Шығындар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.бөлім. Шығындардың түсінігі және олардың принциптері ... ... ... ... ... .4
1.1. Шығындар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Шығындар есебінің принциптері мен негізгі тапсырмалары ... ... ... 5
2.бөлім. Өндірісте жұмсалатын шығындардың жіктелуі және өндірістік шығындардың құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.1.Топтастыру белгілері бойынша шығындарды жалпы жіктеу ... ... ... .6
2.2. Өндірісте жұмсалатын шығындарды жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.3. Өндірістік шығындардың құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кәсіпорынның өндірістік қызметінің негізгі мақсаты - өнім шығару және оны өткізу негізінде пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын шығындарға беріледі.
Шығындар – шаруашылық қызмет барысында тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн.
Кәсіпорын өзінің қызметінің барысында өнімді өндіруге және сатуға, өзінің ұжымының әлеуметтік дамуына, айналым құралдары мен негізгі қорларға және т.б. материалдық және ақша шығындарын жұмсайды.
Шығындардың қалыптасуы басқару – қаржылық жүйедегі кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық механизмінің қалыптасуының және дамуының басты және күрделі элементі болып табылады. Яғни шығындардың толық, терең зерттелуінен және олардың тәжірибеде сәтті қолданылуынан өндірістің және өнімнің жекелеген түрлерінің рентабельділігі, өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерінің анықталуы, өнімнің бағасы, сонымен қатар жаңа тауарларды өндіру туралы шешімнің негізі тәуелді болады.
Шығындарды талдау шығыстардың тиімділігін анықтауға көмектеседі, және бағаның қойылуына, қысқа және ұзақ мерзімді перспективалар үшін шығындар туралы ақпараттардың қалай қолданылатындығын, шығындардың реттелуін, пайданың нақты деңгейін қалай жоспарлауға болатынын анықтап береді.
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін өндірістік шығындарды анықтау және олардың есебін дұрыс ұйымдастыру кіреді. Ал ұйымның шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктелудің мәні зор.
Шығындарды жіктеу схемасы ақпараттың тағайындалуына байланысты, яғни шығындардың жекелеген топтарға бөліну себебіне тәуелді.
Шығындар есебінің бағыты үш үлкен топқа бөлінеді және шығындар осы топтарға байланысты жіктеледі:
1. Қорларды бағалау үшін шығындар туралы ақпарат;
2. Шешімдер қабылдау үшін шығындар туралы мәліметтер;
3. Реттеу мен бақылау үшін шығындар туралы мәліметтер.

1. В.Л. Назарова, М.С. Жапбарханова, Д.А. Фурсов, С.Д. Фурсова «Басқару есебі». Оқулық. Алматы, 2005 жыл.
2. Колин Друри «Управленческий и производственный учет», 5 – басылым. Москва, 2005жыл.
3. Төлегенов Е.Т. «Басқару есебі». Оқулық. Алматы, 2006 жыл.
4. Рэй Вандер Вил, Виталий Палий «Управленческий учет». Москва, 1997 жыл.
5. Карпова Т.П. «Основы управленческого учета». Оқу құралы. Москва, 1997 жыл.
6. Ч.Т. Хорнгрен, Дж. Фостер «Бухгалтерский учет, управленческий учет». Москва, 2003 жыл.
7. А.Д. Шеремет «Управленческий учет». Оқу құралы. 1999 жыл.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-бөлім. Шығындардың түсінігі және олардың
принциптері ... ... ... ... ... .4
1.1. Шығындар туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1.2. Шығындар есебінің принциптері мен негізгі
тапсырмалары ... ... ... 5
2-бөлім. Өндірісте жұмсалатын шығындардың жіктелуі және өндірістік
шығындардың
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..6
2.1.Топтастыру белгілері бойынша шығындарды жалпы жіктеу ... ... ... .6
2.2. Өндірісте жұмсалатын шығындарды
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..9
2.3. Өндірістік шығындардың
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..32
Кіріспе
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің негізгі мақсаты - өнім шығару және
оны өткізу негізінде пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің
өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын
шығындарға беріледі.
Шығындар – шаруашылық қызмет барысында тұтынылған материалдық, еңбек,
қаржылық және басқа да ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта
кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн.
Кәсіпорын өзінің қызметінің барысында өнімді өндіруге және сатуға,
өзінің ұжымының әлеуметтік дамуына, айналым құралдары мен негізгі қорларға
және т.б. материалдық және ақша шығындарын жұмсайды.
Шығындардың қалыптасуы басқару – қаржылық жүйедегі кәсіпорынның
өндірістік-шаруашылық механизмінің қалыптасуының және дамуының басты және
күрделі элементі болып табылады. Яғни шығындардың толық, терең зерттелуінен
және олардың тәжірибеде сәтті қолданылуынан өндірістің және өнімнің
жекелеген түрлерінің рентабельділігі, өнімнің өзіндік құнын төмендету
резервтерінің анықталуы, өнімнің бағасы, сонымен қатар жаңа тауарларды
өндіру туралы шешімнің негізі тәуелді болады.
Шығындарды талдау шығыстардың тиімділігін анықтауға көмектеседі, және
бағаның қойылуына, қысқа және ұзақ мерзімді перспективалар үшін шығындар
туралы ақпараттардың қалай қолданылатындығын, шығындардың реттелуін,
пайданың нақты деңгейін қалай жоспарлауға болатынын анықтап береді.
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін өндірістік
шығындарды анықтау және олардың есебін дұрыс ұйымдастыру кіреді. Ал ұйымның
шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктелудің
мәні зор.
Шығындарды жіктеу схемасы ақпараттың тағайындалуына байланысты, яғни
шығындардың жекелеген топтарға бөліну себебіне тәуелді.
Шығындар есебінің бағыты үш үлкен топқа бөлінеді және шығындар осы
топтарға байланысты жіктеледі:
1. Қорларды бағалау үшін шығындар туралы ақпарат;
2. Шешімдер қабылдау үшін шығындар туралы мәліметтер;
3. Реттеу мен бақылау үшін шығындар туралы мәліметтер.
1 - бөлім. Шығындардың түсінігі және олардың принциптері
1. Шығындар туралы түсінік
Кез – келген коммерциялық кәсіпорын максималды мүмкін болатын пайданы
алу үшін шешімдер қабылдауға ынталы. Пайда тәуелді болатын құрауыштардың ең
негізгісі шығын болып табылады.
Шығындар – белгілі бір мақсаттар үшін қолданылған ресурстар көлемінің
ақшалай көрінісі.
Шығындар – бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың өнім өндіруге,
қызметтер көрсетуге, жұмыстарды орындауға және оларды өткізуге ақшалай
нысанда жұмсалған шығындардың жиынтығы.
Көбінесе шығындар ретінде тауарларға және қызметтерге төленуге тиіс
тұтынылған ресурстарды немесе ақшаны түсінеді. Басқару үшін менеджерлерге
тек шығындар ғана емес, бір нәрсеге (өнім немесе оның партиясы, қызметтер)
кеткен шығындар туралы ақпарат керек. Бұлар шығындар есебінің объектісі деп
аталады және шығындарды жинау мен өлшеу үшін бір қызметтің түрі ретінде
анықталады.
Шығындардың мақсаты – шығындар жекелеп өлшенетін, кез – келген қызмет
болып табылады.
Калькуляциялау есеп жүйесі шеңберінде немесе талап бойынша жүргізілуі
мүмкін. Алайда, анда – санда жүргізілетінге қарағанда, үнемі
калькуляциялау қымбаттырақ болып табылады және үзіліссіздік негіздегі жүйе
қаншалықты тиянақты мәліметтер беру керектігі туралы шешім, шығындар мен
табыстарды салыстыру арқылы анықталады.
Шығындар есебі жүйесін құрудағы экономикалық мақсатты бағаттардың
бірі – ол шешімдердің типтік топтарын (мысалы, еңбек шығындарын немесе
материалдардың қолданылуын бақылау) белгілеу және соларға сәйкес шығындар
есебінің объектісін (мысалы, өнім немесе бөлімше) анықтау.
Көбінесе көптеген жүйелер бір мақсатқа – пайданы анықтау және қорларды
бағалау үшін калькуляциялауға сүйенген. Алайда, олар басқа мақсаттар үшін
керекті формадағы мәліметті беруге жарамсыз болып табылады. Қазіргі
уақыттағы шығындар есебінің жүйесі балансталған болып келеді. Олар дәстүрлі
тапсырмалармен қатар келесідей шешімдердің экономикалық нәтижелерін
жоспарлау үшін сенімді базаны қалыптастырады:
1. Қандай өнім түрін шығаруды жалғастыру немесе тоқтату қажет?
2. Құрауыш құралдарын өндіру қажет пе, әлде сатып алу қажет пе?
3. Қандай бағаны белгілеу керек?
4. Ұсынылған құралды сатып алу керек пе?
5. Өндіріс ұйымдастырылуын және технологияны өзгерту қажет па?
6. Белгілі бір менеджердің қызметін өсіру тиімді ме?
7. Бұл цехты жабу қажет пе?
1.2. Шығындар есебінің принциптері мен негізгі тапсырмалары
Кәсіпорынның пайда массасының өсуіндегі қызығушылығы, нарықтағы
бәсекелестік жағдайында өзінің қызмет нәтижесі үшін жауапкершілігі, өндіріс
шығындарын төмендету және алдағы мен жақындағы перспективаларға өнім
өндірісі үшін шығындарды жоспарлау мен талдау қажеттігін негіздейді.
Өндірістік шығындардың есебінің негізгі мәселелері немесе
тапсырмалары келесідей болып табылады:
1. Өндіріспен және өнімді өткізумен байланысты нақты шығындар есебінде
толық, нақты, өз уақытында көрсетілуі;
2. Шикізаттарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды, отындарды,
энергияны қолдану тиімділігін, сонымен қатар өндіріске қызмет
көрсету, өндірісті басқару шығындарының сметасының сақталуын
бақылау;
3. Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі бойынша кәсіпорынның құрылымдық
бөлімшелері қызметінің нәтижелерін анықтау;
4. Өнімнің өзіндік құнын төмендеті резервтерін анықтау.
Есеп пен жоспарда мыналардың біртұтастылығы қамтамасыз етілуі тиіс:
- өндірістік шығындардың номенклатурасы;
- өндірісті басқару және ұйымдастыру шығындарының құрамы;
- шығындардың кешенді баптарының топтастыру және бөлу принциптері;
- калькуляцияланатын объект және калькуляциялық бірліктер;
- өнім бірлігінің өзіндік құнын калькуляциялау принциптері.
Қызмет түрінің көп түрлілігіне, өндірістің ұйымдастырылуына және
технология ерекшеліктеріне, өндірілетін өнімнің сипатына қарамастан және
өнімнің өзіндік құнын дұрыс қалыптастыру үшін, салық салу мақсатында
пайданы анықтауда шығындар есебінің жалпы принциптері ұсталынуы тиіс:
1. Жоспарлы және нормативті көрсеткіштердің ұйқасуы немесе қарама
қарсы келмеуі;
2. Жыл бойында өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістік
шығындар есебінің қабылданған әдістемесінің өзгеріссіздігі;
3. Құжаттау, норма бойынша шығындар есебінде көрінуі және нормалардан
ауытқуы. Бұл принципті сақтау барысында өнімнің өзіндік құнына
құжаттық негізделген шығындар жатқызылады.
4. Шығындардың жітелімі мен құрамының, калькуляция объектілерінің және
есепті кезеңдер бойынша шығындарды бөлу әдістерінің біркелкілігі;
5. Шығындардың ағымдағы және капиталды (инвестициялық сипатқа ие)
түрлерге шектелуі;
2 - бөлім. Өндірісте жұмсалатын шығындардың жіктелуі және өндірістік
шығындардың құрамы
2.1 Топтастыру белгілері бойынша шығындарды жалпы жіктеу
Өндіріс шығындарының экономикалық негізделген жіктелімі өндірістік
қызмет есебін ұйымдастырудың негізі болып табылады.
Өнеркәсіпте өнімнің өзіндік құнын жоспарлау мен есепке алудың
нормативтік құжаттары, сондай – ақ қаржылық есеп бойынша оқулықтарда
өндіріс шығындарын топтастыру белгілері бойынша жіктеген.
Топтастыру белгілері бойынша шығындардың жіктелуі
Топтастыру белгісі Шығындардың түрлері
Құрамы бойынша Бір элементті және кешенді;
Түрлері бойынша Шығын элементтері мен калькуляция
баптары;
Мақсаты бойынша Негізгі және үстеме;
Өндіріс көлеміне қатысты Тұрақты және айнымалы;
Жекелеген өнімдердің өзіндік құнына Тікелей және жанама;
жатқызу әдісі бойынша
Шығындар сипаты бойынша Өндірістік және өндірістік емес;
Жоспармен қамтылу деңгейі бойынша Жоспарланатын және жоспарланбайтын;
Өндіріс үрдісіндегі экономикалық Негізгі және үстеме
ролі бойынша
Басқару функциясы бойынша (өндіріс Өндірістік, коммерциялық және
үрдісіне қатысуы бойынша) әкімшілік;
Орташаландыру деңгейі бойыша Жалпы және орташа (бір бірлікке
шығындар)
Шығындарды табыстың өсу кезеңіне Өнімге, кезеңге
жатқызу реті бойынша
Падй болу мерзімділігі бойынша Ағымдағы және бір жолғы
Негізгі шығындар деп, өндірістің техологиялық үрдісімен тікелей
байланысты шығындарды атауға болады. Негізгі шығындар өнімнің тікелей
шығындарына жатқызылады және белгілі бір тауардың өндірісіне жұмсалған
еңбек шығындарынан, негізгі өндірістік материалдар шығындары мен басқа да
тікелей шығыдарынан тұрады.
Үстеме шығындар - өндірісті басқаруды және оған қызмет көрсетуді
ұйымдастыру кезінде пайда болатын шығындар. Мұнда қосымша еңбек пен қосымша
материалдарға кеткен шығындар және мысалы жал төлемі және амортизациялық
аударымдар болып табылатын, өндірістің жанама шығындары енеді.
Мақсатты шығындар – жұмсалған шығындарды өлшеуді қажет ететін кез –
келген қызмет түрі. Басқаша айтқанда, егер есеп ақпаратының пайдаланушылары
қызметтің жекелеген құрауышы бойынша шығындар туралы білгісі келсе, онда ол
мақсатты шығындар деп аталады. Мақсатты шығындардың мысалы ретінде тауардың
өзіндік құнының калькуляциясын, банк клиентіне көрсетілген қызметтің құнын
калькуляциялауды, жекелеген бөлімшені ұстау шығындарының калькуляциясын
қарастырса болады. Мақсатты шығындар бойынша бөлінетін, жұмсалған
шығындарды екі категорияға бөлуге болады. Олар: тікелей және жанама
шығындар. Тікелей шығындар – нақты мақсатты шығындарға жалғыз тәсіл бойынша
жатқызуға болатын шығындар. Және керісінше, жанама шығындар мақсатты
шығындарға жатқызыла алмайтын шығындар. Айталық, талданатын мақсатты шығын
– компания өндіреті үстелі. Бұл жағдайда үстел өндірісі үшін қолданатын
ағаштарға кеткен шығындар, сол үстел шығындарына нақты жатқызылуы мүмкін
және тікелей шығын ретінде танылады. Осыған ұқсас еңбек уақыты үстелді
шығаруда өлешене алатын, қызметкерлердің еңбекақысы тікелей шығындар болып
табылады. Керісінше, өндірістік құралдың жал төлемі және шығарылатын өнім
сапасын тексеретін инспекторлардың еңбекақысы нақты үстелге апарыла
алмайды, сондықтан мұндай шығындар жанама шығындар ретінде жіктелуі керек.
Алайда тікелей және жанама шығындар арасындағы айырмашылық мақсатты
шығындарға байланысты болып келеді. Бір шығын түрі әр түрлі жағдайларда,
тікелей және жанама ретінде танылуы мүмкін.
Айнымалы және тұрақты шығындар – шығындардың негізгі екі түрі.
Әрқайсысы таңдап алынған объектінің (көбінесе өндіріс көлемі) өзгеруіне
тәуелді қорытынды шығындардың өзгеруіне байланысты анықталады.
Айнымалы шығындар – сомасында өндіріс көлемінің (іскерлік
белсенділік деңгейі) өзгеруіне қатысты тура пропорционалды өзгеретін
шығындар. Яғни, өндіріс көлемі қаншалықты өзгерсе, айнымалы шығындар
соншалықты өзгеріп отырады. Бірақ, өнімнің бір данасына есептелген айымалы
шығыдар тұрақты болады. Айнымалы шығындардың мысалы ретінде негізгі
материалдар мен шикізат шығындарын және негізгі өндірістік жұмысшылардың
еңбекақысын алуға болады.
Тұрақты шығындар - сомасында іскерлік белсенділіктің өзгеруінде
өзгеріссіз болатын, яғни тұрақты шығындар. Алайда, бір бірлікке есептелген
тұрақты шығындар, өндіріс деңгейінің өзгеруіне байланысты. Егер тігін
фабрикасы өзінің өнімін сату үшін кішкене дүкен жалдайтын болса, онда айлық
жал төлемі – тұрақты көлемде қалады, ал бір сатылған өнімге келетін жал
төлемінің сомасы айнымалы болады. Өйткені өнім қаншалықты көп сатылса, бір
сатылған өнімге келетін тұрақты шығын соншылықты аз болады.
1 – сурет.
Өндіріс шығындарын белгілері бойынша топтастыру, әдетте өнімді
калькуляциялау жүйесіндегі белгілі бір функцияны сипаттайды және өндіріс
шығындарын басқару есебінің тапсырмаларына жауап бермейді.
Бір элементтілер – бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар,
ақша аударымдары).
Кешенділер – бірнеше элементтен тұратындар (құрамына бірнеше
бірэлементті шығындар кіретін цехтық шығындар).
Ағымдағылар – жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат,
материалдар).
Бір жолғылар – еңбек демалысын, жөндеу жүргізу шығындары сияқты бір
мәрте болтаны шығындар.
Өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның
өндірістік өзіндік құнын құрайтын барлық шығындар.
Әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік
мақсаттағы шығындарға байланысты.
Коммерциялық (өткізу бойынша шығындар) – сатып алушыға өнімді өткізуге
байланысты.
Жоспарланатын – тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға
белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.
Жоспарланбайтын - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы
кемшіліктер салдарынан болатын шығындар.
Жалпы шығындар - өндірілген өнімнің барлық көлеміне, орташалар -
өнімнің бір бірлігіне шаққанда анықталады.
Өнім шығындары - өнімнің өзіндік құнына кететін шығындар.
Кезең шығындары – мынандай шығындардан құралады. Олар: жалпы және
әкімшілік шығындар, тауарды өткізу шығындары, сыйақы шығындары.
2.2. Өндірісте жұмсалатын шығындарды жіктеу
Экономикасы дамыған елдерде өндірістік есеп және оны ұйымдастыру
тәжірибесінде, мақсаттық ұстанымына, шығындарды есепке алу бағытына
байланысты әр түрлі нұсқасы қарастырылады. Шығындарды есепке алу бағытында
өндірістік шығындарды оқшауланған нысаналы есепке алу қажетті қызмет саласы
түсіндіріледі. Ішкі ақпараттың тұтынушылары белгіленген мәселе бойынша
қажетті ақпаратты қамтамасыз етуге қажетті есептің бағытын анықтайды.
Ең алдымен есепте шығындардың үш санаты туралы ақпарат жинақталады:
жұмыс күшіне, материалдарға, үстеме шығындарға.
Содан кейін жиынтық шығындар есептің бағыттары бойынша бөлінеді:
1. Алынған пайда мен өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін;
2. Басқару шешімін қабылдау үшін;
3. Бақылау мен реттеу үрдісін жүзеге асыру үшін.
Көрсетілген үш бағыттың әрқайсысы, өз кезегінде, одан әрі нақтылауды,
яғни жіктеуді қажет етеді.
Өндірісте жұмсалатын шығындардың мақсаттары бойынша жіктелуі
Өндіріс шығындарын Шығындарды жіктеу Шығындардың жіктелуі
есепке алу бағыттары қағидалары
1. Дайын өнімді Кәсіпорын көлемі; Нақты шығындардың
калькуляциялау және технология, техника жәнеқұрамы: негізгі және
бағалау үшін өндірісті ұйымдастыру қосымша материалдар,
қолданылатын шығындар ерекшеліктері; еңбек шығындары,
шығарылатын өнімнің өндірістік үстеме
номенклатурасы; бақылау;шығындар;
есептердің болжамдылығы;Кіретін және жұмсалған;
өндіріс үрдісіндегі есепті кезеңдегі және
ролі; төмендету өзіндік құнға кіретін
факторлары;
жоспарлаудағы
маңыздылығына
байланысты; шығындарды
бөлу орындылығы; жалпы
шығындардағы үлес
салмағы; өнімдер бойынша
бөлудегі неізділігі;
есептің еңбек
сыйымдылығы.
2. Шешім қабылдауға Шығындар беталысы:
негіз болатын, өндіріс тұрақты, шартты –
шығындары тұрақты, айнымалы,
шартты – айнымалы.
Алдағы кезең шығындары:
бағалауда есепке
алынатын және
алынбайтын.
Шешімді қабылдау:
қайтымсыз, инкременттық,
маргиналды.
3. Бақылау және реттеу, Жауапкершілік
жоспарлау жүйесінде орталықтары: реттелетін
қолданылатын шығындар және реттелмейтін
шығындар. Шығындардың
пайда болу орындары,
нормативті (сметалық)
шығындар және олардың
ауытқулары.
Қарастырылған жіктеуге сәйкес есеп жүргізу - өндіріс шығындарының
отандық есебіндегі жаңа құбылыс. Нарық қатынастары өндірістік есептің
жоспарлаудағы, мөлшерлеудегі, талдаудағы, болжаудағы және жалпы өндірісті
басқару жүйесіндегі рөлін күшейтеді.
Бухгалтерлік есеп шоттарындағы өндірістік шығындар туралы ақпараттың
қозғалысы келесідей көрсетілген.
2 – сурет.
1.Өндірілген өнімді бағалау және калькуляциялау үшін шығындардың
жіктелуі.
Нарықтық экономика шарттарында жұмыс істейтін кәсіпорындар элементі
бойынша шығындардың қаржылық есебімен шектелмейді. Осы позициядан
шығындарды топтастыру өндірістік есептің маңызды элементі болып табылады.
Есептің қандай бағыты таңдалды немесе қандай жүйе қолданылатынына
байланыссыз, шығындардың жіктелуі принциптерге сәйкес жүргізілуі керек.
Әдетте, классификация принциптеріне калькуляция баптары жауап береді.
Шығындардың құрамы мен бағытталуы бойынша топтастыру калькуляция
баптарының қысқартылған номенклатурасын құрайды. Бұл негізгі және үстеме
шығындарға әкімшіліктің назарын аударады. Негізгі деп, технологиялық
үрдіспен (шикізат, технологиялық қажеттіліктерге материалдардың , негізгі
өндірістік қызметкерлердің еңбекақысын төлеу, машиналар мен құралдарды
ұстау және эксплуатация және т.б. шығындары) байланысты шығындарды айтады.
Үстемеге кәсіпорынды, өндірісті басқару және қызмет көрсету шығындары
кіреді. Басқару есебінде үстеме шығындардың құрамына өнім бойынша бөлу
негізділігіне және есептің еңбек сыйымдылығы деңгейіне сүйеніп, шығындардың
көп түрін қосады. Бұл – бірнеше экономикалық біртекті емес шығындардан
тұратын, кешенді шығындар.
Жекелеген өнімдердің өзіндік құнына апару әдістеріне байланысты
шығындарды тікелей және жанама түрлерге бөледі. Тікелей шығындар деп, нақты
тауар түрінің өндірісімен байланысты және олардың өзіндік құнына тікелей
енгізе алатын шығындарды айтамыз. Жанама шығындар – бірнеше өнім түрін
өндіру үшін жалпы сипатта болатын және олардың өзіндік құндарына жанама
жолмен енгізілетін шығындар (жалпы өндірістік шығындар, жабдықты
эксплуатациялау шығындары, басқару шығындары).
Негізгі шығындар тікелей шығындар түрінде, ал үстеме – жанама сипатта
болады. Шығындарды тікелей және жанамаға топтастыру, өндіріске толық және
бөлшектік шығындар есебінің бөлек жүйелерін ұйымдастыруда қажетті.
Дайын өнімді бағалау мен калькуляциялауда шығындарды кіретін және
жұмсалған түрлерге топтастырған маңызды.
Кіргізілетін немесе енетін – болашақта табыс алып келуі күтілетін,
алынған және нақты бар ресурстар.
Жұмсалған немесе болған – болашақта табыс әкелу қабілетін жоғалтқан,
дәл осы шақта табыс алып келген, жұмсалған ресурстар. Мысалы, цехта немесе
цех қоймасында орналасқан материалдарға шығындар енетін шығындар болып
табылады және баланста өндірістік қорлардың құрамында көрсетіледі. Ал
өткізілген өнімнің өзіндік құнының құрамына кірген материалдарға шығындар,
болған немесе жұмсалған болады. 3 – суретте енентін және жұмсалған
шығындардың айырмашылығы көрсетілген. Бұл кәсіпорын активтерін бағалауда
және пайданы есептеуде маңызды.
3 –сурет.
Өндірілген өнімнің өзіндік құнына тек өндірістік шығындар кіру керек.
Және бұл мақсатта шығындарды есепті кезең шығындары және өзіндік құнға
енетін шығындарына топтастырады.
Есепті кезең шығындарының құрамына қорларды (дайын өнім, аяқталмаған
өндіріс және т.б.) бағалауда есептелмеген шығындарды кіргізеді. Бұндай
шығындарды пайда болу мезетінде есепті кезең шығындары ретінде таниды.
Немесе пайда болу мезетінде шығындарға апарылатын және қорлардың құнына
енбейтін шығындар. Кезең шығындарына сату бойынша шығындар, әкімшілік
шығындар және сыйақы шығындары енеді.
Өнімнің өзіндік құнына- өткізуге дейінгі аяқталмаған өндіріспен және
дайын өнімді өндірумен байланысты шығындар енеді. Өнім шығындары дайын
өнімнің өндірісімен байланысты шығындар болып табылады. Бұл шығындар
қорлардың құнына енгізіледі. Өнім шығындарына негізгі материалдарды,
негізгі еңбекті және өндірістік үстеме шығындарды кіргізеді.
Негізгі материалдар Негізгі еңбек Өндірістік үстеме
шығындар
Дайын өнімге айналатын Өнімді дайындайтын Негізгі
материалдар мен негізгі еңбек
шикізаттар мен материалдар өндірістік қызметкер-
шығындарынан басқа, өнімді өндіруге
(мысалы, үстелді дайындауға лердің еңбек шығын - кеткен
барлық шығындар (мысалы,
кеткен ағаш) дары (мыс., құрастыру
қосымша материалдар, коммуналдық
цехының
қызметкер – қызмет, өндірістік ғимараттар мен
лерінің
еңбекақысы). құралдардың амортизациясы, жөндеу
қызметкерлерінің еңбегі.
Өткізумен байланысты шығындар Әкімшілік шығындар
Тапсырысты, дайын өнімді жеткізуге және Жалпы
өндірісті ортақ басқаруға кеткен
клиенттерге қызмет көрсетуді қамтамасыз
шығындар (мысалы, әкімшілік қызмет -
ететін барлық шығындар (мысалы, жарнама, керлерінің
еңбекақысы, әкімшілік пер -
сауда құрал – жабдығының немесе көлік
соналының іс – сапар шығындары,
құралының амортизациясы, дайын өнімді кеңсе
құралдары мен әкімшілік ғима -
сақтау және жеткізу, коммисиодықтар).
Раттардың амортизациясы).
Өнеркәсіп орындарында барлық өндірістік шығындар өнімнің өзіндік
құнына кіреді, ал өндірістік емес шығындар есепті кезең шығындарына
жатқызылады. Өндірістік шығындар қорларды бағалауда әлуетті пайданы
көрсетсе, өндірістік емес шығындар белгілі бір өнімнің құнына жатқызылмайды
және оларға қосылмайды. Өндірістік шығындар нәтижесінде өнім шығарылмайды
және олардың шығарылу уақытының циклі басқа. Жұмсалған шығындарды өнімнің
өзіндік құнына және кезең шығындарына бөлу өндірістік ұйымға тән. Соңында
біріншісі де, екіншсі де шығысдар ретінде топтастырылады. Олардың
арасындағы негізгі айырмашылық – олардың жіктелуіне жатқызылатын уақыт.
Өндірістік Сатылмаған
шығындар
Өндірістік емес
шығындар
Сатылған
4 –сурет.
4-суреттен көріп отырғанымыздай, кезең шығындары мен өнімнің өзіндік
құнына кіргізілетін шығындардың айырмашылығы – тіркеу және қаржылық
нәтижеге апару уақыттарының өзгешелілігі.
Алайда, неге өндірістік емес шығындар кезең шығындары ретінде
түсіндіріледі және тауарлы – материалды қорлардың өзіндік құнына енбейді
деген сұрақ туындайды. Бұл екі жағдаймен түсіндіріледі. Біріншіден,
тауарлы – материалды қорлар – бұл активтер (сатылмаған өнім), ал активтер
өз кезегінде болашақта түсімдерді қамтамасыз ететін сатып алынған
ресурстар. Өнімді өндіруде жұмсалған өндірістік шығындарды, өнімнің
өзіндік құнын жабуға қажетті болашақ түсімдерді қамтамасыз ететін құрал
ретінде қарастырса болады. Ал, өндірістік емес шығындардың болашақта
түсімдердің келуіне қатысады деген кепіл жоқ, өйткені бұл шығындар бірде –
бір өнімге қосылған құндылықты әкелмейді. Сондықтан олар тауарлы –
материалды қорлардың өзіндік құнын анықтауға қатыспайды. Екіншіден,
көптеген өндірістік емес шығындар (мысалы, дисрибьюцияға шығындар)
өндірілген өнім қорда тұрған уақытта болады. Осыдан, бұндай шығындарды
тауарлы- материалдық қорларды бағалауға қосу, түсінікке сай келмейді.
Қарастырған жіктеудің мақсаты – екі негізгі бағыт бойынша ақпартты
жинақтау:
- жекелеген өнім бойынша – қордың құнын бағалау;
- жауапкершілік орталықтары бойынша – шығындар деңгейін бақылау.
2. Жоспарлау мен шешім қабылдау үшін өндірістік шығындарды жіктеу.
Шешім қабылдау үшін шығындардың әр түрлі белсенділік деңгейлерінде
(өндіріс көлемі) өзгеруін білу өте маңызды. Белсенділік немесе өндіріс
деңгейі өндірілген өнім немесе сатылған өнім мөлшерімен, еңбек
сағаттарымен, ара қашықтықпен, көрсетілген қызметтердің санымен немесе
ұйымның қызметін сипаттайтын сәйкес көрсеткішпен өлшенеді.
Шешім қабылдау үшін белсенділіктің әр түрлі деңгейінде шығындардың
өзгеруі туралы ақпаратты қажет ететін шешімдердің мысалы келесідей болуы
мүмкін:
- Келесі жылы жоспарланған белсенділік деңгейі қандай болу керек?
- Өнімді көбірек сату үшін сату бағасын төмендету керек пе?
- Ұйымның шығындары мен табыстары қалай өзгереді, егер жеті күн
мерзімінде екі клиентке қызмет көрсетілсе?
- Қызметкерлерге еңбекақыны комиссиондық негізде төлегені дұрыс па,
әлде тұрақты есептелген түрде дұрыс па?
Келтірілген әр сұрақ бойынша шешім қабылдау шығындарды белсенділіктің
әр түрлі деңгейінде бағалауды талап етеді.
Шешім қабылдау мен жоспарлау үшін шығындар туралы сәйкес ақпарат
керек. Шешім қабылдау үрдісі ақпаратқа талаптарды қалыптастырады және
басқару есебі әдістерінің элементтерін (топтастыру, болжау, модельдеу,
талдау және т.б.) қолдану тәртібін анықтайды(5-сурет).
5 – сурет.
Басқару есебі бойынша әдебиеттерде шығындардың өндіріс көлеміне
байланысты өзгеруін суреттеу үшін шығындардың дәстүрлі айнымалы,
тұрақты, жартылай өзгермелі, жартылай тұрақты терминдері
пайдаланылады. Осы шығындар өндіріс көлемінің өзгеру тәуелділігінде
шығындардың динамикасын сипаттайды және алдағы кезеңдерге сметалар жасау
үшін қолданылады.
Шығындар жіктелімін таңдаудағы маңызды мәселесі, оларды айнымалы және
тұрақтыға жіктеу болып табылады. Мұндай шығындардың динамикасын білу –
сызықтық бөлімшелердің өздерінің шығындарын жоспарлаудағы алдын – ала
қойылған негізгі шарт.
Айнымалы шығындар - өндірістік қызмет деңгейіне тікелей тәуелді
болатын шығын мөлшері (шикізат пен негізгі материалдар шығындары,
технологиялық мақсат үшін энергия, негізгі еңбекақы.). Осы айнымалы
шығындардың басты ерекшелігі - олардың өндірілген өніммен немесе
көрсетілген қызметпен тікелей байланысы. Олар сомасында өндірілген өнімнің,
көрсетілген қызметтің көбеюімен немесе азаюына сәйкес көбеетін немесе
азаятын шығындарды білдіреді. Осындай шығындардың негізгі мысалдары ретінде
келесі шығындар танылады:
- шикізат және материалдар;
- еңбек;
- айнымалы өндірістік шығындар;
- тауарларды немесе қызметерді сатуға айнымалы шығындар.
Қысқа мерзімді айнымалы өндірістік шығындардың мысалы ретінде негізгі
өндірістік материалдар, құрал – жабдықтың жұмысы үшін қажетті энергия
саналады. Бұндай шығындар белгілі бір анықталған шекте операциялық
белсенділікке тура пропорционалды тербеліп, өзгеріп тұрады. Өндірістік емес
айнымалы шығындардың мысалы ретінде көлемі сатылған өнім көлеміне
байланысты өзгеретін сатудан комиссиондықтарды немесе көлік құралының жүріп
шыққан қашықтығына тәуелді болатын бензин шығынын келтірсе болады.
Қысқа мерзімді айнымалы шығындар өндіріс көлеміне немесе қызмет
деңгейіне пропорционалды өзгеретіндіктен, өндірісті екі есе активизациялау
айнымалы шығындардың екі есе көбеюіне алып келеді. Осыған сәйкес, жалпы
айнымалы шығындар сызықтық функция болып табылады, ал бір данаға мұндай
шығындар – тұрақты. 6 - суретте өнімнің бірлігіне 10 $ айнымалы шығындарды
құрайтын жағдай көрсетілген.
6 –сурет.
Кез – келген шығын, егер оның мөлшері өндіріс көлеміне тәуелді болса,
айнымалы шығындарға жатқызылады.
Тұрақты шығындар дегеніміз – абсолюттік көлемі өнімнің шығарылым
көлемінің өзгеруіне тәуелсіз шығындар (ғимаратты ұстау шығындары,
амортизация, қызметкерлердің еңбекақысы және т.б.). Немесе басқаша, тұрақты
шығындар – қарастырылатын уақыт кезеңі бойында өндіріс көлемінің кең
диапазонында, мөлшері бойынша өзгеріссіз қалатын шығындар. Бұл шығындар,
тауарларды немесе қызметтерді өткізу немесе ауыстыру үшін арналған
ғимараттар мен құралдарды техникалық қамтамасыз етумен байланысты.
7 –сурет.
Көріп отырғанымыздай жалпы тұрақты шығындар белсенділік деңгейдің
барлығына бірдей, ал өнімнің бір данасына тұрақты шығындар белсенділік
деңгейдің өсуіне пропорционалды кеміп отырады.
Мысалы, тұрақты шығындардың көлемі айына 5000 $ құраса, онда өнімнің
бірлігіне есептелген тұрақты шығындар келесідей өзгереді:
Шығарылған өнім Өнімнің бір данасына
көлемі (дана) тұрақты шығындар, $
1 5000
10 500
100 50
1000 5
8 –сурет.
Өнімнің бір данасына тұрақты шығындар өзгермелі болғандықтан оларды
пайдалануда мұқият болу керек. Шешім қабылдау үшін бір данаға есептелген
тұрақты шығындарға қарағанда, жалпы шығындармен жұмыс жасаған дұрысырақ.
Алайда тәжірибеде барлық өндіріс көлемі үшін тұрақты шығындар бірдей болу
ықтималдылығы аз. Кейде олар 8-суретте көрсетілгендей сатылы түрде өзгеруі
мүмкін.
Менеджерлер әр жылда тұрақты шығынның екі деңгейі болатынын білу
керек. Кейбір шығындар өндірістік қызметтің басталу себебі бойынша
жұмсалады. Олар өндірістік толық қуатындағы тұрақты өндірістік шығындар деп
аталады. Мұндай шығындардың мысалдары болып, жылжымайтын мүлікке салық,
сақтандыру, бар қуаттардың амортизациясы табылады. Жылдан жылға өзгеретін
шығындар, дискрециондық тұрақты шығындар деп аталады. Мұндай шығындардың
деңгейі, мысалы, жарнама, ғылыми зерттеу және әзірлеу және жалпы сипаттағы
көптеген басқа мақсаттар үшін шығындар, жыл сайын жоспарлау және
тапсырмаларды қою процесінде анықталады.
Тұрақты шығындар мен айнымалы шығындар арасындағы айырмашылығын
қарастырылған уақыт кезеңін ескеріп, қабылдау керек. Егер бірнеше жылдық
ұзақ кезеңді алатын болсақ, онда шын мәнінде тәжірибеде барлық шығындар
айнымалы болып табылады. Мұндай ұзақ мерзімді кезең бойында, мысалы,
өнімге сұраныстың төмендеуі, шығындардың барлық категорияларымен қаралатын
өзгерістерге байланысты. Өйткені бұндай уақыт бойында бас менеджерлер
жұмыстан шығуы мүмкін, ескі құралдар жаңаға ауыстырылуы мүмкін және т.с.с.
Салыстырмалы қысқа мерзім ішінде шығындар өндіріс көлеміне байланысты
тұрақты немесе айнымалы болады. Уақыттық кезең қысқа болған сайын,
шығындардың нақты түрін тұрақты деп санау ықтималдылығы жоғары болады.
Қарастырайық, мысалы, бір жылдық кезең. Амортизациялық аударымдар,
өндіріске жауап беретін бас менеджерлердің еңбекақылары сияқты өндіріс
қуатын қамтамасыз етумен байланысты шығындардың мұндай уақыттық форматта
белсенділік деңгейінің өзгеруіне байланысты қойылуын өзгеріссіз деп санауға
болады. Бірақ, болашақта күтілетін қажетті өндірістік қуаттар туралы
шешімдер, нәтижесінде жұмсалатын шығындарға әсер етеді. Бұл шешімдер алдын
ала капитал салымдары сметасын құру барысында және ұзақ мерзімді жоспарлау
үрдісінде қабылданады. Алайда шешім қабылданып қойғаннан кейін, аз уақыттың
бойында оларды өзгерту қиын болып табылады. Сондықтан өндіріске
инвестициялар туралы немесе белгілі бір қызмет түрін тоқтату туралы шешім
есепті кезеңде байқалатын сұраныстың қысқа мерзімді тербелісіне
негізделмегені тиіс. Бұның орнына оларды периодты түрде қайталап, бірнеше
жылдан тұратын уақыт аралығы болатын, ұзақ мерзімді сұранысқа байланысты
қабылданған шешім мен жоспарлаудың ұзақ мерзімді үрдісінің бөлігі ретінде
қарастыруға болады. Осындай түрде, өндірістік қуатпен байланысты шығындар,
егер оларды қысқа мерзімде қарастыратын болсақ, мысалы, бір жыл бойында
белсенділік деңгейінің өзгерісі тұрғысынан тұрақты деп танылады. Ал, егер,
ұзақ уақыттық масштабты – бірнеше жылдан тұратын кезеңді алатын болсақ,
онда сұраныстағы айтарлықтай өзгерістер өндірістік қуаттармен байланысты
шығындар мөлшерінің өзгерісіне алып келеді.
Негізгі қызметкерлердің еңбегі және шеберлердің еңбекақысы сияқты
тұрақты шығындардың кейбір түрлері айтарлықтай тез өзгертіле алады және ол
белсенділік деңгейінің өзгеруін оперативті ескеруге мүмкіндік береді. Егер,
мысалы, өндірістік белсенділік өте қатты төмендесе, онда өндірістік
қызметкерлер мен шеберлер қандай да бір уақытта еңбектенуді жалғастыра
алады, өйткені сұраныстың төмендеуі уақытша және бәрі қалпына келеді деген
компанияның басқармасында үміт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz