Әлихан Бөкейхан туралы



1. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің

2. Қазақ интеллигенциясының көшбасшысы
А) Тума талант
Ә) Тарихшы.ғалым
Б) Қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист

3. Сөнбес шырақ

4. Пайдаланылған әдебиеттер
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам мен мемлекет қайраткерлері арасындағы аса ерекше тұлға-Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Оның есімі ұзақ жылдар бойы бөлек аталып, «буржуазиялық ұлтшылдықтың» синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ұрпаққа қалдырған орасан мол аманат-мұрасы бір кісінің ғұмырындай уақыт шаң басып жатты. Көрнекті қоғам қайраткері – Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман қазақтаы съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракцияысының бюро мүшесі, Питер масоны, қазақтың XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы, әрі халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автаномиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – жантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист, міне, ардақты азаматымыздың халқы үшін, халқының жарқын болашағы үшін соңғы демі біткенше атқарып өткен сан-қилы қызметінің бұл болар-болмас көрінісі ғана.
Ә.Н.Бөкейхан 1870 жылы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысы, Тоқырауын өзені бойынды №7 ауылда дүниеге келді(Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қараған Қаратал совхозының жері).
Әлихан ата-тегі Шыңғыс ханнан бері келе жатқан төре тұқымына, Бөкейханнан тарайды. Көкжал Барақханның баласы Бөкейхан қазақтың таққа отырған соңғы хандарының бірі.
Бөкейханның бес әйелінен он бір ұл болған. Он бір ұлдың бірі - Әлиханның арғы бабасы Батыр. Батырдан Рүстем, Әшімтай, Мырзатай туады. Мырзатайдан Нұрмұхамед(Әлиханның әкесі, елдегі аты Мұқан), Қоске, Шолақ, Әбдіхан; Нұрмұхамедтен Әлихан, Смахан, Базылхан, Әзіхан, Батырхан деген бес ұл мен Нұрбек атты бір қыз туады.Әлихан тұңғышы.
Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алыпе барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді.
1. Әлихан Бөкейхан «Таңдамалы» Алматы,1995
2.
3. «Қазақстан тарихы. Очерктер»

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Әлихан Бөкейхан

Жоспар:

1. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің

2. Қазақ интеллигенциясының көшбасшысы
А) Тума талант
Ә) Тарихшы-ғалым

Б) Қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист

3. Сөнбес шырақ

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасымай Алашына қызмет еткен;
Болса да қалың тұман, қараңғы түн,
Туатын ббақ жұлдызына көзі жеткен;
Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір басы үшін жалданбаған,
Қайткенде Алаш көркейер деген ойдан,
басқа ойды өмірінде малданбаған.

С.
Торайғырұлы.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ
зиялыларының, қоғам мен мемлекет қайраткерлері арасындағы аса ерекше тұлға-
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Оның есімі ұзақ жылдар бойы бөлек аталып,
буржуазиялық ұлтшылдықтың синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ұрпаққа
қалдырған орасан мол аманат-мұрасы бір кісінің ғұмырындай уақыт шаң басып
жатты. Көрнекті қоғам қайраткері – Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам
қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және
мұсылман қазақтаы съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман
фракцияысының бюро мүшесі, Питер масоны, қазақтың XX ғасырдың басындағы ұлт-
азаттық қозғалысының негізін салушы, әрі халқымыздың тұңғыш саяси Алаш
партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автаномиялы үкіметінің
төрағасы, ғұлама ғалым – жантанушы, экономист, тарихшы, этнограф,
әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист, міне, ардақты азаматымыздың
халқы үшін, халқының жарқын болашағы үшін соңғы демі біткенше атқарып өткен
сан-қилы қызметінің бұл болар-болмас көрінісі ғана.

Ә.Н.Бөкейхан 1870 жылы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын
болысы, Тоқырауын өзені бойынды №7 ауылда дүниеге келді(Жезқазған облысы,
Ақтоғай ауданына қараған Қаратал совхозының жері).
Әлихан ата-тегі Шыңғыс ханнан бері келе жатқан төре тұқымына,
Бөкейханнан тарайды. Көкжал Барақханның баласы Бөкейхан қазақтың таққа
отырған соңғы хандарының бірі.
Бөкейханның бес әйелінен он бір ұл болған. Он бір ұлдың бірі -
Әлиханның арғы бабасы Батыр. Батырдан Рүстем, Әшімтай, Мырзатай туады.
Мырзатайдан Нұрмұхамед(Әлиханның әкесі, елдегі аты Мұқан), Қоске, Шолақ,
Әбдіхан; Нұрмұхамедтен Әлихан, Смахан, Базылхан, Әзіхан, Батырхан деген бес
ұл мен Нұрбек атты бір қыз туады.Әлихан тұңғышы.
Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алыпе
барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді.
Көзі ашық, көкірегі ояу Әлихан молданың оқуын қанағат тұтпай қаладағы
үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып кетеді.
Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық
училищесіне түседі. Училищені ойдағыдай бітіреді.
1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге
пансионер болып қабылданады. Техник мамандығымен бітіріп шығады. Жалпы
Әлихан Бөкейханның лауазым аттары көп болған. Көп зерттеу, мақалаларына
Қыр баласы, Сын степей, V, Киргиз-степняк, Туземец, Арысұлы,
А.Б., Қ.Б., Ғ.Б. деп қол қойып отырған.
1890 жылы шілденің 30 күні Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан Ресей
империясының астанасы Питерге ат басын түзейді. Әлихан күнделікті
сабақтарына қоса, студенттерді саяси, саяси, әдеби және т.б. студенттік
үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Осы
жылдары Әлиханның саяси көзқарасы қалыптаса бастайды, екі ғасырға жуық
Ресей империясының қол астында отырған ескі феодалдық қарым-қактынастан әлі
арыла қоймаған, рулық, феодалдық күрес-тартыстан көзін аша алмаған туған
халқының тағдыры оны қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандық
шырмауынан құтыла алмай отырған халқына, ең алдымен, білім мен мәдениет
керек екендігін анық ұғады. Халқын Европаның мәдениеті жоғары елдері
санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді
өзінің алдына мақсат қылып қояды. Питер Орман институтын орман экономисті
мамандығымен бітіреді де, Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Омбы қаласына қайта
оралады. Келген бойда алдымен төменгі дәрежедегі орман мектебіне
қабылданып, екі жылдай өз мамандығы бойынша дәріс оқиды. 1896 жылдан бастап
Әлекең ғылыми жұмыстарға көңіл бөледі. Әлиханның Омбыдағы жылдары оның
көрнекті қоғам, саяси қайраткер ретінде де, педагогтік, ғылымдық,
әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып береді. Ол қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, яғни
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан- жақты зерттеген санаулы ғалымдардың
бірі. Сонымен қатар, ол Омбыда патшалық тәртіптің қуғын-сүргінін де
көрді, екі рет заңсыз-сотсыз абақтыда да отырды.
Әлихан Бөкейхан – тарихшы-ғалым.
1877 жылы Дала өлкесінің білім ордасы, мәдени орталығы саналатын Омбы
қаласында Орыстың императорлық жағрафия қоғамы өзінің Батыс Сібір бөлімінің
есігін айқара ашады. Маңына орыс пен қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларын,
өнер мен ғылым қайраткерлерін жинаған бұл қоғам кейінгі жылдары қазақ
даласын ағарту ісіне, қазақ өлкесін жан-жақты зерттеу жолында алдыңғы
қатарда болды. Алғашқы күндерінен-ақ белсенділігімен танылған Әлихан 1896
жылы қоғамның Батыс-Сібір бөлімінің толық мүшелігіне қабылданады да, ал
1901 жылы бөлімнің басқару комитетіне мүше болып сайланады. Сонымен қатар,
ол жағрафия қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семейлік бөлімшесін ашуға ат
салысты.Өзі сол Семей бөлімшесінің және Абаймен қатар Семейдің статистика
комитетіне мүше болады.
Әлихан Бөкейхан қазақ даласының тарихын көп зерттейді. әлекеңнің тарих
саласындағы жазып қалдырған елеулі мұралары – Исторические судбы
Киргизского края и културные его успехи, Киргизы атты монографиялары.
Бірінші ұжымдық монография 1903 жылы Россия. Полное географическое
описание нашего отечества атты көптомдық альманахтың Киргизкий край
деген XVII томына еніп, Питерде жарық көреді. Шығармада Қазақ өлкесінің
сонау тас, қола дәуірінен бергі тарихы, мекендеген халықтары, олардың
мәдени, саяси-әлеуметтік жетістіктері кең көрініс тапқан. Автор Дала
өлкесінің соңғы ғасырлардағы өмір-тарихын сипаттайды, патша өкіметінің
жүргізіп отырған отаршылдық саясатын да батыл суреттеген. Екінші еңбегі
алғаш Формы национального движения в современных государствах атты
жинақпен 1910 жылы Питерден бысылып шықты. Бұл еңбегінде қазақ даласындағы
саяси-әлеуметтік жағдайды тартымды етіп сипаттай алған. Қазақ халқының
отаршылдық, переселендік саясатқа деген көзқарасын, кең далаға көлдей
ағылған келімсектермен арадағы қарым-қатынасын, күресін, ұлт-азаттық
күресінің бағытын, мақсат-мүддесін ашып көрсете алған. Шығармада
халқымыздың көкейкесті мәселелері – тілб сөз бостандығы, дін мәселесі де
қозғалады.
Әлихан қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін, даму
заңдылықтарын да терең зерттеді. Әсіресе, Кіші жүздің, кейінірек Орта жүз
бен Ұлы жүз хандықтарының Ресейдің қол астына ену себеп-салдарына көп көңіл
бөлді. Бұған оның жағрафия қоғамы Батыс-Сібір бөліміне қараған Семей
бөлімшесінің басылымдарында жарияланған Из переписки киргизских ханов,
султанов и пр. пр., И переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его
потомков және Из бумаг султана Большой Киргизской орды Сюк Аблайханова
атты ғылыми жарияланымдары куә бола алады.
XX ғасыр басындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының көсемі - Әлихан
Бөкейханның назарынан Кенесары көтерілісі де тыс қалмады. Хан Кене
қозғалысына ол алғаш рет жоғарыда аталған Исторические ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейханның биографиясы
Ә. Бөкейханның ғылым мен ұлттық дамуға қосқан үлесі
Әлихан тұңғышы
Алихан Бөкейхан
Ә. Бөкейхан - ұлы мұрат жолындағы көшбасшы
Әлихан Бөкейхановтың-дара жолы
Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында
Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлт топтастырудағы саяси қызметтері арқылы саяси лидерлік феноменін талдау
Ә.Бөкейхан – қазақ халқының ұлы
Әлихан Бөкейхан: Ұлтын сүю- білімнен емес, мінезден
Пәндер