Теледидардың жастардың пікіріне ықпалы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. І
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1.1
Бұқаралық ақпарат құралдары құбылыс ретінде ... ... ... ... ... ... ... . 1.2
БАҚ.тың құрылымы мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1.3
БАҚ . билік ресурсы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... II
БАҚ.НЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.1
а. Баспасөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
б. Телевидение ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
в. Радио ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 БАҚ.тың қазіргі Қазақстандағы өзекті тенденциясы ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Дипломдық жұмысымның кіріспесін күллі Алаштың арыс-ақыны Мағжан Жұмабаевтың «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» атты өлең жолымен бастауды жөн көрдім:

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер –
Мен жастарга сенемін!

Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңкарға?!
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!..

Алаш – айбынды ұраны,
Қасиетті Құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!

Неге екенін білмеймін, осы өлең жолдарын оқығанда, мына жаһандану дәуіріндегі қазақ жастарының шешуін таппай бұлқынып жатқан мәселелері бір сәтке кейінге ысырылып, қазіргі жастарымызға деген сенімім пайда болады. Ылайым, жүрегінде – Иманы, аузында – Аллаһ деген сөзі бар қазақ жастары көбейе берсін деп тілеймін!

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
Телерадио журналистикасы кафедрасы

А.Б.Жұмағұлова (401 топ)

ТЕЛЕДИДАРДЫҢ ЖАСТАРДЫҢ ПІКІРІНЕ ЫҚПАЛЫ

диплом жұмысы

Мамандығы: теле-радиожурналист

Ғылыми жетекшісі:
саяси ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР саяси ғылымдар Академиясының Академигі,
ҚР ЖМ корр.-мүшесі
Ғалия Жүнісқызы Ыбраева

Алматы, 2010
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. І
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1.1
Бұқаралық ақпарат құралдары құбылыс ретінде
... ... ... ... ... ... ... . 1.2
БАҚ-тың құрылымы мен қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1.3
БАҚ – билік ресурсы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II
БАҚ-НЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2.1
а. Баспасөз
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
б. Телевидение
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
в. Радио
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
2.2 БАҚ-тың қазіргі Қазақстандағы өзекті тенденциясы ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмысымның кіріспесін күллі Алаштың арыс-ақыны Мағжан
Жұмабаевтың МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН! атты өлең жолымен бастауды жөн көрдім:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер –
Мен жастарга сенемін!

Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңкарға?!
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!..

Алаш – айбынды ұраны,
Қасиетті Құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Неге екенін білмеймін, осы өлең жолдарын оқығанда, мына жаһандану
дәуіріндегі қазақ жастарының шешуін таппай бұлқынып жатқан мәселелері бір
сәтке кейінге ысырылып, қазіргі жастарымызға деген сенімім пайда болады.
Ылайым, жүрегінде – Иманы, аузында – Аллаһ деген сөзі бар қазақ жастары
көбейе берсін деп тілеймін!

ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН...

Смағұл Садуақасовтың Ауылдағы жастар туралы мақаласы Еңбек туы
газетінде 1920 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған. Мақалада ауылдағы жастарды
ұйымдастыру, қоғамға пайдалы жұмысқа тарту, олардың іскерлігін қалыптастыру
мәселесі көтерілген. Осы еңбегінде Смағұл бұрындары құрылған ұйымдардың
кемшілігін айта отырып, оны қайталамауды, өткеннен сабақ алуды ескертеді.
Көсемсөзші қазақ жастарының ерекшелігіне қарай жұмысты жоспарлауды ұсынады.
Біздің Қазақстан – ауылдың республикасы. Қазақтың 99 пайызы ауылда.
Сондықтан ауыл жастарының арасындағы жұмыс ең бірінші орында болу керек, –
дейді. Смағұл ауыл жастарына менсінбей қарайтындарды, оларды алға
жетектеудің орнына меселін қайтаратындарды: Қазақтың ұлтшылдары ондай
төрелерге тиісті баға берсе де, қазақ ішінде төрелік қалған жоқ. Күні
бүгінге дейін шаһарлы жерде жүрген дұп-дұрыс адам секілді жігіт елге шықса,
шіңкілдеп, тоқаңдап кетеді. Балалармен сөйлесу түгілі, жаман-жәутік
қазақпен де сөйлеспейді – деп сынайды. Смағұл осы мақаласында: Осы күнгі
заман – бірлескеннің, білгеннің заманы. Бірлестің, бірауызды болдың – сен
күн көре аласың. Бытырадың, надан болдың – өлесің – деп, ел жастарын
ұйымдасуға, өрелілікке шақырады.
Жастар съезіне атты мақаласын қаламгер Қазақтың саяси пікірінің
тарихы – қазақ жастарының тарихы сөйлемімен бастайды. Бұл еңбегінде С.
Садуақасұлы аға толқынның кезінде топтаса алмағандығын, көпке бірдей жақсы
аты шыққан қазақтың азаматы аздығын, жастар содан сабақ алу керектігін сөз
ете келіп, жаңа замандағы жас лектің мақсат-міндеттеріне және санадағы
сауатсыздықпен күрес қайтсе жеңіске жететінін әңгіме етеді. Жастардың
ұйымдасып отырғанын үлкен күшке балап, оларға мүмкіндікті қолдан жібермеу
жөнінде ақыл-кеңес береді. Ұлтты қадірлеуді ескертеді.
Мен – коммунистпін. Маған қазағы да, орысы да бәрі бір деушілер
табылады. Бірақ бұл секілді сөзді айтушылар орысқа да, қазаққа да пайдасыз
адам болып шығады, – дейді Смағұл. Автор мақаласын: Көтеріл, жастар!
Ұйымдас, жастар! – деген үндеумен аяқтайды.
Байқап отырғанымыздай, Смағұл осынау үш мақаласында да ұлт ертеңі
жастардың қолында екенін сөз етеді. Смағұл идеясы қазіргі публицистикамен
үндес.
Көтеріл, жастар! мақаласы Еңбек туы газетінің 1920 жылғы 13-
қарашасында жарық көрген. Мұнда саясат пен ұлтшылдарымыздың аражігін ашып
көрсетіп, мәселені келешек жастарға тірейді. Енді не істеу керек? Смағұл
сары уайымшылдыққа салынбайды. Сол себепті төңкеріс тудырған дәуірден баз
кешіп кетуді қаламайды. Оқығандар елден жырақтанса, мыңдаған халықты
саясатпаздар құздан құлататынын Смағұл түсінеді. Ол: Енді бізде кім бар?
Алдымыздағы асқар таудай жүкті кім арқалайды? Ұлттың ісін, елдің жұмысын
кім атқарады? Еңбекшілердің кім ақылшысы болып, кім оларға жолбасшылық
етеді? – деп қойған сұрағына өзі: Жастар, жастар, жастар. Бұлардан басқа
ешкімге сенім, ешкімнен үміт жоқ – деп жауап береді. Қаламгер аға толқын
өкілі ақын Мағжанның Мен жастарға сенемін деген пікірін негіздей отырып,
алдағы істердің жауапты екендігін қаперінен шығармайды. Мақаладағы Бүкіл
халықтың тұрмысын өзгерту, адамшылық, ұйымшылдық негізімен өзгерту, жаңа
дүние орнату деген жеңіл жұмыс емес. Бұл секілді жұмыс басын жарып, көзін
шығарғанмен оңдалмайды. Бұған ақыл керек, білім керек, ақ жүрек, адал ниет
керек деген Смағұл ойы 20-жылдары аса көкейкесті, сындарлы естілгені анық.
(Д. Қамзабекұлы. С. Садуақасұлы. Алматы. Қазақстан. 1996 жыл, 160 бет)
Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамдағы жастардың проблемалары
ретінде айқындауға болатын ерекше мәселелерін шешу қажеттілігіне тап болып
отырды. Бұл проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды
біріктіреді. Қазақстан қоғамы да бұл мәселеден тысқары қалған емес. Соның
айғақты дәлелі – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылдың басында Нұр
Отан партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі десек
болады.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: НҰР ОТАННЫҢ ДАМУЫНДА ЖАҢА БЕЛЕС БАСТАЛДЫ
...Бесінші басым міндет – жастармен жұмыс.
Нұр Отан мақсаткер жастарды партия жұмысына қатысуға қазіргіден де
белсендірек тартуы тиіс.
Біздің саясатымыз Нұр Отан партиясында және мемлекеттік қызметте
жұмыс істеуге қабілетті жас гвардияны қалыптастыруға бағдар ұстауы керек.
Жас ұрпақтың күш-қуаты мен шамшылдық жігері партиялық белсенділікке қуатты
серпін беруі тиіс.
Партияның жастар қанатын нығайту қажет. Жас Отанды құра отырып,
партиямыз 200-ден астам жастар ұйымының күш-жігерін біріктірді. Бұл жастар
арасында Нұр Отан жақтастарының саны нақты артуына мүмкіндік берді.
Енді Жас Отан еліміздегі жастар саясатының түпқазығы болуы тиіс.
Партиямызға жастар қозғалысын жан-жақты қолдау жөніндегі саясат түзу керек.
Көктемде Жас Отанның съезін өткізуді ұсынамын. Оған Қазақстанның
барлық аумағындағы жас партия мүшелерін жинап, жастар саясаты мәселелерін
тақырыптық тұрғыдан талқылау керек болады.
Жас Отанның негізгі күш-жігерін жастардың бойында қазақстандық
патриотизм сезімін тәрбиелеуге бағыттаған жөн. Партия жастарға
реформалардың басты қозғаушысы ретінде сенім артып, оларды партия істеріне
тартатындай себеп табу керек.
Партия патриотизмнің үлгісін көрсетуі тиіс. Жастарымыз ар-намыс,
парызға сенімділік, парасаттылық, Отанымыздың өркендеуі жолындағы
жасампаздық сияқты жоғары құндылықтардың жолын ұстанып өсуі тиіс.
Өзіне қатысты талапшылдық, төңірегіндегілерге қатысты адалдық, елге
қатысты сенімділік – өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі шешуші сәттер, міне,
осылар.
Жастарды есірткіқұмарлық, алкоголизм, әлеуметке жат мінез-құлық,
құқықтық нигилизм мен коррупция сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстарға
төзімсіздік рухында тәрбиелеу қажет.
Тұтастай алғанда, партия жастарды партияға тартуға, жастар
проблемаларын, оның ішінде ауыл жастарының проблемаларын шешуге, патриоттық
жұмыстарды нығайтуға бағытталған өзінің жастар қанатының іс-қимыл
стратегиясын жасауы тиіс.
Ақтөбе облысының өкілі өзінің сөзінде кадрлар резерві мен ой-пікір
фабрикасы жөнінде жақсы ұсыныс айтты.
Осыған байланысты менде жоғарғы оқу орнын бітірушілерден (мүмкін бұл
болашақтықтар болатын шығар) 200-300 жастан топ құрып, жоғары басшылық
қызметке жылжыту үшін тиянақты оқытумен айналысу керек деген ой туындап
отыр. Осылайша елімізде басшы кадрлардың жаңа негізі құрылатын болады. Бұл
– маңызды міндет.
Елімізде соңғы жылдары жастардың тәрбиесіне, олардың сапалы білім
алуларына ерекше көңіл бөле бастады. Биыл парламентте 2004 жылы қабылданған
Жастар саясаты туралы мемлекеттік заңының қайта қаралуы бұл сөзімізге
дәлел бола алады. Ұрпақ тәрбиесінде қоршаған ортаның, ата-ананың, білім
ордаларының үлкен рөл атқаратыны белгілі. Қоғам дамуы бір орнында тұрмайды.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде жастарымыздың қоғамның жаңару үрдісімен
үйлесімді өмір сүре білуі үшін біз олардың тәрбиесіне айрықша зор мән
беруге тиіспіз. Осы қатарда жастардың құқықтық сауатын өсіру мәселесінің
орны ерекше. Өйткені құқықтық тәрбие ең алдымен жаңа тұрпатты адамды,
азаматты қалыптастыру ісіне қызмет етеді. Осы орайда бір ғұламаның бақытты
өмір сүргің келсе – заңмен жүр дегені еріксіз еске түседі.
Ең бастысы жас жеткіншектеріміздің азаматтық санасын оятуға жол
ашылады. Егер азаматтық деген ұғымның астарында мемлекеттің заңдарын ерікті
де саналы түрде мойындау, қоғам мен мемлекеттік мүддеге қайшы келетін
әрекеттерге тосқауыл бола білу, азамат ретінде өзінің де, өзгенің де
құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауына атсалысу сияқты іс-әрекет ету
қажеттігі жатқанын ескерсек, бұл бүгінгі күнгі ашық қоғам құруға ұмтылып
отырған біздер үшін өте маңызды тәрбие үлгісі болып табылады.
Бұл мәселеге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жас патриоттар форумында
сөйлеген сөзінде ерекше мән берілді. Нұрсұлтан Әбішұлы жастарға жасалған
қамқорлықтарды айта келе, жастардың және еліміздің басты капиталы – сапалы
білім – деп нақты атап көрсетті. Осындай әкелік қамқорлық нәтижесінде 1999
жылы Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітілді, Жастар
саясаты туралы мемлекеттік заң (2004 ж.) қолданысқа енді. Нұрсұлтан
Әбішұлының бастамасымен Болашақ мемлекеттік бағдарламасы өмірге келді.
Қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша шетелдердің танымал жоғарғы оқу
орындарында білім алған жастарымыздың саны жылдан жылға артып келеді. Жас
ұрпақ тәрбиелеудегі бірізділік, сабақтастық деген жоғарыда көрсетілген
құжаттардың мазмұнынан айқын көрінеді деп нық сеніммен айта аламын. Біз осы
заң нұсқаларына өмірдің өзі ұсынған толықтырулар мен өзгерістер енгіздік.
Олардың бірқатары қабылданып та жатыр.
ҚР білім беруді дамытуға бағытталған мемлекеттік Бағдарламада жалпы
орта білім беру міндеттері өте айқын көрсетілген. Бұл білім сапасын
көтеруді қамтамасыз етуге қажетті толық заңнамалық негіз болып табылады.
Себебі, құжатта әрбір тәрбиеленушінің шығармашылық белсендігін ашуға, оны
үнемі арттырып отыруға және оның жоғары мәдениетін, эстетикалық-этикалық
талғамдарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұстанымдар заң мәтініне енген.
Адам ресурсына мемлекеттік тұрғыдан мән беру дегеніміздің өзі осы емес пе?
Біз қазір жастар арасында әсіресе, мектептерде, орта арнайы және
жоғарғы оқу орындарында жас ізденушілердің қоғамдық бірлестіктер,
шығармашылық одақтар құруларына, олардың қазіргі заманғы технологияларды
пайдалана отырып өзара ақпарат алмасуларына, қажет десеңіз, әрбір аймақта
жастардың бұқаралық ақпарат құралдарының болуына мүмкіндік жасау қажет.
Салауатты ойлай білген жас қана салауатты өмір сүруге бейім, салауатты
бәсекеге даяр. Осындай сападағы жастар легі ұлтымыздың интеллектуалдық
әлеуетін күшейтіп отыратын жүйе құрушы фактор және нағыз қазына болып
қалыптасады деген сенімдемін. Бұған Елбасының өз бастамасы арқасында қолға
алынып жатқан Интеллектуалды ұлт – 2020 ұлттық жобасы жауап беретін
болады.
Жас ұрпақ, оның ішінде Болашақ бағдарламасының түлектері еліміздің
ертеңі үшін барынша белсене қызмет етуге міндетті деп есептеймін. Келешекте
кәсіби білікті мамандар халықтың әл-ауқатын арттыруда шешуші роль атқара
алатындай дәрежеге жетуі тиіс. Біздің қоғам үшін жастардың саяси білім
деңгейі жоғары, талғамы биік, аналитикалық ойлау қабілеті болғаны керек.
Бұған тек ақпараттық-мәдениет қана емес, нақты практикалық іс-тәжірибе
арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан Елбасының ұсынысы бойынша Нұр Отан
ХДП Жастар қанатының құрылуы партиялық-идеялық сабақтастықты қамтамасыз
ету шарасынан туған қажеттілік деп білеміз.
Болашақ бағдарламасы Елбасының жастарға деген шынайы қамқорлығынан
туған, ТМД көлеміндегі бірден-бір жастарға арналған және Нұрсұлтан
Әбішұлының жеке бастамасымен қабылданған ерекше бағдарлама екенін ескерсек,
бұл біздің жастарымызға бұйырған бақыт деп бағалауымыз қажет. Президент
атынан берілетін Болашақ стипендиясы – бұл жастардың қабілеттерін
саралаудың ең биік деңгейлерінің бірі болғандықтан үміткерлерге деген
талаптың өте жоғары болуы орынды.
Бағдарламаның жүзеге асырылуы арқылы жаңа буын мамандарды үздік
шетелдік жоғары оқу орындарында даярлау дер кезінде қолға алынған және оның
Қазақстанның жарқын болашағына жол ашатын шешуші тарихи қадам болып отыр.
Сол бағдарлама негізінде бүгінге дейін жүздеген жас буын өкілдері әлемнің
атақты оқу орындарында білім алып, біліктіліктерін ел игілігіне жұмсауда.
Бүгінгі күні ел экономикасы ертеңгі күннің сұранысына жауап бере алатындай
бәсекеге қабілетті қалыпта дамып отырған болса, бұл жетістікте қазір
әртүрлі салаларда қызмет атқарып жүрген болашақтықтардың да үлесі зор.
Аталған бағдарламаның және бір тиімділігі – стипендиаттар қай елде білім
алса олар сол елдің экономикалық моделінен, даму ерекшеліктерінен, тарихы
мен мәдениетінен, ұлттық құндылықтар жүйесінен мол хабардар болып оралады.
Жастардың таным-түсінік деңгейінің осынша өсуі Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясатын біліктілікпен
жүзеге асыруда, интеграциялық процестерді байыппен жүргізуде қажетті
интеллектуалды мүмкіндік болып табылады.
2005 жылдан бастап 4000-нан астам үміткер Болашақ стипендиясының
иегері атанды. Болашақ бағдарламасы түлектерін шетелде алған
біліктіліктеріне сәйкес ел экономикасының басымдыққа ие салаларына жұмысқа
орналастыру қолға алынуда. Әсіресе, жастарды ауылға тарту үшін ауылдық
жерлерде осы заманғы әлеуметтік инфрақұрылымдар құра отырып, оларды жұмыс
істеуге ынталандыратын түрлі әлеуметтік жеңілдіктер берілуі қажет. Бұл
жеңілдіктер қатарында қосымша көтерме қаржылар төлеу, тұрғын үймен
қамтамасыз ету, жалақысын көбейту мәселелері жақында ғана Мәжілісте
қаралған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық
елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және
ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Заңының жобасында қарастырылды.
Жоғарыда атап өткеніміздей жастар тәрбиесін пәрменді жүргізу
мақсатында Интеллектуалды ұлт – 2020 жобасының маңызы зор. Бұл ретте
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жаңа формациядағы қазақстандықтарды тәрбиелеу және
Қазақстанды әлемдегі ең бір әлеуетті, бәсекеге қабілетті адами капиталға ие
елге айналдыруды көздеп отыр деп нық сеніммен айта аламыз. Аталған жобаның
жасампаз идеясын ұсынып, жас ұрпаққа Қазақстанды әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына жеткізуде үлкен сенім артылатынын атап өтті.
Қазақстан соңғы 15 жыл бойы ұдайы жоғары қарқынмен дамып келеді. Сол
себепті болашақтағы басты міндет – қол жеткен экономикалық даму
жетістіктерін төмендетіп алмау болмақ.
Жастар болашаққа апаратын алтын көпір, – дейді дана халқымыз. Әрбір
жас жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы
қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың
қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен
белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен
жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүние танымын қалыптастыру және ақпараттық-
саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Себебі жастардың
өмірдегі ұстанымдары әркез қоғам мүддесімен тоғысып, мемлекеттің даму
қарқынына ілесіп отырғаны абзал. Бұл үшін бірінші кезекте жастарды
қоғамдағы құндылықтарды қастерлей білуге үйретуіміз қажет. Сондықтан
келешек ұрпақтың парасатты да, мәдениетті болып, білімді, озық
технологияларды, ғылымды жете меңгеріп, әсіресе елжанды азамат, білікті
басқарушы болып қалыптасуы біздің болашағымыздың кепілі.
Дана халқымыз Жаста берген тәрбие – жас қайыңды игендей деп айтады.
Патриоттық сезімді ояту үшін баланың санасына жастайынан жоғарыда
айтылғандармен бірге – ұлттық дәстүрді де сіңіру керек. Салтын, әдет-ғұрпын
білген жас тұлға ұлтын да сүйеді. Өйткені ұлтты ұлт қылып ұйыстырып тұрған
да осы – салт-дәстүр.

ЖАС ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?

Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, жалпы әлем бойынша жастар
саны өсіп келеді. Егер 1990-жылдардың ортасында 15 пен 24 жас
аралығындағылардың жалпы саны 1 млрд 15 млн. болса, қазір олардың саны 1
млрд 300 млн-нан астам. Демек Жер шары тұрғындарының 25% –жастар.
Ресми түрде айтатын болсақ, 2004 жылдың 7 шілдесінде қабылданған
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңға
сәйкес, жастарға Қазақстан Республикасының 14 жастан 29 жасқа дейiнгi
азаматтарын жатқызамыз. Еліміздегі соңғы өткізілген халық санағының
нәтижелеріне сәйкес жастардың жалпы саны шамамен 4 млн 360 мың адамды құрап
отыр, осылардың ішінде қала жастарының саны 2 млн 200 мың болса, 2 млн 160
мың адам ауыл жастары болып отыр. Елімізде жастар ұйымдарының саны 2008
жылы 720-ны құраса, 2009 жылдың қорытындысы бойынша 743 болып отыр.
Қарапайым тілде айтар болсақ, жастар бұл – егемен еліміздің ертеңі,
халықтың үмітін ақтайтын болашағы болуымен қатар, бүгінгі қоғам өмірінің
басты қозғаушы күші. Жалпы Қазақстанның мемлекеттік жастар саясаты жүйесін
бірнеше тармақтарға бөліп қарастыруға болады. Ол негізінен бәсекелестікті
дамыту мен азаматтық тәрбиені дамыту сияқты бөлімдерден құрылып, өз ішінде
олар білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, баспана, инновациялық даму
мен патриоттық сананың деңгейін жоғарылату сияқты мәселелерді қарастырады.
Жастар саясатын жүзеге асырудағы негізгі мақсат – мемлекеттік жастар
саясатын жүзеге асырудағы мониторинг пен бақылау жасау.
Елімізде жастар мәселесі әрдайым Елбасымыздың назарында әрі Президент
жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес пен Үкімет жанындағы Жастар ісі
жөніндегі кеңес бұл қызметтерді атқаруда. Бүгінгі таңда республика бойынша,
барлық жастар ұйымдары қызметтерінің белсенділігі байқалады. Жастар
ортасында сана-сезімнің артуы байқалып, жауапкершілік, парыз және
бастамашылық сезім орын алуда. Жалпы алғанда, жастар ұйымдарын бірнеше
топқа бөлуге болады. Мәселен, біріншіден, мемлекет тарапынан құрылған
ұйымдар, екінші, саяси партиялардың жастар қанаттары, олар партия тарапынан
қолдау алып, солардың есебінен қаржыландырылып отырады. Осы ретте алдыңғы
қатарда тұрған, еліміздің белді партиясы болып саналатын Нұр Отан ХДП-ның
қолдауымен құрылған Жас Отан жастар қанатының жасап жатқан жұмыстарын
ерекше бөліп айтуға болады. Үшіншісі, өз беттерімен, жеке өздерінің
бастамашылығымен құрылған топтар деп қарастыруға болады.
Кез келген қоғам жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани
түрде жаңғырады. Қоғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әр
түрлі әдістері бар. Маркстік теорияның жақтастары жастарды ұқсас
антропологиялық ерекшелжтері және психологиялық қасиет бар жастық топ
ретінде ғана қарамау қажеттілігін талап етеді. Бұл жерде жастардың мәні
олардың қоғамдық катынастардың тарихи айқындалған сипатына негізделген
әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілерінде болады.
Басқа көзқарастың жақтастары жастар социологиялық мағынада ол жас
баланың ролін аса көп ойнамайтын және де сонымен қатар үлкендердің ролін
толық құқықты тасымалдаушы болып табылатын адамдар өміріндегі мінез-құлық
базасы болып табылады деп санайды. Жастардың барлық проблемалары кедейшілік
құрылымды бейтарап аумақтың мәртебесіндегі үздіксіздік үзілсінде құрылады
деп санайтын американ социологы Г.Сиболд та осы көзқарасты ұстанады.
Көптеген батыстық социологтар жастарды жаңа тап деп айтады, олардың
өмірге деген көзқарасы бірдей, талғамдары, мүдделері және қажеттіліктері
дәл келеді. Жастар біз деген сезім күшінде социологиялық тұтастықты
білдіреді. Осылайша, бұл жерде жастардың әлеуметтік-психологиялық құрамы
және сапасы дербес және қоғамдық өмірдің сипатына қатысты емес ерекшелік
ретінде қарастырылады. Жастардың социологиялық теориясында ұрпақ, жас
ерекшелік табы, жастық шақ, жастар, әлеуметтік жасы келгендік
қарттық деген ұғымдар жоқ.
Демографияда жобамен бірдей уақытта туған адамдардыц жиынтығын ұрпақ
деп санайды. Антропологтар мен заңгерлер жалпы ата-бабадан шыққан сатылықты
ұрпақ деп айтады. Адам өмірінде өзгермелі кезеңдер болады. Соның бірі және
ең бастысы мен ауыр болып келетіні – ересектік кезеңі. Бұл уақытта адам 13-
17 жас аралығында болады. Енді ол бала емес, бірақ әлі ересек адам да
болмайды. Бұл жас қоғамдық импритинг кезеңі – барлық нәрселер адамдарға
ерекше әсерлі болып келеді. Бұл адамға есеюге мүмкіндік береді.
Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталады?
Әртүрлі авторлар, жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде
сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог
Л.Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп
санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік
дифференциациясын баса айта отырып, қандай да болмасын нақты негіз
бермейді. 13 пен 18 жыл аралығындағы жас жасөспірім шақ ұғымымен
біріктіріледі және біршама дәрежеде жаңа белгілерге және әлеуметтік
тәртіптің нысандарына әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ
адамды балалық шақтан бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас
көптеген елдерде құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни
ересектермен қалыпты теңестірумен және занды құқықтарды алумен: еңбек үшін
тең ақы төлеу, әскерде қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.
Соңғы деректер бойынша елімізде 14-19 жас аралығында 4 миллион 569 885
жас бар. Демек жастар жалпы халық санының 29 пайызын құрайды. Оларды 728
жастар ұйымдары біріктіріп отыр. 2011 жылы кәсіби техникалық білім игеру
жүйесіне қамтылған жастардың саны 24%-ға артып, 750 мың адамды құрайды.
Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады.
Олардың саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір толығу
шегіне жылдам жақындайды. Социолог В.Н. Боряз толығу шегі жастық шақ деп
түсінуге болатын жас ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді.
Ал одан әрі – әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В.Н. Боряз жастар санатын
айқындауға арналған аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас
аралығындағы адамдарды кіргізеді. Көптеген социологгар адам жасы тек
есептегіш, өмір сүрген жылдың көрсеткіші ретінде ғана қаралуы мүмкін
еместігі туралы көзқарасты жақтайды. Оның жеке адамның даму процесінің
динамикасын зерттеуде елеулі мәні бар. Әлеуметтік құрам, қажеттілік пен
мүдде, мақсаттар мен өмір сүру жоспарлары, іс-әрекеттің нәтижелері мен
перспективалар әрбір алдыңғы кезеңде дайындалады. Сондықтан зерттеушілер
жеке тұлғаны бүкіл өмір бойындағы тұтастықта зерттеуді үсынады. Адам
жасының қоғамдық функциялармен байланыс идеясы ғылымда бірнеше рет атап
көрсетілді. Ол адамның өмір циклін әлеуметтік кезеңдендіру негізінде жатты.
Адамның барлық өмір циклін біртұтас етіп байланыстыруға ұмтылыс А.
Шопенгауэрдің Адамның жастары туралы еңбегінде нақты көрсетілген, онда
ғалым өмір жолын екі қатарлы кезеңге бөледі, ал олардың әрқайсының өзіндік
ерекшеліктері және белгілері бар.
Қазіргі қоғам жүз, екі жүз жыл бұрынғыдай жастарға, оның мүдделеріне,
құндылықтарына, іс-қимыл тәртібіне киім үлгісіне бір жақты қарамайды. Үлкен
ұрпақ жастардың пікіріне, оның өзіне және оның проблемаларына тереңірек
қарайды. Ал олар бүгін мүлдем қарапайым емес.
Экономикалық белсенді тұрғындардың халықтың жалпы құрамындағы үлесінің
төмендеуі неғұрлым қарқынды бөлігі – жастар есебінен болады. Бүгін жұмыспен
қамту қызметіне өтініш жасайтындардың әрбір екіншісі жастардың өкілі.
Олардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылады. Сондықтан жастардың
экономикалық іс-әрекеттегі үлесі халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің
жалпы санының 24 процентін ғана құрайды. Жұмыссыз жастардьщ саны 1993
жылдың басында жұмыссыздардың жалпы санының 54 процентін құрады.
Проблеманы зерттеушілер 1990 жылдан бастап қылмыскерлер қатарының
жасарғанын атап көрсетеді. Мысалы, бүгінгі күні Ресейде қылмыскерлердің
жартысы – 14 пен 30 жас арасындағы жастар, барлық қылмыскерлердің жетіден
бір бөлігін 14-18 жастағы кәмелетке толмағандар құрайды. Қазақстанда бұл
көрсеткіштер тиісінше – 50,9 және 6,9 процент. 1999 жылы ҚР полиция
қызметкерлері 148 мыңға жуық кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ұстаған, бұл
1998 жылға қарағанда 10 мыңға көп. Жоғары оқу орындарының қылмыс жасаған
студенттері 40 процентке жуық, ал мектеп, лицей және гимназиялардың
оқушылары – 23 процентке көбейді.
Жасөспірімдер және жастар жасаған қылмыстың айрықша ерекшелігі соңғы
жылдары жеке бас мақсатында болып отыр. Ұрлық, автокөлікті айдап кету,
тонау, ұрып кету, бұзақылық – бұлар кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың
өзіндік жиынтығы. Ең қорқыныштысы қылмыс өте аяусыздықпен жасалады.
Мұндағы барынша еңбек электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі,
олардың арналары бойынша жауыздық пен қатыгездік жаппай ағынмен беріледі.
Ең басты батырдың жүйелі түрде гүлденуі өмірдің жетістіктеріне күшпен
ғана қол жеткізетін жастардың сенімін қалыптастырады.
Өзінің мінез-құлқына осылайша қарау біршама дәрежеде зандық
практиканың және құқықтық тәрбиенің ерекшеліктерімен негізделеді, бұл
жасөспірім қылмыскерлерде өзіне жаза қолданылмайтыны туралы түсінікті
қалыптастыруға жиі әкеп соғады және бұл қылмыстың жасару себептерінің
бірі болып табылады. Рецидивтер ықтималдығы өсуде. Жазаңызды өтеп
келгеннен кейін қылмыс жасайсыз ба? деген сүрақтың жауабы да қарапайым:
Жоқ – деп сұралғандардың тек 45% ғана жауап берді, Қалай боларын
білмеймін – деп кәмелетке толмаған қылмыскерлердің 32% жауап берді.
Нашақорлықпен күресті күшейту мақсатында 2000 жылғы 17 ақпанда ҚР
Президенті нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі агенттік
құру туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар мектепке бармайтын балалар
саны өсіп келеді. 1998 жылғы қаңтарда ҚР Білім, денсаулық сақтау және
мәдениет министрлігі мектеп жасындағы 17 мың баланың сабаққа қатыспайтынын,
сонымен қатар Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай Қоғамы халықаралық ұйымы 400
мың баланың мектептен қол үзгені жөнінде айтады.
Қазақстанның қазіргі жастарының үлкен бөлігінде қандай құндылықтар
бар, олар неменеге ұмтылады?
Алматы жастарының арасында сұрау жүргізген зерттеушілер мынадай жауап
береді: сұралғандардың үштен екісі банктік ірі шот, сәтті тұрмысқа шығу,
дискотекалар, казино және жағажай, сондай-ақ білім алу, инфляцияға да,
деноминацияға да илікпейтін тұрақты капитал туралы армандайды. Олардың өз
елінде осы капиталға ие болуы көрнекті. Зерттеушілер тұтас алғанда
жастардың субмәдениетінің өзінің дүниетанымын, аға ұрпақтың оппозициялық
дүниетанымын міндетті қалыптастыру әрекетімен сипатталатынын атап
көрсетеді. Жастар субмәдениеті мінез-құлықтың өзіндік үлгісін, демалысты
өткізу нысандарын, киімнің, шаш қою үлгісін ұсынады.
Жастардың сәні – бұл жеке әңгіме, себебі ол жастардың әлеуметтенуіне,
оның әсерін біржақты бағалауға болмайтынын көрсетеді. Осы феноменді
жақынырақ ойласақ сәннің тарихта дәлелденген мынадай дефиницияларын табуға
болады: сән – бұл құрдастарға эксаумақтық сипаты бар еліктеу,
сән – бұл өзін-өзі көрсету және Менді нығайту; сән – бұл жақын арадағы
өткенмен ажырасу мүмкіндігі және жақын арадағы болашаққа дайындалу. Қазіргі
замандағы жастар субмәдениетінің маңызды элементі, мысалы,
рок-мәдениет.
Жастық шақ кезеңі – балалық шақтан ересектікке бірден өтетін, үнемі
қиын, критикалық қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі
кезеңі болып саналады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі,
сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады,
бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі
мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі,
өзіндік рефлексиясының күштілігі болып табылады.

ТЕЛЕДИДАРДЫҢ ЖАСТАРДЫҢ ПІКІРІНЕ ЫҚПАЛЫ

Теледидар жастарға эмоционалдық тұрғыдан, яғни бірде қатты қуануына,
енді бірде қобалжуына, мазасыздануына, үрейленуіне тікелей әсер ете алады.
Бұған қоса соңғы он-он бес жылдың көлемінде еліміздің ақпарат кеңістігінде
әртүрлі шетелдік телеарналардың көбейіп кеткені тағы бар. Кабельді және
спутниктік телеарналардың өрісі кеңейе түсті. Өз кезегінде олар жастарды өз
идеологиясы шеңберінде арбап ұстайды. Әсіресе, Батыста, кейінгі кезде
Ресейде де көптеп шығарылып жатқан қатыгездікке толы фильмдер, мағынасы
түсініксіз айқай-шуға толы музыка жастар санасына, денсаулығына, тәрбиесіне
теріс әсер ететіні сөзсіз. Қысқасы, кейінгі кезде жастарды теледидар
хабарлары мен әртүрлі бағдарламалар тәрбиелеуде.
Осыған байланысты белгілі жазушы С.Елубаевтың Егемен Қазақстан
газетінде (2006 жыл 6-қаңтар) жарияланған мақаласына назар аударсақ:
...Бүгінде экран – әсіресе, телеэкран адамзаттың негізгі ақпарат көзі.
Газет, кітап ондаған, жүздеген мыңға жетпей шаршап-шалдығып жатса, заманауи
экран құлашы кең, ол ондаған, жүздеген миллионды бір-ақ қармайды. Демек,
қазіргі ұлт үлкен экранды игермей, замана додасына төтеп бере алмақ емес.
Тілден бастау алатын ұлттық санаға ие болғыңыз келсе, үлкен экранға ие
болыңыз. Кино мен телевидениеге ие болыңыз, дейді. Бұл пікірден түйетін
бір ой – бүгінгі күні телеарналардағы кейбір бағдарламалар жастардың
тәрбиесіне кері әсерін тигізіп отырғандығы.
Қазіргі кезде қандай бағдарламаны болсын көруге, тыңдауға барлық
жағдай бар. Жаһандану заманында сырттан келіп жатқан ақпараттарға ешбір
тосқауыл қойылып отырған жоқ. Ал мұның өзі жастардың БАҚ материалдарын
ретсіз тұтынуына әкеліп соғып отыр. Педагогика ғылымдарының докторы
А.Құсайынов бұл әрекетті медиазорлық деп санайды. Шын мәнінде, оң мен солын
әлі танып үлгермеген жастардың қалыптасуына кері әсері бар зорлық-
зомбылықты насихаттайтын фильмдерді көруге мүмкіндік туғызу – үлкен қиянат.
Ал агрессия мен жаман қылық көбіне теледидардан берілетін зорлық-зомбылыққа
толы фильмдерді көргеннен соң пайда болады.
Жоғарыда айтылған мәселелердің қай-қайсы да енді ғана қалыптасып,
дамып келе жатқан мемлекет үшін көкейкесті проблема болып табылады.
Өйткені, жетпіс жылдан кейін тәуелсіздіктің арқасында ана тілімізге, ұлттық
дәстүріміз бен салт-санамызға жан-жақты мән бере бастағанда, жаһанданудың
кері әсерінен немесе балаларға уақытында дұрыс бағыт бермеуден оны қайта
жоғалтып алу қаупі бар.
Тәуелсіздігімізді нығайту мақсатында Отанға деген сүйіспеншілік, яғни
патриоттық тәрбие алдыңғы қатарға шығатыны сөзсіз. Жас ұрпақты отаншылдыққа
тәрбиелеу мемлекеттік маңызды мәселе екенін тағы бір еске сала кеткен жөн
болар. Соңғы кезде жүргізілген зерттеулер жастардың өмірінде бұқаралық
ақпарат құралдары рөлінің барынша артып келе жатқанын көрсетіп отыр.
Ғалымдардың пікірінше, бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе оның ішінде
теледидар ересектерден гөрі жастардың өмірінде елеулі орын алады.
Жастардың ақпарат құралдарына риясыз сенетіндігі, яғни журналистердің
бұрыс ақпарат беруіне негіз жоқ деп есептейтіндіктері. Аталған деректерге
сүйенсек, жастарды тұлға ретінде қалыптастыру барысында бұқаралық ақпарат
құралдары белсенді құрал болады деуге толық негіз бар. Бірақ, осы саламен
айналысатын түрлі ғылымдар бұл әрекеттің кейбір жағдайда кері ықпал
тигізетінін де естен шығаруға болмайтынын ескертеді. Ресейде жүргізілген
сауалдаманың нәтижелеріне қарағанда, сұралғандардың 67 пайызы қазіргі
теледидар бағдарламалары балалар мен жасөспірімдерге кері әсер етеді деп
есептейді. Тек 14 пайызы теледидар жастарға оң ықпал етеді, яғни нақты
өмірге бейімделген еркін де бастамашыл адамдарды тәрбиелейді деген пікірде.
Ал сауалдамаға қатысқандардың 13 пайызы теледидардың Ресей жастарының
адамгершілік қасиеттеріне кері әсер етіп отырғанын сезінбейтінін айтады.
Яғни, теледидардың ықпалы біреулер үшін оң болса, енді біреулер үшін кері
әсері бар. Бұл мәселе қашаннан талас тудырып келе жатқаны белгілі. Сол
себепті теледидардың жастарға ықпалы ең тиімділердің қатарына
жататындықтан, оның мүмкіндіктерін қажетті бағытта пайдалануға болатынын
ескерген жөн.
Бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы – өсіп келе жатқан тұлғаны
ақпараттық қорғау, оның ішінде теріс әсері бар әртүрлі ақпараттардан қорғау
керек. Өйткені, қазіргі жастар қай жағынан алғанда да өте белсенді.
Әсіресе, ақпарат әлеміне енуге мүмкіндік жоғары болған сайын олардың
қызығушылық әрекеті де ұлғая түсуде. Дәл осы кезеңде, жастарды бала
кезінен, атап айтқанда мектеп тарапынан берілетін тәрбие алдыңғы қатарға
шығуы қажет. Мектеп маңызды әлеуметтендіруші институт ретінде оқушылардың
бойында білім, білік, дағды қалыптастыруға тиіс десек, аталған проблеманы
шешу жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі функциялары
Медиабілім беру білім беру саласының арнайы бағыты ретінде
Телевизиядағы интеллектуалдық бағдарламалар
Италия телеарналары
ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалы
Қоғамдық идеология және журналистика
Руханият – адам жанының азығы
Қазақстан телеарналарында сөз жанрларының прагмастилистикасы
Елбасы айтқандай Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды
Пәндер