Internet желісі және элементтері



Кіріспе
I Internet желісі, оның тарихы.
1.1 Internet . пен қатынас құру
1.2 Word Wide Web (WWW). Веб . бет. Гиперсілтеме.
1.3 Web жүйсімен қатынас құру тәсілі.
II Негізгі бөлім
2.1 Internet Explorer. Веб . бетті іздеу. URL адресі. Телеконференция.
2.2 Электрондық пошта. Мәлімет құру, жіберу.
2.3 HTML тілі элементтері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Әлеуметтік пәнде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информациянық көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соны пайдалани алатыны қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертеректегі "ханшалардан" күнделікті "күніңізге" айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер теминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society - Internet қоғамдастғы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңқаларлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.
Осыдан 20 жылдай бұрын АҚШ Қорғаныс Министрлігі ARPANET атты жүйені құрастырды. ARPANET тәжірибелік жүйе болып әскери-өндірістік сферада ғылыми зерттеулерді қолдау үшін құрылған болатын. ARPANET моделінде ақпарат көзі болатын компьютер мен компьютер-қабылдаушы арасындағы байланыс әрдайым үзілмей тұруы – басты шарттардың бірі болды.
Сондай-ақ, байланыстырушы компьютерлерге байланысты қолдау және жақсарту жауапкершілігі артылған. ARPANET жүйесінің басты принципі – кез-келген компьютер басқа компьютерлермен теңбе-тең құқықта байланыс құру мүмкіндігін қолдау болып табылатын.
Жүйеде мәліметтерді тасымалдаудың негізі IP Интернет протоколы негізінде құрылды. IP протоколы деп жүйедегі жұмыстың сипаттамасы және ережесін айтамыз. Бұл протокол түзету ережелерін және желіде байланыс орнатуды, IP пакеттерін қолдану ережелері мен оларды өңдеу тәсілдерін қарастырады.
1. О. Комардинов «Информатика» (Жоғарғы және орта оқу орындарына арналған оқу құралы).
Алматы «Қарасай» баспасы 2006 ж.
2. Балапанов Е. Қ. , Бқрібаев Б. «Информатикадан 30 сабақ»
Алматы 1999 ж.

INTERNET желісі және оның тарихы.
INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында
АҚШ қорғаныс министрлігінің ARPANET комрьютерлік жүйесі болып саналады,
онда соғыс жағдайында байланыс желілірінің жұмысы зерттелген еді. Желі
нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен
қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері
бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты
жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес,ол – желілердің желісі. INTERNET
көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен
компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде,
коммерциялық филиалдарда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті
мектептерде де орналасқан.
INTERNET – тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты
BBS тәрізді жұмыс істейді (шынында, INTERNET компьютерлерінің көпшілігі BBS
сияқты жұмыс істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып алып, мәліметтер
базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады).
INTERNET – ке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған 1000 – даған
компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден
өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы,жергілікті
қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді,
суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т.б цифрлық түрге айнала
алатын барлық информацияны ала аласыз.
INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы
арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET – тегі жүйенің нөмерін
теру керек. Мұнан кейінкеректі жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен
байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз,
NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия
архивтерін де оқуыңызға болады екен.
INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру
қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтын сияқты INTERNET
компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон
жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес.Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді,
бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ
пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп,
телефон жүйесі қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің
кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық қабіл құнын – кімдер, қалай бөлісіп
көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық
мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон
жүйесі тәрізді басқарылады.
INTERNET – ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің
Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге
ыңғайлы орын туралы білгіңіз келді делік.
Олай болса, scuba (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін
сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда
енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар.
Әлде түрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде
тағамдар рецептерін білгіңіз келе ме? Әртүрлі әдебиет жөнәнде анықтамалар
қарауыңызға да болады.
INTERNET – тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтердә де түгел айтып
беру қиын. Оның үстіне күнбе – күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

INTERNET – пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер
әрбір компьютерді INTERNET – ке қосып бере алады. Желігеқосылудың бірнеше
түрі бар, олар:
• Қосылып тұратын тікелей байланыстар
• Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар
• Почталық байланыстар.
Бұл атаулардың ерекшеліктерін қарастырып кетейік.
Тұрақты қосылып тұратын байланыс – мұнда жеке компьютер тікелей TCPIP
желісіне қосылған (Transmission Control Protocol Internet Protocol –
жеткізуді басқару протоколы инженерлі протоколы) түріндеболады, бұл
INTERNET – тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен
тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс
ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен
корпорацияларда болады. Провайдер - компания осындай мекемеде бағдарлауыш
орнатып, бағдарлауыш INTERNET – ке қызмет ететін компьютермен (хост
компьютер) косатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен
INTERNET арасындағы байланыс тұрақты сақаталады, сондықтан провайдер –
компанияның компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды
желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне INTERNET
арқылы мәлімет жібере алады.
Қосылып түратын тура байланыс көбінесе SLIP, CSLIP немесе РРР деп аталады
(Serial Line Internet Protocol – тізбекті желі үшін Internet хаттамасы,
Compressed Slip – тығыздалған Slip, Poin-to- Protocol – нүкте-нүкте
хаттамасы). Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да
TCPIP секілді, бірақ телефон каналын тұарқты пайдалануға негізделген,
ыіғайлылығы жағынан бұр түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі
орында тұр.
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге
қойылмайды да, оның орнына SLIP (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол
желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон номері қажет
болады. Солар арқылы хост – компьютермен байланыс орнатылған соң, SLIP пен
қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс
жоқ.
Почталық байланыс. Internet – пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс
түрлері бар. Провайдері CompuServe America Online болып келген компьютерлер
бірден Internet- ке беріп, одан да бірден хат- хабар ала береді. CompuServe
жүйесінде почта адресі алдына Internet деп жазып қойылады. Бұл ортада
әртүрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTSERV жүйесін
пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (Network
gateways) деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы
байланысады.
Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы
бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP
деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс
істейтін программа арқылы орнатылады.

Internet - пен қатынас құру.
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені
белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат,
сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге
әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады
(File Transfer Protocol – FTP). Практикада FTP не ftp термині жиі
ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда файлда алу үшін компьютерге
ftp жеткізу деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP
жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет қызмет ететін арнаулы
программасы бар желіге қосылған компьютер FTP – сервер деп аталады.
Көптеген FTP- серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез келген адам
одан администратор рұхстымен әртүрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл
анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін егкім өз атын айтпайды,
белгісіз болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық
адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру
атауын (nameid) және немесе паролін (password) білу қажет болады.
FTP – серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру
сұқбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:
Open ftp.relcom.su nomeid password – FTP – серверге кірердегі сұраныс
тізбегі, мұндағы:
Open FTP – сервермен қатынас құру сұранысы;
ftp.relcom.su– FTP – серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты;
nomeid – пайдаланушының кіру аты немесе anonymous;
password – сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі (E-mail);
Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP – сервер тек шектеулі
командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:
Open
Help – сервер командалары бойынша анықтама беру;
Quit – сеансты аяқтау.
Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар
орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
Cd каталог аты-каталогты ауыстыру;
cd.. – жоғарғы деңгейдегі каталогқа қайт;
get файл аты- FTP – серверден файл алу;
binary- екілік файлдарды жіберуалу режиміне ауысу
(типтері exe, com, arj, tar, zip және т.б.)
Dir- ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.
FTP – сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар
жиынтығын HELP командасы арқылы алуға болады.
FTP – серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан
мысал келтірейік.
Cd pub - барлық FTP – серверін пайдаланушыларға ашық PUB каталогын
пайдалану;
Dir – сол каталог файлдар тізімін беру;
Get Oindex.txt – FTP – серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;
Binary – екілік файлдарды өңдеуге өту;
Get far 140b.zip – FTP- серверден екілік файл алу;
Quit – FTP- серверден ажырау.
Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер
әртүрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде
орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы
жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына жеткіземіз.
Құрал-саймандар тақтасындағы Тоқта (стоп) батырмасын кез келген кезде
басып қалып, FTP – сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға
болады. Егер сеанс кезінде бірнеше парақ мәтін алған болсаңыз, алға және
артқа батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. таңдамалы
(избранное) батырмасы арқылы қабылданған парақты өз бумаңызға сол күйінде
сақтауға болады. Сонымен FTP – серверімен сеанс аяқталғаннан кейін ол
мәтінді аспай-саспай қарап шығуға болады.
Баспа батырмасы экранда көрініп тұрған бетті баспаға шығаруға арналған.
Егер сіз шрифт мөлшері ұнамаса, онда Шрифт батырмасы арқылы оны үлкейтуге
немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.
Релком желісінің серверлерімен жұмыс істегенде FTP – сервері мен өз
компьютеріміздің символдарды белгілеу кодтары сәйкес келмейтіні байқалуы
ықтимал. Өйткені Windows жүйесі 1251 шарттаңбалау тәсілін, ал РЕЛКОМ желісі
КОI8r кодтау тәсілін пайдаланады. Мұндай жағдай туындаса, мәтін символдары
кодтары түрлендіру үшін басты меню пунктін пайдаланған жөн. Басты менюді
Түр (Вид) пунктінің Параметрлер жолын таңдап алсақ, сол командаға
сәйкес терезе экранға шығады. Сол терезедегі Шрифт батырмасын басу керек
те, MIME кодтары пераметрлері ішінен қажеттісін таңдап алу қажет.
Мұның себебі кодтардың стандартты кестесінде кириллица әріптері жоқ
(орыс, қазақ әріптері), сондықтан әркім өзі енгізген әріптерін немесе өзі
ойлап шығарған әріптер программасын пайдаланып жүр (әрбір программалаушы
осыған өз үлесін жалықпай қосып келеді). Мысалы, КСРО төңірегінде алдымен
КОИ8r кодтары қабылданған еді, Micrsoft оған қоса екі балама кодтар
даярланған болатын- біріншісі, 886 кодтар MS DOS-қа арналған да, екіншісі,
1251 кодтар Windows жүйесіне бағытталған болатын. Қазіргі ТМД елдерінде осы
үш кодтау тәсілі қолданылып жүр. Осы жолдармен керекті шартаңбалар таңдап
алынған соң, барлық ашық терезелерді ОК батырмасын басу арқылы жауып қою
керек. Сонда экрандағы мәтін қалыптағы күйге келеді.

Word Wide Web (WWW). Веб-бет. Гиперсілтеме.
Интернет тек дүние жүзілік емес, оның жұмысы – информациялық кеңістікте
түрлі форматта қызмет көрсету. Қызмет информация алмасатын түрлі
хаттамаларға негізделген. Олардың ең көп тарағаны 1990 жылдардан бастап
шыға бастаған Дүние жүзілік өрмек – Word Wide Web (WWW). Көбінесе оны
қасқа түрде Web (Веб) деп атайды.
WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Егер сіз Windows
жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе
Macintosh компьютерінің Hyper Card файлын көрсеңіз, сол гипермәтін мысалы
бола алады. Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші ұғымға мәтіндік байланыс
арқылы тез өтуді қамтамасыз етеді (links). Бір мәтінді бастан аяқ оқудан
гөрі сол мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана оқып, сонан кейін сол бөлікпен
байланысты басқа ұғымдарға жылдам өте аласыз. Бұлай жылжу ерекшеленген
мәтін үзіндісіне курсорды алып барып тышұанды шерту арқылы орындалып
отырады.
Веб – тің негізгі қызметі – қажетті информацияны іздеу, жинастыру жәнеоны
экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні – мәліметтер,
графиктер, фотосуреттер, Веб – беттер түрінде дайындалып сақталған
электрондық құжаттар.Электрондық құжаттардың кәдімгі құжаттан айырмашылығы
– оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат үшін HTML атаулы
арнайы тіл пайдаланылады (Hyper Text Markup Language – гипермәтіндік
белгілеу тілі). Яғни Веб –беттер серверде ерекше HTML форматында сақталады.
HTML –дің орындайтын жұмысы – құжат тақырыптары мен абзацтарды белгілеу,
гипермәтінге арнайы белгілер орнату жөнінде түсінік пен HTML тілі жқнінде
мәліметтер.
Веб-бет – кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Әдетте үлкен
көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Веб –бет ретінде
қарастырылады. Мысалы, жоғары оқу орны үшін Веб – беттерді мынадай түрде
дайындау мүмкін:
• Факультет атаулары, мамандықтар;
• Кафедралар, олардың қызметкерлері жөнінде мәліметтер;
• әр жылда оқу орыны бітіруші студенттер тізімі.
Веб –те бір тақырыпқа арналған Веб – беттерді ретімен не олард
байланыстырып көрсету де мүмкін. Соңғысын Веб – түйін деп атайды.
Web – беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Веб – бетте
жазылған сөз не сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады.
Оны гиперсілтеме деп, сілтеме енгізілген мәтінді гипермәтін деп атайды.
Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не суретті
белгілеуде мүмкін. Экранда көріншген Веб – бетте гиперсілтеме басқа түске
боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі Веб – бетті
экранға шығару үшін сілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саус –саусағы
мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқан түймесін шерту
жеткілікті.

Web жүйесімен қатынас құру тәсілі.
Web жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық
ортасында сервистік қызмет көрсететін, компания жасап қойған, арнайы
команда арқылы WWW браузермен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін
www немесе lynx сөздерін енгізу керек.
Егер тұрақты қызмет атқару қажет болса немеес тікелей теру арқылы байланыс
орнату керек болып жатса, өз WWW браузеріңізді пайдалану мүмкіндігі де бар.

Қолданылып отырған тәсілге қарамастан сіз гипермәтіндік файлдарда
мәліметтерді іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді бір
желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Explorer графиктік
браузермен сіздерді таныстыралық. Әрине бұдан басқа да браузерлер
бар,мысалы, Netscape Navigator, бірақ Windows 95 жүйесі өз Internet
Explorer программасының ішкі браузерімен жабдықталады. Windows жүйесінің
басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер
болады, олармен жұмыс істеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз
Internet Explorer – мен жұмыс істегіңіз келемесе, онда Netscape Navigator
браузеріне немесе басқасына оңай ауысы аласыз және олардағы жалпы жұмыс
істеу ережелері бір – біріне ұқсас болады.
Сонымен FTP – серверімен жұмыс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің
бірнеше адресін білсеңіз, онда желіге кіріп жұмыс істеу қиын болмайды.
Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті информацияларды тақырыбы арқылы
іздеу ісіне кірісіп кеет бересіз.
Internet Explorer немесе Netscape Navigator іске қосылса, браузер
автоматты түрде,сіз араласпай –ақ, өз севрімен байланыс орната береді. Ал
егер де Internet Explorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаңыз, онда бірдет
Microsoft компаниясының WWW сервері парағымен байланысатыныңыз есіңізде
болсын, оған мынадай мәлімет енгізілсе ,
http: www.home.microsoft.comintru
Internet Explorer терезесі көрсетіледі. Мұнан кейін лифт көмегімен
парақтың төменгі жағына өтіп, өзіңізге керекті ақпаратты таңдайсыз.
Курсорды ерекшеленген мәтін бөлігіне алып барып, тышқанды бір рет шертіңіз,
браузер осы таңдап алынған жаңа мәтін бетін өз машинаңызға жеткізеді.
Біздің жағдайда курсорды Internet – тепарақты іздеу үшін осы сілтемені
таңдаңыз (выберите данную сылку) деген сөзге, яғни оның ерекшеленіп тұрған
үзіндісіне алып барып, тышқанның сол жақбатырмасын шертеміз. Сол сәтте
браузер сіздің компьютеріңізге Internet – тегі информацияны іздеу
жүйелерінің жиі қолданылатын бірнеше адресі көрсетілген келесі парақты
шығарады да, сіздің іздеу шарты көрсетілген (критерий) информацияны
еңгізудің және іздеу батырмасын басуыңызды өтінеді.
Web каталогтары кітапхананың жүйелік каталогтары тәрізді жасалып, олар
Спорт, Компьютерлер, Ойындар сияқты рубрикаклар жіктелген. Каталогтан
өзіңізге керекті тақырыпты тауып алып, оның ішінен Web – тегі түйінді
сөздер тізімінен іздеуді бастауға болады.
Көптеген серверлер тізімінде әрбір түйінді тақырып қысқаша сипатталып
отырады да, негізгі тақырыпқа өту жолы көрсетіліп тұрады.
Бірақ Web каталогтары мәтін парақтарының тек аз бөлігін көрсетеді, ал
дүние жүзілік өрнекте (всемирная паутина) одан басқа толып жатқан
мәліметтер жиыны бар екні түсінікті болар. Мұнда да AltaVista, HotBot
немесе Lycos сияқты іздеу серверлері қосылады, оларда серверге өзіңізге
керекті тақырыпты көрсетіңіз, Web парақтарынан осы салаға байланысты бар
мәліметтреді қарап шығу мүмкіндігін аласыз.
Іздеу процесі адамның қатысуынсыз орындалатын болғандықтан, іздеу
серверлері каталогтарға қарағанда көптеген мәліметтерді қамти алады. Бәрақ
сіз оларды сұрыптай отырып, мыңдаған парақтан түратын информация ішінен
керектісін таңдауыңыз қажет.
Егер сіз жалпы сипаттағы информация іздейтін болсаңыз, іздеуді Web
каталогтарынан бастағаныңыз жөн.
Ал, егер сіз нақты бір сөз тіркесін іздейтін болсаңыз,мысалы, Little
girl немесе классификатордан жалпы атауын табу қиын түсінік туралы мәлімет
іздегенде, каталогтарда онша көмек бере қоймайды. Мұндайда іздейтін
серверді пайдалану қажет шығар, мүмкін біреуін емес бірнешеуін қарап шығу
керек болар, өйткені әртүрлі серверлерөойылған бір сүраққа әртүрлі жауап
береді. Сіздің сұрағыңыз нақты болса, іздеу нәтижесі де табысты болатыны
есіңізде болсын. Бір емес, сұрағыңызға сәйкес келетін бірнеше сөз тіркесін
іздеген қолайырақ болады. Көп сөзден қашпау керек, синоним іщдеп табу ісін
оңайлатады.
Егер іздейтін сервер сізге толық жауап таппаса (немесе тіпті ешқандай
жауап таппаса), онда сұрағыңыздың нақты болмағаны немесе керекті сөз
тіркестерін дәл таппағаныңыз деп біліңіз. Мұндайда басқа және қысқа
сөздерді пайдалана отырып, тағы да іздеу жұмысын жүргізу керек.
Ал, егер табылған мәліметтер жүздеген немесе мыңдаған беттерге жалғасын
кетсе, онда мәселенің өте кең ұғымды, ауқымды болып кеткені. Қайта сұрақ
қойып, нақты терминдерді пайдалануға тырысып, іздеу варианттарын шектеуге
талпынған жөн.
Өрмек ішінде қызықты, орыс тілінде жазылған мәтіндер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есептеу желіліердің түрлері жайлы
Желілерді құру принциптері және есептеу желілерінің жіктелуі
Бүкіләлемдік тор. интернет технологиялары. Visual Basic ортасында Интернет браузер құру
Астана және Щучинск аумақтарына, компьютерлік желінің құрылу принципі мен эволюциясы
Қалааралық байланыс операторларының қалааралық телефон желісін ұйымдастыруы
Сан жүйесінің аты
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
HTML - базалық технологиясы туралы ақпарат
GPON кең жолақты қатынау желісін құру принциптері
Интернет желісінің тарихы
Пәндер