Казақ тілі — қазақ халқының ана тілі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Тіл - адамдар арасындағы қатынас құралы

Адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды, түсініседі, пікір алысады, ойын жеткізеді. Тіл болмаса адам өз ойын екінші біреуге жеткізе алмас еді, айта алмас еді, біреудін ойын түсініп, біле алмас та еді. Тіл арқылы оқып, білім аламыз, мамандықты игереміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет-ғұрыптары, дәстүрлері, т. б. тіл арқылы жетеді, тіл арқылы кейінгі ұрпаққа жалғасады. Мысалы, ұлы Абайдың әсем де әсерлі, мөнді де мағыналы шығармаларын тек тіл арқылы оқып білеміз, үйренеміз, ғибрат аламыз. Сондықтан да халқымыз "Өнер алды - қызыл тіл" деп тегін айтпаған.

Тіл - қоғамдық құбылыс. Тек коғам бар жерде, ұжым бар жерде ғана тіл болады. Қоғамнан тыс жерде тіл болмайды, тіл халықпен байланысты, сол халықтың өкілдері арасындағы қатынас құралы болып табылады. Тіл өзі қызмет етіп отырған халықпен, қоғаммен бірге туады, бірге дамиды, өседі, өркендейді, тіпті бірге құриды, өледі.

Тіл оймен, ойлаумен тікелей байланысты. Адам ойын тіл арқылы жеткізеді, жүзеге асырады. Адам өзінің білген, ойлаған, түсінген, таныған ұғымдарын, ойларын екінші біреуге тіл арқылы баяндайды, хабарлайды. Сондықтан да тіл ойдың тікелей шындығы, көрінісі деп атайды.

Тіл - күрделі құбылыс. Ол бірнеше бөліктен тұрады. Тіл білімінде ол бөліктер тілдік деңгей немесе тілдік қабат деп аталады. Олар - тілдің фонетикалық жүйесі, лексикалық немесе сөздің құрамы және грамматикалық құрылысы. Осыған байланысты тілді зерттейтін ғылым - тіл білімі де бірнеше салаға бөлінеді. Тілдің фонетикалық немесе дыбыстық жүйесін фонетика, лексикалық (сөздік) құрамын лексикология, грамматикалық құрылысын грамматика зерттейді. Сондай-ақ тілде жаңа ұғымдардың келуімен байланысты оның атаулары - жаңа сөздер де жасалып отырады. Оны қарастыратын сала сөзжасам деп аталады. Грамматиканың өзі үлкен екі бөлімнен тұрады: бірі - морфология, екінші - синтаксис.

Казақ тілі - қазақ халқының ана тілі

Сүйемін туған тілім - ана тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутімнен,

Құлағыма сіңірген таныс үнін. (С. Тор. ) .

Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды, табиғат құбылыстарын ана тілінде ұғына бастайды. Бесік жырларынан бастап сан ғасырлар бойы халқымыз дәріптеп, дамытып келген қоғамдық, саяси-әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен бойына енген туған тіл арқылы игеріп, игілігіне айналдырады. Өткеніне көз жіберіп, ой елегінен өткізіп таразылайды, болашағына қол созып болжайды, ғылым көкжиегіне шығарып самғатады, келешегіне жол сілтейді.

Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады. Ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді. Ана тілі арқылы халқымыздың өресін көрсететін ұлы-ұлы әдеби, мәдени туындылар жасалады. Ана тілі - халқымыздың өмір сүріп, қоғамдық өмірде дамып отыруының әрі көрінісі, әрі кепілі. Өйткені, біріншіден, ана тілі халқымыздың, қазақ халқының дүниеге келіп, өмір сүруімен тікелей байланысты, екіншіден, ана тілін ұмытып, ана тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәлім-тәрбие бере алмаған халықтың келешегі жоқ, тағдыры мүшкіл болып, тарих сахнасынан өшеді.

Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам әзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды, қадірлей алмайды.

Жастайыннан қиялыңды қияға өрлеткен қиял-ғажайып ертегілер, сүйіп тыңдайтын шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер, ерлікті, елдікті ту еткен батырлар жырлары, шынайы махаббатты мұрат-еткен әсем де әсерлі ғашықтық, лиро-эпикалық жырлар, бірлікті, берекетті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отыр. Осындай ана тілінде жырланған халық мұрасынан ғибрат аласың, өміріңе өнеге тұтасың, білім бұлағынан сусындайсың, сезіміңе әсер етіп, білім-ғылым әлеміне құлаш ұрасың. Абайдың даналығын, Махамбеттің батылдығын, Бұқардың ақылмандығы мен жанашырлығын, Абылайдың данышпандығын, Бөгенбай мен Қабанбайдың батырлығын түйсініп, рухани өміріңе азық етесің. Сондықтан да ана тіліннің тағдыры үшін күйесің де, күйінесің де, шаттанасың да, шалдығасың да. Ана тіліңнің келешегі, тағдыры үшін неге болса да дайын бол!

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

Қазақ тілі Қазан төңкерісіне дейін тек халықтың ауыз әдебиетінде, тұрмыс және от басында ауызекі тіл дәрежесінде кең қолданылғаны болмаса, оның мемлекеттік тұрғыдағы қызметі жоқтың қасы болды, баспасөз бетінде өрісі өте тар болғаны белгілі. 19 ғ. 2-жартысы мен 20 ғ. басындағы көркем әдебиет өкілдерінің аздаған шығармалары болмаса, патшалық Ресейдің отаршылдық заманында мемлекеттік заң, құжаттар қазақ тілінде жазылмайтын. Ол кезде мемлекеттік мәні бар мәселелер ортаазиялық түркі жазба дәстүріндегі қазақтың ескі жазба әдеби тілінде (зерттеуілшердің бірқатары оны "кітаби тіл" деп атайды) жазылатын. Бірақ оның қолдану аясы кең болмады. тек жеңіл-желпі іс-қағаздарында, ел билеушілердің өзара немесе патша өкімдерімен жазысқан хаттарында, оларға жазған арыз-хабарламаларында, 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 басындағы баспасөзде, кейбір көркем әдебиет өкілдерінің ("кітаби ақындар") шығармаларында қолданылды.

Казақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе Кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілгені белгілі. Бірақ бұл мәселе жайында әр кезеңде әртүрлі көзқарас болды. 1920 ж. Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды. Оның қазақ тіліне де қатысы бар еді. 1924 ж. Қазақстанның бірінші Конституциясында қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып танылды. 1938 және 1978 жылдарда қабылданған Қазақстан Конституцияларында мемлекеттік тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған. Тек 1989 ж. қабылданған Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңында, 1997 ж. қабылданған Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңында, одан кейін Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдарда қабылданған жаңа Конституциясында қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Сонымен бірге Тіл заңында қазақ тілі мемлекеттік қамқорлыққа алынатыны атап көрсетілді.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуының және оның іс жүзіне асуының ең басты кепілі - Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде өзіндік тіл саясатын жүргізуіне мүмкіндік алуы болып табылады. Тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы - тәуелсіздігіміздің басты нәтижесі, оны қоғамның рухани жаңаруына, әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру талабына сай өмірдің өзі туғызды. Бұл туралы 1990 жылғы мемлекеттік бағдарламада былай делінген: "ССРО-дағы басқа да көптеген ұлт тілдері сияқты қазақ тілі соңғы ондаған жылдар ішінде қазақ халқының тарихи Отаны болып табылатын республика территориясында іс жүзінде толық праволы тіл болудан қалды. Оның азып-тозуының және бірте-бірте жойылуының, сонымен бірге халықтың ұлттық мәдениетінің жойылуының нақты қатері туды.

Жеткіншек ұрпақ, интеллигенция арасында қазақтың ана тілін елемеу кеңінен таралды, оны өмірдің әртүрлі салаларында пайдалану жөніндегі қажеттілік төмендеді, мұның бәрі тілдік ортаның жойылуына, халықтың адамгершілік дәстүрінің бұзылуына, ана тілін білмейтін, рухани қазыналардан шеттетілген жаңа ұрпақтардың пайда болуына, қазақ жастарының бір бөлігінің өзін кемшін сезінуіне апарып соқтырды".

Шынында, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы республикада оны білудің қажеттілігінен туатын объективті жағдайларға барып тіреледі. Әлеуметтік тіл білімінің зерттеуі бойынша ондай қажеттілікті туғызып отырған себептер мынадай: 1) қазаққардың республикада үлес салмағының басым болуы және оның соңғы жылдарда үздіксіз өсіп отыруы. Мысалы, 1959 ж. қазақ халқы республика тұрғындарының 30 пайызы болса, 1992 ж. 42 пайызы, 2000 жылдың аяғында жалпы халықтың 54, 9 пайызы болып отыр; 2) республиканың барлық жерінде азды-көпті қазақ тілді ортаның қалыптасуы; 3) көп ұлтты ауыл-село тұрғындарының тең жартысынан астамы қазақтар болғандықтан, қазақ тілінің ұлтаралық қатынаста жұмсалуы; 4) қазақтардың ТМД республикаларында көп екені, ондағы жүзден астам ұлт пен ұлыс ішінде бесінші орын алатыны (қазақ тілі кіретін түркі тілдері ТМД республикаларында славян тілдерінен кейінгі екінші орында) ; 5) қазақ тілі ғылыми тұрғыда зерттелген, сөйлеушісі көп тілдердің бірі екендігі. Қазір дүниежүзінде 5651 тіл болса, қазақ тілі соның ішінде сөйлеушісінің саны жағынан алғашқы 70 тілдің санатында екені; 6) қазақ тілін білу қазақтар саны жағынан басым көп ұлтты аймақтарда өзге ұлт өкілдері үшін аса қажет екендігі; 7) қазақ тілінің қоғамдық қызметінің ауқымы уақыт талабына сай кеңейіп бара жаткандығы.

"Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағындағы қоғамдық қатынастардың барлық саласыңда қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі".

Қазіргі кезде қазақ тілі азды-көпті қолданылатын мынадай салаларды көрсетуге болады: қоғамдық-саяси өмір (мемлекеттік басқару жүйесі, заң орындары т. б. ), кәсіподақ, халық ағарту (бала бақша, мектеп, жоғары оқу орындарының кейбір факультеттері мен бөлімдері т. б. ), ғылым (қоғамдық ғылымдар), көркем әдебиет, мәдениет (театр, кино, музыка, көркемөнер ұжымдары т. б. ), бұқаралық қатынастар (радио, теледидар т. д. ), мерзімді баспасөз, ақпарат (жарнама, хабарландыру т. б. ), ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, өндіріс орындары, құрылыс, байланыс, транспорттың жекелеген салалары, тұтынуға байланысты қызмет ету, дін, тұрмыс және отбасы.

Ал қазақ тілі мына сияқты салаларда әлі жете қолданыс таппай келеді: сыртқы қатынас, табиғи және техникалық ғылымдар, өнеркәсіп, өндіріс орындарының көптеген салалары, қарулы күштер, ғарышкерлік, медицина, фармацевтика т. б. Қазіргі кезде осы салалардың бірқатарында оның қолданылу мүмкіндігі бар екені байқалып отыр. Мысалы, табиғи, техникалық, медициналық ғылымдарда аударма әдебиеттермен бірге төл туындылар пайда бола бастады.

Бірақ қазақ тілінің қоғамдық қызметінің көлемі әлі де нақтылауды қажет етеді. Қазақстан үкіметінің 1990 жылы қабылданған бағдарламалық құжатында: "Қазіргі кезде кез келген тілдің қалыпты қолданылуы үшін қажетті 50 әлеуметтік функциядан қазақ тілі іс жүзінде тек 10-ға жуық функцияны ғана іске асыруда", - деп көрсетілген.

Қазақстанның жаңа Конституциясының 7-бабында мемлекеттік мекемелер мен өзін-өзі басқаратын жергілікті ұйымдарда орыс тілі қазақ тілімен бірдей қолданылатыны, сонымен бірге Қазақстан халықтары тілдерін үйрену және оларды дамыту үшін жағдай жасауға қамқорлық ететіні ашып айтылған.

Тіл туралы Заңның, әсіресе қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесінің іс жүзінде көтерілуіне кедергі келтіретін қиындықтар аз емес. Тіл туралы Заңды күшіне келтіру туралы Қазақстан үкіметінің Мемлекеттік бағдарламасын толық орындау үшін, 1989 жылы "Қазақ тілі" қоғамы, 1993 жылы Қазақстан үкіметі жанынан Тіл комитеті құрылды.

Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі
Қазақ тілім, өркенде!
Қазақ тілінің кешегісі мен бүгінгісі
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану (Ана тілін оқыту үдерісі негізінде)
Мемлекеттік тілдің білім саласында қолданылуы
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
«Тіл туралы» заң- ана тіліміз қазақ тіліне мәртебе берілді.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz