Түркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы

«Қорғауға жіберілді» қазақ әдебиетінің тарихы

және теориясы кафедрасының
меңгерушісі, ф. ғ. д, профессор

А. Б. Темірболат

« » 2015 жыл.

:

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ТАҚЫРЫБЫ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ АЙТЫС ЖАНРЫНЫҢ ТИПОЛГИЯСЫ

Мамандығы: 5В020500 - «филология: қазақ тілі»

Орындаған 4 курс студенті С. К . Есенкулова

(қолы)

Ғылыми жетекшісі:

ф. ғ. д., профессор А. С. Бұлдыбай

(қолы)

Норма бақылаушы:
ф. Ғ. к., аға оқытушы Е. М. Солтанаева

(қолы)

Алматы, 2015

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ. . .: КІРІСПЕ . . .
3: 3
КІРІСПЕ. . .: 1 АЙТЫС ЖАНРЫНЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ . . .
3: 6
КІРІСПЕ. . .: 1. 1 Айтыс жанрының тарихы . . .
3: 6
КІРІСПЕ. . .: 1. 2 Түркі халықтарындағы айтыс жанрының ортақ және дара белгілері . . .
3: 20
КІРІСПЕ. . .: 2 ҚАЗАҚ ПЕН ТҮРІК АЙТЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .
3: 34
КІРІСПЕ. . .: 2. 1 Қазақ пен түрік айтысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары . . .
3: 34
КІРІСПЕ. . .: 2. 2 Қазақ-түрік айтыс өнерінің жанрлық түрлері . . .
3: 47
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 61
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 63
КІРІСПЕ. . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
3:

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Түркі халықтарына ортақ мұра айтыс өнері баяғы, ежелгі заманнан бері жалғасып күні бүгінге жеткен асыл мұра. Айтыс жанры тілі, діні, мәдени мұрасы, тарихы бір түркі халықтарына енетін туысқан елдердің рухани мұраларын зерттеудің маңызы зор. Айтыс қалыптасып, сан алуан тарихи кезеңдерден, асу белестерден өтіп күні бүгінге біздің заманымызға ХХІ ғасырға жетуінің сырын айқындай түсу әрі түбі бір түркі халықтарындағы айтыс жанрын типологиялық тұрғыдан кешенді зерделеудің теориялық-методологиялық мәні де бағалы болмақ.

Айтыстың ежелгі замандағы байырғы түрлері жар-жар, бәдік, өлі мен тірінің айтыстары басқада түркі тектес халықтардың рухани мәдени мұраларымен салыстыра зерттелді. Түркі тектес халықтарына ортақ мұра айтыс өнері әуелден салт-дәстүр, әдет-ғұрып, діни нанымдық мифолгиялық, магиялық тұтастықта қалыптасып, кейінен өмір өте келе айтыс жанр ретінде бөлініп шықты. Айтыстың даму барысында қайымдасулар, қағысулар, жұмбақ айтыс, жекпе-жек айтыс түрлері бауырлас екі халықта ортақ сипатта екендігі айқындалды. Қазіргі айтыстың хал-ахуалы да егжей-тегжейлі қарастырылды. Сондай-ақ айтыс жанрын фольклормен, авторлық халық әдебиетпен синкретті өмір сүретін жанр ретінде қарастыруға болады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Түркі хaлықтaрынa ортaқ мұрa aйтыс өнерінің кешегі өткен дәуірі мен бүгінгі күнге жеткен aйтыс жанрының ортақ сипаттaры мен дaрa ерекшеліктерін зерттеу aйтыс жанрының қыры мен сырын aшa түсері aнық. Aйтыс мәтіндерін, текстологиялық мәселелерін бір қалыпқа жүйелеу, aйтыс нұсқaлaры мен түрлерін сaрaлaу, оны бaуырлaс тілдерге aудaрмa жaсaу, aудaрып жaриялaу ісі де жеткілікті дәрежеде қолғa aлынa қойғaн жоқ. Ал қуaнтaтын бір жaғдaй туыстaс елдер тәуелсіздік тұғырын алғaн сәттен бaстaп бaуырлaс елдер экономикaлық, сaяси және мәдени, рухани мұрa тұрғысынaн қaрым-қaтынастaрын нығaйтa түсті. Түркі хaлықтaрының рухaни өмірінде aйтыстың орны ерекше. Aйтыс түрлі сaлтaнaттaрда, мейрaм күндерінде ұйымдaстырылып, хaлық нaзaрынa ұсынылып, үнемі хaлықтың көңілінен шығып отырғaн. Қaзіргі тaңда aйтыс теледидардан әр aптa сaйын беріліп, кейінгі ұрпaқтың бұл дәстүрді тaнып білуі көзделіп отыр. Сонымен қaтaр ескіден келе жaтқaн мұрa жaңғырудa.

Түпкі тегі, тaмыры бір түркі тектес түрік пен қaзaқ хaлықтaрының ортaқ мұрaсы айтыс өнері болып тaбылaды. Айтыс жaнры бұл дәстүр қaзaқ пен түрік хaлықтaрындa бaр және бүгінгі күнге жетіп өз өмірін жaлғaстырудa. Бірaқ бұл дәстүрдің екі хaлықтa қолдaнылуындa дa елеулі aйырмaшылық пен өзгешіліктері, ерекшеліктері бaр.

Қaзaқ хaлқы мен түрік хaлықтaрынa ортaқ aйтыс жaнрының ұқсaстықтaры мен aйырмaшылықтaрынa тaлдaу жaсaу, тaрихи дaму кезеңін, өзгеру себептерін зерттеу, бaсқa хaлықтaрдaғы жaй-күйін сaрaптaп, бүгінгі күнге ұлaсу деңгейін қaдaғaлaп, пaйдaлы қорытындылaр жaсaу - жұмыстың негізгі мaқсaты.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Aйтыс өнері әлемнің көптеген ұлттaрындa болғaн және ол қaзaқ пен түрікте aрғы зaмaннaн бері жaлғaсып келе жaтқaн aрнaулы дәстүр. Қaзaқ пен түрік бaуырлaс мемлекеттердің aйтыс өнеріндегі ортaқ ерекшелік ақындaр айтысының мәтіндері шaмaмен XIX ғaсырдың екінші жaртысынaн (1850, 1898 жылдардан) бері жинaлып, содaн бергі зaмaндaрдa жүйелі түрде әр түрлі жинaқтaрдa бaсы біріктіріліп, жaрияланып келуі. Яғни aйтыс мәтіндері бір уақыттa, бір кезеңде жaриялануы.

Екі елде де осы жанр туралы түйінді тұжырымдaр aйтып, мән-маңызына тоқтaлған зерттеуші ғaлымдaрдың қaтaры мол.

Айтыс жaнрын қaзaқ ғылымындa арнaйы зерттеу жасаған ғалымдар: Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, еңбектерінен бастау алып, одан кейінгі кезеңде Р. Бердібай, М. Дүйсенов, Қ. Сыдиқов, С. Қасқабасов, М. Жармұхамедов, Е. Тұрсынов және т. б. ғалымдар еңбектерінде жалғасын табуда. Айтыстың жанрлық сипатын, көркемдік кестесін, текстология мәселесін саралай қарастырған зерттеулер қатарында М. Жармұхамедовтың докторлық, М. Имашевтің, С. Дуанаеваның, Т. Әлібековтың, Л. Әбдіхалықованың, Б. Имашевтың кандидаттық диссертацияларын атап өткен орынды.

Түрік тілінде айтыс тақырыбында зерттеулер жасаған ғалымдар: У. Гүнай, М. Бали, И. Башгөз, М. Ф. Көпрүлү, Ш. Елчин, Е. Арслан, Х. Диздароғлу, Е. Артун, Д. Қайа, Т. Гүнай, Б. Алптекин, Е. Джем Гүней, Х. Катары, Д. Дүзгүн, М. Өзарслан, Ф. Халыджы, М. А. Өздер, М. Йардымджы, С. Сакаоғлу, Н. И. Танрыкулу т. б. ғалымдарды атауға болады.

Зерттеу жұмысының нысаны. Түркі халықтарындағы айтыс жанрының типологиясы

жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Түркі халықтарына ортақ мұра айтыстың түрлері, әдіс-тәсілдері, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айқындау мақсатында төмендегідей міндеттерді алға тартамыз:

- Фольклор мен халық әдебиеті төңірегіндегі айтысқа байланысты зерттеулерді тұтастай негізге алып, бұл тақырыпта қазақ және түрік ғалымдарының зерттеулеріндегі жаңа пікірлерді ғылыми айналымға түсіріп, соны түйін жасау.

  1. - Мәселені жалпы сөз өнерінің дамуы шеңберінде қарастырып, қазақ пен түрік айтысының бағзы үлгілерін көне дүниетаныммен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен үндестікте зерделеп, айтыстың түрлерін, қызметтерін, әр елдегі орындалу ерекшеліктерін айқындау. - Айтыстың түркі халықтарындағы түрлі ерекшеліктерін жіктеп, оның себебі осы халықтардың өмір-тіршілік, еңбек-кәсібіндегі, сондай-ақ қоғамдық даму сатысындағы өзгешелікте екендігін көрсету.

- Қазақ және түрік айтыстарының өткізілу шартын жасау, арнайы талдау жасап және осы төңіректегі жалпы ерекшеліктерді анықтау.

  1. - Түркі халықтарындағы айтыстың түрлерін саралау, осы жанрдың әу баста салтпен бірлікте өмір сүріп, кейіннен поэтикалық жүйесі бар жеке қалыптасқан жанр ретінде қазақ, қырғыз, қарақалпақ, сонымен бірге түрік, әзербайжан елдерінде дамып, озық өнер дәрежесіне көтеріле алғанын дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдістемелік негіздері. Зерттеу барысында айтыс жанры туралы, сонымен бірге сөз өнері туралы айтылған, жарыққа шыққан пікір-тұжырымдар, ғылыми, әдеби-сын еңбектер жұмыстың әдіснамалық негізі етіп алынды. Қазақ ғалымдары қатарында Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, С. Қасқабасов, Р. Нұрғали, М. Жармұхамедұлы, Б. Әзібаева, К. Матыжан, Ш. Керім, С. Дәуіттің; Түрік ғалымдар қатарында У. Гүнай, М. Бали, Д. Қайа, Х. Картары, Д. Дүзгін, Ф. Халыджы, Е. Арслан, И. Динчер, М. Адиль Өздер, Е. Артун пікірлеріне сүйендік.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Жұмысты орындағанда қажетіне қарай тарихи-генетикалық, тарихи-типологиялық, сонымен бірге аналитикалық талдау тәсілдерін қолданып отырдық.

Зерттеу жұмысының негізгі дереккөздері. Дипломдық жұмыстың дереккөзіне Қазақстан Республикасы Орталық ғылыми кітапханасы Қазақстанның Ұлттық кітапханасындағы деректер негіз болды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Жұмыстың ғылыми практикалық мәні оның өзектілігімен, ғылыми жаңалығымен тікелей байланысты болып табылады. Оның басты себебі, бүгінгі күнге дейін «Түркі халықтарындағы айтыс жанрының типологиясы» кешенді түрде арнайы зерттеу нысанына айналмағандығында. Бұл дипломдық жұмыс түркі халықтарының халық әдебиетінің тарихын жазуда, жанрлар жүйесін зерттеуде, жалпы халық шығармасының поэтикасымен шұғылдануда қажетке жарайды.

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары. Түркі халықтарына ортақ асыл мұра айтыс өнері ежелгі заманнан бергі келе жатқан рухани қазынамыз, ата-бабамыздың бүгінгі заманға игі етіп қалдырған рухани аманаты. Айтыстың типологиясына, тарихына көз жүгіртіп зерттесек бүгінгі ұрпақ білмейтін айтыс өнерінің қыры мен сыры қаншама?! ежелгі, ерте заманда қалып қойған, айтыстың кейбір түрлері ұмыт болып қалған асыл мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі және келешек ұрпаққа, жахандану дәуірінде, ұмытылған қоғамға кейбір ұмыт болған айтыс дәстүрін жаңғырту, ата-баба аманатын сақтау.

1 AЙТЫС ЖAНРЫНЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

1. 1 Aйтыс жaнрының тaрихы

Aйтыс - хaлық әдебиeтiндe eжeлдeн қaлыптaсқaн пoэзиялық жaнр, тoп aлдындa қoлмa-қoл cуырып caлып aйтылaтын cөз caйыcы, жыp жapыcы. Aйтыc cинкpeттік жaнp, oл тұpмыc-caлт жыpлapынaн бaстaу aлып, кeлe-кeлe aқындaр aйтыcынa ұлacқaн. Aйтыcтa oсығaн oрaй лирикaлық, эпикaлық, дрaмaлық cипaттaр мол ұшырaсaды. Сол aрқылы бұл жaнр хaлық әдебиетiнiң өзгe түpлepiмен қaнaттaсa дaмып, бір-бірінe eлеулі әсeр-ықпaл жaсaп отырғaн. Бaтыр және лиро-эпос жырларынa дa әсерін тигізіп, өзі де aрнaсы кең мол сaлaғa aйнaлғaн.

Қaзaқтa aйтыс негізінен шешендік қaрa сөз, өзарa күй тaртыcу, кезектeсіп aйтылaтын cуырып caлмa өлең түрлерінде қaлыптaсқaн. Мұның қaй түрін aлсaқ тa aсa тaпқырлық пен aлғырлықты, қиыннaн қиыстырaтын шеберлікті керек етеді. Ерте зaмaннaн-aқ «өнер aлды - қызыл тiл» деп сөз өнерін қaдір тұтып қaстерлеген қaзaқ хaлқы жaлпы әдеби мұрaғa, оның ішінде өрнек aйқышы мол aқындар aйтысынa aйрықша мән берген. Айтысты өзінің рухaни мол өмірінің жaрқын көрінісі, көнермес aсыл мұрaсы тұрғысындa буыннaн бaынға жaлғaстырып, үлгі етіп отырғaн.

Ақындaр aйтысының бәрі дерлік жұрт бaс қосқaн ойын-сaуық, үлкен жиын, aс тойлaрдa қолмa қол суырып салып айтылатыны мәлім. Сол шаршы топта бәсеке сaйысынa түскен екі aқынның сөзін сaрaпқа салып, әділ төрелік айтушы да хaлық. Олар іштей өз eлiнiң нaмысын қорғaушы aқынның қaрсыласына сөз есебін жібермей, қалaй да жеңіп шығуын тілейді. Алaйдa өз aқынынa қaншaлықты іш тaртып отырғaнымен, сол қaрсылас екі ұдай қауымның өзі тапқырлықпен тауып айтылған уәжді, аталы сөзді мойындамауына, яки бір ақынға билікті бұрып айтуына ешбір жол жоқ.

Айтыс және айтыс жанрының зерттелу тарихы мен айтыс жанрының пайда болып қалыптасуы. Айтыс жанрының пайда болу тарихын анықтап алу үшін ең алдымен айтыс атаулыға тән ерекшеліктерді жіктеп алуымыз жөн. Айтыс өнерінің негізгі ерекшелігін М. Әуезов дәл басып көрсеткен болатын: «Ру жігіне бөлінген елкей кезде ұранмен бас құрасып, ұран атымен тіршілік еткенде рудың бәйгеге қосқан атын қызықтаса, күреске түскен палуанын қызықтап намыспен сүйсе, мынау өлеңдердің тұсында сол сияқты ру таласы, ру намысы, ру бәйгесіне сөз жүйрігін қосқандай болып жік-жікке бөлініп, солардың тілеуін тілесіп, қызығын қызықтасады» (М. Әуезұлы, 1927, 201-бет) . «Оның үстіне көбінесе тыңдаушы жұрт екі жақ болып екі ақынның туысы, тілеулесі, жақын ортасы болады. Сондықтан тартыс, талас тек екі ақын арасында ғана емес, бәсеке тілеулестік екі жарылған жиында да болады» [Әуезов, 1965, 9-10-беттер] .

А. Весолвскийге еліктеп (А. Весолвский 1941), М. Әуезов айтыстың ең ескі түрлері топ-топ болып озінше қормен айтылатын көне салт өнерінен басталып, содан бері келе жатқан ақындар айтысына өрістеп ауысқан тәрізді деп айтады. Айтыстың ең көне түрлері деп, ол жар-жар мен бәдік айтысын атайды (Әуезов, 1965, 10, 21-беттер) . Бұл пікірді С. Мұқанов пен Ә. Рахымжановта қостайды (С. Мұқанов, 1964, 12-15 - беттер; Ә. Рахымжанов, 1932, 112-бет) .

М. Қаратаевтың пікірі бойынша, ақындар айтысы ырыми жанрлармен ғана емес, сонымен қатар шешендер айтысыменде байланыста пайда болған құбылыс. Ақындар айтысы - шешендер өнерінен нәр алып, оны әрі қарай дамытқан өнер сайысы. Бұл процесс жалаң өтіп жатпаған. Жар-жар дәстүрінің дамуы нәтижесінде қайым айтыс дәстүрі қалыптасты. Бұл, нағыз ақындық айтыстың төменгі сатысы іспетті. Айтыстың ең жетілген, әрі күрделі түрі - «сүре айтыс» М. Каратаев, 1968, стр. 324-330) .

С. Мұқанов айтыстың: жар-жар, қайымдасу, жұмбақ айтыс, дін айтысы (оның ішінде бәдік айтысы мен шариғат тақырыбындағы айтыс) сияқты түрлерін осы жанрдың ең көне түрлері деп таныған. Өкінішке орай, автор айтыстың осы түрлерін көне түрлерге не себептен жатқызатындығын дәлелдеп бермеген. Тек бәдік айтысы туралы жазғанында: «Шаман дінін қолданып жүрген адамдар: малға, адамға тиетін індет ауруының иесі, құдайы бар деп түсінген және оны «бәдік» деп атаған», - деп көрсетеді ( С. Мұқанов, 1964, 12-17 беттер) . Автордың соңғы айтқан пікірімен келісу қиын-ақ, өйткені бәдік ырымының негізінде магиялық ұғымдар жатыр, ал магия шаман дінінен едәуір бұрынғы заманда пайда болған құбылыс. Мұны бәдік ырымының рәсіміненде анық байқауға болады: ауруды бақсы емес, ал жиналған жұрт күшін біріктіріп емдеген. Бұл - шамандықтан бұрынғы дәуірдің салты.

Айтыс қазақта ғана емес, сонымен қатар біршама өзге халықтардың рухани тіршілігінің тарихынан орын тауып отыр. Алайда оның нағыз өнер биігіне көтере алған және қазіргі күнге дейін сақтап келе жатқан тек қазақ халқы мен қырғыз, таилер елдері.

Әр түрлі халықтарда айтыстың әр түрлі формалары кездеседі. Осылардың барлығына ортақ сипаттар төмендегідей:

1. Айтысқа бір ру, немесе бір ауылға жататын адамдар түспейді; айтыстың негізгі мазмұны қарсылас жақ руының, ауыл адамдарының кемшіліктерін айтып, әшкерелеу болып келеді. Демек, айтысқа түскен адамдар өздерінің жеке атынан ғана емес, бүкіл ру, ауылдарының атынан сөйлейді;

2. Әке жағынан туыстас қыз, келіншектермен айтысқа түспейді; айтысқа тек рулары (ауылдары бөлек жігіттер мен қыз-келіншектер және құдалар (экзогамия салты бойынша, үйленетін жігіт пен қыздың рулары бөлек болуы шарт) түседі. мысалы, қазақтардың үйлену салты бойынша, қызды алып келуге келген жігіттің қасында арнайы айтысуға дайындалған ақындар келетін. Қыз жағының ақыны мен жігіт жағының ақыны айтысқа түседі. Бірақ айтыс осыменен шектелмейді. Қыз жағының адамдары жігіт жағын кемітуге тырысып, неше түрлі амалдар жасайды, жігіт жолдастарының бет-пішіндерін, киген киімдерін, мінген көліктерін сыйға тартуға алып келген заттарын, т. б тілге тиек етіп мазақ етеді, келеке қылады. Екі жақ арасында қызу сөз жарысы басталады. Құдалар арасындағы осындай сөз жарысын ақындар айтысымен жақындастыратын - сөз бәсекесінің обьектісі ғана емес (қарсыластарының бет-пішіндер, киімдері, сөз сөйлеу мәнері, мінген көліктері, т. б. ) . сөз жарысы қыза түзе, әңгіме қарсыластар руларының жалпы мін-кемшіліктеріне ауысады. Демек, құдалар айтысы - екі ру адамдары арасында айтыстың бір түрі. Ганьсул аймағында тұратын моңғолдарда құдалардың сөз бәсекесі жігіт жағы адамдары қыз үйінің қақпасы алдына келгенде құдалардың бір-біріне жұмбақ айтысынан басталады. Қыз жағының өлең түрінде айтқан жұмбақтарын жігіт жағы өлең түрінде шешіп бергеннен соң оларға үйге кіруге рұқсат етіледі. Қонақтар дастарқан басына жайғасқан соң қыз-келіншектер есіктен сығалап көріп, күйеуді, күйеу жолдастарды және олардың алып келген сыйлықтарын келемеж етіп, өлең айтады. Қыз-келіншектердің айтатын бұл өлеңдері өзге моңғол халықтарының қыз ұзату салтында кездеспейтін сияқты (Тодаева, 1973, стр. 197 - 201) .

Функциялық құрылыс жағынан құдалар айтысы қыз бен жігіттің айтысы жақын. Олай дейтініміз: екеуіндеде айтысқа түсушілер - потенциялдық жағдайда бір-бірімен неке қатынастарына түсе алатын адамдар. Бір-біріне туыс қыз бен жігіттің өзара айтысқа түсетін фактілер біз білетін халықтардың ешқайсысында кездеспейді. Алайда бір ауылда (деревняда) тұратын жігіттер мен келіншектердің арасында айтыстар бола береді. Мұның себебін анықтау қиын емес: аталмыш ауылдың (деревняның) келіншектері бұл ауылдардың жігіттерімен эндогамда қатынастары бар рулардан шыққан, ауыл келіншектері шыққан рулары осы ауыл жігіттердің руынан бөлек болған соң ауыл жігіттерінің өз ауылындағы келін-жеңгелерімен айтысулары заңды.

Қыз бен жігіт айтысы қазақ, қарақалпақ қырғыздан басқа қарашай, малқарда бар. Қарашалар оны «ийнар» ал марқарлар «ийнар» және «сүймекілік жырла» деп атайды. Ийнарлардың құрылымы қазақтың қайым айтысына ұқсас. Қарашай ийнарларында өлеңнің алғашқы екі жолы өзгермей қайталана береді де айтысушылар тек соңғы екі жолды өз тарапынан қосып айтып отырады. Малқар, сүймекілік жырларының құрылысы осыған жақын, алайда сонымен қатар айтысушылардың тұтасымен өз ойынан суырып салып шығарған өлеңдеріде кездеседі. Тегінде, қарашаймен малқар - бір халықтың екі тармағы болғандықтан осы ерекшелікті екеуіне де ортақ ерекшелік десекте болады.

Қыз бен жігіт айтысы адыг (қабарды, черкес) халықтарында да бар. Ол «хорыбзехер» деп аталады. Хорыбзехердің ерекшелігі: бұл айтыс өлең түрінде емес қара сөз түрінде өтеді. Хорыбзехер үйлену салты фольклорына жатады. Оның негізгі тақырыбы - үйлену мәселесі. Жігіт сүйген қызынан кейде астарлап, кейде ашық түрде өзіне өмірлік жолдас болуын өтінеді. Қыз қалжыңдап жігіттің қолынан келмейтін шарттарды қояды. Жігіт өткірлігін байқатып, қызға тиісті жауап қайтарады. Қыз бұрынғысынанда қиын шарттарды қояды. Сөйтіп, қалжың мен күлкіге толы айтыс өрістей береді. (Мижаев, 1973, стр. 113-114) .

Қазіргі заманда айтыс жанры кең түрде дамып келе жатқан екі-ақ халық бар. Олардың бірі қазақ халқы болса, екіншісі - тайландтың негізгі халқы таилер. Таилердің айтыстарында қазақ айтыстарына тән көп ерекшеліктер анық байқалады. Таилер айтысты «плең» деп атайды. «плең» сөзі екі мағынада қолданылады: 1. Ән, әуен; 2. Белгілі бір әуенмен табан астында шығарылған өлең. Плеңің бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы бір-бірінен әуенімен және айтыстың өту тәртібімен айырылады. Айтысқа түсушілердің өлеңін сүймелдейтін музыка аспабы болмай қалған сәтте тыңдаушы жұрт айтыскерлерді белгілі бір ырғақпен қол соғып қостап отырады. Еркек пен әйелдің немесе еркектер тобы мен әйелдер тобы арасында өтетін айтыс «лен плең» деп аталады. Лен плеңнің екі түрі бар: «сакава» (екі кісі яки екі топ арасындағы айтыс) және «доксой» (екіден көп адам яки топ арасындағы айтыс) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ирония мен сарказм - айтыс жанрын көркемдеуіш тәсілдер
Қазақ шешендіктеріндегі сөйлеу түрлері
Қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбының даму, қалыптасу тенденцияларын, ислам дінінің ұлттық құндылыққа айналу жолындағы әдебиеттің маңызын анықтау
Кеңес дәуіріндегі айтыстар
Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау
Қазақ әдебиетіндегі төрттаған (рубаи) жанры
О. Досбосыновтың айтыстарындағы троптар
Қазақ және Жапон әдеби байланыстары
Е. Раушановтың Ғайша бибі поэмасындағы көркемдік ерекшеліктер
Белгілі әдебиет зерттеушілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz