Экологиялық дағдарыстар



1. Экологиялық дағдарыстар тарихы
2. Экологиялық қауіпсіздік
3. Қала экологиясы
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Адамзаттың тарихы — адамдардың табиғатпен өзара қарым-қатынастарының тарихы болып табылады. Әр түрді дәуірлер бір-бірінен табиғатқа адамның қатынасымен, оны меңгеру ерекшеліктерімен сипатталады.
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының тарихында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады .
Бірінші кезеңді палеолит дәуірі деп атайды. Бұл кезде қарапайым алғашқы қауымдық құрылыстың өмір салты болған. Аталған кезеңді көбінесе биогенді кезең ретінде сипаттайды. Адам бұл тарихи кезеңде табиғатпен бірге еді, оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан құралды. Палеолиттің ұзақтығы 2 млн. жылдан астам уақытты алып жатыр және ол адам мен табиғаттың өзара әсерлерінде ең көп уақытты алып жатқан кезең.
Адамның табиғатқа, биосфераға әсері осы кезеңнің өзінен көріне бастады. Ол негізінен өсімдіктен жабынының өзгеруімен және жануарлардың жекеленген түрлерінің жойылуымен сипатталады. Палеолит дәуірінде адамдардың жекелеген ірі шөпқоректі жануарларды (мамонт, алып бұғылар, түктікеріктер және т.б.) толық жойып жібергені дәлелденген. Аңшыдық өнімдері адамдар үшін негізгі азық және шаруашылық қызметінде негізгі шикізат көзі болған.

IV Ақпараттық-экологиялық кезең

III Индустриялдық кезең

II Аграрлық кезең

І Биогенді кезең


21-сурет. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының төрт кезеңі (Н.М. Мамедов. И.Т. Суравегина бойынша)
Екінші аграрлық кезеңге адамның мәдени өңдеуге көшуінен басталған неолит дәуірі жатады (б.э.д. VIII—VII ғасырлар). Бұл дәуір өнеркәсіптік өндірістің қалыптасуына дейінгі кезеңді, яғни б.з. ХVІІ ғасырына дейінгі уақытты алып жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағынан алғанда бұл кезең құл иеленушілік және феодалдық қоғамдар кезеңі болып табылады.
Неолит дәуірінен бастап, егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына байланысты қоғам биосфераға күшті әсер ете бастады. Ормандарды кесу, шалғындық далаларды жырту, үй жануарларын жою нәтижесінде ғаламшардың орасан үлкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға айнала бастады. Археологиялық және палеобо-тникалық зерттеулер қазіргі кездегі шөлдер Гоби, Қарақұм, Қызылқұм, Сахара шөлдерінің территориясын әр кездерде гүлденген өркениетті елдер алып жатқанын көрсетеді.
1. Оспанова Г.С., Бошатаева Г.Т. Экология. Алматы, 2002 ж.
2. Бессонова В.П. Влияние загрязнения среды тяжелым металлами на гормональные и трофические факторы в почках кустарниковых растений //Экология, Алматы.1993 г.

Жоспар

1. Экологиялық дағдарыстар тарихы
2. Экологиялық қауіпсіздік
3. Қала экологиясы
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер

Экологиялық дағдарыстар тарихы

Адамзаттың тарихы — адамдардың табиғатпен өзара қарым-қатынастарының
тарихы болып табылады. Әр түрді дәуірлер бір-бірінен табиғатқа адамның
қатынасымен, оны меңгеру ерекшеліктерімен сипатталады.
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының тарихында бірқатар ерекше
кезеңдерді бөліп көрсетуге болады .
Бірінші кезеңді палеолит дәуірі деп атайды. Бұл кезде қарапайым алғашқы
қауымдық құрылыстың өмір салты болған. Аталған кезеңді көбінесе биогенді
кезең ретінде сипаттайды. Адам бұл тарихи кезеңде табиғатпен бірге еді,
оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан құралды. Палеолиттің ұзақтығы 2
млн. жылдан астам уақытты алып жатыр және ол адам мен табиғаттың өзара
әсерлерінде ең көп уақытты алып жатқан кезең.
Адамның табиғатқа, биосфераға әсері осы кезеңнің өзінен көріне бастады.
Ол негізінен өсімдіктен жабынының өзгеруімен және жануарлардың жекеленген
түрлерінің жойылуымен сипатталады. Палеолит дәуірінде адамдардың жекелеген
ірі шөпқоректі жануарларды (мамонт, алып бұғылар, түктікеріктер және т.б.)
толық жойып жібергені дәлелденген. Аңшыдық өнімдері адамдар үшін негізгі
азық және шаруашылық қызметінде негізгі шикізат көзі болған.

IV Ақпараттық-экологиялық кезең

III Индустриялдық кезең

II Аграрлық кезең

І Биогенді кезең

21-сурет. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының төрт кезеңі
(Н.М. Мамедов. И.Т. Суравегина бойынша)
Екінші аграрлық кезеңге адамның мәдени өңдеуге көшуінен басталған
неолит дәуірі жатады (б.э.д. VIII—VII ғасырлар). Бұл дәуір өнеркәсіптік
өндірістің қалыптасуына дейінгі кезеңді, яғни б.з. ХVІІ ғасырына дейінгі
уақытты алып жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағынан алғанда бұл кезең
құл иеленушілік және феодалдық қоғамдар кезеңі болып табылады.
Неолит дәуірінен бастап, егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына
байланысты қоғам биосфераға күшті әсер ете бастады. Ормандарды кесу,
шалғындық далаларды жырту, үй жануарларын жою нәтижесінде ғаламшардың
орасан үлкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға
айнала бастады. Археологиялық және палеобо-тникалық зерттеулер қазіргі
кездегі шөлдер Гоби, Қарақұм, Қызылқұм, Сахара шөлдерінің территориясын әр
кездерде гүлденген өркениетті елдер алып жатқанын көрсетеді.
Аграрлық кезеңнен бастап тарихтағы техногенді дәуір басталады, яғни
адам белсенді түрде биосфераны өзгерте бастады, табиғаттың заңдылықтарын
өзінің мақсатына бағытталған түрде пайдалана бастады. Сондықтан егіншілік
технологиясы, мал шаруашылығының технологиясы туралы осы кезеңнен бастап
айтуға болады. Аграрлық кезеднің соңы кеме қатынасымен, Жаңа дүниенің,
Тынық мұхитының аралдарының ашылуымен, еурпалықтардың Үндістан мен
Қытайға, Африка мен Орталық Азияға, Шығыс Сібірге енуімен сипатталады.
Аталғандар Жердің табиғаты туралы, оның орман, топырақ, су ресурстары,
минералдық байлыстары туралы түсініктерді өзгертті және оларды
пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін туғызды.
Кеме қатынасының дамуы теңіз кәсіпшілігінің кеңеюіне, ең алдымен
киттер мен басқа да теңіз жануарларын аулауға алып келді. Нәтижеде теңіз
қоректілерінің саны айтарлықтай кеми бастады.
Үшінші индустриалды кезең қоғам мен табиғат-өзара қатынасындағы
техногенді дәуірдің шарықтау шыңы болды. Ол XVII ғасырдан бастап XX
ғасырдың ортасына дейінгі уақытты алып жатыр.
Өнеркәсіптің дамуына байланысты қоғамның табиғи әсері жаңа сипатқа ие
болды. Кен өндіру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады.
Отын ресурстарын жағу арқылы қуат өндіру бірнеше есе артты. Жаңа
заттарды жасау, ластаушы заттардың үлкен территорияларда таралуына және
ауыл шаруашылығының химияландырылуына байланысты адамның биосфераға
химиялық әсерінің сапасы өзгерді.
Алғашқы кезде табиғаттағы өздігінен реттелу процестері биосфераның
экожүйелерінің бұл әсерлерге төтеп беруіне мүмкіндік берді. Бірақ,
өндірістік іс-әрекеттің қарқыны мен көлемінің артуы экожүйелердің өздігінен
қалпына келу қабілетін біртіндеп жойды. Биосфераның биологиялық, химиялық,
физикалық көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгерістер байқала бастады.
ХХ ғасырдың ортасына қарай өндірістің қоршаған табиғатқа әсері кеңейіп,
ғалмдық сипатқа ие болды. Нәтижеде табиғи ортаның сарқылауына байланысты
өндірістің одан әрі дамуы мүмкін болмайтын жағдай қалыптасты, яғни
экологиялық дағдарыс байқалып отыр.
Бірақ, бұл дағдарыс биосфера тарихындағы бірінші дағдарыс емес.
Н.Ф.Реймерс (1994) бірқатар экологиялық дағдарыстар мен экологиялық
революцияларды бөліп көрсетеді.
7 кесте.
Өркениет тарихындағы экологиялық дағдарыстар мен революциялар
№ Экологиялық дағдарыстар Экологиялық Уақыт кезеңі, жыл
революциялар бұрын
1 Аридизация дағдарысы - 30-50мың жыл бұрын
2 Жинаушылар ресурстарының Биотехникалық 10-20 мың жыл
дағдарысы революция бұрын
3 Консументтер дағдарысы Бірінші аграрлық 2 мың жыл бұрын
революция, жер
өңдеуге көшу
4 Қарапайым жер өңдеудің дағдарысы Екінші аграрлық 150-300 жыл
революция
суармайтын
жерлерді өңдеу
5 Өндірушілер дағдарысы Өнеркәсіптік 50 жыл
революция
6 Редуценттер дағдарысы Ғылыми-техникалық 20-30 жыл
революция
7 Жылулық дағдарыс Энергетикалық Қазіргі уақыт
революция
8 Экожүйелердің ғаламдық дағдарысы Экологиялық
жоспарлау
революциясы

Қазір қоғам мен табиғаттың өзара қатынасында индустриалдық кезеңнен
ақпараттың-экологиялық (пост-индустриалдық) кезеңге өтуі байқалып отыр. Бұл
кезең ғаламшар ресурстарының (биосфераның көптеген зақымдануларды қалпына
келтіру мүмкіндігінің) шектеулі екендігін түсінумен сипатталады. Сонымен
қатар ғылым мен техниканың жоғары дәрежеде дамуы техника мен өндірістік
технологияның биосфераға зиянсыз негізде дамуына мүмкіндік бере алады.
Жалпы алғанда осы кезеңнің нәтижесі адамзаттың болашағын анықтайды.

Экологиялық қауіпсіздік

Экология – жаһандық мәселе. Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Еуразия
құрлығында экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде айрықша рөл атқарады.
Еуропа мен Азия арасындағы саяси, мәдени және экономикалық көпір бола
отырып, Қазақстан құрлықтағы ландшафтты және экологиялық жүйелерді дамытуда
осыған ұқсас байланыстырушы қызмет атқарады. Қазақстан аумағы көлемінің,
климат жағдайлары әралуандығының, әсіресе өңірдің су тепе-теңдігінің
ерекшелігіне орай Еуразияның бүкіл аумағындағы экологиялық ахуал
Қазақстанның тұрақтылығына елеулі түрде байланысты болады. Сондықтан біздің
бүгінгі проблемамыз мынада: біздегі ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаны
ластаудың жоғары деңгейі жағдайында жүріп келеді. Қолда бар бағалаулар
бойынша, ел аумағының 75%-ына жуығы экологиялық тұрақсыздықтың өскелең
қатеріне тап болып отыр. Мұның бәрі табиғи орта мен халықтың денсаулығы жай-
күйіне кері әсер етуде.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ҚОҚМ) қазір республикалық және
жергілікті деңгейдегі экологиялық проблемалардың тізбесін жасады. Осы
тізбеде аса айрықша және көкейкесті экологиялық мәселелер көрініс тапқан.
Мысалы, Алматы мен Өскемен – ауаның ластануынан, батыс өңірі көмірсутегі
шикізатын өндіруден зардап шегуде. Оларды шешу жөнінде арнайы өңірлік
бағдарламалар жасалған. Бүкіл дүние жүзінде егер табиғатты пайдаланушы
қоршаған ортаны неғұрлым ластайтын болса, онда ол соғұрлым көбірек ақы
төлеу керек дейтін қағидат берік орныққан. Сондықтан бүгінде экологиялық
салықтар туралы мәселе де тегін көтеріліп отырған жоқ. Қазіргі кезде
өндіруші өздерінің тауарлары мен қызметтерінің құнына экологиялық
төлемдерді қоса отырып, оларды тұтынушының мойнына салып қойған. ҚОҚМ
Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттікпен бірлесіп, төлемдерді
тарифтерден алып тастау және оларды табиғат пайдаланушының таза табысынан
алу мүмкіндігін қарастыруда. Нәтижесінде өндірушілер қаржылық жағынан
өздерінің экологиялық шығындарын төмендетуге мүдделі болады.
Өткен жылы Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған
тұрақты дамуына көшу тұғырнамасы қабылданды. Сондықтан экологиялық мәселе
осы тұғырнаманың өзекті құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені, ешқандай
да экологиялық ілгерілеу қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыра
алмайды. Біз бір қолымызбен халық игілігі үшін экономиканы дамытсақ, екінші
қолымызбен осы үшін ұмтылыс жасаған болып болашақ ұрпақтарымызды уландырып
жатқан сияқтымыз. Аталған тұғырнама шараларын іске асыру нәтижелері бойынша
біздің экологиямыздың тұрақтылығы индексін 2012 жылға таман 10%-ға, 2018
жылға таман 15%-ға, 2024 жылға таман 25%-ға жақсарту жоспарланып отыр.

Қала экологиясы

“Менің уәделерім ешқашан бос сөз болған емес, ал сіздер маған үнемі
үміт ұялатып, биік белестерге бастаған шын жүректен қолдау көрсеттіңіздер”,
деді Президент. Халқына қаратып айтылған аталы сөз осындай болмақшы.
Елімізде шағын және орта бизнесті дамытып жатырмыз, шын мәніндегі
халықтық капитализмге бет бұрдық дейміз; тәуелсіздік алғалы бері шетел
инвестициясынан елімізге қырық миллиард доллардан астам қаржы бұлағы
бұрылды дейміз; кешірім жасалған көлеңкелі бизнестен жарты миллиард доллар
қайтып оралып, ел игілігіне жұмыс істей бастады дейміз; ішкі жалпы өнім
жылма-жыл жоғарылап, көңіл көншітеді дейміз. Әлемдік экономикада Қазақстан
моделі өз алдына отау тікті. Білім және ғылым саласына екі-үш жыл көлемінде
бюджеттен орасан мол қаржы босатылды. Ауыл шаруашылығына бөлінген дотация
көлемі де айтарлықтай. Ендеше, елде қиын жүріп жатқан реформалар, атап
айтсақ, білім және ғылым, әлеуметтік сала, коммуналдық қызмет, жерге
жекеменшік, осылардың баспалдақтап көтерілу динамикасы көңілге орасан зор
қуаныш шуағын құяды.
Осының мәнісін көп ойландым.
Бюджет халықтың маңдай тері мен табан ақысынан құралады. Оның үстіне
шетелге шығып жатқан қазба байлықтарымыздың қарымтасынан толады. Енді осы
екеуінен бас құрап, қазынамызды толтырған ырзық-несібені көздің
қарашығындай сақтап, сыбайлас жемқорлардың апан аузынан арашалап алып қалу
– мәселенің бергі жағы, ал сол қомақты қаржыны халықтың бүгінгі тоқшылығы
үшін, ертеңгі болашағы үшін орнымен жұмсай білу – ыждаһатты есепқойлықты
қажет етеді.
Осы жерде хакім Абайдың сөзі еске оралады. Азаматтарымыздың “...көбі
ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат,
байлаулылықтың жоқтығынан азады”, – дейді. Осындағы байлаулылық сөзінде
терең мән жатыр. Байлаулылық көбіне білімге, зеректікке келеді. Сол
білімді, сол зейін, зеректікті қажет жеріне жұмсамай, жанып жүріп шаруа
тындырмай, көштің соңынан еріп, жұрт жүрген жолды шаңдатып жөңкіле беру
бәрімізге сын болмақшы. Атымыздың басын ұлы көштің бас жағына түзейікші,
деді Президент өз Жолдауында.
Өз басым Президенттің әуел бастан екі мінезін ұнатамын, құлай
құптаймын.
Бірінші мінезі – нені ойға алса да екіұшты сөйлемей, екіұдай жүрмей,
екі жаққа жалтақтамай, сүйейсалды қылмай, жанып жүріп істейтіні. Жанып
жүріп істеген іс әрдайым оңынан бітеді. Президент туралы жазылған бірді-
екілі көркем шығармаларды, дерекке табан тіреген очерк кітаптарын оқып
шыққанда, санаға сап ете қалатын ой – Нұрсұлтан Әбішұлының кешегі бала
жастан маңдай терін тамшылатып, бейнеттің от-жалынында қайнап піскендігі.
Жастайынан ауыр жұмыстан бойын тартпай өскендігі. Бозбала кезінде анасы
Әлжанның бір жағына шығамын деп бөлініп берген бір гектардай қызылшаны
суару, шөптеу, түбін қопсыту, жегілеу, жүйектеу шаруасына күні бойы
кіріскенде алақаны ойылғанша қимылдайды екен.
Содан кейін Теміртаудың №3 шойын балқыту пешінің от-жалынына оранып,
күпәйкесін тұзды суға малып, бірде кокс лақтырып, келесіде пеш науасынан
шойын ағызып, жан алып, жан беріп жүргенде бас қорытпашы: “Шәкірттердің
ішінен бір шыдаса – осы Сұлтан ғана төзіп шығады”, – дейді екен.
Днепродзержинск училищесін бітіріп оралған отыз көгенкөздің ішінен екі-үш
жылда қорытпашы болып Нұрсұлтан Әбішұлының әбден қалыптасуы – әлгі бас
шебердің сәуегей сөзінің дәлелі. Сүйегі қатып үлгермеген жас кезінен
бейнетте шыңдалған адам өмір жолында қандай қиындық кездессе де
тайсалмайды, тура беттеп барады. Әлгідегі ойға алған шаруаны жанып жүріп
тындырады деуіміз содан.
Президенттің екінші мінез қыры – тәуекелдің адамы. Қасиетті Құранда
Алла-тағала тәуекелшіл кісіні сүйеді деген сөз бар. Тәуелсіздіктің алғашқы
жылдары, қысқа жіп күрмеуге келмей жатқанда, Парламент мүшелерінің, зиялы
қауымның “осы қалай болар екен” деген дүдәмалына қарамай, баяғы тәуекел деп
аяғын үзеңгіге салған батыр бабаларына ұқсап, елорданы Алматыдан Ақмолаға
көшіруі, ақ қар, көк мұз 1997 жылдың ақпанында елорданың тұңғыш нобай-
нұсқасына әлемдегі бір деген мықты сәулетшілерді шақырып, бәйге жариялауы –
осы тәуекелшіл мінезінен туындап еді. Ел еңсесін түзеп алсын, оң-солымызға
қарайық деп сөзбұйдаға салып жүре бергенде осы күнгі ғажайып қала – Астана
салынып үлгермес еді.
Биылғы Жолдау да осы тәуекелдің ақ қағазға түскен көрінісіндей
елестейді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев инаугурацияда сөйлеген сөзінде болайын
деп тұрған істі болғызбай жіберетіндер мен болмайтын істің өзін
болғызатындардың ара-жігін ажыратып, жан аямай жарқырап жұмыс істейтіндер
ғана қатарымызда қалады, деді. Мемлекеттік құрылымдар мен лауазымды
тұлғалардың іс-қимылын реттеу қолға алынды. Министрлік пен ведомстводағы
жүріп жатқан қатты қысқартулар осы пәрменнің нәтижесі. Сонымен қатар
ақпараттық құралдарда мемлекеттік үлкен мәшиненің бір-бір тегершігі –
мемлекеттік қызметшілерді жемқор етіп көрсетіп, жөн-жосықсыз айыптауды
тиятын кез келді деп ойлаймыз.
Жоғарыда білім және ғылым саласына екі-үш жыл көлемінде мол қаржы
босатылды дедік. Ал қазақ мектептеріндегі оқулықтардың сапасы Лиссабон
конвенциясына еркін енетіндей әлемдік стандарт деңгейіне әлі көтеріле алған
жоқ. Мектептеріміз мазмұн жағынан жұтаң, жаңашылдығы мардымсыз оқулықпен
ілдәлдалап сауат ашып келеді. Жақында республикалық газетте қазақ
мектептерінің 9-сыныбына арналған математика оқулығы қатты сынға алынды.
Ресей оқулығынан жартылай аударма жасап, оның өзінде біраз дүниелерді дұрыс
аудармай, мағынасын бұлыңғырлап, күлдібадам ғып шығарған оқулық жалғыз сол
ма екен. Қайта жазылған Қазақстан тарихы да ауыл мектептеріне түгел
жетпеді. Жалпы осы оқулық жағдайы мұғалімдердің қабырғасына батқалы қашан.

Алдағы, дәлірек айтсақ 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім
беруге көшіп, мұғалімдердің кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру
сапасын арттыруға бағытталған межені Президент өз Жолдауында әдемі тарқатып
айтты. 10 жылдықты бітірген оқушы одан әрі кәсіптік-техникалық білім алып,
отбасын құруға бет бұрса, бұған біздің қарсылығымыз жоқ, жастардың бәрі
жоғары оқу орнына ұмтылсын деген талап қоймаймыз, деді Президентіміз. Аса
дарынды, қабілетті жастар ғана жоғары білімге құлшыныс танытса құба-құп.
Сондықтан қазақстандық білім моделін өзімізге лайықтап, жаңаша құрып,
дүниелік деңгейге көтеретініміз ләзім деп қадап айтты.
Жоғары оқу орындарының білім беру сапасын тексеру, стандарттау,
тестілік жүйеге түсу, білім саласына жаңа технология енгізу үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзеннің ластану деңгейі
Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық тоқыраулар және экологиялық дағдарыстар
Дағдарыстың мүмкін салдары
Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні
Экономикалық цикл және оның фазалары
Тұрақты даму концепциясы туралы
Балқаш проблемасы
Дағдарыс жағдайында ұйымда персоналды дамыту
Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері
Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары
Пәндер