Азық - түлік проблемасын тұжырымдылық бағдарлама арқылы шешу және оны жүзеге асыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2-3

I ТАРАУ. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту.

1. 1. Қазақстан Республикасындағы азық - түлік проблемасы5-14

1. 2. Егіншілік салаларын дамыту15-21

II ТАРАУ. Азық - түлік проблемасын тұжырымдылық бағдарлама арқылы шешу және оны жүзеге асыру.

2. 1. Жем-шөп өндіру22-23

2. 2. Мал шаруашылығын дамыту23-28

“АГРОВЕТОРТАЛЫҚ” серіктестіктері туралы мағлұмат 29-43

Қорытынды44

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:45


Кіріспе

Азық-түлік проблемасы адамзат тарихында әлімсақтан келе жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы өмір сүре отырып, азық-түлік молшылығын жасау жолдарын нәтижелі шешуді армандап келеді. Ғылым мен техника дамуымен таң қаларлық әр түрлі жобалар пайда бола бастады. Олардың көбісі бір жаңалықпен немесе өнер тапқыштықпен бүкіл адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды.

Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығын, сонымен қоса олардың жетекші салаларын, агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы жалпы ғылыми техникалық өркениетті дамыту әлі ұзақ жылдарға, жүз жылдықтарға жалғаса береді. Адамзаттың азық-түлік проблемасын табысты шешу тек осы жолмен ғана айқындалмақ.

Дүние жүзінің жетекші елдері ауыл шаруашылығы көлемінің 55 проценттен астамын, оның ішінде АҚШ 20, 5 процентін, Еуропа экономикалық қауымдастығы елдері 18, 5 процентке жуығын және Жапония 4 процетке жуығын өндіреді.

Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10, 5 миллиардқа жуық гектарды құрайды. Өз кезінде К. А. Тимирязев айтып кеткендей, егер планета бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның барлық адамдарын қоректендіруге қауқары жетеді.

Бұл үшін тиісті әлеуметтік-эканомикалық және саяси жағдай керек. Жаппай қарулануды тоқтату, көптеген елдердің экономикалық және техникалық артта қалуын жою, аграрлық экономиканы реформалау және басқа жаңғыруларды жүргізу мәселені шешуде ерекше рөл атқарады.

Азық-түлік жағдайын түпкілікті жақсартпай, нарықтық тегерішті игеру жөніндегі жұмыстарды бір арнаға түсіру тіпті мүмкін емес. Егер өмір барған сайын қиындай берсе, ал халық қарны тойып тамақ ішпей, қайыршылығын қоймаса, ең тартымды және көңілге қуаныш ұялатады деген бағдарламаның өзі қолдау таппай құрдымға кетеді.

I ТАРАУ. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту.

1. 1. Қазақстан Республикасындағы азық - түлік проблемасы.

Әлеуметтік абыржуды тоқтатуға немесе барынша байыпты арнаға түсіруге мүмкіндік беріп, этностық проблемаларды шешуде толқуларды басып, мұнай, газ және басқа орны толмас табиғи ресурстарды сыртқа шығаруды қысқартып, инфляцияны ауыздықтап, қаржылық және ақша жүйелерін сауықтырады.

Агроөнеркәсіптік өндірісі дамыған елдердегі эволюция меншікке құқық пен жерді шаруашылық жүргізу құқығын бір-бірінен бөліп тастау болмайтын іс екенін дәлелдеп берді. Міне, дәл осындай себептен аграрлық өндірістің кеңшар-ұжымшар моделі көпшіліктен қолдау таппай, бұрынғы Кеңес Одағының елдерінде дами алмады.

Өткен жылдар ішінде біздер соншалықты ұмтылған қоғамдастырудың деңгейін арттыру жұмысшының меншіктен аластатылу масштабын одан сайын арттыра түсті. Өндірістің көлемін қалай дегенде де көбейтуге тырысушылық аграрлық өндірістің ішкі табиғатына қарама-қарсы қайшылықта болатынын кеш ұқтық.

Бір қарағанда қарапайым көрінетін ауыл шаруашылығы өндірісі- өте нәзік, жеңіл үзілетін және көп аялауды қажет ететін жүйе, ол қатаң қалыпқа салғанды көтермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісі басшылықтың білікті болғанына, жұмысшылардың белсенді күш-жігеріне қарамастан көптеген факторлардың әсерінен азапқа түскен адамдай ауыр халды басынан кешіреді. Мысалы, әзірге адамның бақылауына аз көрінетін табиғи фактор, оның ішінде ауа райының жағдайын алайық. Қуаңшылық, бұршақ жауу және басқа қолайсыз құбылыстар жұмысшылардың барлық ұмтылысына айтарлықтай зиян әкеледі немесе тіпті жоққа шығарып тынады.

Аграрлық өндірістің тағы бір ерекшелігі дұрыс пайдаланған жағдайда тозбайтын, қайта керісінше құнарлана түсетін, өндірістің айырбастауға келмейтін ең басты мәңгілік қоры--жердің алабөтен орны болып табылады. Жердің құнарлығындағы айырмашылық еңбек пен капиталды бірдей жұмсағанның өзінде де өндіріс пен табыстың көлеміндегі айырмашылықты туғызады. Осыдан барып жер рентасы және табысты реттеу, сондай-ақ жақсы ауыл шаруашылық жерлерінің шектелу проблемалары туады. Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.


Агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді.

Агробизнес кешені

1сфера. Ресурстартехника, жем, тұқым,тыңайтқыш, улы химикаттар,несиелік ресурстар:

1сфера. Ресурстар

техника, жем, тұқым,

тыңайтқыш, улы химикаттар,

несиелік ресурстар

4 сфера. Агросервис:: 4 сфера. Агросервис:
4 сфера. Агросервис:: мемлекеттік,
4 сфера. Агросервис:: кооперативтік,
4 сфера. Агросервис:: жеке

Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйытқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады.

Сфералардың үшінші тобы егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік сфераны құрайды.

Төртінші сфера агробизнесті толықтай және оның жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрамымен өте ұқсас және ол үш сфераның басын құрайды.

Агроөнеркәсіптік кешен

1 2 3

Қор шығаратын салалар: Қор шығаратын салалар
Қор шығаратын салалар: Ауыл шауашылығы өндірісі

Бірінші сфераға трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық құралдары, сондай-ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.

Екінші сфераға таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары - егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық мал азығын өндіру жатады.

Үшінші сфера әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық-түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ, шамадан тыс орталықтандыру мен әміршіл-әкімшіл экономика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болайтын өзіндік ерекшеліктер бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішіде Қазақстанға да теңдей қатысты.

Нарықтық экономикаға барар жолдағы Қазақстан республикасы агроөнеркәсіп кешені дамуының жай-күйі, негізгі проблемалар мен бағыттарын қарастырайық. Қазақстан- 16, 5 миллион адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орын алады.

Көмір қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потенциалы да бар.

Ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222, 3 миллион гектар, оның ішінде егістік жер 36 миллион гектар, жайылымдық жер 182 миллионнан астам гектар және шабындық жер 5 миллионға жуық гектар құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2, 2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан дамыған көптеген елдердегіден әлдеқайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 миллион тоннаға жуық астық, 1, 5 миллион тоннаға жететін ет, 3, 5 миллион тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өндірілді.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы және қаракөл қойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады.

Агроөнеркәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік бірлестігі және "Манкетживмаш", "Актюбсельмаш" пен Мамлют машина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшін машина жасаумен айналысады. Бұдан басқа, бөтен саладағы, оның ішінде қорғаныс зауыттарында да ауыл шаруашылық машиналарының кейбір түрлері және қосымша бөлшектер шығарылады.

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасында тамақ, ет-сүт және ұнжарма өнеркәсібі кәсіпорындарынан, дайындау, сақтау, сондай-ақ ауылшаруышылығын өндірістік-техникалық, транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік-санитарлық және суландыру жөнінен қызмет ететін кәсіпорындар мен ұжымшардың жүйесінен және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларынан тұрады.

Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды ерекшелігі алабөтен - топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік өсіретін топырақ бетінің әр түрлілігі, олардың көлденеңнен және тігінен аймақтануын анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады. Температураның (100 о С) тиімді жиынтығы солтүстіктегі 25000-нан оңтүстік және оңтүстік-шығыста 45000-ға дейін аралықта құбылып отырады. Мұның өзі суптропикалық және тропикалық дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығының барлық дақылдарын, дәнді дақылдардан бастап жүзім мен мақта өсіруге дейін мүмкіндік береді.

Қазақстан жер аумағының көп бөлігі егіншілікпен айналысуға болатындай аймақта орналасқан. Республиканың солтүстігі мен орталығында жауын-шашын 140-350 мм-ден оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы және биік таулы аймақтарында 450-900 мм-ге дейін жетеді.

Жер аумағының топырақ беті де қатты ерекшеленеді- республиканың солтүстігінде кәдімгі, қою қоңыр топырақ, қоңыр топырақ және ашық қоңыр топырақ және таулы сілтілі қара топырақты болып келеді. Қара топырақты жер көлемі бар-жоғы 15 миллион гектарға жуық жерді құрайды. Бұдан басқа, Қазақстанда 77 миллионға жуық гектар топырақтың эрозияға ұшырауына бейім жер, 50 миллион гектарға жуық эрозияға қауіпті жер, оның ішінде 17, 7 миллион гектарға жуығы егістік жер, 74 миллион гектардан астам сортаң және кейбір топырақты жер, оның 8 миллионға жуығы өңделген жер бар.

Республика агроөнеркәсіп кешенінің тағы бір ерекшелігі - өндірістің мамандандырылуы мен шоғырландырылуының жоғары деңгейде болуы. Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары егістік жер көлемі жағынан кеңестік кезеңінде ТМД елдері бойынша орташа есеппен алғанда 6 есеге жуық артық болды. Жалпы өнім өндіру көлемі бойынша 2-3, одан да көп есе болды.

Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері - мұнда жақын шетелдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі салалық сәйкессіздіктер көзге бірден түседі, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтау және тасымалдаумен айналысатын қор шығарған сфералар мен салалар, сондай-ақ жалпы агроөнеркәсіп инфроқұрылымы нашар дамыған.

90-жылдардың басында агроөнеркәсіп кешені құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы 64%-ке жуық, 1-сферада 8%-ке жуық және 3-сферада 28%-тен астамырақ болды. Республикада автомашина және комбайн жасау өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді, ал ет комбинаттары етті өңдеуді толық қамтамасыз ете алмайды. Осының салдарынан өндіріс өнімі көлемінің 30%-і ысырапқа ұшырайды. Бұрынғы КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін.

Республикадан тыс жерге екі жақты тасымалдауға кететін шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде қалып қоятын. Сондай-ақ Қазақстан еңбеккерлері өндірген үстеме өнімнің бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа шығарылып тұратын.

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндіріс құлдырау тоқтатылып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.

Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: " . . . барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау керек . . . " . "Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы" Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналды.

Мемлекет басшысының идеяларын, қабылдаған заңдар мен Республика үкіметінің қабылдаған қаулыларын іс жүзіне асыра отырып, Қазақ Ауылшаруашылығы ғылымдары "Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2004 жылғы тұжырымдық бағдарламасын" жасады. Оны жасау барысында мынадай көптеген объективтік факторлар еске алынды:

- егемен мемлекетті өркенду;

- материалдықөндіріс сферасындағы нарықтық қатынас

заңдары;

- аграрлық ғылым мен техника жетістіктері;

- ауыл шаруашылық өнім өндірісінің тиімділігі.

Дүниежүзілік сауданың құрылымы. Дүниежүзілік сауданың қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы-өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар. Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми сыйымды тауарлар экспорты жылына -500 млрд доллар құрайды, ал жоғарғы технологиялық өнімнің үлесі 40%-ке жақын. Машиналар мен жабдықтар саудасының да ролі артып келеді. Осымен байланысты ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық, қаржы-несие қызметтерінің айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар мен жабдықтар саудасының қарқыны бірқатар жаңа қызметтер түрлерін өмірге алып келді. Оларға: инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпаратты есептеу қызметтері жатады.

Инжиниринг - клиентке көрсетілетін инженерлік қызметтердің жиынтығы. Оның түпкі мақсаты өндіріске жұмсалған күрделі қаржыны, немесе басқа шығындарды өтеуде жоғарғы нәтижеге жету. Ондай нәтижеге жету үшін инжиниринг материалдық, технологиялық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың әдістерін іздестіреді.

Лизинг - машиналар мен жабдықтарды белгілі бір мерзімге арендаға беру туралы келісім. Лизинг халықаралық және ұлттық деңгейде өнеркәсіп - банк монополияларының жалғасып кетуінің жаңа нысаны.

Консалтинг - жобаларды дайындау және жүзеге асыру кезіндегі кеңес беру қызметі.

Соңғы онжылдықта (1985-1996ж. ж. ) өнеркәсібі дамыған елдердің машиналар мен жабдықтар экспорты үш есе өсті. әсіресе электротехникалық және электронды жабдықтарды экспорттау жедел қарқынмен дамып келеді, олардың үлесіне машинатехникалық өнімдері экспортының 25%-і тиеді.

Халықаралық сауда жедел дамып келе жатқан саланың бірі - химиялық өнімдеу саудасы. Энергоресурстар мен шикізатқа сұраныстың көбейгенімен, шикізат саудасының қарқынды дүниежүзілік сауда қарқынынан едәуір төмен. Мұның себебі: біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді ұлғайтуды; екіншіден, шикізаттың өзін ұтымды пайдалану арқылы қалдықсыз, терең өңдеу процесін қолдану.

Дүниежүзілік азық-түлік саудасының оған деген сұраныстың біршама азайғандығы байқалады. Бұл белгілі дәрежеде өнеркәсібі дамыған елдерде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауымен байланысты.

Халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша, соңғы онжылдықта (1985-1996ж. ж. ) халықаралық сауда жыл сайын орта есеппен 5, 2%-ке өскен. Бірақ мұншалықты өсу барлық уақытта бірдей емес. Мысалы, 1989 жылы халықаралық сауданың өсуі 8, 2% болса, 1993 жылы 4%-ке дейін төмендеген. Мұның басты себебі: өнеркәсібі дамыған елдерде байқалған экономикалық тоқырау. Ал, дәл осы кезеңде азиялық «жаңа индустриалды елдерде» сыртқы сауда қарқыны 10%-н асқан. 1994 жылы халықаралық сауданың көлемі 9, 5%-ке жоғарылап, осы жылдардың басындағы төмендеу тенденциясы тоқтаған.

Дүниежүзілік сауданың 90-шы жылдардың орта шенінде жедел өсуі, АҚШ-тың, Италияның, Канаданың, Испанияның импортының қарқынды өсуімен байланысты. Сонымен қатар бұл процеске Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық коньюнктурасының жақсарғаны да әсер етті. Егер сауда саласындағы кедергілер біртіндеп жойыла берсе, онда халықаралық тауарлар нарығы жыл сайын орта есеппен 6%-ке өсері анық.

Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ, оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік. Бұл орайда бірқатар проблемелар да көрсетер еді. Оның негізгісі - мемлекетарлық экономикалық топтар, сауда-экономикалық одақтар деңгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы. Дүниежүзілік банктық есептеулерге қарасақ бұл одақтардың шеңберіндегі 90-шы жылдары дүниежүзілік сауданың 42%-ы жүзеге асырылған.

1. 2. Егіншілік салаларын дамыту.

Республикадағы егіншіліктің негізгі саласы астық өндіру болып табылады. Тың және тыңайған жерлерді игеру Қазақстанды астықты ірі өндірушілердің қатарына қосты. Қазақстан жан басына астық өндіру жөнінен де дүние жүзінде күні кешеге дейін Канададан кейінгі екінші орынды иеленіп келеді.

Қазақстандағы егіс көлемінің, астық өнімділігі мен жалпы түсімнің өсу қозғалысы

Жылдары: Жылдары
Егісалқабымлн. га:

Егіс

алқабы

млн. га

Топы-рақты өңдеумлн. га:

Топы-

рақты өңдеу

млн. га

Өнімділікц/ га:

Өнімділік

ц/ га

Өнімділікөсуі ц/га:

Өнімділік

өсуі ц/га

Жалпы өніммлн. т:

Жалпы өнім

млн. т

Жалпы өнімнің өсуімлн. т:

Жалпы өнімнің өсуі

млн. т

Жылдары:

1946-1955

1956-1965

1966-1975

1976-1985

1986-1990

1991-2005

Егісалқабымлн. га:

7, 0

24, 6

23, 8

25, 3

24, 1

28, 2

Топы-рақты өңдеумлн. га:

-

6, 9

15, 3

22, 0

22, 0

23, 5

Өнімділікц/ га:

5, 6

7, 0

8, 9

9, 6

10, 0

11, 6

Өнімділікөсуі ц/га:

-

1, 4

1, 9

0, 7

0, 6

0, 4

Жалпы өніммлн. т:

3, 9

17, 2

21, 2

24, 3

24, 1

25, 0

Жалпы өнімнің өсуімлн. т:

-

13, 3

4, 0

3, 1

0, 2

0, 9

Қазақстанның солтүстік облыстарындағы көптеген аудандардың топырақтық-климаттық жағдайы тұрақты астық өндіруді қамтамасыз етеді. 60-жылдардың ортасында топырақтың эрозияға ұшырауы егіншілік топырақ қорғаудың ғылыми негізделген жүйесін қолдану арқылы тоқтатылды. Алайда, Республиканың кейбір облыстарында дәнді дақылдар ішінара ашық қоңыр және сұр құба топырақты шөл далалық аймақта орналастырылған. Бұл жерлерде өнімділік гектарына 5-6 центнерден аспайды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар және басқа кейбір облыстарда жеңіл механикалық құрылымдағы топырақты жерлерді жырту да басы артық дүние болып шықты. Сондықтан да тұжырымдық бағдарламада құнарсыз жерлердегі дәнді дақылдар егістігі көлемін бірте-бірте қысқартып, гектарына 8 центнерден өнім беретін жерлердің өзін-өзі ақтауы мен шығынын жабу мақсатында астық өндірісі экономикасының қазіргі заманғы жай-күйіне жақындастырылу қарастырылған.

Астық қажеттілігінің балансы мен егістік көлемінің, өнімділіктің және жалпы түсімнің есебі Республика астық өндірісінің мүмкін нұсқаларын көрсетеді. Күш-жігер мен қаржылық-материалдық көздері барынша қолайлы аудандарда астық өндіруге шоғырландыру арқылы дәнді дақылдар егістігінің көлемін қысқарту ішкі қажеттіктерді толық қамтамасыз етуге, нарықтық экономика жағдайында анықтаушы күш болып табылатын саланың өзін-өзі жалпы ақтауы арқылы астықты шетелге шығаруға да мүмкіндік береді.

Нұсқалар: Нұсқалар
Дәнді дақыл алқабымың га:

Дәнді дақыл алқабы

мың га

Өнімділікц/га:

Өнім

ділік

ц/га

Жалпыөніммлн. т:

Жалпы

өнім

млн. т

Шығындар, млн. Т: Шығындар, млн. Т
Нұсқалар: тұқым
Дәнді дақыл алқабымың га: Азық-түлік
Өнімділікц/га: Нақты ақы
Жалпыөніммлн. т: жем
Шығындар, млн. Т: Сақ қоры
экспорт
Нұсқалар:

Бастапқы өнім: Алқап өнімділігі:

1. 5 ц/га кем

1. 6 ц/га кем

3. 7 ц/га кем

облыстар ойынша алқап өнімділігі 6 ж/е 7 ц/га-дан төмен болғанда

Дәнді дақыл алқабымың га:

22, 7

18, 3

16, 3

13, 1

17, 0

Өнімділікц/га:

9, 2

14, 2

14, 9

16, 2

14, 4

Жалпыөніммлн. т:

20, 9

26, 0

24, 2

21, 2

24, 5

Шығындар, млн. Т:

3, 0

2, 8

2, 4

2, 0

2, 6

3, 0

3, 4

3, 4

3, 4

3, 4

1, 0

1, 1

1, 2

1, 3

1, 3

6, 0

7, 5

7, 5

7, 5

7, 5

2, 0

2, 1

2, 0

2, 1

2, 1

5, 9

9, 1

7, 7

4, 9

7, 6

Кестеде талдау көрсетіліп тұрғандай, ең алдымен гектарына 5 центнер, одан кейін гектарына тиісінше 6 және 7 центнерден өнім беретін егістік алқаптарын бірте-бірте өндірісін үдету есебінен дәнді дақылдар егістігінің басқа бөліктерінде жалпы өнімді көбейтуге мүмкіндік береді. Мұның өзі де кезегінде өнімділікті арттыру және тұқымға кететін шығынды азайту есебінен азық-түлікке, жем-шөпке, қамсыздандыру қорына және өнімді шетелге шығаруға кететін қаржыны көбейтуге жағдай жасайды. Бірақ,

басты жетістік ретінде осы саланың бәсекелестік қабілетін әлдеқайда арттыра түсуге септігін тигізетін астық өндірісінің тиімділігін арттыру мен оның рентабельдігі 34-52% -ға өсуін айту керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығын ұйымдастыруды жетілдіру
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Ауыл шаруашылығының дамуы
Аграрлык реформа және ауыл шаруашылығындағы экономикалық тұрақтылық
Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу
Маркетингтік зерттеулер мен нарық сегментациясы
Аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің теориялық жақтарын ғылыми негіздеу
Қазақстандағы кедейшілікке қарсы күрес бағдарламаларын әлеуметтік талдау
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік реттеу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz