Аралық соттар: құқықтық табиғаты


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
“Экономика және қаржы” факультеті
«Құқықтық пәндер» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Аралық соттар: құқықтық табиғаты
Беттер саны
Орындаған: Шойынжанов Б.
(студенттің аты-жөні)
2010 жылдың “ ” қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі,
з. ғ. к., доцент Кунхожаева Г. Н.
Ғылыми жетекші,
з. ғ. к. : Атаханова С. К.
(қолы) (аты-жөні)
Норма бақылаушы
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Сын пікір беруші
Алматы, 2010
КІРІСПЕ
Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, саяси даму сатылары заңның дамуына да елеулі ықпал ететіні анық. Әлемдік заң тәжірибесінің өткен ғасыр өткелі экономикалық дауларды шешудің бір механизмі ретінде аралық сот талқылауын белсенді қолдану тәжірибесімен тарих бетінде із қалдырары сөзсіз. Бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың маңызды құралдарының бірі ретінде оларды тараптармен сайланатын аралық (арбитраждық) соттар арқылы қорғау ерекше орынға ие. Ол тек қана қарапайым мемлекеттік емес сот құрылымы болып қана қоймай, сонымен бірге, ең алдымен, мемлекеттік сот өндірісі жүйесінің маңызды баламасы бола білді. Қазіргі таңда аралық сот талқылау институты шапшаңдықпен дамып келеді. Бұл халықаралық сауданың дамуы, өндіріс, ғылым және техника салаларындағы ынтымақтастықтың кеңеюімен, сондай-ақ дамыған және дамушы елдерде шетелдік инвестициялардың кең қанат жаюымен байланысты болып отыр. Бұзылған азаматтық құқықтарды аралық соттар арқылы қорғау бүкіл әлемде кеңінен қолданылады. Тіпті, мұндай қорғаудың нысаны туралы Қазақстан Республикасы қосылған халықаралық конвенциялар да өмірге келген.
Баршаға белгілі болғандай, аралық соттардың қызмет етуі өркениетті елдерде шетелдік инвесторлар үшін жалпымен бірдей мойындалған кепілдік болып табылады. Сондықтан да елімізде аралық сот талқылауы институтының Қазақстанның тәуелсіздік алуымен, сондай-ақ нарықтық экономикаға бет бұрып, шетелдік инвестицияларды белсенді түрде тартуға бағыт алуымен қатар пайда болғаны кездейсоқ жайт емес. Аралық соттарды Қазақстанның заңдық тәжірибесіне енгізу үрдісінің өзі жеткілікті түрде еш «ауыртпалықсыз» өтті деуге болады, себебі аралық соттардың «табиғаты» ежелгі қазақ әдет-ғұрып құқығының, тәуелсіз билер сотының бір туындысы іспеттес. Қазіргі таңда, егеменді Қазақстанда 1993 жылдан бастап аралық соттар өзін дауларды шешуде сенімділігімен, бейтараптылығымен және тиімділігімен көрсете білді деп сенімді айтуға болады.
Қазіргі таңда Қазақстанда 15 астам аралық соттар жұмыс істейді, олардың ішінде Қазақстан Республикасының Халықаралық Арбитраждық (аралық) Соты (ары қарай - ҚР ХАС) да бар. ҚР ХАС тұрақты жұмыс істейтін, мемлекеттік емес орган, және де бұл оған деген сұраныстың белсенді екенін және сот тәжірибесінде оң нәтижелілігін түсіндіреді.
ҚР ХАС отандық, халықаралық құқық, сондай-ақ кез-келген мемлекеттің құқығының нормасы бойынша дауларды қарастырады. Аралық сот талқылауын әкімшілік жүргізу және ұйымдастыру Сот Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
Әлемдік тәжірибеде экономикалық немесе мүліктік сипаттағы дауларды шешудің арбитраждық (аралық) талқылау, ал халықаралық қатынастарда - түпкі мәні бойынша халықаралық коммерциялық қатынастарда арбитраждық (аралық) сот болып табылатын халықаралық коммерциялық арбитраж сынды институты қалыптасқан және қолданылып келеді. Қазіргі кезде аралық соттармен дауларды қарау бойынша сот тәжірибесіне талдау арбитраждық талқылаудың қажеттілігін арттыратын бірқатар оң факторларды атап көрсетуге мүмкіндік береді. Солардың кейбіреулерін атап өтелік.
Аралық соттардың құрылымы - ол тараптардың үстінен емес, тараптардың өз еркінен туындайтын болғандықтан олардың мүдделеріне қызмет етеді. Тараптар өз кезегінде сот шешімін сөзсіз және өз еркімен орындауға міндеттенеді.
Аралық соттардың құрамына, әдетте, тек заңгер мамандар ғана емес, сондай-ақ экономика және қаржы, салық салу, өндірістік және ауылшаруашылығы өндірісіндегі мамандар да кіре алады. Мұндай құрамдағы сот әртүрлі күрделі мүліктік дауларды шешуге мүмкіндігі бар.
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРАЛЫҚ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ
1. 1 Аралық соттар институтының дамуына тарихи шолу
Кеңес дәуірі кезіндегі аралық соттың даму кезендерінен сол кездегі аралық сот элементтерін тарих беттерінен көруге болады. 1917 жылдары Ресей үкіметінің ішінде түрлі ірткіліктер пайда бола бастады. Ресейдің осындай құбылыстарын байқаған қазақтың бас көтерер азаматтары жаңа жоспарларды өз халқы үшін ойластыра бастады. 1917 жылы Алихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары «Алаш-орда» партиясын дүниеге әкелді.
Сол кездегі «Алаш-орда» партиясы, Қазақстанды Қырғыз Республикасынан бөліп жеке мемлекет ретінде қалыптастыру негіздерін партияның негізгі мақсаты ретінде қарастырды.
«Алаш-орда» партиясы Қазақстанда өз билігін орнатқан жерлерінде бірнеше рет өз соттарын ұйымдастыруға тырысты. 1918 жылы 26 шілдеде «Алаш-орда» төрағасы Бөкейханов Омск қаласындағы колчактық «министрлер кеңесіне» жедел-хат жолдады: « . . . Қырғыз-большевиктері үшін ерекше қырғыз соты ұйымдастырылғанын хабарлайды. «Алаш-орда» және тергеу комиссиясы тергеу өндірісін бөгемейді, «Алаш-орда» өзінің екі өкілін Семейдің тергеу комиссиясына уакытша іс сапарға жіберді . . . ».
«Алаш-Орда» өз адамдарынан ғана сот құрмақшы болды. 1918 жылдың 17 қазанында Қостанай қаласында «Алаш-орданың» уездік съезі өтіп, мынадай қаулы шығарды: «Құрамы бес адамнан тұратын, оның үшеуі басқа қызмет істемейтін адамдардан аталған съезде сайланатын, ал екеуі жергілікті «Алаш-орда» бөлімінен сайланатын қырғыз соты ұйымдастырылсын». 1919 жылы 23 тамызда колчактық «министрлер советімен» «Алаш-орда» ұсынған Қырғыз соты туралы ереженің жобасы бекітілді.
Осы жоспармен Ақтөбе, Темір, Елек, Ырғыз уездерінде уездік халық соттарын Құру қарастырылды. Әрбір халық сотында «екі заседатель әділ сот өндірісі тоқтап қалмас үшін үнемі ешқайда кетпей, кезектесіп мәжіліс өткізеді». Әрбір уъезд үшін ірі қылмыстық істерді, сонымен қатар контрреволюциялық істер бойынша революциялық трибунал сотына қарасты істерді қарайтын тергеу комиссияларын ұйымдастыру көзделді.
Сол кезеңдегі тергеу комиссияларының рөлі оларға алдын ала тергеу кызметі ғана емес, сонымен бірге кейде сот қызметінің де жүктелгендігімен анықталғанын айта кету керек.
Социалистік Қазан төңкерісі біздің еліміз халықтарының ғасырлық құлдық бұғауын үзіп, қанаудан азат етті. Орталықта басталған социалистік революцияның бір ерекшелігі, оның жан-жаққа тез тарауында болды. Социалистік революцияның маңызды міндеті қанаушы мемлекеттік аппаратты жойып, социалистік мемлекет аппаратын құру болды.
«Социалистік революцияның келуімен қанаудың құралы болып келген ескі соттар да жойылды. 1917-1920 жыл кезеңдерінде Қазақстанда жаңа сот құрылымы саласында ірі революциялық процесс жүрді: ескі революцияға дейінгі соттарды жойып, кеңестік сот жүйесін құру. Буржуазиялық Уақытша өкімет революцияға дейінгі сот жүйесіне ешқандай да өзгеріс енгізбегендіктен, социалистік революция Қазақстанда патшалық сот жүйесінің үстіне келді.
Ол тек қана жаңа жағдайға ыңғайланумен шектелді және де Уақытша өкіметтің Қазақстанға көзқарасы патшалық самодержавиенің қөзқарасынан айырмашылығы болмады. Керенский, Мемлекеттік думада сөйлеген сөзінде былай деп ашық айтты: «Түркістан және далалық қырғыз облыстары бұл Тула және Тамбов губерниялары емес. Оларға ағылшындар мен француздар өз колонияларына қарағаны сияқты қарау керек».
Сонымен қатар, «Алаш-орданың» азаматтарының сот жүйесін өзгертіп құруға деген жоспарларын әрқашан алға ұстады. 1918 жылдың 17 қазанда Қостанай қаласында мынадай қаулы қабылданған «Алаш-орданың» уездік съезі болды: құрамы бес адамнан тұратын уездік қырғыз соты ұйымдастырылсын, ол бес адамның 3-і басқа қызмет істемейтін адамдардан сайлансын, 2-і жергілікті «Алаш-орданың» мүшелері арасынан сайлансын. 1919 жылы 23 тамызда колчактық «министрлер кеңесімен» «Алаш-орда» ұсынған қырғыз соты туралы Ереженің жобасы бекітілді.
Осы Ережемен 1917 жылғы 24 қарашадағы соттар туралы СНК декретімен таратылған Қазақстанда патшалық сот жүйесін қайта қалпына келтіруге қадам жасалды. Кеңес территориясында патшалық Ресей соттарын жою фактісінен 1919 жылы 5 шілдеде Орынбордың губерниялық кеңестерінің атқару комитеті халық соттарын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарды. Осы бұйрықпен 1918 жылғы 30 қарашадағы РСФСР халық соты туралы ережемен қарастырылған соттың ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі принциптері бекітілді.
Өз қызметінде халық соттары осы Ережені және жұмысшы-шаруа өкіметінің басқа да декреттерімен, сонымен қатар социалистік құқықтық сананы басшылыққа алу керек болатын. Халық соттарын ұйымдастыру мен оны жүргізудің көптеген маңызды мәселелерін бұл бұйрық қозғаған жоқ, бірақ бұл Қазақстандағы сот тарихы жөніндегі ежелгі құжат болды.
«Ең алғашқы Қазақстанның сот құрылымы мәселелері 1919 жылғы 10 шілдедегі Қырғыз өлкелік басқармасы бойынша Революциялық комитет туралы Уақытша ережемен шешілді.
Уақытша ережемен Қазақстандағы сот органдарының төмендегі жүйесі қарастырылды: а) аралық соттар, б) уездік халық соттары және солардағы тергеу комиссиялары, в) Қырғыз өлкелік революциялық комитетіндегі округтік халық соттары, г) революциялық трибуналдар. Уақытша ережеде аралық сот туралы былай делінген: «Қырғыздар арасындағы барлық дау-шарлар жауапкердің мекен жайы бойынша ауылдық және болыстық атқару комитеті төрағалығының аралық сотымен шешіледі». Іс бойынша шағымданушы және қадағалаушы инстанциясы уездік халық соты болды» [1, 48-50] .
Аралық сотқа байланысты келесі деректі қарастырайық. «Аралық сот (третейский) туралы уақытша сот ережеде қарастырылғаны бойынша қырғыздар арасында туындаган ауыр істерге жауап беруші тұлғаның тұрақты тұрғылықты жерінде аралық соттың атқарушы комитеттерімен қарастыру көзделді. Аралық соттың қадағалау кассациялық инстанциясы болып уездік халық соты саналды.
1919 жылы 24 қазан айында уақытша ереженің дамыту бөлімшесімен арнайы орыс және қазақ тұрғындарына байланысты аралық (третейский) сот туралы нұсқау қабылданды, осы нұсқауда азаматтардың бас бостандықтарынан айыру мерзімі бір жылдан аспайтын немесе ақша сомасы мың рубльден жоғары емес қылмыстық істерді қарау аталған аралық (третейский) соттың қарау құзыретіне берілді» [1, 132-155] .
Бұл кездегі уездік халық соты уездегі тұрғындардың ұлттық құрамын ескере отырып құрылды. Қазақ және орыстар аралас тұрған жерлерде ол екі бөлімнен тұрды: қазақ және орыс, ал бір ұлт басым болған жерлерде бір ғана бөлімнен тұрды, бірақ істі қарау барысында «мүдделі ұлттың тең дәрежеде қатысуымен қарастырылды.
Уездік халық сотында іс қарау құрамында бөлім төрағасы-тұрақты халық судьясы және кезекті екі заседательдің қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс болатын. Уездік халық соты революциялық трибуналға жататын істен басқа барлық қылмыстық және азаматтық істерді қарады.
Істі қарау әдеттегі құқық негізінде жүргізілді. Контрреволюциялық қылмыстар жөніндегі істерді қарау үшін революциялық трибунал ұйымдастырылды. Сонымен, шетел интервенциясы мен азаматтық соғыс кезеңіндегі РСФСР сот құрылымы тәжірибесіне сәйкес Уақытша ережемен Қазақстанда - халық соты және революциялық трибунал сияқты сот аппаратының екі саласын құру қарастырылды. Бұл екі жақтылық сол кездегі жағдайдың күрделілігімен түсіндіріледі. 1919 жылы революциялық трибуналдармен қатар Қазақстанның халық соты жүйесі де құрыла бастады. 1919 жылы 10 шілдедегі Уақытша ереже шыққаннан кейінгі алғашқы айларда халық соттарын құру баяу жүрді, бұл сол кездегі Қазақстанды басып алған әскери әрекеттердің нәтижесі болатын.
«1919 жылы қыркүйектен бастап сот аппаратының ұйымдастырылуы жөніндегі жұмыс жандана бастады. 1919 жылы 1 қазанда Қырғыз революциялық комитеті құрамынан Қазақстанның сот құрылымы жөніндегі жұмысты басқаратын юстиция бөлімі құрылды. 24 қазанда осы бөліммен 1919 жылғы 10 шілдедегі Уақытша ережені дамытуда орыс және қазақ тұрғындарына арналған аралық соттар туралы арнаулы нұсқаулық жасалды.
Нұсқаулық аралық сотқа бір жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы немесе 1000 рубльге дейін қаржылық айып салатын қылмыстық істерді қарау құқығын берді. Аралық соттар халық соттарымен ауыстырылған уақытша сот органдары болып табылды. Азаматтық істер бойынша аралық соттарға шек қойылмады. Халық арасында беделі бар, сенімге кірген, жергілікті халықтың салт -дәстүрін жақсы білетін барлық азаматтар аралық судья болып сайлана алды. Оларды тараптардың өзі таңдап алды немесе кеңестер келісімге келмей жатса, тараптардың аралық судьяға қарсылық білдіруге құқығы болды. Сот шешімі жергілікті кеңесте сақталатын айрықша кітапқа жазылады және халық сотына шағым беруіне болады» [1, 48-53] . М. Сапарғалиевтің осы деректеріне байланысты біз аралық сот 1919 жылғы 10 шілдедегі "Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы" Уақытша ережемен құрылып өз қызметін атқарғанын көре аламыз.
1 қазаннан бастап Кирвоенревкомының әділет бөлімі халық соттарын ұйымдастыруға кірісті.
1919 жылы 31 қазанда Темір уездік ревкомына қатынас қағазы жіберілді, онда былай деп жазылған: «Военревкомның юстиция бөлімі Темір қаласында Темір уезіне екі бөлімі бар бір ғана Уездік Халық сотын ұйымдастыру ұсынылады, ал соңынан аумақты әскери әрекеттерден тазарту мөлшері бойынша. Ревкомға бөлімшелік екі халық сотын ашу ұсынылады, сонымен қатар екі бөлімімен осы және басқа соттар штатының қосымшасына сәйкес. Дәл осындай қатынас қағазы 1919 жылдың I қарашасында Орал облысы Елек уездік атқару комитетіне, 5 қарашада - Қостанай уезінің Адамовский аткару комитетіне жіберілді. 10 қарашада юстиция бөлімі Қазақстанда халық соттарын, тергеу комиссияларын және революциялық трибуналдар ұйымдастырудың нақты жоспарын жасады.
1919 жылдың 29 қазанында Кирвоенком төрағасы мен Кирвоенком юстиция бөлімінің меңгерушісі Ақтөбе тергеу комиссиясына үкім жіберді, онда былай деп жазылған: «Көпке ұзамай ұйымдастырылатын Революциялық Трибуналдың ұйымдастырылмағанын ескере отырып, Қырғыз Ревкомы тергеу комиссиясына алыпсатарлық, самогон қою және 50 000 рубльге дейін кінәлі адамға айыппұл салатын және 3 айға дейін мәжбүрлі жұмыспен өтеу сияқты істерді шешуге құқық берді». Юстиция Комиссариат бойынша жергілікті мекемелер қызметін біріктіріп, басшылық жасау үшін осы жылдың 27 қазандағы Облыстық атқару комитетінің қаулысымен Заң бөлімі ашылды.
1919 жылдың аяғында және 1920 жылы халық соттары Қазақстанның барлық аумағында құрылды. 1919 жылдың желтоқсанында Кирвоенкомның юстиция бөлімімен «Халық сотына нұсқаулық» жасалды. Бұл нұсқаулықтың негізіне 1918 жылғы 30 қарашадағы РСФСР халық соттары туралы Ережемен бекітілген халық соттарының ұйымдастырылу принциптері мен қызметі алынды. Нұсқаулықта Қазақстан аумағында бір ғана халық соты қызмет ететіндігі бекітілді. Мұнымен халық соттары негізгі сот органы болып табылды. Халық соты үш құрамда әреқет етті: жеке халық судьясы, екі заседателі бар халық судьясы (бөлімшеліқ халық соты) және алты заседателі бар халық судьясы (уездік халық соты) . Халық сотының құзырына контрреволюциялық қылмыстар туралы, лауазымдық, шпионаж, кеңес өкіметін дикредитациялау және алыпсатарлық, революциялық трибуналға қарасты істерден басқа барлық қылмыстық және азаматтық істер қарастырылды.
Кеңес одағының саясаты бойынша адам құқықтары жерге тапталды деп айта аламыз, оны мына деректен көре аламыз. «Кеңестік құқық қорғау органдары ешқандай да кеңестік заңдармен санаспай, жүгенсіздік жасады. Бұл жағдайда «Алаш» бағдарламасы жобасының аталған қағидасын аудару, әрине, қауіпті болар еді.
Жобаның іс жүргізу-құқылық мәселелерге арналған қағидалары кепіл болып табылды. Бұл кінәсіздік призумциясы. Ол мынадай түрде көрсетілген: «Сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық»- Без судебного рассмотрения и решения не лишать свободы». Демек, адамды бас бостандығынан айыру үшін сот тергеуін жүргізіп, айыптау үкімін шығару қажет» [2, 302] .
Аралық сот қоғам тарихындағы кәсіпкерлердің арасындағы дауларды қарастыратын ең алғашқы мемлекеттік емес сот болып табылады және дауларды шешудегі неғұрлым демократиялық орган.
Әділдік орнайтын жер - бұл адамдар өздерінің қиын сұрақтарына жауап табатын және өздері тап болған немесе тап болатын өмірдегі қарапайым емес жағдайлардан шығу жолы.
Адамзат қоғамының қалыптасуындағы бастапқы кезеңде пікір айтумен даудың шешіміне қолжеткізуші тараптар солардың пікіріне, ой байламына сенетін адамдар айналысты. Қағида бойынша соттық дау-шараларды қарайтындар өмірлік тәжірибесі анағұрлым мол, дана ақсақалдар, билер сияқты беделді адамдар болған. Азаматтар дауды шешуді, туғаннан немесе мұрагерлігі бойынша емес, өздерінің жеке бастарының білімділігімен, руластары мен тума-туысқандарының сенімімен атқарды. Аралық сот институты азаматтардың арасындағы белгілі бір дау-дамайларды өздерінің келісімдерімен шешуге келіскен келісімшарт негізінде әділдіктің шыңына жетуге, сол салада арнайы білімі бар дербес тұлғалармен, арнайы құрылған адамдар тобымен құрылады.
Аралық соттар халық соттары салдарынан өзгертілген уақытша сот органдары болып табылды.
Қырғыздар арасындағы барлық дау-шаралар жауапкердің жергілікті мекен-жайы бойынша болыстық, ауылдық атқару комитеттерінің төралқасында аралық сотпен шешіледі. Аралық сот шешімі кассациялық тәртіппен қырғыз уездік халық соты бөліміне шағымдануға берілуі мүмкін болды. Уездік халық соты заңгерлік бақылау тәртібімен аралық сот үкімін алып тастап, басқа құрамдагы аралық соттың қарауына қайтадан беруге құқылы.
Уездік сотқа жататын істер сотқа дейін аралық сотпен қаралып, оның шешімі уездік соттағы аралық тіркеуге жазылуын қажет етті. Алдын ала тергеу жүргізуді талап ететін тонау, кісі өлтіру және т. б. істер бойынша уездік сотта тергеу комиссиясы құрылып, іске тергеу жүргізілетін болды» [17, 45-57 ] .
1917-1990 жылдар аралығындағы аралық сот туралы тарихи деректерді қарастырып оларды саралай келе келесідей пайымдаулар жасауға болады.
1917-1920 жылдары қазақ зиялыларымен құрылған «Алаш-орда» партиясы аралық сот (третейскиий) сол кездегі сот жүйесінің бір бөлігі ретінде "Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы" қабылдаған уақытша ережеге байланысты қызмет атқарды.
Уақытша ережемен Қазақстандағы сот органдарының төмендегі жүйесі қарастырылды: а) аралық соттар, б) уездік халық соттары және солардағы тергеу комиссиялары, в) Қырғыз өлкелік революциялық комитетіндегі округтік халық соттары, г) революциялық трибуналдар.
Уақытша ережеде аралық сот туралы былай делінген: «Қырғыздар арасындағы барлық дау-шаралар жауапкердің мекен-жайы бойынша ауылдық және болыстық атқару комитеті төрағалығының аралық сотымен шешіледі», -дейді М. Сапарғалиев өз еңбектерінде.
М. Шаламовтың пікірі: «10 шілдедегі 1919 жылғы Уақытша ережеде қазақ және орыс халқына арналған аралық сот арнайы нұсқаудың заңдылықтарына байланысты жүргізілді. Нұсқауға байланысты аралық соттың қызметіне 1 жыл бас бостандығынан айыру немесе 1000 рубльге дейін (ренжіту, тіл тигізу, қоқан-лоқы көрсету, озбырлық, жала жабу, ұрлық 2000 рубльге дейін, әйелдердің тең құқықтарын бұзу және т. б. ) ақша қаражатын өндіріп алудан аспайтын қылмыстық істерді қарау құқығын берді».
Х. С Сулайманованың пікірі: «1921-1925 жылдары қазақ ауылдарында советтік соттармен қатар би соттарының қалдықтары «ақсақалдық соттар», аралық соттың бір түрі ретінде аттарын жамылып, сот ісінің қызметін жүргізді, олар тек азаматтық істер емес, күрделі қылмыстық істерді де шариат әдет ғұрыптарына байланысты қарастырды».
Н. Максимовтың пікірі: Семиречинского обласного съезда Советов (1918 г) нашала возможным предоставить каждому сельскому исполкому право организовать в случае надобности сельские третейские суды. Съезд Советов одобрил это предложение юридической секции и в своем постановлении от 2 ноября 1918 года записал: «Для решения мелких дел создать при сельисполкомах сельские суды на третейских началах».
Түркістанда аралық соттар 1918 жылдың екінші жартысында пайда бола бастады. Сотты құрудың мақсаты, жаңа пайда болған жергілікті халық сотының жұмыстарын жеңілдетуге жеңіл істер аралық сотта қаралу деңгейі жоғарғы дәрежеде болды» деп көрсетілген «Вестник Комиссариата внутренних дел», №6. 1918. - 16 с.
Н. Максимов былай дейді: «Жергілікті тұрғындардың аралық (третейскии) сотқа жүгінуі оларға толықтай құқық береді, егер тараптар аралық сотқа сенсе немесе сыйласа өздерінің дауларын жоғарғы дәрежеде әділетті түрде шешілуіне кепілдік беріледі».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz