Нашақорлықтың зардаптары


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

  1. Кіріспе.
  2. Нақты сандар мен дәлелдемелер.
  3. Анаша кайфы бір сәттік. Осы тараудың мағынасын ашатын дәлелдер

4) Пайдаланған әдебиеттер

Әлеуметтану тұрғысынан зерттеулерін түрлері бағыттары мен әдңістері

Нашақорлықтың неше түрлі зардаптары.

Наркотик - ол грек сөзінен шыққан қазақша мағынасы барлық адамның денесін өзіне бағындырады. Ол орталық ми системасын жұмыстан шығарады. Бастапқы кезде кішкентай эйфория болады. Ал одан көп мөлшер енді адам ес түссіз қалуына әкеледі. Нашақорлық ол дерт. Нашақолық ол XXI - ші ғасырдың ең ауыр дерті ол СПИДті тарататын бірден бір жолы. Мысалы нашақор адам СПИДпен ауырса ол сол шприцкеде ВИЧ инфекциясын қалдырады осыдан ауру басталады. Егер сау адам нашақор болса ол жан - жағындағы адамдарға да қаупін төндіреді. Ол қалай десеңіз, мысалы оған бір доза керек ол дозаны табу үшін аз қаражат кетпейді, ал ол қаражатты табу оған тағы да бір белес. Нашақор адам сол белестен өту үшін барлығынан да тайынбайды. Әуелі ол жасөспірім болса үйіндегі ата анасынан ақша сұрауға мәжбүр болады. Егер олар бермесе сол үйінен ұрлауға шығады. Басында ата анасының әмианындағы ақшадан басталады. Содан соң оған олда аз болады оған үлкен дозалар қажет болады. Содан үлкен ұрлықтар басталады, оның ішінде адам өлтірулерде болады. Ал бұл дүниедегі ең үлкен қылмыс емес пе? Бұл тек қана бір адамнан келетін зардаптар, осындай адамның екеуінен, үшеуінен, онынан, миллионынан не күтуге болады. Мына келтірген мысалымнан мен тек қана жасөспірім баланың зардаптарын көрсеттім.

Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің бағдарламасы

Ересек адам бұл дертке шалдықса одан да үлкен қауіп күтіп тұр. Ересек адамға үлкен жауапкершілік тұр ол адам жалғыз болса шамалы болса да жеңіл тиеді, ал егер де оның отбасы болса онда ол өзін құртқанымен қоса отбасын аш жалаңаш қалдырады. Осындай отбасылардан жетім жесірлер көптеп қала береді ( 1 - кесте ) . Ондай отбасылар біреу емес екеу емес мыңдағаны болады. Осы келтірген ең аз сандардан әлемде қанша жетім қалатынын өздеріңіз ойлай беріңіздер. Нашақорлар тек моральдық және физикалық зиян емес қаржылық зиян келтіреді. Осы азаматтар мемлекетке пайда келтірудің орнына керісінше мемлкеттің ақшасы шығынға ұшырайды. Мысалы оларға нарко диспансерлер салу керек. Оның ішіне материалдар сатып алып, дәрілер және дәрігерлерді жұмысқа тұрғызу керек болады. Осының барлығына көптеген қаржыны талап етеді. Адам ағзасы үйренген сайын оған қолданатын нашаның мөлшері көбейе түседі, осыдан шамадан тыс мөлшер пайдалануға ұшырап, оның арты қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады. Бір рет дәмін татқан адам өзінің қалай нашаға тәуелді болғанын сезбей қалады, сондықтан оны қоғамда қолданбау туралы ой әр адамның сана сезімінде өсіп жетілуі керек. Нашақорлықты ешкім жазылмас дерт демейді тек оны жеңу қиын. Ол үшін көп қайрат, жігер керек болады. Ондай адамдар оннан бірі ғана шығады, қоямын деп және қойып жүрген адамдар да болады солардың ішінде кейбіреулері соңғы рет деп қайта бастап кетуі мүмкін. Ал басқалары басына қиын күн туса осы маған көмек береді, менің барлық қиындықтарымды шешіп береді деп ойлайды, ондай ой тек бұрынғы нашақорларда емес сау адамдарда да туу мүмкін. Олай ойлау себебі олар шындық өмірден қашады да өздерінің әлсіздігін көрсетеді. Осындай адамдарға жақсы көмек көрсете алатын шыдамдылығы бар және осы адамға мен көмек көрсетемін деген дәрігерлер болуы тиіс.

Әлеуметтану тұрғысынан зерттеулерді жіктеу

Қазір біздің елімізде нашақорларлыққа қарсы үлкен бір күрес басталды . Оны біз Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауынан білуімізге болады. Ол осы нашақорлыққа қарсы Орталық Азия мемлекеттерімен және де ШОС (Шанхай бірлестік ынтымақтастық ұйымы) ұйымымен бірлесіп жұмыс жасау керектігін айта кеткен болатын. Біздің ел тек легалды тауар тасымалы қақпасы емес, сол наркотик тасымалы орталығына жатады. Оның үстіне біздің еліміздің оңтүстік жерінде нақтырақ Қызылорда обылысында да канапля өсіріледі. Республика президенті ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановқа нашақорлық пен күресті жүргізуге бұйрық берген.

2005 жылғы статистика бойынша наркотиктен 936 адам көз жұмған. 53000 адам Республика бойынша нарко диспансерлерге тіркеуге тұрған, тіркелмегеннің саны қанша екенін ешкімде білмейді. Статистика бойынша барлық нашақорлар санының жартысы әйел адамдар және кәмелеттік жасқа толмағандар. 17 -26 жас аралығындыр да аз емес олардың саны 43, 5 % құрайды (мұны санға айналдырсақ 22525 адам) . Ал әрбір төртінші нашақор кәмелеттік жасқа толмағандар. Тек қана Алматы қаласының өзінде 1500 нашақор тіркелген ол тек тіркелгені ғана. Мына сандар біздің жері үлкен халқы аз мемлекетімізге үлкен кері ықпалын тигізері анық. Бұл адамдар біздің еліміздің 0, 311 % құрайды ( 2 - кесте ) . Біздің елімізде 2030 жылға дейін ешқандай нашақорлар қалмайтын болар. Ал егер ол адам ауырмаса осы барлық қаржыны білімге және тағы басқа ең керекті қажеттіліктерді өтеуге болатын еді, сонда біздің ел ең дамыған елу елдің қатарына кіруіміз жеделдете түсетін еді.

1 - кесте. Нашақорлықпен жетімдік арасындағы байланыс кестесі.

Y

0 X

Y -жетімдер

X - әкесі және шешесі нашақорлар

2 - кесте 1999-дан 2030-ға дейінгі нашақорлар саны. 2030 - да Қазақстанда бірде - бір нашақор қалмайды деп ойлаймын.

2001 - жылғы статистика бойынша. Ресми емес деректер бойынша, соңғы жылдары Қазақстанда 3 - нан астам нашақор бар көрінеді. Оны мөлшерден артық пайдаланудан республикада соңғы жылдары 4000 адам өлген. Оның 60 пайызы - 20 жасқа жетпеген жасөспірімдер . Көптеген нашақорлар басқа да қатерлі аурулармен ауырады екен.

Жалпы Қазақстан ғана емес, дүние жүзінде, ТМД елдерінде есірткі, анаша таратушылар күрт көбейгені сондай, мұнымен күресте ішкі істер органдарының өзі де дәрменсізідк танытып отыр. Есірткі, нашақорлық саудасы өршіген үстіне өршіп, наркобизнес деген жаңа терминді енгізді.

Нашақорлық немесе ақ өлім деп аталып кеткен бұл дерт жегі құрттай қоғамды іштей кеміріп барады. Қазіргі таңда бұл дертке қарсы тұру ұлттық деңгейге көтерілгені де тегін емес. Өйтекені қыркүйектің басында Елбасы тарапынан сынға ұшыраған нашақорлықпен күресуші органдар мен мекемелер айтарлықтай жетістіктерге жете алмай дал болуда. Енді бұл мекемелер мен органдардың жұмысын қадағалауды Елбасының тапсырмасысен Мемлекеттік хатшы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовтың өзі атқаруды қолға алды. Әйтпесе, есірткіге әуесқойлардың саны жылдан жылға артып келе жатқандығын мұқият зерттеулер нәтижелері көрсетіп отыр. Мысалы, үстіміздегі жылдың тек қаңтар айында ішкі істер тарапынан осы нашақорлыққа байланысты 908 қылмыс тіркелсе, 2002 жыл бойынша бұл көрсеткіш 967 болған. Әсіресе, есірткі заттарын сатып алушылардың көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 330 адамға көбейіп, 5, 4 пайыздық өсімді көрсеткен. Оның үстіне биыл Ауғанстанда апиын шикізатын өндірудің ТӨРТ мың тоннаға жеткенін көрсек, онда мұнша мөлшердегі сораның ел аумағымен транзит арқылы тасымалданып, қаншама отбасының желікбастарын сорлатып кететінін көз алдыға елестету қиын емес. Ресми мәліметтерге жүгінер болсақ, онда үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына дейін еліміздегі нашақорлардың саны 47000 адамға жеткен. Бұл бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығынан алынған мәлімет. Сонымен қатар, мұндай зерттеулер жүргізген нашақорлықтың медика - әлеуметтік мәселелерін зерттейтін республикалық ғылыми - практикалық орталығының ақпараты тіпті басқаша болып қалыптасып отыр. Аталмыш орталық есірткіге есі кеткендер санын 254203 адам деп көрсетіпті, яғни еліміздің 1, 7 пайыздайы есірткі заттарын тұтынады деген сөз. Бұнымен қоса 1689 адам ( 11, 3 пайыз ) осы шеңбердің аумағына кіру қаупі алдында тұрғанын меңзейді. Олардың жас мқлшері 17 мен 26 жас аралығында екенін қатерге алар болсақ, онда жалғыз Қазақстанның Сыртқы фактормен жалғыз күресуге шамасы жетпесі айдан анық.

Ал есірткі негізгі күнкөрісіне айналған ауған халқы да оны өсіруді оңайлықпен қоя қоюы екі талай болмақ. Кейбір мәліметтерге қерағанда, мұндағы жағдайды реттеуге кем дегенде 20 жылдай уақыт қажет екен. Өйткені, қазіргі Ауғанстан басшысы Хамид Карзайдың өзі апиын өсірушілерге тыйым салуға бата алмасы кәміл. Себебі, мұндағы күштеп жою операциялары басталысымен елде үкіметке қарсы табанды толқулар орын алуы әбден мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Ал АҚШ үшін бұл тиімсіз. Колумбия тәжірибесі көрсеткендей, бұл елдегі наркобарондармен күрес әртүрлі лаңкестік әрекеттермен ұштасып жатады. Осы аймақта өндірілетін есірткілердің тікелей АҚШ рыногына түсіп жататынын ескерсек, онда Ақ үй тарапынан аталмыш елдегіесірткі плантацияларын жоюға миллиондаған доллар бөлуі де заңды. Ауғанстан Америкадан алшақ жатқандықтан, мұндай шаралардың Вашингтое үшін қажеті шамалы. Дегенмен де нашақорлық дерті БҰҰ ( Біріккен Ұлттар Ұйымы ) деңгейінде өткір мәселелер қатарына қосылып келеді. Халықаралық ұйымның есірткі заттарын қадағалау жіне қылмыстың алдын алу жобасының үйлестірушісі Мирзахит Сұлтановтың сөзімен айтқанда, нашақорлық және есірткі бизнесімен күрестің екі жолы бар. Алғашқысын күштеп ( тәркілеу, жою және т. б. ) тыю арқылы қарастыратын болсақ, ал соңғысына первентивтік тәсілдері жатқызылады. Алайда, күрестің бірінші жолына миллиардтаған доллар бөлінгенімен кешегі 1930 - жылдардың өзінде есірткі саудасы үлкен индустрияға айналып үлгерген. Сондықтан бұндай кеселмен күресудің жалғыз жолы - ұлттық заңдарды нашақорлықпен күресті нығайтуға, қатаң жазалар қолдануға итермелемек.

Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің кезеңдері

Қалай болған күнде есірткі заттарын анықтау техникалық жарақтарсыз жүзеге аспасы түсінікті де. Мұндай кемшіліктің орнын толтыру мақсатында Еуропа одағының Орталық Азиядағы нашақорлықпен күрес орталығының арқасында бірқатар әуежайлардағы кеден және шекара қызметкерлеріне 17 тексеру құрал - жабдықтары табыс етілді. Ауған есірткісінің Орталық Азия аумағы арқылы Еуропаға жетіп жататынын ескерсек, онда мұндай көмектердің бұдан былай да арта берері түсінікті.

2000 - 2002 жылдар аралығында Қазақстан халықаралық ұйымдар тарапынан 731 мың долларлық техникалық көмек алған екен. Мұнымен қоса алдыңғы екі жылда нашақорлықпен күрес мақсатына бюджеттен қаржы бөлу төртесе артады деген үміт бар. Өкінішке қарай, бұл жұмысты қаншалықты күшейткенімізбен, кең байтақ қазақ даласынан есірткі заттарын алып өтуді тыя алмай келе жатқанымыз ащы болса да шындық. Қазіргі таңда Ресейдің де осы мәселеге келгенде бастары қатып отырған жайлары бар. Олай дейтін себебіміз, 70 мың шақырымға созылған солтүстік көршіміздің шекаралық аумағын түгел күзетпен қамту мүмкін болмауда. Оның үстіне 1 шақырым шекара жолағын түсірудің өзі 1 миллион рубльге дейін баратындығы тағы бар. Егер мұның барлығын жүзеге асыру керек болса, онда бюджет қоржынына айтарлықтай шығындар алып келері түсінікті де. Сондықтан да Ресей қауіпсіздік қызметтері қазақстандық әріптестерімен бірлесе жұмыс істеуге барынша мүдделі десек артық айтқандық емес. Ресей Федерациясы қауіпсіздік қызметі аппарат басқармасының басшысы Николай Успенскийдің мәліметіне жүгінсек, заңсыз мигранттардың 80 пайызға жуығы ішкі Ресейге қазақ жері арқылы енетіндігі анықталған. Олай болса, екі елдің де көздеген мақстаты бір.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар мен жасөспірімдердің есірткілік заттарға әуестену мен тәуелділікке шалдығу жағдайларына әкеп соқтыратын жағдайлар
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Есірткі заттарынды қолдану туралы жасөспірімдердің қызығушылығы
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартудың қылмыстық – құқықтық мәселелері
Нашақорлық жайлы
Есірткінің адам ағзасына әсері
Маскүнемдік пен девианттық мінез - құлық мәселелерін алдын алу шаралары мен әдістері
Нашақорлықтың неше түрлі зардаптары жайлы
Нашақорлықтың неше түрлі зардаптары
БАЛАЛАРҒА ҒАСЫР ІНДЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘСЕР ЕТУ АСПЕКТІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz