Кенесарының туып өскен жері және арғы атасы Абылай туралы



Жоспары:

1. Кіріспе.

Ақтаңдақтар ақиқаты.

2. Негізгі бөлім

а) Кенесарының туып өскен жері және арғы атасы Абылай туралы.
ә) Қазақ еліне Ресей және Қоқан бектерінің отаршылдық саясаты.
б) Кенесары әкесі Қасымның және Кенесарының отаршылдыққа қарсы әділетті күресі.
в) Кенесарының ерліктері, саясаткершілігі, әскери тактикасы.
г) Ханның көтеріліс салмағын Қазақстанның күнгейіне Қырғыз еліне аудару себептері.
д) Ханнан тараған ұрпақтары жайында.

3. Қортынды.

Тарих парағын түгендеу ұрпаққа парыз.
Кіріспе: Ақтаңдақтар ақиқаты.
Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық.
Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық.
Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт.
Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті. Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым.
Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу.
«Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу. Жалпы далалықтардың денсаулықтарын, олардың өнегелі өмірін оқушыларға таныстырып, ұлттық сананың қалыптасуына негіз қалау.
Пайдаланылған Материалдар:
1. Хан Кене Алматы, «Жалын», 1993ж.

2. Кенесары және Сыздық сұлтандар. Ахмет сұлтан Кенесарылы 1889ж. Қазақ тіліне аударған – Ғалаым Ахмедов. Алматы, «Жалын», 1992ж.

3. «Жұлдыз» Журналы 1991ж №3, 1994ж №10-12.


4. Е.Бекмаханов. «Қазақ халқының Кенесары бастаған азаттық қозғалысы» тарихи монаграфия.

5. Ж.Қасымбаев Кенесары хан. Алматы 1993

6. «Қазақ тарихы» журналы 1993ж №1, 1994№5-6, 1995№2. 2000 №1-2.

7. «Жас Алаш» газеті 1999 наурыз 10 «Кенесары-соңғы ханы алаштың».

8. «Қазақ әдебиеті» газеті 5 маусым 1992 «Хан Кененің оң қолы» Е.Мырзахметов. «Наурызбай атты сүр перен» С. Мауленов.

9. «Қазақ әдебиеті» газеті 12 қазан 1990 «Қазақ батырлары» К.Боранбаев.

10. «Жас алаш» газеті 2 қазан 1997 «Алаш деп аттқа қонған Ер Кенекем!» А.Ақылбеков.

11. «Қазақ әдебиеті» газеті 12 мамыр 2000 «Кенесары және қара қозы» Д. Рамазанов.

12. І. Есенберлин. «Көшпенділер» триллогиясы.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1. Кіріспе.
Ақтаңдақтар ақиқаты.

2. Негізгі бөлім

а) Кенесарының туып өскен жері және арғы атасы Абылай туралы.
ә) Қазақ еліне Ресей және Қоқан бектерінің отаршылдық саясаты.
б) Кенесары әкесі Қасымның және Кенесарының отаршылдыққа қарсы әділетті
күресі.
в) Кенесарының ерліктері, саясаткершілігі, әскери тактикасы.
г) Ханның көтеріліс салмағын Қазақстанның күнгейіне Қырғыз еліне аудару
себептері.
д) Ханнан тараған ұрпақтары жайында.

3. Қортынды.

Тарих парағын түгендеу ұрпаққа парыз.

Кіріспе: Ақтаңдақтар ақиқаты.
Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол
тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып
келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-
халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың
бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды
тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ
та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік,
бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында
тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары
Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де
білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық.
Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін елім деп еңіреген
қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді
ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық.
Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа
айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт.
Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті.
Қазақ елін біртұтас ел Алаш елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын
енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен
шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым.
Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды
Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу.
Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін татқан қайсар рухты
Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары
батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын
оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу.
Жалпы далалықтардың денсаулықтарын, олардың өнегелі өмірін оқушыларға
таныстырып, ұлттық сананың қалыптасуына негіз қалау.

Негізгі бөлім: Кенесары туралы жалпы мәлімет.
Кнесары 1802 жылы қазіргі Көкшетау облысының Көкшетау деген жерінде
дүниеге келген. Кенесарының атасы Абылай хан ерекше даңқы шыққан адам
екендігі тарихта белгілі.
Абылай шиеленіскен халықаралық жағдайында батыраңқы қазақ жерлерін өз
қоластына біріктіріп, Қазақстанды бөліп алуға тырысқан көршілер Россия,
Қытай, Жоңғар мүдделерінің қарама-қайшылығын дұрыс пайдалана отырып, іс-
жүзінде елдің тәуелсіздігін сақтап қала алған дара тұлға. Міне бұл
Кенесарының атасы Абылайға тарихшылардың берген бағасы. Бұрынғы кеңестік
дәуірде: Кенесары қасымұлының қозғалысы реакциялық, ол қазақ халқын
кейінге қарай, патриархтың-феодалдық тәртіпті нығайтуға, орта ғасырлық
хандық өкіметін қайта орнатуға, Қазақстанды Россиядан орыс халқынан бөліп
әкетіуге тырысты - деп жазылды.
Империялық мүдде тұрғысынан қорытылып жазылған тарих, әрине ұлт-
азаттық қозғалыс мәселелеріне де қырын қарағаны түсінікті. Өз өмірін өз
қалауынша құру құқынан айырылған тәуелді халықтар төл тарихына да
империялық күштердің көзімен қарауға тиісті. Сондықтан халық тарихындағы
ұлт-азаттық көтерілістерге феодалдық монархиялық, жеке немесе топтық
қарсылықтарға ұлттық ауытқушылық, халықтың өз қарапайым құқықтарының
қанағаттандырудың талап еткен ұсыныстарға қазақ ұлтшылдығы сияқты өмірлік
шындықтан алшақ, түптеп келгенде ұлттың өз азаттығына деген табиғи
ұмтылысын тұншықтыру мақсатында туындаған айдарлар тағылды.

Бір сөзбен айтқанда отарлаушы ел, отар елдің тарихын өз қалауынша
жазады. Бірақ соған қарамастан кешегі қызыл империя тұсында осы шындықты
жазғандар болды. М.Әуезов Хан Кене пьесасын, тарихшы е.Бекмаханов ХІХ
ғасырдың 20-40ж. Қазақстан атты монографиясын, І.Есенберлин Қаһар
романнын жазып сол үшін олардың қуғынға түскен баршамызға мәлім.
Бүгінге дейінгі жарық көрген еңбектерге сүйенсек, қазақ елінің Ресей
империясының құрамына енгеннен бергі уақытта орталық тәуелділікке қарсы
жүргізген күресін екі кезеңге бөлеміз. Біздің айтпағымыз бірінші кезең
ХVІІ ғасырдың соңы ХІХ ғасырдың ортасы аралығын қамтиды. Осы аралықтағы
көтерілістердің орталық езгіге қарсы наразылықтың көрінісі болатын.
Кенесарының атасы Абылай хан билігі кезінде қазақтар күшейіп, біртұтас
мемілекет болды, Абылай өлген соң алаш жұрты қайтадан бөлшектене бастады.
Бірақ мемілекет, ұлыс жойылған жоқ . ХІХ ғасырдың 20-жылдарында бір
орталыққа бірікпей, әлсіреген қазақ елінің алауыздығын пайдаланып, Қоқан
мен Хиуа

хандары Ұлы жүздің оңтүстік өңірі мен Сырдария бойын өздеріне бағындырып,
бірнеше бекіністер салып, бейбіт ауылдарға тонаушылық шабуылдармен үлкен
ауыртпалық әкелді. Ал Рессей, 1822 жылғы Сібір қазақтарының жарғысы
бойынша қазақтарда хандық билікті жойып, қазақ елін бөлшектеу саясатын
жүргізді, қазақтарды бостандықтан, тәуелсіздіктен бір жола айыруды көздеді.
Осы мақсатта Жайық бойы, Есіл, Ертіс, Нұра және Ақмола жеріне бекініс
қоныстар сала бастады. Қырда Қоқан, Ойда Орыс қазақ жеріне өздерінің
билігін орнатуға тырысып, білгендерін істеді. Құнарлы жерлер отаршылдардың
қонысына айналды. Патша өкіметі малдың жайы жайылымдық жерлерден қазақтарды
қуып, құнарсыз шөлейтті аймақтарға ығыстырды, бұл оларға ауыр соққы болды
патшаның қазақ жеріне бекіністер салуына Кенесарының әкесі Қайым ХІХ-
ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ қарсы шыққан болатын. Батыс Сібір генерал
губернаторы Копцевичке жазған хатында Қасым приказдың жойылуын және орыс
отрядтарына қырдан керуен талап етті. Осы талапқа жауап ретінде патша
үкіметі қырды жаңа отрядтармен толықтыруды және Ақмола бекіністерді шебімен
байланысты Ақтау бекінісін салуды бастады. Кенесарының әкесі Қасым
патшаәскерінің тегеуіріне төтеп бере алмай туған жері Көкшетауды тастап,
балалары Есенкелді, Саржан, Бопы, Кенесары, Бопайдыерітіп Қаратауға, Шу
бойына қоныстанды, Қоқан хандықтарының иеліктеріне өтіп кетті. Қоқанға бара
жатып, Қасым азаттық күреске Қоқан хандығының қол астына қазақтарды қосуды
және Орта Азия хандықтарынан көмек алудан үміттенетін болатын. Алайда бұл
Қасымның Қоқан ханымен ынтымақтасуы табысқа жеткен жоқ. Керісінше, ол оның
балалары –Саржан, Есенкелді кейін Қасымның өзінің өліміне алып келді. Бұған
төзбеген Кенесары қазақ Құрымбай датқаның көмегімен Қоқан бектерінен қанды
кек алды. Діндес ханның қолдауына сүйену әрекеті сәтсіздікке
ұшырағандықтан, Қасым сұлтанның жанұясы Қоқан хандығының иелігіне мәжбүр
болды. Сөйтіп Сібір генерал-губернаторлығына қарасты Ұлытау деген жерге
қоныс аударды. Міне, осылай, бала кезінен бастап Кенесары әкесі Қасымның
патша әскеріне қарсы күресінің куәгері ғана емес күреске қатысушысы да
болды. Патша әскерінің әрекеттерінің бәрі, Қоқандықтардың жауыздығы
Кенесарыға терең із қалдырды. Кейіннен өзінің әкесімен ағасының күресінің
ауыр жылдары туралы ойлай отырып, Кенесары; Менің атам-Абылай Сібірде
дүнеге келіпті, ал Аякөз бен Қарқаралы округінде көшіп-қонып

жүргенінде, ылғи Сібір отрядтары қажытқан көрінеді, сондықтан да өмірі
тынышсыз болды. Өз әкем Қасым мен ағам Саржанды да Көкшетау округімен Есіл
өзенінің бойын қоыс етіп, жүргенінде де сібір отряттары тоқтаусыз қуғындап
отырып еді - деп еске алады.
Кенесарының саяси саласының қалыптасуына үлкен рол атқарған оқиға –
Кенесарының өзі және оның жанұясының отарлық езгіні өз бастарынан кешіруі
екендігі даусыз нәрсе. Кенесарыға көп нәрсені бастан кешіруге тура келді.
Ол патша өкіметімен Қоқан хандығының қазақ жеріне басып кіруін қайғы-
қасіретім деп түсіне білді. Қарулы күреске Кенесары жас кезінен қатысты.
Алғаж ағасы Саржанның атряттарының қатарында, өзің ер жүрек батыр ретінде
ғана көрсентті. Кенесары көтерілісшілердің көсемі ретінде саяси аренаға
өзінің әкесі мен ағасының өлімінен кейін ғана шықты. Осы кездері атасы
Абылайдан соң қазақтың рухын көтерген, басын біріктіруге күш салған үш
жүздің Ханы болған Кенесары еді. Көтерілістің басты мақсаты – Қоқан мен
Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген қазақ өңірлерінің дербестігін сақтау,
қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты
отарлауды тоқтату еді Көтерілістің қозғаушы күші – қазақ шаруалар болды.
Бұл оған халықтық сипат берді бұл күреске ірі ақсүйек өкілдері және аты
аңызға айналған батырларда қатысты. Мысалы: Сұлтандар-Шеген, Қанқожа
Уәлиұлы, Танй Тортайұлы, Ақмола округінен – Күшік, Жадай, Жанай,
Айшуақұлдары, Кіші жүзден-Ж\оламан би Тіленшіұлы және батырлар Ағыбай,
Аманкелді Инагіовтің атасы-Иман Бұхарбай, Саурық, Сұраншы т.б қатынасты.
Кенесарының жақын серіктерінің ішінде оның бауырлары- Наурызбай, Абылғазы
және әпкесі Бопай болды. Олар көтерілістің белсенді қайраткерлеріне
айналды. Кенесары Атасы Абылайды мақтан тұтатын және әр қашан оның ісін
жалғастырушы және оның праволарының заңды мұрагері екендігін атап отыратын.
Кенесары Адбылай есімін атайтын және атасы Абылайға тиісті жерлер үшін
күресетіндігін және атасының жолымен жүргендігін ашық және бүкпесіз
жариялап отыратын. Өзінің үндеулерінде ол Абылай тұсында Қазақтар бейбіт
және еркін өмір сүргендігін еске алып отыратын. Ал Абылай есімі
Кенесарының ұранына айналды. Кенесары жас кезінен батылдығымен және
ержүректігімен ерекшеленілген. Ол: Мен ешқашан өзімнің батырлығымды
тастамаймын және керемет ерлік көрсетіп барып өлемін - деп айтқан екен.
Тарихшы Смирнов оның есейген жылдарын сипаттай келіп,

былай деп жазды: бархат бешпетті, сұлу киінген соңында ту ұстары бар
Кенесары ылғи өз тобының алдында шауып жүретін.
Кенесарыны Л.Мейерде осылай сипаттап, оны шексіз ержүрек еді деп
атап өтеді. Кенесары 1837 жылы көктемде көтеріліске шығар алдында, патша
үкіметін Ақмола және Көкшетауда, яғни өзінің туған жерінде бекініс жүйесін
салуда бас тартқызуға әрекеттер жасаған болатын. Осы мақсатпен патша
өкіметіне арнап, наразылық білдірген хат жолдады.
Аталарымыз мұра еткен,-деп жазды ол осындай хаттарының бірінде –
Есіл, Нұра, Ақтау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайын, Обаған, Тобыл, Құсмұрын,
Оқият, Тоқзақ, Оралға дейінгі жер – қазіргі патша тұсында бізден тартып
алынып, ол жерлерге бекіністер салынды. Қазір күнсайын, біздің жерлерімізді
тартып ала отырып, ол жерлерге бекіністер салып, сонысымен халықты өте қиын
жағдайға жеткізуде. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен
бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті. Күткендей-ақ, хаттар жауапсыз
қалды. Кенесары 1837 жылы өзінің жақын серіктерімен Орта жүзін Ақмола
округіне келеді. Бұл дәрісі бар бөшкеге түскен ұшқындай әсер етті. Ішіне
тынып жүрген қазақтар Кенесары Қасымұлының ту астына топ–топ болып жинала
басталды. 1837 жылы Ақмола округінің Байдалы, Алексинск, Қойлыбай-Шағырай,
Жанай-Қалқаман, Темеш, Тналы болыстарындағы қазақтар көтеріліске шықты.

Осыған байланысты полковник талызин өзінің хабарламасында былай деп
жазды: Август айында Ақмола округінің алты болысы Кіші жүзге орыстар
билігінен азат етуге уәде берген Аблайхановтар семьясына қосылуға көшіп
кетті.
Қазақтардың Ақмола округінінен жаппай көшіп, Кенесарыға қосылуы Сібір
өкіметін орындарына ұлкен әсер етті.
Кенесарының әскері күн санап өсе бастады. Осы кезендерде отарлау
саясатын жүргізген патша өкіметі басқарудың небір әккі айла-амалдарын
қолданды. Қазақ сұлтандарымен төрелеріне кейінге мұраға қалдыратын құнарлы
жерлер беру, аға сұлтан, болыс сияқты әкімшілік қызыметтерге тағайындау
алтын, күміспен ақы төлеу, алым салықтан босату, зерлі ту, мақтау қағаздар
беру т.б. сяқты құйтырқы әрекеттер жасады.Ал қарсы болғандар ел бұзар
қарақшы атанды. Әрине, шен мен шекпенге сатылғандарда аз бомады. 1841
жылымамыр айында Кенесарының әскері Ақтауды басып алып, қару-жарақ
олжалады. Осы жылы ордасын Ақтауға тіккен Кенесары Ташкентке аттанды. Бірақ
бұл Ташкент сапары нәтиже

бермеді. Себебі, сарбаздар арасында басталған жұқпалы ауру нәтижесінде
Ташкент жорығы ойлағандай болмады Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақ мешітке
орналасқан бекіністі қирату қоқандықтардың зәресін ұшырды. Қоқан бектері
Кенесары мен одақтасуды көздеді. Бірақ қазақ жерін азат етуді аңсаған
Кенесар ол одақтан бас тартты. Азаттық қозғалысы қанат жайып, оның көсемі
Кенесарының аты жер жарып тұрғанда Сарысудың бойында үш жүздің өкілдері
бас қосып, баталасып, ежелгі дәстүр бойынша оны ақ киізге салып, көтеріп,
хан сайлайды.Кенесарының атақ-беделі осы кезде аспандап тұрды уақыт өткен
сайын ұлт-азаттық көтеріліс патша әскерлеріне бой бермей кең қанат жая
бастады. Осы туралы Орынбор шекара комиссясінің төрағасы Генетің хаты
мынадай мәл\імет береді:
Ол, яғни Кенесары Орда басшысына айналды, күш алып табысты қимылдай
бастаған сайын одақтастары көбейіп, Ордада ықпалы күшейген сайын бізге
соншама қауіпті бола түсуде деп жазды.
Ал патша жендеттерінің қазақ – ауылдарына шабуылы толастамады.
1842жылы Кенесарының Ағайындарының үйіне баса көктеп кірген есауыл Сотников
басқарған қазақ отряды батырдың әйелін тұтқындап өздерімен бірге он адамды
және мың ғырған малдарын айдап әкетеді кейіннен сол отряд кенсарның
ауылынада шабуыл жасап, бір түйе үш мың жылқы он мың қойын тартып алады.
Кенесары өзінің елге тараған мына сөзін осы оқиғадан кейін айтқан еді:
Рақымді тек бір ғана Алладан күту керек ал орыс басшыларынан оны күтудің
қажеті жоқ.
Рақымсыз патша жендеттері жоғарыда айтып кеткеніміздей, қазақтарды
осындай шығындарға ұшыратып отырған.
Кенесары қолының әскери қимылдарына тоқталсақ:1837 жылғы Ақтау мен
Ақмола бекінісінің аралығында кенесары Әскері старшина Симоновтың әскерін
талқандайды. Сонымен қатар Ақтау қорғанындағы хорунжий Рытовтың елу бес
адамнан құралған отрядын жояды. Осы жылдардан бастап, көтерілісті біржола
басу үшін патша үкіметі неше мәрте шешуші соққы беруге бел байлайды. Бірақ
бәрі сәтсіз аяқталып отыр.
1845 жылы Патша укіметі қазақ даласын бойлай түсуді көздеп, орталыққа
қарай бекіністер салыу айласына көшеді. Ырғыз өзенінің бойындағы Жармола
тоғайлы сай-салаға Орал бекінісі, Торғайда Бесқопа сайына жақын жерде
Орынбор бекінісін салды. Осыдан кейін, күзге қарай Кенесары сарбаздарымен
оңтүстікке, Ұлы жүзге бағыт алуды ойластырады. Екі жақтың соғыс
әрекеттеріне тоқталып, талдап, мынадай қортындыға келуге болады. Патша
отрядының Кенесарыға қарсы жорықтарының бәрі дерлік сәтсіз аяқталды. Патша
жендеттері, бейбіт тұрмыстағы ауылдарды тонап, бейкүнә жандарды жазықсыз
өлтіріп отырған. Патша әскерінің саны мен сапасы, техникалық жарақтану
жақсы болғанымен ашық айқаста Кенесарыға соққы беріп, әскерін жойып
жіберуге дәрменсіз болғандығын тарихи мәліметтерден анық аңғарылдары.
Кенесары таланты қолбасшы ретінде әр түрлі соғыс тактикасын шебер қолдана
білген. Сонымен қатар әскери дипломатиялық тапқырлығымен айлакерлігінің,
саяси қайраткерлік қасиеттерінің көтеріліс басында мейлінше әсер етіп, оған
қатысушылардың қатарының өсіуіне зор ықпалын тигізгенін орыс тарихшылары
кезінде бәр ауыздан атап айтқан.
Бірде мынадай оқиға болады. Полковник Қоңырқұлжа Құдаймендин мен
бірігіп, көтерілісшілердің соңына түскен нағашысы Әбділдә сұлтан Кенесары
сарбаздарының қоршауына түседі. Патша өкіметіне өзін байлап бермек болып
жүрген Әбділдәні Кенесары жазаға тартпай, арнайы үй тіктіріп, екі тәулік
қонақ етіп жібереді. Осы айласы кейін көп қазақ ауылының көтерілісшілер
жағына шығуына әсер етеді.
Кенесары Перовскиге жолдаған бір хатында, Абылайдың кезінде ІІ
Екетарина патшайымға жіберген құжаттарындай, Мен оған алыста, жақында
болмасам да жүрегім мен жанымды салып қызымет етуге дайынмын . Маған бір
шен мен грамота алып берсеңіз, - деген өтініш жасайды. Мұны Кенесарының І
Николайдан атақ, шен сұрап, Орынбор әкіміне жағылыуын біріңғай феодалдық
мемілекетті қалпына келтіру жолындағы тактикалық айла деп ұққан жөн.
Кенесары батырлығы мен тапқырлығы жөнінде Н.Н. Середа мынадай
мінездеме береді: Кенесары өз жасағының ықыласына лайық билеуші бола
білді,-деп жазды. Ол оның жасағының рухының жоғарылығына Еуропалық
әскердің қайсысының болсын қолбасшысы қызыға қарайтындай еді. Ол шабуылдары
кезінде сондай жылдам, бейне бір жолындағының бәрін күйрететін дала дауылы
сияқты, Кенесары алдында қандай кедергі болса да тоқтамайтын. Қайта қандай
да бір кедергі болмасын оның еркін өрлендіре түсіп, өзінің ойлаған
мақсатына жету жолында кездескен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын Алаштың ардағы-хан кене
ХІХ ғасыр оқиғалары жөніндегі тарихи жырлар
Қазақ фольклорындағы Кенесары бейнесі
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мәнін ашу
Кенесары хан әулетінің шежіресі
Кенесары ханның халық ауыз әдебиетіндегі бейнесі
Иман батырдың азаттық жолындағы күрес жолы
Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
Пәндер