Кәсiпорын стратегиясының мәнi мен түрлерi



ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАНҒАН КОМПАНИЯ
2. Корпорацияның қаржы стратегиясының мақсаттары мен мiндеттерi.
3. Қаржы стратегиясы және қаржылық жоспарлау.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
Қазiргi нарықтық жағдайда кәсiпорынның қызметiн сәйкес стратегиясыз елестету мүмкiн емес.
“Стратегия” сөзi гректiң strategos сөзiнен шыққан, тура аудармасында “генерал шеберлiгiн” бiлдiредi.
Стратегияның көптеген анықтамалары белгiлi.
Стратегиялық жоспарлау саласында алғашқы еңбектердiң бiрiнiң авторы А.Чандлердiң айтуынша “стратегия — бұл кәсiпорынның негiзгi ұзақ мерзiмдi мақсаттары мен мiндеттерiн анықтау және осы мақсаттарға жетуге қажеттi iс-әрекеттер бағытын бекiту және ресурстарды үлестiру”[9].
Стратегия — бұл күрделi ұйымға (кәсiпорынға, фирмаға, корпорацияға) теңгермешiлiк пен өсудiң жалпы бағытын қамтамасыз ететiн жүйелi амалдар жиынтығы.
Қазiргi таңда бизнес саласында стратегия бұл:
• кәсiпорынның ұзақ мерзiмдi мақсаттарына жетудегi ұйымдастырушылық - экономикалық шараларының жүйесi;
• ұйымның мүмкiндiктерiнiң, мақсаттарының және жұмысшылар мүдделерiн үйлесуiн қамтамасыз ететiн кәсiпорын қызметiнiң басты бағыты;
• басым мәселелер мен негiзi мақсатқа жетуге қажеттi ресурстарды анықтайтын iс-әрекеттер бағдарламасы (стратегиялық жоспар);
• кәсiпорынның бәсекелестiк артықшылығына жетудегi тиiмдi iскерлiк тұжырымдамасы;
• мақсаттарға жету құралы;
• болашақты зерттеу, кәсiпорын дамуының мүмкiн жолдарын талдау;
• мақсаттарды анықтау және оларға жету үшiн тиiстi саясатты қалыптастыру;
• кәсiпорынның жұмыс iстеуiне қажеттi перспективалы бағдарлардың жиынтығы.
Жалпы мағынада, стратегия — бұл мақсаттар және оларға жету құралдарын таңдау; бұл – серiктестер мен ресурстарды таңдау; өндiрiс факторлары нарықтарындағы iс - әрекеттер ережелерiн және төлем қабiлетсiздiгiнiң алдын алу жолдарын таңдау. Соңында, стратегия кәсiпорынның бәсекелестiк статусы, оның қоғамдағы дәрежесi, оның имиджi, республикадағы және әлемдiк нарықтағы бәсекелестiк артықшылығы.
1. А.А.Томпсон мл., А.Дж.Стрикленд III Стратегический менеджмент: концепции и ситуации; Учебник для вузов. Пер. С 9-го англ.изд. – М.:ИНФРА–М,2001–XX
3. Бабич А.М., Павлова Л.Н. Финансы. Денежное обращение. Кредит. Учебник. – М.:ЮНИТИ, 2000.
4. Бланк И.А. Финансовый менеджмент: Учебный курс. – К.:Ника-центр, 1999.
5. Виханский О.С. Стратегическое управление – 2-е изд. перераб. и доп. – М.:Гардарики, 2000.
6. Горемыкин В.А., Богомолов О.А. Экономическая стратегия предприятия: Учебник – М.: Филинъ, 2001.
7. Забелин П.В., Моисеева Н,К, Учеб. Основы стратегического управления: Уч. пособие. – М.: Маркетинг, 1998.
8. Лукашевич Л.М. Стратегия экономического развития предприятия. Уч. пос./С.-П. гос.инж.академия–СПб: Издательство СПбГИЭА, 1993.
9. Петров А.Н. Методология выработки стратегии развития предприятия. Уч.пособие –СПбУЭФ, СПб., 1992.
12. Финансы предприятий: Учебник /Под ред. М.В.Романовского.–СПб.: Издательский дом “Бизнес-пресса”,2000.
14. Слепов В. “О взаимосвязи финансовой политики, стратегии и тактики” – /Финансы – 2000 – N 8.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кәсiпорын стратегиясының мәнi мен түрлерi

Қазiргi нарықтық жағдайда кәсiпорынның қызметiн сәйкес
стратегиясыз елестету мүмкiн емес.

“Стратегия” сөзi гректiң strategos сөзiнен шыққан, тура аудармасында
“генерал шеберлiгiн” бiлдiредi.
Стратегияның көптеген анықтамалары белгiлi.
Стратегиялық жоспарлау саласында алғашқы еңбектердiң бiрiнiң авторы
А.Чандлердiң айтуынша “стратегия — бұл кәсiпорынның негiзгi ұзақ мерзiмдi
мақсаттары мен мiндеттерiн анықтау және осы мақсаттарға жетуге қажеттi iс-
әрекеттер бағытын бекiту және ресурстарды үлестiру”[9].
Стратегия — бұл күрделi ұйымға (кәсiпорынға, фирмаға, корпорацияға)
теңгермешiлiк пен өсудiң жалпы бағытын қамтамасыз ететiн жүйелi амалдар
жиынтығы.[1]
Қазiргi таңда бизнес саласында стратегия бұл:
• кәсiпорынның ұзақ мерзiмдi мақсаттарына жетудегi ұйымдастырушылық -
экономикалық шараларының жүйесi;
• ұйымның мүмкiндiктерiнiң, мақсаттарының және жұмысшылар мүдделерiн
үйлесуiн қамтамасыз ететiн кәсiпорын қызметiнiң басты бағыты;
• басым мәселелер мен негiзi мақсатқа жетуге қажеттi ресурстарды
анықтайтын iс-әрекеттер бағдарламасы (стратегиялық жоспар);
• кәсiпорынның бәсекелестiк артықшылығына жетудегi тиiмдi iскерлiк
тұжырымдамасы;
• мақсаттарға жету құралы;
• болашақты зерттеу, кәсiпорын дамуының мүмкiн жолдарын талдау;
• мақсаттарды анықтау және оларға жету үшiн тиiстi саясатты
қалыптастыру;
• кәсiпорынның жұмыс iстеуiне қажеттi перспективалы бағдарлардың
жиынтығы.
Жалпы мағынада, стратегия — бұл мақсаттар және оларға жету құралдарын
таңдау; бұл – серiктестер мен ресурстарды таңдау; өндiрiс факторлары
нарықтарындағы iс - әрекеттер ережелерiн және төлем қабiлетсiздiгiнiң алдын
алу жолдарын таңдау. Соңында, стратегия кәсiпорынның бәсекелестiк статусы,
оның қоғамдағы дәрежесi, оның имиджi, республикадағы және әлемдiк нарықтағы
бәсекелестiк артықшылығы.[2]
Нысаны бойынша стратегия – бұл графиктер, кестелер, суреттемелер
т.б. түрiнде көрiнiс табатын басқару құжаттарының түрлерi.

Мазмұны бойынша стратегия – бұл iс-әрекеттер моделi, ұйым мақсаттарына
жетудiң құралы.
Стратегия тек өндiрiстiк, ғылыми-техникалық, экономикалық,
ұйымдастырушылық және әлеуметтiк сипаттағы мәселелер мен ұзақмерзiмдi
мақсаттарды негiздеу, жасау және жүзеге асыру құралы ретiнде ғана емес,
анықталған мақсаттар мен мәселелерге қол жеткiзгенге дейiнгi ұйымның
қызметiн реттеушi фактор ғана емес, сонымен қатар кәсiпорынның сыртқы
нарықтық ортамен байланыс құралы да болып табылады.
Кәсiпорындардың стратегиялары иерархиялық принцип бойынша құрылуы
қажет. Сонымен қатар, стратегиялардың деңгейi, кешендiлiгi, олардың
интеграциясы кәсiпорынның типi мен өлшемiне байланысты әртүрлi болып
келедi. Мысалы, шағын ұйымның бiр стратегиясы, ал күрделi ұйымның – әртүрлi
деңгейлерде бiрнеше стратегиялары болуы мүмкiн. Сондықтан стратегияны жасау
– тек қана үлкен басшылардың мiндетi емес. Үлкен кәсiпорындарда шешiмдердi
қабылдауға корпорацияның үлкен басшылары, коммерциялық және өндiрiстiк
бөлiмшелердiң басшылары, компания және бөлiмшелер iшiндегi негiзгi
функционалды бағыттардың басшылары (өндiрiс, маркетинг және өткiзу,
қаржылар, кадрлар т.б.), өндiрiстiк кәсiпорындардың басшылары, бұйымдарды
жасау мен өндiру үшiн жауапты басшылар, сатып-өткiзу бөлiмшелерiнiң
жергiлiктi және аймақтық орынбасарлары және төменгi деңгейлердiң басшылары
да ат салысады.
Диверсификацияланған кәсiпорындарда стратегиялар төрт ұйымдастырушылық
деңгейде жасалады. Бiрiншi деңгейде компания мен оған тиесiлi бизнестерге
арналған жалпы стратегия жасалады (корпоративтiк стратегия); екiншiде –
компанияны диверсификацияландыратын әрбiр бизнеске жеке стратегия жасалады
(бизнес стратегиясы); үшiншiде – бизнес iшiндегi әрбiр функционалды
қызметке арналған стратегия (функционалды стратегия) жасалады, оларға
өндiрiстiк стратегия, маркетинг стратегиясы, қаржылық стратегия және т.б.
жатады. Төртiншi деңгейде негiзгi жұмыс бөлiмшелерiне: өндiрiс, сауда
учаскелерi мен аймақтарына, функционалды қызметтердегi бөлiмшелерге
арналған шағын стратегиялар жасалады (оперативтi стратегия).
Диверсификацияланған компания үшiн стратегияны қалыптастыру иерархиясы
1 суретте келтiрiлген. Қызметтiң (бизнестiң) бiр түрiмен айналысатын
кәсiпорындарда иерархия тек қана 3 деңгейге ие (бизнес стратегиясы,
функционалды стратегия және оперативтi стратегия).1

ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАНҒАН КОМПАНИЯ
1 сурет.Стратегияны
қалыптастыру иерархиясы

корпорация деңгейiндегi
басшылардың жауапкершiлiгi

екi жақты ықпал
бизнес деңгейiндегi
негiзгi басқарушылар- Бизнес стратегиясы
дың жауапкершiлiгi
екi жақты ықпал
бизнес немесе
оның бөлiмшеле- Функционалды стратегия

рiнiң iшiндегi (ғылыми зерттеулер мен
жаңалықтар,
басты функцио- өндiрiс, қаржылар,
кадрлар т.б.)
налды бағыттар-
дың басшылары-
ның жауапкершiлiгi екi жақты ықпал

өндiрiс басшы-
лары, аумақтық Оперативтi стратегия
бөлiмшелердiң (функционалды бағыттардың iшiндегi
бөлiмшелер,
басшылары өндiрiс, аудандар мен аймақтар)
мен төменгi деңгейдiң басшылары

2. Корпорацияның қаржы стратегиясының мақсаттары мен мiндеттерi.

Корпорацияның қаржылық өсуiн қамтамасыз ету үшiн ұлғаймалы ұдайы
өндiрiстi қаржыландырудың көздерiн ескеретiн тиiстi қаржы стратегиясы
қажет.
Қаржы стратегиясы – бұл кәсiпорынды ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етуге бағытталған iс-әрекеттердiң басты жоспары.[3]
Ол қаржыларды қалыптастырудың теориялық және тәжiрибелiк мәселелерiн,
оларды жоспарлау және қамтамасыз ету мәселелерiн, нарықтық жағдайда
кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерiн шешудi
қамтиды. Қаржылық стратегияның теориясы шаруашылықты жүргiзудiң нарықтық
жағдайларының объективтi заңдылықтарын зерттейдi, қаржылық стратегиялық
операцияларды дайындау және жүргiзу әдiстерi мен нысандарын жүзеге асырады.
Кәсiпорынның қаржылық стратегиясы оның қызметiнiң барлық жағын
қамтиды, оның iшiнде – негiзгi және айнымалы қаражаттарды оңтайландыру,
пайданы бөлу, қолма-қолсыз есеп айырысулар, салық және баға саясаты, құнды
қағаздар сферасындағы саясат.
Кәсiпорынның қаржылық мүмкiндiктерiн жан-жақты ескере отырып, iшкi
және сыртқы факторлардың сипаттарын объективтi қарастыра отырып қаржы
стратегиясы кәсiпорынның қаржылық–экономикалық мүмкiндiктерiнiң өнiм
нарығында қалыптасқан жағдайға сай келуiн қамтамасыз етедi. Олай болмаған
жағдайда кәсiпорын банкротқа ұшырайды.
Қаржылық стратегия кәсiпорын стратегиясын және тиiстi iс-әрекеттер
бағытын жүзеге асыру үшiн қажеттi қаржы ресурстарын пайдалануды және
олардың қалыптасуын бiлдiредi. Ол экономикалық қызметтерге қаржы
ресурстарын қалыптастыруға, сақтауға және өзгертуге, сондай-ақ әртүрлi
жағдайларда кәсiпорынның мақсаттарына жету үшiн оларды тиiмдi пайдалануды
анықтайды.2
Қаржы стратегиясы кәсiпорынның экономикалық дамуының жалпы
стратегиясының бөлiгi бола тұра, оған қатысты бағынышты сипатта болады және
оның мақсаттары және бағыттарымен үйлесуi керек.
Бұл функционалды стратегияның маңызы функционалды мақсаттардың
теңгермешiлiгi мен кәсiпорын қызметiнiң барлық iс-әрекеттерi экономикалық
көрсеткiштер арқылы қаржыда сипатталатындығында. Екiншi жағынан, қаржылар –
басқа функционалды стратегияларды жасаудың негiзгi көзi, бастамасы, себебi
қаржы ресурстары кәсiпорын қызметiнiң бағыттары мен масштабына әсер ететiн
басты шектеулердiң бiрi болып табылады.
Қаржылық стратегияның iшiнде басты қаржылық стратегияны (генеральная),
оперативтi қаржылық стратегияны және жекелеген стратегиялық мiндеттердi
(жекелеген стратегиялық мақсаттарға жету) жүзеге асыру стратегиясын бөлiп
көрсетуге болады.
Басты қаржылық стратегия деп кәсiпорынның қызметiн бiр жылға
анықтайтын (барлық деңгейлердегi бюджеттермен қарым-қатынас, кәсiпорын
табысының құралуы және пайдаланылуы, қаржы ресурстары және оның құралу
көздерiндегi қажеттiлiк) стратегиясын айтамыз.
Оперативтi қаржылық стратегия – бұл ағымдағы қаржы ресурстарын
бақылау, жұмылдыру стратегиясы (қаражаттарды жұмсауды және iшкi резервтердi
жұмылдыруды бақылау стратегиясы), ол тоқсанға, айға жоспарланады.
Оперативтi қаржылық стратегия жалпы кiрiстер мен қаражаттар түсiмдерiн
(сатылған өнiм үшiн сатып алушылармен есеп айырысу, кредиттiк
операциялардан түсiмдер, бағалы қағаздар бойынша табыстар) және жалпы
шығыстарды (жабдықтаушылармен есеп айырыс, жалақы, барлық деңгейлердегi
бюджеттер мен банктер алдындағы мiндеттемелерiн өтеу) қамтиды. Ол жоспарлы
кезеңдегi ақша түсiмдерi мен шығыстар айналысын қарастыруға мүмкiндiк
бередi. Қалыпты жағдай шығыстар мен кiрiстердiң теңдiгi немесе кiрiстердiң
шығыстардан артуы болып саналады.
Оперативтi қаржылық стратегия басты қаржылық стратегия шегiнде
жасалып, белгiлi бiр уақыт мезетiнде оны нақтылай түседi.
Жекелеген мақсаттарға жету стратегиясының мағынасы басты стратегиялық
мақсатты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған қаржылық операцияларды
тиiмдi орындауда жатыр. Қаржылардың басты стратегиялық
мақсаты кәсiпорынды қажеттi және жеткiлiктi қаржы ресурстарымен қамтамасыз
ету болып табылады.
Кәсiпорынның қаржылық стратегиясы:
• қаржы рестурстарын қалыптастыруды және оларды орталықтан стратегиялық
түрде басқаруды;
• шешушi бағыттарды анықтауды және оларды жүзеге асыруда күш – жiгердi
шоғырландыруды;
• кәсiпорынның қаржылық iс-әрекеттерiнiң экономикалық жағдайы мен
материалдық мүмкiндiктерiне сай келуiн;
• жыл, тоқсан, ай iшiнде кәсiпорынның нақты қаржылық-экономикалық жағдайын
объективтi есепке алу, бағалауды;
• стратегиялық резервтердi жасау мен дайындауды;
• кәсiпорын мен оның бәсекелестерiнiң экономикалық және қаржылық
мүмкiндiктерiн есептеудi;
• бәсекелестер тарапынан тиетiн басты қауiп-қатердi анықтау, оны жоюда
кұштердi шоғырландыру және қаржылық iс-әрекеттердi дұрыс таңдауды
қамтамасыз етедi.
Басты стратегиялық мақсатқа жету үшiн нарық талаптары мен кәсiпорын
мүмкiндiктерiне сай кәсiпорынның басты қаржылық стратегиясы жасалады.
Қаржылық стратегияның мiндеттерi:
• нарықтық шаруашылық жағдайда қаржыны қалыптастырудың заңдылықтары мен
сипаттарын зерттеу;
• кәсiпорынның тұрақсыз немесе кризистiк қаржылық жағдайында қаржы
ресурстарын қалыптастырудың және қаржылық басшылықтың iс-әрекеттерiнiң
мүмкiн болатын нұсқаларын даярлау;
• жабдықтаушылар және сатып алушылармен, барлық деңгейледегi бюджеттермен,
банктермен және басқа да қаржылық институттармен қаржылық қарым -
қатынастарды анықтау;
• резервтердi анықтау және өндiрiстiк қуаттарды, негiзгi қорларды және
айнымалы құралдарды тиiмдi пайдалану үшiн кәсiпорынның ресурстарды
жұмылдыруы;
• кәсiпорынды өндiрiстiк-шаруашылық қызметке қажеттi қаржылық ресурстармен
қамтамасыз ету;
• максималды пайда алу үшiн кәсiпорынның уақытша бос ақша қаражаттарын
тиiмдi салымдарға бағыттау;
• қаржылық стратегияны тиiдi жүзеге асыру және қаржылық мүмкiндiктердi
өнiмнiң жаңа түрлерiн, кадрларды жан–жақты жұмысқа даярлауды, олардың
ұйымдастырушылық құрылымын және техникалық жабдықталуын стратегиялық
пайдалану әдiстерiн анықтау;
• ықтимал бәсекелестердiң қаржылық стратегиялық көзқарастарын, олардың
экономикалық және қаржылық мүмкiндiктерiн зерттеу;
( қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн iс–шараларды жүзеге
асыру;
( кризистiк жағдайлардан шығу әдiстерiн, тұрақсыз немесе
кризистiк қаржылық жағдайда кәсiпорынның кадрларын басқару әдiстерiн жасау,
құру.
Қаржылық стратегияны қалыптастыруда ақшалай кiрiстердiң толықтылығына,
iшкi ресурстарды жұмылдыруға, өнiмнiң өзiндiк құнын максималды төмендетуге,
пайданы дұрыс бөлу мен пайдалануға, айналым қаражаттарындағы қажеттлiктердi
анықтауға, кәсiпорын капиталын оңтайлы қолдануға ерекше көңiл бөлiнедi.
Қаржылық стратегия төлемсiздiк тәуекелiн инфляция және басқа да форс-
мажорлы (күтiлмеген) жағдайларды ескере отырып жасалады. Ол өндiрiстiк
мiндеттерге сай болуы тиiс және қажет жағдайда өзгерiс енгiзуге, түзетуге
бейiм болуы тиiс. Қаржылық стратегисының жүзеге асуын бақылау кiрiстердiң
түсуiн, оларды экономикалық және рационалды пайдалануды, iшкi резервтердi
анықтауды шаруашылықтың рентабелдiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi.
Қаржылық стратегияның маңызды бөлiгi, шетел компанияларының
тәжiрибесiнде тиiмдi қолданылатын, iшкi нормативтердi құру болып табылады
(олардың көмегiмен, мысалы, табысты бөлудiң негiзгi бағыттары анықталады).
Сонымен, кәсiпорынның қаржылық стратегиясының тиiмдiлiгi қаржылық
стратегияның теориясы мен тәжiрибесiнiң өзара теңгермешiлiгi; қаржылық
стратегиялық мақсаттардың нақты экономикалық және қаржылық мүмкiндiктерiне
сай келген кезде ғана қамтамасыз етiледi.
Қаржылық стратегияның қалыптасу процесi келесi этаптар бойынша жүзеге
асады.[4]
1. Қаржылық стратегияның қалыптасуының жалпы кезеңiн анықтау.
Бұл кезең бiрқатар шарттарға байланысты болады. Оны анықтаудың басты
шарты кәсiпорын дамуының жалпы стратегиясының жасалу кезеңiнiң ұзақтығына
байланысты – себебi қаржылық стратегия оған қатысты бағынышты сипатта
болады, сол кезең шегiнен шыға алмайды.
Кәсiпорынның қаржылық стратегиясының қалыптасуының маңызды шарты жалпы
экономика дамуының және кәсiпорынның болашақтағы қаржылық қызметiмен
байланысты қаржылық нарықтық сегменттерiнiң конъюнктурасының
болжанғыштығы. Мемлекет экономикасының дамуының қазiргi тұрақсыз жағдайында
бұл кезең өте ұзақ болмауы керек және орта шамамен 3 жыл шегiнде жасалуы
қажет.
Сонымен қатар, қаржылық стратегияны қалыптастыру кезеңiн анықтаудың
шарттарына кәсiпорынның салалық тиiстiлiгi, оның көлемi, өмiрлiк циклының
стадиялары және т.б. жатады.
2. Сыртқы қаржылық ортаның факторларын және қаржылық нарықтың
конъюнктурасын зерттеу.
Мұндай зерттеу кәсiпорынның қаржылық қызметiнiң экономикалық–құқықтық
жағдайларын және болашақ кезеңде оладың өзгеруiн талдауды бiлдiредi.
Сонымен қатар, қаржылық стратегияның жасаудың бұл кезеңiнде қаржылық
нарықтың конъюнктурасы және оны анықтайтын факторлар талданады, сондай-ақ
кәсiпорынның болашақ қаржылық қызметiмен байланысты нарық сегменттерiнiң
конъюнктурасының болжамы жасалады.
3. Кәсiпорынның қаржылық қызметiнiң стратегиялық мақсаттарының
қалыптасуы.
Бұл қызметтiң басты мақсаты кәсiпорын меншiк иелерiнiң ауқаттылық
деңгейiнiң жоғарлауы және оның нарықтық құнын максималдау болып табылады.
Сонымен қатар, бұл басты мақсат кәсiпорынның қаржылық дамуының
ерекшелiктерi мен мiндеттерi есепке алына отырып нақтылана түсуi қажет.
Стратегиялық мақсаттар жүйесi меншiктi қаржы ресурстарының жеткiлiктi
көлемiн қалыптастыруды және меншiктi капиталды жоғары рентабельдiлiкпен
пайдалануды; активтер мен пайдаланылатын капитал құрылымының үлесiмдiлiгiн
және т.б. қамтамасыз етуi керек.
Қаржылық дамудың стратегиялық мақсаттар жүйесiн нақты және қысқаша
тұжырымдау керек. Әрбiр мақсатты нақты көрсеткiштерде –мақсатты
стратегиялық нормативтерде сипаттау қажет. Мұндай мақсатты стратегиялық
норматив ретiнде:
• iшкi көздерден қалыптасатын меншiктi қаржылық ресурстардың орташа өсу
қарқыны;
• кәсiпорын капиталының жалпы көлемiндегi меншiктi капиталдың минималды
үлесi;
• кәсiпорынның меншiктi капиталының рентабельдiлiк коэффициентi;
• кәсiпорынның айналмалы және айналмалы емес актиктерiнiң ара қатынасы;
• кәсiпорынның ағымдағы төлем қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ететiн ақшалай
активтерiнiң минималды деңгейi;
• инвестицияларды қаржыландырудың минималды деңгейi;
• кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң негiзгi бағыттарындағы қаржылық
тәуекелдiң шектi деңгейi.
4. Қаржылық стратегияның мақсатты көрсеткiштерiн оны жүзеге асыру
кезеңдерi бойынша нақтылау, айқындау.
Бұл процесс арқылы қаржылық қызметтiң мақсатты стратегиялық
нормативтер жүйесiнiң динамикалығы, сондай-ақ олардың уақыт жағынан iшкi
және сыртқы үйлесiмдiлiгi қамтамасыз етiледi. Сыртқы үйлесiмдiлiк қаржылық
стратегияның көрсеткiштерiнiң кәсiпорын дамуының жалпы стратегиясымен уақыт
жағынан сәйкес келуiн қарастырады. Iщкi үйлесiмдiлiк қаржылық қызметтiң
барлық мақсатты стратегиялық нормативтерiнiң уақытша ғана бiр-бiрiмен
үйлесуiн бiлдiредi.
5.Қаржылық қызметтiң әрбiр аспектiсi бойынша қаржылық саясатты
құрастыру.
Қаржылық стратегияны қалыптастырудың бұл кезеңi – өте маңызды және
жауапкершiлiгi мол кезең. Қаржы саясаты кәсiпорынның қаржылық идеологиясы
мен қаржылық стратегиясын жүзеге асырудың нысаны болып табылады. Қаржылық
стратегияға қарағанда қаржы саясаты кәсiпорынның қаржылық қызметiнiң тек
қана нақты бағыттары бойынша қалыптасады.
Кәсiпорынның қаржылық қызметiнiң әрбiр аспектiсi бойынша қаржы
саясатын қалыптастыру көпдеңгейлi сипатқа ие болуы мүмкiн. Мысалы,
кәсiпорын активтерiн басқару саясатының шегiнде айналмалы және айналмалы
емес активтердi басқару саясаты жасалуы мүмкiн. Өз кезегiнде айналмалы
активтердi басқару саясаты өзiне жекелеген бөлiктерi ретiнде олардың әрбiр
түрiн басқару саясатын және т.б. енгiзуi мүмкiн.
6. Қаржылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы
Кәсіпорынның бәсекелік стратегиясы
Баға саясаты және баға стратегиясы
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастыру
Кәсіпорын қаржысы
Қаржылық жоспарларды басқарудағы қаржы стратегиясының рөлі
Ұйымның бәсекелестік стратегиясы
МАРКЕТИНГТЕГІ КОММУНИКАЦИЯ МӘНІ
Қаржылық стратегияның түрлері
Пәндер