – дейді.
Сондықтан, терең ойлы оқымысты ғалым, ұлы ұстаз, жазушы, қоғам
қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін ғылыми негізде, өз дәуірі тіл
білімінің теория мен практикалық жетістіктерін қамти отырып, үлкен ғылым
саласы ретінде алдымен ұлтымызға, одан соң бүкіл әлемге өз тілімізді
танытты. Қазақ тілінің негізін құрайтын басты салаларды қамтып, оның ішінде
– дыбыстық жүйесін, морфологиясы мен синтаксисін өз тілімізде алғаш рет
сипаттай отырып, көптеген теориялық мәселелердің басын ашып, терең де
зерделі тұжырымдар айтты 2, 133.
Кеңесбай Мұсаұлы зерттеуінше, 1926 жылы І Бүкілодақтық түркология
құрылтайында Ахмет Байтұрсынұлының екі баяндамасы мен жарыссөзде
сөйлегеніне академиктер В.В. Бартольд, Е. Поливанов, А.Н. Самойловичтер көп
назар аударды. Ахмет Байтұрсынұлы солардың деңгейінде ғылыми сөз жарысына
қатысып, құнды пікірлерін ортаға салып отырды. Оның орфография,
терминология мәселелері бойынша баяндамалары қабылданған қаулылардың негізі
болды.
І Бүкілодақтық түркология құрылтайында қазақтар
(Ахмет Байтұрсынұлы, Н.Төреқұлұлы, Е. Омарұлы) орысша
сөйлеп, жұртқа терең білімін көрсетті. Басқа түркі халықтарының тіл
мамандары негізінен ана тілінде сөйлеген еді 2, 134.
Махамбет Жүсіпұлы: “Сингармопозициялық көзқарас пен фонема –
сингармодыбыстар ұғымы Ахмет Байтұрсынұлының да, Москва фонология
мектебінің де теорияларының негізгі принциптері”, – болып келеді дейді.
Сонда фонема-дыбыстар қоры ұғымы Москва фонология мектебінің
теориясына Н.Ф. Яковлевтің “Математическая формула построения алфавита.
Опыт практического приложения лингвистической теории” атты мақаласы арқылы
енді. Бұл мақалада Н.Ф. Яковлев Ахмет Байтұрсынұлының сингармоалфавитін
зерттеп, оған өте биік ғылыми баға берген. Ахмет
Байтұрсынұлының сингармоалфавиті мен сингармоорфографиясын –
“лингвистическое изобретение”, яғни сол кездегі тіл білімі саласындағы ұлы
маңызы бар жаңалық деген. Н.Ф. Яковлев мақаласында
Ахмет Байтұрсынұлының негізгі ойларының бірін айқын көрсете білген. Ол
пікірдің ғылыми негізі мынандай: түркі (қазақ) тілінде жеке жуан, жіңішке
сингармофонемалар болмайды: жуан, жіңішке дыбыстар бір сингармофонеманың
позициялық түрлері. Олар сөйлесім процесінде сингарможуан, сингарможіңішке
сөздердің құрамында дыбысталады (бірақ мақалада ой кеңінен дәлелденіп
баяндалғанымен, Ахмет Байтұрсынұлына сілтеме берілмеген). Сонымен, 16
жылдан кейін Н.Ф. Яковлев А. Байтұрсынұлының
дыбыс туралы ойын өзінің мақаласында орыс тілінде қайталады.
Ахмет Байтұрсынұлы ғылыми ізденісінде фонологиялық ұғымдарды анықтаумен
шектелмей, оларды жан-жақты нақ зерттеді, оларға сингармониялық түсінік
берді, мұндай сингармофонологиялық ірі зерттемелерді Ахмет Байтұрсынұлы тіл
білімінің тарихында бірінші болып жасады. Сонымен, фонологияның осы үлкен
екі ұғымы Москва фонология мектебінің теориясына Н.Ф. Яковлевтің мақаласы
арқылы енді, ал Н.Ф. Яковлевтің мақаласына Ахмет
Байтұрсынұлының еңбектері арқылы енді. Яғни шығатын қорытынды Н.Ф.
Яковлевтің мақаласы Ахмет Байтұрсынұлының
ғылыми ілімі мен Москва фонология мектебінің ғылыми ілімі арасындағы пікір
жеткізетін көпір болды 2, 183.
Көбей Хұсайын: “Тіл білімінде тіл дыбыстары мен оның құрылыстарын
қарастыратын саласы фонология деп аталады. Қазақ тіл білімінің алғашқы
фонологы – Ахмет Байтұрсынұлы. Оны ғалымның өзі түзген әліпбиінен көруге
болады”, – дейді.
Сонда, Ахмет Байтұрсынұлы өз еңбектерінде фонема туралы түсінікті толық
анықтаған. Сол ұғымның көрсеткіші ретінде “дыбыс”, “әріп” сөздерін
қолданған. ХХ ғасырдың бірінші ширегінде және одан кейінірек те мамандар
арасында мұндай сөз қолданыс жиі кездесетін еді. Бір ғылыми ұғымды
білдіретін сөздің орнына екінші басқа ғылыми ұғымды атайтын сөзді пайдалану
ұлы ғалымдарда да кездеседі. Мысалы, М.В. Ломоносов “дыбыс” терминінің
орнына “әріп” терминін де қолданған.
Ахмет Байтұрсынұлының 1912 жылы қазақ тілінде жарияланған еңбектері мен
Н.Ф. Яковлевтің 1926 жылы жазылып, 1928 жылы жарияланған мақаласында екі
тамшы судай біріне-бірі ұқсайтын пікірлер, ғылыми тұжырымдар кездеседі.
Дәлел ретінде М. Жүсіпұлы сол еңбектерден бірнеше мысал келтіреді:
1. Ахмет Байтұрсынұлы: “... дауыссыз дыбыстар жуан айтылса – олардың
қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы; дауысты дыбыстар жіңішке
айтылса – дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы” (Байтұрсынов, 1912;
1992. 381-б)
Н.Ф. Яковлев: “... твердость гласных в этих примерах всегда
сопровождается твердостью приведенных согласных ”. (Яковлев, 1928;
Реформатский, 1970. 145-б). Н.Ф. Яковлев Ахмет Байтұрсынұлының ойын,
сөздерін бұлжытпай қайталап тұр. Ал, егер Н.Ф. Яковлевтің цитатасын қазақ
тіліне сөзбе-сөз аударсақ, ол жағдайда Ахмет Байтұрсынұлының ойы қаз
қалпында сақталып тұрады. Мысалы, бұл мысалдарда дауыстының жуандығына
дауыссыз жуандығы үйлеседі, дауыстының жіңішкелігіне дауыссыздың
жіңішкелігі үйлеседі.
2. Ахмет Байтұрсынұлы: “... сөз екі түрлі: бір түрі жуан, екінші түрі
жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жуан болады, жіңішке сөздің
ішіндегі дыбыстардың бәрі жіңішке болады. Жалғыз түрлі айтылатын дыбыстар
екі түрлі сөздің бір-ақ түріне кіреді” (Байтұрсынұлы, 1912; 1992. 390-б).
Н.Ф. Яковлев: “... как гласные, так и парно различаемые по признаку
твердости, мягкости согласные звуки в границах одного и того же слова могут
быть в языке этого типа или только твердыми, или только мягкими, и
наоборот, в пределах одного и того же слова не может быть одновременно и
твердых, и мягких как гласных, так и согласных, для которых существует в
языке парное различение по твердости-мягкости (Яковлев, 1928; Реформатский,
1970. 145-б). Н.Ф. Яковлевтің бұл сөздері де Ахмет
Байтұрсынұлының ойын қайталайды. Егер осы айтылған ойды қазақ тіліне
аударсақ, мағыналық өзгерістер сезілмейді, бірақ Н.Ф. Яковлевтің осы ойды
жазғанында, көп сөзділікке ұрынып кеткендігі айқын байқалады.
Сонда, Н.Ф. Яковлев еңбегінде математикалық формулаға бөліп, ұсынған
алфавит жасау принциптері, ғылыми тұжырымдары Ахмет Байтұрсынұлының алфавит
жасау принциптерінен айнымайды. Бар айырмашылығы – тек жазу, дәлелдеу
дағдысында: Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алфавит жасау принциптерін, ойларын
математикалық формулаларының таңбаларымен белгілемесе де, математикалық
дәлдікпен берген, сондықтан ғылыми ізденістерінің қорытындылары көпшілікке
түсінікті, ұтымды шыққан: Н.Ф. Яковлев сол принциптерді, ойларды
математикалық формулалардың таңбаларын пайдаланып жасаған. Н.Ф. Яковлев
математикалық формулаларды қолданып жазған алфавитінің құрамындағы әріптер
санының Ахмет Байтұрсынұлы алфавитінің құрамындағы
әріптер санынан айырмашылығы жоқ десек болады. Мысалы, Н.Ф. Яковлевтің
зерттемесінің қорытындысы бойынша, алфавиттегі әріптер саны 23-тен 28-ге
дейін (алдымен 28, кейін 25, соңында 23 деген). Мұндай қорытындыны Н.Ф.
Яковлев жаңа, ешкімге белгісіз принциптерді қолданып жасаған жоқ. Қолданған
принциптері дәл Ахмет Байтұрсынұлынікіндей. Ал, әріп санының
айырмашылығының себебі мынада: Ахмет Байтұрсынұлы қ-ғ, к-г дауыссыз
дыбыстарын жеке фонемалар деп жариялаған, себебі олар акустика жағынан да,
артикуляция жағынан да дифференциалдық қасиеттерге ие, сондықтан сөздердің
мағынасын өзгертеді, ал солай болғаннан соң олар жеке әріптермен
таңбаланады. Н.Ф. Яковлев бұл дауыссыз дыбыстарды бір фонеманың түрлері деп
түсінген, сол себептен оларға жеке әріптер арнамаған.
Сонымен, Н.Ф. Яковлевтің алфавит жасау математикалық формуласына негіз
болған пікірлер мен принциптер тікелей Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми
шығармашылығымен байланысты. Н.Ф. Яковлев бұл туралы былай деп жазған:
“изобретенный... Байтурсыном...”36, 146. Сонда, ғылыми принциптерді
бірінші болып тіл білімі тарихында қолданған ғалым да – Ахмет
Байтұрсынұлының өзі.
Белгілі тілші Қ. Жұбанов Н.Ф. Яковлевтің еңбегі туралы былай деп
жазған: “для доказательства применимости этой системы достаточно сослаться
на “проект алфавита для всех языков” известного дилетанта”, профессора
Яковлева”, – деген еді. Мәселен, біраз мамандар үшін Н.Ф. Яковлевтің
еңбектеріндегі негізгі ойларды Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінен алған-
алмағандығы үлкен сұрақ дейді. Мысалы, В.А. Редкин мен В.Ф. Каюмова мынадай
пікір айтады: “Н.В. Яковлевтің қазақ тілі дыбыс қорын зерттеуі нәтижелері
Ахмет Байтұрсынұлының зерттемелерінің нәтижелеріне өте ұқсас болуы мүмкін,
сондықтан жазу синтаксисі де (фразалар, сөз тіркестері) Ахмет
Байтұрсынұлы синтаксисіне ұқсап кетсе керек. Ал,
Ахмет Мектеп-тегінің “Жалын” журналында жарияланған “Қазақ жазуының қасиеті
мен қасіреті” атты мақаласында Н.Ф. Яковлевтің А. Байтұрсынұлы жасаған
ғылыми “қырманынан” заңсыз “кеспені” (“сыбаға”) алғандығына күмән
тудырмайды. Ол Н.Ф. Яковлев туралы былай дейді: “.. Профессор Яковлевтің
көрер көзге жасаған ғылымындағы қарақшылық әрекеті...” деген сияқты
пікірлер айтады 40, 166.
Бүгінгі таңда, ескеретін мәселе Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық
кітапхананың сирек қорынан өте мұқият қатталған картотека ұясында
46 кітабы тіркелген екен. Осы туындылардың бірі 1-данадан, бірі – 2 дана,
кейбірі 3-4 данамен сақталғандығы белгілі болып отыр. Қазіргі күні бұл
сирек жадығаттардың жағдайы өте мүшкіл. Өйткені, ертедегі кітап шығару
технологиясының сапасы төмен және қағаздары тым жұқа болғаны мәлім. Ондай
кітаптарды парақтап, оқудың салдарынан беттері үлбіреп, қағаздары сарғайып
кететінін зымыран уақыт көрсетті 33, 20.
Жұбаева Орынай Сағынғалиқызы: “Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері, негізінен,
қазақ мектептеріне қазақ тілін үйретуге бағытталғаны белгілі. Ахмет
Байтұрсынұлы оқулықтарында алдымен ереже беріліп, кейін мысалдармен
пысықтау жұмыстарына көп мән беріледі. Ахмет Байтұрсынұлы кітабындағы
сөздікте грамматикалық ережелер бірізділікпен (мысалы, бір сөз табын
түсіндіріп болғаннан кейін, екінші сөз табына көшу т.с.) беріледі. Мәселен,
Т. В. Архангельский Ахмет Байтұрсынұлына: “Ценное пособие для русских,
задавшихся целью серьезно изучить казахский язык”, – деп жоғары баға беріп,
пікір жазған 41, 62.
Уәли Нүргелді “Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік
дамуы” деген мақаласында: “Ахмет Байтұрсынұлы түзген әліпбиді сол кезеңдегі
фонологиялық мектебінің аға буын өкілдері, әлемдік лингвистиканың
көшбасшылары болған Е.Д. Поливанов, Н.Ф. Яковлев тәрізді көрнекті
фонологтар аса жоғары бағалады. Түркітанушы К.К. Юдахин мен А.М. Сухотин
латын жазуына көшкенше қырғыз халқының Ахмет
Байтұрсынұлы әліпбиін сол күйінде қолданғанын атап айтады. Мұның өзі А.
Байтұрсынұлы әліпбиінің ұлтаралық мәртебесін көрсетпекші 2, 279, –
дейді.
Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы түзген әліпби жазу тәжірибесінде
жұртшылықты сауаттандыру ісінде өте оңтайлы болғанын М.Дулатовтың мына
пікірінен анық байқауға болады: “Қазақ тілін қолына қалам ұстағаннан бері
ылғи қазақша жаза бастаған Байтұрсынов қазақ емлесін шығарды, оқу
құралдарын жазды ... . Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық деген
ешкімді естігеніміз жоқ”. Бұл мақала “Труды общества изучения Киргизского
края” басылымында жарияланған. Оренбург, 1922.
Шара Мәжітаева: “Қазақ оқығандары, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин
тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін
оның дыбыстық жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауды, оны біраз
жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады. Міне, осы пікір ағымын өз
мақсаттарына шеберлікпен пайдаланған. Н.И. Ильминский бастаған миссионерлер
араб жазуының кемшіліктерін сынай отырып, қазақ жазуын бірден орыс
графикасына көшіру идеясын қызу уағыздады 2, 282, – деп Ахмет
Байтұрсынұлының әліпбиі жайлы әңгіме қозғайды. Біздіңше, осы мақаланың
түбінде Шара Мәжітаева “Ахмет Байтұрсынұлы терминдерді Ыбырай Алтынсариннен
алған” деген ойды тұспалайтын сияқты көрінді. Бірақ бұл болжамның
қаншалықты шын не жалған екенін зерттеуіміз қажет.
Талғат Сайранбаев: “Тілдің негізгі топтарының ең басты салалары –
фонетика, морфология мен синтаксис, ал оның қалған топтары жан-жағынан
нақтылай түсетін түрлері ғана. Тілдің осы салаларының түркологияда жүйелі
зеттелуі Ахмет Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланысты”, – дейді.
Айгүл Ісмақова өзінің зерттеу мақалаларында Ахмет Байтұрсынұлы орыс
ғалымдарынан аудармаған деген ұранды әуендерді бүгінгі кезде жиі айтып жүр.
Егер түркология тарихына үңілсек түркі халықтары алғаш өз тілін өздері
зерттеген болуы керек. Түркология атасы ХІ ғасырдағы Махмуд Қашғари. Одан
кейін 8 ғасыр бойы көбінесе басқалар зерттеп жүрді, мәселен, араб
сөздіктері, түрік грамматикасы. Сонда, Ахмет Байтұрсынов мұралары да барша
түркі халықтарына негіз болатыны төмендегі пікірлер дәлелдей түседі.
Бұл жөнінде, Байқазақ Бекетов: “Ахмет Байтұрсынұлы және қарақалпақ тіл
білімі” деген мақаласында: “Ахмет Байтұрсынұлының өзінің “ай ортақ, күн
ортақ, жақсы ортақ” дегеніндей, Ахаң тек қана қазақ тіл білімінің емес,
қарақалпақ тіл білімінің де іргетасын қалаушылардың бірі деп толық айтуға
болады. Егер оның 1926 жылғы Бірінші түркологиялық съезінде жасаған
баяндамасын және көпшілік түркі халықтары пайдаланған араб алфавитіне
жасалған реформаларын ескерсек, Ахмет Байтұрсынұлы түрік әлеміне ортақ оның
тіл тағылымынан әр халыққа жол-жоба боларлықтай пікірлер табылады”.
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығының Қарақалпақстан халықтарының
арасына кеңінен таралуының бірнеше факторлары бар. Біріншісі – Қазақстан
астанасының Қызылорда қаласына көшіп келуі қарақалпақ жастарының жаппай
сауат ашуға ден қоюына әсері Ахаңның “Қырық мысалы” өсиет сөз сипатында
ақын-жыраулардың репертуарынан кең орын алды. Екіншісі – 1926 жылдың
аяғында Ахмет Байтұрсынұлы ұстаздық етіп жүрген Қазақтың ағарту
институтының Қызылорда қаласына көшіп келуі қарақалпақтар үшін үлкен мәдени
жаңалық болды.
Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы тағылымы қарақалпақ тілінің ең алғашқы
әліппелерін жазған Е. Мажитов, Қ. Ерлановтар тарапынан да есепке алынды.
Ахмет Байтұрсынұлының идеялары қарақалпақ тілінің фонетикасына байланысты
жазылған Ж. Аралбаевтың ғылыми еңбектерінде де көрініс тапқан. Ахмет
Байтұрсынұлы – қазақ және қарақалпақ ғалымдарының шығармашылық байланысы
болып табылады2, 210-214.
Сұлтан Жанболат былай дейді: “Ахмет Байтұрсынұлының қазақ алфавиті
Қытайда тұратын қазақтардың қызу қолдауына жолыққан...”. Бұл айтылған
ойдың дәлелі ретінде төмендегі мәселеге көңіл бөлсек, 1924 жылы Орынборда
өткізілген қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезі ресми қабылдаған
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ алфавиті Қытайда тұратын қазақтарға онды да
күшті дүмпу жасаған, оны “жаңа әліпби”, “жаңа емле”, “Байтұрсын емлесі”,
“Ахмет Байтұрсынов әліппесі” деген аттармен Қытайға тез жетуінен, 1925-1926
жылдарда Құлқа, Шәуешек, Сарысүмбезе, Үрімшіде көзі ашық зиялылардың
үйренгенінен байқауға болады. Он жыл өткен соң, бұл әліппе айтылған
қалаларда жаппай ашылған мұғалімдер курстарында ресми сабақ ретінде
оқытылды 2, 216.
Мәселен, өзімен бірге оқыған Қытайдан келген оралман-студенттер де
бүгінде осы жазуды ұстанатын мәселені айшықтай түседі емес пе?
2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ – ТҮРКОЛОГИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗІ
Ахмет Байтұрсынұлы сөздің мәндік, грамматикалық сырын, сипатын
өте терең де нәзік біліп, зерттеген. Тілдің жалпы қасиеттері туралы ол:
“Сөз өнерінде жұмсалатын зат – сөз”, – дейді. Сөздің мағынасы өте күрделі,
көп екенін былай баяндайды: “Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бірдей
ортақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz