Microsoft Excel электрондық кестесі туралы


Microsoft Excel электрондық кестесі.

Excel-ді шақыру үшін Microsoft Excel деген жазуы бар суретшені екі рет шерту керек. Ол әдетте Windows-тың терезелер тобында орналасады. Ремесе бас менюді шақырып, программаларды таңдап, олардың ішінен M3crosoft Excel программасын шерту керек.

Жолдарды ең жоғарыдан бастап қарастырайық .

  1. жол - терезені басқару батырмалары орналасқан тақырып жолы.
  2. жол - Excel-дің меню жолы.
  3. жол - Стандартты (стандарттная) саймандар тақтасы .
  4. жол - Пішімдеу (форматирование) саймандар тақтасы
  5. жол - түзету және енгізу жолы немесе формула жолы
  6. жолдан соңғы жолға дейін - электрондық кестенің жұмыс парағы

соңғы жол - жағдай жолы

Соңғы жолдың сол жақ бұрышында Excel - дің режим индикаторы көрінеді. Егер Excel деректерді енгізуді күтіп тұрса Дайын ( готово) режимінде болады, режим индикаторы «Готов» деген жазуды көрсетеді.

Excel-дің жатық менюі.

Фаил Правка Вид Вставка Формат Сервис Данные Окно ?

Фаил Түзету Түр Қою Пішім Сервис Дерек Терезе Көмек

Фаил - Фаилмен жұмыс істеу командалары;

Түзету - Құжатты түзету командалары;

Түр - Экранды өзгерту командалары

Қою - Келесі объектілері құжатқа қоюға қызмет етеді: бет нөмірлері, символдар, тақырып пен көрсеткіштер, фаилдар, кадрлер, сурет, объект, деректер қоры;

Пішім - Символды, абзацты, кестені түрлі стильде пішімдеу командалары;

Сервис - Құжатты көркемдеп, қтесін тексеріп, макростар құрып, баспаға дайындайтын командалар;

Терезе - Терезелермен жұмыс істейтін командалар;

Көмек - Excel -мен жұмыс істеу туралы анықтама

Excel менюімен тышқан арқылы жұмыс істеу. Әр менюдің өз командалары бар. Командаларды көру үшін курсорды қажетті жерге апарып менюді шерту керек, сол кезде менюге сәйкес командалрдан тұратын тік меню шығады. Мысалы, Фаил менюін шертсек, экранда фаилмен жұмыс істеу командалрдан тұратын тік меню пайда болады.

Егер тік менюден тысқары жерді шертсек, менюден шығамыз, экраннан тік меню жоғалады.

Менюмен пернетақта арқылы жұмыс істеу.

Менюге кіру үшін Alt немесе F10 пернелерін басу керек. Сол кезде менюдегі сөздердің бірі жылтырап көрінеді. Менюді таңдау үшін курсор қозғалтуды басқаратын пернелері және қолданылады. Enter пернесін басқанда әр жатық меню үшін оның командаларынан тұратын тік меню шығады, командалар бойынша бағыттауыш пернелер← және → қолданылады. Enter пернесін басқанда әр жатық меню үшін оның командаларынан тұратын тік меню ашылады, командалар бойынша бағыттауыш пернелер ↑ және↓ арқылы жылжуға болады, ал команданы таңдау үшін Enter пернесін басамыз. Менюден шығу үшін Esc пернесін басамыз.

Жолдар, бағаналар, ұяшықтар

Электрондық кестенің Жұмыс тақтасы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жол саны 16384- тең, ал бағана саны 256-дан аспауы керек. Электрондық кестеде жол нөмірленеді, бағаналар латын бас әріптерімен белгіленеді.

Жол нөмірі электрондық кестеде қатарды анықтайды. Жол нөмірі жұмыс тақтасының сол жағында жазылады.

Бағана әріптері электрондық кестеде саптарды анықтайды, олар жұмыс тақтасының бастапқы жолында жазылады. Саптар келесі ретпен нөмірленеді :A-Z, одан соң AA-ZZ, одан соң BA-BZ, одан соң CA-CZ т. с. с.

Ұяшық - кестенің негізгі ұғымы, мәтін, сан, формула, деректер жазылады. Ұяшықтар жол мен бағана қиылысында орналасады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, адрес бағана әріптері мен жол нөмірлерінен тұрады. Мысалы, В3 бағанасы мен 3-жол қиылысындағы ұяшықты білдіреді.

Ұяшық көрсеткіші - ағымдық ұяшықты көрсетеді, ұяшық көрсеткіші жылтырауық төтрбұрыш түрінде кескінделеді. Көрсеткішті пернлер арқылы да, тышқанмен де басқаруға болады.

Ағымдық ұяшық көрсеткішпен белгіленеді. Әдетте деректерді енгізу әрекеті және басқа да әрекеттер ағымдық ұяшыққа қатысты орындалады.

Блок (Аудан)

Сыбайлас ұяшықтардан тұратын тіктөртбұрыш ауданды Блок деп атайды. Блок бір ұяшықтан немесе бірнеше ұяшықтардан тұруы мүмкін.

Блок адресі қарама-қарсы (сол жақ жоғары, оң жақ төмен) жатқан бұрыштарының координаталары арқылы бедгіденеді. Мысалы : B13:C19, A12:D27 немесе D:F

Командаларды орындағанда немесе формуланы енгізгенде блокпен орындау ыңғайлы әрі тиімді болады. Ол үшін блок координаталарын көрсетіп немесе белгілеу қажет.

Жұмыс парағы және Кітап

Excel -дегі электрондық кесте 3 өлшемді құрылым болып табылады. Кесте кітап сияқты парақтардан тұрады, экранда тек бетіндегі парақ көрінеді. Парақтың төменгі жағында басқа парақтардың белгішелері ( Лист деген жазу және парақ нөірі бар) көрініп тұрады.

Экранға астынғы парақты щақыру үшін парақ белгішесін шерту керек, онда ол парақ басқа парақтардың бетіне шығады. Мысалы : Лист 1, Лист 2 т. с. с.

Ұяшықтард мазмұны

Excel-де кесте ұяшықтарын енгізетін деректердің 3 түрі болады : мәтін, сан және формула.

Деректерді енгізу үшін қажет ұяшыққа барып, деректерді теру(240 символға дейін ) керек те, Enter пернесін немесе курсор қозғалатын бағыттауыш пернелердің біреуін басу керек. Excel енгізілетін деректер түрін бірінші символ арқылы анықтайды. Егер бірінші символ әріп немесе “`” апостраф болса - мәтін; цифр болса - сан; =(теңдік) белгісі болса формула немесе сан енгізіледі деп есептейді.

Енгізіліп жатқан деректер ұяшықта және формулалар жолында көрсетіледі. Деректер жадыға тек Enter пернесін немесе басқан соң енгізіледі.

Мәтін енгізу

Мәтін деп кез-келген символдар жиынтығын айтамыз. Егер мәтін цифрдан басталса, енгізуді «’» апостраф символынан бастау керек.

Егер мәтін ұзындығы ұяшық енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, экрандағы көрінісі оның орнын алады. Көрші ұяшыққа деректер енгізгенде бұрынғы мәтін қиылып қалады.

Ескерту ? Қате жіберуден қорықпаңыз, кез-келген әрекетті қайтаруға болады. Ол үшін Түзету (правка) Қайтару (Отменить) командасын орындаймыз немесе Стандарттық саймандар тақтасында Қайтару (отмена) батырмасын шертеміз.

Формулалар енгізу

Формула ретінде арифметикалық өрнектерді жазуға болады. Олар атифметикалық өрнектерді жазуға болады. Олар арифметикалық амалдар мен функциялар арқылы біріктірілген сандардан немесе ұяшықтар сілтемелерінен тұрады.

Формула «=» белгісінен басталады. Формула 240 символға дейін бола алады және онда бос орын болмау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық кестелерді пайдалану
MS EXCEL
Мәліметтерді сұрыптау
Windows жүйесіндегі Excel электрондық кестесі.
Ұяшық - деректерді қамтитын кестенің негізгі элементі
MS Word мәтіндік редактор, MS Excel кестелік процессор
Берілгендерді ұяшыққа енгізу
Кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру
Кестені енгізу сұхбаты терезесі
Информатикадан негізгі мәліметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz