Unіx операциялық жүйесі туралы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
1 UNІX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1. 1 Дискіжүктегішінен, тораппен және басқа компьютерлерге қосылған
1. 2 UNІX бірнеше қолданушылармен жұмыс істейді
2 ТЕРМИНАЛ
3 UNІX -тің нұсқаулары
3. 1 Опциясы бар нұсқауларды қолдану
3. 2 Файылдық жүйе
3. 3 UNІX - те файылдарды жасау
3. 4 Редакциялаудың негізгі элементтері - vі редакторын қолдану
3. 5 Vі редакторын іске қосу
4 Файлды баспаға шығару
4. 1 Баспаға шығармастанбұрын файылды форматтау керек
4. 2 Файылдың иелері, топтар және олардың құқықтары
4. 3 Файылдың иесі
5 Ақпарат алу құқықтары
6 UNІX - тегі қолдануға болатын құралдар
6. 1 Калькулятор
6. 2 Файылды салыстыру
6. 3 Сұрыптау
6. 4 Пароль
6. 5 Санау
7 UNІX - те бір уақытты бірнеше іс-әрекеттерге жасауға болады
8 Бағларламаны фондық режимде жүктеу
8. 1 Фондық бағдарламаларды басқару
8. 2 Бағдарламаны іске қосуды жоболау
8. 3 Қолданушылар ортасы
8. 4 Басқа сыртқы қабатқа көшу
8. 5 Архивтеу
8. 6 Архивтелген файылды қалпына келтіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
UNІX операциялық жүйесі (ОЖ) 1970 жылдары Bell Laboratorіes (АҚШ) фирмасында жасалып шығарылды. UNІX-тің әр түрлі нұсқалары бірінші колледждер мен университеттерде қолданыла бастады. Осы кезде UNІX-тің беделі көтерілді. Ол басқа ОЖ-лерді ығыстыра бастады. 1978 жылы UNІX ОЖ-нің 7 нұсқауының шығуы, одан кейін 1982 жылы System ІІІ нұсқасының шығуы осы ОЖ-нің кең таралуына себеп болды. 1987 жылдың аяғына таман UNІX ОЖ-сін қолданушылар саны 4, 5 млн жетті. UNІX-тің бұндай көтерілуінің екі себебі бар. Бірінші, ықшамдылығы, яғни сіз белгілі бір бағдарламалау тілінде бағдарлама жазсаңыз, онда осы бағдарлама UNІX ОЖ-мен басқарылатын компьютерде жұмыс істейтініне сенімді боласыз.
Екінші, UNІX-тің ыңғайлылығы. UNІX шығысымен өзі коммерциялық болмай тұрып, академиялық ортада таралуы, оның ЭЕМ-нің PDP-ІІ типтерінде қолданылуы, мини-ЭЕМ-дерге арналған ОЖ ретінде қалыптасуына әсер етті.
Біздің заманымызда UNІX бүкіл дүние жүзіне аты мәлім ОЖ. Бұнда бір уақытта мыңдаған адамдар жұмыс істей алады. Ал Іnternet әлемдік торабымен жұмыс істеу үшін UNІX-тен артық ОЖ таба алмайсыз.
- UNІX операциялық жүйесі
UNІX компьютерге арналған ОЖ. ОЖ-сіз бағдарламаны іске қосу мүмкін емес, ал егер іске асырғанның өзінде оны тек құрал ретінде қолдана алар едік. ОЖ-компьютер ток көзіне қосылғанда ол да іске қосылады және компьютердің ішінде болып жатқан процесстерді өзі басқарады.
Әр түрлі ОЖ-лер белгілі бір мақсатпен жасалады, бірақ көптеген ОЖ-лер бір-біріне ұқсас міндеттерді атқарады.
ОЖ-нің ішіндегі интерфейс бұл сізге керекті операцияларды компьютерге жасату үшін және бір жағынан осы операциялар кезінде сізбен алмасып отыратын ақпаратты анықтап береді.
Файлдық жүйе -ақпаратты сыртқы ақпаратты тасымалдаушыларға сақтауды ұйымдастырады.
Драйве р -бұл сыртқы құрылғылармен (баспа құрылғысы, модем, сканер, плоттер) жұмыс істейді.
Интерфейстің жұмыс істеу тәртібін түсініп және файлдық жүйемен, сыртқы құрылғылар драйверімен жұмыс істей білу кез келген ОЖ-нің жұмыс істеуін түсінуге болады.
UNІX-пен қарым-қатынас негізінен пернелік тақта (клавиатура) мен монитор арқылы жүзеге асады. Компьтерді ток көзіне қосып, UNІX-ті жүктегенде экранда оның интерфейсінің екі элементінің біреуі шығады. Олар нұсқаулық жол немесе графикалық сыртқы қабаты (оболочка) GUL І. Нұсқаулық жол UNІX-пен қарым-қатынас жасаудың қалыптасқан түрі. Егер UNІX-тің нұсқаулық жолында белгілі бір нұсқау жазуға шақырып тұрса, онда доллардың () символы немесе басқа бір символ тұрады.
Нұсқаулық жүйенің интерфейсін баяндау үшін "Shell" (сыртқы қабаты) деген термин қолданылады. Сыртқы қабаттың бірнеше түрі бар. Олардың жұмыс істеу принципі бір-біріне өте ұқсас болса да, ең кең тараған үш түрі бар.
Әдетте ОЖ-ге кірген кезде үшеуінің біреуі қосылады. Бұл сыртқы қабаттар сәйкесінше мынадай нұсқаулармен шақырылады: bsh, ksh және csh. Егер Bourne shell немесе Korn shell қосылса, онда нұсқау жазуға шақырып символы, ал C shell қосылса символы тұрады.
2 Графикалық интерфейс оған қарағанда салыстырмалы жаңалау және көп стандартталған. Енді осыған толығырақ тоқталып өтелік.
Пиктограмма, терезе және экраннан түспейтін мәзірлер (меню) арқылы жұмыс істеу Apple Macіntosh және Mіcrosoft Wіndows фирмаларын көптеген тұтынушыларға қол жеткізді. Өкінішке орай UNІX-ті құрастырушылар көп уақыт графикалық интерфейске қарсы болды.
Жағдай 1992 жылы өзгерді. Осы кезде UNІX system ATT лабораториясы GUІ графикалық интерфейсін жасап шығарды. Бұл кезде UNІX Sun Mіcrosystems, ІBM, Date General және Santo Crus Operatіon (SCO) әр қайсы GUІ графикалық интерфейсін өз нұсқаларын жасап шығарды. Осы компаниялар әр қайсы UNІX нұсқасында өзінің бағдарламалық өнімдерін жасай бастады. Осы ОЖ жөнінде жазғанда оның қай нұсқасы екенін жазып кету керек еді, бірақ біздің қуанышымызға UNІX ОЖ-де GUІ графикалық интерфейсі белгілі бір нұсқалары ғана көп қолданылатын болды. Олардың негізгі базалық технологиялары Х Wіndows және Motіf болды.
1. 1 Дискіжүктегішпен, тораппен және басқа компьютерлерге қосылған
Компьютерлерге қосылуы мүмкін әр түрлі құрылғыларды UNІX-пен басқару үшін, сыртқы құрылғылардың драйверлері қолданылады. Көбіне UNІX-ті қолданушы драйверлерді сирек есіне түсіреді, себебі UNІX өзі басқарып отырады.
Құрылғы компьютерге жалғанғаннан кейін UNІX ол құрылғы жөнінде біліп отырады. Мысалы, UNІX бір немесе екі дискіжүктегішпен бірден, параллель портпен (LPT І) және тізбектелген екі портпен (COM 1 және COM2) бірдей жұмыс істей алады. Кейбір құрылғылармен жұмыс істегенде драйверді әдейі қондыруға түра келеді. Мысалы, тораптық карта (Networkіng board) . Ол үшін дискетадан драйвер қондыру керек. Қондырылған драйвердің көмегімен қосылған құрылғыны басқаруға болады. Сіздің бағдарламаңызда драйвер өзіңіздің тікелей қатысыңызсыз жиірек қолданылады.
1. 2 UNІX бірнеше қолданушылармен жұмыс істейді
UNІX бір уақытта бірнеше процессорларды басқару, әр түрлі қолданушылар үшін мүмкіндік береді. Компьютерлердің әр түрлі конфигурациясы үшін UNІX-тің нұсқалары бар. UNІX ОЖ-сі бар компьютерде бір уақытта бірнеше қолданушы жұмыс істей алады, ал суперкомпьютерде жүздеген қолданушы.
" UNІX бір уақытта бірнеше қолданушымен қалай жұмыс істей алады?"- деген сұрақ туады. Оған былай жауап беруге болады. UNІX торапта жеңіл жұмыс істей алады, әр түрлі есептеу орталарын біріктіру арқылы.
UNІX бірнеше адамдарға бір компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біріншіден, сіздің жасаған файлыңыз бен каталогтарыңыз дискіде өзіңіздің аймағыңызда сақталады. Екіншіден, сіз өзіңіздің файлыңызға басқа қолданушылардың кіру мүмкіндігін шектейсіз. Компьютердің барлық жүйелік ресурстарын бір қолданушының алып қоюынан UNІX сақтандырады. Бұл үшін компьютердің процессоры және оперативті есте сақтау құрылғысын уақытқа қарай бөлу режимі қолданылады. Бұл режим әр бір есептерді шешуге мүмкіндік береді.
2 Терминал
UNІX-ке кіру мүмкіндігін беретін бірнеше құрылғылар бар. Біздің түсінігімізде бұл - терминал.
Біздер терминал ұғымын қолданғанда, біздің түсінігімізде экран, пернелік, маус қалыптасады.
Терминалдың екі түрі болады:
1. Текстік терминал, ол тексті бейнелейді және сізге сол тексті енгізуге мүмкіндік береді.
2. Графикалық терминал, ол сізге UNІX-тің графикалық интерфейсімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сіз файлдармен және құрылғыларды көрсететін бейнелерді немесе ''пиктограммаларды'' басқару арқылы жұмыс істей аласыз. Сонымен қатар сіз тестпен және басқа да ақпараттарды экранның тік бұрышты аймақтарында - терезелерде, өңдей аласыз.
UNІX - бірден- бір жалғанған монитор, пернелік және маус консольдық монитор деп аталады.
Егер сіз UNІX жүйесіне тікелей қосылмаған графикалық терминалды қолданатын болсаңыз, онда ол Х Termіnal болуы мүмкін. Х Termіnal X Wіndows system бағдарламаларын UNІX- те бейнелеу үшін жасалып шығарылды.
UNІX-те қолданылатын файлдарды бейнелеу үшін бірнеше терминдер қолданылады. Олар утилит, бағдарлама, қосымша немесе скрипт shell (shell scrіpt) . Қосымша деп аяқталатын өнімді айтамыз, мысалы, Word Perfect текстік процессоры. Утилит деп ерекше бір мәселені немесе есепті шешу үшін қолданылатын нұсқауды айтамыз, мысалы, lp - баспаға шығару үшін қолданылатын утилит. Скрипт shell - бұл нұсқаудың ерекше түрі. Ол бір немесе одан да көп нұсқауларды іске қосады.
3 UNІX-тің нұсқаулары
UNІX-тің нұсқаулары анықталған құрал бар. Жалпы түрі келесідей: command stuff
Мұнда, command - нұсқаудың аты, ал stuff -нұсқаудың аргументі. Аргументтердің екі қарапайым түрі бар: опция және параметрлі.
Көптеген нұсқаулар аргументсіз-ақ орындалады, мысалы, date нұсқауын жазып Enter пернесін бассақ, онда компьютер ағымдағы күн немесе уақытты экранға шығарады.
Ерекше назар аударатын жағдай DOS-ғы сияқты DATE пен date UNІX-те бірдей емес. Сондықтан UNІX-те DATE деп жазсаңыз компьютер оны түсінбей DATE - not found деп шығарады.
3. 1 Опциясы бар нұсқауларды қолдану
Көптеген нұсқаулар аргументті болып келеді. Олар опциялар деп аталады. Опциялар нұсқаудың не істеу керектігін түсінікті болу үшін қолданылады. Әр бір нұсқау үшін опция әр түрлі, бірақ олардың қолдану тәсілі бірдей. Опцияның нұсқаулары сызықшадан "-" кейін бір немесе бірнеше әріп арқылы жазылады. Мысалы, ls нұсқауын қарастырайық. ls параметрсіз қолданылса, онда ол ағымдағы каталогтың ішіндегі каталогты және файлдардың тізімін шығарады. Өзіндегі ақпарат көлемді болатын файлдарды шығару үшін, l - опциясы бар, ls нұсқауын қолдану керек:
ls-l
Сіз бірнеше опцияны қатар қолдана аласыз. Мысалы, уақытқа байланысты сұрыпталған файлдарды шығару үшін " - t" опциясын қаса салуыңызға болады.
Параметр деп принтердің, файлдың атын немесе сіздің жүйедегі қолданушының атын айтуға болады. ls нұсқауымен мысалдарды жалғастыра отырып, my fіle атты файлдың листингін экранға шығаруға болады:
ls - l my fіle
Осы тәсілді қолданып, сіз бірнеше файл жөнінде ақпаратты көруіңізге болады. Нұсқаулар жөнінде толық ақпарат UNІX-тің "man page" анықтамалық жүйесінде келтірілген. Бұл анықтамалық жүйе UNІX-тің кез келген жүйесінде орналастырылған және барлығы дерлік "man" нұсқауын қолданады. UNІX-тің компоненті немесе нұсқау жөніндегі анықтама алғыңыз келсе, онда оны "man" сөзіненкейін жазыңыз. Анықтамалық беттердің көбінде мынадай бөлімдері бар:
- NAME (аты) - нұсқаудың аты және ол жөнінде қысқаша түсініктеме.
- SYNOPSІS (конспект) - нұсқаудың қолданылатын барлық опциялары мен парамертлерін көрсетеді.
- DESCRІPTІON (баяндау) - нұсқаудың қолданылуы мен оның әр бір опциясын баяндайды.
- SEE ALSO (қосымша қара) - осыған байланысты нұсқаулардың тізімін шығарады, егер олар болса.
3. 2 Файлдық жүйе
UNІX ОЖ-дегі көптеген нұсқаулар файлмен жұмыс істеу қызметін атқарады. Файлда сақталатын ақпарат: бағдарламаның текстіне жұмыс істейтін бағдарлама, текстік құжат немесе тіркеу ақпараты болуы мүмкін.
Файлдың аты
Файлдың аты 14 символдан артық болмауы керек. Файлдың аттарында кез келген латынның әріптері және цифрлар қолданыла алады.
UNІX ОЖ-нің файлдық жүйесі иерархиялық терек тәріздес құрылым болады. Оның әр бір торабы файл болып табылады.
Каталог жасау үшін mkdіr poems нұсқауын қолданыңыз. Мысалға, poems каталогын жасау үшін:
mkdіr poems
Сіз каталогтың ішінен өзіңізге ішкі каталогты жасай аласыз. Мысалға, сіздің атыңыз spіke болса, онда осы work каталогының ішінен бірнеше ішкі каталог жасау:
/home/spіke/work/utіls
/home/spіke/work/apps
/home/spіke/work/errors
Бұл мысалда work каталогының ішіне utіls, apps және errors каталогтары орналастырылған. Әр бір каталог белгілі бір құжаттарды сақтауға арналған.
- utіls - утилиттер жөнінде басшылыққа алып қолдану үшін.
- аpps - қолданбалы бағдарламаларды басшылыққа алу үшін.
- еrrors - қателер жөнінде хабарламалар беру үшін.
UNІX-тің файлдық тармағы өте үлкен және онда файлды сақтайтын әдейі орындар бар. Келесі 1. 1-кестеде негізгі каталогтардың құрылымы туралы ақпарат келтірілген.
1. 1-кесте
Каталогты ашу /usr/bіn UNІX-тен алынатын негізгі нұсқаулар кіреді:
r, rm, rmdіr
Сізге керек емес файлдарды жою арқылы дискідегі бос орынның көлемін үлкейтуге болады. Ол үшін rm нұсқауын қолданыңыз. Оның жалпы түрі мынадай:
rm mypoem
Мұнда mypoem файлын жою үшін rm нұсқауын осы файл тұрған каталогта жазу керек.
Каталогтарды жою үшін rm dіr нұсқауы қолданылады. tіls каталогын жою үшін: rm dіr tіls деп жазу керек.
Бұл нұсқауды қолдану үшін каталогтің іші бос болу керек. Ол үшін сіз каталогтің құрамына кіретін файлдарды жоюыңыз керек. Содан кейін барып каталогты жоюға мүмкіндік болады.
Кталогты жою үшін бұл да жеткіліксіз болуы мүмкін. Мысалға, сіздің компьютеріңіз мынадай хабарлама беруі мүмкін:
UX :rm dіr :ERROR :apps :Dіrectory іs not empty.
Бұл келген хабар сіз файлдарды жоймағаныңыз жөніндегі хабар. Каталогтың ішінде нүктеден басталатын көрінбейтін файлдар қалып қойған. Оларды көру үшін каталогтің ішіне қайта оралып ls-a нұсқауын жазу керек. Егер олар болса, онда rm нұсқауымен оларды жойыңыз немесе осы барлық операциялардың орнына rm нұсқауын r-опциясымен қолдануға болады. Мысалы, rm-r ERRORS. Бұл нұсқау ERROR ішіндегі файлдарды, егер болса ішкі каталогтарына кіріп, ондағы файлдарды жойып, содан кейін ішкі каталогты жояды.
Егер файлдың толық жолын білетін болсаңыз, онда ол дайын жөнінде кез келген жерде толық ақпарат ала аласыз.
Файлдың орны келесі түрде көрсетіледі:
ls/home/norh/errors/sec3/errors 301.
Мұнда каталогтың тізімі көлбеу сызықпен ажыратылған.
Ls нұсқауына қолданылатын опциялар.
Бұл нұсқау каталогтың немесе файлдың ішкі құрылысын көрсетеді. Осы нұсқау қосымша опцияларды қолдану арқылы ол жөнінде ақпаратты әлде қайда көп алуға болады. Мысалы, ls нұсқауын -а опциясымен қолданса, онда каталогтың ішіндегі көрінбейтін файлдарды да көруге болады. Ls нұсқауының UNІX Ware-де 20 опциясы бар. -а-дан басқа ең көп қолданылатын опциялар: -f, -l, -t. Назар аударатын бір жай -f опциясы жоғарғы регистрде, ал -l, -t опциялары төменгі регистрде жазылады және оларды шатыстырмау керек, өйткені UNІX-те жоғарғы регистрмен төменгі регистрдің арасындағы айырмашылық көп.
ls -f файлдың типін көру үшін қолданыңыз.
-f опциясы файлдың типі жөнінде толық ақпаратты көрсетеді. -f опциясы файлды символдармен белгілейді. Келесі 1. 2-кестеге сәйкес.
1. 2-кесте
Ешқандай
Символ жоқ.
ls -l қолданып файл жөнінде толығырақ ақпарат алуға болады. -l опциясы файлдың немесе каталогтың типін, құқықтарын, байланыс санын, иесін, тобын, өлшемін, соңғы өзгертілген уақытын көрсетеді. Мына нұсқауды баспаға шығарғаннан кейін:
ls -l/etc
etc каталогындағы файлдар жөнінде толығырақ ақпарат шығады. Егер жолдағы бірінші символ "-" (дефис) болса, онда ол бағдарламалық файл немесе мәліметтер файлы. Егер бірінші символ "d" болса, онда ол каталог, ал егер "l" болса, онда ол байланыс (lіnk) немен байланысты екені жолдың соңында көрсетіледі.
Мынадай жағдайды қарастырайық, каталогта файлдар өте көп және сізге ең соңғы жасалған файлды табуыңыз керек. Ондай ақпарат алу үшін сіз -t опциясын (tіme-уақыт) қолдана аласыз.
Кейбір жағдайларда барлық файлды емес тек олардың белгілі бір тобын көру керек болады. Ондайда шаблондар қолданылады. Екі ең жиі қолданылатын шаблондар "*" мен "?". Шаблондар файлдың атының бір бөлігін алмастыру үшін қолданылады. Жұлдызша кез келген символдардың санын, орнын ауыстыру үшін қолданылады.
3. 3 UNІX-те файлдарды жасау
Файлды жасаудың профессиональдық құпиялары жоқ. Текстік редактордағы бағдарламалар немесе мәліметтер базасын басқару жүйелерінің өздері файлды жасайды. Онда сіздің жұмыстарыңыздың нәтижелері сақталады. Мысалға, Word Perfect файлдың атын сұрайды, содан кейін осы атпен сақтайды. Көптеген бағдарламалық өнімде файлдар осы принциппен сақталады - сіз жасалатын файлдың атын бересіз.
Cat нұсқауын ықшам файлдарды көру үшін қолданады. Ал егер өлшемі үлкен болса, онда ол нұсқау файлдың құрылысын жылдам айналдырады, яғни сіз оны оқып үлгермейсіз. Сондықтан көлемді файлдарды оқу үшін more немесе pg нұсқауларын қолданыңыз.
more және pg нұсқаулары тексті экранға сиятын бөліктерін шығарып отырады. more нұсқауы pg нұсқауына қарағанда бұрынырақ шыққан және UNІX-тің барлық нұсқаларында бар деп айтуға болады. Ал pg нұсқауы кейінірек шыққан және ол сіздің UNІX-іңізде нұсқасында болмауы мүмкін, егер ол BSD UNІX-ке негізделген болса. Компьютерге келесідей нұсқауды енгізіп көріңіз:
more/tmp/myfіle
Келтірілген нұсқау файлдың экранға сиятын бөлігін және бұл қанша пайызы екенін көрсетеді. Текстің келесі бетін көру үшін spacerbar пернесін басыңыз. Осы пернені әр бір басқан сайын текстің келесі беттері шығады. Сіз сонымен қатар тексті бір жолдан шығарып оқи аласыз, егер Enter пернесін бассаңыз more нұсқауынан Q пернесін басу арқылы шығып кетуге болады.
pg нұсқауы (page-бет) more нұсқауы сияқты тексті экранға сиятын бөліктермен шығарады. Бірақ pg алға және оған қарама-қарсы бағытта қозғалу үшін басқа пернелерді қолданады.
pg/tmp/myfіle
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz