Таным мен тіл



І.Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім
а) Таным мен тілдің ара қатысы
ә) Тілдік сан құрылымы
б) Гештальт теориясы
ІІІ. Қорытынды
Таным мен тілдің ара қатынасы, сайып келгенде, адам проблемасының өзегі-дар тұлға тұжырымдамасымен шешіледі. Оның себебі мынада: таным сыртқы дүние заттарына бағыттал,ан тәрізді көрінгенімен, оны жүзеге асырып отырған адам болмысы тұрғысынан бағдарласақ, айтылған процестің үнемі ішке қарай (адамның ішкі дүниесіне қарай) бағытталғанын көреміз. Таным процесі адамның ішкі дүниесінің күрделі құрылымдарын тудырады және соған сәйкес сипаты да өзгеріп отырады. Осылайша, танымның жүрісін адам баласының ішкі қажеттіліктер дәрежесі белгілейді (тезаурустың қалыптасуының уәждік деңгейі). Күрделі терең қажеттіліктердің біріне адамның өздігінен жетілуі кіреді. Өздігінен жетілу-ерекше дара қасиет. Іштей құптау, өзін-өзі өзектендіру, үздіксіз ішкі қозғалыста болу, өздігінен даму-терең беймәлім себептерден туындайды.
Ішкі терең қажеттіліктер ғана таным процесінің қозғаушы күші болады. Ішкі терең қажеттіліктер адам болмысының типтерін белгілейді. Адам болмысының типі тілдік модельді анықтайды.
Қажеттілік- өте күрделі категория. Ағзаның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, рухани проблемалары қажеттілік негізінде туысады. Қажеттілік-ағзаның өзін-өзі сақтау және өзін-өзі дамыту, жетілдіру мақсатындағы әрекетін ұйымдастырушы тетік. Жеке адамның жетілу дәрежесі-қоғамның болашақ мүмкіндіктерінің көрсеткіші болып есептеледі. Жетілу-өте күрделі ішкі процестердің нәтижесі арқылы іске асады. Ең қиыны-болашақ қажеттіліктерін бейнелейтін, әлеуметтік прогресті тудыратын жетілудің-өздігінене жүретін процес екендігі.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Таным туралы түсінік
Таным мен тілдің ара қатынасы, сайып келгенде, адам проблемасының
өзегі-дар тұлға тұжырымдамасымен шешіледі. Оның себебі мынада: таным сыртқы
дүние заттарына бағыттал,ан тәрізді көрінгенімен, оны жүзеге асырып отырған
адам болмысы тұрғысынан бағдарласақ, айтылған процестің үнемі ішке қарай
(адамның ішкі дүниесіне қарай) бағытталғанын көреміз. Таным процесі адамның
ішкі дүниесінің күрделі құрылымдарын тудырады және соған сәйкес сипаты да
өзгеріп отырады. Осылайша, танымның жүрісін адам баласының ішкі
қажеттіліктер дәрежесі белгілейді (тезаурустың қалыптасуының уәждік
деңгейі). Күрделі терең қажеттіліктердің біріне адамның өздігінен жетілуі
кіреді. Өздігінен жетілу-ерекше дара қасиет. Іштей құптау, өзін-өзі
өзектендіру, үздіксіз ішкі қозғалыста болу, өздігінен даму-терең беймәлім
себептерден туындайды.
Ішкі терең қажеттіліктер ғана таным процесінің қозғаушы күші болады.
Ішкі терең қажеттіліктер адам болмысының типтерін белгілейді. Адам
болмысының типі тілдік модельді анықтайды.
Қажеттілік- өте күрделі категория. Ағзаның биологиялық, психологиялық,
әлеуметтік, рухани проблемалары қажеттілік негізінде туысады. Қажеттілік-
ағзаның өзін-өзі сақтау және өзін-өзі дамыту, жетілдіру мақсатындағы
әрекетін ұйымдастырушы тетік. Жеке адамның жетілу дәрежесі-қоғамның болашақ
мүмкіндіктерінің көрсеткіші болып есептеледі. Жетілу-өте күрделі ішкі
процестердің нәтижесі арқылы іске асады. Ең қиыны-болашақ қажеттіліктерін
бейнелейтін, әлеуметтік прогресті тудыратын жетілудің-өздігінене жүретін
процес екендігі. Адамның өздігінен даму түйсіктері ішкі қажеттілік шамасына
қарай дамып жетіледі. Жетілу таным арқылы жүреді. Ал танымның шексіз жолы
ішкі қажеттіліктердің сипатына байланысты. Қажеттіліктер әр дәуірде санаға
түсініксіз қалыпта, құрылымда туып, қайтадан жасалып, толығып, жаңаша
формада өрістеп отырады. Бұл-адам әрекетінің ішкі құрылымының күрделеніп,
дамуына орай болатын процесс. Адам баласы көбіне қажеттіліктерді тап басып
тани алмай кетеді. Себебі қажеттіліктерді қанағаттандыру, ішкі кернеуді
бәсеңдету бірден жүзеге аса салмайды, ол түрлі жолдар мен формалар арқылы
көрініс табады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру көптеген жағдайларды талап
етеді. Оның үстіне, дара тұлғаларда ішкі қысым бәсеңдемей, тепе-теңдік
үздіксіз бұзылады. Бұл-адамның ішкі дүниесінің жаңа формаларды қажетсінуі.
Қажеттілікті қанағаттандыру басқа бір сипаты бөлек әрекет т үрімен орын
алмастыруы керек. Мысалы, ұлы ақындарда өсу, жетілу қажеттілігі поэзия
арқылы, жоғарғы ритмге жету арқылы жүзеге асқан. Адам баасы көбіне белгілі
бір сипаттағы форманы, әрекет түрін ішкі таңдаумен дәл ұстай алмайды.
Қателесу-қателеспеу адамның өзінің ішкі дүниесіне үңілу, оған бойлау
қабілетіне көп байланысты. Ішкі құрылымның жоғарғы бірлігіне жетпеген
адамда терең негізі бар қажеттіліктер оянбайды. Терең түпкірден әлдене сыр
берсе де, оған лайықты форма табылмайды (осындайда адам баласына символдар
көмегі аса қажет). Жолы ашылған қажеттіліктер санаға белгілі болып қана
қоймайды, санадан үстем жатқан тетіктерді де іске қосады. Ең керектісі
мұндайда әрекет басқаша сипатта орын алмастыратындай мүмкіндікке ие болуы
үшін керекті жағдайды адам жанының дұрыс анықтай алуы.
Ішкі терең қажеттіліктер символдар арқылы оянады. Бұл процесс санаға
эмоция арқылы белгілі болады. Енді өз кезегінде сана ішкі қажеттілікті
қанағаттандыру үшін қайтадан символдар дүниесіне жүгінеді. Сөйтіп, терең
негізі бар қажеттіліктердің сипаты символдар арқылы анықтаады. Яғни сана
сыртқы факторларға таңдаулы түрдегі тәуелділігін немесе ішкі өсу, жетілу
қажеттілігін белгілі бір модельдің, форманың ойына жинақтау арқылы шешеді.
Дара тұлға болмысы тудырған модель, форма-тілдік сана тетігі іске
қосылғанда барып көптің қолданысына көшеді (бұл кезде сана тап сол форманы
дәлме-дәл қайталап тұрмауы мүмкін. Мүлдем басқа сипаттағы образбен, сөзбен
берілуі ғажап емес. Бірақ ол образдың, сөздің негізінде әлгі айтқан форма
жатады).
Біз ұсынып отырған тілдік сана деген ұғым орыс тіл біліміндегі
(В.В.Виноградов, Ю.Н.Караулов) языковая личность деген тұлғадан өзгеше.
Тілдік сана деген ұғымның құрылымы бізде зерттеу барысында жан-жағынан
сипатталады. Зерттеу әдісі оны бізге бірден ұсынуға мүмкіндік бермейді.
Себебі зерттеу мақсаты бойынша құрылым процесс үстінде құрылады. Ал әзірше
орыс тіл біліміндегі языковая личность дегеннің құрылымына кіретін
факторларды көрсетеміз.
Орыс тілі білімінде языковая личность деген тұлға средний носитель
қызметін атқарады. Бізде средний носитель деген тұлға жоқ. Жоғарғы
интеллектуалды тұлға-дара тұлға нысанаға алынады. Және ол тұлға
(личность) деген ұғымды білдірмейді. Психология ғылымындағы субъектіні
жеке адам деп атасақ, личность дегенді тұлға деп алу керек. Бірақ тұлға
даралық болмыспен сипатталмайды. Оның қатынастары сыртқы факторларға
негізделген. Ол-әлеуметтік тұлға. Дара тұлға-тұйық жүйе. Оның қатынастары
ішкі дүниеге бағытталады. Және дара тұлға болмысы абстракцияланып, сана
дәрежесіне көтеріледі. Сана дәрежесіне көтерілудің, абстракцияланудың мәнін
зерттеу барысында көңілге түюге болады. Сонымен, біздің зерттеуіміздегі
тілдік сана-абстракцияланбаған ұғым.
Ю.Н.Караулованың еңбегінде алдымен тұлғаның нөлдік деңгейі
көрсетіледі. Ол-тілдік-құрылымдық саты немесе ассоциациялық-семантикалық
саты болып есептеледі. Онда тұлға жалпы тілге тән айшықтарды меңгермек.
Айталық, оқырманның көркем шығарманы оқығанда, автор қолданған образдардың,
тілдік тәсілдердің мағынасын түсініп отыруы-тұлғаның нөлдік деңгейін
анықтайтын өлшем болмақ. Караулов осы деңгейді де языковая личность
тұлғасының құрылымына енгізеді. Біздің зерттеуімізде бұл секілді деңгей
болмайды. Дегенмен, қазақ тілі қолданысында тілдік-құрылымдық саты дегенді
қарастырсақ, оның жалпы мазмұны мынадай болады.
Тілдік-құрылымдық сатыға А.Байтұрсыновтың Тіл қисынында жүйеленген
тіл талғау шарттары енеді:
1. Сөз дұрыстығы, сөйлем ішіндегі сөзді дұрыстап септеп, дұрыс
көптеп, дұрыс ымыраластыру.
2. Сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс
құрмаластырып, дұрыс орналастыру.
3. Тіл анықтығы. Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл,
көңілді күдіктендірмейтін болады.
4. Тіл дәлдігі. Сөз мағынасын дұрыс айыра білу.
5. Тіл көрнектігі. Коммуникативтік сапаларды меңгеру де осы
сатының мазмұнын толықтырады. Тілдік сапаларға тілдік қабілет
мазмұнына кіретін дағдылар кешені кіреді.
Осының барлығының ішінде мақсатты стиль қағидасы (В.В.Виноградов,
М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев, Р.Сыздықова), біздің
ойымызша, тілдік-құрылымдық сатының жоғарғы формасын көрсетеді. Мақсатты
стиль дегеніміз...тілдің қандай мақсатта, кімге арнап жұмсалатындығына
қатысты құбылыс. Сонымен, тілді қолданушының сөздердің, тіркестердің,
сөйлемдердің мағынасын түсінуі немесе тілдік сапаларды игеруі, сөздердің
түсіндірме сөздіктегі мағыналарын игеруі жеткіліксіз, ол-белгілі бір
сөздердің негізінде жатқан құндылықтарды танып білуі керек. Ал сөзге
құндылық бере алу-бермеу қабілеті тілді қолданушының ішкі дүниесінің
дәрежесіне байланысты. Одан кейінгі саты, Караулов еңбегіндегі тілдік-
когнетивтік саты. Оны тезаурустың қалыптасуы дейді. Тұлғаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным теориясына қатысты қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерінің пікірлерінің өзектілігі
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен таным бірлігі
Таным теориясы немесе гносеология
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Қазақ эпостарының лингвомәдениеттанымдық, лингвокогнитивтік тұрғыда зерттелу жайттары
Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивті парадигмала
Танымның философиялық тұғырнамалары
Пәндер