Әйтеке бидің қоғамдық-саяси көзқарасы



Қазақтың үш биінің бірі Әйтеке Байбекұлы (1667.1723ж)
Қазақ жеріндегі қоғамдық.саяси пікір
ұлағатты сөз, пәтуәлі іс қалдырған ірі тұлғаның бірі. Оның саяси-құқықтық ой иірімдері өзінің терең философиялық түйінділігімен ерекшеленеді. Ол өзінің тұғырлы ой-әуендерін шешендік сөзбен айқындап, өте дәлдікпен бере білген. Әйтекенің қоғамдық-саяси көзқарасының астарына терең бойлау үшін жалпы қазақи санада билік нені білдіреді, қазақи дүниетаным оны қалай түйсінуге ұмтылады, т. б. Осындай келелі мәселелердің бетін ашуға тырысу қажет. Бұл жөнінде белгілі заңгер-ғалым З. Ж. Кенжалиев былай дейді: “Көшпелі қазақ қоғамындағы билікке, оның ішінде мемлекеттік биліке деген көзқарас өзінің дүниетанымдық мөлдірлігімен және пәктігімен ерекшеленеді. Билік те, байлық та қолдың кірі, олар адам басында мәңгі тұрмайды. Уақытша ғана тұрақтайды деп есептейтін сахара жұрты”. Шын мәнінде бұл көзқарас дала елінде билікті ұйымдастырудың басты қағидасына айналғандай еді. Көшпелі жұрт билікті қалай түйсінсе, сол танымға сәйкес билік тетіктерін өмірге алып келіп, одан қия баспай елді басқаруды жүзеге асырып отырған. Мысалы, көне Қытайдың хан кітабында ғұндар туралы: “Олардың патшалары әкімдерімен терезесі тең адамша сөйлеседі, сондықтан мемлекетті бәрі бір адамдай басқарады” дейді. Шындыққа жүгінсек, осы уақытқы дейін көшпелі (жартылай көшпелі) елдегі биліктің ұйымдастырылу механизмдері, оның даму заңдылықтары, осы билікке деген көзқарастар бүгінгі күннің талабы деңгейінде өркениетті ғылыми танымның тезіне салынып, бір жақты бағасын ала қойған жоқ. Міне, осындай теорилық тұғырнаманың жоқтығынан көшпелі елдегі қоғамдық-саяси, құқықтық ой-пікірлер өгейсуді бастан кешіруде.
Қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси пікірдің өзіндік өткен жолы және заңдылығы бар. Бұл батыс елдеріндегі қоғамдық ойдың дамуымен жалпы тұтастықта болғанмен, оған біржақты бағына бермеген. Яғни, өзіндік даму жолын бастан кешкен. Көшпелі жұртта рухани өрелілік жалпы билікке, оның ішінде саяси билікке баға берудегі басты критериге жатқызылған. Жалпы, билікті ұйымдастыруда, оны жүзеге асыруда, бағалауда осы рухани өрелілікке көңіл бөлу, оны биліктің өзегі ретінде тану тым әріден келе жатқандай. Оны біз Скиф Анархистің, Ғұн патшасы Моденің реформаларынан, одан кейінгі Түрік дәуіріндегі қоғамдық-саяси көзқарастардан толық аңғарамыз. Міне, осындай келелі ой-пікірлер Төле, Қазыбек, Әйтеке заманнда рухани демеуге, шынайы қолдауға ие болып, нақты механизмдері айқындалған қағида, нормаға айналады. Ол туралы белгілі ғалым С.Өзбекұлы былай дейді: “Осы күні де өзінің мәнін жоймаған тәуелсіздік институттарын пайдалану, мемлекеттік аппараттың, басқару жүйесінің қызметтерін жақсарту сияқты ұғымдардың негіздері мен принциптері сол кезде қағида, норма ретінде қалыптасқанын айта кеткен жөн”.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әйтеке бидің қоғамдық-саяси көзқарасы
Қазақтың үш биінің бірі Әйтеке Байбекұлы (1667-1723ж) артында
ұлағатты сөз, пәтуәлі іс қалдырған ірі тұлғаның бірі. Оның саяси-
құқықтық ой иірімдері өзінің терең философиялық түйінділігімен
ерекшеленеді. Ол өзінің тұғырлы ой-әуендерін шешендік сөзбен айқындап,
өте дәлдікпен бере білген. Әйтекенің қоғамдық-саяси көзқарасының астарына
терең бойлау үшін жалпы қазақи санада билік нені білдіреді, қазақи
дүниетаным оны қалай түйсінуге ұмтылады, т. б. Осындай келелі мәселелердің
бетін ашуға тырысу қажет. Бұл жөнінде белгілі заңгер-ғалым З. Ж.
Кенжалиев былай дейді: “Көшпелі қазақ қоғамындағы билікке, оның ішінде
мемлекеттік биліке деген көзқарас өзінің дүниетанымдық мөлдірлігімен және
пәктігімен ерекшеленеді. Билік те, байлық та қолдың кірі, олар адам
басында мәңгі тұрмайды. Уақытша ғана тұрақтайды деп есептейтін сахара
жұрты”. Шын мәнінде бұл көзқарас дала елінде билікті ұйымдастырудың
басты қағидасына айналғандай еді. Көшпелі жұрт билікті қалай
түйсінсе, сол танымға сәйкес билік тетіктерін өмірге алып келіп,
одан қия баспай елді басқаруды жүзеге асырып отырған. Мысалы, көне
Қытайдың хан кітабында ғұндар туралы: “Олардың патшалары әкімдерімен
терезесі тең адамша сөйлеседі, сондықтан мемлекетті бәрі бір адамдай
басқарады” дейді. Шындыққа жүгінсек, осы уақытқы дейін көшпелі
(жартылай көшпелі) елдегі биліктің ұйымдастырылу механизмдері, оның
даму заңдылықтары, осы билікке деген көзқарастар бүгінгі күннің
талабы деңгейінде өркениетті ғылыми танымның тезіне салынып, бір
жақты бағасын ала қойған жоқ. Міне, осындай теорилық тұғырнаманың
жоқтығынан көшпелі елдегі қоғамдық-саяси, құқықтық ой-пікірлер
өгейсуді бастан кешіруде.
Қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси пікірдің өзіндік өткен жолы
және заңдылығы бар. Бұл батыс елдеріндегі қоғамдық ойдың дамуымен
жалпы тұтастықта болғанмен, оған біржақты бағына бермеген. Яғни,
өзіндік даму жолын бастан кешкен. Көшпелі жұртта рухани өрелілік
жалпы билікке, оның ішінде саяси билікке баға берудегі басты
критериге жатқызылған. Жалпы, билікті ұйымдастыруда, оны жүзеге
асыруда, бағалауда осы рухани өрелілікке көңіл бөлу, оны биліктің
өзегі ретінде тану тым әріден келе жатқандай. Оны біз Скиф
Анархистің, Ғұн патшасы Моденің реформаларынан, одан кейінгі Түрік
дәуіріндегі қоғамдық-саяси көзқарастардан толық аңғарамыз. Міне,
осындай келелі ой-пікірлер Төле, Қазыбек, Әйтеке заманнда рухани
демеуге, шынайы қолдауға ие болып, нақты механизмдері айқындалған
қағида, нормаға айналады. Ол туралы белгілі ғалым С.Өзбекұлы былай
дейді: “Осы күні де өзінің мәнін жоймаған тәуелсіздік институттарын
пайдалану, мемлекеттік аппараттың, басқару жүйесінің қызметтерін
жақсарту сияқты ұғымдардың негіздері мен принциптері сол кезде
қағида, норма ретінде қалыптасқанын айта кеткен жөн”.
Ал, Әйтеке Байбекұлының қоғамдық-саяси көзқарастарының даму
заңдылықтарына, оның ішкі мәніне терең зер салып қарар болсақ, біз
оның әрқашанда осы рухани өрелілікті ұстаным тұтқанын аңғарамыз. Ол
өзінің қоғамдық-саяси көзқарасында басты мақсат ел бірлігі, тұтастығы
деп таныған. Қазақ еліндегі Шыңғыс хан заманынан бері қалыптасқан
билік жүргізу жүйесінің уақыт талабына сай еместігін, егер бұл
дәрмен ары қарай жалғаса берсе елдің біртұтастығына, қауіпсіздігіне
үлкен қатер төндіретіндігін Әйтеке үлкен көрегендікпен бағамдай
білген.
Әйтеке би және оның тұстары Төле мен Қазыбек билер
мемлекеттің мемлекеттігін сақтаудың ең басты факторы ретінде ел
арасындағы ауызбіршілікті, яғни, мемлекет ішінде тыныштық орнатудың, ел
бірлігін нығайтудың, күшін арттырудың қайнар көзі - хан сайлауда,
билік жүргізуде алауыздыққа, жүзге бөлінуге жол бермеуді ұсынған.
Осынау қағида үш алыптың қоғамдық-саяси қызметінің өмірлік мұраты
болған.
Әйтекенің төреден безіп, елді батыр көсем басқарсын, хан,
сұлтандардың күні өткен деген пікрінің салмағын түсіну үшін қазақ
елінің ел билеу тарихына көңіл тоқтатып көрелікші. Неге десеңіз,
қазақ тарихында ел билігін кім ұстаса, соған сәйкес ел билеу, билік
жүргізу дәстүрі де тез өзгеріп отыатын. Өзіне дейін ел билеудің
қалыптасқан дәстүрінің ендігі жерде халық бірлігіне, тұтастығына
қауіп төндіретіндігін, байқаған VI ғасырдағы Түрік қағанатының
тртінші әміршісі Мұқан хан тақ билігі ағадан ініге, одан ағаның
баласының інінің баласына көшу қағидасын заң жүзінде негіздепті.
(М.Мағауин “Қазақ тарихының әліппесі”.) Бұл, әрине, уақытша ғана өзін
ақтаған шешім еді. Өйткені, бұл дәстүр көп уақыт өтпей-ақ әлемдегі
іргелі елдің бірі болған Түрік қағанатын тарих сахнасынан тайдырған
фактордың біріне айналады. Оны біз Күлтегін ескерткішіндегі мына
бір сөздерден аңғара аламыз: “Содан соң інісі қаған болды. Ұлы да
қаған болды. Содан соң інісі ағасындай болмады. Ұлы әкесіндей
болмады. Біліксіз қаған отырған екен. Нашар қаған отырған екен.
Бұйрығы және біліксіз екен ... ” Міне, осы мысалдың өзі-ақ Әйтекенің
жоғарыда айтылған пікірінің қазақ қоғамы үшін, оның тұтастығы үшін
қаншалықты мәнді болғандығын байқатпай ма?! Әйтекенің бұл пікіріне
сонымен қатар қазақ елінде билікті иемденудің жолын түбегейлі
реформалау қажет деген ой-әуен жатқан сияқты-ау.
Әйтеке би елді басқарушы тұлғаның боында болуға тиісті
қасиеттерге үлкен мән береді. Оынң көзқарастары бойынша елді
билеуші тұлға бірнеше ерекше қасиеттерге ие болуы керек.
Біріншіден, ақылды, екіншіден, көсем, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖАЙЛЫ
ТӨЛЕ БИДІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ
Әйтеке би Байбекұлы
XVII ғасыр аяғымен XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай
Қазақ ойшылдарының (XV-XVІІ) педагогикалық мұраларын бастауыш сынып оқушыларына адамгершілікке тәрбиелеуде пайдалану
Шешендік сөздерді жанрлық тұрғыдан бөлу
«Билер мектебі – билік үлгісі» (қазақ халқының сот тарихынан)
Тәуке ханның өмірі
Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
ТӨЛЕ БИДІҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
Пәндер