Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялар


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
:
Кіріспе:
3:
: 1 тарау
Кіріспе: ҚР екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтеріндегі лизингтік операциялардың рөлі
3:
: 1. 1
Кіріспе: Лизингтің экономикалық мәні және оның түрлері
3: 6
: 1. 2
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы лизингтің даму кезеңдері
3: 25
: 1. 3
Кіріспе: Коммерциялық банктердегі лизингтік операциялардың кемшіліктері мен артықшылықтары және оларды есептеу әдістері
3: 27
: 1. 4
Кіріспе: Дамыған мемлекеттердегі лизингтік операциялар тәжірибесі
3: 31
:
Кіріспе:
3:
: 2 тарау
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына талдау жүргізу(АҚ «Тұран әлем банкі»тәжірибесінде)
3:
: 2. 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының қазіргі жағдайына талдау
3: 38
: 2. 2
Кіріспе: «Тұран Әлем Банкі» АҚ тәжірибесінде лизинг операцияларын талдау
3: 55
:
Кіріспе:
3:
: 3 тарау
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастарды дамыту жолдары
3:
: 3. 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасында лизингтік операциялардың дамуындағы мәселелер
3: 61
: 3. 2
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесін жетілдіру жолдары
3: 64
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 70
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 72
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе:
3:

Кіріспе

2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының алтыншы бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсеке қабылеттілігінің жаңа деңгейі туралы мынадай міндеттер белгіленді: біріншіден, банктеріміз жергілікті нарықтағы, сондай-ақ өңірлік әрі халықаралық жобалардағы бәсекелестік күреске әзір болу; екіншіден, Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі бар секторларына нарықтық тұрғыдан тиімді қолдау көрсетуі үшін жағдай жасау және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға соның мемлекеттік жеке меншік серіктестік шеңберінде қатысуын күшейту; үшіншіден, екінші деңгейдегі қуатты банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы, әсіресе энегетикалық, инфрақұрылымдық және «ұшқыр» жобалардың іске асырылуына тарту туралы маңызды мәселені шешу; төртіншіден, капиталдың қозғалысы саласындағы негізсіз шектеулерді алып тастау; бесіншіден, электрондық банк қызметінің инфрақұрылымын кеңейту арқылы электрондық сауданы дамыту/1/.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпандағы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабылеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабылетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігін басып айтты/2/.

Бүгінгі күнде, еліміз әлемдік шаруашылықтың толық құқылы мүшесіне айналуы, нарықтық қатынастар орнауынынан кейін біз саяси, әлеуметтік-эконоикалық проблемаларға тап болдық.

Проблемалар саны аз емес, оларды бірден толығымен шешу ешкімнің қолынан келмес. Нарықтық экономикалық қатынастарға өрлеп бара жатқан мемлекет үшін барлық мәселерді мұқият қарастыру керек, өйткені мұнда тым кеткен ауытқулар ертеңгі жағдайға елеулі әсерін тигізуі мүмкін.

Проблемалардың көбісі, біздің ойымызша, мемлекет үшін стратегилық маңызды экономика салаларында шоғырланған. Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылық салаларындағы кәсіпорындардың қаржылары болып табылады. Міне осы буында ңақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі. Мұндағы физикалық және моралды тозған жабдықтарға ерекше назар аудару қажет деп ойлаймыз.

Сапасы жоғары (әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттік мүмкіндіктерін былай қойғанда) тауарларды тозығы жеткен жабдықтар көмегімен өндіру мүмкін емес екендігін бәріміз де жақсы түсінеміз. Дегенмен бүгінгі таңда кәсіпорындардың бағасы қымбат, оған қоса ғылыми-техникалық даму нәтижесінде тез жаңартылып отыратын жаңа құралдарды сатып алуға мүмкіндіктері жетіспейді. Жабдықтарды несиеге сатып алып, айналыс құралдарына қайтадан инвестиция тарту де проблемаға айналады.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы дүние жүзінде 40 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан лизинг қатынастарын дамытуда жатыр деп ойлаймыз. Оның себебі, көптеген кәсіпорындар өндірісті интенсификациялау мен техникалық жаңартуларға қомақты қаржы ресурстарын бөлу қиынға соққан кезде, өндіріс аясын дамыту мен меншіктің барлық формаларындағы, соның ішінде, кіші және орта кәсіпкерлікпен айналысатын отандық өндіріске қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік беретін лизинг бизнесінің рөлін арттыру қажеттігі туды. Сонымен қатар, бұл экономиканың барлық саларындағы физикалық тоған және моралды ескірген негізгі капиталды толығымен жаңартудағы күрделі проблеманы шеше отырып, салықтық жеңілдіктерді иемденуге көмектесе алады. Лизинг бизнесінің құқықтық, салықтық және басқа да негіздерін құру шағын және орта бизнес дамуының қарқынын және даму көлемін жылдамдатады.

Лизингтік қатынастар өндірісті дамытудың перспективті бағыты мен техникалық қайта жарақтандыру екпіні бола алады.

Қазақстан экономикасының дамуын тежеп тұрған өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басыңқы салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша, негізгі қорларға инвестициялаудың ерекше түрі ретіндегі - лизингтің маңызы өте жоғары.

Лизингтік келісімнің объектісіне - өндіріс циклінде жойылмайтын кез келген мүлік бола алады. Іс жүзінде лизингке берілетін мүлікке моралды ескіруі жылдам техникалық жабдытар, бағасы қымбат машиналар, станоктар, автомобильдер, су көлігі, ауыл шаруашылығы техникасы, ғимараттар мен құрылыстар және т. б. жатады.

Лизингтік келісімнің негізгі қатысушыларына Лизинг беруші, Лизинг алушы және Жабдықтаушы жатады. Соған қоса, көпжақты мәміле орын алса, брокерлік лизингтік, трасталық, сақтандыру және қаржы компаниялары, дилерлер, брокерлер, комиссионерлер, маклерлер, консигнаторлар, агенттер сияқты түрлі делдалдар да қатыса алады. Шетелде жасалған ірі мәмілеге 6-7 субъект қатыса алады.

Диплом жұмысының тақырыбын «Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары және олардың Қазақстан Республикасындағы дамуы» етіп таңдауымыздың негізгі себептері :

  • Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілген жоқ.
  • Лизинг экономикадағы шағын және орта бизнеске инвестициялаудың ең қолайлы жолы.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты: лизингтің мәнін мағынасын зерттеу және оның шетел тәжірибесіндегі ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстандағы даму жолдарын іздеу.

Диплом жұмысының алдындағы міндеттеріне:

  • Теорияны зерттеу негізінде лизингтік мәмілеге қатысушылар мен жалпы мемлекет экономикасы үшін лизингтің артықшылықтарын анықтау.
  • Тәуелсіздік алған жылдардан бастап лизинг бизнесінің дамуын талдау.
  • Қазақстандағы коммерциялық банктердің лизинг қатынастарын қарастыру.
  • Қазақстан Республикасының екі ірі банктерінің лизингтік қызметін салыстыру арқылы талдау.
  • Еліміздегі лизинг бизнесін тежеп тұрған проблемаларды анықтау мен оларды шешу жолдарын қарастыру жатады.

Диплом жұмысы кіріспе, үш тарудан және қорытындыдан тұрады.

Бірінші тарауда лизинг қатынастарының теориялық негіздері: анықталуы, түрлері, субъектілері мен объектілері, еліміз дербестік алған жылдардан бастап коммерциялық банктердегі лизингтік операциялардың дамуы қарастырылады. Сонымен қатар, жинақтаған білімімнің негізінде лизингтің жабдықты сатып алу мен несиеден артықшылықтары мен кемшіліктерін бөліп қарастырамыз. Сонымен қатар лизингтік төлемдерді есептеу әдістері, соған қоса, лизинг пайда болуының қысқаша тарихы мен Ұлыбритания, Франция, Германия, Қытай және Ресей Федерациясындағы лизинг бизнесінің даму ерекшеліктері қарастырылады.

Екінші тарауда Қазақстандағы лизинг бизнесінің қазіргі жағдайы, лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктері сипатталады. Сонымен қатар, алдыңғы қатарлы банктердің бірі «Тұран Әлем Банкі» АҚ тәжірибесіндегі лиизингтік операцияларына талдау жүргізіледі.

Үшінші тарауда Қазақстандағы лизинг дамуының проблемалары талқыланады да, осыдан Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесін дамыту жолдары іздестіріледі.

Қорытындыда жұмыс бойынша жалпы түйін жасалады, Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесінің ілгері дамуына үлес қосады деген оймен ұсыныстар келтіріледі.

Диплом жұмысын жазу барысында біз казақстандық және ресейлік экономистер, практиктер мен теоретиктердің: Чекмарёва Е. Н., Горемыкин В. А., Прилуцкий Л. (лизинг төлемдерін есептеудің негізін қалаушы), Кабатова Е. В. (лизингтік қатынастардың құқықтық аспектерін қарастырады) және т. б. еңбектеріне сүйенеміз.

Қазақстандағы лизинг бизнесінің дамуын зерттеумен айналысқалы аз ғана уақыт өтті. Сонда да ҚР лизинг бизнесін зерттейтін отандық ғалымдарды атай аламыз: Смағұлов А. С., Сағадиев К. Ә.

Әрине аты аталған ғалымдармен қатар, басқа да тұлғалар лизинг бизнесінің дамуына өз әсерін тигізуде. Бірақ көбісі лизингтік компанияларда, ассоциацияларда қызмет ететіндіктен ғылыми еңбектері басылымға шықпайды. Дегенмен қолымыздан келгенше, сұрыпталған мәліметтер негізінде лизингтік қатынастардың барлық жақтарын ашып көрсетуге тырыстық.


1 Тарау. ҚР екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтеріндегі лизингтік операциялардың рөлі

1. 1. Лизингтің экономикалық мәні және оның түрлері

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б. э. д. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі. Ағылшын авторы Т. Кларк б. э. д. 1760 жылы қабылданған Хаммурапи патшаның заңдарында лизинг туралы бірнеше баптарды көрсеткен. Рим империясында лизинг туралы заң актілері Юстиан Институцияларында көрініс тапқан. Шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы "Белл Телефон Компани" деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. "Юнайтед Стейтс лизинг корп" атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Европада 1962 жылы "Дойче лизинг" деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.

"Лизинг" сөзі "lеаsе" деген ағылшын сөзінен шыққан, "жалға беру" деген мағынаны білдіреді. Осыдан барып бізге мынадай сұрақ туындайды: "Лизинг" сөзі қалай пайда болды, оның жалға беруден айырмашылығы неде?

Айта кетер болсақ "жалға беру" сөзі ол мүлікті белгілі бір уақытқа, арнайы төлем талап ете отырып басқа біреуге қолдануға беру. "Жалға беру" шартында, жалға беруші өзінің жеке меншік-мүлкін өзіне керек емес уақытта пайда көру үшін басқа біреуге береді. Бұл шартта екі жақтың болатыны айдан - анық. Ол жалға беруші мен жалға алушы.

Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықгарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған кұрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

Лизингтік мәмілеге келесі субъектілер қатыса алады:

- Лизинг беруші - лизингтік мәмілені іске асыру барысында меншікті немесе тартылған ақша қаражаттары есебінен лизинг объектісін сатып алып, лизинг алушыға белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақыты біткен кезде меншік құнының ауысуымен немесе ауысуынсыз уақытша пайдалануға беретін жеке немесе заңды тұлға.

- Лизинг алушы - лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг объектісін белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақытша пайдалану үшін алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға.

- Мүлікті сатушы (жабдықтаушы) - лизинг берушімен сату-сатып алу шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген уақытта лизинг объектісін сатушы жеке немесе заңды тұлға.

- Банк (немесе басқа да несиелік мекеме) - лизинг объектісін сатып алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен қатар лизинг нарығындағы арнайы субъектілерді көрсетуге болады, Оларға:

- Сақтандыру компаниясы - лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды түлға. Лизингтің кез-келген субъектісі Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес тұлға болуы мүмкін, сонымен бірге ол шетел инвесторларының қатысуымен құрылған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтік мәміле бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы (жабдықтаушы) арасындағы лизинг келісім-шартты жүзеге асыру үшін қажетті келісім-шарттар жиынтығы.

Лизинг объектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды, жер учаскелерін және т. б. тұтынылмайтын заттарды қарастыруға болады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг объектісі болып табылмайды.

90-шы жылдардың бірінші жартысында, нарықтық өзгерістер нәтижесінде, бұрын біздің экономикамызда болмаған қаржы құралдары, банктер, несие орталықтарында және жай ғана мекемелерде қолданыла бастады.

Осы сияқты шарттардың бірі, Батыста кеңінен қолданған, жаңа инвестицияның қайнар көзі болып табылатын «қаржылық жалға беру» немесе «қаржылық лизинг», басқаша айтсақ жай ғана лизинг.

Осылайша лизинг терминін қолдану жалға берудің жаңа түрін енгізуге үлкен әсерін тигізді.

Қаржылық лизинг шарты бойынша мүлікті шығарушы мен оны қолданушының арасында қаржы жұмысы бойынша делдал (посредник) жүреді. Оның атқаратын қызметі: шартты қаржыландыру.

Қаржылық лизиг - жеке меншік мүліктік белгілі бір төлемақыға басқа біреуге уақытша пайдалануға берудің нәтижесінде шыққан мүліктік және экономикалық қатынас. Ал классикалық лизинг бойынша үш тұлғаның шартқа қатысты байқалады: лизинг беруші, лизинг алушы және мүлікті сатушы.

Лизинг операциясының мәні мынада: артық қаржы жоқ потенциялды лизинг алушы лизинг мекемесінде шарт жасауға ұсыныс жасайды.

Бұл келісімшарт бойынша лизинг алушы өзіне алатын мүлікті жақсы білетін сатушыны таңдайды, ал лизинг беруші меншігіндегі мүлікті лизинг алушыға лизинг төлем шарты бойынша уақытша қолдануға береді. Келісімшарт аяқталғаннан кейін - шарт бойынша мүлік лизинг берушіге қайтарылады немесе лизинг алушының жеке меншігінде қалады.

Егер сатушы немесе лизинг беруші, немесе сатушы не лизинг алушы бір адам болса, онда шартқа катысушылар саны екіге қысқарады.

Егер лизинг мүлігі өте қымбат болса шартқа катысушылар саны да көбейеді. Ол лизинг берушінің қаржы мөлшеріне байланысты.

Мүліктік қатынас жағынан қараганда лизинг шарты екі сатыдан тұрады.

1. Сату-сатып алу құқығы.

2. Мүлікті уақытша пайдалану құқығы.

Бұл кұқықтар әртүрлі келісім шарт арқылы жасалады.

Егер лизинг келісімшартында мүлікті келісімшарт біткеннен кейін сатылады деп алдын-ала көрсетсе, онда мүлікті уақытша пайдалану қатынасы сату-сатып алу қатынасына ауысады да, лизинг беруші мен пайдаланушы арасыңда тек мүлік болады.

Айта кетерлік бір жайт лизинг процесі кезіндегі барлық элементтер бір-бірімен тығыз байланысты.

Мүлікті уақытша қолдану катынасы (яғни лизинг келісімшарты) сату-сатып алу туралы келісім шарттарға өз күшіне енгеннен кейін ғана күшіне енеді» яғни бір келісім шартты жасау, екінші үлкен істі атқаруға бастама болады, ал лизинг процесіне қатысушылар тығыз байланыста бола отырып, әртүрлі сатыда өзара қызмет атқарады. Бірінші сатыда, құрал-жабдықты жөндеуші және болашақ лизинг беруші сату-сатып алу келісім шартын жасай отырып сатушы және сатып алушы ретінде таныла алады. Осыдан мүлікті пайдаланушы, сату-сатып алу келісімшартында заңды түрде қатыспаса да, лизинг шартының белсенді тұлғасы болып қала береді. Сату және сатып алу келісімшартының техникалық сұрақтарын (мәселен, мүлікті қабылдап алу тәртібі) дайындаушы мен лизинг алушының арасында шешіледі, ал лизинг берушіге шартты каржыландыру міндеті артылады.

Ал екінші сатыда мүлікті сатып алушы, сол мүлікті лизинг беруші ретінде уакытша колдануға береді. Бірақ екінші келісімшарт бойынша қарым-қатынастар мүлікті қолданушы мен лизинг берушінің арасында болмайды. Мүлікті сатушы лизинг берушімен келісімшартқа тұрғанымен, құрал-жабдықтың сапасына қатысты жауапкершілігі пайдаланушының алдында қала береді.

Лизинг қатынасындағы үлкен де маңызды рөлді мына бір құбылыс атқарады: Ол мүлікті уакытша қолдануға беру катынасы. Ал мүлікті сату және сатып алу қатынасы екінші орында. Сондықтан да жұмыс барысында лизинг келісімшартындағы шарттардың барлығының орындалуына көбірек көңіл бөлген жөн.

Экономикалық жағынан лизинг несие және инвестициямен ұқсас болып келеді. Осылайша несиелік қарым-қатынастары үш үлкен принципке тоқталады.

1. Несие белгілі бір мерзімге ғана беріледі.

2. Белгіленген мерзімнің қайтарылуы (возвратность)

3. Көрсетілген қызмет үшін белгілі бір төлем алынады.

Лизинг бойынша мүлік иесі, затын уақытша басқа біреуге қолдануға береді де, белгіленген уақытта оны қайтадан алады, ал жасаған қызметі үшін төлемақы алады. Сырт көзге несие қатынасының элементі сияқты. Бірақ, қатысушылар ақшамен емес, мүлікпен жұмыс істейді, Осыған байланысты ол тауар нссиесіне, ал формасы жағынан инвестициялык, қаржыландыруға ұқсайды. Лизинг шарты толық мәнді орындалуы үшін лизинг берушінің өзінің жеке қаржысы болуы керек немесе ол "арзан" ақшаға қолы жете алуы керек. "Арзан" ақшаға қол жеткізу дегеніміз - банк, несие орталықтары, қаржы құрамының көмегімен жасалған лизинг компаниялары.

Лизингтің бүкіл әлем таныған, ең белгілі түрі қаржы лизингі және операциялық лизинг. Операциялық лизингті баскаша оперативті лизинг деп атайды. Лизингтің осындай түрлерге бөлінуі көбінесе мүлікті қолдану уакыты және тәуекелге бел буумен лизингке берілген мүліктің байкаусызда бүлінуімен байланысты.

Оперативті лизингте келісімшарт мерзімі мүліктің пайдалану мерзімімен қысқа болады және лизингтік төлемдер мүліктің толық құнын жабады. Сондықтан да лизинг беруші мүлікті уақытша колдануға бірнеше рет беруге мәжбүр болады және де оның мүлкіне сұраныс жоқ болса, мүлік құнын жоғалтады. Осындай шарттарға байланысты оперативті лизингтің құны қаржы лизингінен анағұрлым жоғары болады.

Қаржы лизингіне жалға беру мерзімінің ұзақ болуы мүлік құнының (көп немесе барлығының амортизациясы) үлкен болуы тән. Лизинг шарты уақытында лизинг беруші лизинг төлемдерінің арасында өзіне мүліктің толық құнын қайтара алады және лизинг шартынан өзіне пайда көреді.

Отандық әдебиеттерде көп жағдайда, лизинг деп машиналарды, жабдықтарды, транспорт түрлерін, кұрылыс салуда алатын жал немесе ұзақ мерзімге жалға алу деп түсінеді. Бірақ "лизинг" түсінігінің тар мағынасын мазмұны жағынан ыңғайлау, шаруашылық қатынас формасында оның мәнін толығымен ашпайды.

Лизингтің арендасы едәуір үлкен айырмашылығы бар. Жалға алушыға қарағанда лизинг алушы объектіні тек ұзақ мерзімге қолдануға ғана алмайды. Оның мойнына жеке меншік құқыұымен байланысты сатып алушының дәстүрлі міндеттері ілінеді, олар: мүлік ақысы, кездейсоқ жағдайда мүлік жоғалса орнына келтіру, оны сақтандыру және техникалық жабдықтау, сонымен бірге жөндеу. Алайда лизингті беруші мүлікке жеке меншілік етеді.

Лизингті келісім объектісінің өлімі мен қолдана алмасушылығы қарызды өтеу міндетінен бастайды. Лизингті алушының жалға алушыдан айырмашылығы - лизингті алушы лизингті берушіге объектіні қолданған құқығы үшін әр ай сайын ақша төлейді, оның толық бағасын төлейді. Лизингтік келісімде объектінің кейбір ақаулықтары болып калса, лизингті беруші барлық кепілдік міндеттерінен басталады деп есептелінеді, ал лизингті алушы барлық талабын тікелей жеткізіп берушіге қояды.

Лизингті беруші объектіні лизингті алушылардың сұрауымен орындайтындықтан, мұндай тәсіл дәлелденген. Сонымен қатар, міндеттерді осылайша бөлу объектіні күтудің кепілі болып табылады.

Сол сияқты мынаны да есепке алу қажет, егер жалға беру жалға алушы мен жалға берушінің арасындағы екі жақты келісім болса, ал лизингтік контракт үнемі үш жақты немесе көпжақты мінезге ие. Оны келесі сызба мысалдан көруге болады.

Сызба - 1

Екіжақты лизингтік мәміле

2

3

1

4

Көзі: Мақыш С. Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. - Алматы, 2004

1 - Лизинг компаниясы мен құрал-жабдық алғысы келген Өндірістік кәсіпорын арасында келісімшарт жасалады. Лизинг компаниясының клиенті таңдаған құрал-жабдыққа тапсырыс береді.

2 - Лизинг компаниясы клиент сұранысы бойынша Жабдықтаушымен сату-сатып алу туралы келісімшарт негізінде құрал-жабдықты сатып алады.

3 - Жабдықтаушы Өндірістік кәсіпорынға құрал-жабдықты жеткізеді.

4 - Құрал-жабдықты пайдаланушы Өндірістік кәсіпорын Лизинг берушіге лизинг төлемдерін төлейді.

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болыу мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операйия деп те атайды. Көпжақты лизингтік мәміле тәртібін 2 -ші сызбадан көруге болады.

Сызба 2

Көпжақты лизингтік мәміле

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі
Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны туралы
Лизинг операцияларының техникасы
Екінші деңгейлі банктердің актив операцияларын дымыту
Лизингтік қызмет көрсетудің теория-әдістемелік негіздері
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім
Лизингтік компания лизинг алушы лизинг алушы
Лизинг алушының қалауы
Лизингтік операциялар туралы ақпарат
Коммерциялық банктердің активті операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz