VI-VIII ғасырдағы ұлы ғұламалар


VI-VIII ғасырдағы ұлы ғұламалар
Қорқыт (IX)
Қобыз атасы, композитор жыршы, ақын, музыкант, бақсылардын қамқоршысы. «Қорқыт ата кітабы» әдеби ескерткіштеріне IX-X ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә. Науаи арқылы белгілі болып, түрік халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады.
Аңыздарда Қорқыт Қырмаш пен “жарлық жүзді сұлудан”тағылған делінеді. Оның есімінің өзінде магиялық мән бар.
Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.
Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі-адамилық жоғалту. “Қорқыт ата кітабы”-кейіннен түркіхалқының құрамына қосылға оғыз тайпасының эпитикалық жазба ескерткіші. Кітап оғыздардың өмірі жайлы баяндайды. Оғыз - қыпышақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы сақталған (Дрезден, Ватикан ) . Әр жырдың өзіндік сюжет бар. Олардың әрбірінде көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әр бір жырдын соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Кітап ақыл-өсиет, мақал-мәтел, нақыл, шешендік сөздерге толы.
Ондағы оқиғалар Сыр бойында, Орта Азия, Кавказжерлерінде өтеді. Одан кең даланы мекендеген рулардын құралутарихы аңғарылады. Қорқыт ата жайындағы аңыздар қазақ, қырғыз және т. б. түрік халықтарының арасында сақталған.
Кітапта қазіргі қазақ тілінде кездесетін географиялық атаулары көптеп кездеседі. Қазақстан жерімен тығыз байлынысты екенін дәлелдейді. «Қорқыт ата кітабы» түрік халықтарының тарихи ескерткіші болып табылады.
Мұраның орыс тілінде толық аудармасын В. В. Бартольд 1922 жылы жасады, ол 1962 жылы жарық көрді. Ал қазақ тіліне аудармасын Ә. Марғұлан, Н. Келімбетов, Ә. Қоңратбаев сынды қазақ ғұламалары 1986 жылы басып шығарды.
Қорқыт атаға арналып 1980 Қызылорда облысының Жосалы станциясынан 18 км жерде, Қорқыт разъезінің түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды. Авторлары - Б. А. Ыбыраев, физик С. И. Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4 тік көктастан тұрады, биіктігі 8 м. Жоғары жағында аузы кең түтіктен орнатылған. Аузы кең орталық тесікке келіп түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж. )
Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты - жөні Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты - Ұзлағ, ал арғы атасының аты - Тархан. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отрарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.
Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтарды. Білімнің әртүрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған.
Исламмен, араб халифатымен байланысты барлық қалаларда болған. Ол сарайлық әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн көріп, ғұмырының соңғы жылдарын Сайф ад-Дауль Хамиданың қамқорлығымен Алепо мен Шамда (Дамаскіде) өткізеді. Ол 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болады. Сүйегі кіші қақпалардың ар жағына қойылады. Фараби өз шығармашылығында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны «Үлкен музыка кітабы» атты еңбегіне байқауға болады. Ол өз заманының ғылымын жүйелеуге ұмтылды.
Саяси этика мен философияның арқасында бақытқа жетуге болатынын тапқан Фараби ізделікті қала мен надан қаланы салыстырады. Бақыт пен лайықты өмірге барар жол адам, табиғатты зиялы және этикалық кемелділік нағыз әмірші жайындағы талдаулар әлі терең зерттеле қоймаған. «мемлекет қайраткерінің афоризмдері», «Азаматтық саясат» атты еңбектерінде өрбиді. Фарабише бақыт абсолюдтік игілік.
Фарабидің этикалық тұжырымдамасында негізгі орынды жақсылық санатын алалды. Ойшыл «Әлеуметтік-этикалық трактатында»: «Жақсылық негізін атрибуты бола тұра, материалға кіреді, жақсылықтан жамандық болмысының жоқтығымен ажыратылады», деп есептейді. әлеуметтік өмірдің шындығына тән кереметтілік тұрмыстық құбылыстардың шындығын көрсете білуде екенін дәлелдейді.
Фараби адамзат құрметі үшін интеллект өте қажетті деп есептеді. Ақыл халықтар арасындағы тартыстың (Соғыстардың) мағынасыздығын көрсетеді. Содан олар «ең биік» игілікке, яғни жер бетіндегі бақыт пен бейбітшілікке жету үшін «кедісімге көшуге тура келеді» деп жазған.
Фараби «Ғылымды жүктеу және анықтау туралы кітап» деген еңбегінде ортағасырлық ғылымдардың ақырғы жүгін ашып береді. Бұл кітап ғылым салаларының өзіндік жүкке бөлінумен ерекшеленеді.
Жүсіп Баласағұн (1017-1075жж. )
Жүсіп Баласағұн өмірі жайында мәлімет мардымсыз. Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі қаласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі, Жетісудан Шу жағалауында Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Тараз облысының аумағынан алыс емес жерде деседі. Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді.
Білімді Фараб (Отрар), Қашқар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлейді. өзінің атақты философиялық диолоктологиялық «Құтты білік» дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағын береді.
«Құтты білік» поэмасы түрік тілінде энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: «Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз мұсылман идеолониясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде, түріік тілінде жазылған шығарма», - деп баға береді.
Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесек болмайды: «Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездік әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемді әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне назар болмас еді».
Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер тұрақты сөз тіркестері енген.
Махмұд Қашқари (1029-1101жж. )
Махмұд Қашқаридың толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол - ХІ ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Қархандар ақсүйектері ортасынан шыққан. әкесі Құсайын Мұхаммед Мәуреннахрды жаулаушы Боғраханның немересі екен. Барыс ханның уәзірі болып, (Ыстық көлдің оңтүстік жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады, сол жерде білім алып, әрі қарай Бұқара мен Нишапурде жалғастырады. Осы қалаларда оқып жүрген кезінде тіл, фольклор, этнография, география, жаңа жерге орнығу, түріік халқының менталитетін қызықтара бастайды. Онда өте бағалы кейбір жағдайларда таптырмайтын, ХІ ғасырда өмір сүрген көптеген тайпалар жайында мәліметтер енгізілген. Жинақтаған мол тәжірибесімен байқағанын ол өзінің басқа еңбегі, - «Диуани лұғат ат-Түрікте» зерделейді.
Әр түрлі тайпалардың арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қзақастан мен Орта Азия болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (Мәселен, Александр Македонский жорығы туралы) құнды мәліметтер бар. Тарихшылардың назарын өзіне аударған - шығармадағы дүниежүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М. Қашқари оны 1072-74 жылдары Халиф Әл-Мұхтадиға арнап құрастырған.
«Жинақты» 8 бөлімге топтастырдым . . . Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым.
Түркі халықтарының . . . бәйіт жырлары мен . . . мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Сөйтіп бұл кітаптар ұрпақтан-ұрпаққа халықтық мұраны қаз қалпында жеткізу мақсатымен қиынға қанат қағып әсемдік әлем - мәңгілік өмірге біржола олдама алды», - деп жазған М:Қашқари.
Ахмет Қожа Йассауи (1093-1166жж. )
Қожа Ахмет Йассауи - сопылық поэзияның негізін салушы ақын. Күллі Күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл. Діни қайраткер, тұлға. Ахмет Йасы (Түркістан) қаласында лүниеге келген. Шешсі ертерек өледі де, жеті жасында әкесі дүние салады. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туыс болып келетін Арыстан Баб екен. Ол өмірден қайтқанна кейін, 17жасында Йассы қаласына келеді. Оны тәмамдаған соң сопылық жолдың біраз ащы - тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шахары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстан Баб қалап кеткен дәстүрді жалғастырады. Осында ол ислам дүниесін кең таныған кемеңгерге айналады . . . Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізеді. Бір деректе 73 жыл, келесінде 75 жас деп берілген. Ж. Аймаутов ақынның 149 - Хикметіне сүйеніп, Йассауиді 125 жас жасаған дейді. (Онда 1041 жылы туған болады) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz