Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Азаматтық құқықтық қатынастарға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ..5
1.1 Азаматтық құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері ... ... ... .5
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ..10

2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру
және тоқтатылу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері ... ... ..16
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың тоқтатылуы мен өзгертілуі..19

Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Нормативтік құқықтық актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Кіріспе
Өмірдегі жиі кездесетін қатынастардың барлығы дерлік құқықтық қатынастары болып табылмайтынын, қоғамдық қатынастар мен реттелетінін бәріміз білеміз. Тек құқықтың негізінде пайда болатын қатынастар құқықтық деп аталады, бірақ оның іске асуы құқық нормаларының гипотезасында көрсетілген мән-жайлардың орын алуына байланысты екенін жадымыздан елең етпеуіміз керек.
Осы құқықтық қатынастың бір түрі – азаматтық құқықтық қатынас, яғни оған тауар ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес қатынастар да кіреді. Қарап отырсақ жоғарыда аталған қатынастар біз үшін маңызды және де барлық адамдар күнделікті осы азаматтық құқықтық қатынасқа түседі десек қателеспейміз.
Енді курстық жұмыстағы басты мақсатым: азаматтық құқықтық қатынас тақырыбын кеңінен ашып жазу, бұл қатынастың пайда болу, тоқтатылу, өзгерту салдарына ерекше тоқталу және де азаматтық құқықтық қатынастың бүгінгі күндегі орнын анықтау болып саналады.
Алдағы мақсатты жүзеге асыру барысында мынадай міндеттер қойдым: тақырыптың шынайы, ауқымды және толық болуын қамтамасыз ету. Жазу барысында қолданылған әдебиеттердің жаңа және маңызды болуын қадағаладым.
Азаматтық құқықтық қатынастардың бүгінгі таңдағы өзектіліг бұл саладағы заңнаманың толығымен жетіспеушілігі және де жаңадан пайда болып жатқан азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде күшінің жетпеуі. Бар заңнаманың өзі іс жүзінде толығымен жүзеге аспауда. Бұл бүгінгі күннің өзекті проблемасы.
Осы курстық жұмысқа қосатын жаңалығым: азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде заңнамалық базаны нығайту, оны күнделікті қолданысқа енгізу, ал заңнама ережелерін бұзған жағдайда қатаңырақ жаза қолдануымыз дұрыс деп ойлаймын. Бұл осы саладағы құқықбұзушылықтың алдын алудағы бірден бір жол деп есептеймін.
Курстық жұмыстың құрылысы – кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жоғарыда аталып кеткендей тақырыптың мақсаты, міндеті, өзектілігі, жаңалығы көзделген. Ал негізгі бөлімде азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, тоқтатылу және өзгертілу негіздеріне жалпы түсінік беріледі. Ал қорытынды бөлімінде азаматтық құқықтық қатынастардың бүгінгі таңдағы орны туралы жазылады.
Енді негізгі бөлімге тоқталыа өтейін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Басин Ю. Г. , Сүлейменов М. К. «Азаматтық құқық», 1т, Алматы, 2003
2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Ерекше бөлiм.- Алматы: Заң әдебиетi - Т. 1.-2003.-264 б.
3. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Ерекше бөлiм.- Алматы: Заң әдебиетi - Т. 1. - 2004 - 264 б.
4. Сапарғалиев Ғ. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» Алматы, 1998
5. Төлеуғалиев А. Қ. «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» Алматы: Жеті Жарғы, 2001
6. Табанов С. А. «Салыстырмалы құқықтану негіздері» Алматы: Жеті Жарғы, 2003
7. Ынтымақов С.А. “Азаматтық құқық” (Ерекше бөлім): Практикум. – Астана: Дәнекер, 2005, - 119б.
8. Гражданское право Республики Казахстан (под. ред. Толеугалиева Т.И., Мауленова К.С., Сарсембаева М.А.), Алматы, 1999
9. Гражданское право (под. ред. Сериева А.Г., Толстого О.К.) Москва, 1997-1998
10. Юрист, 2005, №4. [15-18]
11. Фемида, 2004, №3. [3-5]
12. Егемен Қазақстан, 28 желтоқсан. Б.4.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Азаматтық құқықтық қатынастарға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ..5
1. Азаматтық құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері ... ... ... .5
2. Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру
және тоқтатылу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері ... ... ..16
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың тоқтатылуы мен өзгертілуі..19
Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Нормативтік құқықтық актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Кіріспе
Өмірдегі жиі кездесетін қатынастардың барлығы дерлік құқықтық
қатынастары болып табылмайтынын, қоғамдық қатынастар мен реттелетінін
бәріміз білеміз. Тек құқықтың негізінде пайда болатын қатынастар құқықтық
деп аталады, бірақ оның іске асуы құқық нормаларының гипотезасында
көрсетілген мән-жайлардың орын алуына байланысты екенін жадымыздан елең
етпеуіміз керек.
Осы құқықтық қатынастың бір түрі – азаматтық құқықтық қатынас, яғни
оған тауар ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге
де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік
емес қатынастар да кіреді. Қарап отырсақ жоғарыда аталған қатынастар біз
үшін маңызды және де барлық адамдар күнделікті осы азаматтық құқықтық
қатынасқа түседі десек қателеспейміз.
Енді курстық жұмыстағы басты мақсатым: азаматтық құқықтық қатынас
тақырыбын кеңінен ашып жазу, бұл қатынастың пайда болу, тоқтатылу, өзгерту
салдарына ерекше тоқталу және де азаматтық құқықтық қатынастың бүгінгі
күндегі орнын анықтау болып саналады.
Алдағы мақсатты жүзеге асыру барысында мынадай міндеттер қойдым:
тақырыптың шынайы, ауқымды және толық болуын қамтамасыз ету. Жазу барысында
қолданылған әдебиеттердің жаңа және маңызды болуын қадағаладым.
Азаматтық құқықтық қатынастардың бүгінгі таңдағы өзектіліг бұл
саладағы заңнаманың толығымен жетіспеушілігі және де жаңадан пайда болып
жатқан азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде күшінің жетпеуі. Бар
заңнаманың өзі іс жүзінде толығымен жүзеге аспауда. Бұл бүгінгі күннің
өзекті проблемасы.
Осы курстық жұмысқа қосатын жаңалығым: азаматтық құқықтық
қатынастарды реттеуде заңнамалық базаны нығайту, оны күнделікті қолданысқа
енгізу, ал заңнама ережелерін бұзған жағдайда қатаңырақ жаза қолдануымыз
дұрыс деп ойлаймын. Бұл осы саладағы құқықбұзушылықтың алдын алудағы бірден
бір жол деп есептеймін.
Курстық жұмыстың құрылысы – кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан
тұрады. Кіріспеде жоғарыда аталып кеткендей тақырыптың мақсаты, міндеті,
өзектілігі, жаңалығы көзделген. Ал негізгі бөлімде азаматтық құқықтық
қатынастардың пайда болу, тоқтатылу және өзгертілу негіздеріне жалпы
түсінік беріледі. Ал қорытынды бөлімінде азаматтық құқықтық қатынастардың
бүгінгі таңдағы орны туралы жазылады.
Енді негізгі бөлімге тоқталыа өтейін.

1.Азаматтық құқықтық қатынастарға жалпы сипаттама
1.1 Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы және олардың түрлері
Өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен
заңды тұлғалар үнемі өзара әртүрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болды.
Адамдар (олар құрған ұйымдар – заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты
қатынастар сан түрлі болды. Олар әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап
айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады.
Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормалары реттейді,
олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады. Құқықтық реттеудің нәтижесінде
қолданыстағы қоғамдық қатынастармен қатар, әлде бір жаңа (құқықтық)
қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз – бұл нақты
қоғамдық қатынастардың нысаны ғана.
Қоғамдық қатынастардың құқықтық түрлі салаларының нормалары реттеп
отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша
айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық
сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес
игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объекьілері болады. [1]
Азаматтық құқық нормалары реттегенқоғамдық қатынастар құқықтық
қатынастар, атап айтқанда, азаматтық-құқықтық қатынастар сапасына ие
болады. Азаматтық-құқықтық қатынастар дегеніміз – азаматтық құқық нормалары
реттеген қоғамдық қатынастар,
Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық-құқықтық
реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық-құқықтық
қатынастардың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң
жүзіндегі теңдігі.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара
бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен ғана
байланысты болады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне
міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне емес, оған
тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық-құқықтық
қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай
қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық-
құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады.
Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай
құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер
қатысушылардың ерікті әрекеттерімен жүзеге асырылады.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай
азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:
1) мүліктік қатынастар;
2) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік
қатынастар;
3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік
қатынастар;
Азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік
қатынастар болғандықтан, азаматтық-құқықтық қатынастардың бсым бөлігі
мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастардың
объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады.
Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне
(сатып алу, айырбастау, заим және т.с.с.) делдалдық жасайтын қатснастар
мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мүліктік
қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың
объектісі болып табылады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқық мүліктік
емес сипатта болады (авторлық құқығы, шығармаға қол сұғылмау құқығы және
т.с.с.), алайда оларды басқа тұлғалардың пайдалануы арқылы негізгі жалпы
ереже бойынша жүргізіледі, соның салдарынан аталған құқықтық қатынастар
мүліктік емес болғандықтан, мүліктік қатынастармен байланысты болып шығады.

Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құқықтар мен игіліктер
– ар-намыс, қадыр-қасиет, іскерлік бедел және т.с.с. мүліктік қатынастармен
байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.
Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық-құқықтық
қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға
міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай
құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып
шығады.
Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға
жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың
бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады.
Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып
табылады.
Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптың да,
міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген
болып табылады.
Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға,
сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міңдетті.
Кез келген адам абсолюттік құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше,
мұндай құқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы
ұсынылады. Мысалы, автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген
адам бұзуы мүмкін.
Салыстырмалы құқықты міндетті адам ғана бұза алады. Мердігер
атқарған жұмыстың ақысын талап ету құқығын тек тапсырыс беруші бұза алады.
Демек, салыстырмалы құқық нақты адамдар тарапынан болатын құқық
бұзушылықтан қорғаумен қамтамасыз етілген, келтірілген мысалда – тапсырыс
беруші тарапынан қорғалады.[2]
Азаматтық-құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық-
құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық
берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы
болады (өзі әрекет ету құқығы).
Заттың құқықтық субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа
адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен
қанағаттандыра алады.
Атап айтқанда, меншік құқықтық қатынастары заттық құқықтық
қатынастар болып табылады.
Меншік иесі өзінің тиесілі затты иеленуге, падалануға және оған
билік етуге құқылы, ал міндетті субъектілер – қандай да бір әрекеттер
жасамауы тиіс, оларға меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі
жасамау жөнінде енжар міндеттер жүктеледі.
Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа бір
адамның белгілі бір әрекет жасау жолымен қанағаттандырылуы мүмкін.
Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті
адамнан белгілі бір әрекет жасауды талап етуге құқылы (бөгде әрекет
құқығы).
Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады,
ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті.
Зат қашанда заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады,
ал міндеттемелік қатынастардың объектісі – зат болмауы мүмкін.
Мысалы, баспа мен автордың арасындағы әдеби туынды жасау жөніндегі
шарттан туындаған құқықтық қатынастардың объектісі зат емес,
интеллектуалдық қызметтің нәтижесі – әдеби шығарма.

1.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны
Мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық-құқықтық
реттеу мұндай қатынастардың қатысушыларын құқықтар міндеттер беру жолымен
жүзеге асырылады. Шын мәнінде, құқықтық қатынастар дегеніміз – бұл
адамдардың құқықтармен және міндеттермен өзара байланыстылығы. Азаматтық
құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен
субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды.
Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінез-
құлқының заңда жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның
белгілі бір дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы)
мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде
әрекеттер құқығы – талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді.
Мәселен, автордың шығармасына жариялау құқығы, оған қол сұғылмау
құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға
берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң
қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз
жүзеге асыруы мүмкін емес.
Құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер – субъективтік
құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін.
Иелерімен тығыз байланысты құқықтар өзіндік құқықтар деп аталады
(мысалы, белгілі бір аппараттың өнертапқышы аталу құқығы), осыған орай,
барлық басқа өкілеттіктерді берілетін құқықтар деп атауға болады.
Субъективтік міндет дегеніміз – міндетті адамның байқалуға тиісті
мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы.[3]
Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік
құқықтар мен оның қатысушыларының міндеттері өзара тығыз байланысты, әрбір
субъективтік құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше. Құқықтық
қатынастардың бір тарабандағы субъективтік құқықтың міндетті адамнан
белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне келесі тараптардың осындай
әрекет жасауға бағытталған субъективтік міндеті сай келеді.
Демек, құқық берілген адамның белгілі бір әрекет жасау жөніндегі
субъективтік құқығына құқықтық қатынастардың келесі қатысушысының бұл
құқықты жүзеге асыруға кедергің жасамау, оны бұзбау міндеті сәйкес келеді.
Азаматтық құқықтық қатынастарды және тиісінше субъективтік азаматтық
құқықтарды бөлу (жіктеу) түрлі негіздерге сәйкес жүргізілгендіктен, әрбір
өкілеттіліктің әдетте бірнеше белгілер болады.
Мәселен, көркем туынды жасаушының оның авторы болу құқығы осымен бір
мезгілде оның өзіндік, мүліктік емес, абсолюттік құқығы болып табылады. Осы
автордың баспадан қаламақы алу құқығы бір мезгілде берілетін, мүліктік,
салыстырмалы құқық болып табылады.
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқығы кейде
көптеген әрекеттерді жасау мүмкіндігін немесе міндетті адамнан көптеген
әрекеттер жасауды талап ету мүмкіндігін қамтиды.
Мұндай жағдайда субъективтік құқық күрделі болуы мүмкін, оның
мазмұнын қарапайым құрамдас элементтер – жекелеген өкілеттіктер құрайды.
Бірақ құқықтық қатынастардың шегінде өкілеттіктер біртекті немесе
әртекті болуы мүмкін.
Мәселен, мүліктік жалдау шартында жалдаушының құқығы жалға алынатын
мүлікті иелену және пайдалану мүмкіндігін қамтиды (заттық, абсолюттік
өкілеттіктер), сондай-ақ жалға берушіден күрделі жөндеуді дер кезінде
жүргізуді талап ету мүмкіндігін қамтиды (міндеттемелік, салыстырмалы
өкілеттілік).
Заң тұрғысынан алғанда, әртекті өкілеттіктерді қамтитын мұндай
күрделі құқықтарды кешенді құқықтар деп атауға болады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың
субъектілері болып табылады.
Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-
тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратан
қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып
табылады.
Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер
осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге
де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық-құқық субъектілерін белгілеу
үшін әдетте тұлғалар деген жинақтаушы термин пайдаланылады.
Азаматтық құқықтық қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам
ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектіліктің болуын талап етеді, ал ол
құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін қамтиды.
Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық
қабілеттілігі деп түсінеміз. Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды
жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабіллеті әрекет
қабілеттілігі болады.
Жеке индивидтерді жеке адамдар деп атайды. Жеке адамдар ұғымы
Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ
адамдарды қамтиды.
Басым көпшілік жағдайда азаматтық-құқықтық қатынастардың
субъектілері Қазақстан Республикасының азаматтары болады, сондықтан құқытық
нормаларда, әдетте, азаматтар жөнінде сөз болады. Бұл осындай нормалардың
қағидалары тек на таралады дегенді білдірмейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабына сәйкес,
Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,
шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар үшін
белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді
атқарады.
Егер олардың заңды тұлға мәртебесі болса, адамдар құратын ұжымдық
құрылымдар (ұйымдар) азаматтық құқық субъектілері болып табылады.
Ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субъектілері бола
алмайды, өйткені олар заңды тұлғалар болып танылмайды (АК-ның 43-бабы).
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие
болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын
ұйым заңды тұлға деп танылады (33-бап).
Қызметінің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және
коммерциялық емес заңды тұлғаларға бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты
ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға
жатады.
Коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар үшін
құрылады. Мәселен, діни бірлестіктің негізгі мақсаты бірлесіп ғибадат ету
және тиісті дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-
құқықтық нысандарда ғана заңды тұлағлар құруға болады. Коммерциялық ұйымдар
үшін мұндай нысандардың жеткілікті тізбегі Азаматтық кодексте берілген (34-
бап).
Жеке және заңды тұлғалармен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастардың
қатысушылары мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер (облыстар,
аудандар, қалалар және т.б.) болуы мүмкін, бұлар азаматтық-құқықтық
қатынастарда өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет етеді (АК-ның
111, 112-баптары).
Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер заңды тұлғалардың
азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар бұларға да
қолданылады (заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде).
Осыған орай, жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары,
шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, Қазақстан
Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтық
қатынастардың субъектілері бола алады.
Құқықтық қатынастардың объектілері жөніндегі заң әдебиеттерінде әр
түрлі көзқарастар бар.
Бір авторлардың пікірінше, оның субъектілерінің мінез- құлқы ғана
құқықтық қатынастардың объектісі бола алады. Ал оның субъектілерінің
материалдық және материалдық емес игілігіне бағатталған мінез-құлқы,
тиісінше, азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады.
Цивилистердің көпшілігі қуаттайтын пікір бойынша, құқықтық қатынастардың да
объектісі бола алады.
Азаматтық құқықтар объектілерінің негізгі түрлері АК-ның 115-бабында
аталған, мұнда олар мүліктік және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен
құқықтарға бөлінеді.
Мүліктік игіліктер мен құқықтарМүліктік игіліктер мен құқықтарға,
атап айтқанда, заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы қағаздар,
жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің
объективтелген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өзге де
дараландыру құралдары, мүліктік құқықтың өзі де жатады.[4]
Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі,
денсаулығы, ар-намысы, қадыр-қасиеті, іскерлік беделі, ізгі атағы, жеке
өміріне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есіміне

құқығы, авторлық құқығы, шығармашылығына қол сұғылмау құқығы және басқа
материалдық емес игіліктер мен құқықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы және олардың түрлері
Жер құқықтық қатынастары
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы мәлімет
Еңбек құқығының қағидаттары
Азаматтық құқық нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады
Азаматтық.құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері туралы ақпарат
Мүліктік қатынастар
Еңбек қатынастары
Инвестициялық құқықтың құқық жүйесіндегі орны
Пәндер