Толғаудың жанрлық ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Толғаудың жанрлық ерекшеліктері.
Орындаған: Н. Өнерханұлы
Тексерген: Сатемирова Дариға
Алматы 2007
Жоспары:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім: Толғаудың жанрлық ерекшеліктері.
- Даму ерекшеліктері
- Қалыптасу кезеңдері
- Жанрлық ерекшелігі
- Қорытынды.
- Пайдаланылған әдебиеттер.
Тақырыбы: Толғау жанрының ерекшеліктері.Кіріспе
Ең алдымен, толғау түріндегі туындылардың жанр ретінде туып, қалыптасуы тікелей жыраулар шығармашылығымен байланысты іске асты.
Жыраулар өз шығарылатын көбінесе ауыз әдебиеті дәстүрінде тудырып отырғанымен, бұлар өзінің құрылысы мен көркемдік тәсіл, бейнелеу мүмкіндіктері жағынан бірден-бір дара әдебиеттің өкілдері ретінде көрініп танылды. Мұның өзі әдебиетіміздегі даралықтың ең алғаш тек поэзияда, оның ішінде жыраулық толғауларда туып, дамығанын көрсетеді. Мұны әдебиетіміздің даму жолындағы басты бір ерекшелігі деп ауыз толтырып айтуымызға әбден болады.
Негізгі бөлім.
Толғаудың жанрлық ерекшеліктері.
Толғаудың жанрлық ерекшеліктеріне тереңдеп бармас үшін «толғау деген не?» деген сұраққа жауап бере кетейік.
А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде толғауға мынадай түсініктеме береді: «Толғағанда айталық нәрсенің толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйік-мұнын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйініші айтып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші, ішкергі ғаламында болған халдарды нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау-қысқасын айтқанда қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық алғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуда».
Ал поэзиялық сөздікте: «толғау-қазақ әдебиетінің сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі, белгілі тақырып бойынша ойлап түю, философиялық пікірлер білдіру пішіні»- делінген. Толғау жанрының табиғаты З. Ахметов еңбегінде едәуір ашылады. «Толғау . . . » шыңдап келгенде ән емес, бірақ әуенмен айтуға лайықтап шығарылған халықтық лириканың бір түрі. Өлеңдердің триада-триадаға бөлінуі әсіресе толғауға тән . . . толғау халық нақылдарының афористік стиліне жақын және жұтынған, жарқын афоризмдерге бай . . . толғау-өлең түріндегі ой қозғау, толғану. Толғау деген атынан көрініп тұрғандай-ақ, шығарманың ойлану, толғану түрінде туатындығын байқатады».
Жыраулық толғаулардың ақындық поэзиядан айырмашылығы- ақындық поэзияда тақырып ауқымы толғауға қарағанда біршама кең және сезімге құрылған лирикалық сипат басым болып келеді. Ал жыраулық толғауларда қоғамдық-әлеуметтік өмірден әр-алуан көріністері мен сол заман жағдайын сипаттайтын болжамдар эпикалық үн басым болып келеді. «Тоғау үшін айтылмақ жайдың өзара байланысты болуы шарт емес, шығарманың тұтастығы мұнда суреттелген құбылысқа автор қатынасының бүтіндігі арқылы, сондай-ақ кейбір тұрақты композициялы тәсілдерді қолдану нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Ойдың өрістілігі, тақырыптың тереңдей ашылуы, лирикалық, және эпикалық бастаулардың біте қойнауы, өмір құбылыстарын мол қайту сияқты қасиеттерінің арқасында толғау жанрдың қатарына жетті. Толғаудың жанрлық ретінде қалыптасуы халықтың дидактикалық поэзия дәстүрімен байланысты болса керек».
Толғау өзінің ұзақ уақытқа созылған тарихи дамуы барысында төмендегідей ерекшеліктерімен көрінді:
1. Тирадаларға бөліну:
«Түйдек өлең жолдары, топтаудың байырғы түрі екен, эпостың поэзияда оның шұмақтан бұрын түрі екені, эпостың поэзияда оның шұмақтан бұрын орныққаны рас»-деп көрсетеді. З. Ахметов «Өлең сөздің теориясы» атты еңбегінде.
Түйдектің қазақ поэзиясында ертерек заманда туып қалыптасқандығын жыраулар толғауларынан көреміз. Мысалы: Бұқар жырауда:
Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе азайып
Көп таусылмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет қайтпас демеңіз . . .
. . . Құрай бітпес құба тән
Құлан тартпас демеңіз.
Мұнда жырау ай, бай, тан т. б. тізбектейді, бірақ осылар үзілмей өрбіген тұтас бір ойды білдіріп тұрған жоқ. Афоризмдерге тән параллелизм тәсілін қолданып, бір-бірімен қатарласқан, тырысып отырған, бір орнаға келіп құятын бөлек-бөлек түйік пікірлерді бір жерге әкеліп тізген. Түйдектің ерекшелігі мен артықшылығы-онда жеке-жеке ойладың кеңінен өрістеп, шарықтауына сәйкес көптеген тармақтарды мағынасы, айтылудағы дауыс толқыны, синтаксистік құрлысының бірлестік тұтастығы, ұйқасы жағынан біріктіріп топтастыруға болады.
2. Афоризмдерге жақындығы . Жыраулар толғауларында философиялық толғаныс, тебіреніс ретінде келетін дидактикалық өнеге өсиет, ақыл-нақылды шумақтар мол болып келеді.
Мысалы, Шалкиіз жырау өнеге-өсиеттік бірқатар жолдарында өмірден түйген өрісті ойларын жақсы мен жаманды салыстыра отырып суреттейді:
Құсты жисаң, бүркіт жи,
Қыс тоқынды түлкі етер.
Бір жасымен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда
Жімге ғаламға күлкі етер.
3. Әлеуметік, азаматтық сарынның басым болуы. Заман талабына сәйкес жыраулар қашанда қоғамның әлеуметтік мәселесін, халықтың арман, мұнын, тұрмыс тіршілігін толғауларында арқау еткен.
Толғау жанрының іштей жіктелуі мәселесіне келер болсақ, ғылымда әл күнге дейін қалыпқа тускен ортақ жүйелі пікір жоқ деп айтуыңызға болады.
М. Мағауи толғауды ойға, сезімге қатысы жағынан ой толғауды және сыр толғауы деп екіге бөледі. Ғылымның пікірінше ой толғаулар «нақыл, тақпақ, афоризм түрінде келеді» дей келе оған Шалкиіздің «Шағырмық бұлт жай жатыр . . . », «Асқар, асқар, асқар тау» «Ор, ор қоян, ор қоян» . . . Бұқардың «Айналасын жер тұтқын» т. б. толғауларын мысалға келтіреді.
Ал сыр толғаулардағы «негізгі жүкті көтеретін сезім, эмоция. Бұл топтағы шығармаларда жалпы жырау поэзиясына тән үгіт, насихат, дидактика мүлде дерлік ұшыраспайды. Жырау ел басын түскен ауырпалыққа, немесе басқадай белгілі бір оқиғаларға өзінің реакциясын білдіреді». Мысалы, Қыз туған, Доспамбет шығармалары, Шалкиіздің балпаң, балпаң басқан күн т. б. жатқызады.
С. Мұқанов толғау нақыл толғауы, ереуіл толғауы және тіршілік толғауы болып үшке бөлінеді.
І кезең. Толғау жанырының алғаш дүниеге келуі, мұны сыпыра жырау, «өзгелерге жыр жырлау өнерін үйреткен бірінші жыршыл-Қорқыт» есімдерімен байланысты қарауға болады. Аталмыш екі жыраудың бізге жеткен мұралары мынау деп айту қиын.
Қорқыт ата жырлары мынау бізге жетпеген, оның орнына аңыз, әнсаналар ғана сақталған.
Ал Сыпыра Жыраудың аты да, толғауы да «Ер торғын», «Құбығұл» ертегілерінде ғана ұшырасады.
ІІ кезең. Толғау жанрының қалыптасып даму жетілу кезеңінің ірі өкілдері болып табылатын Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз шығармалары өздерінің бұрыңғы Сыпыра жырау негізін қалаған тұрақтандырып қана қойған жоқ, оған кезінде лирикалық жаңа әуен де бере білді.
ІІІ кезең. Толғау жанрының толысып, кемелдену кезеңі.
Актамберді, Мырғасқа, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар жырау шығармалары өзінің мазмұндық құрылысы мен көркемдік тәсілдерінің кемелденгенін көреміз. Осы белгілерде қарап «бұл шығармаларды жаңа кезеңде өмірді шындық күйінде бейнелейтін соны сипаттағы поэзия деп айта аламыз» (М. Жармұхамедов «Көненің көзі») А., 1996ж.
Енді осы аталған кезеңдегі жырауларға жеке-жеке тоқтала кетсек.
«өзі өмір сүрген дәуірі тұрғысынан заман күйін толғап, өз кезңіне өзінше баға беріп, толғау туып қалыптасуына үлкен үлес қосқан ұлы жырау- Асанқайғы Сәбитұлы, . Асан-түркілік поэзияның жалпы заңды жалғастырушы ретінде дидактикалық сарынды жаңа қоғамның таныс түсігіне лайықты жетілдіре түсті».
Асанқайғы шығармаларынан мынадай тақырыптық ерекшеліктерді ақындауға болады:
1. Өз заманның тарихи оқиғаларын тарихи оқиғаларына байланысты туған саяси-әлеуметтік сипаттағы арнау толғаулар;
2. Тағылымдық, тәрбиелік мәндегі насихат толғаулар.
Біз Асанды көбінесе Жәнібек ханның қасынан көреміз. Оның бізге жеткен толғаулары түгел дерлік Жәнібек ханға арнай айтылған.
«Әй, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқанына көнбесің,
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын қызыл терлейсің,
Өзіңнен басқа хан жақтан
Елеуреп неге сөйлейсің»-дейді Асан.
Бұл жерде асан-халық жақшысы, асан мұңы-халық мұны. «Асанқайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ал өз дәуіріндегі қазақ халқының мұнын, тілеген көрсетеді»-дейді Б. Кенжебаев.
Толғау жанрының туып, қлыптасуына көрнекті үлес. Қосқан әдебиет өкілдерінің бірі-Қазтуған жырау. Оның туындылары ерлік рухы, батырлық лебі есеуі. Асан сөздеріндегі елдік мәселесіне Қазтуған толғаулары ерлік мазмұнымен қосылып, бірін-бірі толықтыра түсті. Демек, ерлік толғауларының алғашқы нұсқауларының тууы . Қазтуған шығармаларының ең байланысты.
Толғау жанрында ел болу мәселесінің ерлік, батырлық, әуенмен толыға түсуі Қазтуғаннан басталса, кейінгі кезеңдерде бұл үлкен ақындық дәстүрге айналып, әркім оған өзінше үлесін қоса отырып, оның арнасын барған сайын кеңейте, ауқымын молайта түсті. Бұл ретте Қазтуғанға уақыт жағынан да, шығармаларының рухы жағынан да жақын жырау-Шалкиіз.
Толғау барлық уақытта бірдей елдік мән-мағынасы бар мәселелердің деңгейінде ғана көрініп, өзге өзінің шабытты, асқақ сипатын сақтай отырып, жеке адамның сезім күйлерін әсерлі, нәрлі жеткізетін лирика қызметін де тамақ атқармайды. Лирик өз алдына жанр ретінде қалыптасып үлгермей тұрған кезде топтаудың лирика түгін қоса көтеруі өз-өзінен түсінікті. Мұндай туындылар қатарында Доспамбет толғауларын атауға болады.
Доспамбеттің толғаулары Жырау өмірінің белгілі бір түсін әсіресе ауыр жараланып басына қиыныс түскен кезін қамтитындықтан бір жағынан ішкі қайғымен мұңның сыртқа шыққан зары көрінісі сияқты болса екінші жағынан өтіп бара жатқан өмірін поэзия тілімен соңғы рет көз алдына келтіруі және қоштасуға тәрізді. Сөйтіп оның толғауларында лириканың өзег көп жайларымен қатар элегиялық сипаттары да аралас келіп отырады.
Толғау жанрының дамуына өз үлесіңн қосқан жыраулық поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі- Жиенбек жырау. Жиенбек толғауларының ерекшелігі батыр жыраудың қан төңірегіндегі көрнекті тұлға екендігін көремсту ғана емес олардың арасындағы қайшылықтары да суреттеу болмысында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz