Абыралы, Сарыкөл петроглифтері



Көне заман суретшілерінің ашық аспан астында галереялар жасауы таңғаларлық жағдай. Қазақстанның тасқа салынған гравюралары, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған ұлы мұрасы - көне заман жайында дерек беретін даусыз жәдігер. Қазақстан жеріндегі петро-глифтердің барлық өлкелерде кездесуі, жасау шеберлігімен, сюжеттік байлығымен таң қал-дырады. Ертедегі суретшілердін, туындыларынан жабайы аңдардың бейнелерін- құлан, сай-ғақ, елік, арқар, марал, ертедегі бұқа - тур барыс, қасқыр, жабайы жылқы бейнелерін кездестіреміз. Жануарлар жанды қимыл үстінде көрсетілген. Ертедегі шеберлер қос өркешті түйенің тәкаппар келбетін, тұлпарлардың сымдай сымбатын, бұғы мен сайғақтың әсемдігін, барыстың серіппеше атылуға әзір тұлғасын көрсете алған. Әсіресе аңшылық көріністері, жануарлардың арпалысы, батыр-лардың жыртқыштармен жекпе-жектері бейнеленген гравюралар өте қызықты. Жартастардағы суреттерден ертедегі малшылардың, темірқорытушылардың, көшпелі керуеншілердің өмірінен деректер беретін сызбаларды да көруге болады. Түйелі керуендер мен салт аттылар топтары бейнеленген петроглифтердін, сюжеттері қазақтардың Желмая жайлы көне аңызымен үндеседі (Ұлытау, Бұланты, Білеуті, Абыралы және басқалары).
2004 жылғы барлау-іздестіру жұмыстары барысында Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Сарыкөл көлінің маңындағы Суықбұлақ деген жерден әр кезеңдегі мәдени-хронологиялық дәуірлерге жататын жерлеу кешендерімен қатар, біршеше тас бетіндегі суреттердің тобын анықтадық. Олардың координатары - 48.36.31.3; 078.53.04.5. Әр түрлі топтарға салынған сүреттер қатты эрозия мен тотығуға ұшыраған. Бұл петроглифтердің кейбір тобының сипаттамасы төменде беріліп отыр.
Тегістік 1. Тастың беті тікелей орналасқан, яғни тік экспозиция. Екі ешкінің аяқтарын бір-біріне қаратып сұлбалық бейнеленуі. Орындалу техникасы айқын.
Тегістік 2. Тастың оңтүстікке қараған тік бетінде сеймин-турба стилінде жылқылардың бейнесі, басы, жалы, мойны мен денесі нақты көрсетіле отырып салынған. Жартастың шытынаған сызаттары бөліп тұрған олар көп бейнелі композицияларды құрайды. Кейбір аттардың аяғына тұсамыс салынып бейнеленген. Композицияға адамдар, басқа да жануарлар мен ашамай сызылған шеңбер түріндегі солярлық белгілер енгізілген.
Тегістік 3. Негізгі блоктан кертіліп түскен таста таутекелер мен ирек суреттер салынған. Тегістіктің үстін қалың тотық басқан.
Тегістік 4. Қалың тотық басқан. Белгісіз таңбалар мен зооморфты бейнелер.
1. Исин А.И. Шыңғыстау, Берел, Шілікті, Абыралы. 1999-2003 ж.ж. археологиялық зерттеулер.
2. Марғұлан Ә. Арқадағы тас мүсіндер. // Білім және еңбек. 1984. №4
3. Новоженов В.А. Петроглифы Сары-Арки. Алматы. 2002 г.
4. ШҚАЭ 2004 жылғы есебі.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Абыралы, Сарыкөл петроглифтері

Көне заман суретшілерінің ашық аспан астында галереялар жасауы
таңғаларлық жағдай. Қазақстанның тасқа салынған гравюралары, ата-
бабаларымыздың бізге қалдырған ұлы мұрасы - көне заман жайында дерек
беретін даусыз жәдігер. Қазақстан жеріндегі петро-глифтердің барлық
өлкелерде кездесуі, жасау шеберлігімен, сюжеттік байлығымен таң қал-дырады.
Ертедегі суретшілердін, туындыларынан жабайы аңдардың бейнелерін- құлан,
сай-ғақ, елік, арқар, марал, ертедегі бұқа - тур барыс, қасқыр, жабайы
жылқы бейнелерін кездестіреміз. Жануарлар жанды қимыл үстінде көрсетілген.
Ертедегі шеберлер қос өркешті түйенің тәкаппар келбетін, тұлпарлардың
сымдай сымбатын, бұғы мен сайғақтың әсемдігін, барыстың серіппеше атылуға
әзір тұлғасын көрсете алған. Әсіресе аңшылық көріністері, жануарлардың
арпалысы, батыр-лардың жыртқыштармен жекпе-жектері бейнеленген гравюралар
өте қызықты. Жартастардағы суреттерден ертедегі малшылардың,
темірқорытушылардың, көшпелі керуеншілердің өмірінен деректер беретін
сызбаларды да көруге болады. Түйелі керуендер мен салт аттылар топтары
бейнеленген петроглифтердін, сюжеттері қазақтардың Желмая жайлы көне
аңызымен үндеседі (Ұлытау, Бұланты, Білеуті, Абыралы және басқалары).
2004 жылғы барлау-іздестіру жұмыстары барысында Шығыс Қазақстан облысы
Абай ауданы Сарыкөл көлінің маңындағы Суықбұлақ деген жерден әр кезеңдегі
мәдени-хронологиялық дәуірлерге жататын жерлеу кешендерімен қатар, біршеше
тас бетіндегі суреттердің тобын анықтадық. Олардың координатары -
48.36.31.3; 078.53.04.5. Әр түрлі топтарға салынған сүреттер қатты эрозия
мен тотығуға ұшыраған. Бұл петроглифтердің кейбір тобының сипаттамасы
төменде беріліп отыр.
Тегістік 1. Тастың беті тікелей орналасқан, яғни тік экспозиция. Екі
ешкінің аяқтарын бір-біріне қаратып сұлбалық бейнеленуі. Орындалу техникасы
айқын.
Тегістік 2. Тастың оңтүстікке қараған тік бетінде сеймин-турба стилінде
жылқылардың бейнесі, басы, жалы, мойны мен денесі нақты көрсетіле отырып
салынған. Жартастың шытынаған сызаттары бөліп тұрған олар көп бейнелі
композицияларды құрайды. Кейбір аттардың аяғына тұсамыс салынып
бейнеленген. Композицияға адамдар, басқа да жануарлар мен ашамай сызылған
шеңбер түріндегі солярлық белгілер енгізілген.
Тегістік 3. Негізгі блоктан кертіліп түскен таста таутекелер мен ирек
суреттер салынған. Тегістіктің үстін қалың тотық басқан.
Тегістік 4. Қалың тотық басқан. Белгісіз таңбалар мен зооморфты
бейнелер.
Тегістік 5. Тік экспозиция. Екі адам мен зооморфты бейне.
Тегістік 6. Тігінен кертіліп түскен бірнеше плита бөлшектері.
таутекелерге атылған жыртқыштардың бейнелері салынған.
Тегістік 7. Жаяу садақшыны мен анықталмаған зооморфты бейнелер
композициясының фрагменті.
Тегістік 8. Тұяқ бейнелі таңба.
Тегістік 9. Ортасында нүктесі мен ашамай салынған солярлық шеңбер.
Тегістік 10. Тік жартастағы екі бөліктен тұратын композиция. Жанында
қолын көтеріп, тізесін бүгіп билеп тұрған адамы бар сымбатты жылқының
бейнесі. Төменгі сол жақ бұрышында кермеге байланған ат бейнеленген. Біздің
ойымызша, аталмыш суреттердің арасында басқа зооморфты суреттен өзгертілген
елік бейнеленген. Композицияға сондай-ақ таутеке мен белгісіз зооморфты
бейнелер енгізілген.
Тегістік 11. Палимпсест, яғни қабаттасу байқалатын композицияның
фрагменті.
Көне түркі мәдениеті мифологиялық санаға негізделген дәстүрлер мен
нормаларға, нақты детальдарға сүйенеді. Көне түркілер өздерінің символдық
дүниесін қалыптастыра білген. Орта ғасыр көшпенділері құдыретінің негізі
фольклорлық мәдениет пен бабалар аруағына бас ұрған өнер туындылары болып
табылады.
Эпикалық баяндар, мола бетіндегі эпиграфиялар, монументальді мүсін, тас
бетіндегі суреттер ғасырлардан ғасырларға ұласып, өзіндік қайталанбас
ерекшелікпен, терең танымдылығымен талғампаз әлемдік мәдениет пен өнердің
төрінен орны алды.
Шығыс Қазақстанның тас мүсіндерінің зерттеле бастағанына да аз уақыт
өткен жоқ. Әр жылдары жарық көрген қаншама басылымдар бар. Олар көне түркі
дәуірінің ескерткіштерін сипаттайды, тарихи маңызды бастау көздер ретінде
композициялардың хронологиясы мен интерпритациясынан мол мағлұмат береді.

Шығыс Қазақстанның тас мүсіндерін айғақтау мен зерттеу қашанда берері
мол еңбек екені дау тудырмайды. Өйткені, қазіргі кезеңде монументальді өнер
ескерткіштерін зерттеуде оларды дәуірлеу мен кезеңдерге бөлу,
классификациялау, тас бейнелер композициянының сырын ашу, сондай-ақ оларды
аталмыш аймақта және одан тыс жерлерде өткен этномәдени үрдістерді
айқындауда нақты деректер ретінде пайдаланудың өзектілігі артып отыр. Бұл
аймақтағы түркі тайпаларының жерлеу рәсімін археологиялық материалдардың
негізінде: С.С.Черников, Ф.Х.Арсланова, А.А.Чариков сынды көптеген
ғалымдар зерттеген.
Қазақстан территориясындағы неғұрлым көп тараған ескерткіштердің бірі –
жанына тас мүсіндер шаншылған жерлеу құрылыстары.
VI-VIII ғасырларға дөңгелек немесе тік бұрышты шағын
тас шарбақтар тән. Олар тегіс тақталардан қабырғалай қойылады, кейбір
жағдайларда бірнеше қабатпен қалап шығарылатын да болған. Екі, үш және одан
да көп шарбақтардың бір-біріне жапсарластыра қаланатын түрлері де жиі
ұшырасады. Тас мүсіндер болса шарбақтың шығыс жағына қойылатын болған. Бұл
жұмыста біз ескерткіштердің этномәдени және хронологиялық атрибуцияларымен
байланысты мәселелерді, сонымен қатар олардың мағыналық мазмұнын ашуды
мақсат тұтқан жоқпыз, өйкені келешекте бұған арнайы талдау жұмысын арнамақ
ойымыз бар.
Төменде 2004 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай, Тарбағатай
аудандарында жүргізілген дала зерттеулері барысында табылған тас
мүсіндердің алдын-ала сипаттамасы беріледі. Сонымен қатар, салыстырмалы
материал ретінде басылымға А.А.Чариков, Ф.Х.Арсланова және Л.Н.Ермоленко
тарапынан жарияланған бірнеше тас мүсіндердің сипаттамасы енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қарауыл кентінен оңтүстік-батысқа
қарай 70 шақырым жердегі Сарыкөлге ұласып жатқан территориядан өткен
ғасырдың 90 жылдарының аяғында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан шыққан
археологиялық экспедицияның жетекшісі Ә.Т.Төлеубайдың және 2000-2002
жылдары Шәкәрім атындағы Семей МУ профессоры А.И.Исиннің жетекшілігімен
шыққан экспедицияның тарапынан тас мүсіндері бар рәсімдік жерлеу
комплекстері табылған болатын. Соның ішіндегі қомақы олжаның бірі ретінде
тас шарбақтардың бірінің шығыс жағына орнатылған тас мүсіннің түбінен
табылған “қазынаны” атауымыз керек. Бұл материалдарды А.Исин алдын-ала
ғылыми айналымға енгізген. Бірақ, әлі де болса кешеннің өзі зерттеу
нысанына іліккен жоқ.
Біз 2004 жылдың көктемінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
университетінің ғалымдарымен бірлесіп осы кешенді зерттеу жұмыстарын
бастадық. Осы жылы Сарыкөлдің айналасынан 10-15 шақырым радиуста тас
мүсіні бар көне түркі кешендерін барлау-іздестіру жұмыстарын жүргіздік.
Төменде, сол жылы кездестірген тас мүсіндері бар кешендерге алдын-ала
сипаттама беріп өтпекпіз.
Тас мүсіннің түбінен қазына табылған кешен. Координаттары N48041’ 4,6”
E078°55’98,2”.
Шарбақтың үстіндегі өсінділер сол жердегі сияқты – селеу, ортасына
қарай тобылғы өскен.
Ескерткіш әр түрлі көлемдегі бір-бірімен жалғасқан үш тас шарбақтан
тұрады. Тас мүсін басқаларына қарағанда көлемі жағынан үлкен солтүстік
шарбақтың шығыс жағына қойылған.
Мүсін 1. Нағыз монғол келбетті ер адамның бет пішіні салынған. Оның
басы ұстыннан мойын мен иықтарын кескіндей отыра бөлектеп көрсетілген. Бет
пішіні анық көрінеді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ешкіөлмес тауларындағы петроглифтер
Тас бейнелерінің көпшілігі көне суреттер
Шыңғыстау өңірінің қола дәуірі ескерткіштері
Әуелгі қола мәдениеті
Қазақстандағы археологиялық және этнографиялық ескерткіштер – тарихи туризм нысаны
Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулер (ХХ ғасырдың екінші жартысы)
Қазақтың ұлдары
Петроглифтерді негізге ала отырып киім жобалау
Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер
Семей өңірінің тарихи топонимдері географиясын зерттеудің перспективалары мен маңызы
Пәндер