Алтынбек Сәрсенбайұлы - публицист


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Айдаболов М. Р.
АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫ - ПУБЛИЦИСТ
Диплом жұмысы
Мамандық 050504 - Журналистика
Алматы, 2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы
Диплом жұмысы
АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫ - ПУБЛИЦИСТ
Орындаған 4 курс студенті: М. Айдаболов
Ғылыми жетекші: Н. Мұхамедиева (қолы, күні)
Норма бақылаушы Ш. Нұржанова (қолы, күні)
Кафедра меңгерушісінің рұқсатымен қорғауға жіберілді А. Ниязғұлова (қолы, күні)
Алматы, 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І тарау. АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫ: ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ҚАЛЫПТАСУ МЕКТЕБІ
- Ұлттық публицистика және Алтынбек Сәрсенбайұлының көтерген өткір тақырыптары мен өзекті мәселелері . . . 10
1. 2 Алтынбек публицистикасының өзіндік ерекшеліктері . . . 23
ІІ тарау. АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫ - САЯСАТКЕР, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
2. 1 Шебер тілді публицист: Алтынбек шығармаларындағы саяси болмыс және редакторлық бітім . . . 33
2. 2 Ұлттық мүдде һәм күрескер рух . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60
ҚОСЫМШАЛАР . . . 62
КІРІСПЕ
Қазақ публицистикасы үнемі даму, ілгерілеу үстінде. «Көсемсөз халықтың өсіпөркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес. Бүгінде публицистика ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды. Оның ғажаптылығының өзі сонда - публицистика белгілі бір кезеңде болған белгілі бір нақтылы оқиғаны айнақатесіз көз алдымызға әкеледі. Сол кезде не болды, қалай болды, кімдер өмір сүрді, олар қандай әрекет, мінез көрсетті? Міне, осы сауалдардың бәріне публицистикалық шығармалардан жауап таба аламыз. Өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жалғап тұрған ақиқат көпірін көргіңіз келсе - ол публицистика өнері»[1] .
Еліміз қол жеткізген тәуелсіздік демократиялық пен жариялылыққа, сөз бостандығына жол ашты. Мұның өзі публицистиканың кең қанат жайып, ұлттық бағытта дамуына септігін тигізді. Публицистік шығармашылыққа араласып, атсалысып жүрген көсемсөзшілер осы салада жаңашылдық пен жаңа қолтаңба қалыптастырды. Әсіресе өзгеше ойлайтын, ойын ашық жеткізетін, пікірін іште бүгіп қалмайтын демократиялық көзқарастағы қаламгерлер көсемсөзге жаңа леп пен көпқырлылық алып келді. Ұлттық публицистикада бөлек сипат, ерекше серпіліс бой көрсетті. Сондықтан публицистикаға үн қосып жүрген көсемсөзшілер шығармашылығын зерттеп, зерделеу қажеттігі туындады. Бұл ретте журналист, саясаткер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлы жарияланымдарының арқалаған жүгі ауыр. Көсемсөзші, ғалым қоғамдықсаяси, әлеуметтік, ғылыми тақырыптарда қалам тербеді. Сол себепті де қазақ қоғамы мен көсемсөзде өзіндік орны бар Алтынбек Сәрсенбайұлын дипломдық жұмысымыздың нысаны етіп белгілесек, зерттеу пәні ретінде оның публицистикалық шығармашылығын қарастырамыз. Шығармашылық жолын өткен ғасырдың сексенінші жылдары басында бастаған Алтынбек Сәрсенбайұлы публицистикасының өзіндік ерекшелігін, стиль даралығын, қаламгерлік қырын анықтау - ғылыми жұмысымыздың басты мақсаты.
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысқа арқау болып отырған Алтынбек Сәрсенбайұлы жарияланымдарын жүйелеп, тақырыптарға бөліп қарастырдық. Шығармашылықтағы алғашқы қадамдары мен есею жылдарын зерделеп қана қоймай, өмір жолы мен қалыптасу мектебі жайлы егжейтегжейлі баяндадық. Көсемсөзші шығармашылығын кезеңкезеңдерге бөліп, әр кезеңіндегі қаламгерлік ерекшелігін, мақалаларының архитектоникалық құрылымына талдау жасадық. Зерттеу жұмысында А. Сәрсенбайұлының көсемсөзімен қатар саясаткерлік, қоғам қайраткерлік қырлары да сөз етіледі. Өйткені ұлтжанды публицист саяси оқиғалардан, қоғамдық құбылыстардан тыс қала алмайды.
«Публицистиканың ауқымы кең, оған немқұрайлы қарайтын адамға қатысты қызмет саласын кездестіру қиынға соғады. Публицистика әлемі бүкіл әлемді қамтиды» . Сөз жоқ, «публицистика - мамандық, кәсіп ретінде адамзат қызметінің бір түрі. Публицистика өзге мамандық иелерінің - ғалым, саясаткер, суреткер, қоғам қайраткері, экономист, тарихшының қосымша кәсіп саласы болуы мүмкін. Яғни санаткерлігі жоғары, ойөрісі кең, қоғамның тыныстіршілігін тамыршыдай тап басатын кез келген қызмет иесі публицист бола алады» [2] . Бұл ретте негізгі мамандығы журналист Алтынбек Сәрсенбайұлының саясаткерлігі мен қоғам қайраткерлік қырлары оның шығармашылығына әмбебаптық сипат берді. Қаламгердің саяси процестерге араласып, саяси тұлғаға айналуы оның публицистикасын түрлік, мазмұндық жағынан байыта түсті.
Алтынбек Сәрсенбайұлы журналистикадағы алғашқы қадамдарын ҚазТАГ ақпарат агенттігі мен «Арай» журналынан бастады. Оның аратұра «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» басылымдарында жарық көрген мақалалары да жетерлік. Жастығына қарамастан публицист күрмеуі күрделі әлеуметтік, ұлттық мәселелерге қалам тербеді. Көп ізденді, өндірте жазды. Журналистік зерттеу жүргізді. Қазақ ұлтының проблемаларын көтеріп, ұлт мүддесін алдыңғы орынға қойды. Міне, сол себепті Алтынбек Сәрсенбайұлының 80-жылдардан бастау алған журналистикадағы алғашқы қадамдарын бөліп алып қарастырдық. Кейіннен көсемсөзші «Өркен» жастар газетінің редакторы қызметін атқарған кезде де осы тенденциядан қол үзген жоқ. 80-жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басы публицистің есею жылдарымен тұспа-тұс келді. Осы кезді публицистің азаматтық принциптерінің қалыптасу кезеңі деп белгілеуді жөн көрдік. Ал еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бастап публицист мемлекеттік қызметке араласты. Көсемсөзшінің бұл кезеңдегі шығармашылығын бөлек қарастырған орынды. Алтынбек Сәрсенбайұлы мемлекеттің қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Тоғыз жыл бойы ақпараттық саланы басқарды. Артынша Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне тағайындалды. 2000 жылдары Алтынбек Сәрсенбайұлы шығармашылығында түбегейлі бетбұрыс болды. Бұл саясаткердің мемлекеттік қызметтен қоғамдық қызметке ауысуына байланысты. А. Сәрсенбайұлының демократиялық күштер қатарына қосылуы оның публицистикасына да әсер етпей қоймады. Осы жылдардан бастап көсемсөзші шығармашылығы проблемалық, саясиқоғамдық бағытта дамыды. Сол себепті қаламгердің бұл тұста жазылған саяси тақырыптағы туындыларын бөлек зерттедік. Алтынбек Сәрсенбайұлы көркемпублицистикалық жанрларды да жатсынбады. Қаламгердің сатиралық шығармаларымен қоса қалам артқан очерктері де жетерлік. Осы орайда көсемсөзшінің әр тақырып пен әр жанрда жазылған шығармаларының идеясы жайлы бөлек сөз қозғадық.
Публицистиканың өзге салалармен байланысы жайлы теориялық пікірталастар толастаған жоқ. Мәселен, көсемсөз бір жағынан әдебиет, поэзиямен, екінші жағынан жаратылыстану ғылымдарымен де байланысты. Сондайақ ол қоғамдық ғылымдардың философия, саясаттану, экономика сияқты тармақтарымен де қабысады. Алтынбек Сәрсенбайұлы публицистикасының танымдық функциясы сан саланың басын біріктіріп, тоғысуынан туындаса керек. Өйткені саясаткердің әр публицистикалық ойпікірінде терең білімділік, сан саланы меңгерген жанжақтылық анық аңғарылады. Алтынбек Сәрсенбайұлы публицистикасының осы тәрізді ерекшелігін саралау мен сараптау - дпломдық жұмыстың басты міндеті.
Публицист шығармасы - сан саланың синтезі, жаңа мазмұнсипаты. Қаламгер туындыларына синкреттік тән. Бұл орайда көсемсөзші шығармашылығының өзіндік ерекшелігін іздестіріп, сараладық. Алтынбек Сәрсенбайұлы публицистикасына талдау жасап, зерттеуге көмекші құрал болған - Т. Амандосовтың «Публицистика - дәуір үні», Т. Қожакеевтің «Жас тілшілер серігі», Б. Жақыптың «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары», М. Черепаховтың «Проблемы теории публицистики», Е. Прохоровтың «Публицист и действительность», «О публицистике и публицистах» жинағы, А. Тертычныйдың «Жанры периодической печати», Б. Стрельцовтың «Основы публицистики. Жанры», М. Барманқұловтың «Сравнительный анализ жанров» еңбегі. Дипломдық ізденістің ғылыми-әдістемелік негіздері осылар деп білеміз.
Публицист өмірде, қоғамда, әлеуметтік ортада туған жаңа ұғымдарды, құбылыстарды терең сезімталдықпен көріп, ұғынып, ой көкірегінде қорытып, қоғамға ұсынады. Алтынбек Сәрсенбайұлы публицистикасын жазылу кезеңіне қарай және мазмұндық, тақырыптық, жанрлық сипаты жағынан бірнеше топқа бөліп, жүйеледік. Міне, публицист А. Сәрсенбайұлының көсемсөзін жанжақты саралау нәтижесінде жасаған қорытындыларымыз бен тұжырымдарымыз - зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Публицист шығармашылығын мазмұндық әрі түрлік жағынан біртұтас бірлікте қарастыра отырып, тиісті бағыттарды айқындадық. Жарияланымдарының пішіні мен жанрлық сипатын ажыратып, стильдік ерекшеліктерін айшықтадық. Қаламгер туындыларын осы критерийлер арқылы талдаптаразылау А. Сәрсенбайұлы публицистикасының негізгі ерекшеліктерін ашып бермек.
Бітіру дипломдық жұмысымыз Алтынбек Сәрсенбайұлының публицистік шығармашылығы негізінде жазылғандықтан, қазіргі публицистика қисыны мен тәжірибесін қатар алып жүруге ұмтылдық. Дипломдық жұмыстың теория мен практика бірлігі осы мәселелерден туындайды.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - публицист Алтынбек Сәрсенбайұлының шығармашылығын зерттеп, оның тақырыптық ізденістеріне, мазмұндық және стильдік ерекшеліктеріне егжейтегжейлі тоқталу. Қаламгер шығармашылығының бағытбағдары, идеясы, функциясы, авторлық позициясы жайында теориялық тұрғыда кеңінен зерттеу. Осы мақсатқа жету жолында салыстыру, талдау тәрізді әдістәсілдерге жүгіндік.
Бұл зерттеу жұмысы негізінде, біріншіден, автордың публицистік шығармалары егжейтегжейлі талданып, ерекшелігі көрсетіледі. Екінші қарастыратын мәселе - қоғам қайраткері туындыларының сан қырлы сипаты мен сонылығы. Алтынбек Сәрсенбайұлы жарияланымдары пікір айырықшылығы, саяси көзқарасы, терең қисындылығымен оқырман назарын аудартады. Үшіншіден, оның шығармаларының өзіне тән мазмұнпішіні мен әдістәсілі турасында сөз қозғаймыз. Публицист шығармаларын қоғамдағы адамдардың қалың тобына арнап жазады. Ал мұның өзі шығарманың өзіне тән мазмұны мен пішіні, әдістәсілін талап етеді. Бұл ерекшеліктер публицистика функциясымен, оның қоғам өмірінде атқаратын рөлімен тығыз байланысты. Ал төртіншіден, қаламгердің стиль даралығы, шығармаларының идеясы мен автордың позициясын біртұтас бірлікте қарастырғанды жөн көрдік. Сондайақ автордың публицистік қырын оның саясаткерлігі мен қоғам қайраткерлігі арқылы ашуға тырыстық.
Зерттеу жұмысын жазу кезінде осы күнге дейін бұл тақырыптың ғылыми тұрғыдан зерттелмегеніне көз жеткіздік. Бұрынсоңды қарастырылмаған тақырыптың алғашқы ізденушісі де өзіміз деп білеміз. Дипломдық жұмыстың теориялық, тәжірибелік негізі ретінде А. Байтұрсынов, Б. Кенжабаев, Х. Бекхожин, Т. Амандосов, Т. Қожакеев, М. Барманқұлов, Н. Омашев, Т. Ыдырысов, Б. Жақып, В. Ученова, А. Аграновский, Е. Прохоров, Е. Журбина, В. Канторович сияқты зерттеушілердің еңбектері пайдаланды. Қазақ баспасөзі тарихындағы Алтынбек Сәрсенбайұлы публицистикасының алатын орны мен рөлін көрсету.
Зерттеу нысаны. Алтынбек Сәрсенбайұлының публицистік шығармашылығы. Алтынбек Сәрсенбайұлының журналистік, публицистік, редакторлық қызметін сөз еткенде көсемсөзшінің әр жанрдағы материалдары тілімізге тиек етіледі, мысалға алынады. Негізгі қайнар көзі ретінде публицистің әр жылдарда жарық көрген, «Таңдау жасар сәт туды . . . », «Тәуелсіз елде тәуменді тұлғалар болмауы керек» деп аталатын публицистикалық шығармаларынан тұратын жинақтары мен өзі еңбек еткен газет-журнал тігінділерін қарастырдық.
Тақырыптың өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады. Бүгінгі ақпараттар ағымының үздіксіз өсуі, өмірдің алуан ырғағы, адамның жоғары парасаттылық деңгейі пулицистерден де, журналистерден де әлеуметтік ақиқат пен ақыл-ой құбылысын терең зерделеуді, оған мән беріп, жан-жақты жазуды талап етеді.
Сондықтан, біріншіден, кеше де, бүгін де шындықты бетке ұстаған суреткер Алтынбек Сәрсенбайұлының журналистік, публицистік рухани мұраларын саралап-салмақтау кейінгіге үлгі-өнеге, берері мол дәріс.
Сондай-ақ журналистика теориясы мен тәжірибесі зерттелуінің негізгі құрамдас бөлігі - публицистік шеберлік тәсілін, оқырманға ойын жеткізудегі пайдаланылатын әдістерін, тілі мен стилін, жанрлық ерекшеліктерін оқып-білу - публицистиканың теориялық-методологиялық деңгейін көтеруге пайдасын тигізері сөзсіз. Екіншіден, Алтынбек Сәрсенбайұлының публицистер шоғырын даярлаудағы редакторлығы өз алдына бір мектеп. Оның редакторлық қырының ерекшеліктеріне тоқталу арқылы публицистің қайраткерлік, қоғамдық-саяси тұлғасын айқындай түсеміз.
Міне, осы жәйттерден тақырыптың өзектілігі айқын аңғарылады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Алтынбек Сәрсенбайұлы шығарма-шылық лабораториясының ерекшеліктері мен даму жолдарын айқындау үшін ізденуші алдына мынадай міндеттер қойды: Алтынбек Сәрсенбайұлы публицистикасының қоғамдық-саяси маңызын ашып, тақырыптың идеясына назар аудару. Алтынбек Сәрсенбайұлы публицистикасының тілдік байлығын, стильдік ерекшеліктерін ашып көрсету.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы
. Қазақ баспасөзі мен әдебиетінің рухани қорын әр жанрдағы еңбектерімен байытқан қарымды қаламгер Алтынбек Сәрсенбайұлы қазақ халқының бір ғасырлық жанды картинасын жасауға белсенді қатысты. Оның публицистикасын баспасөзіміздің дамуына ғана емес қоғамдық ой-сананың өрлеуіне қосқан үлесі ретінде де бағалау жұмыстың жаңашылдығы болып табылады. Алтынбек Сәрсенбайұлының ұлттық тарихымыздағы, әдебиет пен өнеріміздегі ақтаңдақтардың бетін батыл ашуда сіңірген еңбегі мен оның редакторлығының публицистика дамуындағы жетістігі ретінде қарастыру еңбектің жаңаша бір қыры.
Зерттеудің әдістері. Белгілі бір ғылыми проблеманы зерттеуде танымдық әдістердің маңызы өте зор. Ол - құбылыстың мәнін ашуға көмектеседі. «Алтынбек Сәрсенбайұлы - публицист» деген тақырыпта жұмыс істей отырып зерттеудің талдау әдісіне көбірек жүгіндік. Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтың жеткен жерінен бастайды: жақсысынан үйренеді, жаманынан жиренеді. Олай болса, Алтынбек Сәрсенбайұлы сынды публицистің тәжірибесінен жас журналистердің алары мол. Бұл орайда зерттеудің нәтижелерін «Журналистік шеберлік», «Мерзімді баспасөздің тілі мен стилі» пәндерінен лекция даярлау кезінде, «Редакторлық қызмет», «Эпистолярлық жанр» атты тақырыптардағы семинарларда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, сондай-ақ, қорытынды, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫ: ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ҚАЛЫПТАСУ МЕКТЕБІ
- Ұлттық публицистика және Алтынбек Сәрсенбайұлының көтерген өткір тақырыптары мен өзекті мәселелері
Ел азаматтарының бақытты һәм бақуатты өмір сүрүі үшін күрестік . . . Бәріне де уақыт пен халық төреші.
Алтынбек Сәрсенбайұлы
От тілді Алтынбек публицистикасына тоқталмас бұрын публицистика ұғымын анықтап алсақ. «Көсем сөз - мерзімді баспасөз бетіндегі көптеген жанрларға бірдей қатысты ұғым. Сондықтан көсемсөзшілер (публицистер) айтпақ ойды, оны жеткізу ыңғайына қарай кейде памфлет, кейде эссе, мақала, ашық хат, кейде фельетон жазып, жариялайды » [3] .
Нағыз публицистикада әлеуметгік-тәрбиелік ықпал жасаудың орасан зор күші бар, өйткені ол оқырманға, көрерменге, тындаушыға дұрыс бағыт сілтейді. Адамдардың ақыл-ойы мен сөздеріне өсер етудегі маңызды рөлді де атқарады. Публицистикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан баға беру, дәлелдеудің айқындығы, өткірлік, барынша ықпал етуге ұмтылушылық тән.
Публицистика туралы сөз еткенде, оның басқа салалармен ара-қатынасына назар аударып, олармен байланысына да көңіл бөлуіміз керек.
Публицистиканың көркем әдебиеттен өзіндік өзгешеліктері бар.
- Ең алдымен, публицистика шығармашылықтың публицистикалық түріне, ал көркем әдебиет - шығармашылықтың көркем түріне жатады.
- Екіншіден, "көркем әдеби шығармалар (әңгіме, хикая, роман) міндетгі түрде сюжетке құрылады, портреттер ойдан шығарылады. Типтендіру, образ жасау, публицистиканын көркем жанрларына ғана тән келеді. Оның өзінде де очерк пен фельетон авторлары өздерінін кейіпкерлерімен міндетгі түрде кездесіп, олардың портреті, мінез-құлықтары туралы біраз мағлұмат алады. Сөйтіп, әдеби шығарма көркем шындыққа негізделіп жазылса, публицистік шығармалар өмірдің нақтылы шындығына сүйеніліп жазылады"[4] . Яғни, көркем әдебиетте шарттылық, басым болса, публицистика нақтылыққа негізделеді.
- Үшіншіден, көркем әдебиеттің өзіне ғана тән жанрлар жүйесі болатыны сияқты, публицистиканың өзіне ғана тиесілі бай жанрлар палитрасы бар.
- Төртіншіден, көркем шығармада жазушы өзінің негізгі идеясын, ойларын, идеалын оқиға желісі, адам образы, характерлер қақтығысы' картиналар, эпизодтар арқылы береді. Автордың оқырманға ұсынар идеясы оқиға дамуы, образдың өсу жолдары арқылы ашылып отырады. Ал публицист өз ойын оқырманға тікелей ұсынады "Публицистика - автор мен оқырманның ашық әңгімесі айтылып отырған оқиғаға байланысты автордың көзқарасы мен сезімі - ашуы таңырқауы қуанышы, реніші айкын білініп отыруы керек". Публицистика автордан терең ой мен білімділікті, тіл шеберлігін, өршіл пафосты, логика терендігін талап етеді. Ол оқырманмен ашық сөйлеседі, қоғамдық маңызы бар оймен сөйлейді.
- Бесіншіден, көркем әдебиетте жазушы көлемді шығармалар жазу үшін бүкіл ғұмырын сарп етуі мүмкін. Ал публицистикада белгілі бір тар уақыт шеңберінде айтылмаған ой көнеруі мүмкін. Сондықтан да көркем әдебиет бірнеше жылдар оқиғасын, тұтас бір дәуірді қамтыса, публицистика күнделікті өмір ағысына ілесіп отыруы керек, Профессор Э. Г. Багиров "Природу телевидения составляет не только то, что отличает его от кино, радио и печати, но и то, что их объединяет, что отличает их от традиционных средств информации" - дегендей, публицистика табиғатын да оның көркем әдебиеттен айырмашылықтары ғана емес, ұқсастықтары мен жақындықтары да құрайды[5] .
Публицистика мен көркем әдебиеттің екеуі де сөз өнерінің салалары. Екеуінің де кұралы сөз. Осы тұрғыдан келгенде, публицистика мен көркем әдебиеттің ұқсастық жағы болады, олар бір-бірімен органикалық тығыз байланысады.
Публицистиканың пайда болуы көне дәуірлердегі адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуынан бастау алады. Сонау ерте замандарда адамдар арасында ақпараттық қажеттілік пайда болды. Бір адам екінші адамға, бір адамдардың тобы екінші адамдар тобына өз ойларын жеткізгісі келді. Бұл алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тілдің пайда болуымен тікелей байланысты еді. Сөйтіп адамдар санасындағы идеялар, көзқарастар мен ойлар тіл арқылы басқаларға таралып, іс жүзіне аса бастады. Адамзат қоғамында қарым-қатынас құралы тілдің пайда болуы - публицистикаға дейінгі алғашқы құбылыстардың бірі еді. Көрудің, естудің және сөйлеудің қосылуы негізінде адамдардың қоршаған орта туралы қоғамдық пікір, көзқарастары қалыптаса бастады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге қоғамдық өмір де күрделене түсті де, түрлі саяси құрылымдар мен кәсіби саясаткерлер тарих сахнасынан орын алды. Дәл осы кезде қоғамдық ақпаратты таратуда қалың бұқараның ішінен өзінің көсемдігімен, ақыл-ой, парасаттылығымен оқшауланып, суырылып шыққан шешендер белсенді рөл атқарды. Еуропада шешендік өнер бірте-бірте саяси пікір таластарға ұласты да, ол сөз сайыстары кейінірек парламенттік мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналды. Асылы қазіргі "парламент" сөзінің түп-төркіні, француз тілінен аударғанда "раrler" "сөйлеу" деген мағынаны білдіреді. Сонымен, шешендік өнердің пайда болуы - публицистикаға негіз болған екінші бір кұбылыс болып саналады. Халқымыздың ақындары, батырлары, хандары мен билері, ақсақалдары мен әулиелері тауып айтқан асыл сөздің маржандары ұрпақтан ұрпаққа көшіп отыратын баға жетпес зор байлық.
Бүгінгі қазақ публицистикасының бір бастау бұлағы сол халық даналығында жатқандығын жадымызда әрдайым ұстауымыз керек. Археологиялық, этнографиялық және жазбаша тарихи деректердің көрсетіп отырғанындай, Еуропа мен Азия кұрлықтарының Ұлы даласын мекендеген біздің бабаларымыз сол кездегі рулар мен тайпалар тек аңшылықпен, мал өсірумен ғана емес егіншілікпен де шұғылданған. Сол бабалардың үлкен мәдениеті де болған. Олар өздерінің тұрмыс-тіршілігін, оқиға-құбылыстарды тасқа таңбалап, ескерткіш белгі етіп қалдырған. Адамзат дамуында жазудың пайда болуы мен дамуы - қазіргі публицистиканың пайда болуына ықпал еткен үшінші құбылыс болып саналады.
Ежелгі замандардағы жазба мәдениеттің көп таралған ертедегі көріністерінің бірі - шаруашылық, дипломатиялық және жеке жолдаулар мен хаттар болды. Бұл тарихи ескерткіштердің бір тобы - ресми сипаттағы қызметтік құжаттар болса, енді бір парасы - тұрмыстық, отбасылық, достық сипаттағы жеке адамдар арасындағы хаттар болды. Кейбір хаттарда қоғамдағы маңызды мәселелер қозғалып, саяси көзқарас, әлеуметтік идеялар көрініс тапты. Міне дәл осындай жолдаулардан келіп публицистикалық эпистологра-фияның алғашқы көріністері туды. Сонымен қоғамдық маңызды мәселелерді қозғайтын публицистика - бірнеше ғасырлардағы адамзат ақыл-ойының жемісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz