Төлем балансы және сыртқы қарыз



Төлем балансы
Ағымдағы операциялар шоты
Тікелей инвестициялар
Портфельдік инвестициялар
Портфельдік инвестициялар
Жалпы сыртқы қарыз
Мемлекет кепілдік бермеген сыртқы қарыз
Сыртқы қарыздың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері
Елдің төлем балансы тұрақты болып сыртқы экономикалық саланың дамуында қалыптасқанүрдісті бейнеледі: республикаға шет ел капиталының таза келуі оның резиденттерінің ағымдағы операциялар шотының теріс сальдосынан артық болды, мемлекеттің халықаралық резервтері одан әрі өсті.
Ағымдағы операциялар шоты
Ішкі сауда айналымы 14 миллиардтай АҚШ доллары болды. 1996 жылмен салыстырғанда өткен жылы тауар айналымы 8%-ке өсті бұдан бір жыл бұрын оның өсуі - 22% болған еді.
Алыс шет ел резиденттерімен экспорт және импорт операцияларының едәуір (тиісінше 28 және 43%) өсуі тұрғысынан алғанда бір жыл ішінде ТМД елдерімен сауда қатынастары тарылды. ТМД елдерінің экспортты азайтуы (8%) және импортты одан да гөрі азайтуы (14%) Қазақстан экспорты мен импортының жалпы құны жағынан тиісті түрде өсуіне жәрдемдесті. Экспорт жалпы алғанда 7,6% болып (1996 жылғы - 22%-пен салыстырғанда), 6,8 млрд. долл. болды. Сауда балансы жалпы алғанда 1997 жылы пассивті болып 385 млн. доллар болып шықты.
Қазақстан экспортының тауарлық құрылымы минералды өнімдерде - 37%-тен жоғары, жай металдарда – жалпы көлемінің 33%-і, өсімдік өнімдерінде - 10% шамасында, химия өнеркәсібі өндірісінде - 6%-тен жоғары көлемде топтастырылды.
Барлық экспорттың 88%-ін құрайтын негізгі жеткізілген экспорт номенклатурасының бағасы мен санының өзгеру ықпалына жасалған талдау олардың экспортының 2%-ке сәл ғана өсуі 1996 жылға қарағанда бағасы орташа алғанда 2% төмендегенде сан жағынан жеткізілімнің өсуі Т= 4% қамтамасыз етілгенін көрсетті, осы тауарлардың экспорты әрі жеткізілім санының 23% өсуі есебінен, әрі бағаның орташа алғанда 7% өсуі есебінен жалпы алғанда 32% артып отыр.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Төлем балансы және сыртқы қарыз

Төлем балансы

Елдің төлем балансы тұрақты болып сыртқы экономикалық саланың
дамуында қалыптасқанүрдісті бейнеледі: республикаға шет ел капиталының таза
келуі оның резиденттерінің ағымдағы операциялар шотының теріс сальдосынан
артық болды, мемлекеттің халықаралық резервтері одан әрі өсті.
Ағымдағы операциялар шоты
Ішкі сауда айналымы 14 миллиардтай АҚШ доллары болды. 1996 жылмен
салыстырғанда өткен жылы тауар айналымы 8%-ке өсті бұдан бір жыл бұрын оның
өсуі - 22% болған еді.
Алыс шет ел резиденттерімен экспорт және импорт операцияларының
едәуір (тиісінше 28 және 43%) өсуі тұрғысынан алғанда бір жыл ішінде ТМД
елдерімен сауда қатынастары тарылды. ТМД елдерінің экспортты азайтуы (8%)
және импортты одан да гөрі азайтуы (14%) Қазақстан экспорты мен импортының
жалпы құны жағынан тиісті түрде өсуіне жәрдемдесті. Экспорт жалпы алғанда
7,6% болып (1996 жылғы - 22%-пен салыстырғанда), 6,8 млрд. долл. болды.
Сауда балансы жалпы алғанда 1997 жылы пассивті болып 385 млн. доллар болып
шықты.
Қазақстан экспортының тауарлық құрылымы минералды өнімдерде - 37%-
тен жоғары, жай металдарда – жалпы көлемінің 33%-і, өсімдік өнімдерінде -
10% шамасында, химия өнеркәсібі өндірісінде - 6%-тен жоғары көлемде
топтастырылды.
Барлық экспорттың 88%-ін құрайтын негізгі жеткізілген экспорт
номенклатурасының бағасы мен санының өзгеру ықпалына жасалған талдау
олардың экспортының 2%-ке сәл ғана өсуі 1996 жылға қарағанда бағасы орташа
алғанда 2% төмендегенде сан жағынан жеткізілімнің өсуі Т= 4% қамтамасыз
етілгенін көрсетті, осы тауарлардың экспорты әрі жеткізілім санының 23%
өсуі есебінен, әрі бағаның орташа алғанда 7% өсуі есебінен жалпы алғанда
32% артып отыр.
Ұйымдастырылған импорт құрылымында минералды өнімдер үлесі 21-ден
16%-ке дейін азайды, инвестициялық тауарлар үлесі 29-дан 34%-ке дейін өсті.
Әкелінген машиналар, жабдықтар, аспаптар құны кеден статистикасының
мәліметтері бойынша 1,5 млрд.долл. болды.
Тікелей инвестициялар. Қазақстан Республикасына шетелдік тікелей
инвестициялардың (ШТИ) түсу көлемі 1997 жылы 2,1 млрд. АҚШ доллардан астам
немесе ЖІӨ-ге 9% болып, 1996 жылғы осындай көрсеткіштен едәуір артты (1,7
млрд. АҚШ долл. шамасында). Негізгі компаниялардың несиелері мен займдарын
ескергенде, тікелей инвестициялардың келуі 1,3 млрд. АҚШ доллардан астам
болды.
Тікелей инвестициялар статьялары құрылымының басқа капитал
позициясында көрсетілетін тікелей шетелдік инвесторлардың кредиттері мен
займдарының үлесіне ШТИ-дің жалпы көлемінің 65%-тен астамы тиесілі. Мұндай
займның елеулі бөлігі қысқа мерзімді сипатта болғандықтан, шикізатпен
өтеледі. Мысалы, 1997 жылы несие және займ түрінде келген тікелей
инвестициялар 1 382 млн. АҚШ доллар, оларды өтеу – 786 млн. АҚШ доллар
болды. Акционерлік және соған тең капиталға қосылғаны 707 млн. АҚШ долл.
(34%), қайта инвестициялау – 17 млн. АҚШ доллар (1% шамасында) болды.
1997 жылы Қазақстан экономикасына инвестициялауда алда болған
елдер арасында Оңтүстік Корея (барлық келген ШТИ-ның 34%-і), Қытай мен
Ұлыбритания (15%-тен) және АҚШ (10% шамасында). Шетелдік тікелей
инвестицияларды тарту арқылы дамыған саланың ауқымы кеңеюде.Шетелдік
инвесторлардың қашанда көздеген мүддесі шикізат өндірісімен қатар, 1997
жылы шетелдік инвестициялар белсенді түрде энергетикаға, байланысқа және
тамақ өнеркәсібіне тартылды. Металлургияға барлық келген ШТИ-ның 41%-тен
астамы, мұнай-газ кешеніне – 34% энергетика мен байланысқа - 6%-тен және
тамақ өнеркәсібіне - 3%-тен астам инвестиция тартылды. Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігінің шоттарына Қазақстанның ірі
кәсіпорындарының мемлекеттік акциялар пакетін сатудан 600 млн. АҚШ долл.
түсті.
Портфельдік инвестициялар. 1997 жылдың қазан-қараша айларында
капиталдың халықаралық рыногында 350 млн. АҚШ доллар сомасына Қазақстан
еурооблигациялары орналастырылды, мұнан басқа Казкоммерцбанк ААҚ 50 млн.
АҚШ доллар сомасына американдық депозитарлық қолхат және ауқымды
депозитарлық қолхат түрінде дебюттік эмиссия акцияларын өткізді. Резидент
еместердің республиканың бастапқы және қайталама рыноктарында мемлекеттік
қазынашылық облигацияларды, Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді
ноттарын және корпоративтік бағалы қағаздар сатып алуы 5 млн. Ақш доллар
болды. Жинақтай келгенде портфельдік инвестициялардың түсу сомасы 1997 жылы
404 млн. АҚШ доллар болды, бұл былтырғы жылдың осыған ұқсас көрсеткішінен
екі есе артады.
Басқа инвестициялар. Бұрынғысынша, тартылған сыртқы ресурстардың
едәуір бөлігін (20%-тен астамын) ресми кредиторлардан түскен үкімет
займдары мен мемлекет кепілдік берген кредиттер құрайды. 1997 жылы дамуға
ресми көмек және үкімет кепілдік берген донор елдердің экспорттық
кредиттерінің салалары бойынша республикаға 650 млн. АҚШ доллардан астам
сомаға кредит ресурстары келіп түсті, оның ішінде 320 млн. АҚШ долларға
жуығы – халықаралық қаржы ұйымдарының займдары.
Өзге қаржы құралдарымен операциялар бойынша таза түскені – Өзге
капитал статьясы – бір жыл ішінде 522 млн. АҚШ доллар болды. Республиканың
жеке секторлары тартқан несие мен кредит көлемі едәуір ұлғайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік активтері 1997 жылы 473 млн.
АҚШ доллар болып, ҚҰБ халықаралық жиынтық резервтердің 1997 жылдың аяғына
қарай 2,2 млрд. АҚШ доллардан астам деңгейге дейін ұлғаюын қамтамасыз етті,
ол 3 айдан астам уақытқа тауар мен қызмет импортының орнын жабуға
жеткілікті.
Жалпы сыртқы қарыз
Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалауы бойынша республиканың сыртқы
қарызы 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 5 712,9 млн. АҚШ доллары
болды. Қарыздың негізгі бөлігі (3 290,1 млн. АҚШ доллар) тікелей және
мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз болса, мемлекет кепілдік бермеген
сыртқы қарыз 1211,7 млн. долларына, қазақстандық кәсіпорындардың шет ел
жабдықтаушыларына тікелей контрактілер бойынша берешегі – 1211,1 млн. АҚШ
долларына жетті.
Жалпы сыртқы қарыздың өзгеру барысы

млн. АҚШ доллары
Атауы 1.01.94 1.01.95 1.01.96 1.01.97 1.01.98
Тікелей мемлекеттік және
мемлекет кепілдік берген1 765,6 2 696,3 2054 2606,3 3 290,1
сыртқы қарыз
%% 89,3 82,6 59 62,3 57,6
Мемлекет кепілдік
бермеген сыртқы қарыз 4,3 26 455,3 677,6 1 211,7
%% 0,2 0,8 13 16,2 21,2
Тікелей контрактілер
бойынша борыш 208,2 542,6 971,1 902,3 1 211,1
%% 10,5 16,6 28 21,6 21,2
Барлығы 1 978,1 3 264,9 3 480,4 4 186,2 5 712,9

Тікелей мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздың
жалпы сыртқы қарыздағы үлесі 1.01.98 ж. 57,6% болды. Осы категорияның
бағасына Қазақстан Республикасы Үкіметтің (1 742,9 млн. АҚШ доллар),
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (542,2 млн. АҚШ доллар) борыштары
және республика кәсіпорындарының үкімет кепілдіктерімен қамтамасыз етілген
борыштары (1 002,0 млн. АҚШ доллар) енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке кредиторлардан қаржы тартуға
баса көңіл бөлуде. Жеке кредиторлардың мемлекеттік және мемлекет кепілдік
берген сыртқы қарызының үлесі өсті және 1997 жылдың соңында 17,6% болды.
Жеке кредиторлар Қазақстан Республикасының Үкіметін, негізінен, оның
шығарған еуроноттары мен қазынашылық міндеттемелерін сатып ала отырып
қаржыландырады.
Ресми кредиторлар Қазақстан Республикасы үшін қаржыландырудың
маңызды көзі болып табылады. Тікелей және кепілдік берілген мемлекеттік
қарыз бойынша олардың алдындағы борыш (ХВҚ займдарын есептемегенде) 1 196
млн. АҚШ доллар немесе 36,3% болды. Дамуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем балансының есеп айырысу балансынан айырмашылығы
Ағымдағы операциялар балансы
Ішкі және сыртқы борыштар
Мемлекеттің төлем балансының экономикалық мәнін ашу
Халықаралық есеп айырысу баланстары
Мемлекеттің төлем балансы
Валюта жүйесі, валюта курсы, халықаралық есеп айырысу
Төлем балансы
Қазақстанның қаржылық жүйесі
Ашық экономика мәні
Пәндер