Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары



Жоспар

Кіріспе

I.Негізгі бөліміҚазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар
нарығының пайда болуы
I.1. Бағалы қағаздар нарығының қызметі және оның маңызы
I.2.Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмитенттері

II.Бөлім Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары
II.2. Бағалы қағаздар нарығына басқа қатысушылар
II.3. Қор биржасы және оның қызметі
II.4. Биржалық операциялар
Кіріспе
Қазақстанның орталықтанған- жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар меншік қатынастары; шаруашылық субъектілердің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтпрының шаруашылық нәтижесіне мүдделігінің дәрежесі.
Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер- Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70- жылда «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Қаржы – несие институттары демократиялық негізде құрылған қазіргі нарық – адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның институттары мен салалық құрылымдары, басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарыққа қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер.
Нарық- күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері- экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық- құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I.Негізгі бөліміҚазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар
нарығының пайда болуы
I.1. Бағалы қағаздар нарығының қызметі және оның маңызы
I.2.Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмитенттері
II.Бөлім Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары
II.2. Бағалы қағаздар нарығына басқа қатысушылар
II.3. Қор биржасы және оның қызметі
II.4. Биржалық операциялар

Кіріспе
Қазақстанның орталықтанған- жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға
өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар меншік қатынастары;
шаруашылық субъектілердің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі;
олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық
топтпрының шаруашылық нәтижесіне мүдделігінің дәрежесі.
Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер- Қазақстан Республикасының
нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі
дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары өркениетті елдерде
ежелден дамып, соңғы 70- жылда социализм мен капитализм деген екі
жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік
тиімділігін дәлелдеді. Қаржы – несие институттары демократиялық негізде
құрылған қазіргі нарық – адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан
әрі даму және өркендеу кезінде оның институттары мен салалық құрылымдары,
басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарыққа
қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне
әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер.
Нарық- күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар
жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса,
екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы
нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың
өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм
несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым
көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде
міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері-
экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық- құқықтық
механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде
оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп
қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында
маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі
жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және
оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы
меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық
бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін
жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта
құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдердің бірі –
акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты
жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының
күрделі ұйымдық – экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты
элементтерден тұрады:
- эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық
субъектілері;
- инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері – заңды және жеке тұлғалар;
- қағаздар нарығының кәсіби мамандарды: брокерлер, дилерлер,
инвестициялық басқарушылар және т. б.;
- инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары
және т.б. қорлар;
- қор биржалары, депозитарийлер, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды
тіркейтін, сақтайтын ұйымлар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және
реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет. Сондықтан
бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау-
уақыт талабы.

I.1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда
болуы
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО-да
жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда
бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының
негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас
бөліктері болуы қажет. Олар:
- сұраныс пен ұсыныс;
- делдәлдар мен басқа қатысушылар;
- нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор бпржалары,
инвестициялық институттар және с.с.;
- нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтың осықұрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып
болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету
жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру
Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері-
акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші роль атқарады.
Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жайында толыққанды бағалы
қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму
деңгейі көп жағдайда халықтың әл – ауқатына байланысты. Себебі бағалы
қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын ацқындайды. Сондықтан халықтың
табысының өсуі – Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы
қағаздардың өтімдісі қандай? Республикада қалыптасқан жағдай
сипаттағанындай бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі
мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері
нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:
Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті – Қаржы
Министрлігі;
Екіншіден, Ұлттық банк – оның қаржы агенті, сонымен бірге мемлекеттік
бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен бағалы қағаздарнарығына бұл
қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарда шығару мен оларды айналымға
түсіру шарттарын анықтаушылар. Мемлекеттік бағалы қағаздар:
- мемлекеттік қазыналық вексельдер;
- мемлекеттік қазыналық облигациялар;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары;
- Жекеменшіктендіру купондары.
Мемлекеттік қазыналық вексельдер мен мемлекеттік қазыналық облигацияларды
ішкі мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мақсатында Қаржы Министрлігі
шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын
қамтамасыз ететін қаржы қорын толтаыру мақсатында Ұлттық банк шығарады.
Жекеменшіктендіру купондары аукцион арқылы сатылған мемлекеттік
кәсіпорындарды жекеменшіктендіруге пайдаланылды, ал оның көптеген мөлшері
жеке адамдар қолында осы күнге дейін сақталуда. Кәсіпорындар банкротқа
ұшырап, жұмыс істемей тұрған қазіргі кезде жекеменшіктендіру купондарының
орнына берген акциялар оны иемденушілерге әлі дивиденд түсіре қойған жоқ.

I.1. Бағалы қағаздар нарығының қызметі және оның
маңызы
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан басқа нарықтаран өзінің
айырықша тауарымен өзгешелінеді. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар. Олар
біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар
бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан
бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құны аз болса да, өте жоғары нарық
бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны өте төмен
болғанымен, мысалы, өндіріс кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың
белгілі – бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс
оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан жоғары
болады. Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың
жалған капитал екенін көрсетеді.
Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік
капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі.
Бғалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды
құндылықтардың орнына жүретін символы болғандықтан оны қордың
құндылықтары деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар қордың
инструменті немесе құралы болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды
пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір
субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы
капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты
қызметін көрсетеді.
Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ
болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау
процесіне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж
өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан қайта
алынады. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы,
кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес
бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа
салардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп,
ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы
қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша
бос капиталды сату – сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады.
Нарықтық экономиканың тәжірибиесінде капитал ең алдымен қоғамға шын
мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең
үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика
қалыптасады:қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл
өркендеген нарық экоеомикасының басты жетістігі. Біздің еліміздегі
Мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған – жоспарлы
экономика 70 – жыл (1921- 1991) бойы қоғамның зарарсыз өсуін қамтамасыз
ете алмады. Ал нарықтық қатынастарды дамыту – қоғамдық экономиканың
шарықтап өркендеуіне жеткізетіні ақиқат шындық.
Кәсіпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларға
байланысты. Олардың бастылары – негізгі қорды құру және ескі қорларды
жаңарту, айналыс құралдарын толықтыру. Бұл мұқтаждықтар нарық
конъюнктурасына тікелей байланысты. Сонымен қатар конъюнктураның өзгеруі
белгілі – бір уақыт арасында болып тұрады. Сондықтан кәсіпорын қажетті
қаражатты белгілі – бір уақытта, яғни нарық конъюнктурасының өздеріне
қолайлы кезінде алғаны жөн. Қазақстан Республикасында әзір бұндай жағдай
қалыптасқан жоқ. Себебі, банктік несие әрі қымбат, әрі шектелген, ал
бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу кезінде.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша
капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы
қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін
шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды
сатып алу – сатуға және есеп айырысуға 2-3 жеті уақыт кетеді екен.
Қорытындысында 1,5-2 ай ішінде эмитент өзіне қажетті капиталды жинап, оны
басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы – экономикалық
өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.

I.2. Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмитенттері
Бағалы қағаздар – ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы
құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.
Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы
мүмкін:не заң жүзіндебекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген
жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші
түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін
құжатты сертификат деп атайды.
Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та
екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік – нарықтық
қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі.
Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары,
депозиттік облигациялары және с.с. жатады. Жинақ облигациялары негізінен
жеке тұлғалар арасында орналастыртылады. Бұл бағалы қағаздар қазіргі
кезде АҚШ – та кең таралған. Зейнетақы қорларының облигациялары және
жеке зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ – та біреуге жалданбай
–ақ өз алдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған
облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта
мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару
органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін,
бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруға мүмкін.

Нарықтан тыс бағалы қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге, оның
ішінде шетел банктеріне және кәсіпорын, ұйымдарға салған капиталдан
түскен табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты
бойынша иемденуші – заңды немесе жеке тұлғалар – оларды басқа иемденушіге
беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе
алмайды.
Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға басқа мемлекеттердің
Орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар
жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы
қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың түрлерін мен санын көбейту
тенденциялары байқалуда.
Ал айналымға түсетін бағалы қағаздарды нарықтық бағалы қағаздар деп
атайды. Бағалы қағаздар айналысы деп оларды сатып алу – сатуды және заң
жүзінде олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Бағалы
қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды.
Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге сату мына
түрде жүзеге асырылады:
Біріншіден, қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында
орналастырғанда;
Екіншіден, қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан
акция шығарып өсіргенде;
Үшіншіден, заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік
органдардың немесе жергілікті әкімшіліктердің облигация және басқа қаржы
міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.

Сонымен, қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылайшылар арасында
толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына
жазылуға болмайды.
Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды
алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды
алғашқы Эмитенттер кімдер? Олар №5 суретте көрсетілген.

Бағалы қағаздарды шығарушылар

I.1. Бағалы қағаздар нарығының нарығының кәсіби мамандары
Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін
атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін
және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол
үшін қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет.
Олардың жалпы экономикалық, техникалық және кейбір күтпеген жағдайды
шешетін психологиялық дайындықтары болуы шарт. Сонымен бірге бағалы
қағаздар нарығы кәсіби мамандарының тәжірбиесінің маңызы мен олардың
сезімталдығын да бағаламауға болмайды.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:
1. Брокерлер – делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер
келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл
емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген
тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерлерге әрбір жеке
келісімді жасауға арнаулы өкілеттіл беріледі. Ол тек сол өкілеттік
шегінде әрекет етуге міндетті.
2. Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар.
3. Джоберлер – нарық конъюнктурасын бақылаушылар.
Осы мамандармен қатар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлері,
инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін
ереже – заң шығаратын мемлекеттік шенеуніктер мен заң қызметкерлері
қатысады.
Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер құқықтық тұлға ретінде
тіркелген мамандандырылған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа
мемлекеттерінде олар не жеке фирма, не акционерлік қоғам ретінде
құрылады. Жаңа егемен мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі
серіктестік мекемесі болып құрылған. Салық төлеуден жеңілдік алу
мақсатында кіші кәсіпорын ретінде тіркелгендіктен олардың жарғылық қоры
өте аз. Дегенмен, бұл фирмалар өз капиталымен қарызға алған капиталын
өсіру мақсатында клиенттер санын көбейтуге ұмтылуда.
Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес
беретін бөлім, бағалы қағаздар сату бөлімі және хабарлама – техникалық
бөлімінен тұрады. Шамамен фирмада 15 –25 адам қызмет жасайды.
Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:
1. Консалтинг (кеңес беру);
2. Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру;
3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару және с.с.

Брокерлік фирманың құрылымы
Дирекция

Әкімшілік бөлімі Кеңес беру Бағалы қағаздардыХабарлама –
бөлімі сату бөлімі техникалық бөлімі

Осылар жөнінде брокерлік фирма клиентке хабарлап тұруы қажет. Сонымен
қатар, брокерлік фирма клиентке несие беріп, бүкіл операцияларды өз
есебінен жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирманың табысына
делдалдық үшін сыйақы, несие үшін процентжәне тәуекел үшін ақы кіреді.
Алайда, бұл жағдайда брокерлік фирма тек делдалдық қызмет шегінен шығып,
олардың іс - әрекеті дилерлік фирманың қызметіне ұқсайды.
Ал дилерлер – олар да делдалдар. Олардың брокерлерден айырмашылығы
шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Дилердің қызметін мына мысалмен
түсіндіруге болады. Мысалы, қалалық әкімшілік 100 теңгелік облигация
щығаруға шешім қабылдады делік. Эмиссиямен шұғылданатын өз аппараты жоқ,
сондықтан әкімшілік дилерлер фирмасына береді. Егер қалалық заем бірнеше
миллион теңгеге шығарылатын болса, онда ондай үлкен іспен тек
мамандырылған үлкен фирмалар, мысалы, коммерциялық банктер шұғылданады.
Онда делдалдық механизмі төмендегідей.
Әкімшілік дилерлерге 100 теңгелік облигацияны кем бағамен, мысалы,
98 теңгеге, яғни номиналынан 2 теңгеге кем сатады. Дилердің
облигацияларды сатуға кеткен шығынымен одан түскен пайда 2 теңгеден кем
болмауы тиіс. (Бұндай операцияларды дисконтпен сату деп атайды).
Бағалы қағаздар операциясына маманданған дилерлерді жауапкершілігі
шектеулі дилер деп атайды. Олардың бағалы қағаздарды сатып алу – сатуға
тәуекелмен шығарған шығыны, эмитенттер мен инвесторлардың шығынынан
әлдеқайда аз. Себебі сатып алу – сату аз уақыт аралығында болады.
Дилерлердің атқаратын қызметі:
1. Бағалы қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар
тарату;
2. Клиенттердің тапсырмасын орындау;
3. Бвғалы қағаздар нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы
қағаздарды сату – сатып алу баяуласа (мысалы, сатушылар және сатып
алушылар жетіспей қалса), онда бағалы қағаздардың курсын
тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді.
4. Сатып алушылар мен сатушыларды бір – біріне кездестіріп, бағалы
қағаздар нарығының жұмысына себепші болады. Олар нарықтық
катализаторы ретінде жұмыс істейді.
Айта кететін жәйт, бағалы қағаздар нарығында дилерлердің қызметі
брокерлер қызметінен өзінің кең көлемділігі мен ерекшеленеді. Дилерлік
фирмалардың алғашқыда өзінің бірсыпыра капиталы болады, кейіннен ол
делдалдық сыйақымен және инвестициядан түскен пайдамен үнемі
толтырылып отырылады.
Джоберлер – бағалы қағаздар нарығындағы конъюнктура мәселелері
жөнінен кеңес берушілер. Ең алғашқыда олар Лондон Сити нарығында пайда
болды. Олардың іс - әрекеті бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең
көлемде және үнемі өзгеріп отырғанға қажет. Олар шығарылған бағалы
қағаздардың маңызын дұрыс бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар
эмитенттерге жаңа бағалы қағаздар шыаруға да көмегі қажет. Джоберлер
тек бір жолы кеңес беріп қана қоймай, күрделі, кейде комплексті
мәселелерді шешуге еөмектеседі. Мысалы, банктердің, өндіріс
кәсіпорындарының, инвестициялық қорлардың шығарған акцияларының
курсының келешекте өзгеруін бағдарлайды. Ол үшін олар уақытша қызмет
істейтін зерттеу ұжымдарын құрады. Зерттеу ұжымдарында белгілі
экономистер , банк қызметкерлері және басқа да мамандар зерттеу
жүргізеді. Джоберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне ғана
маманданатын болғасын оларды кең көлемде жүргізілетін операцияларға
брокерлер мен дилерлер пайдаланады. Джоберлердің қызметі өте жоғары
бағаланып, олар жоғары жалақы алатындар қатарына жатады.
Қорыта айтқанда, ағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары
көбеюде. Тек олардың бір – бірімен байланысты қызметі ғана нарықтық
тұрақты қызметін және бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді.

Бағалы қағаздар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикада бағалы қағаздардың алатын орны
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі
Бағалы қағаздар азаматтық құқықтың объектісі ретінде.
Қазақстан Республикасының қор нарығының даму ерекшеліктері
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмитенті
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы
Пәндер