Оңтүстік Торғай ойпаты, Арысқұм иінді ойысында орналасқан Приозерный құрлымының мұнайгаздылы қорын есептеу



Геологиялық бөлім
1. Ауданның географиялық экономикалық жағдайлары.
2. Алаңның геология . геофизикалық зерттеу тарихы.
3. Литология.стратиграфиялық сипаттама.
4. Тектоника.
5. Мұнайгаздылығы.
6. Сулылығы.
7. Мұнай газ қорын есептеу.
8. Жобалау, іздестіру жұмыстарының мақсаты мен міндеті және ұңғымаларды орналастыру жүйесі.

Қосымша тіркемелер
1. Шолу картасы
2. Тектоникалық карта.
3. Құрылымдық карталар
4. Геологиялық қималар .
5. Литоло . стратиграфиялық бағана.
Приозерный құрылымы Оңтүстік Торғай ойпаты Арысқұм иінді ойысында Ащысай горсть антиклиналында орналасқан және Ақшабұлақ , Бозінген грабен - синклиналын бөліп тұрады. Бұл құрылым 1985-86 жылғы геологиялық – геофизикалық зерттеулер нәтижесінде анықталған. Ауданның және құрылымның құрылысында мезозойға дейінгі ірге тастың қатпарлы метаморфты жарылымдары мен юра, бор полеоген шөгінді түзілімдер кешені кездеседі.
Приозерный құрылымнан солтүстікте Арыс, Блинов , Ащысай, Құмкөл құрылымдарынан көмірсутек белгілері бар құрылымдар анықталған.
Приозерный құрылымының перспективті кешендері төменгі неоком және жоғарғы юра түзілімдері екені туралы анықтаған.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ауданның геология – геофизикалық зерттеу
тарихы

Оңтүстік – Торғай ойпатының тиімділігі 1970 жылдың басқы кезінде
жоғарғы палеозой шөгінділермен байланыскан.
Ол грави өлшегіш мәліметтерімен негізделген магнитті және геология түсірген
масштабы 1:500000 және 1:200000 аналогиялық Қостанай седловинасы бойынша Чу
– Сары депрессиясымен Аймактық сирек тарабындағы жұмысын орындар болғаннан
кейін Арыскұммен КМПВ және Жыланшық ғылыми геологиялық зертеулер жұмыстар
нәтижесіңде юра – триасы грабень – синклиналы және мезозой қимасында
тиімдігі жатады.
Осы иіндіойысынын шөгінді тысының қурылысында палеозой, мезозой,
кайнозой түзілімдері үш құрылымдық комплексті біріктіреді.
Квазиплатформалық палеозой рифтогенді юра мен бор кайнозойдың құрылымы.
Ірге тасты рефейге дейінгі қатпарлы метоморфтык кешенен тұрады, ірге тасы
интрузия мен жарылған. Квазиплатформалық кешен ірі блоктарды біріктіретін
Арыскұм иіндіойысынын батыс орналаскан. Юра мен бор түзілімдері ірге тас
жыныстарынын үстінде жатыр.
Рифтогенді құрылымдық кешен төленгі, ортаңғы және жоғарғы ритмокешен
құрамында болып келеді. Ұзындығы 200- 250 км, ені 20 – 30 км, қалындығы 5
-6 км болатын грабен – синклиналды жүйе (Арыскұм, Ақшабулақ, Сарылан мен
Бөзінген). Әр ритмокешен төменгі жақта ірі сыныкты жыныстармен, құмды
коллектор горизонтарымен берілген, жоғарғы жары флюидтерік болатын сазды
қабаттардан тұрады. (Сазымбай мен Айбала, Дощан мен Қарағансай, Құмккөл мен
Ақшабулақ свитасында). Грабен – синклиндер төменгі ритмокешені жоқ горст –
антиклиндермен бөлінген. (Ақсай,Табақбулақ және Ащысай). Төменгі борт
бөліктерінде, ал жоғарғы юра аланның көп бөлігінде кездеседі, көтерінкі
жерлерде ғана болмайды. Платформалык құрылымдық кешен бардык – палеогенің
және плиоцен – төртік түзілімдері. Арысқұм иіндіойысынын толы
стратиграфиялық көлемін орындайды, ортанғы жақтырында қалындағы 1700 м, ол
шет жақтарында 700 м, (солтустік - шығыс) иіндіойысынын солтустік – шығыс
борт бөлектерінде палеоген түзілімдері қиылған және төртік түзілімдері
жоғары бор горизонтарымен үстінде жатыр. Приозерный құрылымы Ащысай
көтерілімінің фундаментінің остік сызығының үстінгі бөлігінде орналасқан
және Ақшабулақ және бозінгең грабен – синклиналын бөліп турады. Приозерный
құрылымынан солтүстікте Арыс, Блиновский, Ащысай Құмколь құрылымдарынан
өндірістік көмірсутектері белгілі болған. Соңғы жағдайда жоғарғы юра өнімді
горизонты (Құмкөл свитасы) болып табылады. және Арысқұм горизонтының
төменгі неоком түзілімі өнімді қабат болып табыладыҚазіргі уақытта
Оңтүстік Торғай ойпатының Арысқұм йінді ойысының барлық алаңдары іздлық
алаңдары ізд торларымен жабылған. Ал мұнай газ перспективті алаң бөліктері
және бөшектенген торлары күшпен орындалған.
Қазіргі уақытта Оңтүстік Торғай ойпатының Арысқұм йінді ойысының барлық
алаңдары іздеу профилі МОГТ торларымен жабылған. Ал мұнай газ
перспективті алаң бөліктері және бөшектенген торлары күшпен орындалған.
Құрылымды іздеу және барлау, бұрғылау жұмыстарын мұнда оңтүстік қазақстан
мұнай іздеу экспедициясын жүргізді. Сейсмобарлау МОГТ жұмыстарының
нәтижесінде Арысқұм иінді осында тектоникалық және геологиялық түзілімі
оқылып, 50 шақты жергілікті құрылым ашылды. Ашылған ірі к.о. құмкөл,
және Арысқұм және т.б. к.о.
Жоғары көрсетілген жұмыстар мәлметтерінен оңт-к торғай ойпаңы Арысқұм
иінді ойысының шығыс, орталық бөліктері, Приозерный, Батыс жамансу,
Сарыбұлақ алаңдары алынды, мұндай кеңістіктер құмкөл және Ашысай к. о-ң
арасында орналасқан.
Приозерный, Батыс жамансу жергілікті құрылымы 1985ж анықталады. Бұл
зерттеу жұмыстары кендік және меридиональды профиль торларында жүргізілді.
Орталық бақылау жүйесі 12 реттік жабуымен қабылданды, сейсмикалық
тербелісті қоздыру 5 қондырғы көмегімен орындалды. ГСК-6 және ГСК-10 . 1986-
88 жж Арысқұм иінді ойысында орталық және шығыс бөлігінде МОГТ іздеу
жұмыстары жүргізілді және Приозерный Жамансу батыс жамансу алап
құрылымдары сейсмобарлау зерттеу жұмыстары негізінен Ашысай горст
антиклиналь алаңында ал шығысында сарылан грабен-синклиналында жүргізілді.
Атқарылған торлар өзарабайланыс профильдер субендік және сол-т батыс
бағыттағы ерте атқарылған тор профильдері оның 2-4 км дейін жиіліктігіне
мүмкіндік береді. Іздеу жұмысының әдісіне белгісіз өзгерулерді сақтай
отырып орталық жүйеден 12-ретті профильдену, саласында сейсмикалық
тербелістерді қондырғылармен ГСК-6, дірілкөздері СВ-5-15,0.
Ауданда жүргізілген геофизикалық іздестірулер жұмысының нәтижесі,
аудандардың геологиялық түзілімдердің күрделі екенін көрсетеді.
Ор профильдің жилігінің жетіспеушілігі және сейсмобарлау жұмыстарының
әдісі жергілікті құрылымдар мен антиклиналь емес тұтқыш-ды, датальды
тапсырысымен шешуге тиімсіздігі.

Тектоника
Оңтустік Торғай ойпаты Туран клитасының солтүстік шығысында орналаскан.
Ойпат бор палеогеннің табан бойындағы кешеннің шөгінділері теріс құрылым
түрінде көрсетіліп, Ұлытау антиклинарының арасына тіркелген және оның
онтүстік жалгасы шығыста, төменде сырдария қосылған. Оңтустік шығыс
қыратымен қамтылған, ал солтүстігінде Қостанай седловинасымен.
Өз ретімен Оңтүстік – Торғай айпаты екі иілімге бөлеекі иілімге
бөлеынбулақ седловинасына бөліктенген.
Приозерный антиклинальді құрылым. Ақшабұлақ және Бозінген грабан –
синклиналін бөліп жатыр. Бұндағы бор палеогеннің кешенілің бөліп жатыр.
Бұндағы бор палеогеннің кешененің қалындығы 1500 – 1700 м жетеді. Мұндагы
триас – юра шөгіндісі өздігінен құрылымдық қабат құрап, ерекше маңызы
болып, ең үлкен қалыңдықтың таралуы және толық стратиграфиялық диапазоны
жінішке сызықтын грабен – синклиналы домезозой нетерогенді негізінді
геофизикалық мәлеметтер бойынша Арысқұм иілімінің шегінде субмеридионалды
грабен – синклинал бағытында тартылғаны анықталды.
Бұрғылау жұмыстары нәтижесінде және оларды бөліп тұраын үш горст –
антиклинал текшесі белгілі болды. Тектоникалық бұзылулар нәтижесінде
фундамент блоктарға бөлінеді. Солтүстік батыс бөлігі және шығыс, солтустік
– шығысында сығылып жоғалады. Фундаменттің бұзылу нәтижесі бір қатар горсты
және грабенге бөлінеді. Шығыс бөлігінің құрылымында горсты айпаны айрыкша
бөлініп, оның көлемі 2,5 – 3,5 км және ұзындығы 24 км болғанда, амплитудасы
320 м дейін барады. Фундаметтің бет жағының жаткан тереңдіғі 1200 – 1620 м
құрайды. Юра шөгіндісінде оның екі құрылым беті көрінеді, оның бірі Құмкол
горизонтының жоғарғы юра ойлан ернегінің құрылуына шағылады, екіншісі
құмтас шөгінді ернегінің ойланып сипатайды. Осы бет жағының бірінщісі Ю – I
өнімді горизонтының ернегімен байланысты, осы индексте горизонтын шағылысуы
бар.
Екінші беткі жағына IV шағылысу горизонты байланысып келесі ретпен
өнімді IV горизонтының жамылгысында дәл келеді. Құмкол IV шағылысу горизонт
жамылгысы бойынша –өзін брахиантиклиналь қыртысы бойынша көрсетеді. Қыртыс
өлшемі изогипс бойынша 1300 мқұрайды. Ең үлкен амплитудасы кезінде 1600 м.
Батыс жағында бұл жыныстың құралуы 1 30 құрайды, шығысында 2 30 Қыртыс
(F1,F2,F3) тектоникалык бұзылулармен қиындатылған.
Көпке созылган F2 амплитудасының кілт түсүі шығыстан 60 – 100 м
құрап қыртысты қамтиді. Солтүстік жағында бұл бузылыс F3 бұзылысымен
түсіндіріліп, әрі қарай енеді. Онтүстік батыс бөлік құрылымыдағы 12, 17, 19
уңғылардың аудан аймактарындағы уңғылардан ерекшелігі орта – юра
шөгінділерінің жоқшығы және жоғарғы юра жыныстарымен фундамент жабылган.
Уақытша қиындатылын өнделіп жасалған қимасында ортанғы юра шөгінді
қалындығы фундамент бетіне көтерілу кезінде төменгі бөліктің қимасында
қиылысу есебінен оның көрінеді. Буны күәлелендіреді уңғы қимасындағы
корреляция Аудандағы ұнңгыларды азғана изометриялық 1*1,5 км амплитудасы 25
км өлшелі бөліп тур және батычтан сонаңсоң шығыс жағынан тектоникалық
бузылыстарымен шектеледі.
Орта юраның шөгіндісі аланның шегіне қарап о – ден 200 м дейін
өзгереді. Құмкол свитасының қалындығы алан бойынша тербелісі 55 – 75 м
шамасында, ал фундаменті көтерінкі ойлан участкесінде 34 – 48 м азаяды.
Жоспардағы тәжірибе сай келетіндегі шығыс құрылым қанаты флексурамен
қиындатылып F1 тектоникалық бұзылуы Юра шөгіндісінде кездеседі. Әр түрлі
ойпан беттеріндегі жоспар бойынша орындарына қойсақ, Арысқұм горизонтының
ені азаяды, оның көп бөлігі өзгереді және орталық шығыс Ю – I горизонты
ойпан бөлігіне қарап ығысқан. Оңтүстік Торғай ойысы Торғай деприссиясының
оңтүстік шығыс бөлігін қамтиды. Меза-кайнозой түзілімдері құрылысының
ерекшеліктеріне байланысты өзіндік құрылымдық бірлік негізінде 2 иінді
ойыстардан тұрады. Солтүстікте Жыланшық және оңтүстікте Арысқұм,
олар Мыңбұлақ төменасуымен бөлінген.
Екі құрылымдық этаж палеозой түзілімдерінен құрылған, төменгі
протерозой түзілімдерінің іргетасымен бұрыштық және стратиграфиялық
үйлесімсіздікпен орналасқан.
Берілген құрылымдық этаж негізінен Арысқұм иіндіойысының
солтүстік батыс секторында белгіленген.
Жоғарғы құрылымдық этаж мезозой-кайназой түзілімдерінің түгел
комплексін қамтиды, рифті және платформалық комплекс тарамына таралады.
Оңтүстік Торғай ойысының құрылымдық сызбанұсқасының қалыптасуына
Солтүстік- Европаның және Қазақстан палеоплит коллизия этапындағы
тектоникалық қозғалыстар әсер етеді.
Жарылымдар жүйесі Оңтістік-Торғай ойысының іргетасында жіңішке және
көлемі бойынша үлкен емес блоктарға бөлінген. Әртүрлі бағыттағы
қозғалыста болған олардың әсерінен құрылымдық планда грабендер,
грабенсинклиналь және горст-антиклиналь қалыптасқан .
Жалыншақ иіндіойысы геологиялық-физикалық зерттеулерге қарағанда
оның көлемінде грабен-синиклиналь қатары белгіленген. Олар толығымен
жарылым белдерімен шектелген. Жыланшық иіндіойысының грабен-
синклинальдері бір-бірімен горст-антиклинальдарымен бөлінген. Қазіргі
кезде Жыланшық иіндіойысы көлемінде тек ғана Бозшакөл грабен-синклиналі
зеттелген.
Аймақтық сейсмобарлау жұымстарының матреалдары бойынша іргетас блогы
төмендеген, төрт жағынан аймқтық Бозшакөл және локальді жарылымдарымен
шектелген. Оның жарылымды шектері юра этапының дамуында көрінеді, ал бор
дәуірінен бпастап платформалық режимде ауысады.
Мезазой-каназой түзілімдері Арысқұм иіндіойысы мңында екіші
құрылымдық этап белгіленген: юра және бор-төрттік. Олар стратиграфиялық
үйлесімсіз орналасқан. Юра түзілімдерінің құрылымы іргетас жазықтығымен
бақыланады.
Геофизикалық деректерге қарағанда Арысқұм иіндіойысының іргетас
жазықтығында бес субмеридиан бағытында сызықты түрде созылған
грабесинклиналь анықталған. Арсықұм, Ақшабұлақ, Сарылан, Бозінген, Даут.
Арысқұм грабен-синклиналь Арысқұм иіндіойысының батыс бөлігінде
басты Қаратаудың терең жарылымының солтүстік батыс белдемінің жалғасында
құрылған. Сейсмобарлау нәтижесі бойынша ол 30-50 км енімен 250км-ге созылып
жатыр. Оның іргетасы жасы бойынша заттың құрамы бойыншада гетерогенді, 5,0-
7,0км тереңдікте астасып жатыр.
Ақшабұлақ грабен-синклиналь Арысқұм иіндіойысының орталық бөлігін алып
жатыр. Ол батыс және шығыстан Ақсай, Ашысай іргетас дөңестерімен
шектелген.
Шетелу белдемінің тектоникалық сипаттамсы Қаратау және батыс Ұлытау
жарылымдарының бұтақтану түрінде болады.
Сарылан грабен синклиналь Арысқұм иіндіойысының бөлігін құрайды.
Геологиялық-геофизикалық деректерге байланысты Сарылан грабен
синклиналы кері құрылымының жіңішке сызықты түрінде болады. Ол мередиональ
бағытта ені 20-25км бойынша 100км ден жоғары созылып жатыр.
Сейсмобарлау және бұрғылау материалдарына қарағанда Сарылан грабен
синклинальінің іргетасының төмендеуі оны орталық бөлігінде белгіленген.
Бозінген грабен синклинальі Арысқұм иіндіойысының шеткі шығысында
анықталған. Шығысында батыс Ұлытау тереңдік жарылымымен шектелген.
Оның батыс шекарасы ретінде Табанқұлақ және Ашысай горст-
антиклинальді болады.
Даут грабен- синклинальі Оңтүстік Торғай иіндіойысының оңтүстік
шығысында орналасқан. Оның құрылымы конфигурациясы, шектері және тағы басқа
туралы деректер грави және агнитобарлау материалын интерпритация
нәтижесінде алынған. Ол үлкен Қаратау жарылымының солтүстік батыс
жалғасында орналасқан. Батыс шетінде жүргізілген сейсмобарлау жұмысының
нәтижесіне қарағанда жарылым шектері бар. Даут грабен-синиклинальінің
оталық бөлігінде іргетас жабынның төмендеуі 5км-ден төмендеуі мүмкін.
Грабен-синиклинальдар төменгі ортаңғы және жоғарғы қимадан төмнгі
және ортаңғы түзілімдері, ал неғұрлым көтеріңкі аудандарда жоғарғы юра
түзілімдері түсіп қалады.
Бор түзілімдері юра жүйесімен әртүрлі беткейлерде стратигафиялық және
бұрыштық үйлесімсіздікпен орналасқан.
Бор-төрттік құрылымының этапының түзілімдері бор табанымен бқыланады.
Мұнымен Арысқұм иіндіойысы орталық бөлігінде эпицентрімен брахиоформалы
синеклизаны көрсетеді.
Сейсмикалық деректерді қайта интерпритациялау нәтижесінде Құмкөл
көтерілімінің оңтүстік бөлімінде құрылымдар анықталады.
III. беткей бойынша оңтүстік Құмкөл меридиональді сағаланудың
антиклинальді иілім шығыстан күрделенілген тетоникалық бұзылысты иілмнің
батыс қанаты жарылыммен көтеріңкі, шығыс қанаты түсіңкі.
Бұзылстың максимальды амплитудасы құрамының ортаңғы бөлігінде 50 м
дейін ал солтүстік және оңтүстік бағытта 20м дейін сөнеді.
II. беткей (арысқұм беткейінің жабыны) бойынша құрылым ассиметрия
құрылысты субмеридианальды сағалану антиклинальді түрінде болады.
Арысқұм және жоғарғы юра беткейлерінің құрылымдық жоспары сәкес
келеді.

Мұнайгаздылық
Кәсіптік мұнайгаздылық юра, төменгі неоком горизонтарының құмтасты
түзілімдерімен және жоғарғы неоком жыныстарымен берілген (қоңыс,бектас
кенорындары).Бор түзілімдерінің шоғыры мұнай газ өндерітің юра
жыныстарындағы келіп тускен көмірсутектердің екінші рет түзілуінен пайда
болады. Юра қимасында үш ритмокешен бөленген: томнгі, томенгі ортаңғы және
жоғарғы юра, булардың бәрі төменгі бөлігінде ірі сынықты жыныстармен,
құмтасты коллекторлармен, ол жоғарғы – флюидтірен болатын сазды қабаттардан
тұрады. Грабен – синклиналдың дамуынын трангрессивті сипаттамасы төменнен
жоғары қарай ритмокешендер дамуы. Бұл кешендер мұнай – газдылы потенциалды
органикалық зарттарды қамтуы мен байланысты және жату терендігіне
байланысты. Юра түзілімдерінің қалындығы 700 – 1700 м болатын бор жүйесінің
түзілімдерімен комкерілген. Бор түзілімінің негізінде неокомның сазды
қабаты жатыр, бұл қабат юра мұнай газды кешенін экрандайтын аймақтық
флюидтірек болып келеді. Қазіргі кезде Оңтүстік Торғай ойысының Арысқұм
иіндіойысында 16 мұнайгаз кен орны ашылған. Локальді таралған, негізінен
грабенбен шектелген төменгі-ортаңғы юра түзілімдері (генерационды сипатқа
ие). Оларды мұнайгаз аналық қабаты ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін
генерационды сипатқа ие.
Арысқұм мұнайгазды белдемінде газмұнайлы Арысқұм кенорны (1985ж), Досжан
мұнай кенорны (1987ж), Майбұлақ (1988ж) мұнай кенорны және Қоныс (1990ж)
газмұнайлы кенорны ашылған.
Ақсай мұнайгазды белдемінде Қызылқия газмұнайлы кенорны (1986ж), Ақсай
(1988ж) және Караваншы мұнайлы кенорны ашылған.
Ақшабұлақ мұнайгазды белдемінде Ақшабұлақ, Нұралы, Шығыс Нұралы, Батыс
Нұралы кенорындары ашылған.
Ашысай мұнайгазды белдемінде Құмкөл (1984ж) газмұнайлы кенорны, Ашысай
мұнайлы кенорны (1990ж), Арыс мұнайлы газконденсатты кенорны ашылған.
Мұнай және газ шоғырлары ортаңғы және жоғарғы юра, төменгі және жоғарғы
неоком түзілімдерімен байланысты. Сонымен қатар төменгі юра комплексінің
өнеркәсіптік мұнайгаздылығы да шеттелмейді, яғни осы қимадғы колменторларын
сипаттайды.
Ойыстың ауданы және стратигрфиялық қима бойынша мұнайгаз шоғырларының ретін
бақылайтын геолого-құрылымдық ерекшеліктері аумақтағы аймақтық мұнайгазды
комплексті юра және неоком көлемінде және зоналық мұнайгазды комплесті
анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақты мұнайгазды комплекс мұнайгаз қабаттарына және көмірсутектің
генерациясына байланысты 2 комплекс тармағына: біртекті төменгі юра және
эпитекті жоғарғы неокомды болып бөлінеді.
Юра түзілімдері әртүрлі өлшемде және грабен бағытында локализданған.
Құлдилау ырғағына, мұнайгаз комплексінің литологиялық құрамының
ерекшелігіне және табиғи резервуарға байланысты грабендер автономды
мұнайгаз түзілуінің ошағына айналады.
Кәсіптік практикада юра түзілімдерінің құрамында 6 өнімді беткей бөлінген:
Ю-0, Ю-1, Ю-II, Ю-III, Ю-IV, Ю-V. Олар Құмкөл, Арысқұм, Нұралы, Қызылқия,
Караваншы және т.б. кен орындарында және зерттеу алаңдарында өндіру
обьектісі болып табылады.

Неоком эпитекті мұнайгазды комплекс тармағы.
Литологиялық құрамы бойынша, төменгі борды құрайтын эпитекті мұнайгазды
комплекс тармағы неоком көлеміндегі континентальді құм-сазды қызыл түсті
қабатты құрайды.
Бұл қабаттың литологиялық әрекеттілігіне байланысты 2 бөлімге төменгісін
төменгі дауыл және жоғарғысын жоғарғы дауыл свита тармағына бөлуге болады.
Төменгі дауыл свита тарамы өз кезегінде таужыныстарының әртекті
литологиялық топтамасымен құралған: төменгі құмтасты және жоғарғы сазды.
Құмтасты топтама Арысқұм грабен-синклинальінде 0-ден 140м ауытқуымен
дамыған, арысқұм беткейі ретінде белгіленген. Төменгі дауыл свита
тармағының құмтастарына жоғарғы сиымды-сүзбелену қасиеті тән ашық
кеуектілік 20-30%, өткізгіштік 0,5 км және оданда жоғарыны құрайды.
Сазды топтама қалыңдығы 100-170м қызыл-қоңыр сазбен белгіленген, таралу
ауданында аймақтық флюидтірек рөлін атқарады.
Геохимиялық зерттеулерге қарағанда, дауыл свитасының құрлысына қатысты
жыныстар органикалық заттармен және битумойдтардың төмендігімен
сипатталады. Тек кей жағдайда ғана органикалық заттардың өсуі 0,5% дейін
ғана, бөлек жұқа сұр түсті саз қабатшаларында байқалады, ал битум 0, 1%
байқалады.
Оңтүстік Торғай ойысындағы Арысқұм мұнайгазды ауданда 4 мұнайгазды белдем
бөлінген.
Мұнайгазды белдемдер 2-ші реттегі геоқұрлымдық элементтерге негізделген.
Бұлар Арысқұм өнімділігі ішкі учаскілерінің комипмелермен және сүйірлене
тамамдалу белдемі және грабен-синиклиналь бортындағы тектоникалық
экрандалумен байланысты, Ақсай, Ақшабұлақ және Ашысай.
Ашысай мұнайгазды белдемінде газ мұнайлы Құмкөл кен орыны ашылған. Кен
орынның оңтүстік бөлігіндегі Оңтүстік Құмкөл кен орнында төменгі неокомның
раысқұм беткейі (М-1) және құмкөл свитасы жоғарғы юра түзілімдері
анықталған (Ю-1, Ю-2 беткейі).
Өнімді Ю-1, Ю-2 беткейлері жоғарғы юраның жоғарғы құмкөл свитасына
негізделген және 1,4,3 ұңғымаларында өзенді және көлді жайылма литотипті
және 2 ұңғымада жайылма түрінде белгіленген.
Өнімді Ю-1, Ю-2 беткейлері жақсы сәйкестендіріледі және ГИС мәлметтерімен
белгілененді.
Ю-1 беткейіне 1264-1315м тереңдік интервалында орналасқан мұнай шоғыры
жатады.
Мұнай шоғыры қабатты дөңбеккүмбезді тектоникалық экрандалған.
Мұнай қаныққан табаны 1 және 3 ұңғы. 1203,4 және 1203,7 м абсолюттік
көрсеткіштерінде бөлінеді, сулы қабатты жабыны 2 ұңғ. Бойынша 1251,5 м
көрсеткіште байқалады. Сумұнайлы жапсар 1227 м көрсеткіште белгіленген.
Қимадағы мұнай қаныққан бөлігінде құмтасты қабатшалардың мөлшері 3-4
жетеді.
Өнімді контур бойынша беткейінің құмтастылығы 0,26 дан 0,63 дейін
өзгереді.
Тиімді мұнай қаныққан қабаттар 5,8 ден 17,0 м дейін өзгереді.
Коллектор қабатының кеуектілігі 16,0 ден 30,0% дейін, өткізгіштігі 0,008
ден 6,0 дарсиға, қанығу коэффициенті 53 тен 77 % дейін.
Беткей өнімділігі 1және 3 ұңғ. сынамалармен дәлелденген. Ю-2 беткейіне
1298-1232м тереңдік интервалында орналасқан мұнай шоғыры жатады. Сумұнайлы
жапсары 1 ұңғымада 1219,8 м абсолютті көрсеткіште, 3 ұңғ. 1221,5
көрсеткіште көрінеді.
Шоғыр бойынша сумұнайлы жапсары 1220м абсолютті көрсеткіште қабылданған
Мұнай қаныққан қимадағы қабатшалар мөлшері 2 ден 5 дейін өзгереді. Мұнайлы
контур бойынша беткей құмтастылығы 0,57-09 тең.
Тиімді мұнай қаныққан қабаты 8,9-10,3-34,5м тең. Коллектор қабаттарының
кеуектілігі 16,5-28%, өткізгіштігі 0,009-2 дарсиға, қанығу коэффициенті 48-
80% дейін өзгереді.
Ю-2 беткейінің өнімділігі 1,3,4 ұңғ. сынамалармен дәлелденген.

Алаңның географиялық экономикалық жағдайлары

Приозерный құрылымы Жезқазған облысы Жезді ауданы Қазақстан
мемлекетінде орналасқан. Жақын елді мекен темір жол бекеті Жусалы ауданы,
алаңнан 159км қашықтықта орналасқан.
Орталық облысы Қызылорда қаласы, алаңнан 200 км қашықтықта орналасқан.
Шығысқа қарай алаңнан 116км жерде тас жолы өтеді,Қызылорда-Жезқазған.
Омск,Павлодар, Шымкент мұнай құбыры 230км алаңнан шығысқа қарай
тартылған. Техникалық жұмыстармен ауыз суға тереңдігі 80-110м , жоғарғы
бор су горизонтынан алып пайдаланылады. Алаңның тұщы суының құрамында фтор
бар екені анықталып, ауыз суды 60км қашықтықта орналасқан су ұңғысынан
тасымалдап әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал
шаруашылығымен айналысады. Алаңның әлеуметтік экономикалық жағдайы нашар
дамыған . Алаңның тек тас жолы бар. Жаз-күз мезгілінде бұл жолмен барлық
көлік түрлері емін алады. Ал қыс мезгілінде қардың үйіліп қалуына
байланысты көліктің жүруі қамтиды.
Алаңның географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 200м биіктікте орналасқан.
Негізінен бұл жерде қарлы болып келеді , ол нақты бедер белгілерімен
белгіленген. Алаңнан оңтүстікке қарай құмды арысқұм массиві орналасқан және
жартылай бекітілген түйіршік бүдір құмнан құралған.
Арыс тұзды көлі толық кеуіп қалған. Батысқа қарай 15км орналасқан
70-80м Чинк биіктігі өзгермейтін тегіс жердің платосын 150-200м ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұбантам алаңына барлау жұмыстарын жүргізу нәтижелері және өнімді беткейдің мұнай газ шоғырларын анықтау жұмыстары
Мұнай қабатшасын игеру
Кен орын ауданынын геологиялық зерттеу және игеру тарихы
Кеніш қалындығының деңгейі 132 метр
Құмкөл кен орнының жағдайында өндіретін ұңғылар жұмысын қиындататын негізгі аспектілер
Алаңдардағы түзілімдерден мұнай мен газ шоғырларын ашу мұ-най іздеу жұмыстарының көлемін ұлғайту
Арысқұм кен орнының м-іі кешенін механикалық әдіспен игеру және жабдықтарды таңдау
Арысқұм кен орнының мұнай тасымалдау құбырларын корозиядан қорғау
Құмкөл кен орнында күрделі жағдайдағы өндіру ұңғыларының жұмысын талдау және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру
Қабат қалыңдығы 100 метр
Пәндер