MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы жайлы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Командалардың жіктелуі
Файлдармен жұмыс істейтін командалар
MS DOS жүйесі
ОС-ның негізгі түсініктері
CONFIG. SYS командалары
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
MS-DOS - Microsoft фирмасы шығарған компьютерді қосқанда жүктелетін дискідегі операциялық жүйе болып табылады.
Оның IBMPC компьютерлеріне арналған алғашқы нұсқасы 1981 жылы Microsoft фирмасында жасалған. Ал MS-DOS -3. 3 нұсқасы 1987 жылы жасалды да, келесі 3-4 жылға стандарт болып саналды. Қазыргі кезде ең қуатты компьютерлерде оның 4. 0, 6. 2, 7. 0 нұсқасы қолданылады.
DOS көмегімен мыналар іске асады:
- Компьютер мен оны пайдаланушы адам арасындағы сұхбат;
- Компьютерді басқару;
- Қолданбалы бағдарламаларды іске қосу;
DOS операцялық жүйесі келесі бөлімдерден тұрады:
- Енгізу-шығару (BIOS) базалық жүйесі, ол барлық кезде компьютердің жанында тұрады да енгізу-шығаруға байланысты операциядық жүйені ең қарапайым және әмбебап қызметтерін атқарады;
- Операциялық жүйені жүктеуіші - DOS-ты іске қосатын бағдарлама;
- IQ SYS және MS-DOS. SYS дискілік файлдары (атаулары) DOS нұсқасына байланысты өзгереді;
- DOS командалық процессоры - пайдаланушы кіргізген командаларды өңдейді және ол COMMAND. COM дискілік файлында орналасады;
- DOS сыртқы командалары - бұл жеке файлдар түрінде операциялық жүйемен бірге берілетін бағдарламалар;
- Қондырғылар драйверлері - DOS енгізу-шығару жүйесін толықтыратын орнайы бағдарламалар және де олар жаңа қондырғыларды күтіп-баптауды немесе стандарт емес пайдалануды қамтамассыз етеді.
MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
MS DOS операциялық жүйесі 1981 ж ІВМ дербес компьютерімен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын.
Қазіргі кезерде стандартты операциялық жүйе ретінде, Windows есептеледі, бірақ MS - DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады.
MS - DOS операциялық жүйесі дскеттің түпкі каталогында немесе С: дискісінде файлдар түрінде сақталады да, мынадай бөліктерден тұрады:
- BIOS модулі - компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу - шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп, мәліметті енгізу-шығаруға байланысты ОС-тің қарапайым және әмбебап қызметтерін орындайды:
- Операциялық жүйенің жүктеуіші - бұл өте қысқа программа, компьютердің жедел жадында тұрақты сақталып қалатын DOS операциялық жүйе модульдерін компьютер жадына (IO. SYS, MSDOS. SYS) оқуды іске асырады;
- IO. SYS сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың барлық операцияларын атқарады;
- MSDOS. SYS файлдар даярлауға мүмкіндік береді және ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі;
- COMMAND. COM - пайдаланушы жұмысы үшін тағайындалған командалық процессор. Ол ЭЕМ іске қосылған кезден бастап пайдаланушының талабы бойынша процессор орындайтын барлық резидентті немесе ішкі командаларды қамтамасыз етеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес программалық файлды іздеп, егер табылса, оны жедел жадқа жүктеп, оған басқаруды береді. Программа жұмысы аяқталған соң командалық процессор оны жадтан жойып, экранға әрі қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін шақыру мәліметін (DOS шақыруы) шығарады.
DOS - тың сыртқы немесе кірме (транзитті) командалары - операциялық жүйемен бірге бөлек-бөлек модульдер түрінде берілетін программалар, кейде утилиттер деп те айтыла береді. Олар кірме командалар ретінде әр түрлі қызметтер атқарады, мысалы, дискетті форматтау, дискілерді тексеру және т. с. с.
Құрылғылар драйвері - DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы программалар. Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен бірге жүктеледі де, олардың аттары CONFIG. SYS деген арнаулы файлда жазылады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық (құрамдық) файл CONFIG. SYS оқылып құрылғылар драйверлері де жедел жадқа орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND. COM файлы оқылады, ол басқару ісін атқарады. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXEC. BAT файлын іске қосып, оның ішіндегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.
Командалардың жіктелуі
MS - DOS -тың барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді. Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қосымша COMMAND. COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар - қарапайым және жиі колданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т. б. командалар жатады.
Транзитті кірме (сыртқы, жүктелінетін) командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командала жатады: FARMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т. б.
Каталогтармен жұмыс істейтін командалар.
Бұл топқа : DIR, CD, RD, MD командалары жатады.
1. DIR командасы - каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын параметрсіз жай қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады.
Ішкі каталогтың мазмұнын қарау үшін DIR командасын және ішкі каталогтың атын жазсақ жеткілікті.
Параметр деп түпкі каталогты немесе кез келген деңгейдегі ішкі каталогты көрсететін маршрутты айтады.
Каталог мазмұнының тізімі үлкен болған жағдайда - информацияны парақтап экранға шығару үшін қосымша /Р параметрі қолданылады. Бұл жағдайда экран беті информацияға толған соң информацияны экранға беру тоқтайды, жалғастыру үшін кез келген пернені басу керек.
Информацияны экранға жинақты түрде шығару үшін /W параметрі қолданылады. Бұл жағдайда файлдардың аттары мен типі ғана шығады.
2. MD (Make Directory - каталог жасау) - ағымдағы кез келген каталог ішінен жаңа каталог ашу командасы, мысалы:
C:\md student - C дискісінің түпкі каталогынан STUDENT атты жаңа каталог ашу.
3. RD (Remowe Directory - каталогты жою) - ішінде файлдары жоқ бос каталогтар мен ішкі каталогтарды жою командасы, мысалы:
C:\STUDENT\ BASIC > rd tecno2 - STUDENT каталогтың ішіндегі екінші дәрежелі BASIC каталогын жою.
4. CD (Change Directory - каталог ауыстыру) - бір каталогтан екінші каталогқа өту командасы. Жоғары дәрежедегі каталогтарға өту мына параметрлер «. . », «\» арқылы іске асады.
Файлдармен жұмыс істейтін командалар:
Бұл топқа COPY, REM, DELETE, TYPE, DATE, TIME және т. с. с. командалар жатады.
1. COPY - файлдарды көшіру командасы. Файлдарды көшіргенде файлдың бұрынғы атын сақтап (егер олар басқа каталогқа көшірілетін болса) немесе атын өзгертіп көшіруге болады. Параметр ретінде қандай файл, қайдан, қайда және қандай етпен көшірілетіні көрсетіледі.
Файл атауларында оларды топтап белгілеуге мүмкіндік беретін нұсқа (*және ?) таңбаларды пайдалануға рұқсат етілген, мысалы,
C:\> copy_a:\*. *_c:-A: дискісіндегі барлық файлдарда С: дискісіндегі жұмыс істеп тұрған ағымдағы каталогқа көшіру.
2. REN (RENAME) - файлдардың аттарын өзгерту командасы, параметрлері файлдардың ескі және жаңа аттары, мысалы,
C:\>ren_port. txt- dora. txt - PORT. TXT атты файлда DORA. TXT деген атқа ауыстыру.
3. DEL (DELETE) - ағымдағы немесе көрсетілген каталогтағы файлды немесе файлдар тобын жою командасы.
4. TYPE командасы - мәтінен тұратын файлдың ішкі мәтінін экранға шығару.
C:\>type_program. txt- PROGRAM. TXT файлының мазмұынын экранға шығару.
5. DATE командасы - үстіміздегі (ағымдағы) ай, күн және жыл мерзімін экранға шығару және оны өзгерту.
Қайтадан жаңа мерзімді енгізу үшін, пернелермен DATE_MM_DD_YY командаларын теру керек, мұндағы ММ-ай нөмірі (1-12), DD - күн саны (1-31), YY - жылы.
6. TIME командасы - ағымдағы уақытты экранға шығару және қайтадан өзгерту, бұл команда форматы алдынғыға - date командасына ұқсас.
7. РАТН (жол) командасы керекті файлдар автоматты түрде ізделетін каталогтар тізімін алдын ала көрсетуге арналған. MSDOS жүйесі қажет болған файлды ағымдағы каталогтан таба алмаса, осы команда параметрлері ретінде келтірілген каталогтарын іздейді. Бұл команда көбінесе компьютер іске қосылғанда бірден автоматты түрде орындалуға тиіс autoexec. bat файлында болады. Ол жиі қолданылатын қызмет жасау файлдары орналасқан каталогтарды көрсетеді, мысалы:
path c:\, c:\ dos; c; \nc, c; \Windows; d: \utilit; d:\my; d:\text.
8. CLS (Clean Screen - экран тазарту) экранды тазартып операциялық жүйенің жұмысқа шақыру жолын экранның сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырады. Бұл команда cls түрінде параметрсіз теріліп, соңынан Enter пернесін басылады.
MS DOS жүйесі.
MS DOS жүйесі компьютер іске қосылғанда немесе ctrl-alt-delete пернелерін (RESET пернесін) қатар басқанда бірден автоматты түрде дискіден окылып ЭВМ жадына жүктеледі.
DOS-ты алғаш рет іске қосу кезінде компьютерде операциялық жүйе жазылған иілгіш дискет немесе қатты диск (винчестер) болуы тиіс.
Қатты дискіде MS DOS жүйесі бірден компьютер зауыттан шығарылған кезде жазылады. Ол іске қосылғанда әуелі компьютердің құрылғыларының жұмыс істеу қабілеті тексеріледі. Егер оларда бір ақау табылса, ол туралы мәлімет экранға шығарылады да, жұмысты жалғастыру мүмкіндігі бар болса, F1 пернесін басу арқылы ОС-ны жүктеуді әрі қарай жүргізе береміз. Ақау күрделірек болған жағдайда, компьютерді жөндеу жұмысы атқарылуы керек.
Жалпы ереже бойынша, MS DOS жүйесі А: иілгіш дискетінен оқылуы тиіс. Егер иілгіш дискетті дисконгізгіштегі өз орнына қоймасақ, онда автоматы түрде қатты диск (C:) іске қосылады. Ал иілгіш дискете ОС жазылмаған жағдайда экранға:
Non system disk or disk error
Replace and strike any key when ready
(Системалық диск емес немесе дискіде қате бар
Дискіні ауыстырып, кез келген пернені басыңыз) .
деген сөздер шығады. Сол себепті дисконгізгіштегі иілгіш дискетті ауыстырып саламыз немесе иілгіш дискетті салмай, компьютердін қатты дискіге алмасуын күтеміз. Сонымен дискіден ОС-ның негізгі бөліктерін құрайтын IO. SYS және MS DOS. SYS файлдары оқылған соң, ЭВМ-ді басқару MS DOS-қа беріледі. Ол құрылғылар құрамы жөніндегі мәліметті есте сақтауды жүзеге асыратын CONFIG. SYS файлын және керекті драйверлерді оқып болып, командалық процессорды (COMMAND. COM) іске қосады. Бұл процессор ОС-ның негізгі командалар орындау ісін атқарады. COMMAND. COM оқылысымен AUTOEXEC. BAT файлы орындалуы тиіс.
ОС-ның негізгі түсініктері.
Мәліметтерді, текстерді және программаларды дискілерде ұзақ уақыт сақтау үшін файлдар пайдалынады. Файл біртектес информациялардын жиыны. ЭВМ-де жұмыс істеу барысында енгізетін және шығаратын мәліметтер саналуан файлдар түрінде болады. әрбір файлдың өзіндік аты болуы тиіс, ол дискіде файлдар мазмұныңда тіркеледі. Дискіде аттары бір-бірінен өзгеше көптеген файлдар сақталады. Файлдын аты толық екі сөзден тұрады, біріншісі - файлдың өз аты (ол сегіз таңбадан аспауы қажет), екіншісі - файлдың түрі не тіркеу деп аталады (ол үш таңбадан аспауы тиіс) . Екі файлдың аттары бірдей болмауы тиіс. Файлдың аты мен түрі нүкте арқылы бөлініп жазылады. Уақытша құрылған файл аттарына тіркеу жазбай кетуге де болады. Олар үлкен немесе кіші латын әріптері мен цифрлардан тұрады. Файл аттарының мысалдары:
COMMAN. COM ALMA. BAS NORTON. EXE
TANLA5. DOC OLEG. TXT START
Файлды алғашқы реет жазғанда операциялық система арқылы оның құрылған мерзімі мен уақыты және көлемі автоматы түрде тіркеледі. Бұл көрсеткіштерді файл сипаттамалары не атрибуттары деп атайды. Олар дискіде жазылып қалады.
Файл атының тіркеуі онда сақталатын информацияның мазмұнына, түріне қарап беріледі. Файлдарды мазмұнына қарап біріктіруге мүмкіндік беретін мына төмендегідей стандарты тіркеулер бар, мысалы:
. ASM ассемблер тілінде жазылған программа;
. BAK негізгі файлды уақытша сақтап қоятын резерв (көшірме) файл;
. BAS BASIC тілінде жазылған программа;
. BAT ОС жүйесінде жазылған командалық файл;
. COM тәуелсіз орындалатын командалыұ файл;
. DAT берілген мәліметтер файлы;
. DOC текст түрінде берілген құжаттар файлы;
. EXE ОС басқаруымен жұмыс істейтін, екілік жүйедегі бірден орындалатын файл;
. PAS Паскаль тілінде жазылған программа;
. TXT текстілік файл;
. CAL Supercale пакетінде жасалынған таблицалық файл;
MS DOS операциялық жүйесі төмендегі бөліктерден тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz