Меншiкті капитал туралы



Кiрiспе

I Бөлiм
1.1. Меншiк капитал туралы түсiнiк
1.2. Ғалымның ой.пiкiрi

II Бөлiм. Меншiкті капитал есебi
2.1. Жарғылық капитал есебi
2.2. Резервтiк капитал есебi
2.3. Бөлінбеген табыс есебi және жабылмаған зиян
2.4. Капитал қозғалысы бойынша операцияларының есебi

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған , қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген пайда.Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық кұжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін. Қосымша төленбеген капитал кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).
1) Кеулимжаев Қ.К., Төлегенов Э. Т., Байдаулетова М. Б., Құдайбергенов Н. А., Субьектінің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерік есеп шоттарының корреспонденциясы. - Алматы: Экономика, 1998.
2) Кеулимжаев Қ.К., Құдайбергенов Н. А., Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. – Алматы, Экономика, 2006.
3) Кеулимжаев Қ.К., Құдайбергенов Н. А., Әжібаева З. Н., Бухгалтерлік есеп принциптері. – Алматы, Экономика, 2000.
4) Кеулимжаев Қ.К., Құдайбергенов Н. А., Әжібаева З. Н., Жантаева А. Ә., Қаржылық есеп.- Алматы : Экономика, 2001.
5) Төлегенов Э.Т., Бухгалтерлік ақпарат жуйелері. – Алматы, Экономика, 2001.
6)Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И., Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. – Алматы, Экономика, 2002.
7)Тасмағанбетова Т.А., Омаров А.Ш., Қаржы есебі - Алматы,Экономика, 1998
8) Міржақыпова С.Т., Банктегі бухгалтерлік есеп. - Алматы,Экономика, 2004

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

Кiрiспе

I Бөлiм
1.1. Меншiк капитал туралы түсiнiк
1.2. Ғалымның ой-пiкiрi

II Бөлiм. Меншiкті капитал есебi
2.1. Жарғылық капитал есебi
2.2. Резервтiк капитал есебi
2.3. Бөлінбеген табыс есебi және жабылмаған зиян
2.4. Капитал қозғалысы бойынша операцияларының есебi

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы
барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде
мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге
айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы
заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның
құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде
қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы
осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден,
тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы
кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған , қызмет атқарушы
яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік
баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері
баланстың пассивінде көрсетіледі.Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен
айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының
көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал және
бөлінбеген пайда.Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да
құрылтайшылық кұжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында
тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер
енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін. Қосымша төленбеген капитал
кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын
қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да
басқа жағдайлардан туындайды. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал -
келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың
(ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан
(табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық,
сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының
заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).
Бөлінбеген пайда (табыс) кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық
жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен
(пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы
қалған бөлігі болып табылады. Жарғылық капиталы қызметті бастауды
қамтамасыз ету үшін жаңадан кұрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының
сомасы болып саналады.Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол
ұйымның шығарған акцияларының түрлері (жәй және артықшылығы бар),
акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына
сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің
жалпы жиналысында бекітіледі.

I. Бөлім.
1.1. Меншiк капитал туралы түсінік

Банктің меншікті капиталы капиталдың экономикалық санатының бір түрі
болып табылады. Ол несиелік мекеменің қалыптасу көзінің және ортаның
өзгеруіне байланысты дұрыс қызмет ету үшін елеулі мәнге ие. Банкті ашу
кезінде құрылтайшылар енгізген меншікті капитал банктің бастапқы қызметін
ұйымдастыру үшін пайдаланылатын алғашқы қаражат немесе қызмет өсуі және
кеңеюі кезеңінде қосымша қаражат болып келеді. Сонымен қатар банктік
капитал несиелік мекемелерді қаржылық тұрақсыздықтан және шектен тыс
тәуекелдерден сақтайды, оны банкроттықтан қорғануын қамтамасыз етеді,
ағымдағы шығындардың залалын жабады, банкке деген клиенттің сенімін
арттырады, клиентуралық коммерциялық және тұтыну несиелеріне деген
қажеттіліктерін қанағаттандырады. Сондықтан банктерге экономикалық тәртіп
нормасын тапсырыс ететін мемлекеттік органдар оларды бұзу туралы белгі
алған кезде салымшылар мен инвесторлар мүдделеріне жауап беретін банктік
капиталға экономикалық ықпалшаралар қолданады. Осылайша, банк қызметінің ең
үлкен мәселелерінің бірі банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін
анықтау болып табылады. Оған осынша көңіл берудің бір себебі банктің
айналымындағы қарыз капиталы үлес салмағы банктік емес саладағы
кәсіпорынның айналымындағы қарыз капиталы айтарлықтай жоғары болып
келуінде.
Меншікті капитал банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған
қаражаттармен тығыз байланысты және солармен бірге айналымды жүзеге
асырады. Ол тартылған қаражаттарға қарағанда сенімдірек ресурс болып
табылады.
Банктің меншікті капиталы екі бөлікке бөлініп қарастырылуы қажет:
"Қатты ядро" деп аталатын базалық және қосымша капитал.
Базалық капитал ең тұрақты және орнықты көздері қамтиды: акционерлік
капитал, басылымдарға шығатын резервтер және жалпы банктік тәуекелдердің
қорлары. Қосымша капиталға үмітсіз қарыздар мен басқа да тәуекелді
операциялардың орнын толтыру үшін құрылатын әр түрлі резервтер және
мәжбүрлі шығындар (провизиялар) түрлері жатады. "Қатты ядро" мен қосымша
капитал арасында белгіленген ара қашықтық сақталады.
Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және
айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару
мерзіміне қарай "негізгі (айналымнан тыс) активтер" және "айналымдағы
активтер" деп екіге бөледі.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес
активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған
құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъек-тінің
материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда
табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа
мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық
борыштар және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорынның мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының
құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар
саналады:
• жарғылық капитал
• резервтік капитал
• бөлінбеген пайда
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан
басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және
ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да
кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған
қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып
табылады.Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның
жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
• кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
• өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған , қызмет
атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы
бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру
көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Кәсіпорын мүлкі оның негізгі
құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті
капиталының көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік
капитал және бөлінбеген пайда.Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және
басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы
органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті
өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық
кұжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.
Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін
ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал — қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы
(номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн
айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал — кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі
құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының
өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда)
болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып
кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік
капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен
құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның)
жарғысында қаралады (көрсетіледі).
Бөлінбеген пайда (табыс) — кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан)
барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен
(пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы
қалған бөлігі болып табылады.
Жарғылық капиталы - қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан
кұрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып
саналады.Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған
акцияларының түрлері (жай және артықшылығы бар), акциялардың сандары,
сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік
қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында
бекітіледі.
Меншікті капитал пассивті операцияларға жатады және мыналарды қамтиды:
• акционерлік капитал – жай (мерзімсіз бағалы қағаздар), артықшылығы бар
акциялар (дауыс беру құқығы жоқ);
• банктік резервтер – күтілмеген жағдайларға дивиденттер төлеуге, өтелмеген
несиелер шығындарын жабуға арналған резервтер;
• қосымша төленген капитал, жай және артықшылығы бар акцияларды сату бағамы
мен олардың номиналы арасындағы айырма есебінен құралады;
• қосымша төленбеген капитал активтерді қайта есептеу есебінен құралады;
• бөлінбеген пайда – банктің өз еркінде қалатын жинақталатын пайда сомасы.
Меншікті капитал банк үшін ресурс ретінде акционерлерге дивиденттер төлеу
түріндегі құнмен өрнектеледі. Берілген ресурс түрінің өсуі екі жағдайда
болуы мүмкін: акционерлік капитал немесе пайдасының өсуі. Акционерлік
капитал және оған теңестірілген банк қаражаттары құрылымындағы баптар банк
тұрақтылығын және оның қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуде үлкен рөл
атқарады.
Меншікті капитал бірнеше қызметтерді атқарады: қорғау, оперативті,
реттеуші айналым және резервтік қызмет.

Акционерлік қоғам капиталының құрылымы
Қорғау немесе кепілді қызмет
Банктің төлем қабілеттілігімен, оның тұрақтылығымен тікелей байланысты.
Егер банк ресурстары тек қана меншікті капитал есебінен қалыптасқан болса,
онда абсолютті өтімді деп санауға болады, өйткені банкроттық жағдайда тек
акционерлер залал шегуі мүмкін.
Алайда, бұл тек банктің қызмет етуі үшін активтер резервін құру жолымен
салымшыларға өтемақы төлеу кепілі ғана емес, сонымен қатар бұл ағымдағы
қорлардың жеткіліксіздігі жағдайындағы шығындардың орнын толтыру кепілі
болып табылады. Коммерциялық банктерде төлем қабілеттілігі меншік
капиталдың тек бір бөлігімен ғана қамтамасыз етіледі. Әдеттегі тәжірибеде
төлем қабілетті деп акционерлік капиталы жұмсалмаған банк саналады, яғни
активтер құны кем дегенде банкпен шығарылған қамтамасыз етілмеген
міндеттемелерді санамағандағы міндеттемелер сомасы мен акционерлік капитал
сомасы қосындысына тең.

Оперативті қызмет
Оперативті қызметтің мәні капиталдың бастапқы мөлшерін қамтамасыз етумен
тұйықталады, яғни қызметті жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде акционерлік
капитал жерді, ғимаратты, құрал-жабдықтарды сатып алуға және жалақы
төлеуге, сонымен қатар күтілмеген шығындар жағдайына қаржылық резерв құру
үшін қажетті шығындарды қаржыландыру көзі болып табылады.
Реттеуші қызмет
Мемлекеттік органдар заңды және нормативтік актілер көмегімен меншік
капитал мөлшері мен құрылымын қадағалай отырып банктің қызметін реттейді.
Айналым қызметі
Акционерлік капиталға ақша сала отырып, құрылтайшылар банктің айналымға
активтерді авансылайды деп айтуға болады.
Бірақ кез келген коммерциялық қызмет тәуекелге бел бууға мәжбүрлі.
Оның үстіне, айтылып кеткендей, капитал қозғау қызметіне ие. Айналым
қызметін жүзеге асыра отырып өзінің айналым капиталын қолма-қол ақшалардың
кассалық несиелік факторингтік және лизингтік операциялардың
тәуекелділігіне, бағалы қағаздарды және басқа да қатысу құқықтарын сатып
алуға ғимараттарға, құрылыс және басқа да негізгі қорларға сала отырып,
банктер кредиторларын залал шегуден қорғайды.
Резервтік қызмет
Тәуекелдік активтік операциялар сияқты пассивті операцияларға да тән.
Капиталдың ауыспалы айналымы үдерісінде мерзімді мерзімі жетпей қайтып
қалу, талап еткенге дейінгі шоттардағы қаражаттарды алып тастау, төлемеу
көлемі өсу есебінен банк шоттарына қаражат ағымының тоқтатылуы және тағы
басқа тәуекелдікті жеңеді.
Активтік операциялардың аяқталмаған тәуекелдіктің орнын жабу үшін
нақтырақ айтқанда, орнын толтыру үшін банк меншікті капитал резервін құруға
мәжбүрлі.
Базель келісіміе сәйкес капитал жеткіліктілігінің басты жалпылама
көрсеткіші тәуекелдік активтер коэффициенті болып табылады:
КАр=К\(Ар
мұнда: КАр – тәуелділік активтер коэффициенті;
К – банктің капиталы;
(Ар – тәуекелдік дәрежесі бойынша өлшенген активтер сомасы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі меншікті қаражаттардың
коэффициенттер түріндегі меншік капитал жеткіліктілігінің нормативтерін
белгілеген: бірінші деңгейдегі меншікті капиталдың банк активтері сомасына
қатынасы (0,6-дан кем емес):
К1= К1 А-П
мұнда: К1 – бірінші деңгейдегі меншікті капитал;
Ар – барлық активтер сомасы;
Пс – құрылған резервтер (провизиялар)
және меншікті капиталдың тәуекелдік дәрежесі бойынша өлшенген активтер
сомасына қатынасы (0,12-ден кем болмауы керек):
К1=К1Ар-Пс
мұнда: К1 - бірінші деңгейдегі меншікті капитал;
Ар – тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген активтер сомасы;
Пс – құрылған резервтермен (күмәнді және шығынды несиелер
бойынша провизиялар) меншікті капиталға енбеген құрылған ортақ резервтер
сомасы қосындысы.
Меншікті капитал екі деңгейден тұрады. Меншікті капитал бірінші және
екінші деңгейлі (бірінші деңгейлі капитал сомасынан аспайтын мөлшерде)
капитал сомаларынан банктің акцияларға инвестицияларын және басқа заңды
тұлғалардың бағынышты борышын шегергендегі сома ретінде есептелінеді.
Бірінші деңгейдегі капитал (К1) келесі компоненттерді қамтиды:
• тіркелген шектегі төленген жарғылық қор 3001 шот қосу 3025 шот алу
3002,3003, 3026, 3027 шоттар);
• қосымша капитал (3101);
• өткен жылдарда табыс есебінен құрылған қорлар, резервтер, өткен
жылдардың бөлінбеген пайдасы (3510, 3580 шоттар);
азайтылған:
• материалдық емес активтер (1659 шот алынған 1699 шот);
• өткен жылдар залалы (3599 шот);
• ағымдағы жылдың шығыстарының ағымдағы жылдың табыстарынан асып кетуі;
екінші деңгейдегі капитал (К2) келесі компоненттерді қамтиды:
• ағымдағы жылда табыстардың шығыстардан асып түсуі;
• негізгі қорларды және бағалы қағаздарды қайта бағалау (3540, 3561
шоттар)
• жалпы резервтер (провизиялар) (1465, 1469 шоттар), тәуекелділікпен
өлшенген активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын сомада;
• бағынышты мерзімді борыш (2402 шот), бірінші деңгейлі капитал
сомасының 50 пайызынан аспайтын сомада.

1.2. Ғалымның ой-пікірі.

РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛ: ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ
Э. Нурсейітов, "Финаудит" фирмасының президенті, Алматы қаласы.
Резервтік капиталды ұйым болашақта қандай да бір негіздер бойынша ақша
төлеу үшін қаражат жетіспеген жағдайда құрады. Ұйымның қызметі ба-рысында
құрылатын ықтимал шығыстардың резервтерін және, мысалы, оның, бөлінетін
төлеу үшін құрылатын резервтік капиталдан айыра білген жөн. Резервтік
капитал есептік кезең аяқталған соң ұйымның бөлінбеген кірісі есебінен
құрылады.
Мысалы, есепті жыл аяқталғаннан кейін (салықтар төленгеннен кейін)
ұйымның (ЖШС) 1 000,0 мың теңге сомасында кірісі бар, ол ЖШС-нің Жарғысына
сәйкес қатысушылар арасында толық бөлінуі мүмкін. ЖШС қатысушыларының
жиналысы 600,0 мың теңге сомасындағы таза кірісті бөлу керек, қалған 400,0
мың теңгені резервтік капиталға аудару керек деп шешті. Келесі есептiк жыл
ЖШС залал шекті және ЖШС қатысушыларының жиналысы 400,0 мың теңгені бөлу
керек деп шештi.
Мысалы , аяқталғаннан кейін ұйым-сомасында 10000 тенге сомасында
бөлінбеген кiрiсi бар. Қатысушыларының жиналысы 600,0 мың теңгені
қатысушылар арасында бөлу туралы үлесті әрбір қатысушы үлесінің мөлшеріне
сай етіп бөле отырып, 400,0 мың теңгені ұйымның жарғылық капиталын ұлғайту
үшін жұмсауға шешiм қабылдайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте резервтік капитал құрылтайшы
құжаттарында көзделген шарттармен құрылады. Егер резервтік капиталдың
өзгеруі резервтік капиталдың бір бөлігі не барлығы жарғылық капиталды
ұлғайтуға жұмсау есебінен болса онда өзгерістер резервтік капиталдың
көлемінде де, жарғылық капиталдың мөлшеріне де бірдей сомада қатысты
болады. Резервтік капитал мөлшерi айналым ретінде, ал жарғылық капитал
құрылатын резервтерді құру және пайдалану тәртібі көбірек пайдаланылады
және белгілі. Бухгалтер үшін жарғылық және резервтік капиталдың шоттары
бойынша бухгалтерлік есепте жазбалар жасау үшін негіздеме қатысушының
немесе серіктестік қатысушыларының шешімі болып табылатынын атап өтейік.
Резервтік капиталдың қаражатын пайдалану, егер осы қаражатты
жұмсау шарттары құрылтайшылармен келісілсе, ұйымның жарғысында, жиналыстың
шешімінде және есеп саясатында көзделген тәртіппен және мөлшерде ғана
жүзеге асырылады. Қатысушылардың бөлінбеген кірісті өздерінің арасында
бөлуге құқығы бар, резервтік капитал осы кірістің бір бөлігі болып табылады
және сондай-ақ қатысушылардың шешімімен ғана қандай да бір мақсаттарға
жұмсалуы мүмкін. Салық салу мақсатында резервтік капитал есепке алынбайды,
өйткені ол салық салынған кірістің бір бөлігі болып табылады.Бұдан кейін
оны қатысушылар арасында бөлген кезде ғана салық салынады. Салық заңнама-
сында бөлінетін кіріске "дивидендтер" деген ұғым беріледі, оларға осындай
кіріс түрінің төлем көзінен 15 проценттік ставка бойынша салық салынады.
Акционерлік қоғамдар туралы жаңа Заңның қабылдануына байланысты, оның,
мысалы, резервтік капиталды қалыптастыруға байланысты кейбір ерекшеліктерін
ескерген жөн.Резервтік капиталдың сомасы Шоттардың Үлгі жоспарындағы "Өз
капиталы" деп аталатын бөлімнің 5500-бөлімшесіндегі шоттарда есепке
алынады. АҚ-ның резервтік капиталын пайдалану тәртібі тек қана қоғамның
директорлар кеңесінің құзыретіне жатады, бірақ оны құру тәртібі мен мөлшері
заңда белгіленбеген.Бұрын резервтік капиталды құру және пайдалану
заңнамамен реттеліп отыратын.
Резервтер құру және пайдалану тәртібі акционерлік қоғамның құрылтай
құжаттарында және есеп саясатында көзделуге тиіс. Осы мақсаттар үшін
Шоттардың Үлгі жоспарында 5510-"Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік
капитал" және 5520-"Басқа да резервтік капитал" деген шоттары бар 5500-
"Резервтік капитал" бөлімшесі көзделген. 5500-бөлімшенің шоттары акционерік
қоғамның резервтік капиталының жай-күйі және қозғалысы туралы ақпаратты
қорытындылауға арналған. К-т 5510 және1 5520 және Д-т 5610 "Есепті жылдың
бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)" бойынша резервтік капиталға аудару
көрсетіледі. Д-т 5510 және 5520 бойынша акционерлермен дивидендтер бойынша
есеп айырысу бөлігіндегі 6210, 6220, 6230-шоттары және 6870-"Басқалар"
шоты бойынша корреспонденциямен резервтік капитал қаражатын пайдалану
көрсетіледі. Резервтік капитал есептік кезеңде көзделген мақсаттарға
арналған кірістің болмауы немесе жеткілікті болмауы жағдайында
пайдаланылады. Д-т 5510, 5520 және 5600-"Бөлінбеген табыс (жабылмаған
залал)" бөлімі шоттарының К-ті бойынша кәсіпорынның есептік кезеңдегі
немесе өткен жылғы шығынының орнын жабуға жұмсалған сома көрсетіледі.
Резервтік капиталды өзгерту құрылтай құжаттарының ережелеріне сәйкес
жүзеге асырылады. Резервтік капитал меншік акцияларды сатып алу үшін
пайдаланылуы мүмкін. Компаниялардың акцияларды сатып алуы қоғамның қаржылық
қызметінде қолайсыз жағдайлар болған кезде ақшаның едәуір әкетілуіне жол
бермеу мақсатында акциялар санын және олардың бағамдық бағаларын жасанды
түрде реттеу үшін қолданылуы мүмкін.
Акциялар осы мақсатқа арналып құрылған резервтер не бөлінбеген кіріс
есебінен сатып алынады.
Шаруашылық серіктестіктерде резервтік капитал құруды көрсету тәртібінің
АҚ-дағы осындай тәртіптен айтарлықтай айырмашылығы болмайды.
Резервтік капиталды есепке алуға байланысты кейбір мәселелерді
қарастырайық.
Жағдай
Кәсіпорынның 2 жыл бойы кірісі болмады. Жоғарыда 10% мөлшерінде
резервтік капиталды қалыптастыру көзделген. Кәсіпорын үшінші жылы кіріс
алды. Сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша резервтік капитал қалыптасты-
рылмады. Кәсіпорын келесі жылы тағы да кіріс алды, резервтік капитал
қалыптастыру туралы шешім қабылданды. Ұйымның бухгалтериясында, атап
айтқанда, капитал қалыптастыру үшін қандай құжаттар қажет, басшының өкімі
жеткілікті ме деген сияқты бірқатар мәселелер туындайды. Резервтік
капиталды қай кезеңде қалыптастыру ішінде ме немесе жыл аяқталғаңда
резервтік капитал қалыптастыруға байланысты ұйымда қандай салықтық
міндеттемелер пайда болады?
Резервтік капитал қалыптастыру ұйым қатысушыларының құзыретіне жатады.
Сондықтан қатысушылардың шешімі, яғни есептік жыл аяқталғаннан кейін және
қатысушылар жиналысының шешімі негізінде (егер қатысушы біреу болса, онда
оның шешімі негізінде) резервтік капиталды қалыптастыру негіздемесі болып
табылады. Резервтік капиталға корпорациялық табыс салығы салынған
бөлінбеген кірістің сомасы қосылатындықтан, резервтік капиталды
қалыптастыруға байланысты ұйымда салықтық міндеттемелер пайда болмайды.
Резервтік капиталды қалыптастыру бухгалтерлік баланстың деректері негізінде
жүргізілетінін атай кетейік.
Жағдай
Кәсіпорынның тал құру көзделген. Бұл оны қалыптастыру үшін міндетті шарт
болып таңдау қуқығы кәсіпорынның қалауында бола ма? Операцияны қалай
көрсетуге болады
- ұйым қызметі басталғанда резервтік капитал құрылмаса;
- бухгалтерлік есеп бойынша шығын болса, ал салық есебі бойынша кіріс
болса?
Резервтік капиталды қалыптастыру құқығы ұйым қатысушыларының ғана құқығы
болып табылады. Ұйымның жарғысында резервтік капитал қалыптастыру көзделуі
мүмкін, бірақ бұл оны қалыптастырудың міндетті шарты болып табылмайды,
өйткені қатысушылар жиналыстың шешімі негізінде кірісті ешбір қалдықсыз
бөле алады немесе Жарғыда көрсетілген мөлшерден аз немесе көп мөлшерде
резервтік капитал қалыптастыра алады.
Ұйым қызметінің бас кезінде оның резервтік қапиталы болмайды, өйткені ол
ұйым кызметінiң нәтижелері бойынша және бөлінбеген кiрiс есебінен
қалыптастырылады.Резервтік капитал бөлінбеген кіріс есебінен
қалыптастырылады және оның қалыптастырылуына жиынтық жылдық табыс жөніндегі
декларацияға алынған нәтиже әсер етпейді, өйткені бұған бухгалтерлік есепте
көрсетілетін қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері негіз болып табылады.

II. Бөлiм. Меншiк капиталының есебi.
2.1. Жарғылық капиталының есебі

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін
жаңадан кұрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Жарғылық капитал - "жарғы" деген сөзден алынған – ұғымды анықтайтын
ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тәртібі
немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға
салынған активтердің жалған және номиналдық құны.
Шығарылған және жарияланған жарғылық капиталды ажыратып қарастыруға
болады. Акционерлік қоғам жарғылық капиталды тіркейді және үлкен акция
көлемін шығаруға рұқсат алады. Бұл акционерлік қоғамға акцияларды шығара
отырып болашақта қосымша қаражат жинақтауға мүмкіндік береді.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың,
мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да
мүліктердің немесе мүліктік кұқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса,
жарғылық капитал жаңадан кұрылған занды тұлғалар өз қызметін бастау үшін
бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың
(акционерлердің, катысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын
аныктайды.Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда
(Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның
акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші түлғаға
сатуға ұсыныс жасауына қүқы бар.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті
қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. АК 58-бабында
шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының (қатысушылары)
үлесіне (салым ақшасы) бөлінген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал
өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлік жеке
меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына
салынатын салымдары, ақша да, бағалы кағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық
та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген
құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық құжатары
(бұл құжаттардың ең негізгісі Жарғы болып табылады) болуы керек.
Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында
мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының
салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны
бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық
тексеруге жатады.
Шаруашылық серіктестік мына формалар бойынша құрылуы мүмкін:
• толық серіктестік – жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды,
алайда заң актісімен (АК 64-бап) белгіленген аз деңгейдегі мөлшерден кем
болмауы керек;
• командиттік (сенімге негізделген) серіктестік – жарғылық капиталдың
мөлшері заң актілерімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем
болмауы керек. Салымшылардың жиынтық мөлшері командиттік серіктестіктің
(АК 74-бабы) жарғылық капиталдың 50% құрауы мүмкін;
• жауапкершілігі шектеулі серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшерін
серіктестік құрылтайшылары анықтайды және заңда белгіленген (АК 78-бабы)
ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;
• қосымша жауапкершілікті серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл
серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен
оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың
жетіспеушілігіне өз мүліктерінің есептелген мөлшерінде өздерінің салым
ақшаларына қосады (АК 84-бабы);
• акционерлік қоғам - жарғылық капитал барлық жарияланған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің меншікті капиталдары
Меншікті капиталды есепке алу
Банктің мешікті капиталы
Банктің меншікті капиталының қаражаттар есебі
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау. меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Коммерциялық банктің меншікті капиталдарының қалыптасу көздерін талдау жасау
Кәсіпорынның кірісіне талдау жүргізу
Меншік капиталдың кластары
Кәсіпорында капиталдың оңтайлы құрылымын құру мәселелері
Пәндер