Ақша қаражаттары аудиті


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І тарау . Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

1. 1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

1. 2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.

1. 3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.

1. 4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

ІІ- тарау. Ақша қаражаттары аудитінің жоспары және бағдарламасы

  1. Ақша қаражаттары аудитінің маңыздылығы
  2. Ақша қаражаттары аудитінің жоспары
  3. Ақша қаражаттары аудитінің бағдарламасы

ІІІ тарау . Ақша қаражаттары аудитін жүргізуді ұйымдастыру

3. 1 Кассалық операциялардың есебінің аудиті

3. 2 Есеп айырысу, валюталық және банктегі басқа да арнайы шоттары мен жол үстіндегі ақша қаражаттары есебінің аудиті

3. 3 Есепте көрсетілген қателіктер және аудиторлық қорытынды

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Қазіргі экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты - ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған.

Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомоствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық, (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.

Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.

Ақшалай ағымның төлемі мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды), және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т. б кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т. б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

І-ТАРАУ. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

1. 1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

Кассадағы операциялар есебі 45-“Кассадағы қолма-қол ақша” бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

451- “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” және 452- “Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоттарында жүргізіледі.

“Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС) .

Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир “Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттамен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетіледі.

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: “Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа қоса тіркейді.

Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе '' Депозитке салынды” деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын адам болса, төлем тізімдемесінде:”Тізімдеме бойынша ақша таратқан” деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында жүргізіледі, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады. ; екіншісі көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.

Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. “Соның ішінде жалақыға” деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.

Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.

Кассирдің есебінде шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 451 - “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.

Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

Касса бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы

1
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары
451
701
1: 2
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Алынуға тиісті жал төлемі кассаға келіп түсті
451: 451
701: 334
1: 3
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Келіп түсуге тиісті жолдағы ақша қаражаттары кассаға келіп түсті
451: 451
701: 411
1: 4
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Тауарларды сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары
451: 451
701: 702
1: 5
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Артық тұрған материалдарды сатқаннан қолма-қол келіп түскен ақша
451: 451
701: 727
1: 6
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Жұмысшы қызметкерлерге артық төленген еңбекақы сомасы кассаға қайтарылды
451: 451
701: 333
1: 7
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын аванс ретінде алып, жұмсамаған сомасы кассаға қайтарылды
451: 451
701: 333
1: 8
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан қолма-қол келіп түскен ақша
451: 451
701: 511
1: 9
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Заңды тұлғалар мен жеке адамдардың берешек қарызы кассаға қабылданды
451: 451
701: 333, 334
1: 10
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Енщілес, тәуелді серіктестіктердің берешек сомасы кассаға келіп түсті
451: 451
701: 321-323
1:
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары:
451:
701:
1: 11
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Кассаға банк және банктен тыс мекемелердің несиелері келіп түсті
451: 451
701: 601-603
1: 12
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Алынған материалдық емес активтердің құны кассадан төленді
451: 101-106
701: 451
1: 13
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Алынған құнды қағаздардың құны кассадан төленді
451: 401-403
701: 451
1: 14
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Сатып алынған материалдық құндылықтардың құны кассадан төленді
451: 201-208
701: 451
1: 15
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Өнімдерді сату және әкімшілік шығындары кассадан төленді
451: 811, 821
701: 451
1: 16
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Келіп түскен тауарлардың құны кассадан төленді
451: 222
701: 451
1: 17
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Кассадан есеп айырысу немесе валюталық шотқа ақшалай түскен түсімдер аударылды
451: 441, 431
701: 451
1: 18
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Субъектінің сатып алған өз меншігіндегі акциясын қайта сатудан түскен табыс кассаға қабылданды
451: 451
701: 521
1: 19
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Акционерлер мен үлес қосушыларға есептелінген дивидендтер сомасы кассадан төленді
451: 621-622
701: 451
1: 20
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген еңбекақы сомасы кассадан төленді
451: 681
701: 451
1: 21
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Субъектінің лауазымды тұлғалар алдындағы борышы кассадан төленді
451: 682
701: 451
1: 22
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Құнды қағаздарды сатуға байланысты шығындар кассадан төленді
451: 843
701: 451
1: 23
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Есеп беруге тиісті адамдарға кассадан төленген сома
451: 333
701: 451
1: 24
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Субъектінің кассасынан жұмысшы қызметкерлерге берілген несие сомасы
451: 333
701: 451
1: 25
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Кассадан жұмысшы қызметкерлердің депонеттелген(уақытында алмаған) еңбекақы сомасы төленді
451: 687
701: 451
1: 26
Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары: Банк немесе банктен тыс мекемелерден алынған несиелер сомасы кассадан қайтарылды
451: 601-603
701: 451

1. 2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.

Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 452 шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлеріне, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.

Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.

Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:

431-“Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” шоты - валюта шотынан валюта түскен кезде;

301-“Алынуға тиісті қарыздар” шоты - кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;

725-“Бағам айырмашылығынан түскен табыс” шоты - тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының сомасына;

333-“Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты - есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.

Валюта кассасынан валюта берген кезде - 452-шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:

333-“Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты - есебіне берілген шетел валютасының сомасына;

431-“Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” шоты - валюта шотына өткізілген валюта сомасына;

844-“Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар” шоты - тиісті валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары сомасына.

1. 3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі .

Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады. №1034 6 тамызда шыққан Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.

Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден өткізеді. Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі, БКМ (бақылаушы кассалық машина) поспорты, қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы т. б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында сақталады.

Ақша операциялық кассаға түскен кезде 451”Операциялық кассадағы қолма-қол ақша” аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:

701-“Дайын өнімдерді сатудан түскен кіріс”, 704-“Көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушылар тасымалы жөніндегі қызметтерінен түскен табыс” шоттары және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;

301- “Алынуға тиісті қарыздар” шоты - сатып алашылар мен тапсырыс берушілердің кассаға алынған сомаға.

Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде - 451 шоты дебеттеледі де, ал 451 шотының “Операциялық кассадағы қолма-қол ақша” субшоты кредиттеледі.

1. 4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарамын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері, келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі, салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты, мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі, ҚР заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.

Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.

Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражаттарының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта қарастырылғаны жөн.

Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкідегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.

Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.

Заңды тұлға - шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.

Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасалуы тиіс.

Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде - шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтаруы керек.

Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті туралы
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті
Қысқа мерзімді инвестициялардың құндарының төмендеуі
Ақша қаражаттары есебінің аудиті
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
«Metrocom Service» ЖШС
Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz