Ақшаның айналысының заңы ақша масссасы
Кіріспе
Ақшаның айналысының заңы ақша масссасы.
I Ақша жүйесінің ұғымы, мәні және түрлері
1.1 Ақша жүйесі туралы ұғым.
1.2 Ақша жүйесінің мәні және түрлері.
II Ақша жүйесі типтерінің сипаттамасы.
2.1 Биметаллизм жүйесі. Оның түрлері.
2.2 Монометаллизм жүйесі. Оның түрлері.
2.3 Банкноталар мен қағаз ақшалар айналасы жүйесі және оның сипаттамасы.
2.4 Ақша жүйесінің негізгі элементтерінің сипаттамасы.
III Ақшаның атқаратын қызметтері
3.1 Ақша . тауардың жалпы эквиваленті
3.2 Ақшаның атқаратын қызметтері
3.3 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болуына туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша-тауарлы –өндірістің өнімі. Сауда
өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістеуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудағы алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі-өнім (зат). Ал оны өндірушінің белгілі бір қоғамдық қатынастарын дәлел- дейтін түрі-тауар. ТАУАР дегеніміз-cату,сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсаты мен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзі- нің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қаты- настары да дамып, одан әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесімен ерекше бір тауар ақша пайда болды. К. Маркстің сөзімен айтқанда: «Айырбас құны, тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол- ақша». Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді.

1. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы – Алматы, Экономика, 2000 ж.
Ақшаның айналысының заңы ақша масссасы.
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болуына туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды.
Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар
айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша-тауарлы
–өндірістің өнімі. Сауда
өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның
қолдануының өрістеуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудағы алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз
тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда
кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда,
адам еңбегінің нәтижесі-өнім (зат). Ал оны өндірушінің белгілі бір
қоғамдық қатынастарын дәлел- дейтін түрі-тауар. ТАУАР дегеніміз-
cату,сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар еңбек
өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа
өнімдерге айырбастау мақсаты мен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас
кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзі- нің тұтынуы
үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші
өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қаты- настары да дамып, одан
әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне
айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесімен ерекше бір тауар ақша
пайда болды. К. Маркстің сөзімен айтқанда: Айырбас құны, тауарлардан
бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар,
ол- ақша. Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны
белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңергенде ғана анықталады. Тауар мен
ақша айырбас процесінде біріне- бірі теңгеріледі.
I Ақша жүйесі жөніндегі түсінік
1.1 Ақша жүйесі туралы ұғым.
Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі- ол
тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас
ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі ХVI-XVII ғ.ғ. капиталистік өндіріс
әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген
элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің
және тауар ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жуйесіне өзгеріс енгізді.
1.2 Ақша жүйесінің мәні және түрлері.
Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму
кезеңдерінің өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша
айналымының басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка,
крона, йела және т.б.). Олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету
бағалары белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол
айналымдағы заңды төлем құрамдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша щығарудың заңды түрде
бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда
толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар
ақшаның барлық қызметтерін атқарады.
2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі
алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.
Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметаллизм және
монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті
пайдалану негізінде XVI-XIX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда
болды. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне
сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгнрді. Сөйтіп
биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша материалы болып,
бір ғана металл-алтын есептелетін болды. Қағаз және несие ақшалары
осы металға еркін айырбасталады.
XX-ғасырдың 30-жылдарынан бастап Батыс елдерінде бірте-бірте несие
ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айырықша белгілеріне мыналар
жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастан кетуі,
банктты алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа
шығару; жеке кәсіпкерлерге, мемлекетке несие беру мақсатында ақша
эмиссиясын күшейту; қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту;
ақша айналымын мемлекетін реттеу.
Қазіргі кезде қағаз және несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз
илігіне алды.
Ақша массасы дегеніміз не?
Ақша массасы-халық шаруашылығындағы тауарлармен қызметтің айналымын
қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарда,
кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады.
Ақша массасы құрылымның белсенді-активті бөлігіне шаруашылыққа нақты
қызмет көрсететін ақша құралдары, ал пасивті бөлігіне ақша қорларының
есепшоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары рөлін
атқарады. Жинақтап айтқанда, ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және
ол қатардағыы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағаз ақша мен айырбас
монетаны емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасындағы үлесі өте төмен
(25%-тей) ал басқа бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған
рыноқтық экономикада бөлшек сауданың өзі де банктік есепшот арқылы жүреді.
Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәүірі бастслады. Банктік ақшаға
чектер, несие карточкалары және т.б. жатады. Аталған есеп айырысу
құралдары (және т.б.) банктік депозиттерді де билейді. Тауар мен қызметті
төлеуде сатып алушы чек пен несие карточкасы арқылы банктерге өз
депозитінен қажетті соманы сатушышың есепшотына аудартады немесе қолма-қол
беруді бұйырады. Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем
құралы ретінде пайдаланылмайтын компоненттер де кіреді. Коммерциялық
банктердегі мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы
ұйымдарының қаржылары, депозиттық сертификаттар, инвестициялық қорлардағы
акциялар туралы болып отыр. Ақша айналымының аталған компоненттері квази-
ақша деп аталады. Ақша айнйлымы құрылымындағы ең қомақтысы да және ең тез
өсетін бөлігі де осы квази-ақшалар.
Профессор П. Самуэльсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атады. Өтімді
(меквидный) түсінігі ақша категориясын анықтау үшін маңызды. Қандай
болмасын мүліктің немесе активтің өтіміділігі дегенде оның оңай сатылуы
және құнын жоғалтпай ақша түріне айналуы мүмкіндігін айтады. Демек, актив-
түрдің ең өтімді түрі-ақша. Жоғары өтімді мүліктерге алтын, бағалы
металдар мен тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Өтімі төмендеу
болатындарға-үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер оларды мұздатылған
құралдар деп атайды) жатады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып ақша айналымы құрылымында мынадай
компоненттерді бөліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М1 және М2 деп
атайды. М1-мағынасындағы ақшаны басқаша іскерлік ақша деп те атайды. Бұл
қолма-қол ақша мен монеталарды, яғни банктен тыс айналатын ақшаларды және
банктің ағымдағы есепшотындағы ақшаларды қамтиды. Олар ағымдағы
есепшоттағы депозиттер қызметтерін түгел атқарады және қолма-қол ақщаға
жеңіл айналады. М2-кең мағынадағы ақша, ол М1-дің барлық компоненттер
қамтиды және коммерциялық банктердің жедел жинақ есепшоттарындағы ақшаны,
маманданған финанс институттарындағы депозиттерді де қосып алады.
Мерзімдік салымдардың иелері ағымдағы салымдармен көрсетілген мерзімнен
бұрын ала алмайды. Сондықтан мерзімдік жинақ есепшоттардағы ақшаларды
сатып алу және төлем қаржылары ретінде пайдалана алмайды, бірақ олар өз
потенциалы тұрғысынан есеп айырысуға жарамды, М1 және М2-дің айырмашылығы
М2-де квази-ақшалар бар, оларды іс үшін пайдалану қиын, қолма-қол аудару
да оңай шаруа емес.
Біздің елімізде соңғы уақытқа дейін ақша агрегаттары есептелмейді және
пайдаланылмайды. Теориялық жағынан ол маркстік-экономикалық теорияның
квази-ақша мен қолма-қол ақшаны біріктіруге болмайды, өйткені олар әр
түрлі категориялы-бағалы қағаздар мен несиелер деген қағидасына
негізделеді. Алайда ақша, инвестиция рыногы (орта және ұзақ мерзімді қарыз
кпиталы) мен бағалы қағаздар рыногының арасында тығыз байланыс бар.
Мерзімдік есепшоттағы қалған ақшалары мен бағалы қағаздары есеп айырысуға
жеткілікті салымшылар оларды өз қажеттеріне жарата алады. Бағалы
қағазды сатудан түскен табыстар тауар, сатудан түскен ақша қаржылары
сияқты ағымдағы есепшоттарда сақталады. Ақша агрегаттары күнделікті өмірде
мемлекеттің ақша саясатының нысанасы ретінде оң қызмет атқарады.
Нақтылы өмірде банк депозиттері ұлғаюының мультипликациондық жерінің
нәтижесі көбінесе күнделікті айналымға түскен ақшаның көлеміне байланыаты,
өйткені банктен қарыз түрінде алынған ақша депозитке түгел қайтарымнан
қолма-қол ақша ретінде де жүре береді. Біздің мысалымызда клиенттердің
ағымдағы есепшоттан алғандары ескерілмейді, ал олар банктердің қарыз беру
мүмкіндігін азайтады. Ең соңында, банк резервтерінен ақшаларды алу
жағдайында мультипликациондық әсер қарама-қарсы бағытта әрекет етеді.
Мысалы, коммерциялық банктің федералдық резерв жүйесінен 1ООО доллар құны
бар мемлекеттік облигацияны сатып алуы банктің резервтік ресурсын осы
сомаға азайтады, нәтижесінде 1О мың доллар банктік депозиттің жойылуына
әкеледі (1О проценттік резерв ставкасында).
Банктердің жаңа ақша жасауларының демек, ақша массасының өзгеруінуң
негізгі факторларына мыналар жатады, резерв ставкасынан жаңа қарыз алуға
деген сұраныс. Бұдан әрі біз осы тұтқаларды пайдалана отырып, мемлекеттік
банктің ақша массасы көлемін қалай реттейтінін көрсетеміз.
II Ақша жүйесі типтерінің сипаттамасы.
Ақша жүйесінің типі: ақша – ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни жалпыға
ортақ эквивалент болуына немесе ақша-құн өлшемі қызметін атқаруына
байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің
төмендегідей типтері кездеседі:
• Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша
айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал
несие ақшалары металға айырбасталады;
• Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай,
айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып,
айналыста тек ақша белгілері жүреді.
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде
қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: Биметаллизм және
Монометаллизм болып бөлінеді.
2.1 Биметаллизм жүйесі.
Алғашқы капитал жинау кезінде (XVI-XVIIғ.ғ.) биметаллизм ақша
жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналыстан толық құнды
ақшалар қамтамасыз етті.
БИМЕТАЛЛИЗМ- ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент рөлін алтын
мен күміске бекіткен ақша жүйесі.
Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша қос металды валюта, онда екі
металдан да кең көлемде монеталар соғылып айналыста шектеусіз қатар
жүрген.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
1. Қатар жүретін валюта жүйесі- онда алтын мен күміс металдардың
арақатынасының стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты
бекітілген.
2. Қос валюта жүйе-онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет бекітіп,
алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
3. Қосалқы валюта жүйесі-онда алтын мен күміс монеталарды заңды төлем
құралы деп іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүрді.
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XVI-XVIIғ.ғ. пайда
болып, тіпті XIXғ. аяғына дейін кең қолданылды. Ақша ретінде екі металды
қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен
күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865ж.
Франция, Бельгия, Швейцария және Италия биметаллизмді сақтап қалу
мақсатында өзара келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865-1878ж.ж.) Латын
монеталық та құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып,
күміс пен алтынның арақатынасы 1:15,5 тең болды. Бірақ екі валютаның
арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмейді.
Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын
қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану
ақшаның бұлд қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек
бір ғана тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса XIX
ғасырда аяқ шенінде күміс шығарудың арзандатуына байланысты күмістің құны
кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22
тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлде қайда
төмен болғандықтан алтын монеталар айналыстан шығуы Коперник-Грешем
заңында айтылған жаман ақша жақсы ақшаны айналыстан ығыстырады деген
қағиданың өмірдегі көрінісі.
Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни
жалпыға бірдей бір эквиваленті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің
орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.
2.2 Монометаллизм жүйесі.
Монометаллизм –ло жалпы эквиваленті ретінде тек бір ғана металл (не алтын,
не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен
монеталар алт ынға немесе күміске айырбасталады. Күміс монометаллизм
Үндістанда 1852-1893ж.ж., Голландияда 1847-1875ж.ж., Ресейде 1843-
1852ж.ж., қолданылды.
Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839-1843ж.ж. жүргізілген ақша
реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза
күмістің 4 мысқалы (золотник=4,25 гр) 21 бөлігі бар күміс есептелінді.
Сонымен қатар айналысқа күміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да
шығарылды. Дегенмен де күміс ақша елдің күйзеліске ұшыраған аққша
айналысын түбегейлейлі ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы
шаруашылық (крепостничество) ыдырап, мемлекет бюджеті мен сыртқы сауда
балансының тапшылығы елде жүргізілген ақша реформасын нәтижелі ете алмады.
Оған қоса 1853-1856ж.ж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында
айналысқа қосымша несие ақшалары шағарылды, іс жүзінде олар қағаз ақшаға
айналды. Сөйтіп, Ресейде күміс монометаллизнің орнына алтын монометаллизмі
келді.
Алғашқыда алтын монометаллизм ақша жүйесі ретінде XVIII ғасырдың аяғында
Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816ж. заң жүзінде бекітілді. Ал басқа
мемлекеттердің көпшілігінде XIX ғасырдың соңғы үштігінде яғни Германияда
1871-1873ж.ж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) –
1873ж., Францияда-1876-1878ж.ж., Австрияда – 1892ж., Ресей және Жапонияда-
1897ж., АҚШ-та-1900ж. енгізілді.
Құн белгілерінің алтынға айырбастамау ерекшеліктеріне байланысты алтын
монометеллизмнің үш түрі болды.
Алтын монеталы стандарт (үлгі) – оған негізгі төмендегі белгілер тән:
- елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді
және ол ақшаның барлық қызметтерін
атқарады;
- алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
- айналымдағы несие ақшалары (банкнота, майда
металл монеталар) көрсететін құнымен еркін
және шектеусіз алтын нарығының еркін жұмыс
істеуіне рұқсат берілген.
Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы еркін бәсеке кезінде
пайда болып, өндірістің несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және
капиталды шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде де, сыртқы сауда
да, еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы
(резерв) қоры болуы шарт.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығымен арттырды. Оны жабу
мақсатында айналысқан шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы
қорынан әлде қайда асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды (несие
ақшаларын) алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде
алтын монетаны ақша стандарты соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және
басқа да көптеген мемлекеттерде (АҚШ –та 1933ж.) жойылды.Банкнотаны
алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын
монета айналыстан шығып, қор жинау және байлық құру құралына айналды.
Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.
Алтын құймалы стандарт- оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда
алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құймалы
стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын құймасының белгілі бір
салмағына айырбасталды. Мысалы, Ұлыбританияда салмағы 12,4 кг- 21,5 мың
франкке теңгерілді.
Алтын девизді (алтын валюталы стандарт) – ол банкнотаның девиздерге (яғни,
белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі, бұл жүйе
Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді.
Бұл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып
тасталды. Міне тек осындай қосалқы қолмен ғана алтын девизді ақша жүретін
елдердің алтынмен байланысы сақтанды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын
бірқалыпты сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның
курсының төмендеуіне немесе жоғарлауына байланысты оған шетел валютасын
сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді
стандарт кезінде бір елдің валюасы басқа елдердің валютасына тәуелді
болды.
1929-1933ж.ж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық
мемлекеттерде әр кездері алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды.
(Мысалы, Ұлыбританияда –1931ж., АҚШ –та 1933ж., Францияда 1936ж. жәнес
с.с.)
1944ж. Бреттон – Вудсте құрылған Халықаралық валюта жүйесі еркін
айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық
алтын девизді стандартты, шын алтын девизді стандартты, шын мәнінде алтын
долларлы стандартты бекітті. Оның ерекшелігі, яғни алтын долларлы стандарт-
тек АҚШ доллары алтынмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт
байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт тек орталық банктер мен үкімет
мекемелері үшін ғана бекітілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына
байланысты 1971 ж. бастап алтын қорларын долларға сатуға тоқтатты,
сондықтан алтын долларлы стандартта айналыстан шықты.
1976 – 1978 жж. Ямайка халықаралық валюта жүйесі алтынның айналыстан шығуын
заң жүзінде бекітті. Ақша өлшемдерінің алтын құрамы және алтынның ресми
бағасы жойылды. Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері арасындағы есеп
айырысудан да алтын алынып тасталды. Сөйтіп бүкіл мемлекеттерде алтынға
айырбасталмайтын несие ақшалары жүйесі орнықты.
3.3.Банкноталар мен қағаз ақшалар айналысы жүйесі және оның
сипаттамасы.
Қазіргі жағдайда бұрын қалыптасқан ақша жүйесінің мазмұны біраз өзгерді.
Себебі металл ақша жүйесінде қолма – қол ақшасыз айналым ақша айналысының
аз ғана бөлігін құраған. Ал 30 – жылдарда әлемде алтынға айырбасталмайтын
несие ақша жүйесі орнықты. Бұл кезде банкнотаны алтынға айырбастау және оны
алтынмен қамтамасыз ету барлық капиталистік мемлекеттерде жойылды. Ақша
эмиссиясы негізінен мемлекеттік бағалы қағаздар мен қамтамасыз етілді. Ол
ең алдымен қоғамдық еңбекті үнемдеу жалпы экономикалық заңның әсеріне
байланысты еді. Ақша жүйесінің дамуы ақша айналымының шығымдарын үнемі
қысқартатын, сөйтіп қоғамдық еңбектің де шығындарын азайтатын, еңбек үнемді
ақша жүйесінің пайда болуына жеткізді.
Қазіргі қағаз – несие ақшалары жүйесіне тән өзгерістер мыналар:
- алтынның мемлекеттің ішкі және сыртқы ақша айналымынан шығып, оныңқазына
қорына құйылды ( ол қор, негізінен, банктерде сақталады );
- банктердің несиелік операцияларының негізінде қолма-қол емес ақша
белгілері шығаруы;
- қолма – қол ақшасыз айналымның дамуының нәтижесінде қолма – қол ақша
айналысының қысқаруы ( әлемдік экономикада бұл екі айналымның орташа
арақатынасы 1:3 қатынасына тең);
- мемлекет тарапынан ақша – несиелік реттеу механизмін құру және дамыту;
2.4 Ақша жүйесінің негізгі элементтерінің сипаттамасы.
Ақша жүйесі негізінен мына элементтерден құрылады:
- Ақша өлшемі ол – барлық тауарлардың бағасын көрсету үшін қолданылатын
заңмен бекітілген ақша белгісі Қазақстан республикасының 1993 жылдың 15
қарашасынан ақша өлшемі – теңге және тиын. Ақша өлшемі, міндетті түрде,
еселі ұсақ бөліктерге бөлінеді. Көптеген мемлекеттерде бөлудің ондық
жүйесі бекітілген : 1 : 10 : 100 ( мысалы, Қазақстанның 1 теңгесі - 100
тиынға тең, АҚШ 1 доллары - 100 центке, 1 ф. ст. – 100 пенске, 1
индонезиялық рупия – 100 сенге және т.б. );
- Баға масштабы – ол тауарлар бағасын белгілеу үшін қолданылатын заңмен
бекітілген техникалық құрал. Несие ақшалары алтынға
айырбасталмайтындықтан ресми баға масштабы өз экономиялық мәнін жойды.
Сондықтан ішкі тауар айналымында әр мемлекеттің өзінің баға масштабы
қолданылды;
- Ақша түрлері – ол осы мемлекетте заң жүзінде қолданылатын төлем
құралдары – несие ақшасы (банкнота) және қағаз ақшалары (қазыналық
билеттер), сонымен бірге ұсақ монеталар. Мысалы, АҚШ-та айналымда: 100,
50, 20, 10, 5, 2 және 1 доллар 1500 доллар және одан жоғары банкнота
шығару тоқтатылған) болатын банк билеттері; 1 доллар, 50, 25, 10, 1 цент
болатын күміс - мыс және мыс – никель қоспаларынан жасалған монеталар
жүреді. Ұлыбританияда айналымда тек банкноталар: 50, 20, 10, 5, 1 ф.
ст., 50, 10, 1 пенс, 1 және 1\2 пенни монеталары жүреді. Құны жаңа 10
және 5 пенске теңгерілетін ескі 2 және 1 шиллинг монеталар да жүреді.
Қазіргі кезде өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде қазыналық билеттер,
яғни мемлекеттік қазаз ақшалар шығарылмайды. Біздің елде 1991 жылдың 1
қаңтарына дейін айналыста 10 рубль және одан жоғары көрсеткіші бар банк
билеттері ( банкноталар ) және 1, 3, 5 рубль қазынанық билеттер жүрсе,
қазір Қазақстан Республикасының ақша белгілері болып банкнота ( яғни
қағаз ақшалар және тиындар ) есептеледі.
Олардың көрсетілген құны төлемдердің барлық түрін өтеуге міндетті
түрде қабылданады. Олар Ұлттық банктың сөзсіз орындалатын міндеттемелері
болып есептеледі және оның барлық активтерімен қамтамасыз етілген;
- Эмиссиялау жүйесі – ол заңмен бекітілген ақша белгілерін айналысқа
түсіру тәртібі. Экономикасы дамыған мемлекеттерде қолма – қол ақша
айналысының негізін құрайтын банктік билеттерді шығаруға орталық банктің
монополды ( айрықша ) құқығы бар. Ал қолма – қол ақшаның шамалы бөлігін
110 процентке жуыған ), яғни ұсақ купюралар ( қазыналық билеттер ) мен
майда монеталарды ( мысалы, АҚШ – та ) қазынашылық ( казначейство )
шығарады.
Қазақстан Республикасының қолма-қол ақша шығарумен оны айналысқа
түсірумен және айналыстан кері шығарумен тек Ұлттық банк басқа банктерге
банкнота және тиындарды қолма-қол ақшасыз есептеу арқылы олардың
эквивалентін алумен сатады;
Ақша айналымын реттейтін мемлекеттік орган-ол орталық банк, яғни
айналыстағы ақша массасын реттеуге; реттеу тәсілдері; реттеуші органның
құқығы және міндеттері; реттеудің мақсаты және объектісі кіреді. Мысалы,
70 жылдардан бастап өркендеген мемлекеттер айналымдағы ақша массасының
және несиенің өсуін реттейтін мақсатты бағдарлауды бекітуде. 1975 жылдан
бастап Федаралдық резерв жүйесі (ФРС) Конгресте алдағы 12 айда
айналымдағы ақша массасының өсу немесе қысқару қарқынының жоспары туралы
әлсін-әлі есеп береді. Бұл жүйе мақсатты бағдарды және ақша қаражатының
өсу қарқынын жиі-жиі ақпарат құралдарына хабарлап тұрады;
• Валюта курсын белгілеу, немесе баға кесу (котировка) тәртібі – ол
бір мемлекеттің ақша өлшемінің екінші мемлекеттің ақша өлшемімен
көрсетілген бағасы. (Мысалы,1 АҚШ доллары = 140 теңге). Қазіргі
кезде ешбір мемлекеттің ақша өлшемінің алтын құралы
белгіленбегендіктен, ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндігінің
ауытқуын, сондай-ақ валюта нарығындағы айырбасқа түсетін валюталарға
сұраныс пен ұсынысты есептейтін баға кесу әдісі қолданылады. Ең кең
тараған баға кесу әдісі валюта қоржынына негізделген, онда әрбір
ұлттық валюта қоржынға кіретін басқа ұлттық валюталардың біразымен
салыстырылады.
Сонымен, экономиканы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің ақша жүйесіне
тән белгілер:
1. Ақша айналымын басқаруға әр түрлі банктердің қатынасуы.
2. Қолма-қол ақша мен қолма-қол емес белгілерін шығарумен банк жүйесінің
әр түрлі буындарының шұғылдануы. Бұнда қолма-қол ақшаны шығарумен
мемлекеттердің орталық банкі шұғылданса, қолма-қол емес ақша белгілерін
әр түрлі меншіктегі коммерциялық банктер шығарды.
3. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша төлем айналымдары ұғымының
арасын заңмен жіктеудің болмауы.
4. Орталық банктің мемлекеттік апараты арқылы ақша жүйесін басқаруды
орталықтандыру.
5. Ақша несиелік реттеу механизмін құру және оның дамуы.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz