Word редакторында құжатты басып шығару


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
Жоспары
Кіріспе
WORD редакторында құжатты басып шығару
1. Баспаға шығарарда құжатты алдын ала қарап шығу
1. 1 Бет белгілерін қарап шығу режимі
1. 2 Құжатты алдын ала қарап шығу режимі
2. Құжатты баспаға шығару
2. 1 Мәтіннің бірнеше көшірмесі баспаға шығару
2. 2 Құжаттың бөлігін баспаға шығару
2. 3 Құжатты қосалқы информациямен бірге баспаға шығару
2. 4 Құжат туралы қосымша информацияны баспаға шығару
3. Баспаға шығарудың қосымша опциялары
3. 1 Басылымның алғашқы нұсқасын алу
3. 2 Беттерді кері ретпен баспаға шығару
4. Өрістерді жаңарту
4. 1 Байланыстарды жаңарту
5. Фондық режимде баспаға шығару
6. Басылым қағаздарын таңдау
Кіріспе
WORD редакторында құжатты басып шығару
Құжатты баспаға жіберу алдында оның қағаз бетінде қалай көрінетінін алдын ала қарап шығу керек. Бұл біраз уақытты және қағазды үнемдеуге мүмкіндік береді.
WORD редакторында бірден құжаттың бірнеше дана көшірмесін баспаға шығаруға мүмкіндік бар, сондай-ақ, құжаттың тек кейбір беттерін ғана баспаға шығаруға болады. Кез келген құжатты WORD экранында орналасқан "Қасиеттер" сұқбат терезесіндегі ол жайлы мәліметтерімен бірге басып алуға болады. Бұдан өзге де баспаға шығарудың толып жатқан қосымша мүмкіндіктерін қарастырамыз.
1. Баспаға шығарарда құжатты алдын ала қарап шығу
Баспаға шығаратын құжатты қарап шығу үшін келесі төрт режимнің кез келгенін пайдаланамыз, олар: әдеттегі (обычный), беттерді белгілеу (разметка страницы), құжат құрылымы (структура документа) және баспаға шығарарда алдын ала қарап шығу (предварительный просмотр) . Егер құжат құрамында арнайы элементтер (кестелер, кадрлар, графиктік объектілер, т. с. с. ) болса, онда тек беттерді белгілеу және баспаға шығарарда алдын ала қарап шығу сияқты екі режим ғана баспаға шығарылатын құжат жайлы алдын ала толық түсінік бере алады.
Көрсетілген төрт режимнің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, бетті белгілеу режимі мәтіннің немесе графиктің жеке элементтерінің орнын өзгертуге және WORD-тың барлық аспаптарын пайдалануға мүмкіндік береді. Ал алдын ала қарап шығу режимі арнайы батырмалар орналасқан "Алдын ала тексеру" тақтасының арнайы құралдарын пайдалануды ұсынады.
1. 1 Бет белгілерін қарап шығу режимі
Бет белгілерін қарап шығу режимі әмбабап режим болып саналады, сондықтан оны құжатты оқу мен түзетуге және баспаға шығарудан бұрын алдын ала қарап шығуда пайдаланады .
Бетті белгілеп қарап шығу режимінде құжат баспадан шығарылғаннан кейін қандай күйде болса, дәл сондай күйде көресіз. Сондықтан бұл режимде тақырыптардың, кестелердің, суреттердің және оларға түсінік беретін төменгі шетте орналасатын сілтемелердің, сондай-ақ бет нөмірлерінің қағаз бетіне орналасуын бақылап отыру өте қолайлы.
Беттерді белгілеу режимінде құжатты қарап шығу үшін мынадай әрекеттерді орындаңдар:
- қарап шығатын құжатты экранға шығарыңыздар және ашыңыздар;
- Түр⇒Бетті белгілеу (Вид⇒Разметка Страницы) командасын орындаңыз немесе көлденең айналу сызғышының сол жақ шетінде орналасқан бет белгілеуді қарап шығу режимнің батырмасын бастыңыздар;
- жеке беттер қағазда қалай көрінетінін қарап шығу үшінТүр⇒Масштаб (Вид⇒Масштаб) командасын таңдаңдар немесе аспаптар стандартты тақтасына орналасқан Масштаб батырмасын басыңдар, осы әрекеттердің нәтижесінде объектілердің құжат бетінде орналасуы жайлы толық түсінік алуға болады.
Басқа бір қарап шығу режиміне өту үшін, түр (Вид) менюінің ішкі командаларын немесе көлденең айналу жолағының сол жақ шетінде орналастырылғанб қарап шығу режимдерін ауыстырып қосқыш батырмаларын пайдаланыңыз.
1. 2 Құжатты алдын ала қарап шығу режимі
Бұл режимде құжаттың бір немесе бірден бірнеше беттерін кішірейтілген түрде қарап шыға аламыз, қажет болса, құжатқа соңғы өзгерістер енгізуге болады. Мұнда құжаттың бірден бірнеше беттерін қарап шығу барысында мәтінді оқу немесе жеке графиктік элементтерді айқын ажырату мүмкін емес.
Алайда элементтердің өзара орналасуы жайлы толық мәлімет алып, төменгі сілтеме қатарларды байқап, артық кеткен бос жолдарды анықтауға болады.
Мәтінді алдын ала қарап шығу режимінде жұмыс істеу үшін "Алдын ала қарап шығу" (Предварительный просмотр) деп аталатын арнайы аспаптар тақтасы қарастырылған.
"Алдын ала қарап шығу" аспаптар тақтасының батырмалары:
Баспа - "Баспа" сұқбат терезесінде орналастырылған опцияларға сәйкес құжатты қағазға басып шығарады.
Үлкейту - Үлкейту/Кішірейту (тышқан курсоры үлкейткіш әйнек формасына айналады) мен түзету (курсор пішіні стандартты) режимдерін алма-кезек ауыстыруды іске асырады.
Бір бет - Құжаттың жалғыз бетінің мазмұнын қарап шығуды іске асырады.
Бірнеше беттер - Бір уақытта құжаттың бірнеше беттерін қарап шығуды іске асырады.
Масштаб - Экранда құжат бейнесінің масштабын өзгертеді.
Сызық - Көлденең және тік сызықтарын бейнелейді немесе жасырады.
Беттерді қиюластыру - Құжатты жан-жағынан қысады. Егер соңғы бет кішігірім көлемдегі мәтінді құраған жағдайда пайдаланған.
Толық экранға - Экраннан тақталар мен басқа элементтерді аластау есебінен құжаттың мазмұнын қарап шығуға арналған аумақты максималды үлкейтеді.
Жабу - Алдын ала қарап шығу режимдерінен шығуды ұсынады.
Анықтама - Контексті-тәуелді анықтаманы ұсынады.
Сонымен "Алдын ала қарап шығу" режимінде құжатты экранға шығару үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
- қарап шығатын құжатты экран бетіне шығарыңыз;
- Файл⇒Алдын ала қарап шығу (Файл⇒) командасын орындаңдар немесе аспаптар стандартты тақтасындағы"Алдын ала қарап шығу"батырмасын басыңыз;
- Экранда құжаттың бірнеше беттерін бір уақытта қарап шығу мүмкіндігін енгізіңіз.
Бұл үшін "Алдын ала қарап шығу" аспаптар тақтасындағы Бірнеше беттер (Несколько страниц) батырмасын басыңдар. Бірнеше беттер батырмасынан төменде беттер бейнесі бар терезе пайда болады. Беттер санын және олардың орналасу тәртібін анықтап көрсетіп беру үшін тордың кез келген ұяшығын тышқанмен басыңыз да тор бойымен орын ауыстырыңдар. Соңында тышқан батырмасын босатыңдар, сонда экранға көрсетілген беттер саны шығарылады. Алдын ала қарап шығу режимінде басқа беттерді бейнелеп көрсету үшін Page Up және Page Down пернелерін қолданыңдар.
- Құжаттың жеке беттерін қарап шығуға оралу үшін"Бір бет"(Одна страница) батырмасын басыңыз.
- Алдын ала қарап шығу терезесінде жұмыс істеуді аяқтау үшінЖабу (Закрыть) батырмасын басыңдар. Алайда, дәл қазір бұл терезені келесі мысалдарды орындауда қажет болатындығына орай ашық қалдырыңыз.
Алдын ала қарап шығу режимінде мәтінді оқып шығу мүмкін емес. Алайда, құжатты қарап шығу барысында, сізге оның кейбір үзінділерін толығырақ қарастырып шығу және оған өзгертулер енгізу қажет болуы мүмкін.
Сондықтан құжатты алдын ала қарап шығу режимінде толығырақ қарастыру және өңдеу үшін мынадай әрекеттерді орындаңдар:
- "Алдын ала қарап шығу" аспаптар тақтасындағы Үлкейту батырмасын басыңдар, басу нәтижесінде тышқан курсоры қосу таңбасы үлкейткіш әйнек түрін қабылдап, оның ортасында қосу таңбасы тұрады;
- беттің қай бөлігін толығырақ қарағыңыз келсе, сол бөлігіне тышқан курсорын апарып оның батырмасын басқанда, экранға беттің көрсетілген бөлігі 100%-ке үлкейткіш шығарылады да, тышқан курсоры үлкейтілген әйнекке айналып оның ортасында азайту таңбасы тұрады;
- үлкейтілген мәтін бөлігін жөндеп-түзетуге және бетті белгілеу режиміндегідей форматтауға болады, ол үшін Үлкейту батырмасын тағы да бір рет басу қажет. Сонда тышқан курсоры өзінің стандартты күйіне өзгереді.
- қажетті өзгертулер енгізілген соң, бұрынғы кішірейтілген бейнеге қайта оралу үшін алдымен Үлкейту батырмасын, содан кейін құжат бетін басыңыз.
Алдын ала қарап шығу режимінен шығу үшін "Алдын ала қарап шығу" аспаптар тақтасындағы Жабу батырмасын басыңыз немесе Файл⇒Алдын ала қарап шығу командасын қайталай орындаңыз. Нәтижесінде, сіз алдын ала қарап шығу режиміне ауысқанға дейінгі жұмыс режиміне ораласыз.
Алдын ала қарап шығу режимінде тұрып-ақ құжатты баспаға шығауға болады. Ол үшін "Алдын ала қарап" шығу аспаптар тақтасындағы Баспа батырмасын басу жеткілікті, сонда құжат толығымен баспа параметрлерінің ағымдағы мәндері арқылы қағазға шығарылады. Ал егер де құжаттың бірнеше беттерін ғана баспаға шығару керек болса немесе баспа параметрлерін өзгерту қажет болса, "Баспа" сұқбат терезесін ашыңыз. Ол үшін Файл⇒Баспаға шығару командасын орындаңыз.
2. Құжатты баспаға шығару
Әдетте, құжатпен жұмыс істеуді аяқтаған соң оны баспаға жібересіз, яғни мұндайды Word терезесіндегі ағымдағы құжатты шығаруды жүзеге асырасыз. Алайда, егер құжаттың толық жөндегеніне сенімді болсаңыз, онда Word терезесін ашпай-ақ, тіпті Word-ты іске қоспай-ақ, басып шығара аласыз (оны келесі тарауларда қарастырамыз) .
- Қажетті құжатты экранға шығарыңдар (ашылады) ;
- Файл⇒Баспаға шығарукомандасын орындаңдар немесеCtrl+Shrіft+F12пернелер комбинациясын басыңыз, сонда экранда"Баспа"сұқбат терезесі пайда болады.
- ОК батырмасын басыңыз.
Бұл жағдайда құжаттың басынан аяғына дейінгі барлық беттері бір дана болып басылып шығады, ал оның параметрлері алдын ала келісілген мәндерді немесе осының алдындағы баспаға шығару сеансы үшін "Баспа" сұқбат терезесінде тағайындалған мәндерді қабылдайды.
Ашық тұрған құжатты баспаға шығарудың екінші тәсілі ретінде аспаптар стандартты тақтасындағы Баспа батырмасын басыңыз. Құжатты баспаға шығарудан бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.
Баспаға шығару кезінде Wіndows жүйесінің есептер тақтасында принтердің шартбелгісі бейнеленіп тұрады. Баспаға шығарудан бас тартудың екінші тәсілі, тышқанды принтер шартбелгісіне қойып, оны екі рет шерту. Соның нәтижесінде экранға сұқбат терезесі шығады. Содан кейін Құжат⇒Баспаға шығаруды болдырмау (Документ⇒Отменить печать) командасын орындаңыз. Баспаға шығару терезесін жабу үшін Принтер⇒Жабу (Принтер⇒Закрыть) командасын таңдаңыз.
Егер баспаға шығару фондық емес режимде (басқа әрекеттермен қатарласа) жүргізілетін болса, онда экранда құжатты баспаға шығару жайлы ағымдағы информация бейнеленіп тұрады. Сол терезеде Болдырмау (Отмена) батырмасы бар, ол құжатты басуды тоқтатады.
2. 1 Мәтіннің бірнеше көшірмесі баспаға шығару
Word келісім бойынша құжаттың барлық беттерін бір данадан ғана басып шығарады. Алайда, қажетті жағдайда құжатты бірден бірнеше дана етіп те шығаруға болады. Ол үшін:
- Баспаға шығаруға арналған құжатты ашыңыз;
- Файл⇒Баспакомандасын орындаңыз немесеCtrl+Shіft+F12пернелер комбинациясын басыңыз. Экранда"Баспа" (Печать) сұқбат терезесі пайда болады;
- Осы терезенің"Көшірмелер" (Копия) бөліміндегіКөшірмелер саны (Число копии) өрісіне құжаттың қажетті көшірмелер санын тікелей енгізіңдер немесе өрістің оң жағында орналасқан тілсызық батырманы пайдаланыңыз;
- Келісім бойынша"Көшірмелер"бөліміндеКөшірмелер бойынша тексер (Разобрать по копиям) жалаушасы қойылған, команданы орындау нәтижесінде бірінші дананың барлық беттері толық басылады, содан кейін екінші дананың беттері басылып шығады, т. с. с. Ал егер уақыт өте тығыз болса, ондаКөшірмелер бойынша тексер (Разобрать по копиям) жалаушасын алып таңдаңдар, сонда ең алдымен барлық бірінші беттер, содан соң барлық екінші беттер т. с. с. басылып шығады. Бұл тәсіл баспаға шығару уақытын біршама қысқартуға мүмкіндік береді, бірақ мұнда құжаттың барлық даналарын реттеуді әркім өзі істеуіне тура келеді;
- ОК батырмасын басыңыз.
2. 2 Құжаттың бөлігін баспаға шығару
Құжатты толығымен емес, оның тек бір немесе бірнеше беттерін ғана баспаға шығару қажеттілігі жиі кездеседі. Мысалы, басылған құжаттың кейбір беттерінің ішінен қате табылды делік, мұндайда тек осы бетті қайтадан баспаға шығару керек.
Құжаттың бөлігін баспаға шығарудың екі жолы бар: "Баспа" (Печать) сұқбат терезесінде жеке беттер нөмірлерін (немесе беттер диапозонын) нақты көрсету немесе ол терезені ашудан бұрын қажетті беттерді ерекшелеу. Бұл жағдайда, құжаттың ерекшеленген үзіндісін ғана басып шығара аламыз. Сондай-ақ құжаттың ағымдағы беттері ғана басылып шығарылады.
Сонымен құжаттың жеке беттерін баспаға шығару үшін мынадай әрекеттерді орындаңыз:
- Баспаға шығаруға арналған құжатты ашыңдар, одан кейін"Баспа"сұқбат терезесін экранға шығарыңыз;
- "Беттер" (Страницы) қосқышты таңдап алыңыз;
- Енгізу өрісіне басып шығарылуға қажетті беттердің нөмірлерін үтір арқылы көрсетіп жазыңыз. Егер қажетті беттер бірінің артынан бірі жалғасып тұрса, дефис арқылы бастапқы және соңғы беттерді ғана көрсетіңіз. Ал тізбек түрінде бірнеше диапазон болса, оларды да үтірмен бөліңіз, мысалы: 1-3, 9, 20-21, 44, 47-51, 57-62. Егер құжат бірнеше ірі бөлімдерден тұрса, әр бөлімдегі жол орналасқан беттерді баспаға шығару үшін, енгізу өрісіне беттер нөмірлерін және олардың бөлімдерін дефис арқылы көрсетіңіз. Мұндайда беттерді белгілеу үшін р латын әрпі, ал бөлімдері белгілеуде - s әрпі пайдаланылады. Мысалы: р28s3-р12s5.
- Егер тек курсор орналасқан ағымдағы бір бетті баспаға шығару қажет болса, онда "Беттер" бөліміненАғымдағы (Текущая) деген ауыстырып қысқышты таңдаңыз.
- ОКбастырмасын басыңыз.
Құжаттың ерекшеленген бөлігін баспаға шығару үшін, қажетті үзіндіні ерекшеле. Содан кейін "Баспаға шығару" сұқбат терезесін ашыңыз, оның "Беттер" бөліміндегі Ерекшеленген үзінді (Выделенный фрагмент) ауыстырып қысқышты таңдаңыз да ОК бастырмасын басыңыз. Алайда, бұл жағдайда құжат колонтитулдары (тұрақты тарау аттары) басып шығарылмайды. Оның үстіне құжаттағы нақты ерекшеленген үзіндіге қоса сол қағаз бетінің жоғарғы бөлігі де басылып шығарылады.
Көлемді құжаттарды баспаға шығаруда қағаздың екі жақ бетін де пайдаланаған жөн. Осылайша қағаз үнемделеді және құжат көлемі де кішірейеді. Кейбір притерлерде қағаздың екі бетіне де басып шығару режимі бар, ал егер ондай мүмкіндік болмай қалса, төмендегідей етіп қағаздың екі бетін де пайдалануға болады: алдымен құжаттың тек тақ беттерін парақтың бір жағына, ал екінші жолы тек жұп беттерді парақтың келесі бетіне басып шығарасыз.
Құжаттың тек тақ (жұп) беттерін баспаға шығару үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
- "Баспа" (Печать) сұқбат терезесін ашыңыз;
- "Баспа" (Вывести на печать) деген ашылатын тізімненТақ беттер (Нечетные страницы) жолын таңдап алыңыз;
- Жұп беттердітаңдап алыңыз;
- құжаттың барлық жұп (немесе тақ) беттерін баспаға шығарудан басқа, көрсетілген үзіндіден (диапазонның) де жұп немесе тақ беттерді басып шығара аласыз. Мысалға, "Тақ беттерді"таңдау 15-20 цифрларын енгізсеңіз, 15-, 17- және 19-беттерді басып шығарасыз;
- ОКбатырмасын басыңыз.
2. 3 Құжатты қосалқы информациямен бірге баспаға шығару
Word құжаттарының келісім бойынша баспаға шығарылмайтын информациялары бар. Мұндай информацияларға "Қасиеттер" (Свойства) сұқбат терезесіндегі мәліметтер, ескертулер, жасырылған мәтін және объектілердің суреттері жатады. Өз қалауымыз бойынша құжатпен қоса жоғарыда аталынған информациялық объектілердің барлығын немесе кез келген бөлігін қағазға басып шығара аласыз.
Құжатымен бірге қосымша информацияны баспаға шығару үшін:
- "Баспа" (Печать) сұқбат терезесін ашыңыз;
- Параметрлер батырмасын басыңыз, экранда"Параметрлер"терезесінің"Баспа"деген ішкі парағы пайда болады. "Параметрлер"сұқбат терезесін Word құжатында тұрғанСервис⇒Параметрлеркомандасын орындау арқылы да ашуға болады;
- "Басып шығару" (Печатать) бөлімінде құжатымен бірге басып шығарылатын информация опциялары үшін жалаушаларды тағайындаңыз. Төменде сол опциялар тізімі мен олардың атқаратын қызметі келтірілген;
- ОК батырмасын басыңыз.
- "Баспа" (Печать) сұқбат терезесіндегі қажетті параметрлерді тағайындаңыз да, ОК батырмасын басыңыз.
Енді таңдауға болатын опциялар тізімін келтірейік.
Мәліметтер (Сведения) - құжатты баспаға шығаруды аяқтағаннан кейін жеке бетке қорытынды ақбарды басып шығарады. Қорытынды ақпарға құжаттың сипаттамасы кіреді, мысалы: автордың аты-жөні, құжат тақырыбы, түсініктемелер, баспаға шығарылған күн-ай мерзімі (датасы), беттер саны, т. с. с.
Өрістер коды (Коды полей) - құжатқа оның парақтары шетіндегі бос орынды анықтайтын өріс мөлшерлері орнына оның кодтарын басып шығарады.
Ескертулер - құжаттың соңында жеке беттерге ескертулер басып шығарады, онда автордың немесе пікір берушінің құжатқа қосқан қысқаша ескертулері жазылады (ескертулер жазылған бет нөмірлері көрсетіледі) .
Жасырын мәтін - құжаттағы бірге Word-тағы даярланған объектілердің суретін басып шығарады.
2. 4 Құжат туралы қосымша информацияны баспаға шығару
Word алдын ала келісім бойынша құжатты баспаға өзі басып шығарады. "Баспа" (Печать) сұқбат терезесіндегі "Басып шығару" (Напечатать) атты ашылатын тізім құжаттың орнына құжат туралы информацияны басып шығаруға мүмкіндік береді. Төменде осы информация опцияларының атқаратын жұмыстарының тізімі келтірілген:
Құжат (Документ) - құжатты басып шығарады.
Мәліметтер (Сведения) - тек құжат туралы қорытынды ақпарды басып шығарады. Бұл информация толығымен құжатпен бірге басып шығарылатын қорытынды мәліметпен сәйес келеді (алдынғы бөлімді қараңыз) .
Ескертулер (Примечания) - тек құжаттағы ескертулерді ғана басып шығарады. Бұл информация да толығымен құжатпен бірге басып шығарылатын ескертулермен сәйес келеді.
Стильдер - құжаттың барлық стильдерінің аты мен сипаттамаларын ғана басып шығарады.
Автомәтін элементтері - автомәтін элементтерінің аттары мен олардың ішкі мазмұнын басып шығарады.
Пернелер тіркесі - мкрокомандалар тізімін, оларды орындауға арналған пернелерді, ағымдағы шаблонға арналған олардың сипаттамаларын, сондай-ақ жылдам орындалатын командаларға сәйкес пернелер комбинациялары тізімін басып шығарады.
Осы көрсетілген қосымша информациялардың жеке өзін құжаттан бөлек баспаға шығару үшін, келесі әрекеттер орындалады:
- Файл⇒Баспакомандасын орындаңыз. Экранда"Баспа" (Печать) сұқбат терезесі пайда болады.
- "Басып шығару" (Напечатать) тізімінен қажетті элементті атап көрсетіңіз.
- ОКбатырмасын басыңыз.
3. Баспаға шығарудың қосымша опциялары
Енді құжатты баспаға шығаруды басқаратын қалған басқа да опцияларына көңіл бөлейік. Бұл опциялар "Параметрлер" сұқбат терезесінің "Баспа" (Печать) қосымшасына орналасқан. Бұл қосымшаға экранға тікелей "Баспа" сұқбат терезесінен (Параметрлер батырмасы) немесе Файл⇒Параметрлер командасын таңдау арқылы қатынас құруға болады.
3. 1 Басылымның алғашқы нұсқасын алу
Практикада басылған құжаттың сапасын онша мән бермей-ақ, оны тез арада баспаға шығару қажеттілігі жиі кездесіп тұрады. Мысалға, құжатпен үйде жұмыс істегіңіз келуі немесе кейбір жерлерін экспертке көрсетіп ақылдасу қажеттілігі тууы мүмкін. Осындай жағдайларда баспаға мәтіннің сапасыздау болса да алғашқы нұсқасын (черновик) бастырып алған жөн.
Алғашқы нұсқаны сапасына қарамай баспаға шығару режимінде принтер мүмкін болатын ең жоғарғы (максималды) жылдамдықпен жұмыс істеуі тиіс. Мұндайда шығарылған басылымның сапасы принтер типіне ғана байланысты болады. Көптеген принтерлер бұл режимде жылдам басылатын тек бір шрифт түрін ғана пайдаланады. Символдардың қарайтылған кескіні және курсивпен алынатын сөз тіркестері "астын сызуға" ауыстырылады.
Басылымның алғашқы нұсқасын алу кезінде графикалық бейнелер принтерге шығрылмайды, олардың орнына бос төртбұрышты жақтаулар мен сурет астындағы түсіндірме жазулары басылып шығатын болады. Hewlet-Packard LaserJet принтерлері алғашқы нұсқаны басуда мәтін форматталуын сақтайды, бірақ графикті басып шығармайды. Ал PostScrіpt принтерлері форматталған мәтінді және графиканы да басып шығарады.
Алғашқы сапалы емес нұсқаны (черновик) баспаға шығару үшін мынадай әрекеттерді орындаңыз:
- "Баспа"сұқбат терезесін ашыңыз;
- "Параметрлер"батырмасын (тышқанмен) басыңыз, Экранда "Параметрлер"деген ішкі бет пайа болады;
- "Режим"бөлімінде"Алғашқы нұсқа" (Черновой) жалаушасын қойыңыз;
- ОК батырмасын басыңыз;
- "Баспа"сұқбат терезесіндегі қажетті параметрлерді тағайындаңыз да ОК-ны басыңыз.
Егер де алғашқы нұсқаны баспаға шығаруды үнемі пайдаланатын болсақ, онда оны келісім бойынша басып шығару режимі ретінде тағайындап қоюға болады. Алайда, бұл қолда бар принтерге де байланысты екенін ұмытпаған жөн. Егер принтеріміздің осындай режимде жылдам істеуге мүмкіндігі болып, оны келісім бойынша басып шығару режиміне алдын ала тағайындап қойсақ, онда сапасыз алғашқы нұсқалық басылым бұл режимнен шықпайынша басыла береді. Кейбір принтерлерде алғашқы нұсқадағы баспаға шығару режимі тағайындалмайды да, ол принтер параметрлерін баптау кезінде (настройка принтера) көрініп тұрады.
3. 2 Беттерді кері ретпен баспаға шығару
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz