Алтын Орда


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Алтын Орда - Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Жошы ханның баласы Батый /Бату/ ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды. Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай-Батуда болса, кейін Сарай-Берекеге көшірілген. Алғашқы кезде Алтын орда мемлекеті деген ұғым болмаған. Орыс деректерінде бұл атау тек XVI ғасырдың аяғында пайда болған. Шыңғысхан және оның ұрпақтары туралы жазылған « Шыңғыснама» шежіресі сақталған. Осы шежіреде мынадай аңыз бар. Шыңғысхан Жошы ханнан туған өзінің Батый, Ежен, Шайбан деген үш немересіне алтын босағалы «Ақ орда», күміс босағалы «Көк орда», болат босағалы «Боз орда» тіккізген. Алтын босағалы ордаға батыйды кіргізіп, Жошының орнына хан сайласа керек. «Алтын Орда» деген атау осыдан шыққан тәрізді. Сөйтіп Жошы ұлысының орнына алтын босағалы Ақ Ордаға кіріп, таққа отырған Батыйдың басқаруымен Алтын Орда мемлекеті құрылған.

Жазылған деректерде басқада да түсініктер бар. Бір деректерде Жошы ұлысының қарамағындағы жерлер ғана «Алтын Орда» деп аталса, ал екінші бір деректерде Батый хан мен оның мирасқоры Беркенің иелігіндегі Еділ бойы мен Кавказдың терістік жағын «Алтын Орда» деп атаған. Жалпы «Алтын Орда» болып аталғанымен, оның өзі жеке-жеке ұлыстарға бөлініп жатқан. Олардың арасында байланыс өте нашар болған.

Батый хан - Алтын Орданы құрушы монғол ханы. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген.

Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы туралы айтылады. Ол мұсылман елдеріне әрқашан қамқорлық жасап, оларға мешіт салдырып, діни әдет-ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Сондықтан да ол мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Парсы тарихшысы Жувейни Батый ханның әділдігі туралы былай деп жазған: «Оның ордасына саудагерлер барлық жерлерден келіп жатты. Олар түрлі тауарларды әкеледі. Ол (Батый хан) тауарлардың барлыған алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған».

Ал орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын орданы экономикалық қуатын арттырып, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгені айтылады.

Алтын орданың күшеюі. Жазбы деректерде Батый ханның Алтын Ордаға хандық еткен алғашқы жылдары туралы мағлұмат жоқ. 1235 жылғы бүкіл монғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасауға шешім қабылданған кезден бастап Батыйдың есімі тарихи деректерде айтыла бастайды. Батысқа жасалған жорық жеті жылға (1236-1242) созылған. Осы жорықтар нәтижесінде Батыс елдері жаулап алынып, Алтын Орданың шекарасы батысқа қарай кеңейіп, күшейе түскен.

Осыдан кейін Солтүстік Кавказ, Қырым бойы, Орыс княздіктері, Шығыс Еуропа елдері тәуелділігін мойындап, Алтын Ордаға алым салық төлеп отыруға мәжбүр болған.

Алтын Орда саяси және экономикалық жағынан Берке мен Өзбек хандардың кезінде жақсы дамыған. Әсіресе Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түседі.

Қазақ даласынан Мысыр еліне құлдыққа сатылып барған Бейбарыстың Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны болғаны белгілі. . Бейбарыс өзін әскери өнердің асқан шебері ретінде таныта білді. Мемлекеттік билік басына келгеннен кейін ислам дінінің өркендеуіне атсалысты. 1262 жылы Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскері, сауда, діни, мәдени, байланыстар орнады.

Орда беделінің өскендігін көтсететінбір жағдай - Берке ханның Монғол империясына тәуелділігін мойындамай, бүкіл монғолдық құрылтайға қатынасудан бас тартуы. Бұл жағдай ұлы хан Мөңке қаза болғаннан кейін Алтын Орданың өз алдына тәуелсіз, күшті мемлекет болғандығын айқындай түседі.

Берке хан Алтын Орданы одан әрі күшейте түсу үшін мұсылман дінін қабылдайды. Әзірбайжан жерінде мешіт салдырады. Орта Азияда мұсылман дінінің ортылығы болған Үргеніш, Бұхара қалаларымен байланысты күшейтеді. Алайда ескеретін бір жағдай, Берке исламды қарапайым халық арасында таратуға құлшынбаған. Ол исламды мұсылман елдерімен қарым-қатынасты күшейту мақсатында қолданған. Берке хан Кавказ жеріне жорықта (1266 ж. ) қаза тапқаннан кейін оның орнына Меңгу-Темір (1266-1280) хан тағына отырады. Бұл кезде айтарлықтай саяси жаңалық бола қоймаған. Дегенмен Меңгу - Темір хан өзінің Мысырмен байланысына кедергі жасауға кірісіп отырған екі елдің арасындағы Византияға қарсы 1271 жылы жорыққа шығады. Бірақ Византия императоры соғыстан бас тартып, бейбіт келісімге келген. Бұл келісім Алтын Орданың Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда қатынасын жақсартқан. Мұндай жағдай Қырым бойына орналасқан түрік тілдес халықтармен байланыиың дамуына жол ашты. Әсіресе Ноғай сияқты қолбасшылардың беделі көтерілген. Бұл келешектегі Ноғай ордасы құрылуының бастапқы негізі еді.

Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосқан Тохты хан (1290-1312) болды. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырып, Мысыр мәмлүктерімен тығыс қарым- қатынаста болған. Әсіресе Алтын Орданың гүлденген кезі Өзбек хан (1312-1342) мен оның баласы Жәнибек ханның (1342-1357) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалалық өмірдің дамуына қатты көңіл бөлген. Ол Сарай-Беркеде жаңа ғимараттар мен мешіттер салдырып, қаланы көркейткен. Қалаларда медресе салдырып, мұсылман дінінің таралуына себін тигізген. Ол өзінің Мысыр сұлтанына жазған хатында өз елінде дінсіздердің азайғанын хабарлаған. Сөйтіп Өзбек ханның кезінде мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланған.

Алтын Орданың әлсіреуі. XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда ішінде алауыздық күшейеді. Хандық билік үшін тартыста 1357-1380 жылдар арасында жиырмадан астам адам хан болып, тақ үшін таласта бірін-бірі өлтірген. Осындай ішкі талас-тартыстан әлсіреген Алтын Орданың Мамай қолбасшылық еткен әскері 1380 жылы Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңілді. Осы шайқастан кейін Алтын Орда мүлде әлсірейді. Бұл әлсіздікті пайдаланған Жошы ханның екінші бір ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін өз қолына алған. Билігін нығайту үшін Тоқтамыс 1382 жылы Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеп жібереді. Мауараннахр мен Кавказ елдеріне бірнеше рет жорық жасайды. Әмір Темір Тоқтамыстың өзіне жасаған опасыздығы үшін, Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, өзі әлсіреп тұрған мемлекетті бас көтере алмастай етіп тұралатады.

Алтын Орда XV ғасырдың ортасында Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары болып бөлініп кетеді. Ол төмендегі схемада көрсетілген.

Алтын Орда (XVғ)

Ақ орда Ноғай Сібір Қазан Қырым Астрахань

ордасы хандығы хандығы хандығы хандығы

Соңғы билеушісі Шейх-Ахмед 1402 жылы өлгеннен кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылды.

Алтын Орда хандары :

*1227-1255 жж. - Батый хан

*1257-1267 жж. - Берке хан

*1267-1280 жж. - Мөңке-Темір

*1280-1287 жж. - Төде-Мөңке

*1287-1290 жж. - Төле-Бұқа

*1291-1312 жж. - Тоқты хан

*1312-1341 жж. - Өзбек хан

*1341-1357 жж. - Жәнібек хан

*1380-1395 жж. - Тоқтамыс хан

*1395-1402 жж. - Шейх Ахмед

Алтын Орданың қоғамдық құрылысы.

Шыңғысхан ұрпақтары ұлыстарының басқару жүйелерібір-біріне ұқсас болды. Хандық өкімет хан мұрпақтарының иелігі болып табылды. Егер хан өлсе, не інісі, не ханның баласы хан орнына отыратын. Билігі жүріп тұрған хан тұқымының әрбір өкілі белгілі бір аймақтан түсетін алым салыққа ие болып отырды . Ол пайданы өзәнәң сарай тұрмысына және әскер қажеттеріне пайдаланған.

Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік жазуымен, дәлілірек айтқанда, орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүргізілген. Мұндай іс-қағаздарын жазушыларды «Білікшілер» , яғни хатшылар деп атаған. Ұлыстың аумақтық бөліктерін билеушілер әмірлерге, мыңдықтан нояндарға, ал нояндар беклер бекке бағынған. Ал азаматтық істерге уәзір билік жүргізілген. Жалпы Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесі толығымен сақталған. Мемлекет ұлыстарға, ал ұлыстар ұсақ үлестерге бөлініп басқарылған. Азаматтық басқару билігі түрік әулеттерінен шыққан « мәлік » деп аталған жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асырылған. Даруғалар салық жинаумен шұғылданды. Сонымен қатар халық санағын өткізу, әскер жинау, байланыс қатынасын ұйымдастыру сияқты жұмыстарды атқарған. Әскери істерді беклер бек басқарса, ал азаматтық билік уәзірлердің қолында болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық тарих ғылымныда Алтын Орда туралы іргелі зерттеулер
Алтын Орда өркениеті
Алтын Орданың саяси тарихы
Алтын Орда мемлекетінің ыдырау себебі
Алтын Орда мекендеген территориясы
Алтын орда мемлекеті
Алтын орданың рухани мәдениетінің тарихы
Алтын Орда әдебиеті
Алтын орда туралы ақпарат
Қала құрлысы мен сәулет өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz