Америка Құрама Штаттары туралы мәлімет


Жоспар
- Америка Құрама Штаттары жалпы сипаттама
- Тарихы
- Экономикасы
- Туризм даму тарихы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Америка Құрама Штаттары жалпы сипаттама
Құрама Штаттары (ағылшынша: The United States of America , USA) - Батыс жарты шарындағы ірі ел. АҚШ аумағы жағынан əлем елдерінің ішінде төртінші орын алады. Ол
мынандай үш бөліктен тұрады: 1) негізгі аумағы (немесе АҚШ-тың ) -
шығыстан батысқа 4, 7 мың, ал солтүстіктен оңтүстікке 3 мың км-ге созылып
жатқан үлкен төртбұрыш тəрізді; 2) Аляска; 3) тынық мұхиттағы Гавай
аралдары.
Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.
АҚШ климаты біркелкі қоныржай және субтропикті болып келеді. Ал солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады.
АҚШ - көптеген атақты тұлғалардың отаны. Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Роберт Фултон, Томас Эдисон, Марк Твен және т. б. бар
Тарихы
Вашингтон - елордасы
16 ғ. Колумб Американы ашқаннан кейін еуропалықтар Солтүстік Америкаға көшіп келе бастады. Олар осы құрлықтың негізгі халқы - үндістерді аяусыз қырғынға ұшыратты. Тірі қалған үндістер түк шықпайтын тақыр жерлерге - резервацияларға ығыстырылды.
17 ғ. негізінен Ұлыбританиядан көшіп келгендер Атлантика жағалауында өздеріне тұрақ салды - отар деп аталды. 18 ғ. аяғында 13 отар ағылшын үстемдігінен құтылып, тәуелсіз мемлекет - Америка Құрама Штаттарын құрды. Америка жалауының сол жақ жоғары бұрышындығы көк төрт бұрышқа салынған 50 ақ жұлдызша АҚШ-тың қазіргі күндегі штаттарының санына сай келеді.
1776 - АҚШ тәуелсіз декларациясы жариялды
1812-1815 - АҚШ-Ұлыбритания соғысы
1819 - АҚШ Флорида штатын 5 млн. долларға сатып алады.
1846-1849 - АҚШ-Мексика соғысы
1861-1865 - АҚШ-ның азамат соғысы
1867 - Ресейден Аляска штатын сатып алады
1917 - АҚШ Бірінші Дүниежүзілік Соғысына кіріп, Антанта одағына қосылады
1941 - Перл-Харбор инциденті. АҚШ Екінші Дүниежүзілік соғысна кіреді
1945 - Хиросима мен Нагасаки аттомдық шабуылы
1950-1953 - Корея соғысы
1962 - Кариб дағдарысы.
1964-1973 - Вьетнам соғысы
1969 - Ғарышкер Армстроң, Нил Олден айға қонады
1991 - Бірінші Ирак соғысы
2001 - 11 қыркүйектің трагедиясы
2003 - Екінші Ирак соғысы
Саясаты
Өкіл Палатасы
АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:
Заң шығарушы: АҚШ Парламенті - Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады.
Атқарушы: АҚШ Президенті - мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады
Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар
АҚШ-да екі бас партия бар:
Демократиялық партиясы - 1824 ж. құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон, Барак Обама осы партияның мүшелері.
Республикалық партиясы - 1854 ж. құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган осы партияның мүшелері.
Экономикасы
АҚШ экономикалық - географиялық жағдайы өте қолайлы, ол барлық
кезеңде де елдің дамуына қолайлы жағдай туғызып отырады. Бұл, ең алдымен
теңіз шекарасының ұзындығымен (12 мың км), тамаша табиғи зоналарының
болуымен жəне негізгі аумағы екі мұхиттың ортасында болу айрықша
ерекшелігімен түсіндіріледі. АҚШ мемлекеттік құрылысы жағынан - 50
штаттан тұратын федеративтік республика. əрбір штаттың өз конституциясы, өз
заң шығару жəне атқару үкімет органдары, губернаторды сайлап қою билігі,
сондай- ақ өз рəміздері бар. Бұдан басқа, елдің астанасы - Вашингтон
орналасқан Колумбия Федералдық округі өзінше ерекшеленеді.
АҚШ халқының саны жағынан дүние жүзінде үшінші орынды иеленеді.
Бір ғана ХХ ғасырдың ішінде халқының саны 3, 5 есе өсті. Қазір АҚШ -та
жүзден аса этнос өкілдері тұрғанымен, этнограф - ғалымдар үш негізгі
этникалық топқа біріктіреді: 1) АҚШ-тық американдықтар, яғни қазір ана тілі
ағылшын тілі болып табылатын басқа елдерден қоныс аударған əртүрлі
ұлттардың ұрпағы; 2) АҚШ-қа таяу жылдары келіп қоныстанған жəне бұл елде
əлі “сіңісті бола қоймаған” өтпелі тммигранттар тобына жататын адамдар; 3)
абориген - тұрғындар (үндістер, эскимостар жəне т. б. ) .
АҚШ-тық американдықтар бүкіл халықтың 4/5 бөлігінен астамын,
аборигендер 1 пайызға жуығын құрайды. АҚШ халқының тығыздығы жағынан
дүние жүзіндегі ең халқы көп 20 елдің ішінде 18-ші орынды иеленеді. 1 шаршы
шақырымға 27 адамнан келеді. Ел ішінде халықтың орналасуы шектен тыс
əркелкілігімен ерекшеленеді. АҚШ - нағыз қала агломерацияларының елі. 50
жылдары американдық географтар АҚШ-та бір аса ірі қалалық құрылым -
мегаполистер пайда болатынын атап көрсетті. Қазір бұл елде мұндай үш
мегаполис бар: Солтүстік Шығыстық мегаполис, Көл маңы жəне
Калифорниялық мегаполис. Бұлардың біріншісі Бостоннан Вашингтонға дейін
созылып жатыр, қысқартып “Босваш” деп атайды, екіншісі Чикаго мен
Питтсбургтің аралығында орналасқан, аты “Чипитс”; үшіншісі - Сан-
Франциско - Сан-Диего: “сан - сан”.
АҚШ ХІХ ғасырдың өзінде - ақ Ұлыбританияны қуып жетіп, өнеркəсіп
өндірісінің көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Қазір өзінің
экономикадағы өарқыны бойынша дүние жүзінің кез келген басқа елін көп
артқа тастап, өзінің индустриялық даму деңгейі жағынан жетекші елдердің
тобына қосылады. АҚШ-тың ЖҰӨ-і 7 трлн доллардан асады, бұл дүниежүзілік
ЖІӨ-нің 1/5 бөлігін құрайды. АҚШ өнеркəсібі өндірістік жəне аумаққа
шоғырланып орналасуы жағынан жоғары деңгейде екендігімен ерекшеленеді.
АҚШ өнеркəсібінде барлық басты жəне кіші салалар, өндіріс түрлері түгел бар.
АҚШ ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі жағынан да дүние жүзінің
кез келген елін басып озады. АҚШ агробизнеске бірінші болып өтті. АӨК
саласындағы еңбек өнімділігі өнеркəсіпке қарағанда тез өсуде. Дүние жүзіндегі
экспортталатын дəнді дақылдардың тең жартысы АҚШ-қа тиесілі.
АҚШ барлық көлік түрлерінің дамуы жағынан да кез келген елден алды:
жалпы көлік санының 1/3 бөлігі, Батыс елдеріндегі барлық тасымал түрлерінің
¼ бөлігі соынң үлесіне тиеді. АҚШ-тың көлік жүйесі ерекше солтүстік -
американдық жүйесін құрайды. Оған мынадай ерекшеліктер тəн: көліктің
барлық түрін дамыту, жүк жəне жолаушы тасымалдаудың жоғарғы деңгейіне
қол жеткізу, бұл тасымал қашықтықтарының аса ұзақ бьолуы, автомобиль
көлігі рөлінің ерекше маңызға ие болуы.
АҚШ өнеркəсібінің басты салаларының географиясы. АҚШ өнеркəсібінің
картасына қарап, барлық жетекші салалардың көптеген штаттарда жақсы
дамығанын байқау қиын емес. Осы деңгей тұрғысынан қарағанда екі-үш штат
ерекше көзге түседі. Бұл отын - энергетика өнеркəсібіне қатысты болып келеді.
Көмір елдің 15-тен астам штатында өндіріледі, ең басты көмір штаттары -
Кентуки, Батыс Виргиния жəне пенсильвания.
Қара металлургия ошағы елдің солтүстігінде пайда болып, Иллинойс,
Индиана, Огайо, пенсильвания, Мэриленд тəрізді “металлургиялық штаттарға”
топтасу үстінде.
Химия өнеркəсібі де əлемдегі ең ірі өнеркісіп. Оның бірнеше ондаған
орталықтары бар, алайда оның жоғары дəрежеде шоғырланғандары жекелеген
аудандарда жəне олрадың өзіндік сипаттары да ерекше.
Тоқыма өнеркəсібі екі ғасыр ішінде Жаңа Англия деп аталатын (орталығы
- Бостон) солтүстік - атлантика штаттарында шоғырланып болған.
өнеркəсіптік аудандар мен белдеулер. АҚШ сияқты үлкен елде əр түрлі
дəрежедегі көптеген өнеркəсіптік аудандар бар. Олардың ең ірі үшеуі - Нью-
Йорк, Лос - Анджелес жəне Чикаго өнеркəсіп аудандар.
АҚШ-тың агроклиматтық ресурстары да өте жақсы. АҚШ-тағы өсімдік
шаруашылығы саласы бірінші кезекте егістік жердің 2/3 бөлігін алып жатқан
дəнді дақылдарды білдіреді. Ең басты азықтық дақыл - бидай, бірақ жемдік
дақылдар (жүгері, сорго) едəуір көп егіледі. АҚШ-тың мал шаруашылығы
саласы ең алдымен, сүт жəне ет өндіруге бағытталған мүйізді ірі қара мал
өсіруді білдіреді.
Ішкі рыноктардың молдығының нəтижесінде АҚШ экономикасы
шетелдік Еуропа жəне Жапониямен салыстырғанда онша “ашық емес”. Соған
қарамастан, бұл ел үшін сыртқы экономикалық байланыс үлкен рөл атқарады.
Сыртқы сауда айналымының көлемі бойынша АҚШ дүние жүзінде бірінші
орын алады. Оның экспорттық тауарлары өнеркəсіп жəне ауыл шаруашылық
өнімдерінен тұрады. АҚШ импорты шикізаттар, машиналар, əртүрлі
жабдықтардан тұрады. Бағасы жағынан импорт экспорттан асып кетеді,
сондықтан едің балансы əдетте төмен. АҚШ-тың сыртқы сауда географиясы
бірініш кезекте НАФТА-ның екі мүшесімен - Канада жəне мексикамен, сондай
- ақ шетелдік Еуропа жəне Жапониямен арадағы байланысы арқылы
анықталады. АҚШ капиталы негізінен Батыс елдеріне бағытталған ірі
экспорттаушы ел болып табылады. Ал, өз инвестицияларына тікелей АҚШ-қа
бағыттаған Еуропа елдері мен Жапонияның үлестері де аз емес.
Туризм даму тарихы
Кристобал Колон (испанша: Cristóbal Colón ; италиянша: Cristoforo Colombo ) (1451 ж. қазанның 29 - 1506 ж. мамырдың 20, Вальядолид, Испания) - әйгілі жиһанкез және саудагер. Генуяда туылған. 1476 - 84 жж Лиссабонда, португалиялық Мадейра және Порту - Санту аралдарында өмір сүрген. Солтүстік Атлант мұхитына жүзуге қатысқан .
Oл бір уақытта Америкаларды ашқан бірінші еурoпалық деп есептелген, бірақ қазіргі уақытта Америкаларды oннан бұрын викингтер ашқаны белгілі.
Кристобал Колон Жер шар фoрмасында екендігін біледі, бірақ oның қаншадай үлкендігі бар туралы хабары бoлмайды. Маркo Пoлoның Қытайдың шығысынан теңіз тапқанын есіткен еді, және бұл теңіз Еуропаның батысында жайласқан теңіздің өзі деп есептеген еді. Тынық мұхит және Америкалар туралы ешқандай мағлұматқа ие емес еді, және де Атлант мұхиты тура Қытайға алып бармайтынын білмейтін еді.
Арагон мен Кастилия патшасы Фернандо ІІ Арагoн және патшайымы Изабелла І Кастилия бұйырығымен оларға дәмдеуіштер және алтын алып келуді қалады. Үндістан мен Қытайға қысқа жoл табу үмітімен Атлант мұхитын кемемен жүзіп шығады. Саяхатының ақырында Кристобал Колон бірнеше аралдарды кездестіреді де және Шығыс Үндістанға жетіп келдік деп oйлайды. Сoл үшıн жаңа ашылған жердегі жергілікті халықты «үнділер» деп атаған. Не барлығы Кристобал Колон Америкаларға төрт мәрте саяхат қылған.
Колумб Испаниядағы 7 жыл соғыс болған жердегі банкирлер мен саудагерлерге сүйеніп, дүние жүзіндегі мұхиттарға экспедиция жасайтын арнайы топтың жетекшісі болады . Ең алғашқы экспедиция 1492 - 93 жылдар аралығында 90 адам, 3 кемемен (Санта - Мария, Пинта, Нинья) 3 тамыз 1492 ж. Палос аймағынан Атлант мұхитын іздеуге шықты. 15 наурыз 1493 ж Колумб Испанияға қайта оралды. Ал 2-ші экспедиция 1493-96 жж 1500 адаммен Кадистан жолға шығады. 3 қараша 1493 ж Доминика, Гваделупа, Антигуа мен Виргин аралдарын, 19 қарашада Пуэрто Рико, 5 мамырда Ямайка елдерін ашқан. 1496 ж 31 шілдеде Ипанияға оралады. Ал 3-ші экспедицияда олар 1498 - 1500 жж 300 адаммен мамыр айының соңында Тринидад, 1 тамызда Оңтүстік Америка жағалауын, 15 тамызда Маргарита аралдарын ашқан. 4-ші экспедиция барысында 1502 - 1504 жж Америка материгін ашқан.
7 қараша 1506 ж. Христофор Колумб өмірден өтті . Зерттеулері бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатыр .
Екі Американың көп жерінде аты қалған: Колумбус қаласы (АҚШ), Британ Колумбиясы (Канада) т. б. Кoлумбия мемлекеті де oның мәртебесіне аталған
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz