Жас өспірімдік-әлеуметтік-психологиялық құбылыс


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

Баяндама

Тақырыбы: Жас өспірімдік-әлеуметтік-психологиялық құбылыс.

Орындаған: Усипова К.

БПК 4курс

Тексерген: Мусаева А.

Алматы 2007

Жас өспірімдік Және оның жас шағының шектері. Жас шағы ясйхологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан бас-талып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.

Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері баскаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Қөрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербесте жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяк басуымен байлаиысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.

Советтік ғылым жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептеуір киын, өйткені психофизиологиялық дамудың карқыны мен фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әр кезде үйлесе бермейді. Акселерацияның, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеп пен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пубертаттық. және постубертаттық фазаларға бөледі, осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік жасты (балаң жастық) алғашқы екі кезеңмен байланыстырады.

Акселерадияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14-14, 5 жаста-ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті білім-дердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.

Көптеген алғашқы қауымдық қоғамдарда жас шағы айырмашылықтары әлеуметтік айырмашылықтарға тікелей уйлеседі; социализацияның негізгі мехаңизмі бір жастағы адамдарды (ер-кектерді) біріктіретін жас шағы топтары болып табылады, осының өзінде мұндай топтардың әрқайсысы ездеріне ғана тән арнайы әлеуметтік функцияларды ғана атқарады. Феодалдык қоғамда социализация жеткіншекті не жас өспірімді ересектердің іс-әрекетіне едәуір дәрежеде тікелей қосу арқылы (шаруалар шаруашылығына көмек, рыцарьлық сословиедегі паждар мен атқосшынын, міндеттері) жүзеге асырылған. Мектеп оқытудың осы практикалық формаларын толықтыратын ғана болған. Қа-зіргі қоғамда еңбектің және қоғамдық іс-әрекеттің күрделіленуіне байланысты адам жүмыс істемей, негізінен оқитын даярлық кезеқі едәуір ұзарады. Білім алу мен оқудың қоғамдық қажетті мерзімі неғұрлым ұзақ болса, шын мәніндегі әлеуметтік кемелділік соғұрлым кеш басталады. Осыдан келіп жас өспірімдік кезең ұзарып, жалпы алғанда жас шағы шектері біршама тиянақсыз болады.

Балаң жас өспірімдік (14, 5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай?

Дене күшінің дамуы. Балаң жастық - адамның дене дамуының аяқталатын кезең. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есегшен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-іминус 13 ай), жігіт-терде 17 мен 18-дің арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай) . Салмағы артады, осының езінде ер балалар қыздардан қалып келгөн есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс талдақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық - ең көп жетістіктерге жететін кезең.

Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Қеп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстык, толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметік-экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үетше орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте маңызды. Кейбір әбден қальшты адам-дар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық ие қалыққы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.

Дамудың әлеуметтік жағдайы. Жас өшірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бүлар оның өмірлік іс-әрекетінін, басты мазмүны мен бағытын белгілейді баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық түрғыда рзгеше болады және екі жағы да мүңы анық ұғынады. Өмірлік іс-әрекеттін, күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонынын, сандық ұлғаюы ғана болып қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге кебейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады. 14 жаста оны комсомолға қабылдайды, 16 жаста паспорт алады. 18 жасында сайлау правосы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жас өспірім қылмысты істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек кызметін бастайды, бәрі де мамандық таңдау туралы және т. б. ойлайды. Алайда жас өспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады. Материалдык жағынан жоғары класс оқушысы әлі ата-аналар қарауында. Мектепте оған, бір жағы-нан, екінің бірінде сен ересексің, үлкенсің десе, екінші жағынан, одан үнемі тіл алуды талап етеді. Бұл мектептен басқа жерлерде де байқалады, мұнда 16 жастағылар емес, 20 жастағыларды да көбінесе ересек деп санамайды. Жағдайдың (бір тұрғыдан ересек деп танитын, екінші тұрғыдан танымайтын) және өзіне қойылатын талаптардың тиянақсыздығы жастардың психологиясында өзінше ұғынылады.

Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық талдау, еңбек пен қоғамдық-саяси кызметке даярлану, не-келесуге өз семьясын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді жоне олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектөп окушыларьі болатын жеткін-шектердей емес 15-17 жастағы жас еспірімдер мен бойжеткендер бұған коса кәсіптік-техникалык училищелердің немесе ар> наулы орта оқу орындарының окушылары болуы мүмкін. Кейбір жас өспірімдер окуды өнімді еқбекпен ұштастырады. Бұл айырмашылыктар психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.

Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамныц жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай әдетте- қальштасьш болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одай әрі жетіле береді. Қүрделі интеллектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғүрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің қүрылымын кіші жастардағыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғүрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай-ақ лсоғары класс оқушысының мамандық таңдауғаі даяр-лану қажеттігін ескеріп, жоғары кластарда оқытудың даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек (факультативтік пәндер, үйірмелік жұмыс, маманданған мектептер) . Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың сипаты мен бағытына орасан зор дәрежеде байланысты екенін есте ұстау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық көмек көрсету
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері
Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
Балаң жас өспірімдік психология жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Жас ерекшелік психологиясының әдістері
Жас өспірімдік шақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz