Интернеттегі коммуникация және қоғамның тілдік даму мәселесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Даулетова Г. М.
ИНТЕРНЕТТЕГІ КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ ТІЛДІК ДАМУ МӘСЕЛЕСІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
«5В011900» - «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы
Алматы, 2015
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
«__»2015ж.
Кафедра меңгерушісі
ф. ғ. д., профессор:
Г. Б. Мадиева
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ИНТЕРНЕТТЕГІ КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ ТІЛДІК ДАМУ МӘСЕЛЕСІ
«5В011900» - «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша
Орындаған: Г. М. Даулетова
4курс студенті
Ғылыми жетекшісі: С. С. Никамбаева
аға оқытушы
Норма бақылаушысы: Ж. М. Уматова
Ф. ғ. к., доцент
Алматы, 2015
МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР
КІРІСПЕ
1 СӨЙЛЕУ ТІЛІ ҒЫЛЫМЫ МЕН ТАРИХЫНА ДИСКУРС
- Жаңа технология ақпаратындағы сөйлеу тілі (теория, автор)
1. 2 Электрондық мәдениаралық коммуникация
1. 3 Интернеттегі таңбалар мен эмотикондар
1. 4 Интернеттегі коммуникация формалары және оның
ерекшеліктері
2 ИНТЕРНЕТТЕГІ КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ
ҚОҒАМНЫҢ ТІЛДІК ДАМУ МӘСЕЛЕСІ
2. 1 Жаңа ақпараттық технологияның маңызы
2. 2 Интернет феномені және тәуелділік
2. 3 Практикалық сараптамалар және анкета нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
АНЫҚТАМАЛАР
Chatting (ағылш. to chat) - телекоммуникациялы желіде жазбаша түрде әңгімелесу түрі.
Эмотикон, яғни күлегеш, смайл (ағылш. smiley), смайлик, өңтаңба, (ағылш. emoticon) - эмоция білдіретін пиктограмма.
BBS (Bulleten Board System) - электрондық хабарландыру тақтасы, электронды тақтаның компьютерлік аналогі. Бұл модем арқылы байланысуға болатын компьютерде сақталатын мәліметтер, онда басқаларға арналған хабарламаларды қалдыруға, бұрын жазылғaн мәліметтерді оқуға болады. Әдетте бұл бейкоммерциялық жүйе бoлып саналады
Domain - домен. Бір компьютермен басқарылатын немесе бір желілік жұмыс машинасының басшылық етyімен істeйтін информациялық желі қорлары тобы.
HTTP (Hyper-Text Transmission Protocol) - гипермәтінді жіберу хаттамасы. WWW-да клиент пен сеpвер арасында қатынас болу үшін қолданылатын хаттама.
Брoузер - Көрсеткі. Ол “to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінeн шыққан атау. Интернеттeгі Web- парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналған прогрaммалар (кең тараған түрлері Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator)
TCP/IP - Интернет желісіне қосылатын компьютерлер арасында ақпарат алмaсуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құраcтыру хаттамасы.
Usenet - біp-бірімен жаңалықтар алмaсып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық жүйелер тобы
URL-адрестері-бұл Интернеттe орналаcқан құжаттардың адресін жазудың арнайы формасы. Ол - желінің қай серверінде орналассa да, керeкті мәліметті айнытпай қатесіз табуды қамтамaсыз ететін сөз тіркесі.
Homepage - Web жүйесіндегі байлaнысқан мәліметтерді алғашқы іcке қосу парағы. World Wide Web жүйеcіне саяхатты бастайтын парaқ.
WWW (World Wide Web) - Интернeт мәліметтерін жеңіл көрyге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Web-тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көpсететін сілтеме белгілері бар, оны біp-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге бoлады. Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.
Провайдер (Internet Service Provaider) - Интернетпен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыpатын заңды тұлға.
FTP (File Transfer Protocol) Файлдарды жіберу протоколы- бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жібeру кезінде ќолданылатын Интеpнттіњ қосымшасы. FTP көмегімен кез келген файлдарды жіберуге жєнe қабылдауға болады.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты.
Зерттеудің өзектілігі
Диплом жұмысының нысаны -
Диплом жұмысының пәні:
Диплом жұмысының мақсаты - электронды ортадағы мәдениаралық коммуникациядағы әдіснамалық зерттеу қорының жүйелілігін сауатты қолданудың тәсілін қалыптастыру, жұмыс дағдысындағы сұрақ-жауапты коммуникациялық мәдениеттің бөлігі ету.
Зерттеу материалдары:
Зерттеудің міндеті: бүкіләлемдік Интернет желісінде қажетті ақпаратты іздеу барысында пайда болатын мәселелердің жағдайын зерттеу және ақпарат іздеу барысында алынған мәліметтерге анализ жасау және жүйелеу. Іздеу барысында егжей-тегжейлі қарастыруды қажет ететін аспектілерін белгілеу, лингвистикалық, ақпараттық мәселелер секілді іздеу серверлеріндегі негізгі сөз тіркестерін қарастыруға анализ жасау.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін Д. Ж. Шейлзаның Интернеттің көмегімен мәдениаралық құзыр бойынша шет тілдеріне үйрету жұмысы
Алынған нәтижелер:
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, 2 тарау, 7 бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Интернет - бүкіләлемдік ақпарат сервері. Бүгінгі күні Интернет немесе жаһандық желі тек ақпаратты (мәліметті) жеткізу құралы ғана емес, сондай-ақ дүние әлеміндегі адамның бағыт-бағдарын айқындап отыратын маңызды құралдардың бірі болып саналады. Соған сәйкес адам өмірінің қарқынды ырғағына үнемі сәйкес болып отырады. Адам желі арқылы пайдалы ақпараттарды аша алады, өмірлік серігін, саяхатқа шығатын жолсерігін табады, ұтымды сатып алу, сату әрекеттері болады, жұмыс жасап пайда табады, әскери келісім-шарт жасайды, әйгілі немесе танымал болады, қызығушылық мүдделері ортақ жандармен сұхбаттаса алады т. б. Адамның осылайша желілер әлеміне еніп, ықпалдасуы, тікелей қатыстылығы әртүрлі білім саласындағы зерттеушілердің қызығушылығын оятпай қоймады.
Ғаламдық желі - бүкіл әлемдегі және барлық континенттерде жиналған білімді еркін пайдаланатын және әр түрлі елдердегі адамдармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі бар адамдардың өмірінің ажырамас бөлігі болды. Сонымен қатар интернет - осы ғасырдың соңының ең елеулі жетістіктерінің бірі болып есептеледі. Ол компьютер мен жаһандық коммуникацияның дамуына себепші болды, мемлекетіне, уақытына, тіпті географиялық орнына қарамастан, ақпарат таратудың, адамдарды біріктірудің бірегей құрылымы болды. Интернет - ақпараттық дәуірге алмасқан индустриялды дәуір соңының нышанына айналды.
Жаһандық компьютер желісін пайдалану мәдениаралық байланыстың дамуына, студенттердің қажетті ақпаратты іздеуіне көмектеседі. Дегенмен, қазіргі уақытта алгоритмдердің жүйелік сипаттауы берілген әдебиеттер жеткіліксіз. Сондықтан біздің зерттеуіміздің тақырыбы өзекті болып саналады.
И. А. Стерниннің мәдениаралық коммуникация және О. П. Крюкованың электрондық ортадағы шетел тілін зерттеуге байланысты мақалалары телеконференциядағы әр елдің мәдениеттерінің ортақ әрекеттесуіндегі Интеренеттің рөлі туралы мәліметтер жұмыстың негізгі ақпарат көзіне айналды.
Д. Ж. Шейлзаның Интернеттің көмегімен мәдениаралық құзыр бойынша шет тілдеріне үйрету жұмысы әдіснамалық негіз болды.
Бірінші бөлімде мәдениаралық коммуникацияның жалпы мәселелері қаралған. Әр түрлі мәдениетті үйреніп жүргендердің диалог құрылымының психологиялық мәселесі мен жалпы сипаты баяндалған. Екінші бөлімде «Интернеттегі коммуникация және қоғамның тілдік даму мәселесі» тақырыбы бойынша материалдар ұсынылған.
Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 - бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған [1] .
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Білім - болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік - бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты - оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
1 СӨЙЛЕУ ТІЛІ ҒЫЛЫМЫ МЕН ТАРИХЫНА ЭКСКУРС
1. 1 Жаңа технология ақпаратындағы сөйлеу тілі (теория, автор)
Сөйлеу тілі ̄̄күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тілі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікелей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді. Сондықтан онда сөйлеу тақырыбына сай күнделікті тұрмыста жиі жұмсалатын дағдылы сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Сонымен бірге сөйлеу тілі жазбаша түрде де қолданылады деген пікір бар (жекелеген адамдардың хат жазысу, күнделік жүргізу т. б. ) . Сөйлеу тілі мен кітаби тіл арасындағы айырмашылықтар көптеген экстралингвистикалық факторлар (бейресми жағдайда, дайындықсыз өтуі, сөйлеуші және тыңдаушы жақтардың болуы т. б. ) әсерінен туындайды. Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ қарым-қатынас жағдаятына байланысты оның атқаратын қызметі және тілдік құралдардың пайдаланылуы біртекті болып келмейді. Сондықтан сөйлеу мәнері де түрліше болады. Сонымен бірге сөйлеу тілінде интонация, сөз екпіні, ым, дене қимылы үлкен қызмет атқарады. Ым мен дене қимылы сөйлеу үстінде белгілі бір нәрсенің көлемін, түрін т. б. бейнелеуді (мысалы, ұзындығы мынандай-дене қимылы-сала құлаш жылан көрдім), құптау, мақұлдауды (бас изеу), шақыруды (қол бұлғау), қорқытуды (қолын аузына апару) т. б. білдіре алады. Кітаби тіл секілді, сөйлеу тілінің қалыптасқан нормалары бар. Оның өзіндік ерекшеліктері тілдің барлық деңгейінде көрінеді. Дыбыс жүйесінде, мысалы, бір дыбыстың орнына басқа бір дыбыстың айтылуы (анаң қара), дыбыстарды түсіріп айту, (кеп-келіп, босын-болсын), дыбыстың созыңқылығы (ке-ре-мет!) т. б., морфологияда кейбір морфемалардың түсіріліп айтылуы (барам-барамын, барад- барады), синтаксисте сөздердің орын тәртібінің еркін болатындығы (Іштеме шығар ма екен осы көптен! Ғ. М. ) т. б. Сөйлеу тіліне тән белгілерді кездестіруге болады. [2]
XX ғасырдың аяғында пайда болған Интeрнет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан aдамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп oтыр. [3]
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi. Оны соғыс бoла қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін, АҚШ-ның орталық бaрлау басқaрмaсының қызметкерлері ойлап тапқан болатын. 60 жылдардың аяғында Пентaгон ядролық соғыс бола қалғанда, компьютер желісінің үзілмеyі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зеpттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқa қызмет еттi, оны нeгізінeн ғалымдар мен мaмандар пайдаланды. 80 жылдардың басында Интернeт деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. [4]
1990-шы жылдары Интернетке eнушілеp саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қоcылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Тaлғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйдeн шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гипeрсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .
Планeтамыздың кез келген нүктесiндегi ауa райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жәpдем берyге aзiр. Шaлғай елдерге cапaр шексеңiз сiзге қажeт елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпаpат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құрaлына айналып келедi.
Интеpнеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нaқты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қанa өз бөлігіне иелік жасайды. [5]
Алайда, Интернетке жеке дaра ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.
ХХI ғасыр − ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына − ақпараттық қоғамға аяқ басты. Біз куә болып отырған қазіргі заманға зерттеушілер түрлі анықтама беруде: біріншілері «жаһандану ғасыры» деп атаса, екіншілері «постмодернистік», үшіншілері «ақпараттық» қоғам деп баға беруде. Бір анығы, біз «ақпараттық жарылысқа» негізделген ақпараттанған қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Қаласақ та, қаламасақ та заман ағымы осылай. Бүгінгі жаһанданған әлемдегі технологиялық инновацияның шарықтаған заманында: интернет, спутниктік байланыс арқылы мәтін, аудио, видеоақпараттардың тез арада әлемге таралуы, олардың географиялық, экономикалық, рухани аймақ шекарасынан ары шығып кетуі осының айғағы. Бұл процестердің қоғамдық сананың қалыптасуы мен өзгерісіне тигізер әсері мол. Осы тұста азаматтардың ақпараттық сауатты болуы маңызды. Сол себепті, қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз, оның болашақтағы салдарлары қандай болады, оның негізгі қырларын түсіну - бүгінгі таңда әлеуметтік-философиялық талдаудың маңызды міндеттері болып қалуда.
Бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы жарты ғасырда қаулап өсуі біздің адамзаттық мүмкіндігімізді, біздің мәдени кеңістігімізді белгілі бір мөлшерде кеңейтіп қана қойған жоқ, ол біздің өркениетімізді адам танымастай етіп өзгертіп жіберді. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси-биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді. Бұқаралық ақпарат құралдарының даму үдерісіндегі ең қуатты алғышарт компьютер мен Интернет бүгінде басқаларынан қара үзіп кетті. Ол барлық әлемді құшағына қамтып, кез келген ақпарат көзімен әп-сәтте-ақ байланысқа түсе алады. Бұл бір жағынан заман талабы, осы «коммуникациялық революция» тудырған процестен біз де қалыс қала алмаймыз.
Ақпараттық қарым-қатынастың дамуы әлеуметтік өмірге үнемі жаңаша сапалық өзгерістерді әкеліп, қоғамдағы ақпарат ағынының аясын кеңейтті. «Бүгінгі күні толықтай алып қарастырғанда ақпараттық қоғам дамуының әлемдік үш модулі анықталып қойылды: еуропалық, латынамерикалық, азиаттық» [6] .
«Ақпараттық қоғам» идеясы алғаш рет өткен ғасырдағы 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында бірқатар ғалымдардың, атап айтқанда, Д. Белл мен Э. Тоффлердің зерттеулерінде көрініс тапты. Олар адамзат өркениеті аграрлық және индустриялық даму кезеңдерінен кейін жаңа ақпараттық кезеңге қадам басады деп есептеген. Ақпараттық қоғамның тұжырымдамасын зерттеушілер «технологиялық жаңашылдықтар түбегейлі мәдени және әлеуметтік өзгерістер туғызады, әлем мүлдем өзгеше болады» деген дәйектермен келтіреді.
Зерттеушілер атап өткендей, «жаһандық ақпараттық қоғам» термині ең алдымен саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік тұрғыдан алғанда, ақпарат пен білімнің рөлі үздіксіз артып отыруына байланысты дамитын аса ауқымды біртұтас ақпарат индустриясы деген ұғымнан тұрады. Бұл құбылыс жаһандық компьютер желілерінің, бірінші кезекте интернеттің пайда болуымен тығыз байланысты. Осылардың дүниеге келуі және бүкіл әлемде басталып кеткен нарықты ырықтандыру нәтижесінде, коммуникациялық қызмет түрлерінің арзандауы ақпараттық саланың күрт дамуының және оның әлеуметтік рөлі арта түсуінің негізгі екі факторы болып табылады.
Ақпараттық қоғам теориясы туралы, электронды қоғамның әлемдік тәжірибесі туралы Й. Масуда, О. Тоффлер, Г. Бехманн, Д. Белл, К. Акер, Дж. Б. Хак, Б. Лоудер, А. Макинтош сияқты көптеген шетелдік зерттеушілердің еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Ақпараттық қоғамда ағартушылық, білім мен ғылым маңызды орынға ие. Ақпараттық қоғам - бұл, ең алдымен, «білім қоғамы», «ақыл-ой қоғамы», «интеллектуалды қоғам». Жапон әлеуметтанушысы, Жапониядағы ақпараттық қоғам құру Ұлттық бағдарламасының авторы Й. Масуда былай деп жазады: «ақпараттық қоғам алдыңғы қоғамнан толықтай ерекшеленетін қоғамның жаңаша түрі болады» [7, 72 б. ] .
Э. Фромм былай деп жазады: «Кибернетикалық дәуірде тұлға барған сайын манипуляция құрығына ілініп келеді. Жұмыс, қажеттілік, адамның бос уақыты жарнама мен идеологияның көмегімен толықтай басқару ықпалына түскен. Адам әлеуметтік кеңістіктегі өзінің белсенді, жауапты қызметін жоғалтып алады; толығымен «бақылау» құрсауында қалып, жалпы жоспарға алынбайтын кез келген мінез-құлық, әрекет, ой немесе сезім оған үлкен қолайсыздық тудырады деген түсінікке бой үйретеді; іс жүзінде ол кім болуы керек болса, сол адам. Егер ол өз-өзімен жүргісі келсе, онда полицейлік мемлекеттерде өзінің бостандығы мен және тіпті өмірін де қатерге тігеді; демократиялық қоғамда мансабының өсуіне немесе жұмысын жоғалтып алу қаупіне ұшырайды, және ең бастысы, өзін оқшау жүргендей, басқалармен қарым-қатынасты үзгендей қорқыныштың шеңгеліне түседі» [8, 56 б. ] .
БАҚ - кейде қоғамдық пікірді білдіретін және шынайы билікке ықпал ететін, тіпті оның мүмкіндіктерін бір сәтке болса да шектейтін күш. Осы арқылы медиамәдениет қоғам мен мемлекет, билік пен тұлға арасындағы делдал ретінде көрініс табады.
Сонымен бірге, жаңа билік қарым-қатынасы саяси биліктің механизмдеріне әсер ететін ақпараттық қоғамның жаңа мәдени формаларының туындауына негіз болуда, олар - медиамәдениет, ақпараттық мәдениет, желілік мәдениет т. б.
Медиамәдениетті бекерге «төртінші билік» деп атамайды, бұлай айтқанда, медианың адам сезімі мен санасына жүргізген қуатты, сан қырлы және ауқымды билігін ескеріп отыр. Масс-медиа қызметі, Н. Луманның пікірінше, «қоғамдық жүйелерді өзіндік бақылауды басқарудан тұрады, мұның аясында басқалардың ортасындағы кейбір нысандардың дербестелуі емес, әлемді жүйеге және сыртқы әлемге бөлудің тәсілдері ұғынылады» [9] .
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, медиамәдениет ақпараттық қоғамның билеп-төстеуші мәдениеті, оның болмысы сөздік, дыбыстық және визуальды бейнелер көмегімен әлемнің социомәдени тұрпатын тудыратын дәстүрлі және электронды бұқаралық ақпарат құралдарының әрекетімен тығыз байланысты.
Компьютерлік жүйенің жылдамдықпен дамуы ХХ ғасырдағы ақпарат құралдарынан мүлде өзгеше сандық технологияға көшкен, жаңа құралға негізделген жаһандану заманының ақпарттық кеңістігін құрып отыр. Бүгінде Интернетте кең масштабтағы ақпараттық базасы бар, дауыс-дыбысымен сақталған, кері байланыс орнатылған мультимедианың барлық сипатын өн бойына сіңірген «онлайн-газеттер» мен «онлайн-журналдар» пайда болды. Зерттеушілердің болжауларынша, компьютерлік ақпараттық қатынас жүйесінің көмегі арқылы мерзімді баспасөз, радио, телевизия үшеуінің өзара бірігіп, бір-біріне сіңісу үрдісі жүрілмек.
Басқару мәдениетінде рационалды бастау, білім, заманауи концепциялар, ғылыми технология ерекше маңызға ие. Заманауи білімсіз қоғамды реформалауға, мемлекеттік реттеуді сауатты жүзеге асыру бүгінгі жағдайда мүмкін емес. Халықтың ақпараттануы мемлекет үшін қауіпті болмайды, керсінше егер ақпарат уақытылы және толыққанды жететін болса, онда ол мемлекет үшін де, қарапайым халық үшін де пайдалы, игілікті болады.
Бүгінгі таңда ақпаратқа негізделген қоғамда басқару мәселесі өз өзектілігін жойған жоқ және ол болашақта жаңаша қарқын алуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz